Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданындағы қорам суару каналының құрылысын жобалау


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
ЫСҚАҚ М. Ә.
Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданындағы қорам суару каналының құрылысын жобалау
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
5В081000 - Мелиорация, жерді баптау және қорғау мамандығы
Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ауыл шаруашылығы
минисТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА
Тақырыбы:
Орындаған
(аты-жөні)
20___ ж. «___» қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жетекші
(қолы) (аты-жөні)
Арнайы тараулар кеңесшілері:
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
(тарау) (қолы) (аты-жөні)
Норма бақылау
(қолы) (аты-жөні)
Сарапшы
(қолы) (аты-жөні)
Алматы 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«Гидротехника, мелиорация және бизнес» факультеті
«Су ресурстары және мелиорация» кафедрасы
5В080500 - «Су ресурстары және суды пайдалану» мамандығы
Дипломдық жобаны (жұмысты) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент
(аты-жөні)
Жұмыс (жоба) тақырыбы
Университет бойынша 20___ж «» № бұйрығымен бекітілген
Дайын жобаны (жұмысты) тапсыру мерзімі 20___ж «»
Жобаның (жұмыстың) бастапқы деректері
Дипломдық жобаны (жұмысты) өңдеуге арналған мәселелер тізімі
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер
Жобаның (жұмыстың) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жоба жетекшісі
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты-жөні)
Дипломдық жобаны (жұмысты) орындау
ГРАФИГІ
Кафедра меңгерушісі
(қолы) (аты-жөні)
Жоба жетекшісі
(қолы) (аты-жөні)
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент
(қолы) (аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Экономика салаларын сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешу Қазақстанның табысты дамуы үшін маңызды болып табылады. Бұл мәселе, әсіресе құрғақшылық аймақтарда ерекше маңызға ие, себебі, аймақтың су шаруашылығы мәселесінің бірқатар ерекшеліктерін анықтайтын, гидрологиялық режиммен сипатталатын, сумен қамтамасыз етудің негізгі көзі - өзендер болып отыр, ал басты су тұтынушы-суармалы егіншілік.
Елбасы су ресурстарына қатысты жаңа саясатты дамыту қажеттігін атап көрсетті, ал ауылшаруашылық қажеттіліктері үшін судың орасан зор көлемдері қажет болып отырғандықтан, агроөнеркәсіп кешенінде су үнемдеуші технологияларға кешенді көшу керек [1] .
Қазақстанның суғармалы егін шаруашылығындағы реформаларға, негізінен, нарықтық қатынастарға көшу, шаруашылық жүргізуші субъекттердің сан көптеген түрлерінің пайда болуы, фермерлік және шаруа қожалықтарының пайда болуы, су пайдаланудың нарықтық механизмінің енгізілуі себепші болып отыр. Бұл өтпелі кезең жұмыста зерттеліп отырған Іле Алатауы солтүстік беткейі өзендерінің суғару жүйелеріне де әсер етті, атап айтқанда, суарылатын аудандарды пайдаланудың қысқаруына, тиімді су пайдалануды басқару жүйесінің бұзылуына, ирригация жүйелерінің техникалық жағдайының нашарлауына және суарылатын алаптарда ауылшаруашылық егістіктері жүйелеріне.
Бұл өңірлерде ауылшаруашылық дақылдарын егу агротехникалық мерзімнің бұзылуымен жүргізілуде, бұл су пайдалану жоспарынан айтарлықтай артта қалуына алып келеді. Сонымен қатар суаруға берілетін су тиімсіз пайдаланылатындығын атап өту керек. Түнгі суғарулар іс жүзінде барлық аудандарда жоқ болып отыр. Уақытша суғару желілерін кесу технологиясы сақталмайды, суғару атыздарының сағалары арматураланбайды, осының нәтижесінде жоғарғы қарашірік қабаты су эрозиясына ұшырайды, топырақтың өнімділігі төмендейді.
1 ТАБИҒИ-КЛИМАТТЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1. 1 Жер бедері
Нысан Іле Алатауының солтүстік беткейінде жазықтыққа қарай орналасқан. Іле Алатауы айқын білінетін аймақтық және сатылы құрылысқа ие. Мұнда жергілікті жер бедерінің аса өзгергіштігі байқалады. Жергілікті жердің әлсіз толқынды, жазықтық аумақтарынан бастап биік таулармен қатты тілінген альпілік жер бедеріне дейін кездесіп отырады. 3000-3500 м биіктіктерде альпілік жер бедері дамыған, мұнда 239 жуық мұздық бар және гляциальды сел тасқындары пайда болады [1] . 1500 м бастап 3000 м дейінгі биіктіктер аймағы мұнда өзендер кеңейген етектері бар U-тәріздес аңғарлар бойынша ағатын қарқынды эрозиялық әрекетпен ерекшеленеді. Бөктерлер тік, әр шөпті өсімдік қауымдастығы және шыршалы ормандар басып жатыр. Орташа таулы аймақ - бұл ағынның транзитінің және сел тасқындарының қосымша пайда болуының аймағы.
Аласа таулы аймақ, 800 . . . 1000 м бастап 1500 . . . 2000 м дейінгі абсолюттік белгілері бар «сөрелер» деп аталатындар төбелі-белесті жер бедерімен ерекшеленеді. Олар борпылдақ түзілімдерден құрылған. Сөрелердің бет жағы керткіштермен бөлшектенген, гидрогеологиялық желінің ойындыларының тереңдігі бірнеше жүз метрден мыңдаған метрлерге дейін жетеді. Әкімшілік орналасу жағынан алатын болсақ нысан Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында орналасқан (1-сурет) .
1. 2 Климаты
Құрылыс аумағының климаты қатаң континентальды, жазы-құрғақ ыстық, қысы - аязды суық. Ауа температурасының тәуліктік пен жылдың амплитудасы жоғары және атмосфералық жауын-шашын мөлшері мардымсыз болып келеді.
Климаттың негізгі сипаттамалары 1940 жылдан осы уақытқа дейін бақылаулар алынып келе жатқан Күрті метеостанциясының (Н=432 м) бақылаулары мәліметтері бойынша алынды. Сондай ақ бақылау қатары қысқа Шелек және Қарашоқы метеостанцияларының бақылаулары да ескерілді.
Көп жылдар бойынша негізгі климаттық элементтердің айлық орташа мәндері 1 - кестеде келтірілген.
Ауаның жылдық орташа температурасы 7, 4°С - дан 8, 7°С - ға шейін өзгереді. Бақыланған ауаның ең үлкен ойлау орташа температурасы шілде айында 25, 1°С аралығында .
Ауаның ең кіші айлық орташа температурасы -12, 7°С қаңтар айында байқалады. Абсолюттік максимум 45°С, ал абсолютті минимум -46°С құрайды.
Жылы мерзім наурыз айының ортасынан қараша айының 1 декадасына шейін созылып, 242 күнді құрайды.
Аязсыз мерзімнің ұзақтығы орташа 147 күнді құрайды, жыл бойында атмосфералық жауын-шашынның таралуы бір қалыпты емес. Жауын-шашын мөлшері наурыз мамыр айларында ең көп болса, қыркүйек айында ең азы.
Жылы мерзімдегі жауын-шашын мөлшері метеостанцияның мәліметтері бойынша 151-244 мм құрайды. Жылдың жауын-шашын мөлшері 275-369 мм шамасында [2] .
Желдің сипаттамалары Ассы, Қарашоқы және Шелек метеостанциялары бойынша алынды (2-кесте және 2-3 суреттер) .
Жыл бойында солтүстік, солтүстік-батыс және оңтүстік-шығыс бағытындағы желдер басым болып келеді. 1-2 суретте Ассы және Қарашоқы метеостанциялары мәліметтері бойынша жел бағыттарының қайталану сызбасы келтірілген.
Қар жамылғысының таралу сипаттамасы жердің биіктігі, ауаның температурасы және жауын-шашын сияқты климаттың факторлардың бір-біріне әсеріне байланысты. Тұрақты қар жамылғысы 88-101 күн аралығында сақталып, орташа желтоқсан айының басынан орнығады.
Шелек метеостанциясының мәліметтері бойынша қар жамылғысының еруіңіз орташа күні наурыз айының ортасында байқалады. Осы метеостанциясында декада бойынша орташа ең үлкен қар жамылғысы 15 см, ол максималды мәні 37 см. Ең кішісі 4 см құрайды. Топырақ тон болуының максималды тереңдігі 1, 3 м [2] .
Кесте 1- Негізгі климаттық элементтердің айлық орташа мәндері
Абс.
mах.
Абс.
min.
Жауын-шашын,
мм
IV-X
195
XI-III
111
1 - кестенің жалғасы
Кесте 2 - Желдің 4% қамтамасыздықтағы максималды жылдамдығы
Сурет 2 - Ассы метеостанциясы мәліметтері бойынша жел бағытының жылдық орташа қайталануы
Сурет 3 - Ассы және Шелек метеостанцияларының мәліметтері бойынша жылдық орташа 4% қамтамасыздықтағы максималды жел бағыттары
1. 3 Максималды су өтімдері
Болашақ каналдың трасасын кесіп өтетін қар-жаңбыр немесе жаңбырдан пайда болған жаралардағы максималды су өтімдері наурыз-сәуір айларында болады. Бұл жыралардың сурет 3 - суретте көрсетліген.
Жыралардың су жинайтын алабы ауданынан келетін максималды су көлемдерін бақылау жүргізілмегендіктен, олар ҚНЖЕ 2. 01. 14-83 ұсыныстарына және «Ресурсы поверхностных вод СССР» т 13, 2 шығарылым (Балхаш көлінің алабы) монографиясының аймақтық есептеулеріне негізделіп, есептеу жолымен анықтайды. Жыралар үшін жаңбырдан және қардан пайда болатын максималды су өтімдері есептелінді [3] .
Жаңбырдан пайда болатын қарғынның максималды су өтімі үш әдіс бойынша есептелінеді; шекі жеңілдік формуласы бойынша, Дор. проект формуласы бойынша, Д. А. Соколовский формуласы бойынша максималды су өтімінің есептік мәні Д. А. Соколовскийдің формуласы бойынша алынды:
мұнда H т - ұзақтығы Т, сағ болатын есептік жауындағы су қабаты, мм;
Н 0 - жырадан ағыс өте бастаған кездегі, бастапқы су қабаты (15 мм) ;
α - ағыс көлемі коэффициенті (0, 35)
F ст - жыра алабындағы су көлемі түзілетін аудан, км² ;
t п - арнадағы судың ағып келу уақыты бірдей деп есептеген жағдайдағы, қарғынның көтерілу ұзақтығы, сағ;
f - гидрограф пішінінің коэффициенті;
γ F - су жинайтын алабы бойынша жауынның таралуының біркелкі еместігін сипаттайтын коэффициент.
Қардан пайда болатын тасқынның максималды су өтімі эмпирикалық редукциялық формула бойынша анықталды:
, где
H 1% = 10 мм көктемгі тасқынның есептік су қабаты =10 мм;
К 0 = 40 көктемгі тасқынның жинақтылығын сипаттайтын параметр;
n = 0, 5-0, 1 Н ср - редукция дәрежесінің көрсеткіші;
F - су жиналатын аудан, км²;
r - су көлемін көлдер, су қоймаларымен реттеу коэффициенті.
σ - су жинау алабының ормандылық және батпақтылығының әсерін ескеретін коэффициенті;
Жыралардың су жинайтын ауданының негізгі гидрографиялық сипаттамалары масштабы 1: 25000 карта байынша анықталды.
Жыралардан өтетін жаңбыр және қар әсерінен пайда болатын тасқындардың 1; 5; 10% қамтамасыздықтағы максималды су өтімдері 3 - кестеде келтірілген.
Тасқын мен қарғындардың есептік гидрографтары.
Іле Алатауының төменгі белдеуіндегі зерттеулер жүргізілмеген кіші өзендердегі жаңбырдан пайда болатын қарғындардың есептік гидрографын тұрғызу үшін Г. А. Алексеевтің теңдеуі ұсынылды;

мұнда
-
берілген қамтамасыздықтағы алынған максималды су өтімінің (
Q
) үлесі есебіндегі су өтімі.
- қарғынның көтерілу ұзақтығының (
t
n
) үлесі есебінен алғандағы қарғың бастаған кезден бергі өткен уақыт;
а - қарғын гидрографы пішіні коэффициентіне λ. байланысты параметр. a= f(λ) .
Қарғынның гидрографының пішіні коэффициенті мына формула бойынша есептеледі:

мұнда
Q при h 1% - берілген қамтамасыздықтағы максималды су өтімі және су қабаты;
t п - тасқынның көтерілу ұзақтығы;
F - су жинау ауданы, км².
Формула бойынша есептелінген қарғын гидрографының пішінінің коэффициенттері монографиясындағы кестеде келтірілген мәндері бойынша ізделіп отырған қарғын ординаталары мен абсциссаларын табуға мүмкіншілі жасайды.
Абсолютті мәндерде гидрограф ординатаны (у) максималды су өтімінің мәніне ( Q р ), а абсциссаны ( х ) қарғынның көтерілу ұзақтылығы көбейту арқылы тұрғызады.
Жыралардың қарғын гидрографтарын тұрғызу үшін Іле-Алатауы таулары ( Н = 500-750 м) үшін алынған тип гидрографтар пайдаланылды. Гидрограф пішіні коэффициенті 0, 15 тең етіп қабылданды. Дипломдық жобада жыралар үшін тұрғызылған гидрографтардың ішінен, ең үлкен және қауіпті жыра болғандықтан, № 1, 4 жыраның 1-4 қамтамасыздықтағы сызбалармен келтірілген (4 және 5 - суреттер) .
Жыралардағы жаңбырдан және қардан пайда болатын тасқынның 1% қамтамасыздықтағы гидрографтары бойынша 1% қамтамасыздықтағы ағыс көлемдері есептелінді. Алынған нәтижелер 3 - кестеде келтірілген.
Сурет 4 - 1 % қамтамасыздықтағы жаңбыр тасқынының гидрографы. № 3 жыра
Сурет 5 - 1 % қамтамасыздықтағы жаңбыр тасқынының гидрографы. № 4 жыра
Кесте 3 - Канал трассасын кесіп өтетін жыралардағы судың максималды өтімі мен көлемі
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz