Эхинококк құрттарының иттерде таралуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 46 бет
Таңдаулыға:   

Коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Қазақ Ұлттық аграрлық университеті

«Ветеринария» факультеті

5В120100-«Ветеринариялық медицина» мамандығы

«Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау ТАПСЫРМАСЫ

Студент Нұрғазы Арнұр Қырғызбайұлы

Жұмыс тақырыбы «Мал эхинококкозының таралуы, балау, алдын-алу»

Университет бойынша 2017 жылғы 14 қараша № « » бұйрығымен бекітілген.

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 2018 ж « 08 » маусым.

Жұмыстың бастапқы деректері

Эхинококкоз (беріш, бершімек) - жасырын, жіті және жітілеу түрде өтетін, ішкі мүшелердің зақымдануымен сипатталатын ауру. Эхинококкозбен адам да ауырады. Қоздырғышы: Echinococcus qranulosus larva, Echinococcus qranulosus (имаго) . Орналасатын жері: аралық иелерінің паренхиматозды ағзалары (өкпе, бауыр, бүйрек, жүрек және ақтық иелерінің ащы ішегінде. Даму айналымы: жұмыртқа → ларвоциста → имаго сатыларынан өтеді. Биогельминт. Оның екі иесі бар: ақтық иелері - ит, қасқыр, шибөрі, түлкі. Аралық иелері - қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа, адам.

Эхинококкозға Қазақстанның оңтүстік облыстарында мал көп шалдығады. Ауру барлық маусымда кездеседі. Ауруға сақа қойлар сезімтал.

Цисталары өкпеде орналасса, малдың күйі төмендеп, жөтелуі, демігу болады. Бершімектер бауырда орналасса, асқорыту қызметі бұзылып, малдың іші өтеді немесе кебеді.

Қазіргі таңда ірі қара шаруашылығының даму қарқынын тежеп отырған себептердің бірі ретінде әр түрлі ауруларды, соның ішінде инвазиялық ауруларын атауға болады. Көптеген паразитарлық аурулар малдың өсіп-жетілуін тежеп, өлімге ұшыратып, шаруашылыққа ауқымды экономикалық зиян келтіреді. Осындай аурулардың бірі - эхинококкоз.

Сыртқы ортада аурудың көп таралуына әсер етуші факторларын төмендету, жануарлар ауруына зерттеу жұмыстарын жүргізу және онымен күресу мақсатында тиімді жолдарды іздестіру паразитологияның, жалпы ветеринарияның өзекті мәселесі болып табылады.

Дипломдық жобада қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

  1. Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың

індеттанулық ерекшеліктерін анықтау.

2 Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың таралуын малдардың маусымдық және жасына байланысты зақымдалу дәрежесін анықтау.

3 Эхинококк құртының қой шаруашылығында таралуын кері гемагглютинация реакциясын (КГАР) қою арқылы зерттеу.

4 Райымбек аудандық базарында эхинококкозға ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелері

Графикалық материалдардың тізімі:

Дипломдық жұмыста 10 кесте, 6 суреттер берілген, сондай-ақ жұмыста 35 әдебиет көзі пайдаланылды.

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

1 Сабаншиев М. С., Сүлейменов Т. Т., Карамендин Ө., Шабдарбаева Г. С.,

Жантөре М. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. - Алматы, Қазұлтагру, 2003. - 460 бет.

2 Шабдарбаева Г. С. Ветеринариялық протозоология және арахноэнтомология. Оқулық. Алматы. 2011. - 181 бет.

3 Сабаншиев М. С. Паразитология және жануарлардың инвазиялық аурулары. - Оқулық. Алматы «Дәуір» баспасы, 2011. - 479 б.

4 Исмагилова Р. Г., Рамазанов В. Т., Подлеснов А. В., Рахимбердиев С. А. Иммунологическая диагностика в профилактике эхинококкоза животных и человека в Казахстане (рекомендации) . Кайнар. Алматы, 1980. 20с.

Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарау: Ғылыми әдебиеттерге шолу
Кеңесші: Тұрғанбаева Г. Е.
Мерзімі: 11. 10. 2018
Қолы:
Тарау: Негізгі бөлім
Кеңесші: Ахметова Г. Д.
Мерзімі:

15. 12. 2017

24. 04. 2018

Қолы:
Тарау: Еңбекті қорғау және экология мәселелері
Кеңесші: Оралбаев С. Ж.
Мерзімі: 15. 05. 2018
Қолы:
Тарау: Экономикалық тиімділігін есептеу
Кеңесші: Бельгибаева Ж. Ж
Мерзімі: 15. 05. 2018
Қолы:

Кафедра меңгерушісі, профессор Төлемісова Ж. К.

Жұмыс жетекшісі,

қауым. профессор Ахметова Г. Д.

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент Нұрғазы. А. Қ.

Дипломдық жобаны /жұмысты/ орындау

КЕСТЕСІ
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
№: 1
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Пайдаланылған әдебиеттерді талдап, әдеби шолу жазу.
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 11. 10. 2017 ж.
Ескертулер: Орындалды
№: 2
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Күйістілер эхинококкозы туралы індеттанулық деректерді талдау
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 15. 12. 2017ж.
Ескертулер: Орындалды
№: 3
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Күйістілер эхинококкозының балау әдістерін игеру
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 10. 02. 2018 ж.
Ескертулер: Орындалды
№: 4
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Күйістілер эхинококкозына қарсы күрес шараларын ұйымдастыру.
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 10. 04. 2018 ж.
Ескертулер: Орындалды
№: 5
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Дипломдық жұмысты реттеу, құжаттарды дайындау.
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 20. 04. 2018 ж.
Ескертулер: Орындалды
№: 6
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Жұмысты аяқтап талдау, өңдеу және тапсыру.
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 10. 05. 2018 ж.
Ескертулер: Орындалды

Кафедра меңгерушісі, профессор Төлемісова Ж. К.

Жұмыс жетекшісі,

қауым. профессор Ахметова Г. Д.

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Нұрғазы. А. Қ

МАЗМҰНЫ

МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .
7
:
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: АНЫҚТАМАЛАР . . .
7: 8
:
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР . . .
7: 7
: 1
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: КІРІСПЕ . . .
7: 10
: 1. 1
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Жұмыстың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы . . .
7: 10
: 1. 2
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Зерттеу объектілері, базасы және мақсат, міндеті . . .
7: 11
: 2
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . .
7: 12
: 2. 1
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Аурудың қысқаша анықтамасы, қоздырғыштың морфологиясы мен биологиясы . . .
7: 12
: 2. 2
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Күйістілер эхинококкозының эпизоотологиясы мен эпидемиологиясы
7: 16
: 2. 3
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Аурудың белгілері . . .
7: 19
: 2. 4
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Ауруды анықтау және өлекседегі өзгерістер . . .
7: 19
: 2. 5
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Эхинококк құрттарының иттерде таралуы . . .
7: 21
: 3
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .
7: 23
: 3. 1
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Зерттеу әдістері және материалы . . .
7: 20
: 3. 2
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Зерттеу нәтижелері . . .
7: 24
: 3. 2. 1
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың індеттанулық ерекшеліктерін анықтау . . .
7: 24
: 3. 2. 2
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың таралуын малдардың мезгілдік динамикасы . . .
7: 28
: 3. 2. 3
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша мал эхинококкозының жас аралық динамикасы . . .
7: 29
: 3. 2. 4
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: «Орталық» базарында эхинококкозға ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелері . . .
7: 30
: 3. 2. 5
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Эхинококк құртының қой шаруашылығында таралуын кері гемагглютинация реакциясын (КГАР) қою арқылы зерттеу . . .
7: 31
: 3. 2. 6
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Эхинококкоздың және альвеококкоздың алдын алу жөнінде іс-шараларды жүргізу . . .
7: 32
: 3. 3
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: Эхиноккоз кезінде ветеринариялық шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу . . .
7: 38
: 4
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . .
7: 41
: 5
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ҚОРЫТЫНДЫЛАР . . .
7: 45
: 6
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР . . .
7: 46
: 7
МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
7: 47

МӨЛШЕРЛІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста келесi стандарттарға сiлтеме жасалынды:

МЕМСТ 359-54 Зертханалық таразы ВР-5

МЕМСТ 20292-74 Сиымдылығы 100, 200, 1000 мл шыны сауыттар

МЕМСТ 20292-74Е Зертханалық шыны ыдыстар, бюреткалар, пипеткалар

МЕМСТ 21241- 77 Пинцеттер (қысқыштар)

МЕМСТ 4. 318-85 Петри табақшасы

МЕМСТ 44-52-86 Биологиялық микроскоп Биолам Р6

МЕМСТ 760105 Микросуретке түсіретін қондырма

ТЖ 64-1-1382-72 Электр термостаты ТС-80

ТЖ 5. 375-4260-76 Центрифуга ОПН-3

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста анықтамаларына сәйкес келесi атаулар қолданылды:

ГЕЛЬМИНТООВОСКОПИЯ - гельминтозға диагноз қою мақсатында құрттардың жұмыртқаларын нәжісте табу

ИНВАЗИЯ ИНТЕНСИВТІЛІГІ - жануардың ағзасындағы паразиттер санының (микроскоптың бір көру алаңындағы ооцисталар саны) көрсеткіші

ИНВАЗИЯ ЭКСТЕНСИВТІЛІГІ - паразиттермен залалданған жануарлардың пайыздық көрсеткіші

ЭКСТЕНСТИІМДІЛІК - паразиттерге қарсы дәрілік заттардың тиімділігін сараптағанда барлық дәріленген жануарлардың паразиттерден толық босағандарының пайыздық көрсеткіші

АНТИГЕЛЬМИНТИК- малдың әртүрлі гельминт түрлеріне қарсы алдын-алу және емдеуге арналған дәрілік зат.

БИОГЕЛЬМИНТ- аралық иелердің қатысуымен дамитын паразитарлық құрттар (бір немесе бірнеше) .

ГЕОГЕЛЬМИНТ- өмір кезеңдерінде тек бір ғана ақтық иелік ететін сколецидтер.

АҚТЫҚ ИЕ (нақты, соңғы) - өнімділік жүйесін жүзеге асырып, дамып, жынысы жетілген гельминттік сатыдағы иелік.

ДЕГЕЛЬМИНТИЗАЦИЯ- ағза ішіндегі немесе сыртқы ортадағы гельминттер немесе инвазиялық белгілерді шығару, жоюға арналған шаралардың жиынтығы.

ИНВАЗИЯ - мал ағзасына паразиттердің (гельминттің немесе бірторшалықтың) енуі, отандық әдебиеттерде инфекциялар деп бактерия және вирустарды айтады.

ГЕЛЬМИНТОЛОГИЯЛЫҚ ЖАРТЫЛАЙ ЗЕРТТЕУ - паразиттердің қарапайым тіршілік ету ағзаларынан жекелеген түрлерін таңдаулы түрде сойып іздеу (мысалы, описторхозды зерттеуде бауыр мен өт жолдарын, ларвальді эхинококкозда- көкірек және құрсақ қуыстарын, бауыр және өкпені сойып зерттеуден тұрады) .

АРАЛЫҚ ИЕ - гельминттердің ларвальді сатысында жетілетін иелік.

СТРОБИЛА- цестод денесі, проглоттидтері жекеленген. Жаңа мүшелер мойын аймағында түзіледі, ортасында стробилалары гермафродиттік, ал соңында - жетілген проглоттидтер болады (көбіне жұмыртқаларға толған) .

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей белгілер мен қысқартулар қолданылды:

г - грамм

г/% - грамм/пайыз

ИИ - инвазия интенсивтілігі

ИЭ - инвазия экстенсивтілігі

ИТ - интенстиімділік

МЕМСТ - мемлекеттік стандарт

м 3 - метр куб

м 2 - шаршы метр

мл - миллилитр

мг/кг - миллиграмм/килограмм

мл/м 2 - миллилитр/шаршы метр

м/сек - метр/секунд

Ок - окуляр

ºС - градус Цельсий

ТЖ - техникалық жағдай

ТН - тіркеу нөмірі

ЭТ - экстенс тиімділік

% - пайыз

КГАР - кері гемагглютинация реакциясы

1. КІРІСПЕ

1. 1 Жұмыстың өзектілігі мен тәжірибелік маңыздылығы. Бүгінгі таңда көптеген шаруа қожалықтары мал өсірумен айналысады. Мемлекетіміздің елбасы осы салада жұмыс атқаратын кәсіпкерлерге мал өнімдерінің сапасын әлемдік сұраныстар мен стандарттарға сай және бәсекелестікке төзімді кластерлі түрде дамуды ұсынып отыр. Айта кету керек осы бағытта тез арада аяқтан нық тұрып, ауқымды пайда алу үшін салынатын салық мөлшерінің азайтылуы, несие алудың жеңіл және тиімді жолдары ұсынылуы сияқты көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Бұл жасалып отырған жағдайлар Қазақстанның әлемдегі 50 дамыған елдер 5 қатарына енуіне өз септігін тигізері анық.

Қазақ халқы ата заманнан төрт түлік мал өсірумен айналысқан, алайда заман ағымына сәйкес басқа да жануарлар өсіруге бет бұрған шаруашылықтар өте көп. Қазіргі таңда ұсақ және ірі қара шаруашылығының даму қарқынын тежеп отырған себептердің бірі ретінде әр түрлі ауруларды, соның ішінде инва-зиялық ауруларын атауға болады. Инвазиялық аурулар Қазақстанның барлық аймақтарында кездесіп, ауылшаруашылық малдарының барлық түрін зақым-дайды. Көптеген паразитарлық аурулар малдың өсіп-жетілуін тежеп, өлімге ұшыратып, шаруашылыққа ауқымды экономикалық зиян келтіреді.

Қазақстан Республикасының мал шаруашылығын өркендетуге кедергі болып отырған инвазиялық аурулар тудыратын гельминттердің ішіндегі маңыздысы эхинококк құрты болып табылады [1, 2, 3, 4, 5] .

Эхинококк құрты бойынша ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатқанымен, әлі де көптеген мәселелер анықталмай отыр. Бүл басты мәселелерге эхинококк экологиясын зерттеу барысында олардың жануарларда таралуы жэне тигізетін зардаптары мен алдын - ала сақтандыру шаралары жатады.

Эхинококк экологиясын анықтау негізінен эпизоотологиялық, эпидемиологиялық, клиникалық, паразитологиялық т. б. әдістермен жүргізіледі [6 -13] .

Аталған әдістердің өзіндік кемшіліктері бар. Атап айтқанда клиникалық белгілері бойынша анықтау көптеген қиыншылықтар тудырады. Себебі, эхинококкоз ауруының клиникалық белгілері көмескі, айқын емес. Ол өкпе, бауыр т. б. ішкі мүшелердің қабынуына ұқсас болып келеді [14 -17] .

Паразитологиялық әдістер қолдану барысында қиыншылықтар кездеседі. Әсіресе, эхинококк балапан құрттары тіршілік ететін берІштерді анықтаудың негізгі әдісі, ылажсыздан сойылған немесе өлген малдардың ішкі мүшелерін патанатомиялық зерттеу болып табылады [18 - 21] .

Эхинококкозға шалдыққан жануарлар Қазақстанның барлық аудандарында кездеседі. Ауылшаруашылық малдары эхинококкозының эпизоотологиясын зерттеу және аурудың алдын алудың ғылыми-негізделген шараларын жасау ветеринария ғылымы мен тәжірибесінде ең өзекті мәселе болып қалып отыр. Сондықтан, эхинококкоз ауруының эпизоотологиясы мен еліміздің оңтүстік өңірлерінің эхинококкоз бойынша эпидемиялық жағдайының деңгейін, эхинококкоз ауруының алдын алу шараларының қазіргі кезеңге дейінгі қалыптасқан ерекшеліктерін түбегейлі зерттеу ғылыми тұрғыдан да, тәжірибелік тұрғыдан да өте өзекті мәселе болып табылады.

Жұмыстың тәжірибелік маңызыдылығы . Алматы облысы Райымбек ауданында күйістілер эхинококкозының эпизоотологиясының, жыл маусымына және малдың жасына байланысты зақымдалу қарқынынын зерттеу нәтижелері іс жүзіндегі мал дәрігерлеріне ауруды дер кезінде балау мен алдын алу шараларын ғылыми негізделген түрде жүргізуіне мүмкіндік береді.

Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама . Жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесінде күйістілердің әртүрлі жас топтарының эхинококкозға шалдығу қарқыны анықталды.

Ауруды жұқтырудың негізгі көзі болып ауруға шалдыққан малдар мен қоздырғыш тасымалдаушы етқоректілер болып табылады.

1. 2 Зерттеу объектілері, базасы және мақсат, міндеті. Дипломдық жұмыс 2017-2018 жылдары Алматы облысы Райымбек ауданы «Құмтекей» жеке шаруа серіктестігінде, Райымбек аудандық ветеринариялық зертханада, аудандық мал сою пункттарында және Қазақ ұлттық аграрлақ университеті биологиялық қауіпсіздік кафедрасының паразитология ғылыми зертханасында жүргізілді.

Зерттеу жұмыстарының мақсаты мен міндеттері:

Жұмыстың мақсаты - Алматы облысы Райымбек ауданында күйістілер эхинококкозының эпизоотологиясын, балау және алдын алудың тиімді жолдарын анықтау.

Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:

1 Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша эхинококкоздың маусымдық динамикасын анықтау

  1. Эхинококкоздың таралуын малдардың жасына байланысты зақымдалу дәрежесін анықтау
  2. Эхинококк құртының қой шаруашылықтарында таралуын кері

гемагглютинация реакциясын (КГАР) қою арқылы зерттеу

4 Райымбек аудандық базарында эхинококкозға ветеринариялық-санитариялық сараптау нәтижелері

  1. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

2. 1 Аурудың қысқаша анықтамасы, қоздырғыштың морфологиясы мен биологиясы

Мал эхинококкозы (ларвалды эхинококкоз, беріш, бершімек) - бұл көбінесе жасырынды түрде, кейде жіті, жітілеу түрде өтетін, таспа құрттың ларвоцистасы қоздыратын, сүт қоректі жануарлар мен адамның антропозоонозды, өте кең таралған, әр түрлі ішкі мүшелердің зақымдануымен сипатталатын гельминтоз ауруы.

Жіктелуі:

Тұқымдасы: Taeniidae

Туысы: Echinococcus

Түрі: E. qranulosus (ересек сатысы ақтық иеде - иттерде ащы

ішегінде орналасады) .

Ларвоцистасы Echinococcus qranulosus larva (эхинококк көпіршігі,

беріш, бершімек) - аралық иеде әртүрлі мүшелерде кездеседі.

Ларвоциста, көпіршігі олардың көбінесе өкпе мен бауырында, кейде талақта, мида, жұлында, сүйекте, т. б. мүшелерде жайғасады.

Морфологиясы:

1. Ларвоцистасы яғни балаң құрты Echinococcus granulosus larva - бұл көпіршік, көлемі бұршақтың дәнінен адамның баласының басындай болады. Қос қабықты - дәнекер ұлпа қабаты мен герминативтік қабаты бар. Ішінде сұйығы және көптеген протосколекстер мен шығыс капсулалары бар. Шығыс капсулалардың ішінде де майда протосколекстер өте көп, ол болашақ таспа құрттардың бастары.

Көпіршіктің ішінде екінші буын, одан үшінші буын көпіршіктер туындап өсе береді. Оларды «қыз» және «немере» бершімектер деп атайды. Туындап өсіп жататын бершімектер көпіршіктің ішіне де, кейде қабығын тесіп, сыртқа да шығып өсуін жалғастыра береді. Сондықтан біз малдың өкпесінен, бауырынан көптеген бершімектерді көреміз. Жүзге кейде мыңға тарта ірілі- ұсақты бершімектер болады (1-сурет) .

Сурет-1. Echinococcus granulosus larva

Беріштің сыртында қалың капсуласы бар. Ол иесінің ұлпасынан қалыптасқан. Беріштің өсіп-өнуіне қарай эхинококк көпіршіктің үш түрі (типі) болады:

1. Echinococcus hominis - адамдар мен маймылдарда (приматтарда) кездеседі. Олар классикалық беріш болып саналады. Ішінде протосколекстер, шығыс капсулалар «қыз» және «немере» бершімектері бар.

2. Echinococcus veterinorum - ішінде тек қана шығыс капсулалар мен протосколекстер бар. Ірі қара мен қойда кездеседі, адамда өте сирек болады.

3. Echinococcus acephalocysticus - яғни бұл стерильді көпіршік болып саналады, сколекстері, яғни бастары жоқ. Эхинококк бершімегінде құрттың протосколекстері жоқ. Ондай жағдай жануардың иммунды қорғаныш күштері жақсы дамыған кезде туады.

Беріш - эхинококк ірі қара малда, қойда, ешкіде, шошқада, түйелерде, бұғыда, сирек жағдайда жылқыларда, кейде адамдарда кездеседі. Адамның әр түрлі мүшелерін зақымдайды. Ол көбінесе өкпеде, бауырда, сирек түрде көк бауырда (талақ), бүйректерде мекендейді.

2. Имаго - ересек сатысы, қысқа, ұсақ 5-6 мм-ге дейін қарулы таспа құрты, бунақ денесі 4-5 буылтықтардан құрылған. Соңғы пісіп-жетілген буылтық қалған денесінен ұзын болады, асып тұрады, ұзынша келеді, ішінде жалғыз ғана қапшық секілді, іші жүздеген жұмыртқаға толы жатыры орналасады. Жұмыртқада онкосферасы бар.

Бұл имаго тұрақты иелерінің - ит тұқымдастар жануарларда (ит, қасқыр, қарсақ, шиебөрі, түлкі, т. б. ) ащы ішегінде өмір середі (1-сурет) .

Сурет-2. Есhinococcus granulosus (имаго)

3. Жұмыртқа - майда, сопақтау, сыртқы қабатының көлденең сызықтары бар, ішінде ұрығы - онкосфера бар.

Биологиясы - Биогельминт, екі иесі бар.

Ақтық иелері - ит, қасқыр, шиебөрі, түлкі, т. б. ет қоректілер.

Аралық иелері - қой, ешкі, ірі қара, түйе, шошқа, адам және т. б. сүтқоректілер.

Ақтық иеден - иттерден нәжіспен үздіксіз пісіп-жетілген буылтықтар түседі, олардың ішінде 800-ге жуық жұмыртқалары болады. Мал осындай құрт онкосферасын жем-шөппен не сумен қоса жұтып қойған кезде эхинококкозға шалдығады. Мал ішегінде онкосфера өзінің ілмекшелерінің көмегімен ішек қабатын тесіп қан тамырларына өтеді. Одан қан айналысы арқылы бауырға, өкпеге және т. б. мүшелерге жетіп, тұрақтап өсе бастайды, 5-6 айдан кейін эхинококк көпіршігіне айналады.

Тұрақты иелері - иттер, эхинококкозға шалдыққан малдың ішінде цистасы бар өкпе-бауырын шикідей жеген кезде, олардың ішегінде E. granulosus таспа құрттары өсіп жетіледі, 41-49 күн мерзімінде ересек құртқа айналып, ит нәжісімен бірге олардың жұмыртқалары сыртқы ортаны ластап, малға ауру жұқтыра бастайды.

Эхинококкоз адам үшін де өте қауіпті ауру, адам абайсыз жеміс-жидек, өсімдіктермен, сумен, тағамдармен құрттың жұмыртқасын жұтып қойғанда ауруға шалдығады.

Сурет-3. Echinococcus granulosus таспа құртының биологиясы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара эхинококкозы
Етқоректілер эхинококкозын балау
Эхинококкоз адамдар мен жануарлар арасында кең тараған ауру
Ценуроздың ауруының өрбуі
Жануарлардың эхинококкозына қарсы ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар
Эхинококкоздың патогенді әрекеті мен биологиясы
Таспа құрттардың барлығы биогельминттер
Мал эхинококкозы ауруының өрбуі
Эхинококкоз ауруының диагностикасы
Өлексені сою барысында жазылған патологиялық-анатомиялық хаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz