Ірі қара мал бруцеллезінің санитариялық бағасы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі

Қазақ ұлттық аграрлық университеті

«Коммерциялық емес акционерлік қоғамы»

Жігер Камила

«Ірі қара мал бруцеллезінің ет сапасына әсері,

ұша мен органдарының ветеринариялық санитариялық көрсеткіштері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В120200 - «Ветеринариялық санитария» мамандығы

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«Ветеринария» факультеті

«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Ірі қара мал бруцеллезінің ет сапасына әсері,

ұша мен органдарының ветеринариялық санитариялық көрсеткіштері

Беттер саны 42 Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны 5 Қосымшалар

Орындаған: күндізгі оқу бөлімі 5В120200 - «Ветеринариялық санитария» мамандығының 513-топ студенті Жігер Камила

2018 ж. «6» маусым қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі: PhD Қ. Д. Алиханов

Жетекші: в. ғ. к., профессор А. А. Жумагелдиев

Норма бақылау: в. ғ. к., профессор А. С. Ибажанова

Сарапшы:Б. Н. Ибрагимова

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

«Ветеринария» факультеті

5В120200 - «Ветеринариялық санитария» мамандығы

«Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау ТАПСЫРМАСЫ

Студент Жігер Камила

Жұмыс тақырыбы: Ірі қара мал бруцеллезінің ет сапасына әсері,

ұша мен органдарының ветеринариялық санитариялық көрсеткіштері

Университет бойынша 2017 жылы «14» қараша №550-К бұйрығымен бекітілген.

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2018 «13» маусым.

Жұмыстың бастапқы деректері

Бруцеллез - Brucellosis - ауыл шаруашылығы малдары мен жабайы жануарларды және адамды зақымдайтын созылмалы жұқпалы ауру. Ауырған мал iш тастайды, шуы түспейдi, жатыры қабынады, қысыр қалады, қынабы мен буындары iрiңдеп қабынады, енi iсiп шамадан тыс үлкейедi. Бұл ауру сойыс малдарының арасында жиi кездеседi. Ауру қоздырушысының бiрнеше түрi бар; iрi қара бруцеллезiнiң қоздырушысы - Br. abortus, қой мен ешкiде - Br. melitensis, адам бруцеллезінің негізгі қоздыршысы шошқада - Br. suis, итте - Br. canis, (басқа түрлерiнiң болуы да мүмкiн) . Бұл түрлерiнiң өздерi бiрнеше жiктерге бөлiнедi. Бруцелланың әр түрi бiр малдан, екiншi малға ауысуы ықтимал. Қой мен ешкi Br. melitensis сиыр мен буйволға, шошқаның Br. suis қой мен ешкiге ауысқаны дәлелденген. Адам үшiн бруцеллез қоздырушыларының барлығы да қауiптi.

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтар тізімі:

1. Аурудың таралу аймағы және басқа қандай мал түліктері ауырады ?

2. Ірі қара мал бруцеллезіне сипаттама, аурудың алдын алу.

3. Еттің қышқылды сілтілік ортасы реакциясының мәні және нәтижесі

қандай болды ?

4. Ірі қара мал бруцеллезінің санитариялық бағасы.

5. Аурудың ұша мен мүшелерге әсері.

Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)

Дипломдық жұмыста 5 кесте пайдаланылды

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

1. С. Қырықбайұлы, Т. М. Телеуғали, А. Жұмагелдиев. Ветеринариялық санитариялық сараптау практикумы. Алматы, 2013ж. 128-136 б.

2. Шуклин Н. Ф., Телеугалиев Т. М., Жумагелдиев А. А. Экспертиза доброкачественности и радиационной безопасности продуктов. Их стандартизация и сертификация. В 1-3 том. Алматы, 2011. 283-296 с.

3. М. С. Сабаншиев. Паразитология және жануарлардың инвазиялық ауру

2011 ж., Алматы, «ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы». 139 б.

4. Позняковский В. М. «Экспертиза мяса и мясопродуктов, качество и

безопасность. Новосибирск, 2005. 236-249 с.

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарау: Кіріспе
Кеңесші: в. ғ. к., профессор А. А. Жумагелдиев
Мерзімі: 15. 01. 2018
Қолы:
Тарау: Ғылыми әдебиеттерге шолу
Кеңесші: в. ғ. к., профессор А. А. Жумагелдиев
Мерзімі: 15. 03. 2018
Қолы:
Тарау: Негізгі бөлім
Кеңесші: в. ғ. к., профессор А. А. Жумагелдиев
Мерзімі: 05. 04. 2018
Қолы:
Тарау: Еңбек қорғау және экологиялық мәселелер
Кеңесші: К. К. Сансызбаев
Мерзімі: 10. 04. 2018
Қолы:
Тарау: Экономикалық тиімділікті есептеу
Кеңесші:

Б. Ж. Утеев

PhD доктор

Мерзімі: 13. 04. 2018
Қолы:
Тарау: Қорытынды
Кеңесші: в. ғ. к., профессор А. А. Жумагелдиев
Мерзімі: 15. 04. 2018
Қолы:
Тарау: Тәжірибелік ұсыныс
Кеңесші: в. ғ. к., қауымдастық профессоры А. Манкибаев
Мерзімі: 17. 04. 2018
Қолы:
Тарау: Әдебиеттер тізімі
Кеңесші: в. ғ. к., профессор А. А. Жумагелдиев
Мерзімі: 10. 05. 2018
Қолы:

Кафедра меңгерушісі:PhD _ Қ. Д. Алиханов

Жетекші: в. ғ. к., профессор А. А. Жумагелдиев

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент: К. Жігер

Дипломдық жұмысты орындау

ГРАФИГІ
Рет саны

Тараулар және қарастырылатын

сұрақтар тізімі

Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
Рет саны: 1
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Кіріспе
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 15. 01. 2018
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 2
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Әдебиетке шолу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 10. 02. 2018
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 3
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Ірі қара шаруашылығының дамуы және ет сапасын жоғарылату анықтау
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 15. 02. 2018
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 4
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Бруцеллез ауруына сипаттама
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 20. 02. 2018
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 5
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Ірі қара етінің морфологиялық құрамы және қоңдылығын
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 25. 02. 2018
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 6
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Зерттеу нәтижелері
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 05. 03. 2018
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 7
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Қорытынды
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 10. 04. 2018
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 8
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Ұсыныстар
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 15. 04. 2018
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 9
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Тәжірибелік ұсыныс
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 17. 04. 2018
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 10
Тараулар және қарастырылатынсұрақтар тізімі: Әдебиеттер тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі: 19. 04. 2018
Ескертулер: Орындалды

Кафедра меңгерушісі: PhD _ Қ. Д. Алиханов

Жетекші: в. ғ. к., профессор А. А. Жумагелдиев

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент: К. Жігер

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР . . . 7

АНЫҚТАМАЛАР . . . 8

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР . . . 9

1 КІРІСПЕ . . . 10

1. 1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы . . . 10

1. 2 Зерттеу объектілері, базасы және мақсаты мен міндеттері . . . 10

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . . 12

2. 1 Еліміздің ірі қара шаруашылығының дамуы . . . 12

2. 2 Бруцеллез ауруына сипаттама . . . 13

2. 3 Ірі қара етінің морфологиялық құрамы және қоңдылығын анықтау . . . 17

3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . . 20

3. 1 Зерттеу материалы мен әдістемелері . . . 20

3. 2 «Алтын Орда» ішкі сауда объектісінің ветеринарлық санитарлық сараптама зертхана-

сына сипаттама . . . 21

3. 3 Зерттеулер нәтижесі . . . 23

3. 3. 1 Өзіндік зерттеулер нәтижесін талдау . . . 30

3. 3. 2 Экономикалық тиімділікті есептеу . . . 31

4 ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ . . . 35

5 ҚОРЫТЫНДЫЛАР . . . 40

6 ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР . . . 41

7 ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 43

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Дипломдық жұмысты орындау барысында Қазақстан Республикасының 27. 07. 2007 жылғы № 389-1 «Білім туралы» заңына ҚР МЖМБС 3. 08. 448 - 2006 жоғары кәсіптік білім; 051202 - «Ветеринариялық санитария» мамандығына арналған стандарт және ҚР МЖМБС «Дипломдық жұмысын орындау» стандарттарының талаптары, «Сойыс малдарын сояр алдында қарап тексеру, ет және ет өнімдерін малдәрігерлік санитариялық сараптау» 2002 жылғы ережесі және «Ветеринария» туралы заң, «Малдарды сою алдында тексеру және ұша мен ағзаларды санитариялық бағалаудың» халықаралық заңдылықтары ҒАО/WНО 1992 ж. «Тағамдық өнімдердің сапасы және қауіпсіздігі» туралы 2004 ж. заң талаптары ескерілді және келесі стандарттарға сілтемелер жасалынды:

МЕМСТ 16020-90 Союға арналған мал.

МЕМСТ 7269-94 Ет. Сынама алу тәсілдері және балаусалықты анықтаудың сезімдік тәсілдері.

ИСО 2917-94 Еттің қышқылды сілтілі ортасы немесе ет құрамына сутек иондарының шоғырлануы.

МЕМСТ 23392-91 Сорпадағы ақзаттың алғашқы ыдырауынан пайда болған өнімдердің мыс иондарымен әсерлесіп, кешенді мыс сульфатының тұнбаға түсуі.

МЕМСТ 18157-92 Сойылған малдан алынған өнімдер.

МЕМСТ 23392-92 Ет. Балаусалығын химиялық және микроскопиялық талдау.

МС ИСО 2917-94 Ет және ет өнімдері. Сутек иондары концентрациясын (рН) анықтаудың бақылау тәсілі.

МС ИСО 3100-1-91 Ет және ет өнімдері. Сынама сұрыптаудың тәсілдері.

Алғашқы сынама сұрыптау.

МЕМСТ 7269-92 Ет. Балаусалығын анықтау әдісі және сезімдік сынама алу әдісі.

МЕМСТ 9959-91 Ет өнімдері. Сезімдік бағалаудың жалпы шарттары.

АНЫҚТАМАЛАР

Жұмысты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына және ҚР МЖМБС 3. 08. 448 - 2006 жылғы жоғары арнайы білім, негізгі ережелеріне сәйкес төмендегідей анықтамалар қолданылды.

Сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық тексерудің мақсаты қалыпты жағдайдан өзгешеліктерін, зақымдалуын анықтау және ұша мен басқа да сойыс өнімдерін пайдалану мүмкіншіліктерін шешу.

Ветеринариялық санитариялық тексеруден соң сойыс өнімдерін:

Шексіз- тағам ретінде пайдалану;

Кәдеге жарату - ет өнімдерінен басқаша өнім жасауға (ет-сүйек ұны) өндіріс орындарына, зақымданған сойыс өнімдерін зарарсыздандырғаннан соң тағамдық мақсатқа, өтелдеуге

Жоюға.

Тағамдық өнімдердің қауіпсіздігі - қолданыстағы нормаланған құжаттармен рәсімделген, ветеринариялық санитариялық ережелермен негізделген, қауіпсіздіктің басқа да талаптарына сай өнімдер.

Ветеринариялық санитариялық сараптау - ветеринариялық қызметтің қолданыстағы ережелер мен басқа да нормалық құжаттарына сәйкес, қауіпсіздік көрсеткіштеріне сай жүргізілетін кешенді зерттелер.

Лажсыздан (амалсыздан) сою - аурудың ауыр өтуіне немесе басқа да себептерге байланысты мал өміріне қауіп төнгенде ветеринариялық қызметтің бақылауымен жүргізілетін шара (сою түрі) .

Еттің қызу (загар) - балауса ұшаны салқындатудың дұрыс жүргізілмеуінен ферменттердің әсерінен жағымсыз (қышқылтым) иіспен, ұлпа тығыздығы босап, түсі өзгеруімен сипатталатын еттің микроб әсерінсіз бұзылуы.

Ұшаны тазарту - ұшаның ішінен және сыртынан ішкі ағзалардың қалдықтарын, қан ұйындысын, көк ет, әр түрлі жарақаттар, өсінділер, ісіктерді, ластағыштарды алып тастау.

Конфискаттар - ветеринариялық санитариялық қадағалау қызметімен тағам үшін жарамсыз деп танылып, азық өндірісіне және техникалық өнім ретінде пайдалануға жарамды болып табылған мал ұшасы, ұша бөлктері немесе мал мүшелері.

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

Жұмысты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына және ҚР МЖМБС 3. 08. 448 - 2006 жылғы жоғары арнайы білім, негізгі ережелеріне сәйкес белгілеулер мен қысқартулар пайдаланылды:

ҰМҚ - ұшпа май қышқылдары

ИИ - инвазияның интенсивтілігі

ИЭ - инвазияның экстенсивтілігі

ААА - амминді-аммиакты азот

рН - қышқылды-сілтілік орта

ҰМҚ - ұшпа май қышқылдары

АТФ - адинозинтрифосфат

АДФ - адинезиндифосфат

% - пайыз

мг - миллиграм

мкг - микрограмм

мкн - микрон

ккал - килокалорий

кДж - килоДжоуль

°С - Цельсии бойынша градус

мм - миллиметр

1 КІРІСПЕ

1. 1. Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңызы. Жаңа бағыттарды дамыту Қазақстанның бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына енуіне мүмкіншілік береді. Инновациялық дамудың негізінде ғылымды өндіріспен ұштастыру арқылы технологиялық кеңістік қалыптасыру өзекті мәселеле болып табылады. Қазақстан Республикасының ғылым саласын индустриалдық-инновациялық дамудағы қазіргі ұстанып отырған саясатының маңызы зор. Онда отандық ғылымның саяси-құқықтық, әлеуметтік, экономикалық даму динамикасына ерекше назар аударылған. Дүние жүзілік ғылымның даму тенденцияларына сай Қазақстанда да ғылыми-техникалық дамудың жаңа бағыттары (нанотехнология, биотехнология, ғарыштық қызмет салалары, агроөндірістік кешен) қалыптасып келеді [1] .

Көптеген елдерде, сонымен қатар Қазақстанда жас мал еті, ежелден-ақ үлкен сұранысқа ие. Жас мал етінің жұғымдылық және тағамдық сапасы өте жоғары, дәмді, жұмсақ - шырынды, әуес тағам тағам болып табылады. Олардың майы аз, жұғымды. Бұл мәселенің маңызы біздің еліміз Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге ұмтылу кезеңінде ерекше арта түсуде. Солай бола тұрса да, бізде көптеген шаруашылықтар көбінесе ірі қара мал етін негізінен ары қарай өсіруге жарамсыз мал басынан және еркек малды етке өткізу арқылы өндіреді.

Қарыштап өркендеуімізге қосатын үлесі мол салалардың бірі мал шаруашылығы. Ет өндіруде ірі қараның етті тұқымдары тез жетілуімен, етінің дәмділігімен ерекшеленеді. Мұндай малдың майы негізінде ет талшықтарының арасында орналасқандықтан, еттің дәмі және қуаттылығы жоғары болады және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бұл саланың орны ерекше [2] .

Халықтың жас мал етіне деген сұранысын қанағаттандыруда, саны мен сапасын арттыруда әр-түрлі аурулар едергі келтіруде. Сондай кедергілердің бірі ірі қара мал бруцеллезі. Ол Қазақстанның барлық облыстарында кездеседі. Ауруға ірі қара жылдың барлық мезгілдерінде шалдығады. Оған әсіресе жас мал бейім [3] .

1. 2 Зерттеу объектілері, базасы және мақсат, міндеттері. Дипломдық жұмыс ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетiнiң «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Алматы қалалық өңірлік филиалында, Алматы қаласы, «Алтын Орда» ішкі сауда объектісіне және ҚазҰАУ ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасының «сапа, қауіпсіздік және ветеринариялық санитариялық сараптау» зертханасында 2016-2018 оқу жылдарында орындалды.

Зeрттeудiң мaқсaты мeн мiндeттeрi.

Малдәрігерлік санитариялық бақылау жұмыстары адамды малдан, олардың өнімдерінен жұғатын аурулардан сақтайды және биологиялық құндылығы жоғары, сапалы тағамдық өнімдердің шығарылуын қамтамасыз етеді. Осыған орай, біз бруцеллезге оң әсер берген ірі қара мал етін ветеринариялық санитариялық сараптауды ішкі сауда объектісі жағдайында сатуға түскен кезде анықтауды, осыған байланысты шаруашылықтарда аурудың алдын-алу мүмкіншілігін қарастыруды мақсат етіп қойдық. Осы мақсатты орындау үшін біз алдымызға Алматы қаласы, «Алтын Орда» ішкі сауда объектісіне түскен ірі қара мал етінің сапасын анықтауда мынадай міндеттерді қойдық:

1. Бруцеллез ауруына оң әсер берген ірі қара мал етіне сезімдік зерттеулер жүргізу;

2. Бруцеллез ауруына оң әсер берген ірі қара мал етіне биохимиялық зерттеулер жүргізу.

3. Бруцеллез ауруына оң әсер берген ірі қара мал ұшасын және ішкі мүшелерін малдәрігерлік санитариялық сараптау.

2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

2. 1 Еліміздің ірі қара шаруашылығының дамуы. «Қазақстан саяси-әлеуметтік-экономикалық дамуда әлемдік стандартқа сәйкес инновациялық негізде дамуы тиіс. Қоғамның дамуына, халықтың әл-ауқатының көтерілуіне оның әсері зор деген болатын Елбасы Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында. Өркениет көшіне ілесу үшін елімізде аграрлық кешенді инновациялық дамытуды жеделдету, маңызды стратегиялық міндеттердің бірі»- деген еді [3] .

Оңтүстік шығыс аймағында тау алқабына орналасқан шаруашылықтарда, негізінен сүтті ірі қара өсіріледі. Ірі сүт өндіру кешендерін сүтті сиыр шоғырланған көлемді шаруашылықтарда мал негізінен табиғи жайылымдарды мүмкіндігінше ұзағырақ және кеңірек пайдалануға саяды. Малды жайып бағудың биологиялық, экономикалық, шаруашылықтық маңызы өте зор. Мал жайылымда үнемі қозғалыста болады. Күн сәулесінің ағзаны сауықтыру әсерін алады, таңдаған шөбін жейді. Ол денедегі зат алмасу үрдісін, қоректік заттардың қорытылуын, сіңімділігін жақсартады. Өнімі мол, әрі сапалы болуына ықпал етеді.

Жайылымда еркін жайылу организмнің физиологиялық қызметтерін жақсартады, төл ауырмайды, тез жетіледі. Малдың күйлеуі, ұрықтануы, іштегі төлдің жетілуі, өміршең болып туылуы және т. б. жақсарады. Сонымен қатар малды 7-8 ай бойы жайылымда ұстау еңбек шығынын 2-3 есе азайтады. Өнімнің өзіндік құны арзандайды [4] .

Етті ірі қара шаруашылығының тиімділігі жас малды өсіру мен негізгі табынды күтіп-бағуға жұмсалатын шығын дәрежесіне байланысты. Етті ірі қара өсірудің көп жылдық тарихына қарамастан, бұл салада кейбір технологиялық мәселелер әлі жетілдірілмеген. Бұл мәселе, әсіресе жас малды, оның ішінде жас бұзауларды 6-8 айлығында енесінен бөлу технологиясына байланысты. Енесінің қасында емін-еркін еміп өсіп жүрген жас бұзауларды бөлу өте жауапты кезең, өйткені бұл уақытта оларды өсіру, азықтандыру мен күтіп-бағу жағдайлары күрт өзгереді. ажырату. Күтіп-бағу мен азықтандырудың осындай жаңа жағдайында бұзаулар организміне стресс фактордың (ішкі және сыртқы) әсері аз болмайды [5] .

Енесінен бөлінген жас бұзаулардың өсуінің тоқтауы, қосымша салмақ қоспауы олардың жаңа жағдайға бейімделуіне байланысты. Бұл кезеңде жас бұзаулар ене сүтінен және жайылым шөбінен айрылып, шөпті-сүрлемді және жем беріп өсіретін қолда ұстайтын жағдайға көшіріледі. Бұл жағдайда орталық жүйке жүйесінің де үлкен әсері бар. Енесінен бөлгеннен кейін дербес тіршілік етуге тура келетіндіктен жас бұзауларға, әсіресе алғашқы айда қиындау соғып, жаңа жағдай олардың өсу интенсивтілігіне әсерін тигізеді. Етті ірі қара шаруашылығында бұл заңды құбылыс.

Черекаев А. В. етті ірі қара шаруашылығында бұзауларды енесінен бөлгеннен ейінгі 40-60 күнді өсу және жетілу кезеңі деп есептеуді ұсынады. Өйткені бұл кезеңде жас бұзаулар организмінің жағдайы, бөлгенге дейінгі жағдайға сәйкес келмейді, бұрынғы азықтандыру мен күтіп-бағу жағдайы

бөлгеннен кейінгі жағдайға ұқсамайды. Осының барлығы жас бұзаудың өсу интенсивтілігін төмендетеді. Әрбір шаруашылықта сауын сиырларының сүтін 2010 жылға дейін 4000-5000 кг-ға дейін көтеру көзделініп отыр, ол үшін: мал азығын молайту және селекциялық асылдандыру жұмыстарын жақсарту қажет, ал ірі қарадан алынатын ет өнімін, әр түрлі есептегенде 30-40 пайызға көбейту межеленуде.

Америка құрама штаттарынан алдырылған голштин-фриз ірі қарасын кейінгі уақытта жергілікті ірі қара малымен будандастырудың нәтижесінде көптеген сиыр табындары қалыптасты. Осы жұмыстың арқасында кейбір асыл тұқымды мал зауыттарында сиырлардан 8-10 мың кг-ға дейін сүт алу межеленуде, ал бордақыланатын малдардың тәуліктік қосатын салмағы 1000-1500 граммға жетуі тиіс. 20-дай сүтті, сүтті-етті және 8 сүтті ірі қарасының асыл тұқымды малдары Қазақстан Республикасының шаруашылықтарында өсірілуде, айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қараларының көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан, кейінгі уақытта будандастыру және гибридизациялау арқылы ірі қараның жаңа асыл тұқымдарын қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілуде. Ірі қара шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен қарқынды технологияға көшіру, әрі әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау тәсілдерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып саналады. Ірі қара мал шаруашылығынан алынатын өнім жалпы мал шаруашылығының ішінде 60 % асса, ал Ресейдің солтүстік батыс облыстарында, Балтық теңізі бойындағы республикаларда және ауыр өнеркәсіпті тәуелсіз мемлекеттер достастығының аймақтарында бұл өнім 65-70 % дейін жетеді. Ірі қара мал сүт өнімі жағынан басқа ауыл шаруашылығы малдарына қарағанда көп алда. Көптеген алдыңғы қатарлы шаруашылықтарда әр сиырдан жылына 7000 кг-нан артық сүт сауса, аса сүтті сиырлардан бір маусымда (305 тәулік ішінде) 27600 кг дейін сүт сауған, ал Кубаның Убре-Бланки атты сиыры тәулігіне 110, 9 кг сүт берген. Бордақыланған малдардың тәулігіне қосатын салмағы 1500 г-нан да асуда. Өте төзімді және өмір сүретін орталығына тез бейімделгіш ірі қара малы, сондықтан да әлемнің барлық аймақтарында өсіріледі. Сонымен ТМД-ның 45-50 0 С ыстықты аймақтарында және -60 0 С қысы өте аязды аймақтарда да өсіріледі.

Ірі қара жаз айларында жайылымды жақсы пайдаланып, өнім өндіріп, шаруашылыққа көп пайда келтіре алады.

Кейбір етті асыл тұқымды ірі қара малының бұқалары 20 жасқа дейін де шаруашылықтарда пайдаланады. Ал, сүтті сиырлар одан да көп пайдаланылып, 23 жасқа дейін өмір сүре алады. Ғылыми деректер бойынша 35-40 жасқа дейін өмір сүрген сиырлар бар. Ал, орташа шаруашылықтарда сиырларды 10-12 жасқа, бұқаларды 7-8 жасқа дейін ұстайды, себебі бұл малдардың жасы ұлғайған сайын өнімі азайып, төлдеуі кеми бастайды [6] .

2. 2 Бруцеллез ауруына сипаттама. Бруцеллез - Brucellosis - ауыл шаруашылығы малдары мен жабайы жануарларды және адамды зақымдайтын созылмалы жұқпалы ауру. Ауырған мал iш тастайды, шуы түспейдi, жатыры қабынады, қысыр қалады, қынабы мен буындары iрiңдеп қабынады, енi iсiп шамадан тыс үлкейедi. Бұл ауру сойыс малдарының арасында жиi кездеседi. Ауру қоздырушысының бiрнеше түрi бар; iрi қара бруцеллезiнiң қоздырушысы - Br. abortus, қой мен ешкiде - Br. melitensis, адам бруцеллезінің негізгі қоздыршысы шошқада - Br. suis, итте - Br. canis, (басқа түрлерiнiң болуы да мүмкiн) . Бұл түрлерiнiң өздерi бiрнеше жiктерге бөлiнедi. Бруцелланың әр түрi бiр малдан, екiншi малға ауысуы ықтимал. Қой мен ешкi Br. melitensis сиыр мен буйволға, шошқаның Br. suis қой мен ешкiге ауысқаны дәлелденген. Адам үшiн бруцеллез қоздырушыларының барлығы да қауiптi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бруцеллезде сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Бруцеллезді балау әдістері туралы
Бруцеллез жайлы мәліметтер
Бруцеллезді болдырмау шараларын ұйымдастыру
Бруцеллез ауруына сипаттама беру
Бруцеллездің алдын алу
Бруцеллез балау әдістері
АШЖБ - Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру
Бруцелла
Үй жануарларының жұқпалы аурулары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz