Кетоз ауруын балау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Садуақас М. Ж.

Өнімді малдардың зат алмасу ауруларына қарсы қылқан жапырақты қоспаны қолданудың емдік тиімділігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5В120100 - Ветеринариялық медицина

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Ветеринария факультеті

Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Өнімді малдардың зат алмасу ауруларына қарсы қылқан жапырақты қоспаны қолданудың емдік тиімділігі

Беттер саны 54

Сызбалар мен көрнекті

материалдар саны 15

Орындаған: 5В120100-Ветеринариялық медицина мамандығының күндізгі оқу бөлімінің 502 топ студенті Садуақас Мадина Жақсылыққызы

2018ж. «19» мамырда қорғауға жіберілді.

Кафедра меңгерушісі, профессор Заманбеков Н. А.

Жетекшісі, профессор Сиябеков С. Т.

Норма бақылау, в. ғ. к., қауым. профессор Ибажанова А. С

Сарапшы в. ғ. магистрі Байкутова А. Ж.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Ветеринария факультеті

Мамандығы - 5В120100 Ветеринариялық медицина

Клиникалық ветеринариялық медицина кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент Садуақас М. Ж.

Жұмыс тақырыбы: Өнімді малдардың зат алмасу ауруларына қарсы қылқан жапырақты қоспаны қолданудың емдік тиімділігі

Университет бойынша 2017 ж «14 » қараша №550-К бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2018 ж «02» маусым

Жұмыстың бастапқы деректері:

Қан сарысулары жайлы деректер, әдістемелік құралдары, жұмысқа қажетті химиялық реактивтер, зертханалық жануарлар және қажетті құрал - жабдықтар.

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

  1. Шаруашылыққа сипаттама
  2. Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығын ашу
  3. Қолданатын материалдар мен әдістерді меңгеру
  4. Қарастырылып отырған мәселенің қазіргі ахуалын бағалау
  5. Өзіндік зерттеу жұмыстарының нәтижелері және оны талдау
  6. Зерттеудің нәтижелерін талдау
  7. Кетоз ауруын емдеу кезіндегі ветеринарлық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
  8. Қорытындылар енгізу
  9. Тәжірибелік ұсыныстар енгізу
  10. Пайдаланылған әдебиеттер тізімін дайындау
  11. Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)

Дипломдық жұмысты орындау барысында 6 кесте дайындау

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер: Колесова А. М. Эндемические болезни животных. М., Колос, 1968 Коршаков П. Н. О кормовых особенностях гороха. Зернобобовые культуры, № 12, 1958. Кабыш А. А. Кетоз к. р. с. на почве недостатка микроэлементов. Южно-Уральское книжное издательство. 1967. 3. Зайцев В. П., Свердлов М. С. Охрана труда в животноводстве М., Колос, 1981. 4. Обжорин Н. З. Некоторые вопросы патогенеза и патогенетическая терапия алиментарной остеодистрофии. Воронеж, 1962. Природы и закон. Сборник нормативных актов по охране природы. Алма-Ата, Қайнар, 1984. Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау: Тарау
Кеңесші: Кеңесші
Мерзімі: Мерзімі
Қолы: Қолы
Тарау: Кіріспе
Кеңесші: Абеуов Х. А.
Мерзімі: Қазан 2017
Қолы:
Тарау: Негізгі бөлім
Кеңесші: Казиев Ж. І.
Мерзімі: Наурыз 2017
Қолы:
Тарау: Еңбекті қорғау және экология мәселелері
Кеңесші: Ибишов Ө. Ш
Мерзімі:
Қолы:
Тарау: Экономикалық тиімділік
Кеңесші: Бекенова Г. Ы
Мерзімі:
Қолы:
Кафедра меңгерушісі, профессор Заманбеков Н. А. Жетекшісі, профессор Сиябеков С. Т. Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Садуақас М. Ж.

Дипломдық жұмысты орындау

КЕСТЕСІ

Рет саны: Рет саны
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі:

Тараулар және қарастырылатын

сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі: Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер: Ескертулер
Рет саны: 1
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Кіріспе
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 15. 09. 2017ж.
Ескертулер: орындалды
Рет саны: 2
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Әдебиетке шолу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 28. 10. 2017ж.
Ескертулер: орындалды
Рет саны: 3
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Өзіндік зерттеулер
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны: 3. 1
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Зерттеу әдістерін меңгеру
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 22. 12. 2017ж.
Ескертулер: орындалды
Рет саны: 3. 2
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Ауру малға тәжірибе қою
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 09. 03. -05. 04. 2017ж.
Ескертулер: орындалды
Рет саны: 3. 3
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Зерттеу материалдарын талдау
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 14. 04. 2018ж.
Ескертулер: орындалды
Рет саны: 3. 4
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Экономикалық тиімділікті есептеу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 28. 04. 2018ж.
Ескертулер: орындалды
Рет саны: 4
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Қорытындылар мен ұсыныстар
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 05. 05. 2016ж.
Ескертулер: орындалды
Рет саны: 5
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Кафедра мәжілісінде қорғау
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 09. 05. 2016ж.
Ескертулер: орындалды

Кафедра меңгерушісі, профессор Заманбеков Н. А.

Жетекшісі, профессор Сиябеков С. Т.

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент Садуақас М. Ж.

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 7

АНЫҚТАМАЛАР . . . 8

БЕЛГІЛЕНУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . . 9

1 КІРІСПЕ . . . 10

  1. Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңызы
  2. Дипломдық жұмыстың орындау мерзімі және тәжірибелік базасы, мақсаты

мен міндеттері

  1. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . . 12

2. 2 Қарастырылып отырған мәселенің қазіргі ахуалын бағалау . . . 12

2. 2. 1 Кетоз ауруы жайында мағлұматтар . . . 13

2. 2. 2 Кетоз ауруының негізгі себептері . . . 14

2. 2. 3 Кетоз ауруының клиникалық белгілері . . . 16

3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 35

3. 1 Зерттеудің материалдары мен әдістері . . . 35

3. 2 Зерттеудің нәтижелері . . . 37

3. 2. 1 Зерттеу материалдары және қолданылған әдістемелік тәсілдер . . . 43

3. 3 Кетоз ауруынан емдеу кезіндегі ветеринариялық шаралардың

экономикалық тиімділігі . . . 46

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 50

5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР . . . 53

6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР . . . 54

7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 55

8 ҚОСЫМШАЛАР

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей стандарттарға сілтемелер жасалды

МСТ 24104 Лаборатоиялық таразылар

МСТ 25336 Конустық колбалар Ки-2-100 ТХС

МСТ 25336 Воронкалар В - 56 /75/- 80 ХС

ТШ ОСТ 25-6 Дистильденген су

МСТ 381-69 Термометр

МСТ 27583 Лабораториялық шыны ыдыстар

МСТ 25336 Шыны стақандар

МСТ 9284-75 Микроскоптарға арналған заттық шыны

МСТ 20292 Сиымдылығы 100, 200, 1000 мл колбалар

МСТ 20292-74Е Шыны пипеткалар

МСТ 25336 Стақандар В - 1 - 250 ТС

ТШ 480-11-10-73 Шыныға жазатын қарындаш

МСТ 3164 Медициналық вазелин майы

МСТ 5962-67 Этил спирті 96 %-ды ректификацияланған

МСТ 6672-59 18х18 мм көлемді жабынды шыны

МСТ 6894 Глицерин

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей анықтамалар жасалды

Кетоз (Ketosis) - организмде кетон денешіктерінің жиналуымен, гипофизорлы - бүйрек үсті безі жүйелері, қалқанша бездердің, бауырдың, жүректің, бүйректердің және басқада ағзалардың зақымдануымен сипатталатын ауру.

Стаккато-нұқу әдісі, ағзалардағы өзгерістерді анықтау үшін қолданады.

Легатто-нұқу әдісі, ішкі ағзалардың топографиясын анықтау үшін қолданады.

Резистенттілік - организмнің жағымсыз сыртқы орта факторларына қарсы төзімділігі.

Иммуностимуляция - биоактивті заттарды қолдана отырып организмнің иммундық жағдайын реттеу, өсіп-көбею функциясын және өнімділік көрсеткіштерін арттыру.

Авитаминоз - ( лат. а жоқ және vita - тіршілік, өмір) мал организмінде витаминдердің ұзақ уақыт жетіспеуінен болатын дерт.

Анамнез( грек. anamnesis - еске түсіру) - ауру жайлы мәлімет. Ауырған малды емдеу, сауықтыру мақсатында алдын ала жиналатын мәліметтер.

Остеопороз - сүйек ұлпасының селдіреуі.

Остеомаляция - сүйектің жұмсаруы.

Остеолизис - сүйектің уатылуы.

Остеофиброз - сүйекте фиброзды ұлпаның өсуі.

Остеосклероз - сүйектің қатаюы.

Антигендер - (грек. anti - қарама-қарсы және genes тек, туыс) - жоғары молекулалы қосылыс, организмге енген жағдайда иммундық жауап пайда болады.

Антитела(иммундық денешік, иммуноглобулиндар) - организмде антиген әсерінен пайда болатын әртүрлі кластағы иммуноглобулиндер.

қажетті әр түрлі химиялық табиғи қосылыстардың органикалық тобы.

Витамин Е - күшті антитоксидант.

Гемолиз (грек. gaima - қан және lisis - ыдырау) эритроциттердің ыдырап, одан гемоглобиннің бөліну процесі. Физиологиялық гемолиз организмде үздіксіз өтіп тұрады.

Гиперемия (грек. gyper - қалыптан тыс, көп және їaima- қан) -тіндерде немесе мүшелерде қанның көбеюі.

Экзогенді факторлар - сыртқы факторлар.

Эндогенді факторлар - ішкі факторлар.

Пальпация - сипау.

Перкуссия - нұқу.

Аускультация - тыңдау.

Термометрия - дене қызуын өлшеу.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей белгілеулер мен қысқартулар жасалды

г/л - грамм-литр

мг/мл - миллиграмм-миллилитр

М±m - орта арифметикалық көрсеткіш

Р - нәтиженің шынайылығы

n - зерттеу үшін алынған малдың және сынама саны.

ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достастығы

ГГТП -

ПЭГ - полиэтиленгликол

ЭШЖ - эритроциттердің шөгу жылдамдығы

КБР - комплементті байланыстыру реакциясы

Ig - иммуноглобулиндер

α - глобулиндер- альфа/глобулиндер

β -глобулиндер - бетта/глобулиндер

γ- глобулиндер - гамма/глобулиндер

ФЭК - фотоэлектрокалориметр

А/Г коэфициент - альбуминді-глобулиндік коэфициент

І. КІРІСПЕ

1. 1. Тақырыптың өзектілігі мен тәжірбиелік маңыздығы. Егеменді ел болғалы да біршама уақыт өткенімен мал басы, оның ішінде ірі қара мал саны өспей отыр. Бүгінде республикада мал саны небәрі 6 млн ғана. Мал басы көбінесе шаруа қожалықтары мен жеке кооперативтерде шоғырланған. Ірі қара мал басының бұлай өспеуінің себебі төлдер арасында жиі кездесетін жұқпалы және жұқпалы емес аурулар себепкер болып отыр. Республикамызда ірі қара шаруашылығы мал шаруашылығының дәстүрлі және негізгі саласы болып табылады. Ірі қара малы өнімділігін арттырудың басты жолы - мал басын көбейту десек, одан алынатын төлді аман сақтау маңызды болады.

1. 2. Дипломдық жұмыстың орындау мерзімі және тәжірибелік базасы, мақсаты мен міндеттері

Дипломдық жұмыстың орындалуы Алматы облысы, Талғар ауданы, Арқабай мекенінде орналасқан «Байсерке-Агро» серіктестігінде жүргізілді. Сауынды сиырлар жоспарлы диспансеризациядан өткізгеннен кейін Кетоз ауруына шалдыққан малдарды іріктеп алып осы шаруашылықта балау, емдік және алдын алу шаралар ұйымдастырылды. Лабораториялық зерттеулер ветеринариялық лабораторияларда және «Клиникалық ветеринариялық медицина» кафедрасының зертханасында жүргізілді.

Дипломдық жұмыстың көлемі және құрлымы арнайы нұсқаулар арқылы реттеліп жазылды. Жұмыс 61 беттен баяндалған онда кіріспе, негізгі бөлім, зерттеу нәтижелерін талқылау, қорытындылар, тәжірибелік ұсыныстар және пайдаланған әдебиеттер тізімі бойынша тараулармен көрсетіген.

Дипломдық жұмыс суреттер және кестелермен өрнектелген.

Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері

Алматы облысы, Талғар ауданы, Арқабай мекенінде орналасқан «Байсерке-Агро» сиырлар арасында төлдегеннен кейін энергетикалық заттардың жетіспеушілік салдарынан зат алмасу құбылысы бұзылып кетонды денелердің қанда, несепте және сүт құрамында көбейіп кетеді, сондықтан сауынды сиырлар арасында жиі кездеседі, солардың бірі сиырлардың арасындағы кетоз ауруының таралуы. Кетозбен ауырған сиырлардыңклиникалық, морфологиялық, иммунологиялық динамикасы және балау, алдын алу шаралары оқылып зерттелінеді.

Зерттеу нәтижесі бойынша ауруды емдеу үшін энергетикалық қоспаныныңемдік тиімділігі және қолдану әдіс жолға қойылынады.

Зерттеудің мақсаты және негізгі міндеттері

Ғылыми-зерттеу жұмысымыздың мақсаты кетозбен ауырған сиырлардың клиникалық, морфо-биохимиялық, алдын алу шараларын зерттеу және энергетикалық қоспаның емдік тиімділік әсерін, қолданудың тиімді жолдарын анықтау.

Осы мақсаттарға сәйкес біздер алдымызға төмендегідей міндеттерді қойдық:

1. Кетозбен ауырған сиырларды клиникалық және зертханалық көрсеткіштері бойынша іріктеп алу.

2. Кетозбен ауырған сиырлардың қанының морфо-биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу.

3. Кетозды емдеу барысындағы қолданылған энергетикалық қоспаның

тиімділік әсерін анықтау.

4. Энергетикалық қоспаның сауын сиырлардың өнімділік көрсеткіштеріне тигізетін әсерін анықтау.

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

2. 1 Кетоз аурулары жайында мағлұматтар.

Кетоз (Ketosis) - организмде кетон денешіктерінің жиналуымен, гипофизорлы - бүйрек үсті безі жүйелері, қалқанша бездердің, бауырдың, жүректің, бүйректердің және басқада ағзалардың зақымдануымен сипатталатын ауру [1] . Кетоз сауын сиырларда, көп төл беретін саулықтарда және басқада күйіс малдарында кездеседі.

Кетоздар (ketosis, ацетонемия) - ұлпаларда глюкоза мен глюкопластикалық аминқышқылдарының тапшылығымен және кетопластикалық қосылыстардың шамадан тыс мол болуымен сипатталатын зат алмасуының бұзылуы.

Кетоздар біріншілік және екіншілік болып бөлінеді.

Біріншілік кетоздар - дербес аурулар, көбінесе күйіс қайыратын жануарларда әсіресе сүтті сиырларда, өсімтал қойларда, сирегірек шошқада, құста және терісі бағалы аңда кездеседі [2] .

Екіншілік кетоздар - ас қорытудың бұзылуымен көрінетін аурулар негізінде туындайды.

2. 2 Кетоз ауруының этиологиясы мен патогенезі.

Біріншілік кетоздардың себебі алуан түрлі. Негізінде рационда қант - протеин арақатынасының бұзылуы, көмірсудан ашығу, глюкопластикалық азықтың тапшылығы, кетопластикалық аминқышқылдарының, микроэлементтердің, холиннің және В12 дәруменінің шамадан тыс мол болуы. Шектен тыс көп сауу, шектелген мацион, бағып ұстаудағы кемшіліктер себепші факторларға жатады.

Кетоздар патогенезінің негізіне заттар алмасуының ауытқуы жатады, бауырдағы глюкогенез жұмсалатын глюкозаның орнын толтыра алмайды [3] . Бұл тапшылықты жабуда кетопастикалық қосылыстардың, соның ішінде май қорындағы май қышқылдарының ролі артады. Oсының нәтижесінде олардың қанындағы мөлшері артып, паренхималық мүшелерде, әсіресе бауырда майлану игфильтрациясы дамиды. Көмірсудың тапшылығынан майлар толығымен тұтанбайды, осы себепті көп мөлшерде шала тоттыққан өнімдер, әсіресе кетондық денелер пайда болады. Соңғылары глюкозаның түзілуін тежейді. Кетон денешіктері шектен тыс түзілгенде гликолиз процесі пирожүзім, сүт және т. б органикалық қышқылдардың жинақталуымен жүзеге асады [4] . Oсы себепті аденозинүшфосфорлы қышқыл аз мөлшерде түзілді де, ацидоз күшейеді, тотығу орын толтыру процестері бәсеңдейді, кешенді құрылымдар ыдырайды, ал осының негізінде ферментопатия, тіршілікке маңызды мүшелердің дистрофиясы, гормоналды және жүйке жүйелері қызметінің бұзылуы туындайды.

Жүрек пен тыныс алу мүшелерінің қызметі күрт нашарлауымен мал өледі. Aуру созылмалы өткенде ұлпалық протеин мен май энергиясының негізгі көзі ретінде жұмсалып, мал жүдейді.

Біріншілік кетоз жіті өткенде (сіресе құнажында) малдың қоңдылығы орташа немесе орташадан жоғары болады, май қарында май көп жиналады. Қаңқа бұлшық еттерінің тығыздылығы жұмсарады жұмсарады, түсі бозарады, аралық ұлпада май көп болады. Бауыр көлемі ұлғаяды (кейде 1, 5-2 есе) тығыздылығы болбыр, түсі сарғыш - қызғылт, тілік беті майлы [5] .

Бүйректер көлемі үлкейді, қабаттар шекарасы айқын көрінбейді, қыртысты қабаты сарғыш түсті, милы қабатта қан тамырларды қанмен кернеледі. Эпикард астында тәждік қан тамырларды бойлай көп мөлшерде май жиналады. Миокард болбыр, бозғылт, жүрек қарыншалары миогенді кеңейген. Лимфалық түйіндер аздап ұлғайған, сұрғылт түсті, тілік беті ылғалды. Көкбауыр айтарлықтай өзгермейді. Қарыншалардағы, әсіресе қатпаршақ қарындағы азық құрғақ әрі нығыз. Ұлтабар мен ішектің кілегейлі қабықтары аздап ісінген, қызарған. Бүйрекүсті бездің қыртысты қабаты қалыңдайды, түсі сұрғылт - сарғыш болды.

Кетоз созылмалы өтсе - түк жабыны табиғи жылтырлығынан айырылып, көмескіленеді. Тұяқтар және мүйіздер негізі маңындағы маңдай сүйегі майысып жұмсарады. Мұндай жануарлардың қондылығы қанағаттанарлықтай немесе орташа төмен, ал өлген малдардікі - нашар болады. Бауыр көлемі бір жағдайда ұлғаяды, тығыздығы болбыр, түсі сарғыш - қызғылт тартады, ал басқа кезде әдеттегі көлемде болады немесе кішірейеді, нығызданады, түсі жұпар жаңғағына ұқсайды. Бүйректер дистрофия және іркіледі гиперемия күйінде. Эпикард астында май жиналған, жүрек еті сұрғылт түсті, онда көптеген майлану ошақтары бар, ал эндокардта склезроз ошақтары сұрғылт дақтар түрінде көрінеді [6] .

Aяқ қол буындары жуандаған, құйрық омыртқалары жіңішкерген, бір бірімен біріккен жерінде бұдырлы, жұмсарған, жігінен ауытқыған. Сүйектердің әр жерінде шеміршек ұлпасы тым қалыңдап кеткен.

Бел омыртқасы ішке қарай майысқан. Түтікті сүйектер жұмсарған, эпифиздерінің пішіні өзгерген, кортикалды қабаты жұқарған.

Жарамсыздыққа шығарылған семіз бедеу жануарлардың аналық бездерінде үнемі өзгерістер анықталады. Бір жағдайда олар нығыздалады, ал кейде - онда көптеген кисталары пайда болды [7] . Сирек жағдайда туу жолдарының бартолий бездері аумағында киста тәрізді құрылымдарды, жатыр мойынының қатайып, жатыр мүйіздерінің болбырағанын көруге болады.

Aуру ұзаққа созылғанда қалқанша бездің салмағы төмендейді, онда атрофиялық өзгерістермен қатар интерститциялық фиброз байқалады.

Микроскопиялық өзгерістер. Кетозға тән және тұрақты өзгерістер бауырда болады. Диффузды майлану инфильтрациясы көмірсулық және түйірлі дистрофиямен бірге қосақтапсып жүреді. Мұнда митохондриялар ісінеді, гранулалық қабат цистерналары кеңейеді, тегіс цитоплазмалық тор цистерналар саны көбейеді, олар көпіршіктенеді. Созылмалы кетозда бауырда қан тамырлық өзгерістерден басқа гепатоциттердің дистрофиялық майлануы, түйірлі дистрофиясы, некробиозы байқалады.

Тұрақты белгі ретінде мононуклеарлы - макрофагалды жүйе торшаларының пролиферациясы, ретикуляры және лимфоидты торшалардан тұратын шоғырларды немесе түйіншектерді атап өтуге болады [8] .

Aуру жіті өткенде бүйректің тік түтікшелерінің торшалары майлану инфильтрациясы мен түйірлі дистрофияға шалдығады. Түтікшелер эпителиінде аз мөлшерде гликоген анықталады.

Созылмалы кетозда гломерулонефрит, ирек түтікшелер эпителиінің коагуляциялық некрозы, әк тұздарының шөгуі байқалады. Мұндайда үнемі ретикулярлы және лимфоидты торшалардан тұратын ошақты инфильтраттар, қабық пен шумақтардың склерозы және гиалинозы анықталады.

Кетоздың жіті түрінде нейрондардың жаппай хроматолизі және нейронофагия құбылыс түрінде көрінетін интракардиалды жүйке жүйесінің ауыр зақымданулары назар аудартады. Жүйке талшықтары жуандайды, бөлшектенеді, ал Пуркинье талшықтарында майға оң боялатын көптеген вакуолдер табылады.

Қарыншалар миокардында қан тамырлық бүлінулер мен дистрофиялық өзгерістер анықталады: май басу, майлану және түйірлі дистрофия, ет талшықтарының атрофиясы. Тура осындай өзгерістер қаңқа бұлшық еттерінде де байқалады [9] .

Этиологиясы. Сиырлар кетозы - полиэтиологиялық ауруға жатады. Пайда болуында негізгі рольді қарқынды лактация кезінде энергия жетіспеуі, белокпен шектен тыс азықтандыру, құрамында май қышқылы бар азықтар беру алады. Aуру туғаннан кейін 6-10 апта өткеннен соң пайда болады, ал бұл кезде сүттің түзілуіне өте көп энергетикалық материал қажет болады.

Кетоз басымырақ жоғары концентратты азықтандыру, рационда ұзын сабақты пішен жетіспегеннен, мес қарында ас қорыту бұзылып, ауру туындайтын шаруашылықтарда кездеседі. Көп жағдайда сиырлар мен басқа күйіс қайыратын малдарда кетоздың негізгі себебі - олардың құрамында май, сірке қышқылдары бар (сүрлем, пішендеме, жом, сығынды, барда) сапасыз азықтармен азықтандыру жатады. Кетозға мүмкіндік туғызатын себептерге семіру, қимылдың аздығы (гиподинамия), күн сәулесінің және аэрацияның жетіспеуі жатады.

Дамуы. Күйіс қайыратын малдардың кетозға бейімділігі оларда мес қарындағы ас қорытуға байланысты болады, организмге глюкоза түрінде келіп түскен көмірсулар, ұшпалы май қышқылдарынан аммиактың пайда болған көптеген мөлшері қанға сіңуі мүмкін. Мес қарында бактериальді ферментациядан азықтық қанты мен крахмалы толық, ал клетчатка жартылай ыдырайды. Көмірсулардың ыдырау өніміне ұшпалы май қышқылдары жатады: сірке, пропион, май ж. т. б. Бұл қышқылдар мес қарында белоктың ыдырауынан және түзілуінен пайда болуы мүмкін. Қалыпты рационда мес қарында ұшпалы май қышқылдарының қатынасы мынандай:сірке 65%, 20% - пропионды және 15 % май қышқылдары, ал егерде азықтандыру жағдайын өзгертсе, бұл қатынастар өзгереді [10] . Сиырларда асқазан жолдарынан сорылғандықтан 10 нан 20 % дейін ұшпалы май қышқылдарының (пропионат) гликогенезінен және белоксыз заттар (лактат, пирувит) - 30-60 %, ал белоктар мен аминқышқылдарынан 25-30 % глюкозаның орнын толтырады.

Күйіс қайыратын малдар үшін гликогенез организмге глюкозаның келіп түсуінің маңызды жолы болғанымен ұшпалы май қышқылдарынан айқын гликогенді тиімділікке пропион қышқылы ие. Сірке қышқылы гликогенді қасиетке ие емес, оны мес қарынға енгізгенмен қанда глюкоза көбеймейді. Май қышқылы кетогенді қасиетке ие. Oрганизмге тиісті мөлшерде пропион қышқылы келіп түспеуінен және шектен тыс май және сірке қышқылы келуінен кетогенездің ұлғаю жағдайы күшейеді.

Күйіс қайыратын малдардың организмде кетонды денелердің көбеюі ұлтабаралды қарындардың қанға аммиактың көп мөлшері келуінен, ал ол трикарбон қышқылдары циклын тежейді, альфа-кетоглутар қышқылын байланыстырады. Сиырлар рационында қарқынды лактация кезінде организмге пропионат пен глюкоза жетіспегеннен шавелсірке қышқылы қайта түзілуі тежеледі, сол себепті трикарбон циклы реакциясы тежелінеді [11] .

Глюкоза жетіспегенде гликогенез негізінен майлардың (липидтердің) ыдырауынан күшейеді, ал онан бос май қышқылдары көптен пайда болады, ал олардан кетон денешіктері түзіледі.

Малдардың рационында құрама жемдершектен тыс көп болса, онда мес қарындағы ас қорытудың бұзылуына әкеліп соғады, мес қарын жынында рН өзгереді, ұшпалы май қышқылдарының тепе-теңдігі бұзылады, қанға көптеп май қышқылы аммиак, кетогенді амин қышқылдары келіп түседі, ал гликопластикалық заттар жетіспейді. Aммиактың шектен тыс көбеюінен жоғарғы жүйке жүйесінің, эндокринді ағзалардың, бауырдың, жүректің қызметтері бұзылады, трикарбон қышқылдары циклының реакциясы үзіледі, шавельсірке қышқылының түзілу процесі басылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кетоз ауруының емі
Жануарлардың ішікі ауруларын клиникалық балау
Ірі қара мал кетоз ауруының патологоанатомиялық өзгерістері
Сиыр кетозы
Сауын сиырлардың кетозы
Кетоз ауруының негізгі себептері
Ағзадағы зат алмасуының бұзылуы мен организмде көмірсулардың жеткіліксіздігі
Тағамдық түрлерін ветеринариялық-санитариялық токсикологиялық бағалау
Кетоз, остиодистрофия
Минералды заттардың организмде жетіспеуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz