Күміс мөнке балығының таралуы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 56 бет
Таңдаулыға:   

«Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо-биологиялық ерекшелігі»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Технология және биоресурстар факультетi

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

«Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо-биологиялық ерекшелігі»

Беттер саны

Сызбалар мен көрнектi материалдар саны

Орындаған : Баққожа Жарқын Мейржанұлы

2018 ж. «» қорғауға жiберiлдi

Кафедра меңгерушiсi, Лукбанов В. М.

Жетекшiсi: Альпейсов Ш. А.

Сарапшы

АЛМАТЫ 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ

Технология және биоресурстар факультетi

Мамандығы 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент: Баққожа Жарқын Мейржанұлы

Жұмыс тақырыбы: «Қапшағай суқоймасы мен Іле өзеніндегі мөңке балығының морфо-биологиялық ерекшелігі»

Университет бойынша 2018 ж "" № бұйрығымен бекiтiлген

Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж ""

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

1. Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық сипаты

2. Іле өзені мөңке балығының биологиялық сипаты

3. Қапшағай су қоймасы және Іле су көздері мөңке балықтары салыстырмалы биологиялық көрсеткіштері

Ұсынылатын негізгі әдебиет

1. Инновационные подходы в управлении рыбным хозяйством Казахстана. Окончательный проект отчета 25 июль, 2004г. 50 стр.

Рыбохозяйственные исследования РК история и современное состояние. Ред. Коллегия Ш. А. Альпеисов. Алматы: Бастау, 2005г.

2. Биологические основы функционирования водных экосистем главных рыбохозяйственных водоемов Казахстана и рекомендации по рациональному использованию их ресурсов. Раздел: Балхаш-Илийский бассейн, подраздел :Капчагайское водохранилеще:отчет о НИР (заключительный) . //КАЗНИИРХ Алматы, 1995, 45 стр.

3. Гидрологические и водохозяйственные аспекты Или -Балхашской проблемы, Под редакцией проф. А. А. Соколова, Л. Гидрометеоиздат, 1989г, 65 стр.

4. Бәйімбетов Ә. А Темірхан. С. Р Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша-орысша анықтауышы. Алматы, 1999ж, 200 бет

5. Бәйімбетов Ә. А. Ихтиологияның негіздері 1 бөлім Алматы, 2005ж. 180 бет.

6. Олжабекова К. Б., Есжанов Б. Е. Омыртқалылар зоологиясы 2 том. Алматы - 2007 ж. 368 бет.

7. Моисеев П. А. и др. Ихтиология и рыболовство. М., 1975г. 285 стр

8. Баклашова Т. А. Ихтиология. М., 1980г. 250 стр

9. Жизнь животных. 4. М., 1983 г.

Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарау: Әдебиетке шолу
Кеңесші: Альпейсов Ш. А.
Мерзімі: Қазан, 2017 ж
Қолы:
Тарау: Материалды зерттеу әдістері
Кеңесші: Альпейсов Ш. А.
Мерзімі: Қараша, 2017 ж
Қолы:
Тарау: Негізгі бөлім
Кеңесші: Альпейсов Ш. А.
Мерзімі: Желтоқсан, 2017 ж
Қолы:

Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.

Дипломдық жұмыс жетекшісі Альпейсов Ш. А.

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Баққожа Ж. М.

Дипломдық жобаны орындау

ГРАФИГІ

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
Рет саны: 1
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Кіріспе
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 2
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Әдебиетке шолу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қазан, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 3
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Зерттеу әдістері мен материалдары
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 4
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қазақ балық шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтына сипаттама
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 5
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық сипаты
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 6
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Іле өзені мөңке балығының биологиялық сипаты
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 7
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қапшағай су қоймасы және Іле су көздері мөңке балықтары салыстырмалы биологиялық көрсеткіштері
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қаңтар, 2018 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 8
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қорытынды
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Ақпан, 2018 ж
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 9
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Пайдаланған әдебиеттер
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Наурыз, 2018 ж
Ескертулер: Орындалды

Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.

Дипломдық жұмыс жетекшісі Альпейсов Ш. А.

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Баққожа Ж. М.

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
7
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: АНЫҚТАМАЛАР
7: 8
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
7: 10
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: КІРІСПЕ
7: 11
: 1.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
7: 13
: 1. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Қапшағай су қоймасының физико - географиялық сипаттамасы
7: 13
: 1. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Мөңке балығының систематикалық орыны және биологиялық сипаттамасы
7: 17
: 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: НЕГІЗГІ БӨЛІМ
7: 30
: 2. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Зерттеу материалы және әдістері
7: 30
: 2. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Жиналынған матеиралдарды өңдеуге қолданылған әдістемелер
7: 30
: 2. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Балықтарды биологиялық талдау әдісі
7: 31
: 2. 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Жыныстық жетілуі кезеңдерін анықтау әдісі
7: 33
: 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ЗЕРТТЕУ НӘТИЖЕЛЕРІ МЕН ТАЛҚЫЛАУЛАР
7: 38
: 3. 1
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Қазақ балық шаруашылығы ғылыми - зерттеу институтына сипаттама
7: 38
: 3. 2
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық сипаты
7: 44
: 3. 3
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Іле өзені мөңке балығының биологиялық сипаты
7: 48
: 3. 4
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: Қапшағай су қоймасы және Іле су көздері мөңке балықтары салыстырмалы биологиялық көрсеткіштері
7: 50
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ҚОРЫТЫНДЫ
7: 52
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ПРАКТИКАЛЫҚ ҰСЫНЫСТАР
7: 53
:
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
7: 54

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

ГОСТ 7. 1 - 2003. «Библиографическая запись. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила составления».

ГОСТ 7. 32 - 2001. «Отчет о научно - исследовательской работе. Структура и правила оформления»

ГОСТ 50 380 -92 Рыбы и рыбопродукты. Термины и определения

ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса.

ГОСТ Р 51497-89 Рыба, ракообразные и каракатица. Размерные категории

АНЫҚТАМАЛАР

Осы диплом жұмысында қолданған терминдердің төмендегідей анықтамалары бар:

Ювинальді - жыныстық жағынан жетілмеген дарақтар;

Литофильдер - уылдырығын тасқа шашатын балықтар;

Фитофильдер - уылдырығын су өсімдіктеріне шашатын балықтар;

Пелагофильдер - уылдырығын су қабатына шашатын балықтар;

Кәсіптік қор - балық шаруашылығы Ережесімен бекітілген немесе өлшемдері кәсіптік болып саналатын балықтар популяциясының бөлігін айтамыз;

Кәсіптік аулау - белгіленген бір уақыт кезеңінде қолданылатын аулау құралдарының жалпы саны;

Толысу - балықтар популяциясының өсуі, яғни кіші жастағы топтардың өсу нәтижесінде популяцияның кәсіптік бөлігін құрауы.

Уылдырық шашу - балықтардың қоректену немесе қыстау аймағынан уылдырық шашатын жерге көшуі.

Шабақ - барлық денесі қабыршақпен қапталған, сыртқы пішін бойынша балыққа ұқсас.

Популяция - белгілі бір аймақта мекендейтін, белгілі аймақта уылдырық шашып, қыстайтын, бір түрге жататын түрлі балық топтарын белгілейтин термин.

Фитопланктон - су қабатының төменгі сатысындағы бір клеткалы балдырлар мен бактериялар.

Мутация - организмдердің кенеттен өзгеріске ұшырауы.

Фультон - толық салмағы бойынша қондылық коэффициенті.

Кларк - іш құрлыссыз салмағы бойынша коэффициент қондылығы.

Планктон - су қабатын мекен ететін гидробинттар.

Дернәсіл - аралас қорекке көшу уақытына қабыршақтың тастамасы салынғанға дейінгі уақыт.

Ихтиология - балықтар жайындағы ілім.

Бентофак - бентоспен қоректенетін организм.

Биологиялық мелиорация - ихтиофаунадағы түрлік құрамының жоғарлауы үшін жүргізілетін шаралар; маңызссыз балықтарды аулау; кәсіптік және бағалы балықтардың тіршілік жағдайына қолайлы орта туғызу; жыртқыш және өсімдікқоректі балықтарды суқоймаға жерсіндіру.

Аккилиматизация - белгілі бір түрмен олардын ұрпақтарын жаңа бір ортаға жерсіндіру.

Кәсіптік қарқындылық - бір аудан көлеміне шаққандағы кәсіптік жағдайдың тиімділігі.

Кәсіптік жағдай - белгілі бір уақыт ішіндегі қолданылған аулау құралдары ның жалпы саны. Бір бірліктегі аулау күші - кәсіптік улов, приходящийся на единицу промыслового усилия.

Толықтыру - жас балықтардың келуі есебінен популяцияның кәсіптік бөлігінің артуы.

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

м - метр

мм - миллиметр

см - сантиметр

кг - килограмм

г - грамм

т - тонна

км 2 - 1 километр квадрат

км 3 - 1 километр куб

м/с - метр секунд

ж. - жыл

% - пайыз

♀- аналық

♂- аталық

Q - балықтардың толық салмағы;

q - балықтардың іш құрлыссыз салмағы;

L - балықтардың толық ұзындығы;

l - құйрық қанатсыз ұзындығы;

min - минимум;

mak - максимум;

Juv - ювинал;

т. б - тағы басқа;

т. с. с - тағы сол сияқты;

стад - стадиясы;

корек - ішіндегі қорек мөлшері;

АИТ - абсолютты индивидуальді тұқымдылық;

СЭС - Су электр станциясы;

l орт. орташа ұзындығы

БС - беткі су

МШЖ - мөлшерлік шектік жинақталуы

КІРІСПЕ

Тақырыбтың өзектілігі. Күміс мөңке балығы Garassius auratus Қазақстан су айдындарында таралған балықтар түрінің бірі болып, басқа түрлерімен салыстырғанда ең қолайсыз ортаға шыдамды, маниторингтік түр талабына сәйкес дене өлшемі жеткілікті және судың экожүйесінде улы заттардың әсерін бағалауға арналған перспективті объект болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты Қапшағай су қоймасы мөңке балығының биологиялық ерекшеліктерін және морфометриялық көрсеткіштерін зерттеу. Менің «Мөңке балығының морфо - биологиялық ерекшеліктері» тақырыбындағы дипломдық жұмыстың мақсатына сай зерттеу жұмыстарын атқару үшін төмендегідей міндеттер қойылды:

Қапшағай су қоймасындағы мөңке балығының биологиялық және морфологиялық талдау жүргізу арқылы ерекшеліктерін зерттеу және басқа бағалы кәсіптік балықтарға бәсекелестік маңызына тоқталу, әдебиетке шолу.

Адамзат балықты басқа объектілермен бірге ерте заманнан бері маңызды тамақтық зат есебінде пайдаланып келеді. Балықтардың табиғаттағы маңызы ерекше себебі, жер жүзіндегі 43 мыңдай омыртқалылардың 50 % шамасын құрайтын балықтар. Планетамыздың 2/3 бөлігін алып жатқан судағы өсімдіктер мен басқа организмдер жинаған энергия қорын өңдеуде балықтардың орны бөлек. Қоректік спекторының әртүрлілігінен барлық қоректік тізбектерге әсер етеді. Балықтар судағы және құрлықтағы көптеген жануарлардың қоректік қоры.

Балық еті белоктардың тез қорытылатын 16-21%-нан тұрады, ол биологиялық құндылығы бойынша жылықанды жануарлар етінен бірқатар артық болып табылады. Негізгі қоректік заттардың құрамы алмастырылмайтын амин қышқылдарының, минералдық заттардың және қанықпаған май қышқылдарының болуымен және жеңіл қорытылуы мен жақсы сіңірілуіне байланысты, балық етін диеталық тағамға жатқызуға болады.

Балықтардың жекелеген түрлеріне қарай майдың құрамы түрлі болады. Ең азы шортанда - 0, 5, -1%, ең көбі жылан балықта - 32 %. Тұқы балығында өсірілу жағдайына байланысты 2 жастығында орташа 9-11%.

Витаминдердің құрамы бойынша, С витаминінен басқасынан балық жемістер мен көкеністерден асып түседі. Осылайша, тұқы етінде А витамині (каротин) лимонға қарағанда 2 есе, В 1 - витамині 3, 5 есе, В 2 - витамині 6, 5 есе және 15 есе РР витамині артық.

Балықтардың маңыздылығы тек оның тағамдық құндылықтарымен ғана шектеліп қоймайды. Балық өнеркәсібі 600 мың тоннадай балық ұнын шығарады, ол көптеген ауыл шаруашылық жануарларының рационында алмастырылмайтын компонент б. т. Балықтардың және ауыл шаруашылық жануарларының рационындағы компонентердің бірі балық ұнын, желім өндіретін тағы басқа жағынан маңызды балықтардың бірі мөңке болып табылады.

Күміс мөңке Қапшағай су қоймасына жерсіндірілген. Мөңке балығы өте ұзақ өмір сүретін балық, ол тез су айдындарына бейімделген және ұзақ уақыт сусыз өмір сүре алады. Осындай жағдайда мөңке балығы суққа шыдамды. Суық кезде суда мұз болып қатып, бірақ күн қалай жыли бастағанда оның мұзы ерігенде қайтадан тіріледі.

Дипломдық жұмыстың базасы Алматы облысы Қапшағай су қоймасы және Іле өзені болып табылады.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1. 1 Қапшағай су қоймасының физико - географиялық сипаттамасы

Қапшағай суқоймасы Қазақстан суқоймаларының ішінде балық шаруашылығы жағынан ірі су қоймалардың бірі болып табылады. Суқойма Іле жазығының батыс бөлігінде орналасқан. Қапшағай суқоймасының негізгі саласы болып Іле өзені табылады, сонымен қатар оны Шелек, Қаскелең, Кіші Алматы, Көтентай, Саз - Талғар, Есік, Қараөзек, Қарасу, Лавар, Терең - Қара, Ақтоған және Шеңгелді секілді кіші өзендер толықтырады. Ілі өзенінің су жинағыш ауданы 130 км 2 асады. Іле өзені өзінің бастауларын Теріскей-Алатау тауларынан алады. Қапшағай суқоймасы Іле өзенінің орта ағысында, Алматы облысының территориясында салынған [36, 37] .

Қапшағай суқоймасын толтыру жұмыстары 1970 жылдары басталған. Жобалық сипаттамалары: ауданы 1850 км 2 , көлемі 28, 14 км 3 , ұзындығы 180 км, ені 22 км, орташа тереңдігі 15, 2 м, ең терең жері - 45 м.

Суқойманы салудағы мақсат - су жүйесінің көп жылдық реттелуі. Негізінен энергетикаға және балық шаруашылығын дамыту үшін, жерлерді суғару мақсатында пайдаланылады. Қапшағай суқоймасының деңгейі негізінен Іле өзенінен келер судың мөлшерімен және ГЭС - тен судың тасталуымен тікелей байланысты. Қапшағай суқоймасының оң жақ жағалауы өзіне тән айтарлықтай терең және күшті желді құбылыстармен сипатталады.

Қапшағай суқоймасының сол жақ жағалауы тегісті және таязды болып келеді. Бұл суқойма деңгейiнiң өзгеру кезіндегі жағалау сызығының құбылмалдылығын көрсетеді. Сол жағалаудағы судың лайлы болуыда осыған байланысты [37, 38, 39] .

Суқойманың жоғарғы бөлігі жағалау сызығымен соғатын қатты желдермен сипатталады. Бұл жерлерде жыл бойына желді күндер көп болады. Сондықтанда қысты күндері бұл аймақтарда мұз басуы тұрақсыз болып келеді. Бұл жерлерде термоклин құбылысының болмауыда осы қатты желдердің арқасында су қабатында үлкен толқын туғызып судың тез араласуында болып отыр. Іле өзенінің әсері құярлық аймағынан алыстаған сайын, су желiсiнде тұнба бөлшектерімен жетіліп отырады. Жалпы суқойманың жоғарғы бөлігіне судың жоғары лайлылығы және салыстырмалы түрде таязды тереңдіктер тән болып табылады [44] .

Суқойманың гидрологиялық режимінің кәсіптік балық қорына, басқа гидробионттардың қалыптасуына маңызы зор және олардың өмірлерінің барлық кезеңдеріне әсерін тигізеді. Ол суқойманың қоректік қорымен, балық қорыменен, балықтың өрістеу, қоректену, тіршілік ету ортасымен тығыз байланысты.

Су деңгейіне байланысты көктемгі (күзгі) өрістеуі, балық қорын көбейтудің ең тиімді фактордың бірі болып табылады.

Балықтардың көктемдік өрістеуі мұз ерігеннен кейін бірден басталады.

Уылдырық шашуға өрістеуді кәсіптік балықтардың ішінде бірінші болып торта бастайды, суқойманың сол жақ жағалауындағы таяз суларда, сондай-ақ, суқойманың құярлығында көптеп жинақталады. Су температурасы 8-9 °С - қа көтерілгеннен бастап уылдырық шашуы басталады.

Суқойманың таяз суларына және өзен сағаларына уылдырық шашуға тортадан кейін көксерке өрістейді. Оның уылдырық шашуы сәуір айының басы мен ортасында жүреді. Бақылаудағы аулауда сәуір айының үшінші декадасында көксерке тегістей уылдырық шашып болды.

Сәуір айының ортасынан бастап тыранның уылдырық шашуы басталады, көп бөлігі суқойманың жағалауына шашады, ал аз бөлігі Іле өзенімен көтеріле отырып жағалаудағы көлшіктерде шашады. Алдыңғы түрлерден ерекшелігі тыран уылдырықты бөліп шашатын түрлерге тән шашу кезеңі 1, 5 айға созылады. Сәуір айының үшінші декадасының басында-ақ уылдырықтың алғашқы үлесін шашқан ірі балықтар кездеседі, жалпы тыран балығының көпшілігі уылдырықты мамыр айында шашады. Сонымен қатар, бақылаудағы аулауда маусым айының бірінші декадасында уылдырығын шашпаған кейбір балықтар да кездеседі.

Көрсетілген түрлерден ерекше, өсімдікпен қоректенетін балықтар - дөңмаңдай мен ақ амур уылдырығын су қабатында, уылдырығының дамуы жүретін су ағысына шашады. Осы жылы дөңмаңдайдың уылдырық шашуға өрістеуі сәуір айының алғашқы декадасында басталды, өрістеудің қарқындылығы арта бастады да мамырдың соңына қарай өз шегіне жетті, содан кейін қарқындылығы ақырындап төмендей түсті.

Ақ амурдың алғашқы уылдырық шашуы сәуір айының соңы - мамыр айының басында жүреді. Уылдырық шашуға қарқындылығы мамыр айының екінші-үшінші декадасында жүреді. Маусым айының алғашқы декадасында амурдың уылдырық шашу қарқындылығы төмендеп, уылдырықты аналықтар аз кездесті.

Іле өзенінде және оның басты тарамдарында, яғни, уылдырық шашатын құярлықтары мен өзеннің көлшіктерінде дөңмаңдаймен бірге жайынның да өрістеуі басталады. Бастапқыда жынысқа жетілген, салмағы 3, 5 - 4, 0 және 5 - 6 кг болатын ұсақ және орташа көлемдегі балықтар өрістей бастайды. Өрістеу қарқынды бола бастаған мамыр айының басы мен ортасында орташа көлемдегі балықтар (12-15 кг), сосын одан да ірі, салмағы 40-50 және сирек 80 кг балықтар өрістейді. Уылдырық шашушы және шашып жатқан аналықтар мамыр айының ортасында байқалды, ал мамыр айының соңына қарай жайынның уылдырық шашуы толықтай аяқталады.

Биылғы жылы сазанның уылдырық шашуға өрістеуі сәуір айының үшінші декадасында басталды. Уылдырық шашушы үйірде әртүрлі жастағы балықтар және салмақтары 8-9 кг ға жететін ірі балықтар да кездеседі. Өрістеудің шарықтау шегі мамыр айының ортасында болды, ал айдың аяғында уылдырық шашуы толықтай аяқталды. Бұл уақытта сазанның басым бөлігі уылдырық шашып болды.

Сазан мен жайынның көбеюіне Іле өзенінің құярлықтары мен көлшіктерінің маңызы зор. Сәуір айының аяғы мен мамыр айында суқойма суының деңгейі көтеріліп, жағалаудағы таяз суларда шөптесін, жұмсақ су өсімдіктері көктеп шығып үлгіреді. Бұл ауданда осындай алаңдардың аудандары биылғы жылғы жобалау бойынша 8-10 мың гектарға жетеді. Бұл аудандарда осы айтылған балық түрлерінің уылдырық шашуы қарқынды өтті. Алдыңғы жылдардағыдай балықтардың уылдырық шашуға өрістеуіне суқойманың және Іле өзенінің гидрологиялық режимінің маңызы зор болды.

Суқойманың төменгі жағы басқа желді режиммен сипатталады. Бұл жерде жел әр-түрлі бағытта соғады. Жыл бойына желді күндер саны аз. Қыстың суық күндері суда жақсы мұз қабаты болуы мүмкін. Жазда және қыста әр мезгілдің өзіне тән термоклині болады. Су мөлдірлігі бұл аймақтарда жоғарғыға қарағанда әлде - қайда жоғары болып келеді. Суқойманың төменгі бөлігінде макрозообентостың дамуы өте қарқынды.

Айтылған суқойманың ерекшеліктеріне байланысты су аймақтарында сынама алу станциялары белгіленген.

Соленный көлі ауданындағы станциялар Іле өзені және суқойманың құярлық аймағына жақын болғандықтан солардан туындайтын гидрологиялық жағдаймен сипатталады. Суқойманың бұл аймағы таязды сулы және күшті желдер судың лайлы болуына әкеп соғады. Сонымен қатар бұл аудандарда Іле өзеніне уылдырық шашу алды өрістеу үшін балықтар жиналады.

9 насосты станциясы судың лайлылығы мен күшті желдері бойынша Соленный көліне ұқсас болып келеді, бірақ терң жерлерімен өзен ағысының әсерімен ерекшеленеді.

«Қарашеңгел» шаруашылығындағы станция алдыңғылардан судың мөлдірлігімен және желдің аз әсерімен ерекшеленеді. Сонымен қатар Соленный көліне қарағанда бұл жерде тереңдіктер жоғары болып келеді. Есік өзеніннің сағасындағы станция «Қарашеңгел» шаруашылығындағы станцияданда тереңірек болып сипатталады. Оған қоса бұл жерде балықтардың өрістеуге жиналуы байқалмайды.

Қаскелең шығанағында орналасқан станция Қаскелең өзенінің әсерінен гидрологиялық жағынан басқалаға қарағанда ерекшеленеді. Сонымен қатар суқойманың бұл аймағы өзге іргелес жатқан аймақтарға ұқсамайтын жағалау сызығының айтарлықтай ойдым-ойдым болып сипатталады. Оң жақ жағалауда орналасқан ІІМ демалу аймағындағы станция суқойманың ең терең аудандарында орын тепкен (тереңдігі 35-40 м дейін) .

Шеңгелді аралындағы станцияда суқойманың терең (30 м дейін) аудандарында ораналасқан. Бірақ бұл аудандарда оң жақ жағалауларға тән емес жағалық сызықтары ойдым-ойдым болып келеді.

5 насосты аймақта орналасқан станция оң жақ жағалалуларға тән су тереңдігімен (су тереңдігі 22 м дейін), судың жоғары мөлдірлігімен және толқынды желдермен сипатталады [36, 37, 38, 39, 40] .

Зерттеулер кезінде тереңдіктер 34, 0-4, 6 м болды, су тұнықтығы 300-400 см. Көктемгі кезеңде ауа температурасына байланысты су температурасының жылынуы 13, 4-20, 0 ºС құрады. Су ортасының реакциясы әлсіз сілтілі, сутегі көрсеткішінің шамасы (рН) 8, 54-8, 70. Газ режимі 2010-2011 жж. деректеріне қарағанда бірқалыпты және тиімді. Көміртегінің қостотығы тіркелген жоқ. Суға еріген оттегінің мөлшері 8, 97-11, 80 мгО 2 /дм 3 аралығында болды. Органикалық заттардың мөлшері жоғары емес, перманганатты тотығу 2, 7 мгО/дм 3 құрады.

Биогенді элементтердің мөлшері фитопланктон мен жоғары су өсімдіктерінің дамуына жеткілікті деңгейде. Жыларалық тұрғыда 2011 ж. қарағанда минералды еріген фосфордың жоғарылағаны байқалады [44, 45] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мөңке балығы
Кәдімгі тарақ балық
Қазақстан суқоймаларындағы (балқаш көлі, алакөл көлдеріндегі) балықтардың гельминтоз ауруларын зерттеу
Қапшағай су қоймасындағы бозша мөңке (carassius auratus) балығының биологиясы
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы
Шардара суқоймасындағы сазан (Сyprinus carpio aralensis) балығының морфологиясы
Антропогенді әсерлердің негізгі көзі
Тұқымдық балықтарды дайындау
Қапшағай суқоймасындағы кейбір бөгде балықтардың таралуы
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz