Базалық станцияны басқарушы сервер


1
![]()
2
![]()
3
![]()
Аңдатпа
4
![]()
Дипломдық жобаның тақырыбы: Ленгер қаласының сымсыз желісін жобалау
(WiMAX технологиясы)
Жобаның бастапқы мәліметтері: WiMAX ( Wordwide Interoperability for
Miccrowave Access) - әмбебап сымсыз байланысты үлкен қашықтықтағы кең
спектрлі құрылғыларға қызмет көрсету мақсатында өңделген телекоммуникациялық
технология болып табылады.
Дипломдық жұмыста, базалық стансаның қамту аймағы, сигналдың пайдалы
қуаты мен антеннаны орналастырудың биіктігі, таралу трассасының бойындағы
сигнал қуатының орташа жоғалуы бойынша есептеулер жүргізілген.
Жалпы дипломдық жоба барлық жағынан толық қамтылған және қолданысқа
енген.
Аннотация
Тема дипломной работы:Проектирование безпроводной сети города Ленгер.
Дипломный проект полностью и разносторонно расмотрен и уже применяется
в данном учебном заведении.
Annotation
Theme of this diplom proekt is: Designe of a wireless network of the city og Lenger.
This diplom project fully and versatilly reviewed and is already used in this
institution.
5
Мазмұны
Кіріспе
1 Аналитикалық бөлім
1. 1 Негізгі жұмыс істеп тұрған желілерді анализдеу
1. 2 Wi-Fi және WiMAX стандарттарының басты айырмашылықтары
1. 3 Спектрлік кеңейту тәсілдері
1. 4 WiMAX технологиясының көрсеткіштері
1. 5 WiMAX технологиясының артықшылықтары
1. 6 Тапсырманың ұйымдастырылуы
8
10
10
13
13
14
17
18
2
Жобалық бөлім
19
2. 1 Ленгер қаласында WiMAX желісін жобалау
2. 2 Желіні құру мақсаттары мен тағайындалуы
2. 3 Желі қызметтеріне қойылатын талаптар
2. 4 Жұмыста қоланылатын құрылғы
2. 5 Жобаланған желінің құрылымдық сұлбасын өңдеу
2. 6 Қосымша қызметтер
2. 7 Таралым аймағын ұйымдастыру
3 Эксперименталдық бөлім
3. 1 WiMAX технологиясының негізгі параметрлерін есептеу
3. 2 Бағдарлама скриншоттары
4 Өмiр тiршiлiк қaуiпciздiгi бөлiмi
4. 1 Бөлмедегі ауа алмасу үрдісі
4. 2 Бөлмедегі желдету жүйесі
4. 3 Ауа алмасу жүйесін есептеу
5 Экономикалық бөлім
5. 1 Жобаның мақсат
5. 2 Ұйымдастыру жоспары
5. 3 Қаржы шығындар
5. 4 Жылдық инвестициялық шығындарды есептеу
5. 5 Электр қуатының шығындарын есептеу
5. 6 Экономикалық тиімділік көрсеткіштерін есептеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
А Қосымшасы
6
19
20
20
22
27
28
29
31
31
44
48
48
49
51
59
59
60
60
61
63
65
69
70
71
Кіріспе
Болашағы үлкен, бәсекеге қабілетті, сымды байланыс құралдарына балама
бола алатын шешім ретінде сымсыз қосылу желілері болып табылады. Сымсыз желі
жабдықтары компьютерлер, желілік және арнаулы сипаттағы құрылғылар арасында
радио арналар бойынша ақпаратты (мәлімет, телефония, бейне) таратуға арналған.
Қазіргі таңда, олар қарқынды өңделіп, бүкіл әлемнің ірі қалаларында кең қолданысқа
ие болуда.
Сымсыз байланыс қызметтері кең жайыла отырып, көбіне төмен
эксплуатациондық шығындарға ие. Жергілікті сымсыз желілердің артықшылығы
айқын, өйткені олар оңай және арзан қолданылып, сонымен қатар,
модификацияланады. Бұл аталғандардың барлығы тұтынушы үшін айтарлықтай
маңызды жайттар болып табылады.
1990 жылдардың басынан радиосигналдарды кодалық модуляцияланатын
құрылғылар
қарқынды қолданылып келуде. Радиосигналдың кодалық
модуляциялануы, оның спектрінің кеңеюіне және амплитудасының шуыл деңгейіне
дейін төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мұндай құрылғылар кеңжолақты немесе шуыл
тәріздес жүйелер деп аталады. Кеңжолақты сымсыз байланыс технологиясы жоғары
сапа мен коммуникация сенімділігін, бөгеуілдер мен ауа райы жағдайларына
тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Кеңжолақты сымсыз байланыс жүйелерінің ең
басты артықшылығы кодалық модуляцияның жаңа түрлері арқылы жүзеге
асырылатын мәліметтер тасымалдануының жоғарғы жылдамдыққа ие болуы. Сол
себепті кеңжолақ түсінігі мультисервистік қызмет көрсетуге (интернет, мәлімет
тарату, дауыс, бейне және т. б) қажетті жүйенің жоғарғы жылдамдықпен мәліметтер
тасымалдау қабілетіне ие болуының баламасы болып табылады. WIMAX (Worldwide
Interoperability for Microwave Access) -(IEEE) Электроника және электротехника
саласындағы инженерлер институты әзірлеген 802. 16, мәліметті сымсыз кеңторапты
әдіспен жолдау халықаралық стандарттың коммерциялық атауы.
WIMAX желілері Ұялы телефон принциптері сияқты жұмыс істейді. WiMAX
30 шақырымнан астам қашықтықты қамтиды, ал жолданым қабілетін кабельдік - 75
сек/Мбит-пен салыстыруға болады.
Сонымен қатар WiMAX стандарты Triple DES (кілт ұзындығы - 128 бит)
немесе RSA (кілт ұзындығы - 1024 бит) алгоритмдер бойынша шифрлеуді қолдайды.
Бұған қоса хакерлердің кері ықпалына төзімділігі бар және сәуле жолданымын
басқару өздігінен басқарылады. (автоматическое управление мощностью излучения) .
Басқа радиотехнологиялардан айырмашылығы WiMAX базалық станса
көрінбей тұрса да, кеңістікте қайтарым сигнал арқылы тұрақты істей береді.
Қалаларда тығыз салынған құрылыстардың бар екенін ескерсек, бұл өте жақсы
ерекшелік.
Қазіргі таңда Broadband Wireless Access (BWA) кеңжолақты сымсыз қосылу
7
үйелерінде протоколдардың көпжақты қосылуы көп қолданысқа ие болуда. Әсіресе,
BWA кеңжолақты сымсыз қосылу жүйелерінде IEEE 802. 16 (WiMAX) стандарты
TDMA протоколдарын қолданады.
IEEE 802. 16 стандарты бизнес, үй тұтынушыларына ақпаратқа кең жолақты
қосылудың тез қосылу әдісін береді. Кеңжолақты сымсыз қосылу DSL және
кабельдік қосылуларға тән кемшіліктерден айырылған. Оны тіпті оңай жайып, аудан
жабынын үлкейтуге болады.
WiMAX - Интернетке кең торапты кіруді қамтамасыз етумен қатар, дыбыс,
дауыс, бейне (видео) тағысы тағыларды, басқа да ақпараттық мәліметтерді жолдауға
мүмкіндік береді. Басқаша айтқанда, корпоративтік желілер ұйымдастыру, сапалы
видео-трансляция және IP-телефония - жеңілдей түседі.
Берілген дипломдық жобада Ленгер қаласының нарығына жаңа және
болашағы бар WiMAX қызметін енгізіп, қаланың байланыс желісін оңтайландыру
қарастырылады.
8
1 Аналитикалық бөлім
1. 1 Негізгі жұмыс істеп тұрған желілерді анализдеу
1. 1. 1 WiMAX технологиясының жалпы сипаттамалары. WiMAX (Worldwide
Interoperability for Microwave Access) - әмбебап сымсыз байланысты үлкен
қашықтықтағы кең спектрлі құрылғыларға (жұмыс станциялары мен ықшам
компьютерлерден ұялы телефондарға дейін) қызмет көрсету мақсатында өңделген
телекоммуникациялық технология болып табылады. IEEE 802. 16 стандарты қала
масштабының 50 шақырым радиусты аумағында сымсыз байланыс желілерін құру
мен абоненттердің кеңжолақты сымсыз қосылуы (BWA) үшін қызметтерді
қамтамасыз етеді.
Жалпы айтқанда IEEE 802. 16 стандартының сипаттамасы бойынша таралым
алыстағы 50 шақырымға дейін қарастырылады, тура көру мүмкіндігі жоқ жағдайда
да қызмет көрсете береді және де базалық станцияның бір секторы 70 Мбит/сек
жоғары жылдамдығында ақпарат алмасуға мүмкіндік береді, ал секторлар саны 6
болуы мүмкін.
Өзінің
атымен ‹‹Микротолқынды диапазондағы сымсыз қосылудың
халықаралық әрекеттесу желілері››, технология біріншіден, ‹‹соңғы шақырым
байланысының жүзеге асырылуына ат салысуға бағытталуына (осыдан - ‹‹әрекеттесу
желілері››), екіншіден, ең алғаш жиілік диапазоны 10-66 ГГц аралығында
қолданудың жобалануына міндетті (осыдан - ‹‹микротолқынды диапазон ››) .
WiMAX желісінің жабдықтары 2-11 ГГц жиілік аралығында ені 10 МГц болатын
бірнеше жиіліктік арнада жұмыс істейді. Әр мемлекет жиілік аралықтарын арнайы
тарататын болғандықтан, WiMAX жабдықтарына әр түрлі жиілікте жұмыс істеу
талабы қойылады. Аралықтардың осыншама кең үлестірілуі дүние жүзіндегі
мемлекеттердің басым көпшілігіндегі талаптарға сай болу үшін жасалған. Яғни,
Солтүстік Америкада WiMAX технологиясы үшін 2, 5 және 5 ГГц жиілік аралығында
қолданылады, Орталық және Оңтүстік Америкада - 2, 5, 3, 5 және 5 ГГц, Таяу
Шығыста, Африкада, Батыс және Шығыс Еуропада - 3, 5 және 5 ГГц, ал Азия -
Тынықмұхит аумақтарында - 2, 3, 3, 5 және 5 ГГц жолағында жұмыс істейді. WiMAX
WI-Fi технологиясымен салыстырғанда, Т1 класты желілерінің жылдамдығымен
жұмыс істейтін интернетке қатынау мүмкіндігін береді және оның сигнал тарату
алыстығы әлдеқайда көп. Өз кезегінде WiMAX-тың және DSL желісінің
‹‹магистралды тармағының›› жалғасы Wi-Fi локальды желісі болып табылады.
WiMAX 10 шақырым және оданда көп радиуста байланыспен қамтамасыз ете
отырып, айтарлықтай аумақта таралады. Сол себепті, қызмет көрсетушіге ‹‹соңғы
9
шақырым›› өзекті мәселесін шешуге қолайлы мүмкіндіктер береді. WiMAX
желісінің қосылу сұлбасының 2. 1-суретте көрсетілген.
1. 1 сурет − WiMAX стандарты негізінде желіні ұйымдастыру
IEEE 802. 16 стандарты құрылымы бойынша дәстүрлі ұялы байланыс
желілеріне ұқсас болып келеді мұнда радиусы 50 км дейін әсер ететін базалық
станциялар орналастырылады және оларды тек мұнаралардың үстіне ғана емес, үй
шатырларына да орналастыруға болады. Базалық станцияны тұтынушымен қосу
үшін абоненттік құрылғының бар болуы қажет. Содан соң сигнал Ethernet
стандартты кабелі арқылы керекті компьютерге және Wi-Fi 802. 11 стандартының
қосылу нүктесіне немесе Ethernet стандартының локальды желілердің
инфрақұрылымын кабельдік қосылудан WiMAX-қа өтуін сақтайды. BWA
кеңжолақты сымсыз қосылу жүйесінің IEEE 802. 16 (WiMAX) стандарты
қашықтықта орналасқан абоненттердің Итернетке, телефонияға қосылу, мәлімет,
аудио және бейне ақпараттарын тарату қызметтерін атқарады.
WiMAX арқылы желіні оңтайландыру үш негізгі бөлімге бөлінеді.
Қазіргі бірінші бөлімі бір жерде бекітіліп тұратын ‹‹ұялы таяқша›› тәріздес
антеннамен жұмыс істейтін ескі IEEE 802. 16a және 802. 16d стандартының орнына
жаңа IEEE 802. 16-2004 стандартты WiMAX технологиясымен кең тарату.
Екінші бөлімі WiMAX технологиясын ыңғайлы және қол жеткізерліктей
қылатын ішкі антенналарды қолдану.
Үшінші бөлімі 2006 жылы IEEE 802. 16e арнаулы стандартын енгізу. Бұл
WiMAX технологиясының қазіргі заманғы Wi-Fi желісі сияқты ‹‹таралым
10
![]()
аймағында›› орын ауыстырып жүретін жылжымалы кішігірім құрылғылардың
жұмыс атқаруына жол ашады.
Осыншама күрделі стандарттарды жасап шығару ұялы байланыспен, басқада
сымсыз стандарттармен қатар бар болуы, ‹‹ақылды›› антенналарды жасап шығаруы,
OFDMA сияқты модуляцияның жаңа түрін қолдануы, QoS көрсеткіштері болу
негізінде қарастырылған. Бұл ауқымды жұмыста WiMAX технологиясының барлық
сырлары көрсетілген, бірақ сонда да бұл өте ұзақ және күрделі жұмыс.
WiMAX технологиясының даму бағыты бірнеше деңгейді қарастырады.
Алғашқыда - бір жерге бекітілген сымсыз байланыс. Кейіннен − PDA және
құрылғыларының көмегімен қатынауға мүмкіндік ашылды, яғни далаға шығып
базалық станцияның қызмет көрсету аймағына кіріп ноутбугін ашып интернетке кіре
бере алады. Осылайша базалық станцияның жабу аймағында кез келген адам толық
мобилділікке қол жеткізеді. Қазақстанға арзан шешім керек екенін баршамыз
түсінеміз. Және де мобилділік пен алысқа қызмет көрсететін жүйе керек. Осымен
қатар тұтынушылардың түсінігі бойынша бұл әмбебап қызмет көрсетуі тиіс, яғни
интернетпен қатар телефон желісіне де мүмкіндік аламыз.
WiMAX технологиясы сымды және қазіргі таңда бар ұялы технологиялармен
салыстырғанда нәтижелілік көрсеткіштері мен желі бағасы бойынша бірқатар
артықшылықтары бар. Атап айтқанда, WiMAX технологиясы
сымды
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz