Имам Харамайнның көзқарасындағы ислами шариғат мақсаттары


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ5

1. ИСЛАМИ ШАРИҒАТТЫҢ МАҚСАТЫ ЖАЙЫНДА ТҮСІНІКТЕМЕ. 8

1. 1 Ислами шариғаттың мақсаттары тақырыбында жазылған алғашқы еңбектер. 12

1. 2 Ислам құқығын зерттеушілердің бұл ілімді ашып, зерттегенінен бұрын осы тақырыптың пайда болуы. 14

1. 3 Ислам құқығын зерттеушілердің бұл ілімді ашып, зерттегенінен кейін осы тақырыптың пайда болып, жалғастырылуы. 16

1. 4 Ислами шариғат мақсаттарын тану жолдары. 31

2. ЖАТТАЛУ НЕМЕСЕ ЕСКЕ САҚТАЛУЫ (ҚОЛДАНУЫ) РЕТІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ЖЕТКЕН МАСАЛИХТЫ ҚАМТЫҒАН ШАРИҒАТ МАҚСАТТАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ. 39

2. 1 (الضرورياة) Зәруліктерге байланысты туындаған үкімдер39

2. 2 Жоғарыдағы шариғат мақсаттарының реттілігі. 48

2. 3 (حاجيات) Қажеттілік тундағаннан пайда болған үкімдер. 49

2. 4 (تحسينيات) Қолдануы жақсы болып есептелген үкімдер. 52

2. 5 Мукаммиләт. 54

2. 6 Мақсат (ниет) дәрежесіне байланысты болған шариғат мақсаттарының тәртібі. 56

ҚОРЫТЫНДЫ. 62

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ. 63

КІРІСПЕ

Әлемдердің раббысы болған барлық мақтау мен мадақтаулар Аллаға тән. Нәпсіге берілуден және істеген амалдарымыздың жаман болуынан Аллаға сыйынамыз. Расында Алла біреуді адастырса оны ешкім тура жолға сала алмайды, ал кімді тура жолға салса оны ешкім адастыра алмайды. Алланы ұлықтай отырып, Пайғамбарымызға (с. а. с) салауат айта отырып бұл еңбегімізді бастаймыз.

Шын мәнінде Алла адам баласын ұлы ниетте және де белгілі бір мақсатта жаратты. Арине ол дегеніміз ешқандай серігі жоқ, барлық кемшіліктен пәк болған ұлы жаратушымыз бір Аллаға құлшылық ету. Осыған дәлел ұлы Құранда былай дейді:

«Жын мен адамзатты өзіме құлшылық ету үшін жараттым»[1, 51. 56] .

Алла тағала адам баласына өзінің өмір сүруі барысында қалаған іс-әрекеттерді істеп кетуіне жол бермеді. Оған байланысты құранда былай келеді

«Адам баласы бос қоя берілеміз деп ойлай ма?»[1, 75. 36] .

Керісінше Алла оларға өзінің шариғатын түсірді. Сол арқылы адамдарды қараңғылықтан жарыққа шығарды, адасушылықтан иманға жол ашып берді. Және де өзінің сүйікті Пайғамбарын (с. а. с) адамдардың мәңгілік бақыт пен жақсылыққа жету жолында үлгі - өнеге етіп жіберді[3, б. 7] .

Расында Алла өзінің шариғатын ұлы мақсатта түсірді. Сол шариғат арқылы адамдардың өмір сүрулерін көркемдеп, құлшылықтарын реттеп берді. Оларды жамандықтан алыстатып, тура жолға сәйкес болуларына жол көрсетті. Адамдарды жаратқан ұлы Алла олардың пайдаларын да анықтап берді. Осыған байланысты құранда былай келеді:

«Жаратқан білмей ма? Ол тым жұмсақ, әр нәрсені толық білуші»[1, 67. 14] .

Қандай да бір жақсы нәрсе болса оған Алланың шариғаты дәлел болады және қандай да бір жаман нәрсе болса оған шариғат қарсы болады. Осы себептерге байланысты адамдардың жүректері ағарып, тура жолға бағытталды.

Алланың өзінің шариғатын осындай үлкен де ұлы мақссаттармен жіберген болса, онда осы ұлы ислами шариғаттың мақсаттарын танып білу, Алланың бұйырған үкімдерін түсінуде өте маңызды құрал болып табылады. Осы мақсаттарды білу, үйрену арқылы біз тура жолда жүрген болып есептелеміз.

Дәл сол сиякты осы мақсаттар мен үкімдерді білмеу шариғат мәтіндерінен үкімдерді шығаруда үлкен қателіктерге апарып соғады. Және де сол шариғат мәтіндерін түсінуіміздің таяз болуына себеп болады. Осы мақсаттарға жүгінбеу шариғат мәтіндерін өз орнында қолданбауға апарып, көздеген мұраттарымызға жете алмаймыз[2, б. 9] .

Алланың тарапынан жіберілген шариғат адамдардың өмірінің негізі болып, олардың өмір салтын шариғатқа байланысты дурыстайтыны анық. Бұл шариғат әлемдік болып адамдарға толығымен түсті. Әрбір уақыт пен кезеңдерде бұл шариғат қабылданып, өз орнында қолданылды. Сондай-ақ шариғатты және оның көздеген мақсаттарын білу сол шариғаттан шығып жатқан жаңа үкімдерді түсінуге негіз болып, мұсылманның осы негіздерді түсіну арқылы өмірін шариғатқа сәйкес етуі заңды болды. Осы ислами шариғат мақсаттарын түсіну ілім іздеуші мен ілім жолында талаптанушыны шариғат мәтіндерін түсініп одан дұрыс үкім шығара білуді үйретеді. Ислами шариғат мақсаттарының тура жолында жүру, сол ілім жолында жүрген адамның шариғаттан үкім шығарғанда әрбір сөздерге мән беруді талап етеді.

Бұл ілім шариғат мәтіндерін түсінуі мен қатар оны өзінің өмірінде қолдануында дұрыс жолға қоюды қамтамасыз етеді. Ал керісінше бұл ілімді өз өмірінде пайдаланбаған адам исламнан еш хабары болмайды деп есептесе болады. Сол сияқты бұл ілімді меңгермеген адам исламаға қатысты басқа да ілімдерді терең қамти алмайды. Тіпті, қаншама ислам ілімдерін үйреніп бірақ бұл ілімді оқымаған адамды мынандай сөз айтқан адамға мысалға келтіруге болады: «Бидғатшы адаммен адамдасуға болмайды тек қол алысуға болады» деген сияқты. Негізі ислам заңдылықтарынан үкім шығаратын адам екі нәрсені білмей үкім шығара алмайды:

1. Ислами шариғаттың мақсаттарын толық меңгермейінше. Яғни, осы ілімді терең оқып, толық түсінбейінше.

2. Шариғат мәтіндерінен үкім шығаруды толық меңгермейінше. Яғни, осы шариғат мәтіндерін толық оқып, жан - жақты зерттеп, терең түсініп, соған байланысты үкім шығаруды үйрену[2, б. 8-11] .

Ислами шариғаттың мақсаттары жайындағы ілім ол дәлелдерді жалпылай ал үкімдерді жеклей зерттейтін ілім. Шариғаттың белгілеген әр түрлі үкімдері мен мағыналарын зерттейтін ілімнің түрі. Бұл ілім жекелей адамдарға немесе жалпылай көп адамдарға тиісті болуы мумкін. Шариғаттың исламдағы мақсаты жайындағы ілім құқық негіздері мен жалпылай фиқх іліміне де қатысты болып келеді.

Ислами шариғаттың мақсаттары туралы ілім бұл ислам ілімдерінің нәзік ілімдерінен болып есептеледі. Бұл ілімді тек қана терең білімді адамдардың ғана меңгере алатыны сөзсіз. Түсінігі жоғары, ойы зерек, ислам фиқхы мен оның заңдылықтарын білетін және де үкімдердің ең нәзік, терең мәселелерін қарастыра алатын адам ғана бұл іліммен терең айналыса алады. Ислам ілімінің қай саласын терең меңгерген адам болмасын бұл ілімді терең меңгергені міндет болады.

Әрбір шариғатты үйренем деген адамға осы ілімді үйреніп білу міндетті болады дегеніміз дұрыс шығар. Себебі бұл ілім шариғатты үйренуден бұрын оқылатын ілімдердің бірі. Шариғат ілімдеріне кіріспес үшін осы ілімді меңгеру, ол шариғат жайында жалпы мағлұматты біліп алу іспеттес. Сондықтан бұл ілім шариғат ілімдерінің кіріспесі ретінде қарастыруға болады. Негізінде бұл ілім жайында қазақ тілінде бұрын соңды толыққанды ғылыми зерттеу жұмысы жазылмаған. Алланың қалауымен бұл ілім осы саланың басы болмақ[3, б. 12] .

Зерттеу жұмысының мақсаты. Бұл тақырыптың мақсаты -адам баласына ислами шариғат мақсаттарын дұрыс түсінуді және соған байланысты шариғат негіздерінен дұрыс үкім шығаруды үйретеді. Осымен қоса бұл ілімді үйренумен қатар басқа да шариғи ілімдерді меңгеріп, соларды үйрену жеңіл де оңай болары сөзсіз. Сондықтан бұл тақырыпта шариғатқа кірмес бұрын меңгерілетін ілім жайында жалпы мағлұмат беріліп кетеді.

Зерттеу әдістемесі. Осы диплом жұмысының зерттеу әдістемесінің теориялық және әдістемелік негіз ретінде осы ілімге байланысты көптеген атақты ғалымдардың еңбектерін пайдаландым, әрине бұған исламның негізі қайнар көздері қасиетті Құран мен Пайғамбарымыздың (с. а. с) хадис шарифтері алынды. Және зертеліп жатқан тақырыбтың мән - мағынасын ашып беру үшін қосымша мағлұматтар мен кітаптардан және де интернет желісіндегі көрсетілген еңбектерден кейбір мәліметтер алынды.

Жұмыстың жазу барысында болған қиыншылықтар. Қолданған араб тіліндегі еңбектерді іздеп табу барысында кішкене қыйналдым. Және сол еңбектерді аударған кезімде біраз қиындықтар туындады. Себебі осы уақытқа дейін Қазақстан аумағында осы тақырыпқа байланысты бір - екі беттік кіріспе ретінде жазба болмаса, терең де толыққанды еңбек жазылмағандықтан, пайдаланытын қосымша қазқша ақпарат көзін таппадым. Сол себепті арабша кітаптарды толық аударып, мағынасын шығаруға тура келді.

Зеттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, үш тараудан, қорытынды, сілтеме және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Тақырыптың өзектілігі. Ислам діні дамып жатыр жіне соған сай ислам ілімдері де оқылып, зерттеліп жатыр. Қазіргі уақытта біздің елімізде исламға қатысты негізігі ілімдер терең зерттеліп, медресе - мешіттерімізде оқытылып жатыр. Ал бұл зерттеген тақырып ислам ілімдерінің тереңінде қойнауында жатқандықтан бізде әлі де ашылып, зерттеліп, ауқымды еңбек жазылмаған. Сол себептен осы тақырыпты таңдап, еңбек жазуға кірістім. Бұл тақырыптың маңыздылығы бізге жаңа болып есептелеген, бірақ міндетті түрде оқылуы, зерттелуі керек ілім болып есептеледі. Және осы ілімнің ары қарай дамып, еңбектер жазылуы өте маңызды болып табылады. Осы қырларынан санағанда бұл еңбектің маңыздылығы мен аса қажеттілігі анық және айқын.

1. ИСЛАМИ ШАРИҒАТТЫҢ МАҚСАТЫ ЖАЙЫНДА ТҮСІНІКТЕМЕ.

Шариғаттың мақсаты ( مقاصد الشريعة ) деген сойлем ол ( مقاصد ) пен ( الشريعة ) деген екі сөзден құралған және ( الشريعة ) сөзі ( الإسلام ) сөзімен байланысты болып есептеледі. Сол үшін біз ( مقاصد الشريعة الإسلامية ) шариғаттың исламдағы мақсаты деген сөйлемді түсіндіріп, анықтап шығамыз. Ол үшін осы сөйлемдегі әр сөзді жеке-жеке қарастырып шыққанымыз дұрыс болар.

1 . ( مقاصد ) деген сөздің тілдік мағығынасы.

Бұл ( مقاصد ) сөзі ( مَقصَد ) және ( المَقصَدُ ) сөздерінің көпше түрі. Ал ( المَقصَدُ ) сөзі болса ( ميمي ) тұйық етістігі арқылы ( مَفعَل ) бабында ( قَصَد ) етістігінен алынған. Және де ( قَصَد يَقصِد قَصدا مَقصَد ) деген сөздер арқылы келеді. Бірақ ( القَصد ) мен ( المَقصَدُ ) бір мағынада келеді[2, б. 25] .

Негізінде тіл ғалымдары осы ( القَصدُ ) деген сөзге бірнеше мағына берген соның ішінде төртеуін ерекше атап көрсеткен:

Бірінші мағына: Сүйену ( اعتما د ), негіз ( الأم ), бінәрсені келтіру ( إتيان الشيء ) , бағыттау ( التوجه ) деген мағыналары бар. Мысалы: قَصدُه) ) деген сөз жоғарыдағы мағыналардың біріншісіне сәйкес оның сүйенгені деген мағына берсе ал ( قَصَد لَه ) деген сөйлем үшінші мағынағы сәйкес оның келтіргені немесе әкелегені деген мағынада болады ал ( قَصَد إليه ) деген сөйлем екінші мағынаға сәйкес оған негіз болу деген мағынаны береді. Ал енді жоғарыда мағыналарға қосымша мағына ретінде мысалы ( أقصده السهم إذا أصابه قتل مكانه ) «Садақтан шыққан оқ егер көздеген жеріне жетсе өлтіреді» деген мағынадағы ( أقصد ) сөзі шығу, өту мағыналарын береді. Осы мағыналарға тағы да қосымша келтіретін болсақ онда сахих муслимнан мынандай мысал келтіруге болады:

( فكان رجل من المشركين إذا شاء أن يقصد إلي رجل من المسلمين قصد له فقتله . . . ) мағынасы «Мүшріктерден болған бір кісі егер мұсылмандардан болған бір кісіні қаласа онда ол оған бағытталып оны өлтіретін еді» деген мағынада ( قصد ) сөзі қалау, бағытталу деген мағыналар келеді.

Екінші мағына: ( استقامة الطريق ) жолда тұру деген мағынаны береді. Мысалы құран аятында:

«Тура жолды түсіндіру Аллаға тән. Ол жолдың қисығы да бар . . . »[1, 1 6 . 9] .

Осы аяттағы ( قصد ) сөзі тура жол деген мағынаны береді. Ибн Жарир былай деп айтқан: «( قَصدُ الطريق ) дегеніміз ол қисығы жоқ тура жол дегенді білдіреді» деп түсіндірген. Немесе ( قاصد طريق ) дегеніміз жеңіл жол ал ( سفر قاصد ) дегеніміз жеңіл, жақын жол деген мағынаны білдіреді. Құраннан мысал келтіре өтсек дұрыс болар:

«Егер жақындағы бір пайда, қолайлы сапар болса еді, әрине саған олар ілесер еді»[1, 9 . 42 ] .

Осы аятта ( قصد ) сөзі жақын, алыс емес жер деген мағынада келеді.

Үшінші мағына: ( العدل ) әділдік, ( التوسط ) ортаны устану, ( عدم الإفراط ) астамшылдықтың болмауы. Бірінші мағынаға мынандай мысал келтіруге болады ( على الحكم يجب ان يقص ) яғни «міндет болады үкімде әділетті болу». Келесі екі мағынаға қатысты мысалдар Құран мен хадисте өте көп келген сонын бірін келтіріп өткенді жөн көрдім. Құраннан:

وقصد في مشيك

«Жүрісіңде орташа бол»[1, 31 . 19 ] .

Мұнда ( قصد ) сөзі орташа ( التوسط ) мағынасын береді. Ал енді Пайғамбарымыздың (с. а. с) хадисінен келтіретін болсақ ол:

القصد القصد تبلغوا . . .

«Жолдарыңды орта жол қылып таңдаңдар немес орта жолға түзеліңдер».

Жабир ибн Самраның былай айтқаны бар:

--- فكانت صلاته قصدا و خطبته قصدا كنت أصلي مع رسول الله

«Пайғамбарымызбен (с. а. с) намаз оқыдым. Оның намазы да құтбасы да орташ болатын еді». Бұл жердегі ( قصد ) сөзі орташа деген мағынада келеді.

Төртінші мағына: ( الكسر في أي وجه كان ) яғни қай тарапқа болсын тиісті болу немесе сәйкес болу. Бұл мағына орта жолды ұстану дегенге сай келеді. Мысалы: ( كسرت العود قصدا كسرته ) яғни «Қайтаруды ниет еттім бірақ екі ойлымын» делінсе мұндағы мағына не қайтарады не қайтармайды, осының ортасында болу[2, б. 27] .

Осы ( قصد ) сөзі тиісті болған барлық мағыналар тілдік мағынада осы ( قصد ) сөзіндегі негізгі болған үш әріпке ( ق ص د ) тиісті. Осы үш әріпке ( ق ص د ) араб тіліндегі осы айтылған мағыналар тиісті болады. Ал енді осы айтылған мағыналардың қайсысы басым болады дегенге келетін болсақ онда тіл ғалымдарының айтуынша бірінші айтылған мағыналар негізгі болып есептеледі де екінші мен үшінші айтылған мағыналарды өз ішіне қамтиды. Ал енді тағы бір ғалымдардың көзқарасы бойынша ( اعتماد ), ( الأم ), ( إتيان الشيء ), ( التوجه ) мағыналарын терминдік мағынамен қосып айтуға болады дейді. Себебі бұл мағыналардың барлығы ( ارادة الشي ) деген мағынаның ішіне кіріп кетеді ал екінші мен үшінші мағыналар осы мағыналардан кейін орын алады. Ал енді ( العدل ), ( التوسط ), ( عدم الإفراط ) мағыналары осы мағыналардан кейінгі соңғы орындарды алады деп айтқан яғни төртінші мағынаға тиісті.

2 . ( مقاصد ) сөзінің терминдік мағынасы.

( مقاصد ) сөзінің терминдік мағынасын түсіндірмес бұрын осы ( مقاصد ) сөзінің түрлерін қарстырып өткенді жөн көрдім.

( مقاصد ) сөзі үш түрге бөлінеді:

Бірінші түрі: ( مقاصد الخالق نت الخلق ) жаратушының жаратылғандардағы мақсаты. Оған Құраннан мынандай мысал келтіруге болады:

«Жын мен адамзатты өзіме құлшылық ету үшін жараттым»[1, 51. 56] .

Екінші түрі: ( مقاصد الخالق من إنزال الشريعة ) жаратушының шариғатты түсіруіндегі мақсаты. Бұны басқа да мағынамен берсек болады ( مقاصد الشريعة ) шариғаттың мақсаты деп.

Үшінші түрі: ( مقاصد المكلفين ) мойнына шариғат міндет болғанның мақсаты.

Осы жоғарыда аталып өткен түрлердің ішіндегі бізге маңызды болған және біздің тоқталып өтетініміз ол екінші түр яғни ( مقاصد الخالق من إنزال الشريعة ) жаратушының шариғатты түсіруіндегі мақсаты[3, б. 87] .

Ол өзі үш түрге бөлінеді:

Бірінші түр: ( مقاصد الشريعة العامة ) жалпы болған шариғат мақсаттары. Бұл жердегі ( العامة ) сөзі ( قاصد ) сөзіне байланады. Сондықтан шариғаттың барлық бөлімдері мен түрлерін қамтиды.

Екінші түрі: ( الخاصة مقاصد الشريعة ) жеке болған шариғат мақсаттары. Сондықтан бұл түр шариғаттың кейбір бөлімдері мен түрлерін қамтиды. Мысалы: ( مقاصد الشريعة من المعاملات المالية ) сауда бөліміндегі малға байланысты болған шариғат мақсаттары.

Үшінші түрі: ( مقاصد الشريعة الجزئية ) белгілі бір шариғат үкімдерінің бір бөлігі болған шариғат мақсаттары. Мысалы: ( مقاصد السريعة من إجاب الصلات او الصوم ) міндет болған оразаның немесе намаздың шариғат мақсаттары. Шариғат мақсаттарының бұл түрімен құқықтанушылар айналысады және бұған байланысты мәселелер құқықтану кітаптарында келеді.

Ал енді жоғарыда айтылған түрлердің ішіндегі бірінші түрге яғни ( مقاصد الشريعة العامة ) жалпы болған шариғат мақсаттары жайында айтып өтсек. Бұл түрге алдынғы заманның құқықтанушылары ешқандай түсініктеме бермеген. Олар осы түрге бірнеше мағына беріп кеткен:

1 . ( المصلحة و درء المفسدة ) Пайда шығару мен жамандықты жою.

2 . ( المعاني ) Түсінік.

3 . ( الغايات ) Пайда.

4 . ( الحِكم ) Даналық[3, б. 88] .

Ал енді ( مقاصد الشريعة ) терминдік мағынасына тоқталсақ. Қазіргі заманымыздың ғалымдары бұл сөзге көптеген түсініктемелер берген соларға тоқталып өтсек:

1 . مقاصد الشريعة дегеніміз ол - шариғаттың әрбір үкімдеріндегі сырларды ашу, зерттеу маңызы.

2 . مقاصد الشريعة дегеніміз ол - жалпыны да жекешелікті де қамтитын, әр түрлі формалар мен қалыптардың ішінде жатқан үлкен бір шындық. Бұл түсініктемені жалпы мен жекені білдіретін шариғат мақсаттарына қолданса болады.

3 . مقاصد الشريعة дегеніміз ол - әрбір уақыт пен заманда пайдалы, маңызды болған, мақсат, нәтиже мен мағыналарды өзіне қосқан, үкімдер мен оларды шығару жолдарын көрсеткен шариғат жйынтығы.

4 . مقاصد الشريعة дегеніміз ол - шариғаттың маңызын ашу үшін жаратушының өзінің құлдарына қойған маңызды үкімдері.

5 . مقاصد الشريعة дегеніміз ол - дәрежелері жоғары болған істер, жақсылыққа апаратын және шариғаттың ақиқатын ашатын үкімдер, шариғаттың негізі болған мәтіндер мен құлдарға түсірілген үкімдер жйынтығы.

Осы анықтамалардың барлығы ( مقاصد الشريعة ) шариғат мақсаттарының болған ( الخاصة ), ( العامة ), ( الجزئية ) түрлеріне де анықтама ретінде қабылдауға болады.

6 . مقاصد الشريعة дегеніміз ол - шариғатта және оның барлық үкімдерінде болған мағыналар мен шариғат көздеген мақсаттарды қамту немесе оны басқа да мысалдармен келтіруге болады мысалы: Шариғат үкімдерінің әр бір үкімдеріне қойған терең сырлары мен шариғат мақсаттары. Осы қойылған анықтамалар екі бөліктен тұрады. Бірінші бөлік ( مقاصد الشريعة العامة ) жалпы болған шариғат мақсаттарын білдірсе, ал екінші бөлігі ( الخاصة مقاصد الشريعة ) жеке болған шариғат мақсаттарын білідіреді. Осымен біз ( مقاصد الشريعة ) шариғат мақсаттарының алты түрлі терминдік мағынасын қарап шықтық[3, б. 89] .

Ал енді осы ( مقاصد الشريعة ) шариғат мақсаттары сөзіне қатысты болған ( الشريعة ) шариғат сөзінің тілдік және терминдік мағынасын қарастырып өтсек дұрыс болар.

( الشريعة ) шариғат сөзінің тілдік мағынасы

Бұл сөздің ( الدين ) дін, ( الملة ) ұйым, ( المنهاج ) тәсіл, ( الطريقة ) жол, ( السنة ) сүннет деген көптеген мағыналары бар.

Негізінде араб тілінде ( الشريعة ) шариғат сөзінің негізігі мағынасы яғни түпкі мағынасы ( مورد الشاربة ) ішетін бұлақ деген мағынаны білдіреді. Араб тілінің сөздігіне келетін болсақ ( الشريعة ) шариғат, ( الشَرْع ) заңдылық ( المشْرعة ) суаратын жер немесе су ішетін жер, осы сөздердің барлығы су ішу үшін суғу түсетін жағажай немесе жотаны айтады. Ал арабтардың тілдерінде ( الشريعة ) шариғат пен ( الشِرْعة ) заңдылық сөздері адамдардың жағажайдан түсіп, еңкейіп барып су ішетін яғни ( الشِرْعة الماء ) немесе ( مورد الشاربة ) ішетін бұлақ деген мағынаға сәйкес келеді. Және де арбатар бітелмей ағып жатқан суды ( الشريعة ) деп атап, ал егер белгілі бір суғу құралмен жету мүмкіндігі болса мысалы арқаны бар шелекпен онда бұндай суды ( الشريعة ) деп атамайтын[2, б. 29] .

Ал негізіне келетін болсақ ( الشريعة ) шариғат пен ( الشِرْعة ) заңдылық дегеніміз, Алланың тарапынан түскен бұйрықтар мен тыйымдарды айтамыз. Мысалы, қасиетті Құран қәрімде келгендей:

«Сосын ( Мұхаммед (с. а. с) ) сені шариғат ісіне қойдық. Енді сонымен жүр. Білмегендердің ойларына ілеспе». [1, 45 . 18 ]

Осы ( الشريعة ) шариғат сөзіне байланысты Әбу Закария әл-Фағра деген тіл ғалымы былай деді: Осы ( الشريعة ) шариғат сөзі пайғамбарымыз (с. а. с) әкелген діні, жүрген жолы, ұстанған қағидасы, осының бәріне қатысты деді.

( الشريعة ) шариғат терминдік мағынасы.

Бұл сөзге ислам ғалымдарының берген терминдік мағынасы мынандай: ( الشريعة ) шариғат, ( الشِرْعة ) заңдылық, ( الشَرْع ) құқық деген сөздердің мағынасы Алланың тарапынан түскен сенім жүйесі мен амалдар жиынтығы. Тағы да бір мағына бергендерде былай келеді: ( الشريعة ) шариғат дегеніміз Алла тағалаға және оның пайғамбарына (с. а. с) және араларымыздағы тағайындалған басшыларға мойынсұну. Енді бір орында ( الشريعة ) шариғаттың ақиқаты дегеніміз ол Пайғамбарға (с. а. с) еру және оған мойынсұну. Әл-Журжани деген ғалым мынандай анықтама берген: «Алланың тарапынан құлдарына жүктелген міндеттері». Осы ( الشريعة ) шариғат деген сөздің терминдік мағынасын ашатын болсақ онда ол дегеніміз «Алланың көптеген пайғамбарларының бірі болып жіберілген Мұхаммед пайғамбар (с. а. с) арқылы құлдарына түсірілген шариғатты айтады, мейілі ол амалдық жағынан болсын немесе сенім жағынан болсын». Осы жоғарыда берілген мағыналарға қарайтын болсақ онда осы ( الشريعة ) шариғат деген сөздің терминдік мағынасы барлық шариғаттарға қолданылады, яғни Алланың тарапынан жіберілген барлық шариғат, үкімдерге мағына қылып берсе болады. Ал біздің ұстанып жүрген шариғатымызға байланысты мынандай мағына беруге болады. Мысалы: Алланың көптеген пайғамбарларының бірі болып жіберілген Мұхаммед пайғамбар (с. а. с) арқылы құлдарына түсірілген жол, мұндағы арабша баламасында келген ( ما سَنَه ) деген сөз «жол» деген мағынаны береді. Ал жоғарғы мағыналарда ( الشريعة ) шариғат деген сөз арқылы келген болатын. Бұдан түсінетінміз ( الشريعة ) шариғат деген сөз ( عام ) яғни, толық мағынаны қамтыйды. Демек, Алланың тарапынан түскен барлық шариғаттар ал ( ما سَنَه ) деген сөзі, тек бідің ұстанып жүрген шариғатымызға тиесілі, яғни Мұхаммед пайғамбардың (с. а. с) әкелген шариғатын ұстанып жүрген Әһли сунна уа әл-Жамағат адамдары[2, б. 30] .

( الإسلام ) Ислам сөзінің тілдік және терминдік мағынасы.

Ислам сөзінің тілдік мағынасы: ( لإنقياد ) яғни бір жолмен жүру немесе бойын сұну деген мағыналарды береді.

Ислам сөзінің терминдік мағынасы:«Алланың бір екенін мойындап және оған ықыласты түрде бойынсұнумен қатар оған серікқосудан сақ болу». Бұл мағына Алланың тарапынан түскен барлық діндерді қамтиды ал біз үшін Мұхаммед (с. а. с) пайғамбардың әкелеген шариғатын ұстанып жүру деген мағынаға келеді. Себебі ол (с. а. с) сонғы пайғамбар, ал ислам діні сонғы дін болып есептеледі. Осыны қорытындылай келетін болсақ ( الشريعة الإسلامية ) дегеніміз:« ما سنه الله لعباده من الأحكام عن طريق نبينا محمد صلى الله عليه و سلم و جعلها خاتمة لرسالاته ». Алланың өзінің сонғы пайғамбары Мұхаммад (с. а. с. ) арқылы адамдарға жол қылып жіберген үкімдер жйынтығы[2, б. 31] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ
Уақыф сөзінің тілдік мағынасы
Ислам құқығы (фикх әдістемесі)
АҚЫТ ҮЛІМЖІҰЛЫ - НАҚШБАНДИ ТАРИҚАТЫНЫҢ БИІК ӨКІЛІ
Исламдағы адам өмірі
Діни-этикалық құндылықтар және исламдық қаржы жүйесі
«Шиға ағымынан болған имамия мазһабі»
Имам Матуриди және Имам Ашари көзқарасындағы негізгі айырмашылықтарға талдау жүргізу
Аббасидтер дәүіріндегі араб әдебиеті
ИСЛАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АҒЫМДАР: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz