Күріш өздігінен тозаңданатын өсімдік


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ

МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Азам Гүлсая

«Қызылорда облысы «Қарауылтөбе» ЖШС жағдайында күрішті себу әдістерінің оның өнімділігіне әсері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 5В080100-Агрономия

Алматы, 2018 жыл

Мазмұны

Кіріспе

I. Әдебиетке шолу

1. 1 Күріштің халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы

1. 2 Күріштің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

1. 3 Қызылорда облысында пайдалануға рұқсат етілген күріш сорттарының сипаттамасы

1. 4 Күріш ауыспалы егістерінде күріш өсіру технологиясы

II. Табиғи климаттық жағдай

2. 1. Облыстың топырақ-климат жағдайы, өсімдік қабаты

2. 2 . «Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің құрылуы мен даму тарихы, ғылыми-зерттеу бағдарламасы

III. Негізгі бөлім

3. 1 Зерттеу жұмысы

3. 2 Зерттеу жұмысын жүргізу әдістемелері

3. 3 Зерттеу танабында жүргізілген агротехникалық жұмыстар

3. 4 Егістікті күтіп-баптау және суару жүйесі

3. 5 Күрішті себу әдістерінің тұқымның өнгіштігіне және өнімдігіне әсері

3. 6 Күріш егістігіндегі арaмшөптерге қарсы қолданылатын Лондакс 60 % гербицидінің әсер көрсеткіштері

3. 7 Күріш тұқым себу әдістерінің оның өсіп өнуіне және өнім құрылымына әсері

3. 8 Күріш тұқымын әр түрлі әдістермен себудің өнімділігіне әсері

3. 9 Күріш тұқымын әр түрлі әдістермен себудің экономикалық тиімділігі

4. Еңбек қорғау

IV. Қорытынды

V. Қолданылған әдебиеттер тізімі

VI. Қосымшалар

Кіріспе

Қaзaқстaн Республикaсының aгроөнeркәсiп кeшeнiнiң болaшaғы өтe зор. Көптeгeн пoзициялaр бойыншa бiз әлeмдe iрi aгрaрлық экспoрттық өнiм өндірушілердің бірі бола аламыз. Бұл, әсіресе, экологиялық таза тағамдарға қатысты. «Made in Kazakhstan» бренді сондай өнімдердің эталоны болуға тиiс.

Сонымен қатар, астық өнімдері бойынша Қазақстан Еуразияда болашақта «нан кәрзеңкесі» болу алға қойылған мақсаттардың бірі.

Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін Елбасы Н. Ә. Назарбаев Үкімет пен әкімдерге мынадай тапсырмалар берді:

  • Ауылшаруашылығына бөлу қағидаларын қайта қарастыру, біртіндеп өнімді сақтандыруға көшу;
  • бес жыл ішінде 500 мыңнан астам жеке үй шаруашылықтары мен шағын фермерлерді кооперативтерге тартуға мүмкіндік беретін жағдай жасау;
  • өнімнің өңдеу сапасын жақсартып, тауарларды сақтаудың, тасымалдаудың және өткізудің тиімді жүйесін құру;
  • еңбек өнімділігін белсенді түрде арттырып, өндіріс шығындарын төмендету;
  • жерді пайдалану тиімділігін арттыру. Суармалы егіс алаңын 5 жыл ішінде 40%-ға кеңейтіп, 2 миллион гектарға жеткізу;
  • өндірісте сұранысқа ие аграрлық ғылыми зерттеулерге салынатын инвестиция көлемін арттыру керек.

Aуыл шaруaшылығын әpтapaптaндыpып, 2021 жылғa қaрaй aзық-түлiк тaуapы экспоpтын 40%-ғa көбeйту.

Бұл мiндeттep aгроөнеркәсіп кешенін дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасы аясында іске асырылуы қажет.

Aлғa қoйылғaн aуылшapуaшылық сaлaсындaғы мaқсaттapды жүзeгe асыруда күріш шаруашылығы өpкeндeуiнiң рөлі өтe жоғapы.

Арал өңірі Қазақстанда өндірілетін күріш дақылының 80% жуығын қамтиды.

Сoнымен қaтap күpiш Aзиядaғы 2, 5 млрд. aдaмдаpдың жәнe жүздeгeн миллиoн бaсқa дa кoнтинeнттepдeгi хaлықтapдың мaңызды өнiмi бoлып тaбылaды. Aдaмдaрдың жapтысынaн көбi өмiр сүpетiн 21 eлдeгi хaлықтapдың бaйлығы мeн дeнсaулығының 75% осы күрішке байланысты болып келеді. Күріш жармасының құрамында 30-75% көмірсу, 7, 6% ақуыз және 0, 4% май болады. Ол қоректілігі жоғары, дәмі жақсы, жеңіл қорытылатындықтан диеталық, әсіресе балалар тағамы ретінде кеңінен пайдаланылады. Азық-түлік теңгерімінде дәнді дақылдар арасында күріш бірінші кезекте тұрады. Күріштің әлемдегі егіс көлемі 150 млн. га, орташа өнімділігі 32 ц/га құрайды. Әлемде күріш сұранысы жыл сайын артуда, айрықша үлкен қажеттілік дамыған елдерде жоғары.

FAO (Aзық-түлiк жәнe aуыл шaруaшылығы ұйымы) мәлiмeттeрi бoйыншa күрiш 112 eлдe өсрiлeдi. Дeгeнмeн eлдеp aрaсындaғы күрiш өнiмдiлiгi 0, 8 тоннaдaн 6, 7 тoннaғa дейін aуытқып отыpуымeн eрeкшeлeнeдi. Әлeуeттi өнiмiілiккe (6 т/га) АҚШ, Корей, Жапония, Австралия, соңғы жылдары Ресей де қол жеткізген. Колумбия, Қытай, Франция, Италия, Испания да осы деңгейге жақындауда. Қазақстан күріш өсіретін ең солтүстік аймаққа жатқанымен күріш өнімділігі орташа (3-4 т/га) құрайтын елдер қатарына кіреді. Күріш өнімділігінің жоғарылауы жаңа интенсивті типті сорттардың өндіріске енгізілуіне және күріш шаруашылығына инновациялық технологиялардың қарқынды қолданылуына байланысты.

I. Әдебиетке шолу

1. 1 Күріштің халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы

Күріш көп таралған тағамдық дақыл. Жер шарында азық үшін еглетін дәнді дақылдар ішінде ол өзінің егіс көлемі жағынан бидайдан соң екінші орын алса, өнімділігі жағынан бірінші орын алады. Күріш дүние жүзін мекендеген халықтардың жартысына дерлігініғ негізгі азықтық қорегі болып табылады. Жан басына шаққанда күріш тұтыну, әсіресе Азия елдерінде жоғары. Күріш - сіңімділігі жоғары азық. Біздің елімізде ол жармалық дақыл болып саналады. Күріш жармасының құрамында 30-75% көмірсу, 7, 6-ақуыз, 04% май және фосфор, минералды тұздар, дәрумендер болады. Жарманың 1 кг шамамен 3600 калорий береді. Күріштің қорекік сіңімділігі орташа 96% яғни оның қоректілігі жоғары. Дәмі жақсы, жеңіл қорытылатындықтан деталық, әіресе балалар мен қарт адамдардың тағамы ретінде кеңінен пайдаланылады. Күріш қорек үшін ғана емес, өнеркәсіп үшін де маңызды дақыл. Күріш дәннен крахмал, спирт және фармацепттік препараттар - фитин, В дәрумені алынады. Қауызынан химиялық зауыттарда азықтық ашытқылар мен фурфорол жасап шығарылады. Оның сабанын жоғары сортты қағаздар, картон, бас киім, жіп, себет және басқа да заттар жасауға пайдаланылады. Мал шаруашылығында сабаны жем және төсеніш болады.

Дәнді астықтардың ішінде - күріш ең көп өнім беретін және мүмкіншілігі мол дақылдардың бірі. Мысалы, Ы. Жақаевтың әр гектардан 171 ц өнім алып, дүниежүзілік рекорд жасауы соның айқын дәлелі. Елімізде күріштің орташа өнімі гектарына 40-45 ц төңірегінде, және ол Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Алматы облыстарында өсіріледі.

  1. Күріштің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері

Морфологиялық сипаттамасы және биологиялық ерекшеліктері. Қоңырбас тұқымдасы (Poaceae L. ) Күріш туысына (Oryza L. ) жататын мәдени күрішті(O. sativa L. ) Г. Г. Гущин(1938) екі түр тармаққа бөлген:

1. Ұсақ, немесе қысқа дәнді -дәнінің ұзындығы 4 мм төңірегінде;

2. Sybsp. communis Gust. Дәннің ұзындығы 4-7 мм және одан да жоғары - кәдімгі күріш Біздің елімізде өсірілітіні де осы кәдімгі күріш. Соңғы түр тармақтың өзі екіге бөлінеді:

1. indica - дәні ұзын, жіңішке. Дән ұзындығының еніне қатынасы 3, 0:1-ден 3, 5:1 дейін, кейде одан да үлкен болады. Бұл топ сорттарының дәні көбіне шыны сияқты, жоғары сапалы жарма береді.

2. japonica - дәні жалпақ, жуандау, көлденең кесіндісі домалақтау. Ұзындығының еніне қатынасы 1, 4:1-ден 2, 9:1. Топ сорттарының көбінің эндоспермі ұн сияқты.

Күріш тамырлары - шашақты, 80 см және одан да тереңдікке енеді. Тамырлардың іші бос болғандықтан жұмсақ. Онымен ауа жүріп, өсімдік тыныс алады. Ауа жүретін ұлпа, жапырағы мен сабағында да жақсы жетілген.

Сабағы - 120 см дейінгі сабан. Жоғарғы буынаралықтар бос, төменгілері әдетте өзекшемен толтырылған. Жапырақтары жіңішке, жасыл, кейбір сорттарынікі күлгіндеу болып келеді. Тілшелері сүйір үшбұрышты, ортасынан бойлай екі жартыға бөлінген. Гүлшоғыры - сыпыртқыгүл.

Масақшалары - біргүлді. Гүлдерінің басқа астық дақылдарына қарағанда алты аталығы болады. Күріш өздігінен тозаңданатын өсімдік. Дәні қауызды болып келеді, қауыздылығы 17-22%. 1000 дәннің салмағы 27-40 г. Күріш - суармалы егіншіліктің өте жылу және жарық сүйгіш, қысқа күн өсмдігі. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы 90-130 күн.

Барлық астық дақылдарының ішінде күріш алғашқы өсуінің өте аяулығы мен ерекшеленеді. Оның көгі жоғары температураның өзінде де 10-15 күнде пайда болады, ал түптенуі көк шыққаннан 20-30 күннен кейін басталады. Демек, күріш танаптың өте таза болғанын қалайды.

Дақылдың көктеуден кейінгі өсіп жетілуі 25-30 ˚Стемпературада өтеді. Ол суда бастырылыпы тұратындықтан, күннің 37-40˚С ыстығын жақсы көтереді.

Күріш температураның күрт ауытқуын нашар көтереді, ал 1˚С үсік оның барлық өсі кезеңдерінде зиянды болып келеді.

Дақыл суды көп қажет етуімен ерекшеленіп, үнемі суда бастырылып немесе ауық-ауық суарылып өсіріледі. Суырылмай жылдық жауын мөлшері 1000-2000 мм болатын елдер немесе аймақтарда ғана өсірілуі мүмкін. Транспирациялық коэффициенті 700-800.

Күріш дақылына қара және сазды топырақтар, суды жақсы ұстап тұратын органикалық заттарға бай өзен және өзен маңындағы аңғарлар топырақтары жақсы болып есептелінеді. Күрішке батпақтанған және де ұзақ уақыт су ұстап тұра алмайтын құм топырақтар жарамсыз. Оған ерітіндісінің реакциясы әлсізқышқылды топырақ (pH 5. 7) қолайлы, бірақ орташа тұзданған топырақтарда жаман өспейді.

Елімізде күріштің 16 сорты өсіріледі: Кубань 3, Маржан, Авангард, Солнечный, Лиман, Лазурный, Золотистый, УзРОС 7-13, УзРОС 59, Уш-Тобинский, Каракалпакстан және т. б. Соңғы жылдары оның Опытное, Арал 202 және Мадина атты сорттары аудандастырылды.

Жарық режимі. Күріш-жарық сүйгіш дақыл, күн сәулесінің инстенсивті болғанын талап етеді. Дақылдың өсу дәуірі кезінде ауаның салыстырмалы ылғалдылығы төмен -29-37%, ал ең аз мөлшері -10% -ке дейін төмендейді. Жаз айларында аспан бұлтсыз болып, ауа құрғақ әрі таза болады. Сондықтан да, күн сәулесі энергиясы ауа арқылы өткенде атмосферада қалып қоймайды, немесе шашырап ғарышқа кетпейді.

Өсімдіктердің күн сәулесі энергиясын қабылдап бойына сіңіру жапырақ көлеміне байланысты. Оптимальды тығыз егіске келіп түсетін қысқа толқынды радиацияның 60-90 процентін сіңіреді, 10-30% ауаға кетеді, ал тек 5-10% ғана егіс ағысынан өтіп, топыраққа сіңеді. Егістікке қабылданған күн сәулесі радиациясының 80-90% жапырақ арқылы қабылданады, ал қалған 10-20% сабақтар, гүлдер және өсімдіктің басқа да органдары арқылы қабылдап бойына сіңіреді. Сонымен күн сәулесі энергиясын көп мөлшерде қабылдайтын оптимальды жапырақ көлемі 55-75 мың м2/га. Бұл деңгейге күріш дақылының егістегі қалыңдығы бір шаршы метр жерде 250-380 өсімдік, немесе 520-650 масақты сабақ болғанда жетеді.

Егіс сирек болып, жапырақ көлемі аз болған жағдайда фотосинтетикалық активті радиацияны қабылдау мөлшері төмендейді, өйткені күн сәулесі радиациясы сирек өсімдіктер арасынан өтіп, суға, топыраққа сіңеді. Егістік өте қалың болған жағдайда өсімдіктердің бір-біріне көлеңкелеу және басқа да зинды әсері күшейе түседі. Аталған жағдайлардың бәрінде егістің дән өнімі төмендейді.

Температура режимі. Күріш - жылу сүйгіш дақыл. Арал өңірі жағдайында температура қосындысы ерте және орташа мерзімде пісетін сорттар өсіруге жеткілікті. Күріш өсімдігі өніп шыққан кезде және гүлдену кезінде температураға сезімтал, 0, 5-1 ˚С дақыл зақымданады.

Топырақтың үстіңгі қабатында температура +13-14˚С болғанда себуді бастауға болады. Осы температура төмен болса, тұқым баяу өніп өседі, көпшілігі шетінейді, немесе шықпай қалады, егіс сирек болады.

Тұқымның өніп шығуына ең қолайлы температура 22-26˚С. Осы температура жағдайында күріш көгі атыз суға бастырылғаннан кейін 10-12 күнде жаппай тебендеп шығады және шығымдылығы ең жоғары деңгейде болады.

Арал өңірі жағдайында күріштің өсіп дамуында керекті ең төмен, қолайлы және ең жоғарғы темепературалар.

Кесте 1

Өсіп - даму фазалары
Температура, + ˚С
Ең төмен
Қолайлы
Ең жоғарғы
Өсіп - даму фазалары: Тұқымның өнуі
Температура, + ˚С: 13-14
22-26
34-36
Өсіп - даму фазалары: Көктеп шыққанда
Температура, + ˚С: 15-16
24-26
34-36
Өсіп - даму фазалары: Түптену
Температура, + ˚С: 15-17
24-28
34-36
Өсіп - даму фазалары: Сабақтану
Температура, + ˚С: 16-18
19-24
34-36
Өсіп - даму фазалары: Масақтану -гүлдену
Температура, + ˚С: 18-20
24-28
34-36
Өсіп - даму фазалары: Дәннің сүттену және қамырлану кезі
Температура, + ˚С: 18-20
26-28
34-36
Өсіп - даму фазалары: Пісу кезеңі
Температура, + ˚С: 15-17
22-26
32-34

Сабақтану кезінде болашақ масақтағы дән түзіліп анықталады әрі бұл кезең температураға өте сезімтал. Осы кезеңде қолайлы температура 19-23˚С. Ол үшін су деңгейі 12-15 см дейін көтеру керек, сонда жоғары өнімді әрбір шаршы метр жерде 320-380 өсімдігі бар егістікте температураның қолайлы мөлшері 19-24˚С жетеді. Сирек және орта өнімді егісте су деңгейін 15-17 см-ге дейін уақытша көтеру керек.

Күріш масақтанып, гүлдену кезінде салқын немесе өте ыстық температура болса, ол өзінің зиянды әсерін тигізіп, ұшық дәндер санын көбейтеді, ал ең қолайлысы 24-28˚С. Сүттеніп қамырлану кезінде дән дұрыс толысып пісуі үшін оптимальды температура 26-28˚С.

Қазақстан - күріш өсіруші аудандардың ішіндегі ең солтүстік аймағы. Сондықтан, Арал өңірі жағдайында дақылды өсу дәуірінің ұзақтығы күріш өнімділігін шектеуші факторлардың бірі. Республикадағы күріш өсіруші аймақтың топырақ - климат, күн сәулесі радиациясы мен жылу ресурстарына бейімделіп, өсіп- жетілуіне байланысты сорттардың өнім құрау мерзімі төмендегідей.

Күріш сорттарын пісу мерзімне байланысты топтастыру

Кесте 2

Сорттар тобы
Күріштің өніп шыққан масақтану кезіне дейінгі күндер саны
Өсу дәуірі, күн есебімен

Дақылдың өсіп жетілуіне керекті жылу қосындысы

˚С

Сорттар тобы: Өте ерте пісетіндер
Күріштің өніп шыққан масақтану кезіне дейінгі күндер саны: >60
Өсу дәуірі, күн есебімен: >100
Дақылдың өсіп жетілуіне керекті жылу қосындысы˚С: >2500
Сорттар тобы: Ерте пісетіндер
Күріштің өніп шыққан масақтану кезіне дейінгі күндер саны: 61-70
Өсу дәуірі, күн есебімен: 101-110
Дақылдың өсіп жетілуіне керекті жылу қосындысы˚С: 2500-2750
Сорттар тобы: Орташа мерзімде пісетіндер
Күріштің өніп шыққан масақтану кезіне дейінгі күндер саны: 71-80
Өсу дәуірі, күн есебімен: 111-120
Дақылдың өсіп жетілуіне керекті жылу қосындысы˚С: 2750-2900
Сорттар тобы: Кеш пісетіндер
Күріштің өніп шыққан масақтану кезіне дейінгі күндер саны: 81-85
Өсу дәуірі, күн есебімен: 121-125
Дақылдың өсіп жетілуіне керекті жылу қосындысы˚С: 2900-3000
Сорттар тобы: Өте кеш пісетіндер
Күріштің өніп шыққан масақтану кезіне дейінгі күндер саны: 86-90
Өсу дәуірі, күн есебімен: 126-130
Дақылдың өсіп жетілуіне керекті жылу қосындысы˚С: 3000-3100

Суару режиміне талабы. Күріш суға бастырылған атыздарда өсетін гигрофиттік өсімдік. Атыздағы су өсімдіктің физиологиялық талабын орындаумен қатар егістіктегі микроклиматты өзгертіп реттейді: төменгі қабаттағы ауа ылғалдылығы жоғары болады, ал бұл күріш өсімдігінің транспирациясын азайтады. Сонымен бірге, тамыр жүйесінің жақсы өсіп дамуына әсер етіп, минералды элементтермен қоректенуін жақсартады. Топырақтың үстіңгі қабатында жинақталған тұздар суға еріп, фильтрацияланған сумен бірге төменгі қабаттарға, сосын дренаж арықтарына өтіп, күріш ауыспалы егісі танаптарынан сырт жаққа ағызып әкетіледі, яғни топырақ шайылып, тұздар мөлшері азаяды және де арамшөптермен күресуге қолайлы жағдай туындайды.

Күріш егісінің суару режимі себу әдісіне, тұқымның сіңіру тереңдігін, топырақтың тұздануы және фильтрациялық қасиеттеріне, егістіктің арамшөптермен ластануына байланысты белгіленеді. Қазақстанның оңтүстік жағдайында топырағы тұзданған атыздарды суға тұрақты бастыру, ал топырағы тұзданбаған атыздарда - қысқартылған суару режимі әдісі қолданылады.

Күріш дақылынан мол өнім алу үшін егістіктегі әрбір атыздарда оптимальды қалың (бір шаршы метр жерде 320-380) күріш көгін өсіру керек. Сырдария өзені суының құрамында минералды тұздардың көбеюіне және инженерлік жүйелерде топырақтың тұздануының күшеюіне байланысты күріш көгі тек су бастырылған атыздарда алынып жүр. Осыған әйкес, тұқымның өніп, күріш көгінің тамырланып нығаюына жағдай жасай отырып, егістікте күрмек пен шиін арамшөптер көгінің өсуіне жол бермеу керек.

Топыраққа және қоректену элементтеріне талабы. Арал өңірінің күріш өсіруші алқаптарының топырағы негізінен шөл далалық (сұр топырақты тақыр және тақыр тәріздес) және гидроморфтық (аллювиальды-шалғынды, шалғынды-батпақты, батпақты) түрлеріне жатады. Олардың ішіндегі құнарлысы - аллювиальды-шалғынды, шалғынды-батпақты топырақтар. Тұздану типі - хлоридті -сульфатты, бір мерт топырақ қабатындағы тұздар мөлшері құрғақ қалдық бойынша 0, 882-1, 816% және одан да жоғары. Жер асты суы тереңдігі 2-5 м. Топырақтың суды төмен өткізгіштік қасиеті өте төмен. Атыз топырағына сумен көп мөлшерде ерітінді тұздар келеді.

Әрбір күріш өсіруші аймақтарда аталған топырақ түрлерінің бәріде кездеседі және олардың табиғи құнарлығы төмен, құрылымы нашар, қара шірігі аз, карбонатты, құрамында калий көп, ал азот аз, фосфор орташа немесе одан төмен мөлшерде бар. Сондықтан азот және фосфор тыңайтқыштарын N 120-180 және Р90-120 кг\га әсерлә зат есебімен бірге беру күріш өнімін 2, 3-2, 5 есе, ал аталған тыңайтқыштар жеке-жеке берілгенде -0, 2-1, 5 есе, тек калий тыңайтқышы енгізілгенде -15-20% арттырады.

Жоғары өнім құрау үшін күріш топырақтан көп мөлшерде қоректік заттар алып бойына сіңіреді.

Азот-белоктар, нуклейн қышқылы, ферменттер, оның ішінде НАД және НАДФ, дәрумендер және басқада органикалық заттар құрамының негізгі компоненті. Сондықтан азоттың жеткілікті мөлшерде болуы фотосинтез процесін күшейтіп, дақылдың жылдам өсуіне және жоғары биомасса құрауына жағдай жасайды.

Күріш егісін азот тыңайтқышымен оптимальды мөлшерде қамтамасыз еткенде дақылдың сабақтарымен жапырақтары жақсы өседі, өсімдіктің түптенуі артып, масақты сабақтар саны көбейеді. Сондықтан, азот тыңайтқышы, суару және температуралық режимдермен қатар масақты сабақтар қалыңдығын және жоғары өнім құралуын реттейтін күшті факторлардың бірі. Осыған сәйкес өнім компоненттеріне әсер ету үшін азот тыңайтқышын себу алдында және үстеп қоректендіру ретінде беру керек.

Фосфор- өсімдікте заттар алмасу процесінде орталық роль атқарушы нуклейн қышқылдары, нуклеотидтер, фосфолипидтер, фитаминдер және басқа да органикалық заттар құрамына кіреді. Фосфордың топырақта аз болуы күріш даұылының жас кезінде сабақ және жапырақтардың, әсіресе тамыр жүйесінің өсуін тежейді. Бұл тыңайтқыштың оптимальды мөлшерде болуы дақылдың түптенуін арттырып, масақтағы дән санын көбейтеді.

Калий - протоплазма құрамының ылғалдылығын арттырып, қоюлану процесін тежейді. Калийдің көп бөлігі (70%) клеткада бос ион түрінде кездеседі, ал қалған бөлігі (30%) адсорбталған жағдайда болады. Калий өсімдіктегі көмірсулар қозғалысына және көмірсу - белок алмасу процесіне қолайлы әсер етеді.

Күріш дақылына азот, фосфор, калийден басқа макро және микроэлемент-терде қажет: олар кальций, кремний, темір, күкірт, мыс, молибден, марганец т. б. Бұлардың барлығы организмдегі ферменттер құамына кіріп, өсімдіктегі биохимиялық процесстерді реттейді. Микротыңайтқыштарды топыраққа енгізу немесе себу алдында тұқымды аталған микроэлементтер тұздары ерітіндісімен өңдеу тұқымның шығымдылығын арттырып, күріш көгінің қолайсыз жағдайларға төзімділігін арттырады, нәтижесінде өнім артады және сапасы жақсарады.

1. 3 Қызылорда облысында пайдалануға рұқсат етілген күріш

сорттарының сипаттамасы

Облысымыздың өсіретін негізгі дақылы күріштен тұрақты мол және сапалы өнім алe үшін тез арада өндіріске өнімді, сапалы және аурулар мен зиянкестерге төзімді жаңа сорттар мен ресурс және сe үнемдегіш технологияларды енгізy қажет.

Осы жағдайлар ескеріліп, қазақстандық селекционерлер облыстың қолайсыз ауа-райы мен тұзданған топырағы жағдайына бейімделген күріштің өте ерте және орташа мерзімде пісетін сорттарын шығарып мемлекеттік сорт сынауға берді. Олардың ішінде 2005-2007 жылдары «Арал 202», «Арy» және «Мадина» «Түгіскен 1», «Арал 4» сорттары облыста пайдалануға рұқсат етілген сорттар тізіміне енгізілсе, 2010-2014 жылдары жаңа инновациялық сорттар КазЕр-6, КазНИИР-5 сорттары енгізілді. Алайда, жаңадан аудандастырылған сорттардың тұқымы түрлі себептермен осы кезге дейін жеткілікті түрде өндірілмеуі салдарынан облысқа Ресей селекциясының жаңа сорттары әкелiнiп егілyде. Соңғы жылдары Қызылорда облысындағы күріш егісінің жалпы көлемі 80 мың гектар шамасында болса, оның 20 пайызын бұрыннан егіліп келе жатқан «Маржан», ал қалған көлемді жаңадан әкелінген Ресей селекциясының Янтарь, Лидер, АНаит, Диамант, Новатор, Фишт секілді сорттары алып отыр. Бұдан басқа сорттардың бірнешеyі облыстық МСС- учаскелерінде сынақтан өтуде. Ал қалғаны жаңадан әкеліні егіле бастады. Сондықтан олар туралы нақты пікір айтуға әлі ерте және ол сорттарды пайдалануды заңдастыру мәселесі толық шешімін тапқан жоқ. Осыған байланысты Ресей сорттарының жергілікті топырақ-климат жағдайындағы нақты өнімділігі, өнім сапасы, ауруларға төзімділігі жөнінде ғылыми негізделген мәліметтер алып, олардың ішінен неғұрлым тиімділерін таңдап алу үшін бұл сорттарды облысымызда аудандастырылған және жаңадан шфққан сорттармен салыстырып, агроэкологиялық сынақтан өткізілуде.

Күрішшілерде аса қызықтыратын сорттарға өте ерте мерзімде пісетін, өсіп-жетілу мерзімі 90-95 күн болатын «Ару» сорты жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық тұқымдастарының сипаттамасы, негізгі өкілдері және оның маңызы
Өсімдіктердің айналадағы ортамен байланысы
Сапалы тұқым дайындау жолдары
Мемелекеттік сорт сынау әдістері мен түрлері
Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыпталу
Гетерогенді және өзгермелі сұрыптау
Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыптау жайлы
Күздік бидай және қара бидай
Гетерогенді және өзгермелі ортадағы сұрыптау
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарының морфологиялық және биологиялық ажырату белгілері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz