АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ ТҮРГЕН ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті

«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы

АЗАД АХМАД РАШАД

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ «ТҮРГЕН» ТОПТЫҚ СУ ҚҰБЫРЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ОНЫ ПАЙДАЛАНУ ЖОБАСЫ

5В080500-«Cу ресурстары және суды пайдалану» мамандығы

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті

«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Тақырыбы: Алматы облысы «Түрген» топтық су құбырын қайта құру

және оны пайдалану жобасы

Көлемі бет

Көркемдік материалдар

Қосымша

Орындаған: Азад Ахмад Рашад

Диплом қорғауға жіберілді: «___» 2018 жыл

Кафедра меңгерушісі: т. ғ. к., қауым. профессор Сарқынов Е. С.

Жетекші: а. ш. ғ. д., профессор Тілеуқұлов А. Т.

Нормабақылаушы: доктор PhD Ануарбеков Қ.

Арнайы бөлімдер бойынша кеңесшілер:

ГТҚ, т. ғ. к., қауым. профессор Базарбаев А. Т.

Су тазалау технологиясы а. ш. ғ. д., профессор Зубаиров О. З.

Сарапшы:

КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМ

«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»

«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті

«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы

Мамандық: 5В080500-«Cу ресурстары және суды пайдалану»

Дипломдық жобаны /жұмысты/ орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент: Азад Ахмад Рашад

Жоба /жұмыс/ тақырыбы : «Алматы облысы «Түрген» топтық су құбырын

қайта құру және оны пайдалану жобасы»

Университеттің 2017 ж. « » № бұйрығымен бекітілген.

Дайын жобаны /жұмысты/ тапсыру мерзімі « 25 » мамыр 2018 жыл

Жобаны /жұмысты/ бастапқы деректері:

Алматы облысының табиғи-климаттық жағдайы; диплом алдындағы өндірістік практика негізінде жиналған материалдар; «Түрген» су құбырының жалпы сұлбасы, жобалау аймағының сипаттамасы; су тұтынушылар құрамы, қабылданған су мөлшері.

Дипломдық жобада /жұмыста/ қарастырылатын тараулар мен сұрақтар:

Кіріспе

1. Сумен қамту нысанының орналасқан аумағы мен сипаттамасы, негізгі сумен қамту көзінің техникалық көрсеткіштеріне талдау және табиғи шаруашылық жағдайлары.

2. Су тұтынушылар құрамы, тұтыну режимі мен көлемін анықтау, тегеурінді реттеуші мен су құбыры жүйесіндегі су көлемін есептеу, тік тұндырғышты есептеп, залалсыздандыру.

3. Қайта құру, құрылыс жұмыстарының көлемі және су құбырын пайдалану шаралары.

4. Технико - экономикалық көрсеткіштер.

5. Табиғатты қорғау және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Қорытынды.

Қолданылған әдебиеттер.

Графикалық материалдар: 12-15 презентациялық слайдтар дайындау қажет.

Ұсынылған негізгі әдебиеттер:

1. «Монтаж систем внешного водоснабжения и канализации» под редакцией А. К. Перешивкина. Справочник по специальным работам. М. : Стройиздат, 1987

2. ЕНиР сборник Е9 (Сооружения системы теплоснабжения, водоснабжения, газоснабжения и канализации». Выпуск 2 «Наражные сети и сооружения» М, :Прейскурантиздат, 1988 г.

3. Зубаиров О. З., Тлеукулов А. Т. «Суғару мелиорациясы» Оқулық. Алматы, Агроуниверситет, 2010. - 274 б.

4. Зубаиров О. З., Тлеукулов А. Т. и др. Мелиоративтік жүйелерді жобалау. Оқулық. «Нур-принт» баспасы, Алматы, 2011. -283 бет.

5. Ольгаренко В. И. «Эксплуатация гидромелиоративных систем» Москва, «Колос» - 1980 г.

6. «Оросительные нормы сельскохозяйственных культур в Казахстане» КазНИИВХ Джамбул 1989г

7. Тлеукулов А. Т., Зауирбек А. К., Базарбаев А. Т., Методические указания

для дипломного проектирования, Алматы, 2012 г.

8. Зубаиров О. З., Шомантаев А. А., Жунисов А. Т. Учебное пособие: «Практикум по гидротехническим сооружении», К-Орда, Тұмар, 2010. - 240 с

9. С. К. Хамзин, А. Е. Тажанов «Проектирование земляных работ и устройств фундаментов». Москва, 1990 г

Жобаны (жұмыстың) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарау: Құрылысты ұйымдастыру және жүргізу
Кеңесші: М. Қалиев
Мерзімі:
Қолы:
Тарау: Гидротехникалық құрылымдар
Кеңесші: А. Базарбаев
Мерзімі:
Қолы:
Тарау: Су тазалау технологиясы
Кеңесші: О. Зубаиров
Мерзімі:
Қолы:

Кафедра меңгерушісі: т. ғ. к., қауым. профессор Сарқынов Е. С.

/қолы/

Жетекші: а. ш. ғ. д., профессор Тілеуқұлов А. Т.

/қолы/

Тапсырманы орындауға

қабылдаған студент Азад Ахмад Рашад.

/қолы/

Дипломдық жұмысты орындау кестесі

рет

Қарастырылған бөлімдер
Жетекшіге белгілену мерзімі
Ескертулер
№рет: 1
Қарастырылған бөлімдер:

Жалпы бөлім. Ауылды елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің және

санитарияның қазіргі жағдайы (Республика бойынша)

Жетекшіге белгілену мерзімі: 01. 03. 18ж. - 15. 03. 18ж. .
Ескертулер:
№рет: 2
Қарастырылған бөлімдер: Жиналған тақырыптарға сараптама жасау
Жетекшіге белгілену мерзімі: 16. 03. 18ж. - 25. 03. 18ж.
Ескертулер:
№рет: 3
Қарастырылған бөлімдер: Жобалау ауданының табиғи-климаттық жағдайы
Жетекшіге белгілену мерзімі:

26. 03. 18ж. -

30. 03. 18ж.

Ескертулер:
№рет: 4
Қарастырылған бөлімдер: Сушаруашылық есептеулер. Су тұтынушылар құрамын, су тұтыну көлемін анықтау
Жетекшіге белгілену мерзімі: 01. 04. 18ж. - 10. 04. 18ж.
Ескертулер:
№рет: 5
Қарастырылған бөлімдер: Сорап станциясын есептеу және сораптарды таңдау. Су тарату желісіндегі құбыр диаметрін анықтау
Жетекшіге белгілену мерзімі: 10. 04. 18ж. - 20. 04. 18ж
Ескертулер:
№рет: 6
Қарастырылған бөлімдер: Мұнаралы су таратқыштарды есептеу. Тік тұндырғыштарды есептеу.
Жетекшіге белгілену мерзімі: 20. 04. 18ж. - 30. 04. 18ж.
Ескертулер:
№рет: 7
Қарастырылған бөлімдер: Құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру
Жетекшіге белгілену мерзімі: 02. 05. 18ж. - 08. 05. 18ж.
Ескертулер:
№рет: 8
Қарастырылған бөлімдер: Сумен қамту жүйелік құрылысының сметалық бағасы. Жобаланған сумен қамту жүйелерін ұйымдастыру шаралары.
Жетекшіге белгілену мерзімі: 08. 05. 18ж. - 15. 05. 18ж
Ескертулер:
№рет: 9
Қарастырылған бөлімдер: Технико-экономикалық көрсеткіштер. Жылдық пайдалану шығындарын және судың өзіндік құнын есептеу.
Жетекшіге белгілену мерзімі: 15. 05. 18ж. - 20. 05. 18ж
Ескертулер:
№рет: 10
Қарастырылған бөлімдер: Табиғатты қорғау және тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары
Жетекшіге белгілену мерзімі: 25. 05. 18 ж.
Ескертулер:
№рет: 11
Қарастырылған бөлімдер: Дипломдық жобаны рәсімдеу
Жетекшіге белгілену мерзімі: 26. 05. 18 ж.
Ескертулер:
№рет: 12
Қарастырылған бөлімдер: Алдын ала қорғау
Жетекшіге белгілену мерзімі: 04. 06. 18 ж.
Ескертулер:
№рет: 13
Қарастырылған бөлімдер: Негізгі қорғау
Жетекшіге белгілену мерзімі: 10. 06. 18 ж.
Ескертулер:

Кафедра меңгерушісі: т. ғ. к., қауым. профессор Сарқынов Е. С.

/қолы/

Жетекші: а. ш. ғ. д., профессор Тілеуқұлов А. Т.

/қолы/

Тапсырманы орындауға қабылдаған студент Азад Ахмад Рашад.

/қолы/

« » 2018 ж.

Мазмұны

Кіріспе . . . 7

1. Жалпы бөлім

1. 1. Ауылды елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің және санитарияның

қазіргі жағдайы . . . . . . 8

1. 2. Сумен қамту нысанының орналасқан аумағы мен сипаттамасы . . . 10

1. 3. Негізгі сумен қамту көзінің техникалық көрсеткіштеріне талдау . . . 11

1. 4. Сумен қамту нысанындағы табиғи шаруашылық жағдайлар . . . 12

2. Негізгі бөлім (қажетті есептеулер нәтижелері)

2. 1. Су тұтынушылар құрамы . . . 14

2. 2. Су тұтыну көлемін анықтау . . . 15

2. 3. Су тұтыну режимі . . . 22

2. 4. Тегеурінді - реттеуші құрылымдарды есептеу . . . 24

2. 5. Су құбыры жүйесіндегі су көлемін есептеу . . . 28

2. 6. Сорап станциясын есептеу және сораптарды таңдау . . . 32

2. 7. Су тарату желісіндегі құбыр диаметрін анықтау . . . 35

2. 8. Мұнаралы су таратқыштарды есептеу . . . 39

2. 9. Тік тұндырғыштарды есептеу . . . 41

2. 10. Суды залалсыздандыруға арналған бактерицидті қондырғыларды есептеу және таңдау . . . 45

3. Құбыр желісін нақтылау және құрастыруды ұйымдастыру

3. 1. Жер жұмысы (траншея) көлемін анықтау . . . 48

3. 2. Құбырды қайта құруға қолданылатын механизмдерді таңдау . . . 50

3. 3. Құрылыс нысанының технологиялық процесінің сипаттамасы . . . 58

3. 4. Құбыр жүйесінің құрлысының сметалық құнын анықтау . . . 61

3. 5 Жобаланған сумен қамту жүйелерін ұйымдастыру шаралары . . . 65

3. 6 Су құбыры желісін дұрыс пайдалануға қатысты шаралар . . . , 68

3. 7 Су құбырын пайдалану мен басқару көрсеткіштері . . . 69

4. Технико - экономикалық көрсеткіштерді есептеу

4. 1. Жылдық пайдалану шығындарын және судың өзіндік құнын есептеу . . . 72

4. 2. Негізгі технико - экономикалық және қаражат көрсеткіштері . . . 73

5. Сумен жабдықтау жүйесіндегі құрылыстарды пайдалану шаралары . . . 76

5. 1 Ұңғымаларды пайдалану . . . 77

5. 2 Сорап станцияларын пайдалану . . . 77

5. 3 Су қубыры желісін пайдалану . . . 77

5. 4 Арын реттеуіш сыйымдылықтарды пайдалану . . . 78

Қорытынды . . . 71

Пайдаланған әдебиеттер . . . 72

КІРІСПЕ

Бүгінгі таңда табиғи сулардың түрлі ауытқуларға ұшырап, сол аумақ экологиясына байланысты оның сапасының да өзгеріп жатқаны белгілі. Бірақ қалай болғанда да ауыз суына, онымен халықтың қамтамасыз етілуіне жауапкершілік төмендемеуі керек. Ауылдық жердегі елді мекендерді сумен қамтамасыз ету саласы қалалық сумен қамту жүйесіне қарағанда әртүрлі себептер негізінде ерекшеленеді. Оның ең бастылары - ауылды мекендерде көпшілік жағдайда су тікелей құдықтардан алынып пайдаланылады, арнайы құбырлар арқылы тартылатын су мөлшерлері аса көп емес, тұрақты түрде тұтынушыларға беріле бермейді.

Бүгінгі таңда табиғи сулардың түрлі ауытқуларға ұшырап, сол аумақ экологиясына байланысты оның сапасының да өзгеріп жатқаны белгілі. Бірақ қалай болғанда да ауыз суына, онымен халықтың қамтамасыз етілуіне жауапкершілік төмендемеуі керек. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның оңтүстік өңіріндегі Түрген топтық ауыз су жүйелерінің бұл аумаққа тигізер ықпалы өте зор. Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендерінің табиғи су көздерінен алынатын сулардың көмегімен қамтамасыз етілетіні оған қазіргі кезде үлкен мән берілу керектігін айғақтайды. Осыған орай аса көкейтесті мәселеге арналып жазылған дипломдық еңбекте осы ауыл тұрғындарына аса қымбат саналатын ауыз суды жеткізудегі бүгінгі жайы мен оның болашағы сөз етіледі.

Жер қыртысы бедерлі болып келетін бұл өңірде су мәселесімен қамтамасыз етудің өз проблемасы бар. Соның ең бастысы-судың жеткілікті түрде әрі бірқалыпты болуына қол жеткізу. Осыған орай дипломдық еңбекте су жүйелеріндегі орын алып отырған ағымдық ақауларға, оларды қалпына келтіруге, сондай-ақ ең үлкен мәселе тұрғын үйлерге судың жетіспеу, ауыз суды ысырапсыз тиімді пайдалану, су объектілерінің санитарлы-гигиеналық және экологиялық жағдайын жақсарту, басқару мен үйлестіруді жетілдіру себептеріне назар аударылған. Көптеген тұстарда диплом жобада су жүйелеріндегі ауыз су сапасын өте лайлы болып келгендіктен оны жақсартуға себебін тигізетін техникалық қайта өзгертулерге, оның жолдарына мән беріледі.

1 ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1. 1 Ауылды елді мекендерді сумен қамтамасыз етудің және су сапасының санитарлық жағдайы (Республика бойынша)

Бүгінгі ауылды елді мекендерде негізінен 1960 - 1990 жылдар аралығындағы кезенде салынған су құбырларының инфрақұрылымының болуы Қазақстанды дамып келе жатқан елдерден тиімді түрде ерекшелеген. Жер асты суларының болжамды қорлары мен барланған пайдаланыстағы қорлардың болуы ауыл кенттерінің сумен қамтамасыз ету схемаларының даму бағытын анықтаған. Сумен қамтамасыз етілген аудандарда негізінен жергілікті, бір ауылға арналған су қубырларынын тарту жүзеге асырылған.

Батыс-Қазақстан, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай, Ақмола, Атырау және Қызылорда облыстарының су қорлары шектеулі немесе негізінен минералдандырылған сулар тараған аудандарда ондаған және жүздеген елдімекендерге қызмет көрсететін ұзындықтары 50 шақырымнан 2000 шақырымға дейінгі толық су құбырларын салу жузеге асырылды. Олардың жалпы узындығы 17, 1 мың шақырымды құрап, олар 1276 ауылды кенттерді сумен қамтамасыз етті. Өздерінің өлшемдері бойынша бірегей және әлдеме баламасы жоқ су құбырлары екі онжылдықтан астам уақыт пайдаланылып, олар өздерінің күтілуіне мемлекет тарапынан дотация бөліне отырып пайдалынған.

Барлығын есептегенде, республика аумағында 79 толық су құбыры пайдаланылған. 2, 5 мың кентте жалпы узындығы 29 мың шақырымды құрайтын жергілікті су құбырлары болды. Жалпы алғанда республика бойынша сапалы ауызсуға ауыл тұрғындарының 65%, ал кейбір аудандар мен аймақтарда 70 - 95% ауыл тұрғындары қол жеткізе алды.

Қазақстан экономикасын реформалаудың қиын - қыстау кезеңінде сумен қамтамасыз ету жүйелерінің күтіміне бөлінетін бюджеттік қаражаттар көлемі күрт қысқартылып, олардың құрылысы мен қалпына келтірілу көлемдері төмендетілді.

1 кесте. Республика бойынша жабдықталған жалпы тұрғын үй аймақтарының үлестік салмағы

Су қубырларымен
17% (облыстар бойынша ауытқулар 2-28%)
Су қубырларымен: Канализациямен
17% (облыстар бойынша ауытқулар 2-28%): 6% (1-13%)
Су қубырларымен: Ванна (душ) бөлмелерімен
17% (облыстар бойынша ауытқулар 2-28%): 3% (1-5%)
Су қубырларымен: Жылыту жүйелерімен
17% (облыстар бойынша ауытқулар 2-28%): 2% (0, 1-6%)
Су қубырларымен: Газбен
17% (облыстар бойынша ауытқулар 2-28%): 91% (65-95%)

Қазіргі кезде ең көп дегенде 46 ғана су құбыры жұмыс істеуде немесе қалпына келтіру барысында. Облыстық ұйымдардың деректері бойынша және 25-30 жылдан асатын олардың пайдаланылу мерзімдеріне сәйкес жүйелердің тозуы 70% жетті.

2 кесте. Бұрын топтық су құбырларының ұзындығы мен қызмет көрсетілетін ауылдар саны бойынша Солтүстік-Қазақстан облысының деректері

Жылдар
1991
2000
2004
Жылдар: Ұзындығы, км
1991: 5682, 8
2000: 4075, 0
2004: 2958, 1
Жылдар: Қызмет көрсетілетін ауылдар саны
1991: 497
2000: 290
2004: 163

Тұрғындардын 63, 9% ішу мен тұрмыстық мақсаттарында аулалық және қоғамдық құдықтар мен жер бетіндегі көздердің суын пайдаланады және суды тасып ішеді. 2072 ауылға су орталықтандырылған жүйелер арқылы жеткізіледі.

Солтүстік Қазақстан, Манғыстау және Атырау облыстарында ол негізінең топтық су құбырлары болып табылады. Қызылорда, Қостанай, Ақмола және Шығыс-Қазақстан облысы тұрғындарының шағын бөлігі де жеке аумақтарда жергілікті жер үсті су көздері болмағандықтан, топтық жүйелердің қызметтерін пайдаланады. Дегенмен, негізінен жергілікті сумен қамтамасыз ету жүйелері басым.

Сумен қамтамасыз етілмеген немесе негізінен минералдандырылған сулар тараған аудандарда соңғы 2-3 жылда 100-ге жуық жергілікті су тазарту құрылғылары салынған.

Су құбырлары жүйелері мен құрылымдарының әрдайым нашарлап отырған техникалық жағдайы мен сулардың бактериологиялық көрсеткіштері бойынша стандарттан тыс су үлгілерінің саны көбеюде. Мысалы, санэпидемқадағалау органдарының деректері бойынша, ол 50% және одан көп мөлшерді құраған.

Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз етудің қазіргі кезде ұңғылары иесіз болып табылады. Орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету көздерінен алынған микробиологиялық және химиялық көрсеткіштері бойынша стандарттан тыс су улгілерінің үлестік салмағы орта республикалық 21, 5% салыстырғанда жиі жағдайларда 45-55% жетіп, одан да асады.

Су сапасының төмендеуінің ең көп тараған көрсеткіштерін тұздардың, темірдің марганецтің мөлшерден көп болуы, фтордың және судың қауіпсіздігін, зиянсыздыгын және органолептикалық сипаттамаларын анықтайтын өзге құрам бөліктерінің мөлшерден аз немесе көп болуы көрсетеді. Сөйтіп, АЕМ орталықтандырылған сумене қамтамасыз ету жүйелерінің жағдайын қанағаттандырарлық деп есептуге келмейді.

Жүйлердің жұмысына, судың сапасы мен қол жеткізу мүмкіндіктеріне түрлі дәрежеде кері әсер ететін барлығына ортақ жайттар мыналар:

  • Көп жағдайда пайдаланудың нормативті мерзімінен 1, 5-2 есе көп уақыт қызмет еткен су құбырлары мен құрылғылардың аса тозуы. Ол судың елеулі түрде (30-40% дейін) шығындалуы мен нәтижесінде электр энергиясына шығарылатын шығындардың өсуі мен 1м3судың құнының қымбаттауына әкеп соғады;
  • Құбырлардың ішіндегі судың бактерия әрекеті өнімдерімен және ішкі беттердегі татпен қайталама ластануы;
  • Су құбырларын күту қызметтерінің жеткіліксіз мөлшерде дамуы мен қамтамасыз етілуі, ал көп жағдайларда мүлдем болмауы.

Мемлекет тарапынан жаңа су құбырларын салуға және барын қалпына келтіруге бөлінетін мемлекеттік инвестициялардың жеткіліксіздігі, бұл мәселені іс жүзінде техникалықтан қаржылық-экономикалыққа айналдырып жіберді.

Ауылдардағы су құбырларының жүйелерін салу және қалпына келтіру «Ауызсулар» Салалық Бағдарламасы мен ауылды аймақтарды дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының шектерінде жүзеге асырылып отыр. Ол бағдарламаны дамытуға облыстарда сәйкес аймақтық бағдарламалар әзірленген. Жұмыстардың қаржыландырылуы республикалық және жергілікті бюджеттерден және сыртқы қарыздар мен гранттардың және шаруашылық нысандардың қаражаттары есебінен жүзеге асырылады. 2010 жылы Ислам Даму банкінің қаражаттары есебінен «Қарағанды облысындағы ауылдардың сумен қамтамасыз етілуі» жобасының жузеге асырылуы басталды. Жапония өкіметінің гранты есебінен «Қазақстан Республикасының ауылды елдімекендеріндегі сумен қамтамасыз ету» жобасы - Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында жүзеге асырылған.

Дегенмен, қабылданған шаралар мен бөлініп отырған қаражаттардың көлемдері жағдайдың тұрақты түрде жақсаруын қамтамасыз етпейді. Сумен қамтамасыз ету жүйелерінің істен шығу процесі озушы қарқынмен жалғасуда.

1. 2 Сумен қамту нысанының орналасқан аумағы мен сипаттамасы

Жобаланып отырған сумен қамту нысаны Қаракемір ауылды мекені ол Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарайды. Бұл жүйенің бас су құбыры өзінің бастауын (ПК104+63) Түрген магистралдық құбырынан алып, суды Қаракемір ауыл мекенінің резервуарына жеткізеді. Су желісінің жалпы геодезиялық құлама биіктігі - 125 м.

Трассаның басты бөлімшесі күрделі рельефтік және геологиялық шарттардан өтеді. Төселінетін грунт қашықтығы L=2км - IV-V топ, L=30. 81км - II-III топ. Қаракемір тармағының бас жағындағы (D280-125 мм) алдағы ауқытта болатын максималды су өтімі-80, 6 л/с деп қабылданып, оның ішінде Қаракемір ауыл мекеніне берілетін су өтімі - 33, 3 л/с.

Сумен қамту нысаны, орналасу дәрежесі бойынша тұрғын үйлерді ауыз сумен қамтиды, тұрғындардың жалпы саны-6200 адам. Сумен қамту желілерін су көздеріне, тұтынушылардың орналасу реттеріне сәйкес, оларға суды жеткізудің технологиялық шешімдеріне байланысты алынады. Бұл ретте тұтынушыларға елді мекендер, мал фермалары мен өнеркәсіп комплекстері, құс фермалары, жайылымдағы мал суаттары тағы басқалар жатады.

Сумен қамту жүйесін жобалау үшін бірінші кезекте ол жерге қандай мөлшерде су қажет екендігін, оның сапасының деңгейін анықтау керек.

1. 3 Негізгі сумен қамту көзінің техникалық көрсеткіштеріне талдау

Жобаланып отырған аймақта жер үсті су ресурсының көлемі 95% дейін Түрген өзенінде қалыптасады. Ол кіші өзендер мен биіктігі 3000 м-ден жоғары мұзды Іле Алатауы жылғаларының қосылуынан пайда болады. Азғантай ағынды Талдыбұлақ бұлағынан және Тастыбұлақтан алады, олар таудан жазықтыққа шыққанда біразы жоғалады.

Өзен солтүстік бағытта ағып, Іле өзеніне құяды. Сүзілумен егістікті суаруға кеткен шығын нәтижесінде егістікті суаруға Түрген өзені өзінің ағынын Іле өзеніне тек суы көп жылдары алып келеді.

Өзен тармағының ұзындығы 226 км, су жинағыштың аумағымен 626 км 2 . Өзеннің негізгі қоры мұздар, қар және жауын - шашындар. Жылдық ағында ең көп су - 40%-ке дейін мұзды сулар құрайды. Қалған сулар мезгілдік қар мен жаңбыр сулары.

Өзен ағынының негізгі массасы 70% - 80% шамасында су тасу кезінде (сәуір-шілде) өтеді және бір айға дейін созылады.

Аймақты ағын сулар көп болғанымен, оларды тұрғындарға жеткізіп, тарататын инженерлік құрылымдар өте аз, жұмыс істеп тұрғандарының өзі ескірген, суды қажетті мөлшерде бере алмайды.

Қаракемір ауылды мекені Түрген өзеніне құятын Теріскенсу жылғасынан су алады. Олардағы болат құбырдың диаметрі 200-300 мм, ұзындығы 12 км-ге жақын.

1947 жылы салынған ол өзеннің оң жақ жағалауына орналасқан. Жиырма жылдай пайдаланып келе жатқан оның қазіргі су өтімі 33, 3 л/с. Елді мекен ішінде көшелік су тарататын желі, су алатын колонкалар, үй ішіндегі су бөлу жүйесі бар.

Бұрынғы салынған Түрген су құбырының бас тоғаны аса инженерлік емес реттелмейтін түрде жасалған. Оның үстіне лай-құмнан қорғайтын техникалық құрал-жабдық қарастырылмаған. Елді мекенге кіре беріс жерде 2 резервуар - су жинағыш қарастырылған (500 және 1000 м 3 ) . Суды залалсыздандыру хлораторлы қондырғы көмегімен атқарылады.

Су құбырының кей жерлерде ірі құмдармен, жұмыртастармен бекітіліп қалған. Оған қоса болатын құбыр тотығы мен қажалу процесстері сумен қамтамасыз етуді нашарлатады. Жаздың күндері ауыз су жетіспеуі кездесіп отырады. Бірақ су таза, СанПиН 3. 01. 067-97 «Ауыз су» талаптарына жауап береді.

Турген өзенінен су алатын құбыр (диаметрі 50 мм ) тарату желісімен жабдықталған, бірақ басқа құбырларға қосылмай, жеке тартылған. Сондықтан су аз жылдары оның су өтімі аса қөп емес.

Жалпы алғанда елді мекен сумен қамту жүйесі төмен денгейде жұмыс істейді, инженерлік инфрақұрылым қазіргі талапқа сай емес, ауыз су залалсыздандырылмайды.

Қаракемір ауылды мекені суды Турген өзенінің ирригациялық су торабы орналасқан жерден алады. Болат құбыр (диаметрі 250 мм) өзен табанынан өтіп, жердің улкен еңістігінің есебінен жұмыс істейді ( өздігінен ағатын режим ) . Сонан соң су өзеннің оң жақ бетіндегі құбыр ( диаметрі 200-300 мм) бойымен хлоратор станциясына түседі. Залалсыздандырылған су 500 м 3 -лік резервуарға құйылады.

Бұл су құбыры өткен ғасырдың 80-ші жылында салынған. Су тартқыш аймағына Сатай елді мекенге кіреді. Оған су 2-ші кезекте диаметрі 150-250 мм құбыр арқылы 6 км қашықтықтан Қаракемір елді мекенінен берілетін болады.

Қазіргі кезде сумен қамту денгейі төмен, бұрынғы су құбырлары қайта жаңартуды қажет етеді. Аудандық СЭС мәліметтері бойынша, Қаракемір ауылды мекенінде су сапасы санитарлық талаптарға сай бола бермейді. Оның мөлдірлігі, бактериалдық ластануы (1, 61%) қосымша жұмыстарды қажет етеді.

Қорытынды мен ұсыныстар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚазТрансОйл-дың жылдық есебі
Алматы қаласын және Алматы облысын экономикалық ұстанымдаудың 2015 жылға дейінгі ұзақ мерзімді тұжырымдамасы
ҚАЗТРАНСОЙЛ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ
АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ТУРИЗМІ
Арал өңiрiнiң проблемаларын кешендi шешу жөнiндегi 2007-2009 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
2011 жылғы «Азиада» ойындарының туризмдегі рөлі
Адамзат тарихында саяхаттау сауданы дамыту
Қазақстан туризмі әлемдік деңгейде
Рекреациялық әлеуетті экономикалық тұрғыдан бағалау
Ауыл шаруашылығы өнімін қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі салаларын дамыту
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz