ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 38 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Ақбөпе Ф. К

ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы: 5В120100 - Ветеринариялық медицина

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

Ветеринария факультеті

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы

Беттер саны

Сызбалар мен көрнекі

материалдар саны

Орындаған: Ақбөпе Фарангиз

2018 ж. “__” мамырында қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі, профессор Ж. К. Төлемісова

Жетекші, профессор А. З. Мауланов

Норма бақылау, қау. профессорА. С. Ибажанова

Сарапшы, доцент

Алматы 2018

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ветеринария факультеті

5В120100 - Ветеринариялық медицина мамандығы

Биологиялық қауіпсіздік кафедрасы

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау ТАПСЫРМАСЫ

Студент Ақбөпе Фарангиз

Жұмыс (жоба) тақырыбы ІҚМ туберкулезінің патологиялық морфологиясы

Университет бойынша 2017 жыл «14» қараша № 550-К бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі: 2018 жыл «___»

Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері

Туберкулезден өлген сиырлардың ішкі мүшелері, толық сойып зерттеу хаттамасы, дайындалған гистологиялық препараттар, түсірілген түрлі-түсті макро және микро суреттер

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі

Кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеулер: зерттеу материалдары мен тәсілдері, зерттеулер нәтижелері, ұсыныстар, әдебиеттер тізімі. Көрсетілген тарауларда туберкулезден өлген сиырлардың ішкі мүшелерінің патологиялық морфологиясының сипаттамасы берілген

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер

1. Козловская Т. Б., Жумабаева А. Н., Казбекова Г. А., Нурмухамбетова Ж. А. Клинико-анатомический анализ фиброзно-кавернозного туберкулеза по Актюбинской области // Вопросы морфологии и клиники. -2005. - №17 - С. 244-248.

2. Жумабаева А. Н., Казбекова Г. А., Шолжанова У. И., Фаткулина Ж. К., Есмагамбетова Г. Ж., Жагипарова Л. К. Клинико-морфологические параллели туберкулеза // Вестник Южно-Казахстанской медицинской академии. - 2006. - №3. - С. 127-128.

3. Жұмабаева А. Н., Қазбекова Г. Ә. Патоформология резектатов легких удаленных по поводу туберкулем // Матер. Республ. науч-практич конф с межденарод. участием: «Актуальные проблемы современной теоритической, клинической медицины и медицинского образования» посв. 50-летию Западно-Казахстанской государственной академии им. Марата Оспанова. - 2007. - С. 61.

4. Казбекова Г. А. Диагностика туберкулезных плевритов // Труды Международной научной конф. : «Наука и образование-ведущий фактор стратегии «Казахстан -2030». - 2009. -С. 481-483.

5. Қазбекова Г. Ә. Туберкулез ауруының танатогенезі // Батыс Қазақстан медицина журналы. - 2009. - №2 (22) . - С. 31-34.

Жұмыстын (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарау: Кіріспе
Кеңесші: Ибажанова А. С.
Мерзімі: Желтоқсан, 2017
Қолы:
Тарау: Негізгі бөлім
Кеңесші: Ибажанова А. С.
Мерзімі: Қаңтар, 2018
Қолы:
Тарау: Тұжырым
Кеңесші: Ибажанова А. С.
Мерзімі: Наурыз, 2018
Қолы:
Тарау: Еңбекті қорғау және экологиялық мәселелері
Кеңесші:
Мерзімі: Мамыр, 2018
Қолы:
Тарау: Экономикалық тиімділік
Кеңесші:
Мерзімі: Мамыр, 2018
Қолы:

Кафедра меңгерушісі, профессор Ж. К. Төлемісова

Жұмыс (жоба) жетекшісі,

профессор А. З. Мауланов

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент Ф. Ақбөпе

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау

КЕСТЕСІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
Рет саны: 1
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Әдебиетке шолу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қараша, 2017
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 2
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Зерттеу материалдары
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Желтоқсан, 2017
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 3
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Гистологиялық материалдарды жасау
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Қаңтар, 2018
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 4
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Гистологиялық препараттарды зерттеу
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Наурыз, 2018
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 5
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Өзіндік зерттеулерді толықтыру
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Наурыз, 2018
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 6
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Қорытынды
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Сәуір, 2018
Ескертулер: Орындалды
Рет саны: 7
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі: Практикалық ұсыныстар
Жетекшіге ұсыну мерзімі: Сәуір, 2018
Ескертулер: Орындалды

Кафедра меңгерушісі, профессор Ж. К. Төлемісова

Жұмыс (жоба) жетекшісі,

профессор А. З. Мауланов

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент Ф. Ақбөпе

МАЗМҰНЫ

Бет
:
: НОРМАТИВТІК СЛІТЕМЕЛЕР
Бет:
:
: АНЫҚТАМАЛАР
Бет:
:
: БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Бет:
:

1

1. 1

1. 2

:

КІРІСПЕ . . .

Тақырыптың өзектілігі және практикалық маңызы . . .

Жұмыс объектісі, тәжірибелік базасы және мақсат, міндеттері . . .

Бет:

9

9

10

: 2
: ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . .
Бет: 11
: 2. 1
: Ауруға қысқаша сипаттама . . .
Бет: 11
: 2. 2
: Қоздырушысы . . .
Бет: 11
: 2. 3
: Клиникалық белгілері . . .
Бет: 12
: 2. 4
: Аурудың патогенезі . . .
Бет: 13
: 2. 5
: Ауруды алдын-алу шаралары, емі және балау . . .
Бет: 16
: 2. 6
: Патологиялық анатомиялық өзгерістері . . .
Бет: 19
: 2. 7
: Індеттік ерекшеліктері . . .
Бет: 20
: 3
: НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .
Бет: 22
: 3. 1
: Зерттеу материалдары мен әдістері . . .
Бет: 22
: 3. 2
: Зерттеу нәтижелері . . .
Бет: 22
: 3. 2. 1
: Өкпе туберкулезінің салыстырмалы патогистологиялық зерттеу нәтижелері . . .
Бет: 22
: 3. 2. 2
: Bio-Vision компьютерлік бағдарламасы арқылы морфометриялық әдіспен өкпедегі туберкулез кезінде пайда болған каверналар мен некроз ошақтарының қалыңдығын және көлемін (аумағын) анықтау . . .
Бет: 35
: 3. 3
: Экономикалық тиімділікті есептеу
Бет: 36
: 4
: ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР . . .
Бет: 37
: 5
: ҚОРЫТЫНДЫЛАР . . .
Бет: 40
: 6
: ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР . . .
Бет: 41
: 7
: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
Бет: 42
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

Бұл дипломдық жұмыста төмендегідей стандарттарға сілтемелер жасалды

ТШ ОСЧ 25-6
Дистильденген су
ТШ ОСЧ 25-6: ТШ 46-22-549-08
Дистильденген су: ТЭС - 1 термостаты
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ (ТШ) 2766-51
Дистильденген су: Негізгі фуксин, таза
ТШ ОСЧ 25-6: МРТШ 42-56
Дистильденген су: Микротом пышағын қайрайтын қондырғы
ТШ ОСЧ 25-6: МРТШ 42-102-63
Дистильденген су: Хирургиялық қайшылар
ТШ ОСЧ 25-6: МРТШ 64-1-281-64
Дистильденген су: Парафин кесінділеріне арналған МПС-2 микротомы
ТШ ОСЧ 25-6: МРТШ64-1-1629-64
Дистильденген су: МПС-1 микротомы
ТШ ОСЧ 25-6: МЕСТ 12026-66
Дистильденген су: Сүзгіш қағаз
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 5962-67
Дистильденген су: Этил спирті 96%-ті ректификацияланған
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 381-69
Дистильденген су: Термометр
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 381-69
Дистильденген су: Хлороформ
ТШ ОСЧ 25-6: ТШ 6-09-183-70
Дистильденген су: Эозин Н индикаторы
ТШ ОСЧ 25-6: ТШ 64-1-1582-72
Дистильденген су: ГС 80 У 42 маркалы термостат
ТШ ОСЧ 25-6: ТШ 480-11-10-73
Дистильденген су: Шыныға жазатын қалам
ТШ ОСЧ 25-6: МЕСТ 20291-74
Дистильденген су: Пробиркалар
ТШ ОСЧ 25-6: МЕСТ 20292-74
Дистильденген су: Сиымдылығы 100, 200, 500 және 1000 мл болатын өлшеуіш колбалар
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 20292-74Е
Дистильденген су: Шыны пипеткалар
ТШ ОСЧ 25-6: МЕСТ 20292-74
Дистильденген су: Микротом пышағын қайрайтын қондырғы
ТШ ОСЧ 25-6: МЕСТ 9284-75
Дистильденген су: Микропрепаратқа арналған заттық шыны
ТШ ОСЧ 25-6: МЕСТ 9284-75
Дистильденген су: Микроскопқа арналған жапқыш шыны
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 4220-75
Дистильденген су: Екі хром қышқылды калий
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 2290-76
Дистильденген су: Пихта бальзамы
ТШ ОСЧ 25-6: ТШ 6-09-3803-77
Дистильденген су: Қышқыл фуксин (Рубин С)
ТШ ОСЧ 25-6: МЕСТ 9412-77
Дистильденген су: Медициналық мақта
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 8284-78
Дистильденген су: МБИ маркалы микроскоп
ТШ ОСЧ 25-6: ТШ 27-56-774-79
Дистильденген су: КШ - 240 маркалы тоңазытқыш
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 3118-79
Дистильденген су: Тұз қышқылы, ч. д. а., тығыздығы 1, 19 г/см 3
ТШ ОСЧ 25-6: МЕСТ 24104-80Е
Дистильденген су: Лабораториялық таразы
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 25336-82Е
Дистильденген су: Лабораториялық шыны ыдыстар
ТШ ОСЧ 25-6: МЕСТ 25 336-82Е
Дистильденген су: «Биолам Р-11» микроскобы
ТШ ОСЧ 25-6: ТШ 6-09-3637-87
Дистильденген су: Лабораториялық жұмыстарға арналған парафин
ТШ ОСЧ 25-6: МЕСТ 3164
Дистильденген су: Медициналық вазелин майы
ТШ ОСЧ 25-6: МЕСТ 20283
Дистильденген су: Полистирол
ТШ ОСЧ 25-6: МЕСТ 9949
Дистильденген су: Ксилол
ТШ ОСЧ 25-6: МЕСТ 27583
Дистильденген су: Тауық жұмыртқасының ақуызы
ТШ ОСЧ 25-6: МЕСТ 6304
Дистильденген су: Ақ түсті жіп, қағаз тігуге арналған
ТШ ОСЧ 25-6: МСТ 21241
Дистильденген су: Медициналық пинцеттер

АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста мынандай терминдермен анықтамалар қолданылды:

Атрофия - қоректі заттардың жетіспеуінен және зат алмасуының төмендеуіне байланысты торшалардың, тоқымалардың немесе мүшелердің көлемінің кішірейіп қызметінің әлсіреуі.

Гематоксилин-эозин бояуы - гистологиялық препараттарды шолып зерттеу үшін қолданылатын бояу тәсілі.

Гиперемия - белгілі бір мүшеде немесе тоқыма қан тамырларында қанның шамадан тыс көп жиналуы.

Туберкулез - адам мен жануарлардың созылмалы өтетін, сүтқоректілерде көбінесе өкпенің, құстарда бауырдың ерекше қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауруы.

Гастрит - қарынның кілегейлі қабығының қабынуы.

Гемоглобинурия - гемоглобин пигментінің зәрде болуы.

Дистрофия - зат алмасуының бұзылуынан торшалардың және тоқыма - лардың физикалық және химиялық қасиеттерінің және морфологиялық түрлерінің өзгеруімен сипатталатын патологиялық процесс.

Жұқа тілімдер - гистологиялық препараттар дайындау үшін парафин блоктарынан микротом арқылы алынатын материал.

Қабыну - организмнің ауру тудыратын факторларға қарсы бағытталған күрделі, кешенді, жергілікті қантамырлық мезенхималық қорғаныс реакциясы.

Қанталау - қанның тамырлардан шығып, тоқымаға жиналуы.

Энтерит - аш ішек кілегейлі қабығының қабынуы.

Периваскулярлы домбығу - қантамырлар айналасында домбығу сұйығының жиналуы.

Перицеллюлярлық домбығу - торшалар айналасында домбығу сұйығының жиналуы.

Перльс бояуы - гистологиялық препараттарда темір қосындыларын анықтайтын бояу тәсілі.

Плазморрагия - қантамырлар қабырғасына және қантамырлар айналасындағы қан плазмасының сіңу процесі.

Романовский - Гимза бояуы - қан элементтерін және дәнекер тоқыма торшалар түрлерін анықтайтын бояу тәсілі.

Стаз - капиллярда және ұсақ веналарда қан ағысының баяулауы немесе қанның кенеттен тоқтап қалуы.

Склероз - дәнекер тоқыманың өсуіне байланысты мүшелердің қатаюы.

Түйірлі дистрофия - торшалардың коллоидтық қасиеттерінің және ультрақұрылымдарының бұзылуына байланысты ақуыздық (белок) түйірлер түрінде көрінуі.

Шор әдісі - ұсақ жануарлар түрлерін сойып зерттегенде қолданады. Әдістің мәні: бас, мойын, көкірек, құрсақ, жамбас қуыстарында орналасқан мүшелердің табиғи байланыстарын бұзбай кешенді түрде алу.

1. КІРІСПЕ

1. 1Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы

Қазіргі кезде туберкулез ауруын дер кезінде анықтауда және емдеу шараларын жүргізуде көптеген жетістіктерге қол жетуіне қарамастан, күні бүгінге дейін ол бүкіл әлемде кең таралып, медико - биологиялық мәселе болып қалып отыр. Ветеринарлық ғылымның өзекті мәселелерінің бірі - бұл ірі қара малының туберкулез ауруынан толығымен сауығуы болып табылады. Қазіргі кезде туберкулез ауруы әлі де мал шаруашылығы саласына экономикалық шығын әкелуде және күрделі эпидемиологиялық қауіп тудыруда. Ірі қара туберкулезімен күресу жолының жетістіктері келесілермен анықталады: ауруды зерттеу деңгейімен; диагностикада қолданылатын тиімді әдістер және құрал- жабдықтарымен; ауылшаруашылықтың құрылу мүмкіндігімен; материалдық қамтамасыздандырумен; алдын алу және сауықтыру шараларды ұйымдастырумен. Туберкулез қоздырғышын Р. Кох (1882) ашқан болатын, ол ең бірінші рет аллерген- туберкулинді дайындады (1890) . 1924 жылы А. Кальметт және С. Герен адам туберкулезін өзіндік алдын алу үшін БЦЖ вакцинасын (BCG - Bacterium Calmett-Guerin, Кальметт-Герен бактериясы) жасап шығарды] . Туберкулез қоздырғышы - Mycobacterium tuberculosis . Микобактерияның тегі ішінді патогенді және патогенді емес микроағзалардың 30 түрі болады. Туберкулез ауруы 3 патогенді түрде болады: - Mycobacterium tuberculosis - адамда болады. Бұл түрді тек адам ғана емес, сонымен қатар шошқа да, мысық, ит, ірі қара да қабылдай алады, тек құстар ғана (тотықұстан басқасы) қоздырғыштың осы түріне шалдыға алмайды. - Mycobacterium bovis - барлық ауылшаруашылық, жабайы жануарларда, соынымен қоса адамда болады, тек құстарда болмайды. - Mycobacterium avium - үй және жабайы құстарда, шошқада, басқа да жануарларда болады, ал адамдар сирек шалдығады. Ірі қара туберкулезі ауруы Батыс Қазақстан облысы бойынша мониторингі тері ішілік туберкулинизациямен жүргізіледі, 2007 жылы 12 454, 7 мың бас тексеріліп, 593 бас оң көрсеткіш анықталды, 2008 жылы 12 474 мың бас тексеріліп, 399 бас белгіленді. Ірі қарада туберкулез кезінде көбінесе өкпесі зақымдалады, туберкулез ауруы созылмалы түрде өтеді, ал жас төлдерде - өткір болады. Туберкулез қоздырғышының факторлары ауру жануарлардың азығы, суы, мал жайылымдары, көң төсеніші және т. б. арқылы таралады. Жас төлдер туберкулезді көбінесе ауру жануарлардың сүтінен және көк сүт арқылы жұқтырады. Құрсақ ішінде де бұзаулар зақымдалуы мүмкін. Егер, жануарлар туберкулезге шалдыққан адамдармен, соның ішінде сауыншылармен байланысса, қоздырғыштың адамдық түрімен де зақымдануы мүмкін. Ірі қара малы мал қорада көбінесе аэрогенді жолмен, ал жайылымда - алиментарлы жолмен зақымдалады Ірі қара мал туберкулезі бойынша 2000 жылдан бастап 2011 жылға дейінгі эпизоотиялық ахуалды талдау жұмыстары көрсетуінше республикада 94 сау емес елді-мекендерде аталған ауру тіркелінген.

Бұл көрсеткіш Қазақстан Республикасы бойынша жалпы елді мекендерге шаққанда 1, 2% құрайды, оның ішінде, Ақмола облысында - 2 (0, 23%), Қарағанды - 13 (2, 3%), Қостанай - 48 (6, 5%), Жамбыл - 11 (4, 7%), Ақтөбе - 7 (1, 5%), Батыс-Қазақстан - 3 (0, 6%), Павлодар - 7 (1, 4%), Солтүстік-Қазақстан - 3 (0, 6%) елді мекен тіркелген.

1. 2 Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты: Ірі қара мал туберкулезінің патологиялық морфологиялық зерттеу.

Аталған мақсатқа жету үшін алдымызға келесі міндеттерді қойдық:

  1. Өкпе туберкулезін салыстырмалы патогистологиялық зерттеу;

2. Bio-Vision компьютерлік бағдарламасы арқылы морфометриялық әдіспен өкпедегі туберкулез кезінде пайда болған каверналар мен некроз ошақтарының қалыңдығын және көлемін (аумағын) анықтау.

Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы

Дипломдық жұмыс 2016-2017 жылдар арасында орындалды. Негізгі зерттеу материалдары туберкулезден өлген ірі қара мал өлекселері.

Зерттеудің тәжірибелік базасы Қазақ Ұлттық аграрлық университеті «Биологиялық қауіпсіздік» кафедрасындағы сойып зерттеу бөлмесі және Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарындағы кейбір шаруашылықтар.

2. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

2. 1 Ауруға қысқаша сипаттама

Туберкулез (Tuberculosis ) - адам мен жануарлардың созылмалы өтетін, сүтқоректілерде көбінесе өкпенің, құстарда бауырдың ерекше қабынуымен сипатталатын инфекциялық ауруы. Туберкулез (грек. Phthisis) - әр түрлі мүшелер мен ұлпаларда өзгеше іруге бейім бұдырмақтар (туберкулалар) пайда болуымен ерекшеленетін жұқпалы ауру.

Жер бетінде адамның пайда болуынан едәуір бұрынғы дәуірге жататын археологиялық қазбаларда жануарлар сүйегінде туберкулезге тән өзгерістер табылған. Өте ерте заманда бұл ауру Мысыр, Үндістан, Қытайда белгілі еді. Ертедегі Грекия мен Римде туберкулез туралы жазба деректерді Гипократ(б. э. д 4 ғ ), Гален тағы басқа қалдырды . Дәрігерлер сол кезде-ақ бұл аурудың жұқпалы екендігін білген, әсіресе Орта Азиялық дәрігер Әбу Әлі Ибн Сина (11 ғ ) аурудың жұғу жолдарына дейін тәптіштеп жазып қалдырды.

Ғылыми тұрғыдан туберкулез кезінде әр түрлі ағзаларда болатын өзгерістер және аурудың жұқпалылығын эксперимент арқылы дәлелдеу 17-19 ғасырларда кеңінен зерттелді. Бұл зерттеулердің ең биік нәтежиесі 1882 ж. Неміс ғалымы Р. Кохтың аурудың қоздырушы микробын ашуы болып табылады.

Сонымен бірге, Р. Кох 1890 ж туберкулинді ашты. Басында оны ғалым емдік, кейіннен басқадай пікірге келіп, диагностикалық дәрмек ретінде ұсынды. Ғылымның тағы бір үлкен жетістігі - 1921 ж . Франция Кальмет пен Гереннің БЦЖ деп аталған туберкулезге қарсы вакцина алуы еді. Бұл үшін ғалымдар 13 жыл бойы ауру қоздырушысының сиырға тән түрлі ет қосылған глицеринді картопта 230 мәрте ауыстырып сепкен еді. Вакцина адамды туберкулезге қарсы иммундеу үшін қолданылады.

2. 2 Қоздырушысы

Туберкулез қоздырушысының төрт түрі бар: Mycobacterium tuberculosis -адамды, Mycobacterium bovis -ірі қара малды, Mycobacterium avium - құсты, Mycobacterium piscium - балықты ауруға шалдықтырады. Жалпы алғанда бұл микробтың отыз бір түрі бар деп есептеледі. Олардың он сегізі қоректік ортада баяу өседі, оны жылдам өседі, ал үшеуі ерекше жағдай қажет ететіндіктен жасанды қоректік ортада өспейді.

Микробактериялардың жоғарыда келтірілгендерінен басқа түрлері потенциалды зардапты немесе зардапсыз болып есептеледі. Микробтың атиптік (телімсіз ), яғни әдеттегіден өзгеше түрлерге жатқызылатын бұл түрлері адамды микробактериоз деп аталатын дертке шалдықтырады, ал жануарларда параллегиялық реакциялар тудырады. Раньонның жіктемесі бойынша Mycobacterium avium атиптік микробактерияларға жатады.

Микробактериялар жіңішке, аздап иілген таяқшалар, кейде олардың бұтақтанған, жіпше созылған немесе домалақ бөлшектері болады. Қозғалмайды, спора мен капсула түзбейді. Айрықша қасиеті - қышқылға төзімділігі, ол микробтың құрамында микол қышқылының болу нәтежиесі. Қышқылға төзімді микроб. Қабынған мүше тіліндісін Циль-Нильсен әдісімен бояғанда микробактериялар ашық қызыл, ал басқа микробтар көк түске боялады.

Туберкулездің қоздырушысы түбегейлі ауасы бағалы микробтарға жатады. Ол құрамында глицерин бар қоректік орталарда жақсы өседі. Өсіру үшін глицеринді ЕПС мен ЕПА, Петраньянидің, Левенштейн-Иенсеннің, Гельберттің, Сатонның қоректік орталары қолданылады. Микробактериялар өте баяу өседі: адамға тән түрі жиырма отыз күн өткен соң, сиырға тән түрлі жиырма-алпыс, құсқа тән түрлі 11-15 күннен соң өсін береді.

Төзімділігі өте жоғары. Өсіндіде 8-10 ай өткен соң өледі . Қақырықта 5-6 ай, ірі-қараның тезегінде жазғы жайылымда екі ай, қысқы уақытта 5 ай, кей жағдайда одан да ұзақ сақталады. Ең төзімді түрі- М. avium . Кептіруге, шіруге, төменгі температураға өте төзімді. Күн сәулесі және жоғары температура тез жойып жібереді.

Туберкулездің қоздырушысы дезинфектанттарға төзімді. Зарарсыздандыру үшін хлорлы препараттар, олардың ішінде хлораминнің 3-5% ерітіндісі, 5% белсенді хлоры бар хлорлы әк, формальдегидтің сілтілік ерітіндісі (3% формальдегид және 3% күйдіргіш натрий) пайдаланылады. Қораны зарарсыздандыру үшін хлорлы және жаңадан сөндірілген әкпен ағартуға болады.

2. 3 Клиникалық белгілері

Аурудың жасырын кезеңі (жұққан сәттен туберкулинге оң реакция бергенге дейін) 14-40 күн. Туберкулез әдетте созылмалы, көбінесе көзге түсер белгілерінсіз өтеді. Сырт көзге әсіресе аурудың бастапқы кезінде ауырған малдың сау жануардан еш айырмашылығы болмайды. Ауырған малдың тек аллергиялық немесе серологиялық зерттеу арқылы анықтау мүмкін, ал туберкулезге тән зақымдану сойылған малдың ұшасы мен ағзаларын зерттеген сәтте байқалады. Ретті түрде малды туберкулинмен тексеріп тұру аурудың бастапқы сатысы кезінде байқауға мүмкіндік тудырады. Туберкулездің клиникалық формасының көзге түсуі аурудың ұзақ уақыт бойы орын алғандығын көрсетеді.

Дерт процесінің денеге орын тебуіне байланысты туберкулездің өкпедегі және ішектегі түрін ажыратады. Сонымен қатар желіннің, сірлі қабықтарынң зақымдануы генетикалық және денені жайлаған түрі кездеседі.

Шартты түрде туберкулездің ашық және жабық немесе жасырын түрлерін ажыратады. Ашық туберкулез кезінде ауру қоздырушысы нәжіспен, несеппен, сүтпен, қақырықпен сыртқа бөлініп шығады да жабық туберкулез кезінде айналасы қабыршықтанған дерт ошақтарынан микроб денеден сыртқы ортаға шықпайды. Ішек, желін зақымданған кезде туберкулез процессі әрқашанда ашық болып есептеледі.

Ірі қараның туберкулезі кезінде өкпе жиі зақымдалады. Бұл жағдайда дененің ыстығы біраз көтеріледі. Оқтын оқтын қатты жөтел пайда болады. Ауру созылмалы болғанда жөтел бәсеңдеп, дыбыссыз, бірақ азапты сипат алады. Қақырық түсуі байқалмайды деседе болады. Жөтелген кездегі тыныс жолдарынан бөлінген соран мал жұтып қояды немесе ол мұрыннан ағып тұрады. Көрінетін кілегейлі қабықтары бозғылт тартады. Өкпені тыңдағанда сырыл естіледі. Перкуссия кезінде дыбыстың әлсіреген ошақтары табылады. Ішек зақымдалған кезде іш өтіп қоңдылығы күрт төмендеп, жануарлардың әлсіздігі еселеп арта түседі. Желін зақымданған кезде желін үсті сөл түйіні ұлғайып қатайады, беті бұжырланып, қозғалуы шектеледі. Желіннің зақымданған бөлігін басып көргенде қатайған, аурсынбайтын бөлшектер сезіледі. Зақымдану аса қатты болса желіннің сыртқы тұрпаты өзгеріп бір жағына қисайады. Сауып көргенде сүттің сұйылып, қан немесе ірімік араласқанын байқауға болады. Жыныс мүшелері зақымданған сиырлар уақытсыз күйлеп, қысыр қалады, ал бұқаларда орхит кездеседі.

Бойды жайлаған туберкулез кезінде тысқары орналасқан сөл бездері (жақ астындағы, жауырын алдындағы, шаптағы, желін үстіндегі) ұлғайып, қозғалысы шектеледі.

2. 4 Аурудың патогенезі

Ауру бұзауға сүтпен, ал ересек ірі қара малға аэрогенді жұғады. Қоздырушы сырқаттанған аналық малдан құрсақтағы төлге берілуі мүмкін. Аурудың жасырын кезеңі белгісіз.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл шаруашылық малдарының кеселге шалдығуы
Аурудың өту ұзақтығына байланысты фиброзды - кавернозды өкпе туберкулезінің морфологиясы
ІҚМ безноитиозының патологиялық морфологиясы
Лептоспироз туралы мәліметтер
Жануарлардың патологиялық анатомиясы. Пастереллез
Құстың туберкулез ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Этиологиясы Қоздырғышы - Mycobacterium avium, Mycobacterium mycobacteriaceae тұқымдасы
Алғашқы туберкулез кешені: анықтамасы, сатылары, рентгенологиялық сипаттамасы. Клиника. Диагностика. Асқынулар
Өкпенің диссемнацияланған туберкулезі
Құстың туберкулез ауруы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz