Тыңайтқыштардың мақта өнімділігіне әсері


Кіріспе5
1. Әдебиеттерге шолу9
2. Зерттеу жүргізу жағдайлары16
2. 1 Зерттеу бағыты16
2. 2 Зерттелетін аймақтың климат жағдайы19
2. 3 Топырақ және топырақ түзуші жыныстар25
3. Зерттеу нысаны және әдістемесі28
4. Зерттеу нәтижелері30
4. 2 Нитратты азот31
4. 4 Алмаспалы калий37
4. 5 Жылжымалы мырыш39
4. 6 Тыңайтқыштардың мақта өнімділігіне әсері40
5. Микробиологиялық зерттеулер43
6. Мақтаны тыңайту жүйесінің экономикалық тиімділігі46
7. Қоршаған ортаны қорғау48
Қорытынды51
КіріспеСұйық тыңайтқыштар минералдық және органикалық қоректік компоненттердің сулы ерітіндісі немесе суспензиясы. Ең кең тарағаны азотты минералдық және кешенді сұйық тыңайтқыштар. Бірінші топқа сусыз аммиак, аммиакты су ( NH 3 - 25%-к ерітіндісі ), аммиакаттар ( кальций және аммоний нитраттары, аммиакты сусындағы карбамид ерітінділері), көмірқышқылды аммиак ( аммиактың карбонат немесе гидрокарбонат сулы ерітіндісі және карбамид) . Бұл бос NH 3 құрамдас тыңайтқыштарды пайдалану оларды герметикалық, коррозияға тұрақты ыдыстарда тасымалдау мен сақтау қажеттілігіне байланысты қиындық туғызады.
Сұйық кешенді тыңайтқыштар макро-және микроэлементтердің әртүрлі үйлесіміндегі тыңайтқыштар. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды өндіру қатты тыңайтқыштарға қарағанда 20% арзан, сондай - ақ сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолдану сәйкес техникалардың болуымен арзан тұрады.
Сұйық кешенді тыңайтқыштарды дайындаудың бастапқы компоненеттері - фасфор қышқылы, азотты тыңайтқыштар ерітіндісі (мочевина, аммиакты селитра немесе олардың суда жақсы еритін қоспасы) , аммиак, калий тұздары мен микроэлементтер. Сұйық кешенді тыңайтқыштарды себу алдында, себу кезінде және үстеп қоректендіру арқылы енгізеді.
Сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолдану әлдеқайда тиімдірек. Бұл топқа құрамында екі немесе үш қоректік элементтері бар( N, P, K) , сондай - ақ микроэлементтер( Ca, Mg, S) және микроэлементтерден ( Fe, Mn, B, Cu, Zn, Mo, Co ) тұратын тұз ерітінділері кіреді.
Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі мақсаттарының бірі - егіс алқаптарында өсірілетін дақылдардың өнімділігін және сапасын жақсарту. Соңғы жылдары Республикамызда тыңайтқыштарды қажетті мөлшерде қолданбау салдарынан ауыл шаруашылығында пайдаланатын егістік жерлердің құнарлылығы және дақылдардың өнімділіктері күрт төмендеп отыр. Қазіргі уақытта топырақ құнарлығын жоғарылататын және сақтайтын, сондай - ақ ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың басты факторы - тыңайтқыш болып табылады.
Ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін, топырақта оларға қажетті минералдық және органикалық заттар жеткілікті мөлшерде болуы керек, ал топырақтағы қоректік заттардың мөлшері шексіз емес, олар жыл сайын өсімдіктердің өніміне қарай жұмсалып, белгілі бір шамасы кемиді. Сондықтан, егістік жерлерден тұрақты және жоғары өнім алу үшін ол жерлерге қосымша тыңайтқыш енгізу агротехникалық маңызды шара болып саналады.
Дүние жүзілік егіншілік тәжірибесі көрсеткендей, өнім деңгейі қолданатын тыңайтқыш мөлшеріне тәуелді. Мамандардың есептеуі бойынша, өнімнің өсуіне 45 - 50 пайызы тыңайтқыш үлесіне, ал қалған 50 - 55 пайызы агротехника, сорт, мелиорация т. б шаралардың үлесіне тиеді.
Тыңайтқыштарды қолдану дақылдың өнімін арттырып қана қоймай, оның сапасына да елеулі әсер етеді. Мысалы, фосфор мен калий тыңайтқыштары қант қызылшасының тамырындағы қант мөлшерін шамамен 0, 5 пайыздан 1, 2 пайызға дейін арттырады. Азот тыңайтқыштары бидай дәнінің құрамындағы белокты көбейтеді.
Республикамызда техникалық ( мақта, қант қызылшасы, картоп), майлы және көкеніс пен бақша дақылдарының өнімділігі біршама артқандығы байқалады. Бұл аталған дақылдар үшін тыңайтқыштарды қолданудың дұрыс жолға қойылып отырғандығын көрсетеді. Мысалы, 1999 жылы мақта өнімділігі 17, 7 ц/га, қант қызылшасы 172, 2; майлы дақылдар 4, 9; картоп 107, 5; көкеністер 134, 1 және бақша дақылдарының өнімділігі сәйкесінше мақта 18, 2; қант қызылшасы 204, 3; майлы дақылдар 5, 5; картоп 143, 7; көкеністер 203, 2 және бақша дақылдарының өнімділігі 158, 9 7 ц/га ға жоғарылады.
Тыңайтқыштарды қолдану деңгейіне келетін болсақ, 1990 жылы егістің 1га көлеміне 19, 7 кг минералдық, 0, 7 т органикалық тыңайтқыштар енгізілсе, 2008 жылы егістің 1га көлеміне 1, 5 кг ғана минералдық тыңайтқыштар мен 0, 4 т органикалық тыңайтқыштар енгізіледі.
Еліміздің ауыл шаруашылығына 2009 жылы 978, 0 мың т(ә. з) минералдық тыңайтқыштар, соның ішінде - 378, 5 мың т фасфор мен калий тыңайтқыштары 584, 6 және 14, 9 мың т қажет болса, ал 2014 жылға қарай олардың мөлшері тиісінше 1059, 7 мың т минералық тыңайтқыштар, оның ішінде азот - 410, 1; фасфор мен калий тыңайтқыштары - 633, 4 және 15, 8 мың тоннаға артуы тиіс.
Республиканың ғылыми мекемеларі мен алдыңғы қатарлы шаруашылықтың тәжірибелері Қазақстанның барлық аймағында тыңайтқыш қолдану тиімді екенін дәлелдеп отыр.
Ауыспалы егіс дақылдарының өнімін молайту үшін олардың қоректік заттарды пайдалануын, топырақ жағдайын және дақылдарының биологиялық ерекшеліктерін ескерген жөн .
Тыңайтқыштар жүйесі ауыспалы егістер жүйесімен тығыз байланысты. Мұнда жергілікті органикалық тыңайтқыштарды тиімді пайдалану үшін оларды минералдық тыңайтқыштармен, енгізудің кезеңдігін, мөлшерін, мерзімдері мен әдістерін анықтау мен ұтымды ұштастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды. Тыңайтқыштардың шектеулі мөлшерінің өзінде де мұның өзі өнім сапасын жақсарта отырып, тұрақты әрі мол өнім алуға кепідік береді. Ауыспалы егісте тыңайтқыш жүйесі топырақтың құнарлылығын жақсарту жөніндегі шаралар кешені болып табылады.
Әрбір жергілікті аймақта егілетін дақылдардың мол сапалы өнім алу үшін тыңайтқыш қолдану жүйесін жете игеріп агротехникалық шараларды дұрыс жүргізудің орасан зор маңызы бар.
Қазіргі кезде әлемдік тәжірибе бойынша егіншілік жүйесіне минералдық тыңайтқыштарды, өнеркәсіптерде тыңайтқыштарды өндіру және оларды қолдану үшін арнайы кешенді машиналарды қолдану қажеттілігін қамтамасыз етудің негізгі үш жүйесі бар:
- Қатты тыңайтқыштарды қолдану жүйесі;
- Сусыз аммиакты қолдану жүйесі;
- Негізгі қоректік элементтердің әртүрлі ара қатынасынан тұратын сулы ерітінділер немесе суспензия - сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолдану жүйесі.
Сұйық кешенді тыңайтқыштарға микроэлементтер мен физиологиялық белсенді заттар қосуға болады.
Бұл жүйелер ауыл шаруашылығындағы еңбек шығындарының аздығымен ерекшеленеді, тыңайтқыштарды енгізу жұмыстарын жеңілдетеді, индустриализациялауға мүмкіндіктер туғызады.
Қазіргі кезде қатты тыңайтқыштар қоспасын агрохимиялық бағалау жөнінде көптеген мәліметтер жиналған. Сұйық кешенді тыңайтщқыштардың жетістіктерін есепке ала отырып, отандық ауыл шаруашылығында осы тыңайтқыштармен ғылыми - зерттеу жұмыстарын біржақты дамытып және кеңейту қажет.
Осыған байланысты зерттеу жұмыстары үш негізгі бағыт бойынша жүргізілуі керек:
- Сұйық кешенді тыңайтқыштарды әртүрлі топырақ - климаттық жағдайларда агрохимиялық тиімділіктерін және топырақтың қоректік құбылымдарына әсерін, сондай - ақ өсімдіктердің зат алмасу, өсуі мен дамуына агрохимиялық әсерлілігін зерттеу.
- Сұйық кешенді тыңайтқыштарды пайдалануға арналған машиналарға агротехникалық талаптар қою;
- Сұйық кешенді тыңайтқыштарды тасымалдау, сақтау және топыраққа енгізу техникалық құралдар мен жабдықтардың ең тиімді тәсілдерін қолдану. « Қазақстан Республикасының топырақ ресурстарының тиімділігін арттыруды басқару » жобасының негізгі мақсаты - топырақ ресурстарын тиімді қолдана отырып, топырақтың құнарлылығын сақтау және арттыру.
Топырақ құнарлылығын жоспарлы реттеу мәселелері - тегістеу, суару, өңдеу тыңайтқыштар факторының әсерінде болатын топырақ қасиеттерін терең, жан - жақты кешенді зерттеумен байланысты.
Топырақ ресурстарын ауыл шаруашылығы өндірісінің пайдалануына байланысты антропогендік фактор жылдам пайда болатын тау етегі жазықтарына, топырақтың биоәртүрлілігін тұрақтандыру және сақтау жөніндегі мәселелерді зерттеу, сонымен қатар әртүрлі агроландшафттар топырақтарының құнарлылығын жоғарлату және оларды тиімді пайдалану өзекті мәселе болып табылады.
Сұйық кешенді тыңайтқыштарды Қазақстан жағдайында тиімділігін зерттеу жұмыстары алғаш жүргізілуде. Егістік алқаптарындағы әрбір зерттелінетін дақылдарға азот, фосфор және калийдің ара қатынасы әртүрлі сұйық кешенді тыңайтұыштар пайдаланады. Минералдық және сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолдану салыстырмалы түрде жүргізіледі.
Шиітті мақта өндіру ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі бағыты. Оңтүстік Қазақстан облысы ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру жөніндегі республиканың аса ірі экономикалық аймақтарының бірі болып саналады. Бұл облыста мақта егісі түгелдей шоғырланған. Ол облыстың мақта егетін аудандарындағы табыстың басты көзі болып табылады. Мақтаның егіс көлемі 2010 жылы облыс бойынша 134, 0 мың гектар жерді құрады. Барлық егіс көлемінің 64, 4 пайызы, ал өндірілетін өнімнің 61, 6 пайызы Мақтарал ауданында орналасқан. Өнімділіктің ең жоғарғы көрсеткіші (25 - 28 ц/га ), Шардара мен Сарыағаш аудандарында өндірілуде. Аймақта мақта өнімнің салыстырмалы түрде төмен болуы шаруа қожалықтарының ауыспалы егісті қолданбай, сонымен қатар әр жылдың ауа райы ерекшеліктеріне қарай тиімді агротехникалық іс - шараларды сапалы және өз уақытында жүргізбеуі себеп болуда.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттері.
Мақта егісіне сұйық кешенді тыңайтқыштарды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру, Мақтарал ауданы жағдайында топырақ кұнарлылығын сақтау мен қалпына келтіруге және мақта дақылдарының өнімділігін жоғарлатуға ықпал жасайтын сұйық кешенді тыңайтқыштарды қолданудың ғылыми негізделген тиімді жүйесін әзірлеу.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Ашық боз топырақтың агрохимиялық және су физикалық қасиеттеріне тыңайтқыштарды қолданудың әсерін анықтау;
- Сұйық кешенді қоректену жағдайына байланысты мақта өніміділігінің өсу және даму үдерістерін, олардың биомассасының құрылу ерекшеліктерін зеттеу;
- Мақта дақылының өте жақсы сапалық көрсеткіштері мен жоғары өнімділігін қамтамасыз ететін сұйық кешенді тыңайтқыштардың оңтайлы мөлшері мен қатынасын табу;
- Мақта дақылына тыңайтқыштарды қолданудың экономикалық тиімділігін анықтау.
Жұмыстың тәжірибелік құндылығы.
Мақтаны тыңайтуға әзірленген сұйық кешенді тыңайтқыштар жүйесі Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданының қарқынды егіншілігінде ашық боз топырақтарының құнарлылығын тұрақтандыруға, сақтауға және қалпына келтіруге ықпал жасайды. Топырақ параметрлері жақсарады: қарашірік, қорктенудің макро және микроэлементтер мөлшері жоғарылайды. Бұл топырақ кедергісінің төмендеуі нәтижесінде ауыл шаруашылығы машиналарының жұмысына және жанар жағар май материалдары мөлшерінде, мақта өсімдігінің дамуы мен өсуі үшін оңтайлы қоректену және су ауа жағдайын құруға оң әсерін тигізетін болады. Мақтаны тыңайтудың сұйық кешенді тыңайтқыштар жүйесі қымбат тұратын тыңайтқыштарды үнемдеумен қатар шиітті мақта өнімінің артуын және сапасының жақсаруын қамтамасыз етеді. Зерттеулер нәтижелері респаубликаның мақта шаруашылығы саласы үшін тәжірибелік маңызы бар Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында кеңінен өндіріске енуі мүмкін.
1. Әдебиеттерге шолуЗерттеу жұмысының басты мақсаты болып топырақ құнарлылығын сақтау, мақта дақылының сапасын жақсарту және өнімділігін арттыру болып табылады.
Бұл бөлімде отандық, достастық мемлекеттері мен алыс шетелдердің топырақтану, агрохимия, мақта шаруашылығы салалары ғалымдарының қол жеткізген ғылыми ізденістерінің мәліметтері келтіріледі. Топырақ құнарлылығын жақсарту, мақта дақылына тыңайтқыш қолданудың экологиялық және қорүнемдегіш жүйелерін құрастыру, мақта шаруашылығының пайдалылығы мен тиімділігін арттыру, таза және сапалы өнім алу сиақты өзекті мәселелердің зерттелу жағдайы көрсетілген.
Оңтүстік Қазақстан облысында мақта егістерінің негізгі алқабы Мақтарал ауданына тиесілі. Бұл аймақтың топырақ жамылғысының негізгі қасиетіне ашық боз топырақтарының әлсіз құрылымдылығы, қара шірінді және азот мөлшерінің төмен болуымен сипатталады. Сонымен қатар топырақ кескінінің капилярлығы жоғарғы болғандықтан, судың тез көтеріліуі, яғни егіншілік тұзданудың болуына алып келеді. Осыған байланысты бұл топырақтарға ауыспалы егіс жүйесіне көп жылдық шөптерді, оның ішінде жоңышқаны енгізіп, органикалық және минералдық тыңайтқыштарды дұрыс қолданғанда топырақтың биологиялық белсенділігі жақсарып, интентификация үрдісі жоғарылайды.
Әр жылдық жоңышқаның ұсақ тамырларындағы азот пен фасфордың пайызбен алғандағы мөлшері, олардың ірі тамырларындағы мөлшерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Жоңышқаның жасы жоғарылаған сайын, әсіресе үш жылдық жоңышқада олардың тамырларындағы азоттың мөлшері арта түседі, фосфордың мөлшері кемиді (1) .
Қазақстан Республикасының топырақ жамылғысы көлемі жөнінен дүние жүзі бойынша 9 - шы орында тұр. Құнарлылық деңгейі мен өзіндік қасеттері бойынша 700 - ден астам топырақ түрлері кездеседі.
Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығына жарамды аса үлкен жер көлеміне ие. Еліміздің аумағы 272, 5 млн. га болса оның 93, 4 млн. гектары ауыл шаруашылығына арналған жерлер болып саналады (2) . Жердің негізгі құрамдас бөлігі оның қасиеті мен болмысы, негізгі даму заңдылықтары және оның егіншілікке, ауыл шаруашылық дақылдарын өсіруге, сондай - ақ басқа да салалардың дамуына жарамдылығы бойынша толық көрінетін топырақ болып саналады. Бұлардан бөлек топырақ экологиялық, энергетикалық, геохимиялық, газды - атмосфералық және басқадай адам үшін аса қажетті өмірлік қызметтерді атқарады.
Қазақстан Республикасының Жер ресурстарын басқару агенттігінің мәліметтері бойынша жалпы егістік жерлердің көлемі 23, 1 млн га ( оның ішінде суармалы - 1, 4 млн га ), тұздалған жерлер көлемі 1, 8 млн га ( оның ішінде суармалысы - 0, 35 млн га ) (2) .
Орталық Азияның кең және топырақ жамылғысының сипаты күрделі. Алғаш рет боз топырақтың табиғи қалыптасуы туралы нақты мәліметтер беріле бастады (3) .
Нәтижелерді талдау барысында кейбір авторлар топырақ қасиеттеріне, ал кейбіреулері топырақ түзілу факторларына көңіл аударған. Топырақ өғдеу үшін топырақ қасиеттерін топырақ түзілу факторларымен ұштастыру керек (4) . Топырақ қасиеті мен түзілу ортасы арасындағы қатынасының заңдылықтарын және дамуын зерттеуге негізделген ең тиімді экологиялық әдісті ұсынады (5) .
Боз топырақтар көне топырақтар қатарына жатқызылады (6, 7) . Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстандағы тау етегіндегі жазықтар мен аласа тауларда тараған боз топырақты аймақта топырақ түзілудің аридті жағдайы басым болады (8, 9, 10) . Түрлі аймақта әрқилы топырақ түзілу жағдайларына қарамастан, боз топырақтың морфотектік қасиеттері ұқсас, бірдей болып келеді.
Ұзақ мерзім игерілген, жыртылған топырақтардағы қоректік элементтердің жалпы және жылжымалы мөлшері төмендеген. 20млн. га астам жерлер эрозиялық қауіпті, ал 70 млн ға жуық жерлер шөлейттенген сортаңдаған топырақтар.
Тұтасымен алғанда, алынған қоректік заттарды қайтарып беру, ғылыми негізделген егіншілік жүйесін сақтамау, табиғат пен қоғам ортасындағы өзара заңдылықтарды тиімсіз пайдалану салдарынан топырақтағы қара шірік мөлшері қара топырақтарда - 22 - 25 %, қоңыр және боз топырақтарда - 14 - 30 % ға дейін кеміген. Ал суармалы жерлерде бұл көрсеткіштер одан да нашар, яғни 10 - 50 % - ға дейін жеткен.
Топырақты ұзақ уақыт өңдеу кезінде жыртылған қабаттың құрылымы бұзылып, егістікке шаңның мөлшері қара топырақта - 14 - 13 пайызға дейін, күңгірт қара - топырақта - 26 пайызға дейін, боз топырақтарда - 30 пайызға дейін жетеді, ал тың жерде болса сәйкесті - 5, 17 - 27 пайыз (11) .
Ғалымдарбоз топырақтардың басты типтік көрсеткіштері - қарашірінді қабатының әлсіз дамуы, тың топырақтардың беткі бөлігінің шымдануы және ін қазғыштардың қарқынды әректі, барлық топырақ қабатының карбонаттылығы және кескіннің карбонаттылығының жақсы айқындалуы, суға төзімді түйіртектерінің болмауы мен микроструктураларының болуы, жекелеген қабаттардың айқын көрінуі, топырақ қара шірігіндегі көміртегінің азотқа қатынасының аз болуы, кремнеземсіз карбонатты тұздарының мөлшерінің жоғары болуы, топыақтың аллюмсилакатты бөлігінің бұзылғандығы, топырақ ерітіндісінің тұрақты әлсіз сілтілігі, сіңіру кешенінің негіздерімен қаныққандығы, сіңіру сыйымдылығының жоғары болмауы деп есептейді (12) .
Қазақстанның топырақ ресурстары мол. Егіншілікке жарамды жерлердің жан басына шаққанда әлем бойынша бірден бір алдыңғы қатардағы мемлекттерге жатады. 1997 жылғы деректер бойынша республиканың бір тұрғынына 2 га - ға жуық жерден келеді, ал бүкіл әлемдік 1 адамға 0, 33 га егістіктен келеді, яғни, әлемдік корсеткіштен 6 есе артық (13) .
Қарашіріктің өнімділігі мен сақталу мәселелерін шешу жолында экологиялық тиімді және экологиялық таза ауыл шаруашылық өнімдерін алуды қамтамасыз ететін, оның топырақтағы ең оңтайлы деңгейін анықтаудың маңызы зор. Оңтайлы қарашіріктендіру деңгейі боз топырақтар үшін - 48, 5 - 2, 15% ашық қара - қоңыр топырақтарда 2, 15 - 2, 45%, кәдімгі топырақтарда - 5, 45 - 5, 15% ды құрайды (15) .
Топырақтың қара шірінді күйі, қара шіріндінің ерекше түрі мен типтерін айқындауға мүмкіндік беретін морфологиялық көрсеткіштерімен химиялық қасиеттерінің жиынтығынан тұрады (16) .
Мәдениленген деген түсінікті тек табиғи күйіндегі топырақтардан құнарлығы жоғары болатын топырақтарға ғана қолдануға болады (17) .
Топырақтың мәдениленген дәрежесін жыртылмалы қабаттың қалыңдығы, қарашірінді мөлшері, құрылымы, негіздерімен қанығуы, реакция орташа көрсеткіші, жылжымалы фосфор мен калийдің мөлшері бойынша анықтауды ұсынады (18) .
Топырақ құнарлылығының кеңейтілген ұдайы өсіру туралы концепциясы ұсынылады. Онда нақты аймақтық экологиялық және экономикалық жағдайда топырақ құнарлылығын арттыру мен сақтау технологиясын құрастыру; бейімделген егіншілік жүйесін құрастыру; өнімділігін бағдарлау мен өнімділік үдерістерін басқару; агроландшафттардың ұйымдастырудың ғылыми жүйесін кұрастыру; топырақ экологиялық жер бөліктерін бөлу; топырақ құнарлылығын арттырудың кеңейтілген технологиясымен әсістері қарастырылады. Ғалымдар жыртылатын топырақтардың құнарлығын кеңейтілген ұдайы арттыру мәселесін шешуде ең алдымен топыраққа қолайсыз әсерлердің барлығын жойып, топырақ құнарлығын арттырудың тұрақтылығы мен өсімдіктің өнімділігіне қабілетті топырақ ішілік үдерістерді оңтайлату бойынша кешенді шараларды жүзеге асыру қажет екендігін айтады (19) .
Ең қолайлы мелиоративтік шаралар жүзеге асырылатын өзен аңғарларындағы бөліктерінде суаруды жүзеге асырғанда өзен ағыстарының қайта бөлінуімен топырақ түзілуі құбылымдарының өзгеруіне әкелген. Суармалы аймақтарда топырақ түзілу үрдісінде гидроморфизмнің басымдылығы, ал топырақтың сулы тұзды құбылымдарын жеткіліксіз реттеу жағдайында - топырақ кескініндерінде тұздардың қайта орналасуы тұзданған топырақтардың көлемінің артуымен барлық суармалы аймақтың кері тұзды балансында байқалады (20) .
Суару мен мелиорациялау Мырзашөлдің боз топырақтарының морфологиялық және генетикалық ерекшеліктеріне үлкен әсерін тигізеді (21, 22) .
Қазіргі уақытта Мемлекет басшылығы мен Қазақстан Ресбубликасының Үкімет экономиканың аграрлық секторының тұрақты дамуын қамтамасыз ету мен мемлекттің азық - түлік қауіпсіздігіне, ішінара ауыл шаруашылығы тиімді және дұрыс пайдалануға үлкен көңіл бөлуде. Жер - Ананың тағдырына алаңдаушылық пен дабыл қаққан көптеген ғалым топырақтанушылары мен агрохимиктері, топырақтың - мелиоративтік және экологиялық күйін, топырақ құнарлылығын ұдайы арттыру, сақталуы жөнінде нақты шаралар мен жұмыстар жасауды ұсынады (23, 24) .
Әртүрлі суармалы жағдайларда тыңайтқыштың мөлшері мен үйлесімділігін зерттеу қажеттілігіне көңіл аударады, себебі су құбылымдарын жақсартудағы агротехникалық шаралардың ішіндегі маңызды фактор - тыңайтқыштың тиімділігін арттыру болып табылады (25, 26, 27 ) .
Өсімдікке қажетті қоректік элементтерді топырақта жинаушы, топырақ құрылымына әсер етуші, дақылды ылғал және ауа мен қамтамасыз ететін, көптеген топырақ микроорганизмдеріне энергия көзі болып табылатын, өсімдіктер үшін көмірқышқыл газының қосымша қоры - органикалық заттар құнарлығы жоғары топырақтың маңызды көрсеткіші (28) .
Ғалымдардың нақтылауы бойынша, ауыл шаруашылық тыңайтқыштарын өндіру мен тасымалдаудың азаюы, тыңайтылған жер көлемінің айтарлықтай қысқаруы, пайдаланатын органикалық және минералдық тыңайтқыштар санының азаюына байланысты, әсіресе суармалы жерлерде жыртылатын жерлердің құнарлығы мен өнімділіктің төмендеуіне алып келген. Ғалымдардың пікірінше, 2004 жылғы минералдық тыңайтқышты пайдалану мөлшерінің 900 мың тонна әсерлі заттан 40 мың тоннаға дейін қатты алаңдаушылық тудырады (29, 30) .
Оңтүстік Қазақстан көне мақта егістігі мен тың жерлеріндегі үш жылдық жоңышқа астындағы ашық боз, күңгірт боз, гидорморфты боз және шалғынды боз топырақтарының органикалық заттары бір - бірінен ерекшеленеді. Мақтаны бір танапты үнемі егу топырақтағы органикалық заттар мен азоттың, соның ішінде клетчатка, полисахарид, гемицеллюлоза, жеңіл гидролизденетін азот қосылыстарының азаюына әкеледі. Үш жыл жоңышқа егу барысында топырақтағы қара шірінді мен азоттың мөлшері тың жер топырағындай қайта қалпына келеді. Бұл топырақ құрамындағы жылжымалы органикалық қосылыстар мен борпылдақ байланысқан коллоидтардың есебінен жүзеге асады. Бір уақытта топырақтың көптеген қасиеттері жақсарады ( алмасу сыйымдылығы, агрегеттық құрамы ) . Бұл мақта - жоңышқа ауыспалы егісін игерудің өте қажет екенін дәлелдейді (31) .
Ұзақ мезгіл дара дақылды мақтаға минералдық тыңайтқыштарды қолдануда қара шірінді мөлшері суармалы кәдімгі боз топырақта 1, 1 - 1, 2 %, суармалы ашық боз топырақта 1, 0 - 1, 1 % және шалғынды суармалы шөп топырақта 0, 8 - 0, 9 %, біршама тұрақталатындығын дәлелдеді. Мақта - жоңышқа ауыспалы егісті топырақтағы қара шірінді мөлшерін қалыпты ұстап тұрғанымен, өнімділігін арттыруды қамтамасыз етпейді. Қара шіріндінің оң балансы тек осындай ауыспалы егісте дұрыс тыңайту жүйесін жүргізгенде ғана мүмкін (32) .
Көптеген ғалымдар суармалы жерлерге жоңышқамен ауыспалы егісте енгізіп, жүзеге асырып тұру қара шіріндінің типі гуматты - фульватты, ал тыңайтқыш бермеген жағдайда - фульватты сипатқа ие болатындығын зерттеулерінде дәлелденген (33, 34 ) .
Сұр топырақтарда органикалық заттардың тез ыдырауы мен микробиологиялық үрдістердің тежелуіне байланысты мақта - жоңышқа ауыспалы егіс пен көң енгізіп, жоңышқа егуге оң әсерін беретінін көруге болады. Азотты әртүрлі шамадан топыраққа енгізу, әсіресе көңмен беру, сіңірімді азот пен жылжымалы фосфордың мөлшерінің аруына қолайлы жағдай туғызады (35) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz