Іле – Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ

ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

Тумбаев Болат Алимханович

Іле - Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСЫ

5В080400 - Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау мамандығы бойынша

АЛМАТЫ 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ

Технология және биоресурстар факультетi

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Іле - Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы

Беттер саны _____
Сызбалар мен көрнектi материалдар саны____

Орындаған : Тумбаев Болат Алимханович

2018 ж. ____ _____________ қорғауға жiберiлдi

Кафедра меңгерушiсi, __________ Лукбанов В.М.

Жетекшiсi: __________ Дабжанова С.Т.

Сарапшы __________ Мамилов Н.Ш.

Нормаконтроль ___________ Токсабаева Б.С. - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - - -

АЛМАТЫ 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ КЕАҚ

Технология және биоресурстар факультетi

Мамандығы 5В080400 - Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау

Ара, құс және балық шаруашылығы кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент: Тумбаев Болат Алимханович

Жұмыс тақырыбы: Іле - Балхаш бассейіндегі кәсіптік маңызы бар балық түрлерінің биологиялық сипаттамасы

Университет бойынша 2018 ж "_____"___________ № _____бұйрығымен бекiтiлген
Дайын жұмысты тапсыру мерзiмi 2018 ж "_____" ______________

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:
1. Балқаш көлінің экологиялық жағдайы.
2. Көксерке балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері
3. Тыран балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері
4. Кәсіптік балықтардың биологиялық алуан түрлілігін сақтау үшін жүргізілетін шаралар
5. Балқаш су алабындағы теңбіл талма балығының морфологиялық өзгергіштігі

Ұсынылатын негізгі әдебиет

1.К.Күленов.Қазақстанның балық байлығы.Алматы:Қазақстан,1967-212бе т.
2.Қаженбаев Сырым. Өнеркәсіптік негізде балық өсіру:мүмкіндік пен тиімділік.Алматы:Қайнар,1986-88бет.
3.Телеуғалиев Т.М. Балық өсіру.Алматы:Қайнар,1990-248бет.
4.К.К.Күленов,С.К.Күленова. Балық шаруашылығының орысша-қазақша қысқаша сөздігі.Алматы:Қайнар,1971-160бет.
5.Р.С.Сәрсенбаев. Тоған шаруашылығы.Алматы:Қайнар,1984-108б ет.
6.Ә.А.Бәйімбет,С.Р.Темірхан Қазақстанның балықтәрізділері мен балықтарының қазақша-орысша анықтауышы. Алматы:Қазақ Университеті,1999-347бет.
7.К.К.Күленов,С.К.Күленова Балық шаруашылығының орысша-қазақша түсіндірме с сөздігі, Алматы Қайнар, 1980ж-256 бет.
8. Қайымов К. Балықтар әлемінде, Алматы: Қайнар, 1973ж - 192 бет.
9. Рыбы Қазахстана: І-V том - Алматы: Наука, 1986ж-192бет.
10. Қазақ Совет Энциклопедиясы - Алматы, 1972-1978жж

Жұмыстың тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Әдебиетке шолу
Дабжанова С.Т.
Қазан, 2017 ж

Материалды зерттеу әдістері
Дабжанова С.Т.
Қараша, 2017 ж

Негізгі бөлім
Дабжанова С.Т.
Желтоқсан, 2017 ж

Кафедра меңгерушісі ________________________ Лукбанов В.М.

Дипломдық жұмыс жетекшісі __________________ Дабжанова С.Т.

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент _______________________ Тумбаев Б.А.

Дипломдық жобаны орындау
ГРАФИГІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
1
Кіріспе
Қазан, 2017 ж
Орындалды
2
Әдебиетке шолу
Қазан, 2017 ж
Орындалды
3
Зерттеу әдістері мен материалдары
Қараша, 2017 ж
Орындалды
4
Балқаш көлінің экологиялық жағдайы.
Қараша, 2017 ж
Орындалды
5
Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймаққа физикалық географиялық сипаттама
Қараша, 2017 ж
Орындалды
6
Көксерке балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері
Қараша, 2017 ж
Орындалды
7
Тыран балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері
Желтоқсан, 2017 ж
Орындалды
8
Кәсіптік балықтардың биологиялық алуан түрлілігін сақтау үшін жүргізілетін шаралар
Қаңтар, 2018 ж
Орындалды
9
Балқаш су алабындағы теңбіл талма балығының морфологиялық өзгергіштігі
Қаңтар, 2018 ж
Орындалды
10
Қорытынды
Ақпан, 2018 ж
Орындалды
11
Пайдаланған әдебиеттер
Наурыз, 2018 ж
Орындалды

Кафедра меңгерушісі ________________________ Лукбанов В.М.

Дипломдық жұмыс жетекшісі __________________ Дабжанова С.Т.

Тапсырманы орындауға қабылдадым, студент _______________________ Тумбаев Б.А.

МАЗМҰНЫ
БЕТ.
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР
7
АНЫҚТАМАЛАР
8
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
9
КІРІСПЕ
10
2
Әдебиетке шолу
11
2.1
Балхаш бассейнінің ихтиофаунасының тарихи дамуы
11
2.2
Көксерке балығының систематикасы мен биологиясы
12
2.3
Сазан балығының систематикасы мен биологиясы
13
2.4
Тыран балығының систематикасы мен биологиясы
14
2.5
Жайын балығының систематикасы мен биологиясы
15
2.6
Балқаш көлінің экологиялық жағдайы.
16
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
22
3.1
Зерттеу жұмыстарының материалдары мен әдістемелігі
22
3.1.1
Зерттеу жұмыстары жүргізілген аймаққа физикалық географиялық сипаттама
22
3.1.2
Зерттеу материалдары мен әдістемелігі
28
3.1.3
Балықтардың биологиялық талдауы
28
3.2
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
31
3.2.1
Көксерке балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері
31
3.2.2
Сазан балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері
33
3.2.3
Тыран балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері
34
3.2.4
Жайын балығына жасалған зерттеу жұмыстарының нәтижелері
36
3.2.5
Кәсіптік балықтардың биологиялық алуан түрлілігін сақтау үшін жүргізілетін шаралар
38
3.2,6
Теңбіл талма балығының биологиялық көрсеткіштері
41
3.2.7
Популяцияның жастық құрамы
43
3.2.8
Қолайсыз жағдай индексі және морфопаталогия
44
3.2.9
Балқаш су алабындағы теңбіл талма балығының морфологиялық өзгергіштігі
45

ҚОРЫТЫНДЫ
53

ҰСЫНЫСТАР
54

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
55
НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР

ГОСТ 7.1 - 2003 Библиографиялық көшірме.Құжаттың бибиографиялық сипаттамасы. Құрылудың жалпы талаптары мен ережелері
ГОСТ 7.32-2001 Кітапхана және баспа жұмыстарының мәліметтері бойынша стандартты жүйесі. Ғылыми-зертеу жұмыстары бойынша есептер. Безендіру құрлымы мен ережесі.
ГОСТ 17.1.1.01.-77. Суды пайдалану мен қорғау. Негізгі терминдер мен анықтауыштар.
ГОСТ 12.0.004-90. ССБТ Еңбектің қауіпсіз жағдайын үйрету ұйымы.
ГОСТ 427-75 Өлшегіш метал сызыңғыштар. Техникалық жағдайлар.
ГОСТ 1625-89 Техникалық формалин. Техникалық жағдай.
ГОСТ 1770-74 Зертханалық өлшегіш шыны ыдыстар. Цилиндрлер, мензуркалар, колбалар, пробиркалар. Жалпы техникалық жағдайлар.
ГОСТ 6709-72 Дистелденген су.
ГОСТ 9284-75 Микроперепараттарға арналған жабын шынылар. Техникалық жағдайла.
ГОСТ 18300-87 Техникалық тазартылған этил спирті. Техникалық жағдайда.
ГОСТ 19908-90 Тигелдер, табақшалар, стақандар, колбалар, воронкалар, пробиркалар және кварц шыныдан жасалған мөлдір ұштық. Жалпы техникалық жағдайлар.
ГОСТ 21240-89 медициналық скальпельдер мен пышақтар. Жалпы техникалық жағдайлар және сынау әдістері.
ГОСТ21241-89 медициналық шаншушылар.
ГОСТ 24104-2001 Зерханалық жалпы жағдайында және үлгі таразылары. Жалпы техникалық жағдайлар.
ГОСТ 25336-82 Зерханалық шыны жабдықтар мен ыдыстар. Негізгі параметрлер, өлшемдері мен типтері.
ГОСТ25706-83 Лупалар немесе үлкейткіш шынылар. Негізгі типтері мен парамертлері. Жалпы техникалық жағдай.
ГОСТ 7636-85 Балықтар, теңізсүтқоректілері, теңіз омыртқасыздары және оларды өңдеу өнімдері. Талдау әдістері.
ГОСТ 50 380-92 Балықтар және балық өнімдері. Терминдері мен анықтауыштар.
ГОСТ 24896-81 Тірі балықтар. Техникалық жағдай.

АНЫҚТАМАЛАР

Осы диплом жұмысында қолданған терминдердің төмендегідей анықтамалары бар:
Ювинальді - жыныстық жағынан жетілмеген дарақтар.
Фитофильдер - уылдырығын су өсімдіктеріне шашатын балықтар.
Фитофаг - өсімдіктермен қөректенетін организм.
Кәсіптік аулау - белгіленген бір уақыт кезеңінде қолданылатын аулау құралдарының жалпы саны.
Уылдырық шашу - балықтардың қоректену немесе қыстау аймағынан уылдырық шашатын жерге көшуі.
Шабақ - барлық денесі қабыршақпен қапталған, сыртқы пішін бойынша балыққа ұқсас.
Абиотикалық фактор - судың физико-химиялық қасиеті.
Екі жылдық - екі вегетациялық кезең өмір сүрген балық.
Порционды - уылдырықтарын бөліп-бөліп шашуы.
Балық питомниктер - балық өсіретін материалдарды өсіру.
Ихтиофауна - суқоймадағы гидробионттардың түрлік құрамы.
Популяция - белгілі бір аймақта мекендейтін, белгілі аймақта уылдырық шашып, қыстайтын, бір түрге жататын түрлі балық топтарын белгілейтин термин.
Фитопланктон - су қабатының төменгі сатысындағы бір клеткалы балдырлар мен бактериялар.
Фультон бойынша қондылық - толық салмағы бойынша қондылық коэффициенті.
Кларк бойынша қондылық - іш құрлыссыз салмағы бойынша коэффициент қондылығы.
Планктон - су қабатын мекен ететін гидробионттар.
Дернәсіл - аралас қорекке көшу уақытына қабыршақтың бастамасы салынғанға дейінгі уақыт.
Ихтиология - балықтар жайындағы ілім.
Бентофаг - бентоспен қоректенетін организм.
Биологиялық мелиорация - ихтиофаунадағы түрлік құрамының жоғарлауы үшін жүргізілетін шаралар; маңызссыз балықтарды аулау; кәсіптік және бағалы балықтардың тіршілік жағдайына қолайлы орта туғызу; жыртқыш және өсімдікқоректі балықтарды суқоймаға жерсіндіру.
Аккилиматизация - белгілі бір түрмен олардын ұрпақтарын жаңа бір ортаға жерсіндіру.
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН МӘНДЕР

min - минимум;
maх - максимум;
Juv - ювинал;
м - метр
Сv - өзгергіштік коэффициент; немесе виреабелдік коэффициент;
X - арифметикалық орташа;
Mx - арифметикалық орташаның қателігі;
Р - айырмашылық сенімділігі;
Q - балықтардың толық салмағы;
q - балықтардың іш құрлыссыз салмағы;
L - балықтардың толық ұзындығы;
l - құйрық қанатсыз ұзындығы;
n - балық саны;
мм - миллиметр
♀- аналық
♂- аталық
см - сантиметр
кг - килограмм
г - грамм
т - тонна
км2 - 1 шаршы шақырым
км3 - 1 куб шақырым
га - гектар
ж. - жыл
% - пайыз
т.б - тағы басқа
Қ.У.Ш.Ө.Ш - Қапшағай уылдырық шашу-өсіру шаруашылығы
ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Адамзаттың шаруашылықтық іс әрекетінің және қоғамның қарқынды даму барысында көптеген су жануарларының, соның ішінде балықтар түрлерінің тіршілік ету жағдайының өзгеруі көбею экологиясы мен кейбір балық түрлерінің дамуының өзгерісіне әкелді.
Балық қорын рациональды пайдаланудың ғылыми негізін дамыту және балық өсіру шаруашылығының даму қарқындылығы балықтар жайлы білімдерді және олардың әртүрлі қоршаған орта факторларының әсеріне реакциясы туралы мәліметтерді білуді қажет етеді.
Балықтардың алуан түрлілігін қорғай және сақтай отырып рациональды пайдалану балық шаруашылықтарының негізгі мақсаттарының бірі болып саналады. Бұндай мәселелерді шешу бүкіл онтогенез кезеңін қамтитын балықтар физиологиясы, морфологиясы, экологиясы сияқты нақты білімсіз болуы мүмкін емес.
Соның ішінде балықтарының сазан, көксерке, тыран, жайын биологиялық ерекшеліктері зерттелмеген.
Дипломдық жұмысымның мақсаты Балхаш көліндегі кәсіптік маңызы бар балықтарының биологиялық жағдайын зерттеу. Жұмысымның мақсатына байланысты келесі міндеттер қойылды:
oo Іле-Балхаш бассейіне физикалық-географиялық сипаттама беру;
oo Сазан, көксерке, тыран, жайын кәсіптік маңызы бар балықтар түрлеріне биологиялық талдау жүргізу.

2 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
2.1 Іле -Балхаш бассейнінің ихтиофаунасының тарихи дамуы

Балхаш-Алакөл бассейнінің тарихы геологтармен (мысалы, Каспий, Арал және Зайсанға қарағанда) аздап толық зерттелген. Алакөл көлінің барлық жүйесін қамтитын Үлкен Балхаш көлі деңгейінің өзгеруі толық құрғап кетуге алып келіп, онда бұрыннан тірішілік ететін ихтиофауна толық жойылып, орнына таулы өзендердің ихтиофаунасымен алмастырған [1].
А.М.Никольскийдің ойы бойынша Балхаш ертедегі Ханхай суқоймасының қалдығы және оның пайда болуы үштік кезеңге жатады [2].
Бұл сұрақты В.А. Обручевта растайды. Бұл ойлар бойынша кейбір палеонтологиялық дәлелдер бар. Андреевка ауылында (Талдықорған облысы) ҚазССР Ғылым Академиясы зоология институтының палеонтологтары тапир және даталанған эоциндермен бірге көмілген амия балықтардың қалдықтарын тапқан.
Төрттік кезеңде Балхаш көлі кеуіп кеткен және көптеген зерттеушілердің айтуы бойынша ортаңғы және жоғарғы плейстоценде, голоценде Балхаш және Алакөл арасында ешқандай байланыс болмаған, осы ойға гидробиологтар қосылады. Балхаш Алакөлмен байланысын мұзды дәуірден кейін үзген. К.В.Курдюковтың айтуы бойынша (1951) Алакөлден солтүстікке қарай қазіргі тереңдігінен шамамен 400 м биіктікте көлдік терассаның бар. Осыған орай, ол Балхаш пен Алакөл арасында байланыс орнағанын дәлелдейді.
Л.С.Бергтің ойы бойынша (3) Балхаш көлі салыстырмалы жақын уақытта түгел кеуіп кеткен. Балхаш қазіргі кездегі күйі бойынша - салыстырмалы жас көл; оның шұңқырлары бұрын құрғақ болған. Бұл жағдайды Л.С.Берг мұзды дәуірден кейін болған деп есептейді.
Ф.А.Турдаковтың ойы бойынша бұрынғы кезде осында көл болған, Іле және Ыстықкөл бассендерінде ол ағып кету құбылысы болуы мүмкін. Тюп және Ирису өзендерінің ағып кету бағытының ауысу мүмкіншілігін жою Ыстықкөл және Балхаш көлінің арасындағы ихтиофаунаның ауысу мүмкіндігін туғызады. Бұл болжау күмән туғызбайды, бірақ түсінікті емес. Ыстықкөл ихтиофаунасының шығуы Балхаштан келген келімсектерге байланысты. Ф.А. Турдаковтың жазуы бойынша Батыстағы Сан-Таш өрінде Ыстықкөл көліне жақын түр Sch. issykkuli тіршілік етеді. Сонымен, Ф.А. Турдаковтың айтуынша таулы-азиаттық түрлер Балхаш бассейнінен шыққан. Оның көзқарасы бойынша Балхаштан Ыстықкөлге қара балықтар және көкбас балықтар енген, Балхаш бассейнінің таулы-азиаттық элементтері Іле өзенінің жоғарғы ағысынан, Нарын және Тарим өзендері арқылы енгенін А.А. Баймбетов та (4) жанама қолдайды.
Егер Л.С. Бергтың айтқаны рас болып, Балхаш шынымен мұзды кезеңнен кейін құрғаған болса, онда қара балық және талма балықтар үшін бастапқы суқойма болуы мүмкін емес.
"Балхаш фаунасына таулы-азиатық өкілдері қайдан келген?" деген сұрақ туады. Мүмкін олар Ыстықкөл бассейні арқылы енген шығар, әйтпесе біз N. strauchi-дан бастап барлық талма балықтарын, D. Dybowskii-ден бастап көкбас балықтарын және қара балықтарды Қандысу және Ұласты өзендерінен, Зайсан бассейнінен енді деп айтуымызға тура келер еді. Мүмкін, Ф.А. Турдаков Балхаш және Ыстықкөл ихтиоафунасының тарихи бірізділігін зерттеудің нәтижесінде автоматты түрде балықтардың таралу жолына ауысып кеткен болар.
Сонымен, Балхаш бассейніне таулы-азиаттық түрлердің Ыстықкөл бассейнінен келген. Бұл олардың Балхашта пайда болғанының ең дұрыс жолы [5].

2.2 Көксерке балығының систематикасы мен биологиясы

Тип: Chordata - хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata - омыртқалылар
Класс үсті: Gnatohostomata - жақтылар
Класс: Osteichthyes - сүйекті балықтар
Отряд: Perciformes - алабұғатәрізділер
Тұқымдас: Percidae - алабұғалар
Туыс: Stizostedion - көксеркелер
Түр: Stizostedion lucioperca - көксерке

Көксерке Қазақстан мен Орта Азияның барлық дерлік су қоймаларында таралған жыртқыш балық, еті өте дәмді, ұсақ қылтандары болмайды. Көксерке (судак) өзен, көлдерде, теңізде өседі. Көбіне судың түбінде болады, кейде оның бетіне де көтеріледі. Ол планктонға бай, оттегі мол су қоймаларын ұнатады. Көксерке лайлы және ластанған, сондай-ақ жағаларында өсімдік өскен су қоймаларында күн көре алмайды, қырылып қалады. Өзен атыраулары мен көл жағалауларына, қайыршақ тасты жерлерге сәуір-мамыр айларында судың температурасы 10-16 градус болғанда уылдырық салады. Көксерке теңіздерде де өседі және ол еш уақытта тұщы суға өтпейді. Сол жерде өсіп-өніп қыстайды.
Өзен - көлдерде ол уылдырықты 1 метрге дейінгі тереңдікте өсімдік түбірінің үстіне төгеді. Ұзындығы 50 см-дей, салмағы 3,5 кг-ға жететін ірі көксеркені уылдырығында 1 миллионға жуық түйіршік болады. Жалпы оның ұзындығы 50-120 см - ге, салмағы 6-10 кг-ға дейін барады. Ол уылдырық шашып болған соң, көксерке өзеннің ең таза аймағына, көлде ең терең жеріне кетеді. Ол өзінің шабақтарын сондай-ақ, басқа да ұсақ балықтарды қорек етеді. Жас көксерке құрттар мен личинкалар және планктон организмдермен қоректенеді. Көлдерде көксеркенің жас шабақьтарының азық жөнінен бәсекелестері - планктон қоректенетін балықтар, ол ересектері фарель, шортан және жайынмен талас жүреді. Алабұға мен шортан көксеркенің жауы, өйткені олар мұның жас шабақтарын жеп құртады. Балықшылар көксеркені сүзені, құрма аулармен, әуесқойлар қармақпен, спинингпен аулайды. Жазда таң сәріде жақсы ауланады. Көксерке тереңдікті тәуір көреді, тайыз, шөп өскен жерлерде сирек кездеседі.

2.3 Сазан балығының систематикасы мен биологиясы

Тип: Chordata - хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata - омыртқалылар
Класс үсті: Gnatohostomata - жақтылар
Класс: Osteichthyes - сүйекті балықтар
Отряд: Gypriniformes - тұқы тәрізділер
Тұқымдас: Cyprinidae - тұқылар
Туыс: Cyprinus - сазандар
Түр: Cyp. Carpio arabnsis Spitcshakov - арал сазаны

Сазан - кәсіптік маңызы зор, бағалы балық. Ол тез жетіледі, еті өте дәмді. Терісі теңге қабыршықпен қапталған. Етінің сапасы мен тағамдық қасиеті басқа балықтардан көш ілгері тұрады. Етінің майлылығы - 4,1%, белогы - 16,5 %. Сазан Қара теңіз, Каспий және Арал теңіздерінде, Еділ, Жайық, Нұра, Амур, Шу өзендерінде, Балхаш көлі мен Орта Азия республикаларының барлық су қоймаларында кең тараған, тіпті Алтай өлкесінің су қоймаларында да жақсы өседі.
Сазан судың температурасына, оттегінің және азық қорының мөлшеріне талғамсыз. Тіпті батпақты (лай) тоғандарда да тіршілік ете береді. Сондықтан оларды қолдан жасалған су қоймаларында жаппай өсіреді. Жүрген жерінже өсімдіктер мен жәндіктердің арасынан өзіне қажетті қоректік азықтарды тез тауып алады. Личинколарды, құрттар және ұсақ шаяндарды, малюскаларды, дәнді бұршақты, картопты қорек етеді.
Сазан 3-4 жасында жыныстық жағынан жетіледі. Уылдырықтарын судың жылылығы 18-19 градусқа жеткенде, сәуір айының ортасынан бастап шілде айының аяғына дейін шашады. Оның ұрықтылығы өте жоғары. Уылдырық түйіршіктерінің саны 96 мыңнан 1 миллион 810 мыңға дейін жетеді. Уылдырығын жайылма суларға шығып, су түбіндегі өсімдіктердің түбіне, сирек өскен қамыс-қоғаның арасына шашады. Алдымен майда сазандар, кейін орташа, ең соңында ірі сазандар уылдырықтайды. Бір еркегінің қасында 10-15 ұрғашысы еріп үйіріліп жүреді. Сазан бұл мезгілде азықтанбайды, уылдырықтар су астындағы өсімдіктердің өн бойына, сабақ бұтақшаларына жабысып қонады.
Ауа-райының қолайлы жағдайында сазан уылдырығынан шыққан личинка 2 күн бойы өсімдікке жабысады. Олар бастапқы кезде коловротка және шаянтәрізділермен қоректенсе, 18-20 күннен кейін зоопланктон және хирономид личникаларымен азықтанады. Сазан жедел өседі, сазанның алғашқы жылғы уақ шабақтарының өзі 100 грамға дейін тартады, ал екінші жылы 500-700 грамм, тіпті 1 килограммға жетеді.
Сазан ұзақ уақыт - 50 жылдай тіршілік етеді. Кейбіреуінің салмағы 20 кг (өте сирек) тартады.
Судың жылылығы 1-2 градусқа төмендегенде қысқы орны- су түбіндегі терең апандарға кетеді де үйірімен шоғырланып жатып алады.
Сазанның жаулары - жайын, шортан, алабұға, көксерке, ақмарқа сияқты жыртқыш балықтар және қара үйректер.
Әуесқойлар сазанды ұсақ шаянның етін, нан, бұршақ дәндерді жем жасап қармақпен аулайды. Оны таңертеңнен бастап түске дейін мол аулауға болады. Ал, балықшылар сазанның кең көз сүзекі, аумен, қабада, катештермен аулайды.

2.4 Тыран балығының систематикасы мен биологиясы

Тип: Chordata - хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata - омыртқалылар
Класс үсті: Gnatohostomata - жақтылар
Класс: Osteichthyes - сүйекті балықтар
Отряд: - Cypriniformes - тұқытәрізділер
Тұқымдас: Cyprinidae - тұқылар
Туыс: Abramis - тырандар
Түр: Abramis brama hinnalus - тыран
Түрше: Ab.brama orientalis Berg - шығыс тыраны
Тыран республикамыздың су қоймаларында кеңінен тараған кәсіпшілік балық. Орта Азия республикаларының су қоймаларында да өседі. Соңғы жылдарда тыранды жерсіндіру мәселесі мықтап қолға алынды; қәзір солтүстік, шығыс және оңтүстік облыстарының көптеген су қоймаларында өсірілді.
Тыран бөгеген суларда жақсы өсіп-өнеді. Тыранның еті дәмді, майлылығы 4 %, белок 17%. Тыран уылдырықтар алдында едәуір серуендеп алады. Тыран жартылай көшпелі және тұрақты болып екіге бөлінеді. Тыран суы тұнық та терең өзен, көлдерді ұнатады, бірақ жазда азығы мол тайыз аймақтарда болады. Жартылай көшпелі табанның уылдырықтар алдында көтерілуі сәуір айында басталады. Ол ағысқа қарсы жоғары көтеріліп өзеннің арнасын жапсарлап шоғырланады.
Тыран үйірсек келеді, басқа балықтармен салыстырғанда өте сақ, тәжірбиелі жетекшісімен үш бұрыш жасап жүзіп жүреді. Бастаушы балық біраз оқшау және міндетті түрде үйірден жоғарырақ болады. Ол бір жаққа бұрылса, бүкіл үйір оның соңынан ереді. Тұрақты табан жылдар бойына өзінің ұнатқан мекенінде құмдауыт шұңқырларда немесе қайраңдарда болады. Тыранды тұнық өзен, көлдерден, тоғандардан іздстіруге болады. Салмағы 1 килограмдық, одан да асатын табанды кез-келген шортан жұтып жеп қоя алмайды. Сондықтан кейде жыртқыш балықтар - көксерке, шортандармен бірге табанда жүре береді.
Тыран 3-4 жасында жыныстық жағынан өсіп жетіледі. Ол оңтүстіктегі су қоймаларында наурыз-сәуірде, солтүстікте мамыр-маумсымда уылдырықтайды, оны өсімдіктерге бай жағалық тайыз аймақтарға салады. Уылдырықтап болғаннан кейін көлге кетіп, мұндай тайыз жерлерде болады. Оттегі аз су қоймаларында өмір сүре алмайды.
Тыран құрт-құмырсқалардың лиинкаларын, малюскаларды және басқа да су түбіндегі ағзаларды қорек етеді. Тыран уылдырық шашу кезінде қоректенбейді, уылдырық салғаннан кейін мықтап қоректенеді, бұдан соң оның азықтануы біраз тежеледі де, күзгі жортуыл кезінде қайта күшейеді. Салқын түсе табан су түбіндегі шұңқырларға қыстауға жатады.
Тыранды қыстауға бет алғанда, көктемде және уылдырық салғаннан кейін алғашқы күндері қармақпен жақсы аулауға болатындығын әуесқой балықшылардың тәжірбиесі көрсетіп береді; негізгі тұрағы болып саналатын шұңқырдан шұңқырда да ойдағыдай ауланады. Тыран жыраларды, құлаған топырақ кесектері бар терең жерлерде, шалқып тасыған лай суда жақсы ұсталады. Тыранды көктемде аулау өнімді келеді.
Тыранды аулау балықшының өте шебер болуын талап етеді. Оны аулағанда жақсы тасаланып отыру керек. Тыранды қармақпен, сүзекі, қабадамен аулайды. Түрлі азықтық өсімдіктер, шыбын-шіркей, қызыл құрт жем болады. Тыран таң сәріде және ай жарығанда жақсы ауланады.

0.5 Жайын балығының систематикасы мен биологиясы

Тип: Chordata - хордалылар
Тип тармағы: Vertebrata - омыртқалылар
Класс үсті: Gnatohostomata - жақтылар
Класс: Osteichthyes - сүйекті балықтар
Отряд: - Osteichthyes - жайынтәрізділер
Тұқымдас: Siluridae - жайындар
Туыс: Silurus - жайындар
Түр: Silurus glanis Linnaeus - кәдімгі жайын

Жайын - денесі жалаңаш (қабыршақсыз), созылыңқы, жұмсақ терімен қапталған. Басы көлемді, жалпақ дорсавентральді. Аузы үлкен, астыңғы жағы шығыңқы, басының ұзындығының 60%-тін құрайды.
Жақтарында майда артқа қайырылған конус тәрізді өткір тістері бар. Көздері кішкентай ауыз бұрыштарының жоғарғы жағында орналасқан.
Жайын балығының мұртшалары 3 жұп болып келеді. Бір жұбы үстіңгі жақта, ал қалған екеуі астыңғы жақта орналасқан. Үстіңгі жақ мұртшалары ұзынырақ болып келеді және денесінің төрттен бір бөлігінен немесе одан да көп.
Жайын балығы тез өседі. Шабақтар мамыр айының аяғында орташа 1,5 см- 2,8 см ұзындыққа ие болады. Жыныстық жетілуі 3-4 жылдық кезінде, кейде аналықтар 2 жылдық жас шамасында жыныстық жетіледі.
Жайын - жыртқыш балық, оның қорегінің негізгі бөлігі балықтардан тұрады.
Уылдырық шашу экологиясы бойынша жайын балығы литофильді балықтарға жатады. Субстрат ретінде олар уылдырықтарын (қамыс, қоға) 30-70 см тереңдіктегі суасты өсімдіктеріне шашады, кейде 160 см тереңдіктерде кездесуі мүмкін. Көбіне жайындар өсімдіктерден ұяшықтар жасайды. Уылдырық шашу кезінде неке ойындары жүреді, олар әсіресе таң ертең және кешке.

2.6 Балқаш көлінің экологиялық жағдайы.

Балқаш - Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тұйық көл. Аумағы жөнінен Каспий, Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Алматы, Жамбыл, Қарағанды облыстарының шегінде, Балқаш-Алакөл ойысында, теңіз деңгейінен 340 м биіктікте жатыр. Ауданы құбылмалы: 17 - 22 мың км2, ұзындығы 600 км-ден астам, ені шығыс бөлігінде 9 - 19 км, батыс бөлігінде 74 км-ге жетеді. Суының көлемі шамамен 100 - 110 км3. Су жиналатын алабы 500 мың км2-ге жуық. Орташа тереңдігі 6 м, ең терең жері 26 м. Балқаштың батыс бөлігіне Іле (жер бетімен келетін судың 78,2%-ын береді), шығыс бөлігіне Қаратал (15,1%), Лепсі (5,4%), Ақсу (0,43%) өзендері құяды. Солтүстіктен ағатын Аягөз, Бақанас, Тоқырауын, Жәмші, Мойынты, т.б. өзендер әдетте көлге жетпей сарқылады. Көлдің солтүстік жағалауы Сарыарқаның ұсақ шоқылы тау сілемдерімен ұштасып жатқандықтан, биік жарқабақ болып келеді және көптеген жыра-жылғамен тілімденген, ал оңтүстік жағалауы - суы біртіндеп тартылған кезде жиналған шөгінділерден пайда болған құмды ойпат. Көлдің көптеген шығанақ, қойнаулары бар, аралдары аз, үлкендері: Басарал, Тасарал. Балқаш туралы алғашқы жазба деректер 13 ғасырдан белгілі. Көлді тиянақты зерттеу 17 ғасырда басталды. Орыс картографы және тарихшысы Семен Ремезов 1695 жылы Бүкіл Сібір жері мен қалаларының сызбалары (Чертежи всех сибирских городов и земель) атты атласында Балқашты Теңіз деген атаумен көрсеткен. 18 ғасырдың басында көлде геодезиялық өлшеу жұмыстары жүргізілді. Балқаш 19 ғасырда Клапроттың (1836) және швед картографы Иоганн Ренаттың (Жоңғарияның картасын жасаған) карталарында бейнеленді. Пауль Рихтгофен (1877) мен Александр Гумбольдтың (1844) еңбектерінде Балқаш туралы деректер бар. Балқашты зерттеуге Ресей ғалымдары да (Иван Мушкетов, Лев Берг, т.б.) ат салысты. Қазақтың ұлы ғалымы Шоқан Уәлихановта Балқаш алабын зерттеп, сипаттаған. 1920 жылдан бастап Балқаш көлін кешенді зерттеу басталды, көптеген экспедициялар ұйымдастырылды. Көлдің экологиялық жағдайын, суының химиялық құрамын, өсімдік, жануарлар дүниесін, алабының физикалық-географиялық сипатын зерттеумен 1970 - 90 жылдары ххҚазақстан Ғылым академиясының институттары, Қазақ балық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ ххгидрометеорологияъъ ғылыми-зерттеу институты, бірнеше жобалау институттары, т.б. айналысты.
Бұл жұмыстардың нәтижесінде көлдің табиғи орнықтылығын сақтап қалуға бағытталған нақты шаралар белгіленді, олардың біразы жүзеге асырылып, көл деңгейінің құлдырауы тоқтады. Көл шөл және шөлейт климаттық белдеуде орналасқан. Қаңтардағы орташа температура - 15 - 170С, шілденің орташа температурасы 240С. Жауын-шашынның көп жылдық орташа мөлшері 120 мм. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 55 - 66%, желдің жылдық орташа жылдамдығы 4,5 - 4,8 мс. Жел көлдің батыс бөлігінде көбінесе, солтүстіктен, шығысында - солтүстік-шығыстан соғады. Осы себепті көлде үнемі күшті толқын болады. Жаздағы булану ауа райына байланысты 950 мм-ден 1200 мм-ге дейін ауытқиды. Көл беті көбіне қарашаның аяғында қатып, сәуірдің ортасында мұзы ериді. Мұздың қалыңдығы кей жылдары 150 см-ге жетеді. Таудағы мұздықтар еріген кезде (маусым - шілде) су деңгейі біраз көтеріледі. Көп жылдық су деңгейі тербелісінің мөлшері үш метрден асады. 20 ғасырда Балқаш көлінің деңгейі 1908 және 1961 жылы көтеріліп, 1946 және 1987 жылы төмендегені байқалды. 1970 жылдан бері Іле өзені бойында Қапшағай бөгенінің салынуына байланысты көлдің табиғи гидрологиялық режимі көп өзгеріске ұшырады. Балқаш - жартылай тұщы көл. Суының химиялық құрамы көл алабының гидрографиялық ерекшеліктеріне байланысты. Көлге сұғына еніп жатқан Сарыесік түбегі Балқашты екіге бөледі, гидрологиялық және гидрохимиялық жағынан бір-бірінен өзгеше батыс және шығыс бөліктері ені 3,5 км Ұзынарал бұғазымен жалғасады. Судың минералдылығы мен тұздылығы бұл екі бөлікте екі түрлі. Көлге ағып келетін судың негізін Іле өзені құрайтындықтан, батыс бөлігінің суы тұщы (0,5 - 1 гл), түсі сарғылт-сары, лайлы. Шығыс бөлігінің суы тұздылау (5 - 6 гл), түсі көгілдір, ашық көк. Балқаш фаунаға бай. Көл түбінде моллюскілер, судағы ұсақ жәндіктердің дернәсілдері, шаян тәрізділер тіршілік етеді. Батыс бөлігі планктонға бай. Көлде балықтың 20-дан астам түрі бар, мұның 6 түрі ежелден көлдің өзінде өскен балықтар (Іле, Балқаш көкбасы, Балқаш алабұғасы, т.б.), қалғандары басқа жақтан әкелінген (карп, аққайран, шип, көксерке, Арал қаязы). Ауланатын балық (жылына 9 - 10 мың т) - сазан, көксерке, Балқаш алабұғасы, маринка, аққайран. Көл суы жағалауындағы өнеркәсіп орындары (Балқаш кен-металлургия комбинаты, т.б.) мен елді мекендер қажетіне пайдаланылады. Жылы мезгілде Балқашта су көлігі қатынайды. Басты айлақтары: Балқаш, Бурылбайтал, Бөрлітөбе.[1] Балқаш - Қарағанды облысындағы қала, Мойынты - Ақтоғай темір жол бойындағы станса, Балқаш көліндегі пристань. Сарыарқаның оңтүстігінде, Балқаш көлінің солтүстігіндегі Бертіс шығанағының жағасында, Қарағандының оңтүстік-шығысында 487 км жерде орналасқан. Халқы 73,5 мың адам (2006). Қала 1932 жылы Балқаш көлінің солтүстігінде 20 км жердегі Қоңырат мыс кені мен Қарағанды көмірінің негізінде жұмыс істейтін ірі мыс қорыту зауытының құрылысына байланысты салына бастады. Байыту комбинаты, ірі жылу электр орталығы, жөндеу, механика мыс қорыту зауыты, т.б. өндіріс ошақтары дүниеге келді. Қысқа мерзім ішінде салынған оннан аса жұмысшы қалашықтарының бірігуінің нәтижесінде 1937 ж. Балқаш қаласы пайда болды. Балқаш еліміздегі түсті металлургияның ең маңызды орталықтарының бірі. Мұнда құрамында мыс және түсті прокат зауыттары, өндіріс газдарынан күкіртті натрий мен күкірт қышқылын алатын химия өнеркәсібі бар Балқашмыс акционерлік қоғамы жұмыс істейді. Оның өнімдері шет елдерге шығарылады. Жылдық өнім көлемі жүз мың тонна. Қалада тарихи-өлкетану мұражайы, екі спорт кешені, жүзу бассейні, Қазақ балық шаруашылық ғылыми-зерттеу институты, тау-кен-металлургия техникумы, педагогикалық, медициналық училищелері, Қарағанды политехникалық университетінің жалпы техникалық факультеті, музыка мектебі, жиырма шақты орта және сегіз жылдық мектеп, екі халық театры, бейнестудия, т.б. мәдениет, денсаулық сақтау мекемелері бар. Балқаш - ірі жол торабы. Әуе, темір және автожолдар қаланы Астана, Алматы, Қарағанды, Тараз, Шымкент қалаларымен, Мәскеу және Орталық Азия республикаларымен байланыстырады. Балқаш көлі - Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Касспий, Арал теңіздерінен кейін аумағы бойынша үшінші орында. Көлдің батыс және шығыс бөліктерінің минералдарыны екі түрлі болып келеді, бөліктер жіңішке бұғазбен жалғасады. Батыс бөлігінің суы тұщы, ал шығыс бөлігі жағында ащы болады. Балқаш көлі - Алматы, Қарағанды, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарын қамтиды. Бетпақдала жерімен шектеседі. Орта ғасыр карталарында Балқаш Орта Азияның Жетісу аумағына енген.
Балқаш көлінің суының екі бөлікте әр түрлі болғаны ғарыштан айқын көрінеді. Шығыс жағындағы ащы көл түсі көк болса, батыс бөлігіндегі тұщы су түсі сұр болады.
Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501 мың км2 , ұзындығы - 605 км, ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тыныш болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістіктерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды. Аталған антропагендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай сү қоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле - Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынща пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25%-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле - Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Іле - Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс - қоғаның жоғалуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді. Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. Балқаш экожүйесінің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалды. Іле - балқаш алқабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. " Қызыл кітапқа" енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле - Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи - табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорық қорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн астам халық тұрады. Ең ірі қалалары - Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын - мырыш комбинаттары осы аймақта тұратын тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы "Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы" атты халықаралық деңгейде экологиялық форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды.
Балқаш көліне әр түрлі химиялық тыңайтқыштар қосылған күріш суын жібермеу мақсатында игі жұмыстар жүзеге асырылуда. Мысалы: соңғы уақытта күріш шектерінен бұрынғыдай су жырылып шығуына жол бермейтін болдық. Мұның өзі, біріншіден - суды ысырап етпеудің, екіншіден - Балқашқа барып құятын судың тазалығын сақтаудың бірден - бір тиімді жолы. Суды үнемді пайдаланудың тағы бір жолвн тауып отырмыз. Мысалы бір гектар жердегі қамыс 13 мың текше метр су жұтады екен. Сондықтан да өткен екі жылдан бері күріш шектерінің жиектерін қамыстан тазалау жұмыстары қолға алына бастады. Мұның да екі жақты пайдасы болып тұр. Біріншіден - су үнемдеуге қол жетті. Екіншіден - қамыс мал азығы ретінде пайдаланылды. Бұл да Балқаш көлін құтқаруға бағытталған үлкен үлес емес пе?! Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі эко жүйелердің бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Келемі - 501 мың км2, ұзындығы - 605 км. ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 м. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды.
Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орна-ласқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды.
Аталған антропогендік жағдайлар Балқаш көлінің жағдайын шиеленістіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған косымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Бартоғай бөгетімен бөгеліп, онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына байланысты Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле - Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25 %-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле - Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалпытасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Балқаш экожүйесінің бұзылуының зардаптары. Іле - Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер (әсіресе Қапшағайдан төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс-қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаншылық пен аңызақ желдер үдеді.
Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төмендеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда.
Іле - Балқаш экожүйесіннің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғы жылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар балықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарына пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда.
Іле - Балқаш алабы ит тұмсығы батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған.
Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. "Қызыл кітапқа" енген аққу, бірқазан, көк-құтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі.
Іле - Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Кербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. астам халық тұрады. Ең ірі қалалары - Алматы, Талдықорған, Жаркент.
Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышаған полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұрақты тұрғындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қапшағай суқоймасының аборигендік ихтиофаунасына сипаттама
Қапшағай су қоймасында мекендейтін тыран балығының биологиялық сипаттамасы және кәсіпшілік маңызы
Қапшағай суқоймасындағы кейбір бөгде балықтардың таралуы
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасының ихтиофаунасы
Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кәсіптік балық шабақтарының таралуы
Антропогенді әсерлердің негізгі көзі
Күміс мөнке балығының таралуы
Кәдімгі тарақ балық
Бaлқaш көлiнiң бaтыс бөлiгiндeгi сaзaн бaлығының (Cyprinus Carpio) популяциясының жaстық-ұзындық құрылым eрeкшeлiктeрiн жәнe олaрдың aулaным динaмикaсының көрсeткiштeрiн зeрттeу
Іле өзеніндегі тыран (abramis brama) балығының биологиялық сипаттамасы және жыныс бездерінің гистологиялық ерекшеліктері
Пәндер