Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы


«Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы»
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ
5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығы бойынша
АЛМАТЫ 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
Технология және биоресурстар факультетi
Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
«Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы»
Беттер саны
Сызбалар мен көрнектi
материалдар саны
Орындаған : Бұғыбай Әзиза Әбдіреймқызы
2018 ж. «» қорғауға жiберiлдi
Кафедра меңгерушiсi, Лукбанов В. М.
Жетекшiсi: Кайруллаев К. К.
Сарапшы Көбейгенова С. С.
Нормабақылаушы Токсабаева Б. С.
АЛМАТЫ 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ
Технология және биоресурстар факультетi
Мамандығы 5В080400 - «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау»
Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент: Бұғыбай Әзиза Әдіреймқызы
Жұмыс тақырыбы: «Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының биологиялық сипаттамасы»
Университет бойынша 2018 ж "" № бұйрығымен бекiтiлген
Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж ""
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
1. Іле өзенінің төменгі ағысының физико географиялық сипатамасы
2. Торта балығының морфологиялық талдауы
3. Торта балығының биологиялық талдауы
4. Торта балығының жасын анықтау
Ұсынылатын негізгі әдебиет
1 Амиргалиев Н. А., Исмуханова Л. Т. Уровеь биокумуляции тяжелых металлов в тканях рыб Капшагайского водохронилища. // Вестник КазНУ Серия экологичекая. № 1(33) Алматы: 2012. С. 30-32.
2 Горюнова А. И. Жизнь степных озер Казахстана. Естественная гибридизация рыб-форма внутрипопляционной адаптации. // Вестник КазНУ Серия экологическая. № 1 (33) Алматы: 2012. С. 21-28.
3 Монастырский Н. Н. фауна Капчагайского водохранилища// Тр. Вcесоюз. НИИ пруд. и рыб. хоз-ва. М., 1967. Т. 15. С. 117-129.
4 Михайлюк. Н. А., О влиянии обьема пробы на точность определения доли особей непромыслоаого размера. // Рыбное хозяиство. № 4 ISSN0131 - 6184. 2010г. С. 54.
5Поддубный А. Г. Экологическая топография популяций рыб в водохранилищах. Л. : Наука, 1979. 309 с. 6 Прозоркевич. В. а. Инструментальняе оценки численности ряб на ранних стадиях онтогенеза вкрупных морских экосистемах// рыбное хозяиство. ISSN- 6184. № 4. 2010г. С. 49.
7 Стрельников А. С., Пермитин И. Е. Ихтиофауна водохранилищ и состояние рыболовства // Функционирование озерных экосистем. Акмолинск: Ин-т биологии внутр. вод Каз СССР, 1990. С. 97-111.
8 Изюмов Ю. Г., Касьянов А. Н., Яковлев В. Н. Популяционная морфология плотвы Rutilus rutilus (L. ) водоемов Балхаш-Илийского бассейна // Фенетика популяций. М. : Наука, 1996. С. 222-233.
9 Касьянов А. Н., Изюмов Ю. Г. К изучению роста и морфологии плотвы Rutilus rutilus в Капчагайское водохранилище в связи с вселением дрейссены // Вопр. ихтиологии. 1999. Т. 35. Вып. 4. С. 546-548.
10 Касьянов А. Н., Изюмов Ю. Г., Яковлев В. Н. Морфологическая изменчивость и внутривидовая структура плотвы Rutilus rutilus (L. ) (Cypriniformes, Cyprinidae) водоемов Балхаш-Илийского бассейна // Зоол. журн. 1998 г. Т. 61. Вып. 12. С. 1826-1836.
Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.
Дипломдық жұмыс жетекшісі Кайруллаев К.
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Бұғыбай Ә. Ә.
Дипломдық жобаны орындау
ГРАФИГІ
Кафедра меңгерушісі Лукбанов В. М.
Дипломдық жұмыс жетекшісі Кайруллаев К.
Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент Бұғыбай Ә. Ә.
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
ГОСТ 7. 1 - 2003. «Библиографическая запись. Библиографическое описание документа. Общие требования и правила составления».
ГОСТ 7. 32 - 2001. «Отчет о научно - исследовательской работе. Структура и правила оформления»
ГОСТ 50 380 -92 Рыбы и рыбопродукты. Термины и определения
ГОСТ 1368-91 Рыбы всех видов обработки. Длина и масса.
ГОСТ Р 51497-89 Рыба, ракообразные и каракатица. Размерные категории
АНЫҚТАМАЛАР
Акклиматизация- организмдердің өзіндік тіршілік ету мекенінен басқа мекенге үйренуі.
Антеанальдық арақашықтық - тұмсығының басынан анальдық қанатына дейінгі ара қашықтық.
Антепекторальды арақашықтық - тұмсығының соңынан бүйір қанатына дейінгі ара қашықтық.
Ареал- организмнің тіршілік ортасы
Гонада- балықтың жыныс бездері
Өрістеу- уылдырық шашу акты
Өрістеу орны- уылдырық шашатын орын
Популяция- белгілі бір географиялық аумақта тіршілік ететін, бір түрге жататын особьтар жиынтығы
Полицикльділік- балықтардың тіршілік барысында бір неше рет уылдырық шашуы
Половапя дифференциация- жыныстық белгілері бойынша айырмашылық
Фитофильдер - уылдырықтарын өсімдіктерге шашатын балықтар
Эврифаг- әр түрлі азықтармен қоректенетін балықтар
Экстерьер - сыртқы белгілері
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Q- балықтың толық салмағы;
q - іш құрлыссыз салмағы;
l- тұмсығынан бастап қабыршақ қабығының соңына дейінгі арақашықтық;
l. l- linea lateralis(бүйір сызығы) ;
F- Фультон бойынша қоңдылық коэфиценті;
Cl- Кларк бойынша қоңдылық коэфиценті;
D-арқа қанаты
A- аналь қанаты;
P- кеуде қанаты;
V- құрсақ қанаты;
C- құйрық қанаты;
aD- антедорсальді арақашықтық;
pD- постдорсальді арақашықтық;
n- мөлшер;
M±m- максимальді және минимальді ауытқу;
♂♀- аталық, аналық;
1+- бір жастан асқан балық және т. б. ;
кВт- киловатт;
ГЭС- гидроэлектростанция;
км 2 - квадрат километр;
км- километр;
м 3 - куб метр;
см- сантиметр;
мм- миллиметр;
т- тонна;
г- грамм;
мг- миллиграмм;
мың- мың;
млн. - миллион;
экз. - экземпляр;
т. б. - тағы басқа;
макс. - максимальді;
мин. - минимальді;
КІРІСПЕ
Торта тұқылар тұқымдасына жатады. Біздің су қоймаларымызда мекен ететін бұл балық - кеңінен таралған балықтардың бір түрі. Торта сияқты сондай кеңінен таралған және барлық жерде болатын басқа балықтар табылмайды. Торта балығын барлық жерден, яғни кішкене өзендерден және тіпті үлкен су қоймаларынан кездестіруге болады. Торта балығының аулау объектісі ретінде кәсіпшілік құндылығы ерекшелігінің болмауына қарамастан, оны көп мөлшерде аулайды.
Қазақстанда ең көп санды негізгі жергілікті балықтардың тұқымы ретінде торта балықтары кең таралған және олар кездеспейтін өзендерде де табылады немесе өте сирек кездеседі, сондықтан ол барлық балықтың көп бөлігін құрайды. Торта балығы біздің өзендеріміздің сағаларында және көптеген көлдерде әрі су қоймаларын мекендегендіктен, біз оны өз зерттеуіміздің объектісі етіп таңдадық. Тортаның өте құнсыз балық болатынына қарамастан, оны тек жергілікті түрде тұтынатындықтан, өзі арзан болған соң, ол төменгі класстағы балықтарға азық ретінде қызмет етеді және осынысымен өзіне баса назар аударады, сол сияқты біздің тұщы суларымыздың ең көп мөлшердегі балықтары болғандықтан, оларға қатты көңіл бөлінеді. Тоғандардың және көлдердің иелері үшін тортаның басты рөлі жыртқыш әрі біршама бағалы балықтарға олардың азық ретінде қызмет етуі болып табылады, демек, торта бірінші немесе екінші жылы олар арқан балыққа, ал одан кейін шортандарға қорек болады.
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыс Іле өзенінің төменгі ағысында мекен ететін торта балығының биологиялық сипаттамасын зерттеуге арналған. Дипломдық жұмысқа зерттеу объектісі ретінде торта балығы алынды. Зерттеуге торта балығын таңдаған себебіміз: торта балығы Қазақстан суқоймаларында кең таралған, басқа балықтардан сырт көрінісімен айқын ажыратылады, кәсіптік маңызы бар, қазіргі уақытта саны көп және кең таралған балық.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. «Іле өзенінің төменгі ағысында мекен ететін торта балығының биологиялық сипаттамасы», -тақырыбына сәйкес дипломдық зерттеу жұмысының мақсаты Іле өзенінің төменгі ағысында мекендейтін торта балығының популяциясының қазіргі жағдайына сипаттама беру. Осыған орай төмендегідей міндеттер қойылады:
- Іле өзенінің төменгі ағысына әдебиеттік шолу жасау.
2. Іле өзенінің ихтиоценозында торта балығының қалыптасуына шолу жасау.
3. Іле өзенінің төменгі ағысындағы торта балығына биологиялық талдау жасау.
4. Алынған зерттеу нәтижелерін әдебиет көздерімен салыстыра отырып бағалау.
Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс көлемі компьютермен терілген 56 бет. Онда кіріспе, 5 тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі бар. Жұмыста 6 кесте, 12 сурет және 34 әдебиеттер атауы берілген.
Іле өзенінің төменгі ағысын мекендейтін торта балықтары қоныс аударып, жерсіндірілген солтүстік Каспийлік (астрахандық) Rutilus rutilus caspicus торта балықтары болып келеді (Jakowlew, 1870) . Олардың жаппай көбеюі Іле өзеніне бөгеттерді тұрғызу арқылы тұйықтағаннан кейін ғана, су басу аймағында қалып қалған балықтардан үйірлер түзілді. Біз зерттеу жұмысына негізгі материал ретінде тортаны (Rutilus rutilus L. ) қолдандық. Біздің пікіріміз бойынша торта көптеген басқа бағалы балықтармен салыстырғанда, анағұрлым көбірек назар аударуға лайық болып саналады.
1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1 Торта балығының систематикасы және сипаттамасы
Класс сүйекті балықтар- Osteichthyes
Класс тармағы сәуле қанаттылар - Aktinopterygii
Отряд тұқы тәрізділер - Cypriniformes
Отряд тармағы тұқы тектестер - Cyprinoidei
Тұқымдас тұқылар - Cyprinidae
Туыс торталар - Rutilus
Түр торта- Rutilus rutilus
Түрше қаракөз- Rutilus rutilus caspicus
Көптеген зерттеушілер [1, 2] әртүрлі ареал бөліктерінде мекендеген солтүстік каспийлік торта балығының бірнеше түрлерінің (пішіндерінің) айырмашылықтарын көрсетіп берген болатын. Тортаның аудандар бойынша морфологиялық ерекшеленетін түрлерінің үйірлік топталуы нақты мекендеу шарттарымен тікелей байланысты болады. Балқаш - Іле бассейнінде қаракөз балығын жерсіндіру барысында олар маңызды морфологиялық өзгерістерге ұшырады, сөйтіп олар өзінің негізгі түрлерінен біршама ауытқыды. Бұл өзгерістер мекендеудің жаңа шарттарына, сонымен қатар баяу қозғалыстағы тіршілікке бейімделу себептерінен болды [2] .
Олардың денесінің, жүзу қанаттары және көзінің түстері сансыз өзгерістерге ұшырады, бұндай түрленулер бір жағынан ол балық жасынан, екінші жағынан судың құрамының өзгерісінен және басқа жергілікті тіршілік шарттарынан тәуелді болды. Жалпы тортаның жасы өскен сайын жалпақ және жуан, ал көзінің және жүзу қанаттарының түсі көбірек ашық бола түседі. Іле өзенінің төменгі ағысы ареалы шекараларындағы торта келесі белгілермен сипатталады: D 3 8-10, A 3 8-11, бүйірлік сызықтары 40-47; қабыршағы циклоидті; біріншіде желбезекті доғаға ортасындағы шарбақшаларының саны орта есеппен 11 бастап, 16 жетеді; омыртқалар саны 39; аузы төмен; жұту тістері бірқатарлы, 6-5, 5-5, 6-6 [2. 2] ; кариотип: 2n = 50, NF =82-84; дене ұзындығына қатысты пайызбен алғанда (орта есеппен) : бас ұзындығы 22, 8-23, 4, ал желкедегі басының биіктігі 18-19, денесінің ең үлкен биіктігі 28, 2-30, 5, ал ең кіші биіктігі 9, 5-10, құйрық сабақтарының ұзындығы 20, 2-22, 5, биіктігі D 20, 2-23, биіктігі А 13-15, 75, ұзындығы Р 18, 2-19, 9, ұзындығы V 16, 9-18, 3. Көптеген зерттеулер әдеттегі тортаның біраз белгілерінің тұрақтануын көрсетті, оның дәлелі ретінде, мысалы, оның қазіргі морфологиясын алуға болады [3] . Дененің ұзындығынан ішектің ұзындығы артық болады. Іле өзенінің төменгі ағысында бұл артықшылық 76-137%, әртүрлі таңдаулардағы орташа артықшылығы 111-117% құрайды. Іле өзені тортасының жыныстық диморфизмі әлсіз байқалады, бірақ жасы өскен сайын көріне бастайды. Жыныстық пісіп жетілген балықтарды алғашқы рет екі белгілері бойынша айырады: ұрғашы балықтармен салыстырғанда еркектерінде олардың денесінің биіктігі біршама кем болады, бірақ арқалық жүзу қанатының биіктігі артық болады. Ересек (орташа ұзындығы - еркек 20, 3 см, ал 22, 8 см болатын) балықтарда жастары өскен сайын, олардың жыныстық ерекшеліктерінің айырмашылықтары арта түседі: дене ұзындықтарына қатысты пайызбен алғанда еркек балықтар денесінің биіктігі барынша көпке кем болады, антеанальді және пектовентральді арақашықтығы аз, сол сияқты кеуде жалпақтығы азырақ болып келеді, есесіне салыстырмалы түрде көз диаметрі үлкен, арқалық жүзу қанаты биік, кеуделік жүзу қанаттарының ұзындықтары және антепекторальді арақашықтығы көбірек болады [4] . Жыныстық ерекшеліктерінің санақтық көрсеткіштері жоқ.
Сурет 1 - Торта балығы
Жалпы алғанда, торта балығының морфометрикалық белгілерінің өзгерістері оның аса икемді екенін көрсетеді, бірақ ерекшеліктер ішкі түрлік экологиялық сипатта болады. Іле өзенінің төменгі ағысындағы тортаның максимал өлшемі 33, 4 см және массасы 800 г. Әдетте, ұрғашы балықтар еркек балықтарға қарағанда ірі болады. Тортаның ересек түрлерінде алтындай қабыршақтары жиі кездеседі, олар көбіне су түбіндегі құмда немесе қиыршықты тасты шұңқырларда мекендейді. Соған қарамастан, күміс тәрізді түстегі торталар Іле өзенінде кездеседі. Дегенмен, торта денесінің бояуы арқасында көк-жасыл түстен күңгірт-күміс тәрізді түске алмасады немесе қарын тұстары да ашық ақ түсте болады. Тортаның төменгі жүзу қанаттары сары бола алады, ал кейде ашық-қызғылт сары түстес болып келеді. Торта арқалық жүзу және құйрықтағы қанаттары әдетте жирен-қызыл қоңыр реңк түсте болады. Нағыз тортада көтеншектегі жүзу қанаттарында 9-13 шұғыласы болады, өйткені солтүстік каспийлік тортада минимум 17 шұғыла және жүзу қанаттарының бояуы, негізінен, ашық түсте болатынын есте сақтау керек [5] .
Балықтарды өзара ең қарапайым түрде олардың арқалық және қарындағы жүзу қанаттарының әртүрлі орналасуына қарай ажыратуға болады. Тортаның жүзу қанаттары бір деңгей бойында орналасқан, ал солтүстік каспийлік тортаның арқалық жүзу қанаттары артқа қарай қиғаштала қисайтылған (төменгі қанаттарымен салыстырмалы) болады. Тортаның ауыздары барлық типтерде қиғаш төмен болып келеді; ауызының шеті көздің төменгі тұсынан жоғарырақ болады. Арқалық және құйрықтағы жүзу қанаттары сұр, басқа қанаттары қызғылт сары, қарындағы және көтеншектегі қанаттары қызыл түстес болады. Көз түсінің құбылмалығы сары-қызыл немесе ашық сары-қызыл болатындықтан, бұл балықтардың елеулі айырмашылық белгілеріне жатады [6] .
Таралуы
Торта - жартылай өтпелі, үйір құрып тіршілік ететін балық, негізінен Солтүстік Каспийдің тұщылау аудандарында 10 - 12%-ға дейінгі суларында тіршілік етеді. Көбею үшін өзендердің атырауларына көтеріледі.
Жамбыл облысының өзендеріне (Талас өзенінің бассейні) жерсіндірілген нәтижесінде 1958 жылы Билікөл көліне Жайық өзенінің сағасынан 284 дана жерсіндірілген, сонымен қатар 1965 жылы Билікөл көлінен Балқаш Іле бассейніне әкелінген. Балқашқа әкелінген балықтардың саны туралы мәлімет белгісіз Бір мәліметтер бойынша 120 тұқымдық балық жіберілген десе, басқа бір мәлімет бойынша, 12 мың әр түрлі жастағы балықтар делінген. Ал енді бір мәліметте 140 мың дана. Екі бассейнінде де торта жақсы жерсінген. Бүкіл Балқаш көлі және Іле өзені мен Қапшағай су қоймасына дейін таралған. Талас бассейнінде де Билікөл көлінен басқа Аса және Талас өзндерінің төменгі ағысындағы Ақкөл көлі мен Ащыкөл көлінің Тұщылау аудандарына дейін таралған. Торта балығы жай ағынды жылы суларда тіршілік ететін балық. Іле өзенінің төменгі ағысында шұңқырларында және ағын суларында тіршілік етеді.
Бұл балықтарды тек қана су түбінен ғана емес, сонымен қатар ауа райының өзгеруіне байланысты әсіресе жаңбырлы күндері және жәндіктермен қоректенуге судың беткі қабатына көтерілген кезінде, судың ортаңғы қабатынанда кездестіруге болады. Күннің қатты ысып кеткен кездерінде торта балығы әртүрлі көлеңкелерді іздейді мысалы : ағаш көлеңкесі түскен жерлерде немесе сол сияқты балдырлардың астында мекен етеді. Жаз айларында торта балығы азық қоры мол ағынды суларда тіршілік етеді. Жылы суды сүйгіш торта балығы күз айларының бірінші күніннен басталған суығына төзімсіз болғандықтан олар өз үйірлерін құрып судың түбінде мекен ететін қыстық жылы шұңқырларға кіре бастайды. Бұл балықтардың ішіндегі ең ірілері әр қашанда судың түбінде өмір сүреді. Қыс мезгілінде торта балығын жай ағын суларда, өзен жағалуларынан және де судың ортаңғы қабатынан аз мөлшерде ғана кездестіруге болады.
Көбеюі
Тортаның жыныстық жетілуі барлық балықтарда бірдей емес, жастық құрамы бірдей балықтардың өзінде де жыныстық жетілуі әр түрлі, соның ішінде аналықтары аталықтарынан бір жыл бұрын жетіледі. Сонымен Солтүстік Каспийдегі өрістейтін балықтардың жасы 2 ден 5 жас аралығы, бірақ жартысына жуығы 3 жылда жыныстық жетіледі. Солтүстік Каспийдің Шығыс бөлігінде торта балығы Батыс бөлігімен салыстырғанда баяу жетіледі ал, Жайық үйірінде 3 - 4 жылда жетіледі.
Басқа су қоймаларға жерсіндірілгеннен кейін тортаның жыныстық жетілуі өзгермеген. Талас бассейнінің көлдерінде тортаның басым бөлігі 3 жылда, жиі - 2 жылда жыныстық жетіледі, ал жерсіндіргеннен кейін жеке аталықтар 1+жасында жыныстық жетілген. Іле өзенінің төменгі ағысында торта балығының басым бөлігі 3жылда, бірақ кей топтары (әсіресе аталықтары) - 2 жылда, алғаш жыныстық жетілген балықтардың ұзындығы, аналықтары 16 - 17 см, аталықтары 13 - 15см. Іле өзенінің төменгі ағысына жерсіндіргеннен кейін трота балығының жыныстық жетілуі баяулады және алғаш жыныстық жетілген балықтарың жасы 6 жылға жетті. Оогенез және аналық бездерінің пісіп жетілу шкаласы. Оогенез екі типке болінеді:
- диффузды оогенез - ооциттер жануардың денесінің әр түрлі бөлігінде дамиды;
- локальды - ооциттер арнайы мүше - гонадада пайда болады.
Локальды оогенез солитарлы және фолликулярлы оогенезге бөлінеді:
- солитарлы оогенезде ооциттердің өсуіне қосымша клеткалар қатынаспайды;
- фолликулярлы оогенезде ооциттер бір немесе бірнеше қабат клеткалардың фолликулярлы эпителидың қоршауының ішінде дамиды.
Сонымен қатар нутриментарды оогенез болады, бұл оогенезде ооциттердың өсуіне қажет клеткалар - трофоциттер қатысады. Трофоциттер - жыныс клеткалардың өзгерген түрі. Балықтарда алиментарды типке жататын фолликулярлы оогенез. Фолликулярлы клеткалар гонаданың соматикалық клеткаларынан дамиды. Олар ооциттердің өсуі мен пісіп жетілуіне активті қатысады, себебі олар жүйке және энтокринды мүшеден келген стимулдарға арнайы белоктар мен гормондарды синтездетіп жауап бере алады.
Төрт кезеңі болады: 1 - көбею немесе оогониальды кезеңі; 2 - превителлогенез немесе цитоплазматикалық, протоплазматикалық не кіші өсу кезені; 3 - вителлогенез, трофоплазматикалық, дейтоплазматикалық не үлкен өсу кезеңі; 4 - пісіп жетілу кезеңі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz