Арал ауданындағы Кері ағар каналының ПК 65 50 гидротехникалық құрылымын жобалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

Су шаруашылығы министірлігі

Қазақ ұлыттық Аграрлық университеті

«Гидротехника мелирация және бизнес » кафедрасы

Жеңісбай Ақтілек

«Арал ауданындағы Кері ағар каналының ПК 65+50 гидротехникалық құрылымын жобалау»

ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

Мамандығы: 5В080500 - «Су ресурстары және суды пайдалану»

Алматы. 2018

Мазмұны

Кіріспе . . . 7

1. Жалпы бөлім . . . 8

1. 1. Жер бедері мен қисыны . . . 8

1. 2. Ауа райы . . . 8

1. 3. Гидрогеологиялық жағдайлар . . . 10

1. 4. Инженерлік-геологиялық жағдайлар . . . 10

1. 4. 1. Аудан жұмыстарының қысқаша геологиялық құрылымы . . . 10

1. 4. 2. Гидротехникалық ғимарат ауданының

инженерлік-геологиялық жағдайы . . . 11

1. 4. 3. Құрылыс материалдарын барлау . . . 11

1. 5. Жұмыс жобасына негіз болған жағдай . . . 14

2. Реттегішті жобалаудағы есептік бөлімі . . . 17

2. 1. Әкелгіш және әкеткіш каналдың гидравликалық және сүзілу есебі . . . 17

2. 2. Реттегіштің суағар бөлігінің гидравликалық есебі . . . 21

2. 3. Жазық бетті сұқпаның гидравликалық есебі . . . 25

2. 3. 1Флютбеттің сүзілетін есебі . . . 28

2. 4. Құрылымғақорытынды . . . 29

3. ГТҒ бойынша құрылыс жұмысын ұйымдастыру . . . 30

3. 1. Жүзеге асатын құрылыстың орындалу тәртібі мен нысанның орналасқанжері . . . 30

3. 2. Жұмыс көлемдері анықтау . . . 31

3. 2. 1. Жер жұмыстары . . . 31

3. 2. 2. Бетондық жұмыстар . . . 33

3. 2. 3. Жер асты суын төмендету үшін жүргізілетін жұмыстар . . . 34

3. 3. Материалды-техникалық ресурстар . . . 36

3. 4. Жұмысшы кадрлар мен құрылыстық-транспорттық механизмдерге қажеттілік . . . 40

3. 4. 1ГТҚ құрылысының уақыт мерзімін анықтайтын кесте . . . 42

3. 4. 2 Торлама график . . . 45

3. 4. 3. ГТҒ құрылысының сметасы . . . 48

4. Гидротехникалық ғимаратты пайдалану . . . 49

4. 1. Қазіргі қызметтің құрамы, пайдалануы және оның ұйымдастырылуы . . . 49

4. 2. Ғимаратты пайдалану нұсқамасы . . . 50

5. Экономикалық бөлім . . . 52

6. Адам өмірін және табиғи ортаны қорғау . . . 54

6. 1. Құрылыс машиналарын пайдаланудағытехника қауіпсіздігі . . . 54

6. 1. 1. Бір қалақты экскаваторды эксплуатациялаудағы техника қауіпсіздігі . . . 54

6. 1. 2. Кранмен жұмыс істеудегі техника қауіпсіздігі . . . 54

6. 1. 3. Бульдозерді пайдалану кезіндегі техникалық қауіпсіздік . . . 55

6. 2. Табиғи ортаны қорғау . . . 56

Қорытынды . . . 57

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 58

Аннотация . . . 59

Кіріспе

Қызылорда облысы Арал ауданындағы су өтімі 40 м 3 /с гидротехникалық құрылыстың жұмыс жобасы Қамыстыбас көл тауаршаруашылығын қамтамасыз ететін су әкелгіш каналда орналасады.

Нысан Аманөткел ауылының оңтүстік-шығысында Сырдария өзенінің оң жақ арнасы жазығындағы “Кері ағар” каналында, Арал қаласынан 95 шақырым оңтүстігінде, Жаңақазалы станциясынан 90 шақырым оңтүстік-батысында орналасқан.

Жобада “Кері ағар” каналында су өткізгіштігі 40 м 3 /с болатын гидротехникалық ғимарат құрылыс қарастырылған. Негізгі су алу көзі - Сырдария өзені болып табылады.

Реттегіштің құрылысы Кері ағар каналының 65+50 ПК орналасқан және Q шығындары сәйкесінше 45 мах, 40 қалыпты, 19 min м 3 /с су тартқыштарына су өткізуге арналады.

Құрылымды жобалау кезінде әкелгіш және әкеткіш каналдардың гидравликалық және құрылымның бөліктеріне гидротехникалық есептеулер жүргізу қажет.

Жұмыстың ғылыми тұрғыда негізі ол ғ. т. д. С. Т. Тәуіпбаевтың “Арал-Сырдария аймағын гидроэкологиялық тұрақтандыру” еңбегінде айқын көрсетілген. Дипломдық жұмыстың осы бағыттағы мазмұны Арал өңірінің гидроэкологиялық жағдайын қалыптастыруға бағытталған.

Жобадағы гидротехникалық құрылымның негізгі мақсаты - көл-атырау жүйелерінің қалыпты деңгейін және ондағы тіршілік дүниесінің әрекетін қамтамасыз ету мақсатында өзеннен таза су жіберу.

Жұмыстың жобасын жасау барысында келесі іздену жұмыстары жүргіземін:

1. “Кері ағар” каналының трассасы, каналдың негізгі көлденең кескініне және қорғайтын бөгетке топогеодезиялық түсіріс жасау.

2. Нысан бойынша инженерлік-геологиялық және гидрогеологиялық ізденістер жүргізу.

  1. ЖАЛПЫ БӨЛІМАрал өңірінің табиғи климаттық жағдайы

Сырдария өзені Қазалы ауданында шөлдік бедерден ағып жатқан әдеттегі өзендер сияқты. Жағалауды бойлай Сырдария жазығында ең биік жер бедері болып саналатын арналық жалдар созылып жатыр. Олар көптеген жерлерде жұмыс жасайтын және қараусыз қалған каналдармен байланысады.

Салынатын құрылыс ғимаратының және каналдың жер бедері біршама бірдей, олардың абсолюттік белгілері 56. 72-58. 00 м аралығында.

Адамзат үшін ең басты өндіріс құралы болып табылатын топырақтың тек өзіне ерекше қасиеті оның құнарлығы, яғни, биологиялық өнімділігі. Бұл қасиет топырақтан басқа ешбір табиғи денеге болмайды.

Арал ауданыңдағы Қамыстыбас көл тауар шаруашылығына келетін шығыны 40 м 3 /с әкелгіш канал бойындағы гидротехникалық ғимарат құрылысының орналасқан жерінде топырақ құнарлығы қабатын анықтау қажет.

Ізденіс мақсаты - топырақты зерттеп, оның құнарлы қабатын қайта қолдану арқылы аз пайдаланылған жерлерге немесе сол жердің биологиялық рекультивациясы жақсару.

Топырақ құнарын құрайтын мүшелерінің ішіндегі ең бастысы гумус десек, оның пайдалы қасиеттері сол гумустың (қара шірінді) құрамы мен мөлшеріне байланысты өзгереді.

Аудан өте қуаң шөлді белдемде жатқандықтан оның топырағының басым бөлігі сұр, сортаңды сұр, құмды және тақыр тәрізді. Сырдария өзенінің бойы (аңғары мен жайылмасы) шалғынды сұр, бозғылыт сұр және батпақты-саздақты топырақтар қалыптасқан.

Нысан Сырдария өзенінің атырауында орналасқан. Лабораториялық анализдер жәнетопырақ ізденістер нәтижесінде құрылыс ауданда кәдімгі шалғынды батпақ топырағы екені анықталды.

Топырақтағы органикалық заттың негізгі көзі болатын өсімдіктердің қалдықтары. Әр түрлі топырақтарда өсімдіктің қалдықтары бірдей емес. Менің жағдайымда Сырдария атырауында таралған топырақ түрлерінің ішінде органикалық заттың көбірек болатындары гидрологиялық режимі қолайлы жағдайда дамыған батпақтар, тоғайлық шалғынды аллювий және шалғынды батпақ топырақтар.

Механикалық құрамы саздақ, жыртылған жер горизонтының тұздану дәрежесі - тұзданбаған, яғни құрамында тұздар 0, 20%-тен аспайды. Жыртылған жер горизонтының құрамындағы қарашірік - 1, 18-1, 95%, жыртылған жер асты горизонтының құрамындағы қарашірік - 0, 1-1, 14%. Жыртылған жер горизонтының көлемдік салмағы 1, 36 г/см 3 .

1. 2. Ауа райы

Жұмыс жобасындағы құрылыс аймағының ауа райы шұғыл континентті, қысы суық, жазы ыстық және де жылы ауа температурасының қосындысының көптігімен сипатталады.

Жылдың орташа ауа температурасы 7-8%, ал абсолюттік максимум және минимум сәйкесінше 43-44% және минус 40-42%-ке дейін жетеді.

Ең жылы ай - шілдеде, айдың орташа ауа температурасы 26 0 С, ал максимал кезде 43-44 0 С-ке дейін жетеді.

Ең суық ай - қантарда, айдың орташа ауа температурасы 11-13 0 С, ал экстремальды жағдайда минус 40 0 С-ке дейін жетеді.

Аязсыз күндер саны 160 тәулік, қар жамылғысы жұқа (10 см), ол 80 күндей жатады. Вегетациялық кезенінің жылдық температура жиынтығы 3400 0 С. Жауын-шашын мөлшері 150 мм, оның 80%-ғы жуығы көктем және күз айларына келеді. Атмосфералық қуаңшылықтың орташа мөлшері 50 тәулік.

Нысан ауданы өте құрғақ агроклиматтық аудандарға жатады. Сондықтан гидрометриялық коэффициент 0. 3 құрайды, яғни ылғалдылығы өте төмен аймаққа жатады. Құрылыс аумағында желдің басым бөлігі солтүстік-шығыстан (22%) және оңтүстік-батыстан (18%) соғады. Қыста солтүстіктен соғатын жел 24%-ты құраса, жаздағы жел 26%-ты құрайды. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4-4. 5 м/с. Негізгі ауа-райы көрсеткіштерінің мәндері толығырақ 1. 1-кестесінде көрсетілген.

1. 1-кесте

Ауа-райы көрсеткіштерінің жылдық сипаттамасы

Көрсеткіш-

тер

Температура

Жауын

шашын

Желдің

орташа

жылдамдығы

Желдің

жоғарғы

жылдамдығы

Су бетінің

булануы

ауаның
жердің
Көрсеткіш-тер: Айлар
Температура: °С
Жауыншашын: °С
Желдіңорташажылдамдығы: мм
Желдіңжоғарғыжылдамдығы: м/с
Су бетініңбулануы: м /с
мм
Көрсеткіш-тер: Қаңтар
Температура: -13
Жауыншашын: -12
Желдіңорташажылдамдығы: 11
Желдіңжоғарғыжылдамдығы: 4, 8
Су бетініңбулануы: 20
-6
Көрсеткіш-тер: Ақпан
Температура: -12
Жауыншашын: -11
Желдіңорташажылдамдығы: 10
Желдіңжоғарғыжылдамдығы: 5, 2
Су бетініңбулануы: 25
-6
Көрсеткіш-тер: Наурыз
Температура: -3, 5
Жауыншашын: -2
Желдіңорташажылдамдығы: 13
Желдіңжоғарғыжылдамдығы: 5, 3
Су бетініңбулануы: 20
-10
Көрсеткіш-тер: Сәуір
Температура: 9, 1
Жауыншашын: 12
Желдіңорташажылдамдығы: 14
Желдіңжоғарғыжылдамдығы: 5, 3
Су бетініңбулануы: 26
25
Көрсеткіш-тер: Мамыр
Температура: 17, 9
Жауыншашын: 22
Желдіңорташажылдамдығы: 12
Желдіңжоғарғыжылдамдығы: 5
Су бетініңбулануы: 25
113
Көрсеткіш-тер: Маусым
Температура: 23, 5
Жауыншашын: 29
Желдіңорташажылдамдығы: 10
Желдіңжоғарғыжылдамдығы: 5
Су бетініңбулануы: 24
153
Көрсеткіш-тер: Шілде
Температура: 26, 3
Жауыншашын: 31
Желдіңорташажылдамдығы: 10
Желдіңжоғарғыжылдамдығы: 4, 9
Су бетініңбулануы: 20
168
Көрсеткіш-тер: Тамыз
Температура: 24, 4
Жауыншашын: 28
Желдіңорташажылдамдығы: 9
Желдіңжоғарғыжылдамдығы: 4, 6
Су бетініңбулануы: 20
151
Көрсеткіш-тер: Қыркүйек
Температура: 17, 3
Жауыншашын: 20
Желдіңорташажылдамдығы: 6
Желдіңжоғарғыжылдамдығы: 4, 4
Су бетініңбулануы: 20
121
Көрсеткіш-тер: Қазан
Температура: 7, 9
Жауыншашын: 8
Желдіңорташажылдамдығы: 17
Желдіңжоғарғыжылдамдығы: 4, 8
Су бетініңбулануы: 24
59
  1. кестенің жалғасы
Қараша
-1, 2
0
12
4, 7
20
-1
Қараша: Желтоқсан
-1, 2: -8, 5
0: -7
12: 13
4, 7: 4, 7
20: 20
-1: -2
Қараша: Жылдық
-1, 2: 7, 4
0: 10
12: 137
4, 7: 4, 9
20: 22
-1: 765

1. 3. Гидрогеологиялық жағдайлар

Қазалы қаласындағы гидрологиялық бекет Сырдария өзенінде 1911 жылы ашылған.

Қазіргі кезде бекет Арал-Сырдария бассейнің қарамағында. Бекет ашылғаннан бастап су денгейін бақылауды жүргізді, ал бір жылдан кейін су шығынын өлшейтін болды.

Гидротехникалық ғимаратты жобалау барысында бірнеше уақытша істейтін мәлімет бекеттері ашылады.

Ауданның жер асты суы сәл кермекті татиды (5-8 г/л) . Грунт сулары ауданның 3-10 м тереңдікте орналасқан. Сулы қабаты негізінен құмдақты-сазды, кейде сазды-батпақты қабатта кездеседі.

Аудан аумағында Арал-Сексеуіл артезиан алабы жайласқан. Артезиан суы альб-сеномен және палеоген-неоген қабатында 150-200 м тереңдікте жатыр. Судың минералдығы сәл кермектен (5-50 г/л) тұщыға дейін (1-3 г/л) өзгереді.

Соңғы жылдары өзен суының азаюына орай атыраулық аймақтың гидрологиялық режимі күшті өзгеріп, топырақ кескініндегі тұздың жылжуының сипаты басқаша болып отыр. Атап айтқанда, ерте көктемде өзенде ағын күшейіп, оны мұз бұзғанда ғана арнаның жиегінен асатын азын-аулақ су басатын ой-шұңқырлар болмаса, арнадан алыстаған сайын топырақ құрғақ күйінде қала береді. Бұл жағдайда кескініндегі тұздың жылжуы тек бір бағытта, төменнен жоғарғы қарай жүреді, бірақ шайып кететін су болмағандықтан топырақтың беткі қабатында жинала береді. Соңғы жылдары өлке табиғатының өте күшті қуаңдануына байланысты тек жаңбыр-қардың суымен төмен жылжыған тұздар ғана емес, сонымен бірге тұздылығы 1-10 г/л-ден 10-25 г/литрге дейін болатын тұздық іспеттес терең жатқан сулар жоғары көтеріліп, жердің сорлануын күшейте түсуде.

Оң жағалау және сол жағалау каналдарына су беретін су көтергіш бөгет - Қазалы су торабы, Қазалы бекет тұстамасынан 35 шақырым жоғарыда орналасқан.

Қазалы қаласы аумағындағы Сырдария өзеніндегі су бекет тұстамасының су деңгейі қазіргі кезде және болашақта Шардара су қоймасы жіберген су өтімімен анықталады.

1. 4. Инженерлік-геологиялық жағдайлар

1. 4. 1. Аудан жұмыстарының қысқаша геологиялық құрылымы

Арал ауданыңдағы Қамыстыбас көл тауар шаруашылығының әкелгіш каналындағы гидротехникалық ғимарат ауданының инженерлік-геологиялық жағдайы мен құрылыс материалдарын барлау қорытындысы -тапсырма негізінде жасалады. Алдымен топырақ-гидрогеологиялық бөлімі геологиялық ізденістер жүргізеді.

Бекітілген жұмыстардың мақсаты - жұмыс жоба негізінде керекті ізденіс материалдарын дайындау. Орындалған жұмыстардың түрі мен көлемі 1. 2-кестеде көрсетілген.

1. 2-кесте

Орындалған жұмыстардың түрі мен көлемі

Жұмыстардың түрі мен көлемдері
Өлш. бірлігі
Жұмыс көлемдері
Жұмыстардың түрі мен көлемдері: 1. Гидротехникалық ғимарат ауданында тереңдігі 10 м дейін ұңғымаларды бұрғылау
Өлш. бірлігі: м. ш
Жұмыс көлемдері: 30
Жұмыстардың түрі мен көлемдері: 2. Құрылыс материалдарын тереңдігі 5 м дейін бұрғылау арқылы барлау
Өлш. бірлігі: м. ш
Жұмыс көлемдері: 20
Жұмыстардың түрі мен көлемдері: 3. Байланысқан топырақтың сұрыпталған үлгісі
Өлш. бірлігі: үлгі
Жұмыс көлемдері: 7. 0
Жұмыстардың түрі мен көлемдері: 4. Құмды топырақтың сұрыпталған үлгісі
Өлш. бірлігі: -
Жұмыс көлемдері: 1
Жұмыстардың түрі мен көлемдері: 5. Су сынамасының сұрыпы
Өлш. бірлігі: сыныма
Жұмыс көлемдері: 1

Жұмыс ауданының геологиялық құрылымында тереңдігі 3. 5 м орналасқан палеогенді батпақтарменжанасатын аллювиалды төрттік шөгінділер қатысады.

Аллювиалды шөгінділер жер бетінен қуаттылығы 1. 2-3. 5 м шаңды-құмды түрде орналасқан.

Палеогенді шөгінділерді сары-жасыл түсті саздарқұрайды.

1. 4. 2. Гидротехникалық ғимарат ауданының

инженерлік-геологиялық жағдайы

Ғимараттың ауданының геология-литологиялықтілігі 10 м тереңдікке дейін зерттелген.

Ғимарат ауданы екі түрлі қабатпен көрсетілген:

а) жоғарғы -қуаттылығы 1. 2-3. 5 м шаңды құмдар;

б) төменгі - сары-жасыл түсті нығыздалған саздар.

Құрылыс ауданның орнында сулы қабаттың үстінгі бөлігінде аллювиаль төрттік шөгінділері таралған.

Грунтты сулардың қалыпты деңгейі тереңдігі 1. 0-1. 8м орналасқан.

1. 4. 3. Құрылыс материалдарын барлау

Құрылыс материалдардың ауданы гидротехникалық ғимарат құрылысынан 2-3 шақырым жерде орналасқан.

Ауданда тереңдігі 5 м дейін ұңғымаларды бұрғылау арқылы барлау жүргізіледі.

Ұңғымалар тор бойынша150x100 м орналасқан және топырақ қоры А” категориясына саналады.

Қорларды есептеу орташа арифметикалық әдісімен мына формула бойынша анықталады:

V=S ∙ h ор , м 3 (1)

мұндағы : S - пайдалы қазбалар денесінің ауданы, м 2

h ор -қабаттың орташа қуаттылығы, м.

1. 3-кесте

Арал ауданындағы Қамыстыбас көл тауар шаруашылығындағы әкелгіш каналдағы шығыны 40м 3 /с болатын ГТҒ құрылысындағы грунттық судың химиялық құрамының нәтижесі мен олардың бетонға агрессивтілігін көрсету

Судың химиялық құрамы
ұңғыма. 3
Судың химиялық құрамы: 1
ұңғыма. 3: 2
3
4
Судың химиялық құрамы:
ұңғыма. 3:
Судың химиялық құрамы: Аниондар
ұңғыма. 3: HCO 3 -
Суды алу тереңдігі
1. 80
Судың химиялық құрамы: Құрғақ қалдық г/л
ұңғыма. 3: 2. 528
Судың химиялық құрамы: Сутектік көрсеткіш
ұңғыма. 3: 8. 3
Судың химиялық құрамы: CO 3
ұңғыма. 3: мг/л
475. 8
мг/экв/л
7. 8
℅ экв
19. 60
SO 4 -2
мг/л
мг/экв/л
℅ экв
CL -
мг/л
1075. 2
мг/экв/л
22. 4
℅ экв
56. 28
мг/л
340. 8
мг/экв/л
9. 6
℅ экв
24. 12
: Атиондар
: Ca +2
мг/экв/л: мг/л
7. 8: 100
: мг/экв/л
: 5
: ℅ экв
: 12. 56
:
:
мг/экв/л:
7. 8:
:
: Mg +2
мг/экв/л: мг/л
7. 8: 132
:
: Na + + K +
мг/экв/л: мг/экв/л
7. 8: 21
: ℅ экв
: 21. 61
: мг/л
: 547. 4
:
: мг/экв/л
мг/экв/л: 23. 8
: ℅ экв
: 59. 80

1. 4-кесте

Сульфаттың бетонға агрессивтілігі ҚНжЕ 2. 03. 11. 05 бойынша

Цемент

Портландцемент

ГОСТ 10178-76

Қатты-агресивтік
Шлакопортландцемент
Агресивтік емес

Сульфатқа төзгіш цемент

ГОСТ 22266-76

Агресивтік емес

Аудандағы пайдалы қазбалар денесі геометриялық әдіспен орындалған.

А категориясының есептік қоры. Орташа қуаттылықты анықтайтын нысандама 1. 5-кестеде көрсетілген.

1. 5-кесте

Орташа қуаттылықты анықтайтын нысандама

№ ұңғыма
Саздақ-батпақты қабаттың қуаттылығы, м
№ ұңғыма: ұңғ. 8
Саздақ-батпақты қабаттың қуаттылығы, м: 5
№ ұңғыма: ұңғ. 6
Саздақ-батпақты қабаттың қуаттылығы, м: 5
№ ұңғыма: ұңғ. 7
Саздақ-батпақты қабаттың қуаттылығы, м: 5
№ ұңғыма: ұңғ. 9
Саздақ-батпақты қабаттың қуаттылығы, м: 5

Орташа қуаттылық

h ор = 20 4 \frac{20}{4} =5. 0 м (2)

Сазды-батпақты қабаттың қуаттылығы 5. 0 м.

1. 6-кесте

Қорларды есептеу нысандамасы

Категория қорлары
Аудан, м 2
Орташа қуаттылық, м
Пайдалы қабат көлемі, м 3
Категория қорлары: А
Аудан, м2: 15000
Орташа қуаттылық, м: 5. 0
Пайдалы қабат көлемі, м3: 75000

1. Гидротехникалық құрылыс ауданы жер бедері тыныш 59. 30-59. 50 м белгілері топырағы қабат-қабат, әр қабаты қатпарланған, 3-3. 5 м тереңдіктегі құрылыс фундаментіне негіз болып жасыл-сары, сұр нығыз саз бола алады. Жер асты суы 1. 20-1. 80 м тереңдікте болғандықтан құрылысқа кері әсерін тигізеді. Сондықтан құрылыс жүргізілетін уақытқа жер асты суын азайту үшін, су ағызғыш пайдалану керек.

2. Құрылыс ауданы ұңғыма арқылы барланған бөліктерден тұрады. Қажетті саз 5. 0 м тереңдікте көрсетілген, саз балшық пен батпаққоры 75 000 м 3 болады.

1. 5. Жұмыс жобасына негіз болған жағдай

Нарын мен Қарадария өзендері Тянь-Шань таулы жүйе беткейінен ағып шығып, екеуі қосылып Сырдария өзенін құрайды. Нарын мен Қарадарияның қосылған жерінен бастап ұзындығы - 2212 км, ал Нарын бастауынан есептегенде - 3019 км.

Сырдарияның орта және төменгі ағысы Қазақстан жерінде ұзындығы 1400 км, су жинайтын алабы 240 мың. км 2 . Өзен бастауын қар жиегінен жоғары 3300-4400 м биіктікте жатқан таулы өңірден алады. Алабында өзен суын толықтырушы, жалпы ауданы 2208 км 2 болатын 1713 мұздық бар.

Қазақстан жеріндегі (Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстары) алабы, негізінен құмды келеді. Қызылқұмның және Арал Қарақұмының оңтүстігінен ағады. Оның 130-ға жуық салалары бар. Қазақстандағы ең ірілері - Келес, Арыс.

Сырдария өзені негізінен қар және аздап мұздық, жауын-шашын суымен толысады. Жылдық ағысының 20. 7%-ы көктемде, 47. 3%-ы жазда-күзде, 32%-ы қыста өтеді. Сырдария ағынының орташа жылдық модулі (қосылатын су мөлшері) 8 л/с/км 2 . Деңгейі сәуірден бастап көтеріле бастайды, маусым-шілде айларында су жоғарғы шегіне жетеді. Содан соң суы кеми береді.

Жылдық орташа су мөлшері Қазақстан шегіне енген тұсында (Сарыағаш ауданы, Көкбұлақ ауылы) 730 м 3 /с, Қызылорда қаласы тұсында арнасынан секундына 673м 3 , сағасына таяу жерде (Қазалы қаласы) 446 м 3 су өтеді.

Өзен Түркістан қаласына дейін желтоқсаннан бастап қатып, наурыздың аяқ кезінде мұзы түседі. Мұзының қалыңдығы ақпан-наурыз айларында 66-68 см-ге жетеді.

Суының орташа температурасы жаз айларында 23-25 0 С шамасында. Су лайлығы 1150-1200г/м 3 , суы негізінен гидрокарбонатты болып келеді.

Сырдария өзені Арал ауданының көл жүйелеріндегі балық шаруашылығында маңызды рөл атқарады. Ол Арал теңізіне құятын негізгі су көзі болып табылады.

Сырдария өзені арқылы мыңдаған гектар көлдер суарылады және онан жыл сайын бірнеше мың центнерге сатылатын балықтары ауланады.

Адамның қарқындылық шаруашылығы нәтижесінде Сырдария өзенінің бассейндегі көлдердегі балық аулау кәсібі күрт түсіп, ал Арал теңізінде мүлдем тоқтатылды.

Қазіргі кезде Сырдария өзенінде теңізден 160 шақырымда орналасқан Қазалы су торабы, 780 шақырымда Кызылорда, 1640 шақырымда Шардара, 1900 шақырымда Фархад және 1960 шақырымда Қайраққұм бөгеттері орналасқан.

Өзеннің ағының реттеу нәтижесінде Аралда уылдырық шашатын су ауданы күрт азайып, балық қорлары тез түсті:сазан, бекіре және т. б.

Сырдария өзенің тасынды шығындары азайғасын атыраудан тасуы тоқталылып, көптеген көлдермен байланысы үзілді. Су бар жылдарда көлдер Сырдария өзенімен байланысып, жас балықтар өндірісі атырау көлдерінде жүреді.

Ал суы аз болған жылдарда өзен мен көлдер арасындағы байланыс мүлдем үзіліп, балықтар уылдырықты сол өзен арнасында шашады. Бірнеше осындай жағдайлар облыста қалыптасқасын тоған шаруашылықтар құрылыстары құрылды. Олар бұрынғы көлдерді қайта қалпына келтіру мен жасанды тоғандар салумен айналысады.

Міне осындай шаралардың бірі Қамыстыбас көл жүйелеріндегі қазіргі балық шаруашылығының су айдындарын толтыру және су деңгейін ұстап тұру.

Арал ауданындағы балық ауланатын көлдер тізімі мына 1. 7-кестеде берілген.

1. 7-кесте

Арал ауданындағы балық ауланатын көлдер

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қызылорда облысының егіс алқаптары мен суландыру жүйесі
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ ШАРДАРА СУ ҚОЙМАСЫНЫҢ ҚЫЗЫЛҚҰМ КАНАЛЫНА СУ ЖІБЕРГІШ ҚҰРЫЛЫМЫН ҚАЙТА ҚҰРУ ЖОБАСЫ
Ауыл шаруашылық дақылдарын суғару режимі
Қуандария арнасының ұзындығы
Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданындағы қорам суару каналының құрылысын жобалау
СУ ҚОРЛАРЫН ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТИІМДІ ПАЙДАНУ
Ауыл шаруашылық дақылдарының суару режимі
Шу - Талас ауданындағы су ресурстарын пайдалану
Ордабасы ауданы Бөген өзенінде салынған су қойманың жобасы
Ауылшаруашылық дақылының суару режимі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz