Алматы энергетика және байланыс университетіне арналған мобильді қосымша құру


АҢДАТПА
«Алматы энергетика және байланыс университетіне арналған мобильді
қосымша құру» дипломдық жұмысында көптеген зерттеулер жасалды.
Дипломдық жобаның басты мақсаты - студенттер мен талапкерлерге
қолжетімді және қолайлы түрде ақпаратпен қамтамасыз ете алатын
анықтамалық қосымша құру. Дипломдық жобаны орындау кезінде PHP және
Java тілі және мобильді құрылғылардың Android SDK құралы қолданылды.
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде жұмыс бөлмесіндегі жасанды және
табиғи жарықтанудың есептері келтірілген.
Экономикалық бөлімде енгізілген жүйеден алынған экономикалық
пайданы есептеу жүргізілген.
АННОТАЦИЯ
В дипломной работе «Разработка мобильного приложения для
Алматинского университета энергетики и связи» проводились множество
исследовании.
Целью дипломной работы является разработка доступного и удобного
информационного мобильного приложения для студентов и абитуриентов .
В ходе выполнения дипломной работы были
использованы PHP,
объектно-ориентированный язык программирование Java и Android SDK.
В части по безопасности жизнедеятельности представлены расчеты
исскуственного и естественного освещения в рабочем помещении.
В экономической части произведен расчет полученной экономической
выгоды от внедряемой системы.
ABSTRACT
In degree work "Developing mobile application for Almaty university of
power engineering and telecommunications" conducted great number research.
The main purpose of the degree project is the creation of application for
students and entrants to give information more comfortable and available .
In the course of the degree project used PHP, object-oriented programming
language Java, a tool for mobile application development Android SDK.
As part of Health and Safety presents calculations of artificial and natural
lighting in the operating room.
In the economic part of a calculation of economic benefits derived from the
system being implemented.
Мазмұны
Кіріспе . . . 8
1 Мобильді құрылғыларға қосымшалар құрудың негіздері Ошибка! Закладка не опр
1. 1 Мобильді құрылғылар платформалары мен құру жабдықтарына анализ Ошибка
1. 2 Eclipse IDE платформасы туралы . . . 11
1. 3 Java Eclipse IDE платформасында мобильді құрылғыларға қосымшалар
құру мүмкіндіктері . . . 11
1. 4 Android платформасы туралы . . . 12
1. 5 Android SDK құралы туралы . . . Ошибка! Закладка не определена.
1. 6 Java бағдарламалау тілі туралы . . . 12
1. 7 Git файл нұсқаларын басқарудың таратылған жүйесі туралы . . . 12
1. 8 GitHub жобалар хостингы веб сервисі туралы Ошибка! Закладка не определен
2 Арнайы бөлім . . . Ошибка! Закладка не определена. 8
2. 1 АЭжБУ мобильді қосымшасының жалпы сипаттамасы Ошибка! Закладка не о
2. 2 Қажетті құралдарды дайындау . . . 19
2. 3 Қосымшаның Java Eclipse IDE платформасында жүзеге асырылу . . . 21
3 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 32
3. 1 Оператордың жұмыс жағдайын талдау . . . 32
3. 2 Жұмыс орнының микроклимат жағдайы, өрт қауіпсіздігі . . . 32
3. 3 Жұмыс орнының табиғи және жасанды жарықталуы, электр қауіпсіздігі 32
3. 4 Бөлме жоспары . . . 32
3. 5 Жасанды жарықтандыруды есептеу . . . 33
3. 6 Табиғи жарықты есептеу . . . 34
4 Техникалық экономикалық негізделуі . . . 56
4. 1 Жоба сипаттамасы . . . 56
4. 2 Бағдарламалық қамтаманың өңделуінің еңбек өнімділігінің есептелуі . . . 60
4. 3 Бағдарламалық қамтаманы өңдеуге кеткен шығынның есептелуі . . . 61
4. 4 Қосымша шығындар статьясы . . . 66
4. 5 Өзіндік құн нәтижесінің кестесі . . . 66
4. 6 Бағдарламаның бағасын есептеу . . . 66
4. 7 Минималды бағаны, кірісті және пайданы есептеу . . . 72
4. 8 Бағдарламалық өнімді иемденудегі кәсіпорындардың бірмезгілдегі
шығындарын есептеу . . . 73
4. 9 Қолдану аясындағы жылдық бірмезгілдегі шығындарды есептеу . . . 74
4. 10 Ақпараттық өнімді енгізуден алынған табысты есептеу . . . 75
4. 11 Пайда мен шығындарды есептеу . . . 76
4. 12 Ақшалай құралдардың қозғалысы . . . 74
4. 13 Экономикалық тиімділікті есептеу . . . 75
4. 13. 1 Таза ағымдағы құндылықты есептеу . . . 76
4. 13. 2 Пайда индексін есептеу . . . 76
4. 13. 3 Табыстың ішкі нормасын есептеу . . . 76
4. 13. 4 Өтімділік периодын есептеу . . . 76
Қорытынды . . . 77
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 78
А қосымшасы . . . 79
Кіріспе
«Алматы энергетика және байланыс университетіне мобильді қосымша
құру». Осы дипломдық жұмысты орындау кезінде жасаушы құралдардың
жаңашыл тәсілі Android платформасы, Java обьектіге бағытталған
программалау тілі және мобильді құрылғылардың Android SDK құралы
қолданылды.
Бүгінде мобильді құрылғылар нарығында үш компанияның басымдылығын
байқауға болады. Оларды қолданушылар арасындағы танымалдылығы
бойынша бөлетін болсақ, бірінші орында Apple, iOS платформасы
(iTunesAppStore), екінші Google, Android платформасы (AndroidMarket),
үшінші Microsoft, Windows Phone платформасы (Windows
marketplace) . Олармен қатарSymbian, BlackBerry OS и HP webOS
платформалары да бар.
Шет ел мамандары мобильді құрылғыларға арналған мобильді
қосымшалардың қарқынды дамып кетуін алдынан болжаған болатын. 2009
жылдың өзінде IDC маркетингтік-аналитикалық агенттігі 2013 жылға қарай
әлем бойынша 1, 19 миллиардтан астам маман (жалпы жұмыс күшінің 34, 9%-
ы) мобильді технологияларды қолданатынын айтқан болатын.
Қазақстанда мобильді технологиялардың дамуы жоғарыда айтылған әлемдік
даму қарқынынан төмен. Қазақстанда мобильді қосымшаларды жасау және
ендірумен айналысатын компаниялар көп емес. Көптеген мобильді қосымша
жасаушылар өздері жұмыс жасауда. Бұған себеп - сұраныстың болмауы.
Мобильді қосымшалар бағасының жоғары болу себебінен аз сұанысқа ие
болып отыр.
Қазірге Қазақстанда мобильді қосымшаларға тек бірнеше үлкен банктер,
интернет алаңдар және БАҚ ие.
Қазнет мониторингі нәтижесінде танымал мобильді қосымшалар тізімі
жасалды.
Мысалға, MobileCreators командасы iOS және Android үшін «People o'Clock»,
«DialerOne», «Кинозавр» және «GQ BarLab» қосымшаларын жасады.
«Глатис» студиясы өзінің iDrive. kz сайтына Android платформасында «iDrive:
ПДД и штрафы РК» қосымшасын жасап шағарды. Және де Homebank. kz
iPhone қосымшасының және Альянс-Банктың iOS қосымшасының дизайын
құрды.
Kaznetmedia командасымен iOS және Android үшін «NewsBox» және Apple
компаниясының құрылғылары үшін «Bnews. kz», «7 канал (Казахстан) »,
«Фокус», «Вести» және «PM. kz» қосымшалары жасалды.
Android қосымшаларынның арасынан қазақ тілінде жазылған шығармаларды
табуға болады. Бірақ бұл қосымшалар бір немесе бірнеше автордың
шығармалар жинағы болып табылады және басқа шығармаларды оқуға
мүмкіндік бермейді.
1.
Мобильді құрылғыларға қосымшалар құрудың негіздері
1. 1 Мобильді құрылғылар платформалары мен құру жабдықтарына
анализ
Мобильді құрылғыларға қосымша түсінігі.
Мобильді қосымша - мобильді телефон, коммуникатор, смартфон және т. б.
мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалық жабдық.
Мобильді қосымшалар бастамада жалпы құрылғының тиімділігін арттыру
және ақпарат беру мақсатында жасалған болатын. Мысалға: электронды хат
жолдау, күнтізбе, контактілер, фондтық биржа және ауа райы қосымшалары.
Дегенмен көпшілік сұраныс пен қосымша жасау құралдарының дамуы
мобильді ойындар, GPS және оның негізіндегі сервистер, банкинг, ұсыныс
қабылдау, билет сату секілді қосымшалардың пайда болуына әкелді.
Android операциялық жүйелердің арасында жаңалық болып табылады. Бұл
операциялық жүйе мобильді құрылғылардың кең шеңберіне арналған.
Android операциялық жүйесi коммуникаторларға, планшеттi
компьютерлерге, смартфондарға және нэтбуктерге орнатылады.
Бұл жүйенi жасап шығарған - "Android Inc. " компаниясы. Бұл компанияны
кейін "Гугл" (Google) компаниясы сатып алған болатын. Қазiргi уақытта
Android негізіндегі жүйелерді даму және өндіруді "OpenHandsetAlliance"
компаниясы қолға алған. "OpenHandsetAlliance" Гугл ғана емес, сонымен
қатар Моторола, HTC, Интэл, Самсунг және көптеген басқа да техникалық
өндiрiс алыптарын біріктіреді.
Android операциялық жүйесi Linux операциялық жүйесi негiзінде жасалған.
Бiрақ Linux-тің барлық ерекшеліктерін қамтымайды. Бұл "Дэлвик"
виртуалды машинасын пайдаланумен байланысты. Барлық программалық
жабдықтың жұмысы осы виртуалды машинада атқарылады.
Өндірушілер бір орында тұрмайды. Android жүйесi үнемi жетiлдiріліп және
техниканың жаңа түрлерiне ендiрілуде.
Android операциялық жүйесi 2008 жылдың қыркүйегінде пайда болды.
Бастапқыда ол Т-Мобайл Г1 (T-MobileG1) коммуникаторы үшiн жасалды.
Жарты жылдан кейiн жаңа, жетiлдiрiлген әрі өте ыңғайлы 1. 0 нұсқасы пайда
болды.
2009 жылы операциялық жүйенің төрт жаңартуы таныстырылған болатын.
Осылай, ақпанда әр түрлi қателердi түзетумен 1. 1 нұсқасы шықты. Сәуiрде
және қыркүйекте тағы екi жаңарту жарыққа шықты - 1. 5 «Cupcake» және 1. 6
«Donut». «Cupcake» жаңартуы маңызды өзгерiстердi алып келдi: виртуалды
пернетақта, видео жазу және ойнату, браузер және т. б. «Donut» жаңартуында
алғаш рет әр түрлi экранның тығыздығы мен кеңейтілімдерін және CDMA
желiлерiн қолдау пайда болды. Сол жылдың қазанында Google-дың бiрнеше
аккаунттарын қолдануға мүмкіндік беретін, HTML5 тiлін және басқа да
жаңалықтарды қолдайтын браузерi бар Android 2. 0 «Eclair» операциялық
жүйесi жасап шығарылды.
2010 жылдың ортасында Google «Froyo» атауымен Android 2. 2 нұсқасын, ал
2010 жылдыдың соңында - Android 2. 3 «Gingerbread» нұсқасын таныстырды.
«Froyo» жаңартуынан кейiн смартфонды қолжетімділік нүктесі ретiнде
пайдаланып, смартфонда дәстүрлi цифрлық немесе әрiптiк - цифрлы
кілттерді қолдануға мүмкіндік пайда болды, ал «Gingerbread»
жаңартуы «көшiру және қою» функцияларына толық бақылау жүргізуге,
қоректi басқару және қосымшаларды бақылауды жақсартға, бір құрылғыда
бiрнеше камераларды пайдалануға және т. б. мүмкіндік берді.
2011 жылдың 22 ақпанында планшеттарға бағытталған Android 3. 0
«Honeycomb» нұсқасы ресми таныстырылған болатын.
2011 жылдың 19 қазанында шыққан Android 4. 0 «IceCreamSandwich» -
планшеттерде және смартфондарда қолдануға арналаған алғаш әмбебап
нұсқа.
2012 жыл операциялық жүйенiң «JellyBean» нұсқасына дейін жаңартуын
әкелді. Ол маусым айында 4. 1-шi нұсқа ретінде таныстырылды, ал қазанның
соңында шағын жаңартудан кейiн өз нөмiр 4. 2-ге ауыстырды.
2008 жылдың 22 қазанында GoogleAndroid операциялық жүйесі үшiн онлайн
қосымшалар дүкенi - AndroidMarket-тің ашылуы туралы жариялады.
Келiсiмге бойынша өңдірушiлер - 70 %, мобильді байланыс операторлары 30
% пайдаға ие болады. 2009 жылдың ақпанда АҚШ және Ұлыбритания
өңдірушiлері AndroidMarket-гі өз қосымшалары үшiн төлем алу мүмкiндiгiн
алды. SonyEricsson - AndroidMarket қосымшалар дүкенiнде өз онлайн
арнасын iске қосқан бірінші компания. Арнада компания қолдануға кеңес
беретін ойындар және қосымшалар таныстырылған. 2011 жылдың
желтоқсанына дейін AndroidMarket-тен 10 миллиард қосымша жүктеп
алынған болатын.
Google компаниясы 2012 жылдың наурызында «Кiтап», «Android Market»,
«Музыка» және т. б. мультимедиа сервистерiн Google Play бiртұтас сервисіне
топтастыды. Google Play интернет дүкені 190 елде жұмыс iстейдi, 700
мыңнан астам қосымшаны қамтиды, ал сервистiң жұмыс уақытында 25
миллиард шамасында жүктеу жасалған. Windows Phone - 2010 жылдың 11
қазанында жарық көрген Microsoft компаниясымен құрастырылған мобильді
операциялық жүйе. 21 қазаннан бастап жаңа платформаға құралған алғашқы
құрылғылар сатылуға түсе бастады. Windows Phone сәйкес болмаса да
Windows Mobile операциялық жүйесінің толығымен жаңартылған интерфейсі
бар және алғашқы рет Microsoft-тың Xbox Live және Zune медиаплеері
қызметі интеграцияланған ізбасары саналады. Жүйенің тұсаукесері
Барселонада өткен Mobile World Congress 2010 шарасына байланыстырылды.
1. 2 Eclipse IDE платформасы туралы
Eclipse IDE. Eclipse IDE - Java бағдарламалау тілінде қосымшаларды өңдеуге
арналған біріктірілген өңдеу ортасы және есептеу техникасы платформасы
фреймворкі. Өзге бағдарламалау тілдері JavaScript, PHP, Python (Eclipse IDE
7 -нұсқасында қосылмаған), Groovy, C, C++, Scala, Clojure және өзгелері.
Eclipse IDE IDE 7. 0 нұсқасында Ruby және Ruby on Rails бағдарламалау
тілдері алынып тасталды, дегенімен қосымша plug-in ретінде орнатуға
болады.
Eclipse IDE жобасының демеушiсі Oracle компаниясы болып табылад ы,
дегенмен Eclipse IDE ортасын жасауды бағдарламашылардың тәуелсiз
бiрлестiгі (Eclipse IDE Community) және Eclipse IDE Org компаниясы
жүргiзедi.
Сапа және мүмкiндiктері бойыша Eclipse IDE соңғы нұсқалары Java тілінде
бағдарламалауға арналған IntelliJ IDEA секілді коммерциялық біріктірілген
өңдеу орталарынан кем түспейді. Eclipse IDE рефакторинг, ортаның жұмыс
мiнездемелерiн жинақтау, синтаксистiк құрылымдарды түспен ерекшелеу,
енгізіліп жатқан құрылымдарды автоматты түрде толықтыру, алдын ала
анықталған код үлгiлерi және т. б. мүмкіндіктерді қолдайды.
Eclipse IDE ортасында бағдарлама жазу үшiн, ортаны орнатуы үшiн және
оның жұмысына алдын ала орнатылған Sun JDK немесе J2EE SDK -тың
қажетті нұсқасы болуы керек. Eclipse IDE ортасында J2SE және J2EE
платформаларына арнап бағдарламалау қамтамасыз етілген. Eclipse IDE 6. 0
нұсқасынан бастап жүйеде қосымша құрамдас бөлiктердi орнатпай J2ME,
C++ мобильді платформаларына және PHP платформасына арнап
бағдарламалау мүмкіндігі бар.
Eclipse IDE Java тілінде жазылған, ол Windows, OS X, Linux, Solaris ОС және
өзге JVM бар платформаларда істеледі.
Eclipse IDE мүмкiндiктері. Eclipse IDE 6. 1 нұсқасы UML, SOA, мобильді
телефондарға қосымшалар жасау үшiн арналғын J2ME құралдарын, Ruby
бағдарламалау тілін (Ruby on Rails - ты қоса) қолдайды. 6. 5 нұсқасында PHP
тiлін қолдау қосылған. Және де тестілеуді қолдау үшiн Python модулі
қосылған.
Eclipse IDE бағдарламашыларға ортаның мүмкiндiктерін кеңейтуге мүмкіндік
беретін плагиндерді қолдайды. Танымал плагиндердің бiрi - iReport
(Jasper Reports кiтапханасына негiзделген) қуатты есептер дизайнерi.
Eclipse IDE Microsoft Windows, Linux, FreeBSD, Mac OS X, OpenSolaris және
Solaris (SPARC үшiн де, сол сияқты x86 - Intel және AMD үшiн де)
платформалары үшiн дайын дистрибутивтер түрiнде таратылады. Барлық
қалған платформал үшiн Eclipse IDE-ты түпнұсқалардан компиляция жасау
арқылы алу мүмкiндiгi бар.
Eclipse IDE 6. 7 нұсқасында Project Kenai, Groovy тiлін және Grails веб -
фреймворкін қолдау қосылған. 6. 8 нұсқасында Symfony PHP-фреймворкін
қолдау, ал 6. 9 нұсқасында Zend Framework-ты қолдау мүмкіндігі бар.
Eclipse IDE 7 нұсқасында өндiрушi Ruby және Ruby on Rails тiлдерін
қолдаудан бас тарытты (Ruby and Rails құрамдас бөлiктерін дамытуды
бiрлестiк өз қолына алды) . Қорыта келгенде, соңғы Eclipse IDE нұ сқалары
«қораптан» Java (Java FX, Java ME, Java EE-ды қоса), C/C++, Groovy, PHP,
HTML, JavaScript, CSS -ты ғана қолдайды және де Eclipse IDE 7 нұсқасында
UML-моделдеу құралдары қарастырылмаған.
Eclipse IDE тарихы. Eclipse IDE ортасын жасау 1996 жылы Xelfi атауымен
Прага Карлов университеттiң математика және физика факультінiң
басшылығымен студенттердің Java IDE жасау жобасы ретiнде басталды. 1997
жылы Станек Роман жоба негізінде компания құрып, 1999 жылы Eclipse IDE
IDE құқықтарын Sun Microsystems-ке беруге дейiн ортаның коммерциялық
нұсқаларын шығарумен айналысты. Sun келесi жылдың маусымында Eclipse
IDE IDE ортасының бастапқы кодтарын жариялады.
Соңғы нұсқалар . Алдыңғы 5. 5. 1 нұсқа негiзде жасалған Eclipse IDE 6. 0
нұсқасы IDE модульдарын және Eclipse IDE платформасына негізделген
интернет қосымшаларды жасауды, интерфейстердiң жаңа дизайнерiн
(«Matisse жобасы» атауымен белгiлi), CVS нұсқаларды басқару жүйесін
қолдаудың жаңа нұсқасын, Weblogic 9 және JBoss 4 серверлерін қолдау және
жетілдірілген редакторын пайдалануға мүмкіндік береді. Eclipse IDE 6. 0
Ubuntu 8. 04 және Debian дистрибутивтерiнің құрамына қосылған.
2008 жылды қараша айында шығарылған Eclipse IDE 6. 5 (Java Persistence,
EJB 3 және JAX-WS-ты қолдауды қоса алғанда) Java EE мүмкiндiктерін
кеңейтеді. Бұған қосымша ретiнде, Eclipse IDE Enterprise Pack SOA визуалды
құралдарын, XML схемамен жұмыс құралдарын, веб-сервиспен жұмыс
құралдыран (BPEL үшiн), UML тiлiнде моделдеу мүмкіндіктерін қосады.
Eclipse IDE IDE Bundle for C/C++ жиыны C/C++ тiлдеріндегi жобаларды
қолдайды.
Eclipse IDE 7. 2. нұсқасында қолданылатын тiлдер тiзiмінен Ruby алып
тасталынды.
1. 3 Java Eclipse IDE платформасында
мобильді
құрылғыларға
қосымшалар құру мүмкіндіктері
Java ME, Java Card мобильді және кірістірілген қосымшаларын жасауды
қолдау. Eclipse IDE платформасында келесі технологияларға толық қолдау
қарастырылған:
−
−
−
−
−
−
−
MIDP 1. 0, 2. 0 және 2. 1профилі;
CLDC 1. 0 және 1. 1 конфигурациясы;
CDC конфигурациясы;
Java ME SDK 3. 0. 5 пакетімен бірге жеткізіледі;
Java-карталары;
Apache Ant 1. 8 сценарийі;
мәліметтерді оқшаулауды және жалғастыруды қолдайтын GUI
Visual Mobile Designer көзбен шолу жобалаушысы;
− мобильді қосымшаларға арналған экран жобалаушысы;
−
−
API MIDP 2. 0 Game интерфейсіне арналған Mobile Game Builder;
SVG (JSR 226) графикалық элементтерін қолдаушы пайдаланушы
интерфейсінің SVG құрамдастары бар SVG Composer құралы, SVG сипат
редакторы;
− құрамдастар
палитрасы, пайдаланушылардың құрамдастарын
жасаушы;
− JMUnit 1. 1. 0 тестілеу;
−
−
−
−
мидлет сертификаттары мен қолтаңбаларын басқару;
Over-the-Air (OTA) біріктірілген эмуляциясы;
Push-registry эмуляциясы;
SMS және CBS хабарламалары үшін WMA эмуляциясының
функциялары;
− хабарламаларды сымсыз жіберуге арналған API интерфейсттері
және API мультимедиялық интерфейсттері;
−
−
−
−
−
ProGuard 4. 2 көмегімен кодты шатастыру;
бірнеше жобалары бар ортаны күйге келтіру;
құрылғыда тестілеу және ретке келтіру;
Java ME (JSR 172) мобильді веб-қызметі;
ОС Mac арналған SDK MpowerPlayer платформасын қолдау (орнату) .
Мобильді қосымшалардың көбісінде Java Micro Edition (Java ME)
платформасы қолданылады. Бұл платформа мобильді телефон сияқты шағын
құрылғыларға арналған, бірақ алуан түрлі құрылғыларда қолданылып келеді.
Java ME платформасында Java SE құрамдастарының, виртуалды
машиналардың және API интерфейстерінің қысқартылған ішкі көпмүшелері
қолданылады. Оған қоса платформада мақсатты түрде мобильді және
кіріктірме құрылғыларға арналған API интерфейстері анықталған. Eclipse
IDE Java ME-мен бірге Java ME платформасының екі базалық күйін және
екі қосымша мобильді мен кіріктірме платформаларын қолдайды:
− CLDC (Connected Limited Device Configuration) нұсқасы CDC
негізіндегі құрылғыларға қарағанда жадының көлемі кіші және есептеу қуаты
аз құрылғыларға арналған. CLDC нұсқасында MIDP (Mobile Information
Device Profile) бейіні негізделген; қазіргі таңда әлемде MIDP
құрылғыларының саны екі миллиардтан астамға жетеді;
− CDC (Connected Device Configuration) нұсқасы жадының көлемі
үлкен, есептеу қуаты айтарлықтай көп және желі ішінде байланысты
қолдайтын құрылғыларға арналған. Мұндай құрылғыларға смартфондарды,
телевизиялық компьютерлі қосымшаларды, кіріктірме серверлер немесе
құрылғыларды жатқызуға болады;
− Java Card платформасы Eclipse IDE ортасын қолдайды және смарт-
карталар мен басқа шағын құрылғыларға арналған қосымшаларды жасап
шығаруға мүмкіндік береді;
− Mobile Information Device Profile (MIDP) 1. 0, 2. 0, 2. 1 (MSA),
Connected Limited Device Configuration (CLDC) 1. 0 және 1. 1, оған қоса
Connected Device Configuration (CDC) арналған қосымшаларды жасаңыз,
тестілеңіз және ретке келтіріңіз;
− IDE CLDC және CDC әзірленімдерді қолдайдын Java ME SDK
жиынтығымен бірге әкелінеді. «Қызмет көрсету» мәзіріндегі басқа да
мобильді және кіріктірмелі платформаларды тіркеугі болады.
1. 1 суретте Java ME жобасын құру көрсетілген.
Сурет 1. 1 - Java ME жобасын құру
Java Card. Java Card Platform - смарт-карталарда қосылатын Java виртуалды
машинасы. Платформа таныс API Java интерфейстарын, мысалы,
![]()
сервлеттерді қолдайды да, алып жүруге ыңғайлы ықшам құрылғыларда
орындалатын веб-қосымшаларды жасауға мүмкіндік береді.
IDE Java Card жобаларын, Java Card апплеттерінің ашылуы мен Java Card
құрылғылары 1. 2 суретте консольдарының күшеюін қолдайды.
Сурет 1. 2 - Java Card құрылғылары консолі
Visual Mobile Designer Visual Mobile Designer көмегімен қолданушылардың
сызбалық интерфейстерін жылдам жасау. Күту экраны, жүйеге ену экраны,
файлдарды шолушы, SMS-хабарламаларды құрастыру құралы және экран-
сурет сияқты орын ауыстырылатын құрамдастар қолдау табады. Талдау
құралы идентификация және қолданбайтын құрамдастарды жою есебінен
файлдың өлшемін азайтуға мүмкіндік береді, оған қоса MIDP 1. 0
платформасының сәйкестігін тексеруге мүмкіндік береді. VMD
қолданушылардың сызбалы интерфейстерін шоғырлауды жеңілдетеді.
Анығырақ 1. 3 суртте қолжетімді плагиндер көрсетілген.
![]()
Сурет 1. 3 - Қолжетімді плагиндер
Android платформасы үшін мобильді қосымшаларды жасауды қолдау. Eclipse
IDE IDE Android плагинін орнату үшін Eclipse IDE’те «Қосылатын
модульдер» терезесін («Қызмет көрсету» -> «Қосылатын модульдер») ашып,
«Күйге келтіру» қосымша бетіне өтеміз. «Қосу» тетігін басамыз. Жаңадан
шыққан «Жаңару орталығын күйге келтіру» терезесінде «nbandroid» атын
(плагин жобасы осылай аталады) және URL-мекен-жайын
«http://kenai. com/projects/nbandroid/downloads/download/updatecenter/updates. x
ml» жазамыз. «ОК» тетігін басып, «Қол жетімді қосылатын модульдер»
қосымша бетіне өтеміз, керек болған жағдайда «Каталогты қайта қосу»
тетігін басамыз да, одан кейін іздеу жолында «Android» сөзін енгіземіз. Қол
жетімді модульдер аумағында төмендегілер шығуы керек:
− Android;
−
−
−
Android Test Runner for Eclipse IDE 6. 9. 1;
Android Test Runner for Eclipse IDE 6. 9;
Android Test Runner for Eclipse IDE 7. 0+.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz