Сақтандырғыштар және релелердің қазіргі жағдайы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Қазақстандық білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістінгіне интеграциялау мәселесі біртіндеп шешімін тауып келеді.

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мақсат-міндеттерінде төмендегі мәселелер баса айтылады:

«Экономиканың орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қол жетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәскеге қабілеттілігін арттыру;

Білім беру қызметіне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру;

Педагог мамандығының беделін көтеру;

Білім беруді басқарудың мемлекеттік-қоғамдық жүйесін қалыптастыру;

Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету» [1] .

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты - ел экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Орындалуға тиісті бағдарламалық мақсаттардың ішіндегі техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін жаңғыртуға қол жеткізу, педагог мамандығының беделін көтеру, «E-learning» электрондық және ақпараттық оқытуды (сандық білім беру ресурстары) енгізу мәселелері де шешімін табуда.

Жұмыстың мақсаты:

Кәсіби мектептегі оқу-тәрбие жұмысының барысында сабақтарды, соның ішіндегі Электротехника пәнінің "Сақтандырғыштар, реле" сандық білім беру ресурсын жасау. Оқушыларға жаңа технологияны пайдаланып сонымен қатар сандық білім беру ресурсын сабақта қолдану арқылы сабақтың жоғары нәтижесіне жету.

Жұмыстың міндеттері:

1. Тақырып бойынша теориялық білімдердің оқу құжаттарын жасау

2. Тақырып бойынша сабақ жоспарының күнтізбелік тақырыптық жоспарын

3. «Сақтандырғыштар, реле» тақырыбы бойынша сабақ жоспары

5. Сабақты өткізу әдістемесін жасау

6. Пәнаралық байланыс картасын жасау

Дипломдық жұмыстың нысаны:

Жоғарыда атап өткен келтірілген мәліметтерге сай болашақ электр мамандарын даярлайтын кәсіптік оқыту педагогы ретінде Қазақстанда білім беруді реформалау жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын, экономика мен әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның тұрақты экономикалық өрлеуі маңызды өзгерістерді, сондай-ақ техникалық және қызмет көрсету салалары мамандарына сұраныстың табиғи өсуін туғызды.

Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың көбеюіне аса көңіл аударып отыр.

Сондықтан да, бүгінгі күнде жоғары білімді кәсіптік білім беру маманы ретінде менің алдымда біліктілігі жоғары, әлеммен бірге адымдай алатын және де, қоғам сұраныстарын қамтамасыз ете алатын электр маманын даярлау. Бұл мақсатты сандық білім беру ресурстарын қолдану арқылы жоғары нәтижеге жетуге болады деген үміттемін.

1 Кәсіби білім беру жүйесіндегі «Түлкібас агробизнес және туризм» колледжінің оқу өндірістік қызметінің қысқаша сипаттамасы және дипломдық жұмыс тақырыбын негіздеу

1. 1Кәсіби білім беру жүйесіндегі «Түлкібас агробизнес және саяхат» колледжінің оқу-өндірістік қызметінің қысқаша сипаттамасы

1963 жылы Қазақстан Коммунистік паритясы Орталық коммитетінің және Министр кеңесінің 19-шы шілдедегі № 571 қаулысына сәйкес Қаз ССР ауыл шаруашылық Министрлігінің № 164 бұйрығы бойынша, ауыл шаруашылығы училищесінің негізінде «Ванновка ауыл шаруашылығын механикаландыру» техникумы құрылды.

Техникум құрамында үш бөлім ашылды: «Ауыл шаруашылығын механикаландыру», «Гидромелиориация», «Гидромелиоративтік жұмыстарын механикаландыру».

1966 жылы техникум ауыл шаруашылығы Министрлігінің ҚазКСР мелиориация және су шаруашылығы Министрлігіне берілуіне байланысты «Ванновка гидромелиоративтік техникумы» болып қайта құрылды.

Ал 1989 жылы 10 сәуіріндегі ҚазКСР Министрлер Кеңесінің № 123 қаулысына байланысты техникум мемлекеттік агроөнеркәсіп қарамағына берілді де, ҚазКСР мемлекеттік агроөнеркәсібінің 1990 жылы 3 шілдеде № 234 бұйрығы бойынша «Ванновка агроөнеркәсіп техникумы» деп аталды.

47 жылдық тарихы бар Түлкібас агробизнес және саяхат колледжі ҚР білім стандарттары талаптарына сай жаңа үлгідегі орта кәсіптік білім беретін оқу орны. Мемлекеттік АА сериялы № 291 лицензиясы шектеусіз қызмет ету мерзіміне берілген. 2005 жылдың 26 қазанында ҚР Мемлекеттік аттестациялау комиссиясымен аттестациядан өтті.

Сурет 1 «Түлкібас агробизнес және саяхат» колледжі

Колледждің материалдық-техникалық базасы: Жалпы ауданы 3187, 80 м2, оқу ғимаратының құрылысына өзгерістер енгізіліп, толық жөндеуден өткізілген. Оқу ғимаратында толығымен стендтермен жабдықталған 29 пәндік кабинеттер, аумағы 70 м 2 акт залы 46 оқыту машинасы бар 3 компьютерлік сыныпн, екі интерактивті тақта және мультимедиялық кабинет бар. Барлық компьютерлер университеттің ішкі интернет жүйесіне қосылған. Өзінің жеке логин мен паролі бар кез келген оқытушы мен оқушы университеттің электронды ресурстары бар сайтына және оқытушылардың жеке парағына кіруге мүмкіндік алады. Бұл жерде тек қана информатика пәні бойынша ғана емес, АКТ қолданған барлық пәндер енгізілген. Барлық аудиториялар қажетті құрал-жабдықтармен, қажетті жиһазбен жабдықталған. 2003 жылы оқу сапасын жақсарту мақсатында тілдерді оқытуға байланысты лингафон кабинеті және оқу жоспарына сәйкес жеке оқу пәндері бойынша оқу кабинеттері қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілді. Қаз Ғимаратта медициналық кабинет, оқу залы және асхана орналасқан Колледж мамандықтары Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінде «Кәсіптік даярлау» негізінде даярланатын мамандықтар мыналар 1 кестеде берілген:

Кесте 1

Колледж мамандықтары тізімі

р/с
Оқытылатын мамандықтар
р/с: 1
Оқытылатын мамандықтар:

0705002 - Есеп және аудит (сала бойынша)

0712002 -Менеджмент

р/с: 2
Оқытылатын мамандықтар:

3005002 Тасымалдауды ұйымдастыру және көлік қозғалысын басқару

4238002-Жеміс-жидектерді сақтау және өңдеу

р/с: 3
Оқытылатын мамандықтар: 4402002 -Ауыл шаруашылық өндірісін механикаландыру және автоматтандыру
р/с: 4
Оқытылатын мамандықтар: 0911000 - Электроэнергетика және радиоэлектроника
р/с: 5
Оқытылатын мамандықтар: 0503000 -Туризм
р/с: 6
Оқытылатын мамандықтар: 6501782 - Агрономия
р/с: 7
Оқытылатын мамандықтар: 4308005 - Гидромелиориация
р/с: 8
Оқытылатын мамандықтар: 4300800 - Гидромелиоративтік жұмыстарын механикаландыру

Мамандықтың жалпы сипаттамасы

0911000 - «Электроэнергетика және радиоэлектроника»,

«Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электр механикалық жабдығына техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандандыруы үшін электромеханиктің кәсіптік қызметінің объектілері:

-өндірістік агрегаттардың, станоктардың және өндірістік механизмдердің электр жетегінің электржабдығы

-өнеркәсіптік және азаматтық ғимараттардың электржабдығы;

-жалпы өнеркәсіптік механизмдердің электржабдығы;

-жарықтандыру электр қондырғылары;

-кәсіпорын цехтарын ішкі электрмен жабдықтаудың электр берілісінің ауа және кабель желілері;

-тарататын трансформаторлық қосалқы станциялардың, трансформаторлық пукттердің жабдығы;

«Кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электр механикалық жабдығын техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу» мамандандыруы үшін электромеханиктің кәсіптік қызметінің түрлері:

-кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электр механикалық жабдықты техникалық пайдалануды, қызмет көрсетуді және жөндеуді ұйымдастыру;

-кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттардың электрлік және электр механикалық жабдығын, электр өлшеу аспаптарына, релелік қорғаныс құралдарына техникалық қызмет көрсету, жөндеу және баптау;

-кәсіпорындар мен азаматтық ғимараттарды электрмен қамсыздандыру тораптарын, электржетегінің жүйесін жобалау және құралымдық дайындау;

-өнеркәсіптік кәсіпорындардың электрлік және электр механикалық

жабдығына қызмет көрсету;

-жабдықты, механизмдерді, машиналарды және қозғалтқыштарды жөндеу;

-жарықтандыру арматурасы үшін кабельдерді, кронштейндерді, қорғаныс қаптаманы орнату конструкцияларын, тор қоршауларды және т. т бекіту;

-жоғары вольтты жабдықты, приборлар мен өлшеу аппараттарынорнату;

-траншеяларда, каналдарда, тоннельдерде және ғимарат ішінде кабельдерді төсеу;

-жерлендіру және нөлдеу қүрылғыларының тораптарын монтаждау;

-кабельдер мен сымдар үшін жарықтандыру қораптарын орнату;

-жарықтандыру сымдарын төсеу;

Білім алушылардың даярлық деңгейіне қойылатын талаптар

Оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушыларды даярлау деңгейіне қойылатын талаптар:

-толық оқу-тәрбие үрдісі барысында қалыптасатын маманның

біліктілігінің деңгейіне сәйкес базалық құзыретті меңгеру керек:

1. Өзінің болашақ мамандығының мәні мен әлеуметтік маңызын түсіну, оған тұрақты қызығушылық таныту;

2. Кәсіптік жағдайда жүйелі әрекет етуге, өз қызметін талдау мен жобалауға, белгісіздік жағдайында өз бетімен әрекет етуге қабілетті болу;

3. Орындайтын жұмысқа жауапкершілік танытуға дайын болу, кәсіптік іс-әрекет саласында проблемаларды өз бетімен және тиімді шешу;

4. Әртүрлі ұйымдастыру-құқықтық нысандарын ұйымдастыруда кәсіптік міндеттерді шешу бойынша практикалық іс-әрекетке қабілетті болу; кәсіптік лексиканы меңгеру;

5. Өз еңбегін ғылыми ұйымдастыруға қабілетті болу, кәсіптік іс-әрекет саласында компьютерлік техниканы қолдана білу;

6. Әріптестермен өзара жақсы қарым-қатынас пен ынтымақтастыққа дайын болу

7. Тұрақты кәсіптік өсуге, жаңа білім алуға дайын болу;

8. Өзін-өзі жетілдіруге (өзін-өзі тануға, өзін-өзі бақылауға, өзін-өзі бағалауға, өзін-өзі реттеуге) талпыну; өзін-өзі творчестволық жетілдіруге талпыну;

9. Кәсіпкерлік қызмет негіздерін және кәсіптік салада кәсіпкерлік ерекшеліктерін білу;

10. Ақпарат көздерін өз бетімен іздеу және анықтау негізінде практикалық міндеттерді шешу.

Кәсіптік іс-әрекеттің негізгі түрлеріне сәйкес келетін базалық құзыретті меңгеру керек:

1. Электржетектің механикалық бөлігінің есептік сұлбаларын құру;

2. Электржетегінің электрлік және электр механикалық параметрлерін есептеу;

3. Әр текті жүмыс машиналары үшін электрқозғалтқыштың қуатын есептеу және таңдау;

4. Электр тораптарын, қосалқы станциялардың және тарату пункттерін есептік электрлік параметрлері бойынша таңдау;

5. Электр энергиясын қабылдауыштарды жіктеуді; электр жүктемелерінің графигі мен картограммасын орындау; 1000В дейін және одан жоғары жүктемелерді есептеу; қосалқы станцияларда трансформатор қуаты мен санын таңдау;

6. Өндірістік кәсіпорын мен азаматтық ғимараттардың электрмен қамсыздандыру тораптары үшін қорғаныс пен электравтоматикасын таңдау;

7. Кәсіпорын мен оның құрылымдық бөлімшелері үшін электр энергиясын есепке алу жүйелерін таңдау;

8. Электр энергиясын есепке алудың қазіргі техникалық қүралдарын өндірістік іс-әрекетте пайдалану;

9. Электр қондырғыларында жұмыс жасаудың қауіпсіз жағдайларын ұйымдастыру;

10. Өндірістік жарақаттану себептерін талдау;

11. Жұмыс жобаларының технико-экономикалық негіздемелері мен сметалық құжаттамасын құру үшін экономикалық есептер орындау.

К әсіптік іс-әрекетінің негізгі түрлеріне сәйкес арнайы құзыретті меңгеру керек:

1. Слесарлық, токарлық және фрезерлік станоктарда жұмыс істеу;

2. Бақылау-өлшеу аспаптарын; слесарлық жұмыстарды атқаруда қолданылатын құралдарды пайдалану; металдарды шабуды, кесуді, түзеуді, қалайылауды, бұрғылауды, электрлік пісіруді орындау;

3. Сымдарды, тростарды, кабелдерді кесуді; сымдар мен кабель талсымдарын бөлуді, ұштауды және жалғауды орындау;

4. Жарықтандыру электр сымын монтаждау; электржабдығын жерлендіруді монтаждау; электр тізбектерінің кедергісін, электр машиналары мен аппараттарының орамаларын өлшеу; электржабдығының оқшауламасын тексеру;

5. Электрберілісінің әуе желілерінің элементтерін монтаждауды орындау;

6. Электржабдығын жөндеуді, монтаждауды және баптауды ұйымдастыру графиктерін құру;

1. 2 Дипломдық жұмыста тақырыптың таңдануын негіздеу

Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты - ел экономикасының орнықты дамуы үшін сапалы білімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы адами капиталды дамыту, білімнің бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Орындалуға тиісті бағдарламалық мақсаттардың ішіндегі техникалық және кәсіптік білім беру (ТжКБ) жүйесін жаңғыртуға қол жеткізу, педагог мамандығының беделін көтеру, «E-learning» электрондық және ақпараттық оқытуды (сандық білім беру ресурстары) енгізу мәселелері де шешімін табуда.

Мен, өзімнің жұмысымның тақырыбының өзектілігін де осында деп санаймын. Қазіргі заман кибернетика заманы, ақпараттық ресурстар яғни сандық ресурстар заманы. Бір сәт айналаңызға бақылаушы ретінде қарасаңыз, қазіргі уақытта ақпарат бұл мемлекеттің пайдалы қоры іспеттес басты байлығының бірі, экономикасын, әлеуметтік саласын дамытатын қозғаушы күш.

Жоғарыда атап өткен келтірілген мәліметтерге сай болашақ электр мамандарын даярлайтын кәсіптік оқыту педагогы ретінде Қазақстанда білім беруді реформалау жағдайында техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі тұлға мүдделерін, еңбек нарығының сұраныстарын, экономика мен әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл атқарады. Қазақстанның тұрақты экономикалық өрлеуі маңызды өзгерістерді, сондай-ақ техникалық және қызмет көрсету салалары мамандарына сұраныстың табиғи өсуін туғызды.

Мемлекет техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуына, кәсіптік және техникалық білім беру ұйымдарында оқытылатын кәсіптер мен мамандықтардың көбеюіне аса көңіл аударып отыр.

Сондықтан да, бүгінгі күнде жоғары білімді кәсіптік білім беру маманы ретінде менің алдымда біліктілігі жоғары, әлеммен бірге адымдай алатын және де, қоғам сұраныстарын қамтамасыз ете алатын электр маманын даярлау. Бұл мақсатты сандық білім беру ресурстарын қолдану арқылы жоғары нәтижеге жетуге болады деген үміттемін.

Сандық білім беру ресурсы - әдістемелік құрал. Бір ресурсты жасау үшін тек қана педагог мамандар ғана емес, онға жуық адам жұмыс істейді. Сенсеңіз, бір ресурсты шығару үшін суретші, анниматор, режиссер, білікті дикторлар, бірнеше саланы қамтыған программистер ат салысады. Сондықтан бұл командадағы бір адамның жұмысы жалпы командаға әсер етеді. Сандық білім беру контентін электронды оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми - әдістемелік зерттеулер құрайды. Мәселен, мектепке дейінгі бала компьютерлік ойындар арқылы білімін жетілдірсе, мектеп оқушысы электронды оқулықтар арқылы оқиды, кәсіптік білім беру мекемелерінде виртуалды жаттығу әдістемесінен білім алса, жоғары оқу орнының студенті ғылыми - әдістемелік электронды оқу құралын пайдаланады. Міне, мұның бәрі сандық білім беру контентін құрап отыр. Ал енді электронды оқулықтың сандық білім беру ресурсынан айырмашылығы неде? Ең алдымен электронды оқулық мектеп бағдарламасын түгел қамтиды. Яғни оқушы электронды оқулық арқылы білімін жетілдіріп, интерактивті тапсырмаларды орындаса, сандық білім беру ресурсы белгілі бір пәнді түбегейлі зерттейді, интерактивті тапсырмаларды орындаған оқушы сандық білім беру ресурсы арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Мойындаңызшы, үш пен екіге оқығысы келетін оқушы не студент жоқ, барлық оқушылар мен студенттер жақсы оқығысы келеді. Тек оларға мүмкіндік берілуі тиіс.

Сандық білім беру ресурсатрының ерекшелігі де осында барлығына түсінікті де анық берілетін арнайы мамандар даярланған мағлұмат. Әрине мұғалім білім алушыларға бұл материалдарды беріп қана қойып екі қолын ысқылап отыру емес, ұстаздың ролі әрқашан да маңызды болып қала береді. Бірақ сандық білім беру ресурстарын сабақ жүргізуде қолдануда мұғалімге үлкен көмек болар еді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МАКСИМАЛДЫ ТОК ҚОРҒАНЫСЫ
Сигналды релелердің сұлбасы
Бекетте электірлік орталықтандыру жүйесін жасаумен автоматика және телемеханика құрылғыларының тиімділігін арттыру
БМРО – ның атқарушы тобының сұлбаларын құру прициптері
Электр беріліс желісіне және жүктемеге сипаттама
Диспетчерлік орталықтандыру басқару негізі
Микропроцессорлық автоблокировка жүйелері
Реле типтері
Электрмен жабдықтау схемасы
«Диалог» микропроцессорлық орталықтандыруының жұмысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz