Н. В. Гоголь атындағы орта мектебінің ақпараттық жүйесін жобалау және құру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 117 бет
Таңдаулыға:   
8

9

10

Аңдатпа

11

Осы дипломдық жобада Н. В. Гоголь атындағы орта мектебінің
ақпараттық жүйесін жобалау және құру Н. В. Гоголь атындағы орта
мектебінің білім беру жүйесі қарастырылады. Бұл жүйеде білім беру
программалық іске асырылуы орындалған. Осы жобаның мақсаты мектеп
оқушыларына білім беру жүйесі бойынша өздеріне керекті көптеген жаңа
ақпарат алуға өз үлесін қосады.
Программалық қамтама құру кезеңінде HTML және PHP программалау
тілдері технологиясы қолданылған.

Аннотация

В данной дипломной работе Разработка и

проектирование

информационной системы средней школы имени Н.В.Гоголя
была

рассмотрена образовательная система средней школы имени Н. В. Гоголя.
Данная работа является программным обеспечением образовательной
системы. Цель работы - дать возможность школьникам взять больше нужной
информации об образовательной системе.
В ходе работы над программным обеспечением были использованы PHP
и HTML языки.

Annotation

In this diploma thesis Developing end designing of information system for
the secondary school named after N. V. Gogol was considered by the educational
system of. This work is a software educational system of the secondary school
named after N. V. Gogol. The purpose of the work is to enable students to get more
relevant information about the educational system.
In the course of the software were used PHP and HTML languages.

Мазмұны

12

Кіріспе
1 Сайтты құруды ұйымдастыру, оның әдістері, басқару және зерттеу
мәселелері
1.1 Интернет
1.2 World Wide Web
1.3 PHP-дегі серверлік сценарий тілі
1.4 PHP қысқаша тарихы
1.5 CSS стильдер тілінің негізі
1.6MySQL мәліметтер базасы
2Жобалау бөлімі
2.1 RatіonalRose аспабымен жұмыс
2.2 Прецеденттер диаграммасы
2.3 Кластар диаграммасын құру
2.4 Тізбектер диаграммасы
2.5 Кооперация диаграммасы
2.6 Күй диаграммасы
3 Қолданбалы бөлім
3.1 Н. В. Гоголь атындағы орта мектебінің ақпараттық жүйесін өңдеу
3.2 Қажетті техникалық жабдықтар
3.3 Ақпараттық жүйенің құрылымы
4 Экономикалық бөлім

8

10
10
12
14
14
19
20
27
27
29
31
32
34
35
37
37
37
37
45

4.1
4.2
Жобаны техникалық-экономикалық негіздеу
Экономикалық есептеулер
45
45

4.3 Экономикалық есептің жалпы қорытындысы
5 Еңбекті қорғау бөлімі
5.1 Жалпы жағдайлар
5.2 Микроклимат
53
54
54
55

5.3 Бөлмелердегі және жұмыс орындары үшін жарықтандыру талаптары
56

5.4 Шу және діріл үшін талаптар
5.5 Иондаушы емес сәулелер деңгейіне талаптар
5.6 Электрқауіпсіздігі
5.7 Өрт қауіпсіздігі
5.8 Жасанды жарықтандырудың есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
А қосымшасы
Ә қосымшасы

Кіріспе

13
58
58
59
60
63
66
68
70
72

ХХ және ХХІ ғасырлар тоғысуындағы ғылыми - техникалық прогресстің

адамзат алдындағы басты жетістіктерінің бірі
- ақпаратты басқару

құралдарының қарқынды дамуы болып табылады. Ақпаратты өңдеудің негізгі
құралы компьютерлік техника болғандықтан, қазіргі уақытта компьютерлік
техниканы қоғамның барлық салаларына жаппай ендіру бүгінгі күннің негізгі
міндеттерінің бірі болып отыр. Басқару үрдісіндегі негізгі элемент болып
саналатын ақпарат жүйесінің және оған қатысты жаңа технологиялардың

пайда болуы
-
ақпараттық жүйелерді
жобалауда жаңа жолдарды

қалыптастыруда.
Бізді қоршаған ақпарат ағыны орасан зор. Ол уақыт өткен сайын
ұлғаюда. Сондықтан кез келген ұйымда, ортада, сондай - ақ білім алушы
келешек жеткіншектерге білім жолын көрсету мына біздердің міндетіміз.
Білім жүйесіне жаңа ақпараттық технологияның енуі өңдеудің білім беру
сайттарының және ақпаратты жіберуінде негізделетін жаңа оқыту
технологиялардың және оқыту формаларының пайда болуына әкелді.
Технологияның дамуына байланысты мұғалімнің ролі тек оқыту
процессін басқаруына әкеледі, бірақ бұл оқушылардың таным процессіне
әсерін төмендетпейді және оны оқыту процессінен шығармайды. Осылайша
компьютерлік амалдарды қолданылатын оқыту формасы қазіргі кездегі
формалардан оқыту процессінің басқаруымен және оқыту әдістерімен
ерекшеленеді. Соңғы он жылда орта және жоғары мектептерде оқытылатын
мектеп бағдарламасының қиындағаны мен көлемі артқаны байқалады. Соның
өзінде көптеген оқу орындарында жоғары білімді оқытушылар кадрының
жетімсіздігі де көрінеді. Үлкен қиыншылықтар (жедел дайындық, өндіріс
және тарану) әр-түрлі оқу көмектерін жедел дайындау, өндіру және тарату
кезінде жиі туындайды.
Білім беру жүйесіне байланысты әр түрлі сайттардың және
технологиялардың пайда болуы осы проблемаларды шығаруға мүмкіндік
береді.
Төменде қолданушылар үшін ғаламдық компьютерлік желінің
мүмкіндіктері тізбектелген:
- адамзатқа қызмет ететін барлық бағыттардың орасан зор мәліметтік
ортасына рұқсат алу мүмкіндігі;
- әртүрлі анықтамалық материалдарға: каталогтарға, анықтамалықтарға
тез әрі ыңғайлы түрде қатынау;
- қашықтықтан жаңалықтарды оқу мүмкіндіктерін пайдалану;
- ыңғайлы және арзан коммуникация жүйесіне қатынау мүмкіндігі
(электронды пошта, цифрлық телефондық байланыс, видеотелефон және т.б);
- қызмет көрсетуді таңдаудың және брондаудың оптималды тәсілін іздеу
жүйесі;
- көңіл көтеру функциясы (музыка, кино, фото, мультипликация);
- тәулігіне 24 сағат, жылына 365 күн оперативті режимінде жұмыс.
Интернет желісін орта мектептің ақпараттық жүйесіне қолданудың
төмендегідей артықшылықтары бар:
14

- ең тиімді және маңызды жаңалықтар;
- қолданушылардың сұраныстарын және талаптарын қанағаттандыратын
жаңалықтарды формалдау және беру мүмкіндігі;
- тәулік бойынша нақты әрі қажетті ақпаратты кез-келген уақытта қол
жеткізе алу мүмкіндігі;
- мектеп туралы кез келген ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі;
Жұмыстың практикалық құндылығы Н. В. Гоголь атындағы орта
мектебінің ақпараттық жүйесін жобалау және құру құжырасының
ақпараттық жүйесі мәліметтер қорының қолданбасы түрінде жүзеге асуы.
Дипломдық жоба келесі бөлімдерден тұрады: кіріспе, сайтты құруды
ұйымдастыру және оның әдістері мен құралдарын таңдау, жобалау бөлімі,
қолданбалы бөлім, экономикалық бөлім, еңбекті қорғау бөлімі және
қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Жұмыстың бірінші бөлімінде PHP тілі, CSS стильдер тілі, MySQL
мәліметтер базасы туралы, олардың негізгі қызметтері, мақсаттары туралы
толық айтылды.
Жұмыстың екінші бөлімінде архитектураны өңдеу, диаграммалар және
бағдарламаның сипаттамасы сипатталған.
Үшінші бөлімде Н. В. Гоголь атындағы орта мектебінің ақпараттық
жүйесінің құрылымы сипатталған.
Төртінші бөлімде экономикалық бөлімі сипатталған.
Бесінші бөлімінде еңбекті қорғау бөлімі қарастырылған.
Соңғы бөлімінде қортынды, әдебиеттер тізімі, қосымшалар сипатталған.

1 Сайтты құруды ұйымдастыру, оның әдістері, басқару және
зерттеу мәселелері

15

1.1 Интернет

Интернет дегеніміз компьютерлерді бір - бірімен белгілі протоколдар
арқылы (TCPIP) байланыстыратын желі, ол әр компьютерлерді өзара әр түрлі
информациямен алмасуына ықпал етеді. Интернеттің кросс- платформалық
тәуелсіздігі оның күн сайын қуат алуына және экспоненциалдық өсуіне
себепші.
Сонымен, желі дегеніміз не? Интернетте мыңдаған компьютерлер бір
бірімен байланысады. Бұл өте жеңіл сияқты көрінеді және көптеген адамдар
Интернет сөзін күнде қолданады, бір аз ғана адам оның концепциясын түсіне
біледі.
1957 жылы СССР бірінші Спутник атты жасанды жер серігін жіберді.
Бұл АҚШ - та үлкен әсер етіп, олар Advanced Research Projects Agency (ARPA)
атты Department of Defense (DoD) әскери ұйым жанынан ғылыми -
технологиялық бөлім құрады.1969 жылы DoD ARPANET атты төрт түйіннен
тұратын желі құрады: California және Los Angeles (UCLA) университеттері,
Stanford Research (SRI) институты, California Santa Barbara (UCSB)
университеті және Utah университеті (1.1 сурет) көрсетілген.

1.1 сурет - Төрттүйіннен тұратын желі

Бұл желі 50 Кбитс жылдамдығымен Network Control Protocol (NCP)
арқылы бірінші түйін - түйін протоколынан тұрды. Жылдар бойы көптеген
түйіндер ARPANET желісіне қосылып, және де ол желі протоколдар мен
программалық жабдықты қолдана бастады.
1974 жылы Vint Cerf және Bob Kahn "A Protocol for Packet Network
Interconnection" атты Transmission Control Program (TCP) программасының
спецификациясы мен структурасы туралы материал жарық көрді. 1978 жылы
TCP екі протоколдан тұрды: Transmission Control Protocol (TCP) және Internet
Protocol (IP).
1982 жылы DoD TCP және IP (көбісі оны TCPIP деп біледі)
протоколдарын ресми түрде қабылдады. 1983 жылдың қаңтар айында
ARPANET ресми түрде NCP және TCPIP қосты, сонымен Интернет жасады.
Таңғажайып Интернеттің өсуі былай болды: 1984 жылы қосылған түйіндердің

16

саны 1000 болды, 1987 жылы ол 10000 асты, 1989 жылы 100000 асты, 1992
жылы 1000000 болды, 1996 жылы 10 000 000 болды. Қазірде Интернет
желілерінің саны 50 000 000 асты. Ол әлі де өсуде [1].
Зерттеу жобасының табысты дамуы оны жасауға қатысқан көптеген
ұйымдар оны өздерінің күнделікті мақсаттары үшін пайдалана бастауының
арқасында жүзеге асты, ал 1975 жылы эксперименттік желіні жұмыс
желісі деп жариялады, ал ол үшін жауапкершілік DCA - ға (АҚШ - тың
қорғаныс байланысының Агенттігі) жүктелді. Мамандар бір уақытта TCPIP
(Transmission Control Protocol Internet Protocol - Тасымалдау үрдісін бақылау
протоколдары Интернет-протокол) негіздерін жасаумен айналысты.
TCPIP 1938 жылы Әскери Стандарттар (MIL STD) ретінде
қабылданды, одан кейін APRANET - ке қосылған барлық хосттардан тек
қана берілген протоколдармен жұмыс жасау талабы қойыла бастады. Бір
уақыт Интернет термині тарала бастады, ал ол кезде APRANET екі жеке
желіге бөлінді: MILNET (Әскери желі) - Деректерді тасымалдаудың (DDN)
Қорғаныс Желісінің құпия емес бөлігі, және жаңа (өлшемдері кішірейтілген)
APRANET. Интернет термині екі желіні бірден айтқан кезде қолданылған.
1985 жылы Ұлттық Ғылым Қоры (NSF) NSFNet жеке желісін құруға
үлес қосты, ол көп ұзамай интернетке қосылды. Алғашында NSF құрамына
5 супер - компьютерлік орталықтар кірді, ол APRANET - тегіден аз еді, ал
деректерді тасымалдау жылдамдығы арналарда 56 кбитс - тен аспады. Ол
кезде NSFNet - ті құру интернет дамуына қомақты үлес болды, өйткені
интернетті қалай пайдалану керектігіне жаңа тұрғыдан қарауға мүмкіндік
берді. Қор АҚШ - тағы әр ғалым, әр инженер ортақ желіге қосылуы тиіс
деген тапсырма берді, сондықтан арналары жылдамырақ, көптеген
аймақтық және жергілікті желілерді біріктіретін желіні жасауға кірісті [6].
Онша алыс емес, 1990 жылы APRANET формалды түрде өзінің
жұмысын тоқтатты, ал одан 5 жыл өткен соң, NSFNet интернеттегі басты
ролді ойнаудан тыс қалды.
Интернет біз оны жобалағаннан және көргеннің шегінен асып, ол
өзін құрған агенттіктер мен ұйымдардан асып түсті, олар әрі қарай оның
дамуында басты роль ойнай алмады. Бүгінгі күні ол байланыстың бүкіл
әлемдік желісі, ол байланыстың тармақталған коммутациялық элементтері -
хабтар мен байланыс арналарына негізделген. 1983 жылдан бастап
интернет экспонента бойынша дамып келеді, бұрынғы уақыттардан
сақталған тек қана бірдеталь емес - ол әлі күнге дейін TCPIP
протоколдарының жиыны негізінде жұмыс жасайды.
Интернеттің шұғыл өсуі TCPIP протоколдарына үлкен қызығушылық
тудырды, ал нәтижесінде протоколды толық танып -біліп, ол үшін басқа
қосымшалар қатарын тапқан мамандар мен компаниялар пайда болды, ең
алдымен ол үшін тіпті оларды интернетке қосу қарастырылмаса да осы
протоколды жергілікті есептеу желілерін (LAN - Local Area Network) құру
үшін пайдаланды. Бұл корпоративтік желілер интранет деп аталады
және интернетке қосыла алады, немесе қосылмауы да мүмкін.
17

1.1.1 Құрылымдық диаграммасы. Құрылымдық диаграмма негізгі
мақсаты - ол пайдаланушыларға ақпараты жолын толық көрсету болып
табылады. Бұл құрылымдық диаграммада интернет, глобальді және локальді
жүйеде байланысы бар. Н. В. Гоголь атындағы орта мектебінің сайтының
жаңалықтары сервердің деректер қорында сақталынады. Содан жаңалықтар
желі арқылы таратылады. Пайдаланушы кез-келген жерде компьютері
интернет желісіне қосылған болса, онда Н. В. Гоголь атындағы орта
мектебінің сайтының жаңалықтарын оқи алады. Интернет желісі кез-келген
жерде пайдалануға болады. Мысалы: Жоғарғы оқу орындары, Өндірістік
орындары, Қалалық аймақ, Ауылдық аймақ (1.2 сурет) көрсетілген.

1.2 сурет - Құрылымдықдиаграмма

1.2 World Wide Web

The client side. WWW клиенттік жағы дегеніміз екі фактор арқылы
белгіленеді: Hypertext Markup Language (HTML) және қолданушылар
компьютерінде орналасқан белгілі браузерлер арқылы. 1993 жылы бірінші
HTML версиясы National Center for Supercomputing Applications (NCSA)
ұйымында жасалып, Mosaic деп аталған.

18

1.3 сурет - World Wide Web эволюциясы

HTML SGML атты кішкене гипертексттік тілден тараған, сонан кейін ол
үлкен комплексті гипертексттік тіл болды(мысалы, version 4.0). Басқа
тілдермен қатар және объекті модельдермен мысалы, JavaScript, DOM),
графикалық форматтармен (мысалы, GIF, JPEG, PNG), және мультимедия
(мысалы, audio, video), WWW клиенттік жағы түстерге өте бай, комплексті,
кейде хаосты аудан болып табылады. Сол себепті көптеген адамдар клиент
жағы өте әсерлі болғандықтан WWW мен байланыстырады да, Интернеттің
басқа жағы - сервер туралы біле бермейді [2].
HTTP серверінің рөлі. Web сервер браузерден сұраныс алып, HTTP
байланысы арқылы жауабын жібереді (1.4 сурет).

1.4 сурет - Web сервер рөлі

1.3 PHP-дегі серверлік сценарий тілі

РНР идеясын 1994 жылдың соңында Расмуса Ледорфома ойлап тапты.

19

РНР - ол кең таралған, ашық кодпен таралған тіл.
Қарапайым тілде, РНР бұл программалау тілі, арнайы web -
қосымшаларына жазу үшін өңделген және Web- серверде орындалады. РНР
аббревиатурасы "Hypertext Preprocessor (Гипермәтін процессоры)" мағынасын
білдіреді. Тілдің синтаксисін ең алдымен С, Java және Perl - ден алады. РНР-
ді оқу үшін артықшылытары тез арада динамикалық генерацияланатын web -
бетін web - әзірлеушісімен көрсетіледі.
РНР көптеген операциялық жүйелер үшін жетімді: Linux, Unix - тің
көптеген модификациясы, Microsoft Windows, Mac OS X, RISC OS және т.б.
Және де РНР заманауи вебсерверлерінің көбісін ұстанады. Олар Apache,
Microsoft Internet Information Server, Personal Web Server, Netscape және iPlanet
сервері, Oreilly Website Pro сервері, Caudium, Xitami, OmniHTTPd және т.б.
Көптеген серверге РНР модуль ретінде қойылады, ал басқаларына CGI
стандартын ұстанатындарын, РНР CGI процессоры ретінде қызмет ете алады.
РНР тілінің басты факторы ол іскерлілік болып табылады. РНР
программалаушыға есептерді тез және сапалы шешуге мүмкіндік береді. РНР
- дің тәжіребиелік сипаттамасы бес қажетті сипаттамаларымен ескертілінген:
- дәстүрлік;
- қарапайымдылық;
- сапалылық;
- қауіпсіздік;
- икемділік.
Тағы да бір РНР - дің тартымды қылағының сипаттамасы бар: ол тегін
таратылу, және де ашық кодпен (Open Source).
PHP (негізгі аты "PHP: Hypertext Preprocessor") сервер - жақты HTML ге
енгізілген скриптік тіл. PHP коды басталу тэгі мен аяқталу тэгінен тұрады.
Басқа клиент - жақты, мысалы Javascript, сияқты тілдерден айырмашылығы -
ол сервер жақта орындалады. Егер сервер жағында скрипт іске қосылса,
клиент тек оның нәтижесін ешқандай программалау кодына енбестен алады.
Сіз сонымен бірге барлық PHP скриптілеріңізді HTML ге енгізіп жасауыңызға
болады.
Басқа CGI программалар сияқты да PHP көптеген қызмет атқарады:
мысалы, мәліметтер жинай алу, динамикалық бет жасау, жаңалықтар т.б.
Бірақ ең негізгі PHP тілінің жетістігі болып оның көлемі мен қасиеті әр түрлі
мәліметтер базаларын қолдануы болып табылады.

1.4 PHP қысқаша тарихы

PHP 1994 жылы Rasmus Lerdorf ойлап тапқан. Бірінші версиялары 1995
жылы жарық көріп Personal Home Page Tools деп аталған. Ол өте қарапайым
анализатор мен белгілі бір макростардан тұрған және кішкене сайтқа
пайдаланарлық боларлықтай болған, мысалы, қонақ кітабы, счетчик және т.б.
Анализатор қайтадан 1995 жылдың ортасында жазылып PHPFI Version 2 деп
аталған.Ол Personal Home Page ден және mSQL функцияларынан тұрған [6].
20

Статистика мәліметтері бойынша 1996 жылы PHPFI бағдарламасын
15,000 аса дүние жүзіндегі web сайттар пайдаланған. 1997 жылдың
ортасында ол сан 50,000 жеткен.
1.4.1 РНР - дегі серверлік сценарий негіздері. Интернет санақтарына
сүйенсек, 1994 жылы Расмус Лердорф web-серверлердің біреуінде орналасқан
өз резюмесінің қарастырушыларын байқауға арналған қаптама жазды. Дәл
осы жағдай (яғни серверлердің жұмыспен толтырылуы), Расмусты өзінің
скрипперін С тілінде қайта жазуына тура келді. Бұл бетке әрбір қатынас
кезінде, Perl көшірмесінің іске қосылуы кететін уақытты үнемдеуге мүмкіндік
берді. Біраз уақыттан соң осы серверде өздерінің де резюмелерін қалдырған
басқа қолданушылар Расмус сценарийлеріне көңіл аударып, оны қолдануға
рұқсат сұрады. Ақырындап, қолданушылар әдеттегідей бағдарламаның
функцияларының кеңейтілуі және жаңа мүмкіндіктерді қосу жайында сұрай
бастады. Соңында Расмус Лердорф жаңа функциялар қосылған негізгі
скриптер, құжаттар жиынтығы мен FAQ-беттен тұратын дистрибутивті
жинады. Сол кездері PHP (Personal Home Page) деп аталатын, яғни үй бетін
құруға арналған скриптер жиыны. Содан кейін аббревиатура келесідей
аталынатын болды: PHP Hypertext Preprocessor (осындай рекурсивті анықтама,
Linux - Linux Is Not UniX) пайда болды [11].
Біраз уақыттан соң скриптер мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейді.
Сценарийлер процессоры жазылды, HTML-формаларын өңдейтін құрылғы
және SQL-сұраныстарының тікелей бет мәтінінде енгізуге болатын мүмкіндік
туды. Формаларды өңдеу модулі FI (Form Interpreter) деп аталынған еді, жаңа
версиясы PHPFI атауына ие болды, ал сонан соң 1995 жылдың ортасында жай
ғана РНР 2 деп аталынып кетті.
Ақырындап, РНР-мен басқарылатын есептер күрлелендірілді. жылдам
жұмыс жасауы және кеңірек мүмкіндіктерінің кеңейту мақсатында
бағдарламаның толықтай қайта қарастыруға тура келді,. Осылайша РНР3
жобасы іске қосылған болатын. Бұнын ең маңыздысының бірі - РНР
сценарийлерінің синтаксисі стандартты түрге жақындастырылды, тәуелсіз
құрастырушыларға бағдарламаны кеңейтуге мүмкіндік беретін API қосылды.
Содан бері РНР дамуда және жактаушыларды саны көбеюде. Қазіргі кезде
РНР 4 версиясы жарық көрді, бірақ одан кіші РНР3 версиясы кеңірек
қолданылады. Кейбір Web-серверлер енгізілген PНР интерпретаторына ие. Ол
өз алдында құжаттарды қосалқы процестерді қоспай-ақ генерациялауға
мүмкіндік береді. Алайда CGI-ді шақыру Web-сервер орындалған
компьютердің жұмысын ақырындатады.
PНР Web-сервер Apache, CGI бағдарламаларының
артықшылықтарымен қолданудағы шығындар жоқ. Web-сервер динамикалық
құжаттарды генерациялағанда бағдарламалар шақырылады. CGI
бағдарламасы браузер жағынан түрлі сұраныстармен әрдайым айналыспайды.
РНР сай:
- төмен оқу кесіндісі;

21

- дамыған функционалдылық: мәліметтер базасы, жолдары, желелік
байланыстар, файлды жүйедегі операцияларды қолдау, Java, COM, XML,
CORBA, WDDX және Macromedia Flash;

-
платформалармен сәйкестік: UNIX (кез
келген), Win32

(NT95982000), QNX, MacOS (WebTen), OSX, OS2 и BeOS;
- серверлермен сәйкестік: Apache модулі UNIX, Win32), CGIFastCGI,
thttpd, fhttpd, phttpd, ISAPI (IIS, Zeus), NSAPI (Netscape iPlanet), Java
сервлеттер механизмі, AOLServer және RoxenCaudium модулі;
- қысқа құру циклі: табылған кателіктердің дұрысталуымен, қосымша
функциялармен және де жақсартулармен жасалған версияар бірнеше айда бір
шығыды;

-
энергетиқалық және
жылы жүзді құрастырушылар тобы.

Бағдарламалық мысалдар мен ақысыз кодтың көптілігі. РНР

құрастырушыларының тобы жастарды ресурстармен
және қолдаумен

қамтамасыз етеді;
- кеңейтілудің қарапайымдылығы, тілдің өз кеңейтілуіңізді құруға
болады;
- С-ге ұқсас қарапайым систаксис. С, C++, Perl және командалық
сценарийлермен айналысатын программистер РНР жеңіл үйренеді.
1.4.2 РНР тілінің мүмкіндіктері. РНР-дағы ең қарапайым "Hello, world!"
программасы мынадай түрге ие болады: ?php echo "Hello, world!"; ?. РНР
тілі ?php? сияқты шектеушілердің ішінде орналасқан кодты орындайды.
Шектеушілерден тыс орналасқанның бәрі өзгеріссіз шығарылады. Негізінен,
бұл РНР кодты HTML құжатқа қою үшін қолданылады, мысалға:
html
head
titlePHP-ді санап көрейікtitle
head
body
?php echo "Hello, world!"; ?
body
html
Үзілістердің атаулары $ символымен басталады, ал үзіліс типін
жариялау қажет емес. Функциялар мен кластардың атауларына қарағанда,
үзілістердің атаулары регистрге қарсы сезімтал болып келеді. Үзілістер екілік
тырнақшалардың ішіндегі жоғарыда және heredoc-жолдарда өңделеді.
РНР-дегі бүтін сандардың диапазоны платформаға (әдетте, бұл 32 биттік
белгілік бүтін сандардың диапазоны) тәуелді болып келеді. Сандарды ондық,
сегіздік және оналтылық есептеу жүйелері түрінде беруге болады. Үлкен
сандардың диапазоны да платформаға тәуелді болады. РНР-да TRUE (шын)
және FALSE (жалған) мәндері бар булияндық тип болады. 0 санын
булияндық типке айналдырған кезде, бос жол мен бос массив FALSE деп
есептеледі. NULL типі мәнсіз үзілісті береді. Бұл типтің жалғыз мәні NULL
болып табылады. Сыртқы қайнар көзге апаратын сілтемелер ресурс
22

типіндегі мәндермен беріледі. Олар, ереже бойынша, белгілі кеңейтулері бар
функциялар тарапынан жасалып өңделеді. Қайнар көздердің, мысалы ретінде,
файлдарды, бейнелерді, деректер қорын көрсетуге болады. Массивтер сандық
және жолдық кілттерді қолдайды да, гетерогендік болып табылады.
Массивтер басқа массивтерді қосқанда, кез келген типтегі мәнге ие болуы
мүмкін. Элеметтер мен олардың- кілттерінің реті сақталады.
Байқағандай, РНР-дің басты мақсаты - берілген тапсырманы жылдам
орындап шығу үшін, программистке қажетті құралдарды беру. РНР-дің
сипаты бес басқы мінездемелермен шартталады:
- дәстүрлілігімен;
- тиімділігімен;
- қауіпсіздігімен;
- ыңғайлылығымен.
РНР-ді ерекше қызықты қылатын тағы бір мінездемесі бар: ол тегін
таратылады.
РНР тілі әр түрлі облыстарда жұмыс жасайтын программистерге таныс
болып келеді. Тілдің көптеген құрылымдары С, Perl-ден алынған, ал РНР коды
қарапайым Си немесе Паскаль тілдеріндегі программаларға ұқсас болып келе
береді. Бұл, РНР-ді оқып үйрену кезеңінде бастапқы күш салуларды көзге
байқалатындай төмендетеді.
РНР сценарийлері 10 мың жолдан немесе бір ғана жолдан тұру мүмкін
бәрі сіздің тапсырмаңыздың дәрежесі мен қасиетіне байланысты. Сізге
кітапханаларды тасымалдап алып, компиляцияның арнайы параметрін көрсету
немесе т.б. қажет болмайды. РНР механизмі кодты бірінші экрандаушы
тізбектен (?) кейін орындай бастайды да, орындауды екінші экрандаушы
тізбекті (?) кездестіргенге дейін жалғастырады. Егер код дұрыс синтаксиске
ие болатын болса, онда ол программист қалай нұсқаған болса, солай жұмыс
жасайды [9].
Әсерлігі көп қолданушылық жағдайлар үшін программалау кезеңінде
өте маңызды фактор болып табылады. РНР4.0-де қайнар көздерді бөліп
көрсету механизмі жүзеге асып, ОБП-ң жақсарған түрі қаматамасыз етілген.
Соңғы версиясында артық жадының бөлінуінің алдын алатын және
сілтемелерді санайтын (reference counting) механизмі де пайда болған.
РНР өндірушілер администраторларға қауіпсіздіктің ыңғайлы және
әсерлі құралдарын ұсынады. Олар екіге бөлінеді: жүйелік деңгей құралдары
мен қосымша деңгейінің құралдары.
РНР-да администраторлардың басқарым аясындағы қауіпсіздік
механизмі жүзеге асқан; РНР-ді дұрыс орнатқан кезде, бұл әрекеттердің
максималды бостандығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. РНР, сондай-ақ
қауіпсіздік режимінде де (safe mode) жұмыс істейді. Бұл режим қолданушылар
тарапынан РНР-ді қолдану мүмкіндіктерін шектейді. Мысалға, орындаудың
максималды уақытын және жадыны қолдануды шектеуге болады. Cgi-bin
аналогы бойынша администратор, қолданушының РНР сценарилерін
қарастырып, орындай алатын, сонымен қатар, РНР сценариін сервердегі
23

жасырын мағлұматты қарастыру үшін (мысалы, passwd файлы) қолдана
алатын каталогтарға шектеулер қоя алады.
Қосымша деңгейінің қауіпсіздік құралдары. РНР-дің стандартты
функциялар жиынтығына шифрлаудың сенімді механизмдерінің бірқатары
кіреді. РНР, сондай-ақ, тәуелсіз фирмалардың көптеген қосымшаларына
сәйкес келе береді, бұл оны электрондық сауданың (e-commerce) қорғалған
технологиялары мен интеграциялауға мүмкіндік береді. Тағы басқа
артықшылығы РНР сценарийлерінің бастапқы мәтінін броузерден көруге
болмайды, себебі, сценарийлер, оның қолданушы сұранысы бойынша
жіберілуіне дейін компиляцияланады. РНР-дің сервер тарапында
реализациялануы қолданушылар тарапынан тривиалды емес сценарийлердің
ұрлануының алдын алады. Қауіпсіздік тақырыбының маңызының үлкен
болғаны соншама, оған бүкіл бір тарау арналып жазылған.
РНР іштей құрылатын (embedded) тіл болып табылатындықтан, ол өте
ыңғайлы болып келеді. Әдетте, РНР-ді HTML-мен бірге қолдану ұсынылса да,
ол дәл солай JavaScript-те де, WML, XML және басқа тілдерде де
интеграцияланады. Броузерге тәуелділік мәселесі де жоқ, себебі клиентке РНР
сценарийін жіберу алдында, сервер тарапында толығымен компиляцияланады.
Негізінде, РНР сценарий броузері бар кез келген құрылғыға: ұялы телефонға
электронды жазба кітапшаларына, пейджерлерге және дәстүрлі дербес
компьютерлерге алып барса да, портативті компьютерлерге өте оңай түрде
беріледі. Көмекші утилиталармен айналысатын программистер, РНР-ді
командалық жолдан шығара алады. РНР-дің құрамында нық web-серверге
бағыт алған код болмайтындықтан, қолданушылар белгілі серверлермен
шектелмейді.
Apache, Microsoft, IIS Netscape Enterprise Server, Stronghold және Zeus -
РНР барлық аталған серверлерде жұмыс істейді. Бұл серверлер әр түрлі
платформаларда жұмыс істейтіндіктен, РНР толығымен платформаға тәуелсіз
бір тіл болып табылып, Unix, Solaris, Free BSD және Windows 9598NT
сияқты платформаларда бола береді. РНР құралдары программистке Enterprise
Java Beans немесе Win32-ң COM объектілері сияқты ішкі компоненттермен
жұмыс жасау мүмкіндігін береді. Осы жаңа мүмкіндіктердің арқасында РНР
қазіргі заманға тән технологиялардың арасында ерекше орын алып, қажетті
шектеулерге дейін жобалардың масштабталуын қамтамасыз етеді.
Қазіргі кезде РНР-ді жүздеген құраушылар қолданады. 20 миллион сайт
РНР-мен жұмыс істейтінін айтамыз, ал бұл сан Интернет домендерінің бестен
бір бөлігінен асады.
РНР-де әртүрлі деректер қорымен жұмыс жасауға арналған, оның
көмегімен кешендік қосымшалар құру мүмкіндігі бар. MySQL деректер қоры
сервері жақсы жұмыс істеу жылдамдығымен, сенімділігімен және иекмділігімен
ерекшеленеді. MySQL деректер сервері PHP сценарийімен автоматты түрде
қосылады. Web-қосымшаларда, ереже бойынша реляциялық деректер қоры
қолданылады.

24

1.4.3 PHP-ді не үшін таңдау керек. Web-қосымша программаларын
құрушыларға Web-беттер - ол мәтін мен суреттерге ғана емес екенін айтудың
қажеті жоқ. Жақсы сайт пайдаланушымен қандайда бір деңгейдегі
интерактивтілікті қолдау керек: ақпаратты іздеу өнімді сату, конференциялар
және т.б. негізінен бұл мүмкіншіліктердің барлығы Perl-да жазылған CGI-
скрипттермен орындалған. Бірақ CGI-скрипттердің масштабталу мүмкіндігі
өте төмен. Әрбір CGI шақыру ядродан жаңа процесстің тууын талап етеді, ал
ол процессор уақытын жоғарылатады және оперативті жадыны жұмсайды.
PHP басқа нұсқаны ұсынады - ол Web-cервер бөлігі ретінде жұмыс
істейді, осындац мүмкіндігімен ол Microsoft-тің ASP-не ұқсас. PHP синтаксисі
Си немесе Perl синтаксисіне өте ұқсас. Бағдарламалаумен таныс адамдар
программаларды PHP тілінде жазуға өте тез үйренуге мүмкіндіктері бар. Бұл
тілде деректерді типтеудің арнайы бағыты жоқ және жады бөлу мен
босатудың керегі жоқ.
PHP тілінде жазылған программалар жеңі оқылады. Жазылған PHP-
кодты Perl программаларына қарағандаоқу және түсіну оңай.

1.5 CSS стильдер тілінің негізі

Web-беттерінің дизайны - бұл HTML-беттерінің компоненттерінің
браузердің жұмыс істеу терезесінің бетінде бір-біріне қатысты орналасуы.
Мұндағы Web-дизайн анықтамасының дәлсіздігі анық. Онда HTML-
беттерінің не түсі, не формасы, не басқа компонентттерінің қасиеттері
байқалмаған. Бұл анықтамада HTML белгілеудің мүмкіндіктерінің шектелуін
көрсету маңызды. Бет компоненттері: текст блоктары, графика және бетке
кіргізілген қосымшалар. Осы компоненттердің әрқайсысының үлкендігі мен
шектері HTML-белгілеу шегінде түрлі дәлділікпен беріледі. HTML-де әтіндік
блоктардың өлшемін беру мүмкін емес. Олар браузермен, шрифттің
салыстырмалы үлкендігіне қатысты есептеледі.
Браузерлерді құрастырушылар бұл мәселені шешу мүмкіндіктерін
қарастырмады деп айтуға болмайды. NEXT платформасына арналған CERN
браузерлерінің алғашқы версияларында және WWW браузерлерінде автор
браузерге қойылған қасиеттерді HTML-белгілеу арқылы өзгерту мүмкіндігі
берілген болатын., Алайда бұл әдіс коммерциялық өнімдерде жалғасын
таппады да, ұмытылып кетті.

Браузер қасиеттерін өзгертудің басқа жолы
-
JavaScript-те

бағдарламалау. Осы тілдің қарқынды дамуы HTML-беттерін көрсетуді толық

басқарылу мүмкіндіктері жайында айтқызуда. JavaScript кемшілігі
-

белгілеудің декларативті түрінен бас тартуы және белгілеу элеметтерінің
қасиеттерін белгілеу үшін салыстырмалы түрдегі кодтың үлкендігі.
CSS (Cascading Style Sheets) спецификациясы декларативті түріндегі
белгілеу шегінен шықпау және де HTML-белгілеу элементтерінің көрнекті
формасы жайында толық басқарушылық мүмкіндігін береді [3].

25

Каскадты кестелер стильдері бір жағынан суреттердің және

қосымшалардың
көлемін анықтау үшін, ал екінші жағынан
мәтін

блоктарының және оның жазылуын анықтау жайындағы мәселелерді шешуге
арналған.
Компонентттердің өлшемдерінен басқа, стильдер кестелері және
мәтіндік үзіндінің жазылу тәсілін анықтайды. Осы параметрлерді мәтіндік
блоктың ішінде өзгертеді, басқа блоктар мен бет компоненттер өлшемдеріне
сай түзетулерді жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Жоғарыда жазылған
мүмкіндіктер CSS жайында құжаттың логикалық құрылымы мен көрсету
формасын бөлу құрылғысы ретінде айтуға болады. Құжаттың логикалық
құрылымы HTML-белгілеудің элементтерімен, ал сол элементтердің
әрқайсысының көрсету формасы элементтің CSS-баяндаушысымен
анықталады [5].
CSS белгілеу элементінің көру формасын толықтай қайта анықтауға
мүмкіндік береді. Web-инжиниринг үшін CSS практикалық маңыздылығы
(құру технологиясы мен Web-беттерін алып жүрудің жиынтығы) бетті құру
процессін жасалынып, төмендегідей түрінде көрсетуге болады.
Ең алдымен беттер номенклатурасын белгілеу керек, яғни жобаланатын
Web-беттің барлық беттерін типтерге бөлу: мысалға, үй беттері, новигациялық
беттер, ақпараттық беттер, коммуникациялық беттер және тағы басқалар.
Әрбіреу үшін бұл тізім кез келген болуы мүмкін.
Содан кейін түйін новигациялық картасы құрастырылып, оның
беттеріндегі іске асыру формасы белгіленеді.
Беттің әрбір стандартты компоненті үшін бөлек оны көрсету стилі
құрастырылады (CSS-бейнелеуші).
Енді тек қана суреттерді салу, анимацияны құру, бағдарламаларды жазу,
қолдан мәтінді енгізу және графиканы енгізу қалды немесе беттердің
мазмұнын оларға байланысу кезінде автоматты түрде генерациялау қалды.

1.6 MySQL мәліметтер базасы

MySQL белгілі ашық кодты SQL мәліметтер базасы,

MySQL AB

қолдануымен жасалған. MySQL AB - MySQL мәліметтер базасымен жұмыс

жасайтын коммерциялық компания. MySQL -
мәліметтербазасын

ұйымдастырушы жүйе, ол реляциялық мәліметтер базаларымен жұмыс
жасайды. Неліктен мен жұмысымда MySQL қолдандым? Себебі, MySQL -өте

тез, сенімді және қолдануға жеңіл жүйе. MySQL
үлкен мәліметтер

базаларына негізделіп жасалғандықтан, көптеген жылдар бойы өз қуатын
көрсетуде. Қазіргі кезде ол функцияларға бай және қолдануға қарапайым
мәліметтер жүйесі. Қолдану, пайдалану қауіпсіздігі жоғары болғандықтан,

MySQL
жүйесін Интернетте көптеп қолдануда.
MySQL техникалық

өзгешілігіне келсек, ол клиент-серверлік жүйе және мульти-ағымдық SQL
серверін қолдайды, көптеген клиенттік программалар мен библиотекаларды,

26

административтік құралдар мен программалық интерфейстермен жұмыс
жасайды.
MySQL - бұл интернеттегі ең танымал және ең кең таратылған МББЖ
(мәлімттер базасын басқару жүйесі). Бұл ең үлкен көлемді ақпараттармен
жұмыс істеу үшін арналған, бірақ оны интернет сайттары үшін қолдану
ыңғайлы.
MySQL жақсы жұмыс жылдамдығымен, сенімділігімен, икемділігімен
ерекшеленеді. Онымен жұмыс істеу аса қиындық туғызбайды. MySQL
серверін ұстану автоматты түрде РНР жеткізуін қосады.
Қажет ететін фактор ол оның тегіндігі. MySQL ортақ GNU (GPL, GNU
Public License) лицензиямен таралған.
Ол компьютердің ұзақ сақталуы мен ақпараттың өңдеуі пайда болғаннан

бастап шықты.
Осы тапсырманы шешу үшін 60-шы жылдары

мамандандырылған бағдарламамен пайда болды, ол мәліметтер базасымен
басқару жүйесі атағын алды. 80-ші жылдардың соңында реляциондық
мәліметтер базасын басқару жүйесі (РМББЖ) атауын алды.
Мәліметтер базасындағы әрекетте мәліметтер базасын басқару
жүйесінің (МББЖ) көмегімен өтеді, ол сұранысты шифрлайды және
мәліметтер базасындағы ақпараттармен операция жасайды. Сол себепті
МББЖ-не сұранысы және Web - қосымшасынан МББЖ-мен қатынасу туралы
айтқан дұрыс болар еді.
Мәліметтер базасының келесі түрлері бар:
- иерархиялық мәліметтер базасы ақпараттың сақталуы ескі
құрылымына негізделген. Бұл компьютердің файлдық жүйесін еске түсіреді;
- реляциялы мәліметтер базасындағы мәліметтер кестеде жиналады, ол
жолдан және бағаннан тұрады. Осындай мәліметтер базасына сұраныстар
кестені қайтарады және ол келесі сұраныста қатыса алады. Бір кестедегі
мәліметтер ереже тәрізді басқа кестелердің мәліметтерімен байланысты.
Осыдан реляция атауы шықты;
- объектті-бағытталған мәліметтер базасындағы мәліметтер объект
түрінде сақталады. Объектілі - бағытталған мәліметтер базасымен объектті
бағтталған программаны қолдау арқылы жұмыс істеу ыңғайлы;
- будандық МББЖ өзіне реляциондық және объектілі - бағытталған
мәліметтер базасының мүмкіндіктерін қосады;
Ішкі сипаттамасыры мен шыдамдылықтары:
- С және С++ жазылған. Түрлі компиляторда тестіленген;
- түрлі платформада жұмыс істейді;
- шыдамдылықпен қамтамасыз ету үшін GNU Automake, Autoconf және
Libtool қолданылады;
- АРІ болса, С,С++, Eiffel, Java, Perl, PHP, Python, Ruby және ТCL үшін;
- ядро ағынын қолданумен толығымен көпағынды. Егер осындай
мүмкіндікпен қамтамасыз етілсе, орда бірнеше процессормен жұмысты
ұйымдастыру оңай екендігін білдіреді;

27

- өте жылдам дискілік кестелер В-талдарының қысуымен көрсеткішіне
негізделген;
- таратылған жадының ағымдық жүйеге өте жылдам орналасуы;
- бір өтімді мультиқосылысты ықшамдалған әдіс қолдануымен өте
жылдам қосылыс, (one-sweep multi- join);
- жадыдағы хэш-кесте, уақытша кесте тәрізді қолданылады;
- жақсы ықшамдалған кітапхана класының көмегімен іске асырған SQL-
функциясы, сол себепті олар қаншалықты мүмкіндігі бар болса, соншалықты
тез орындалады. Сұраныс инициализациясынан кейін көбінесе жадының
реттелуі мүлден болмайды;
- MySQL коды Purify қолданумен тестіленген.
1.6.1 MySQL мәліметтер базасы құрылымы. Мәліметтер базасы - бұл
құрамында белгілі бір ақпараты бар екі өлшемді өзара байланысқан кестелер
жиыны. Мәліметтер базасын басқаратын бағдарламалық қамтама мәліметтер
базасын басқару жүйесі деп аталады.
Клиенттердің сұрауларын сипаттау үшін тұтас тіл құрылған - ол SQL
(Structured Query Language - құрылымдық сұраулар тілі). SQL сұраулары
арқылы келесі әрекеттерді орындауға болады:
мәліметтер базасы мен кестелерді құруға;
кестелерге мәліметті қосуға;
мәліметті өшіруге;
мәліметті өзгертуге;
қажет мәліметті алуға.
MySQL - бұл интернет желісіндегі ең танымал және кең тараған
мәліметтер базасын басқару жүйесі. Ол үлкен ақпараттық көлемдермен жұмыс
істеуге арналған, алайда оны интернет сайттарын жасағанда қолдану тиімді,
олардың кішігірім не үлкен болуы шарт емес [15].
MySQL - бұл мәліметтер базасын басқаратын жүйе. Мәліметтер базасы
структуралық мәліметтер жинағынан тұрады. Бұл деректер әртүрлі болуы
мүмкін - сатып алушылардан тұратын қарапайым тізімдерден суреттік
галерея тізіміне дейін немесе корпоративтік желідегі зор көлемді мәліметтерге
дейін. Компьютерлік мәліметтер базасында сақталған деректерді жазу, таңдау
және өңдеу үшін мәліметтер базасының жүйесі өте керек және бұл MySQL
бағдарламалық қамтамасы деп айтуға болады. Компьютер үлкен көлемді
мәліметтерді өңдеуді қаншалықты жақсы атқарғанымен, деректер базасын
басқару есептеу кезінде орталық роль атқарады. Мұндай басқарулар әртүрлі
болуы мүмкін - жеке утилиттер түрінде де, не болмаса қосымшалардың
құрамына кіретін кодтар түрінде де.
MySQL - реляциялық мәліметтер базасын басқару жүйесі. Реляциялық
мәліметтер базасында деректер жалпылама түрде емес, жылдамдық пен
иілгіштікке қол жеткізуге мүмкіндік беретін жеке кестелер түрінде сақталады.
Кестелер бір-бірімен қатынас құру арқылы байланыстырылады. Сұранысты

28

орындау кезінде әртүрлі кестедегі деректерді біріктіруге мүмкіндікті
қамтамасыз етеді [20].
MySQL бағдарламалық қамтамасы - бұл ашық кодты бағдарламалық
қамтама. Ашық кодты бағдарламалық қамтама - кез келген қалаушы оны
қолдануға және модификациялауға болады дегенді білдіреді. Мұндай
бағдарламалық қамтаманы интернеттен тегін алып қолдануға болады. Кез
келген қолданушы шығыс кодын алып, өз талаптарына сәйкес өзгерте алады.
MySQL қолданыс кезінде өте жылдам, сенімді және жеңіл. Егер дәл осы
сапалар керек болса, бұл көрсетілген сервермен жұмыс істеген жөн.
MySQL осы тиімді мүмкіндіктермен қатар қолданушылармен тығыз
байланысты орнату мүмкіндігіне ие. Алғашқыда MySQL сервері сол
кездердегі өзіне ұқсас серверлермен салыстырғанда жұмыстың өте үлкен
жылдамдықты қамтамасыз ету мақсатымен зор мәліметтер базасын басқару
үшін құрастырылған. Аталған сервер жоғарғы талапты өндіріс
эксплуатациясының шарттарында бірнеше жылдар сәтті қолданылып келе
жатыр. MySQL әр уақытта жүзеге асырылып отырғанына қарамастан, ол
бүгінгі таңда пайдалы функцияларды кеңінен қамтамасыз етеді. Өзінің
жылдамдығының және қауіпсіздігінің арқасында MySQL интернет бойынша
мәліметтер базасына қатынауға өте сай келеді.
MySQL бағдарламалық қамтамасы әр түрлі есептеу машиналарындағы
мәліметтер базасын қолдануды, сонымен қатар бірнеше әр түрлі клиенттік
бағдарламалар мен кітапханаларды, администраторлық ортаны және
бағдарламалық интерфейстің кең спектрін қамтамасыз ететін көп ағынды
SQL серверден тұратын клиент - сервер жүйесі болып табылады. Жан -
жақты құрастырушылармен құрылған MySQL бағдарламалық қамтамасының
көптеген саны бар [18].
Бір күндері біз төменгі дәрежедегі жылдам ішкі бағдарламаларға

қолданылып
жүрген mSQL-ді өзіміздің кестелерімізге қатынау үшін

қолдануды шешкен едік. Бірақ тестілеуден кейін біздің мақсатымыз үшін
mSQL-дің жылдамдығы мен иілгіштігі жеткіліксіз деген қорытындыға келдік.
Соңында мәліметтер үшін жаңа SQL - интерфейс құрастырылып шығарылды,
бірақ API - интерфейсі мен mSQL-ден айырмашылығы шамалы болды.
Төменде MySQL бағдарламалық қамтамасының керекті
сипаттамаларының анықтамалары келтірілген.
Ішкі сипаттамалыры мен тасымалданғыштығы:
- С және С+ + те жазылған. Әр түрлі компиляторлардың жиындарына
тестіленген;
- әр түрлі патформаларда жұмыс істейді;
- тасымалданғыштықты қамтамасыз ету үшін GNU Automake, AutoConf,
Libtool қолданады;
- API үшін C, C++, Eiffel, Java, Perl, PHP, Python, Ruby, Tcl;
- түйін ағындарын қолданатын толығымен көп ағынды. Бұл мұндай
мүмкіндік қамтамасыз етілсе, бірнеше процессорлармен жұмысты жеңіл
ұйымдастыруға болады дегенді білдіреді.
29

- жадыны тарату жүйесі ағындарда өте жылдам негізделеді;
- ағындарда өте жылдам негізделетін жадыны тарататын жүйе;
- тиімді әдісті пайдаланатын өте жылдам біріктірулер;
- уақытша кестелер ретінде қолданылатын жадыдағы хэш-кестелер;
- SQL-функциялар класстардың жақсы тиімделген кітапханалары
арқылы жасалған. Сондықтан олар мүмкіндігінше тез орындалады;
- MySQL-кодасы Purigy-дің және GPL құралдарының бірі болып
табылатын Valgrind-тің қолданылуымен тестіленген.
1.6.2 MySQL бағдарламалық қамтамасы қауіпсіздігі. Пароль негізіндегі
жүйе иілгіштік пен қауіпсізідкті қамтамасыз етеді. Ал парольдер болса
қорғалған, яғни сервермен байланысып, желі арқылы берілгенде парольдер
шифрланады.
Көлемділігі және шектеулілігі:
- өте үлкен мәліметтер базасын қолданады. МySQL AB компаниясы
MySQL-ді 50 млн жазбадан тұратын зор мәліметтер базасымен жұмыс істеу
үшін қолданса, ал қолданушылар MySQL - ді 5000000000 жолдан тұратын
60000 кестемен жұмыс жасау үшін қолданады.
- әрбір кестеге 32 индекске дейін иемденуге рұқсат етіледі. Әрбір
индекс 1-ден 16-ға дейін бағандардан немесе баған бөліктерінен тұрады.
Индекстің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш білім беру жүйесінде білім сапасын мониторинглеу
Ұстаз және актерлік қабілет
Алматы қаласы тарихының музейі
Республиканың мәдени өміріндегі өзгерістер
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ЖҰМАҒҰЛОВ БАҚЫТЖАН ТҰРСЫНҰЛЫ
Жезқазған қаласы
Елiмiзде бiлiм беру саласында болып жатқан жетiстiктер мен жаңалықтар
Жеке оқушымен жұмыс
АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕНІ ӘЗІРЛЕУ
Жоғары оқу орнында студенттерді интеллектуалды жүйелер бойынша даярлауды жетілдіру
Пәндер