Атырау қаласында ЖЭО салу мәселесі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Аңдатпа

Бұл бітіру жұмысында Атырау қаласында ЖЭО салу мәселесі

қарастырылған. Жұмыстың жылулық бөлімінде негізгі және қосалқы

жабдықтар таңдалған.

Сондай-ақ өміртіршілік қауіпсіздігі мәселелері шешілген,

экономикалық тарауға талдау жасалған.

Осы жұмыстағы мақсатым Атырау қаласының тұрғындарына электр

және жылу энергиясымен қамтамасыз ету мақсатында ЖЭО салу. Бұл ЖЭО

жобасын салу кезінде қоршаған ортаға тигізетін зиянын ескере отырып және

де экономикалық шығындарын барынша азайта отырып салу негізделді.

Аннотация

В настоящей выпускной работе рассматривается вопрос строительства

ТЭЦ в городе Атырау. В тепловой части проекта произведен выбор

основного и вспомогательного оборудования.

В проекте также разработан вопрос безопасность жизнедеятельности, а

также проанализирован раздел экономической части.

Целью данной дипломной работы является строительство ТЭЦ,

который будет обеспечивать электро и теплоэнергией жителей города

Атырау. При основе строительства этого проекта учитывалась вред

окружающей среде, а также сокращение экономических затрат до минимума.

Annotation

In this final work, the construction of thermal power station in the city of

Atyrau. In the heat of the project made a choice of main and auxiliary equipment.

The project also developed a life safety issue, as well as analyzed the

economic part of the section.

The aim of this thesis is the construction of thermal power station, which

will provide electricity and heat Atyrau residents. At the base of the construction of

this project took into account environmental damage, as well as reducing the

economic costs to a minimum.

Мазмұны

Кіріспе

1. Жылулық бөлім

1. 1. ЖЭО-ның негізгі қондырғыларын таңдау

1. 1. 1. Берілген мәліметтер

1. 1. 2. Жылу жүктемелерінің есебі

1. 1. 3. ЖЭО-ның жылуландыру қондырғысының жылу есебі

1. 1. 4. ЖЭО-ның шығыр және бу қазан қондырғыларын таңдау

1. 1. 5. Жылу жүктемелерін маусым тәртібіне есептеу және негізгі

қондырғылардың таңдауын анықтау

1. 2. ЖЭО-ның бу турбиналы қондырғыларының жылулық сүлбесін есептеу

1. 2. 1. ЖЭО-ның түрі ПТ бу турбинасының жылулық сүлбесінің есебі

1. 2. 2. ЖЭО блогының есептік сүлбесін құрастыру

1. 2. 3. Жоғарғы және төменгі жылуландыруға арналған бу алымдарындағы

буқысымын анықтау

1. 2. 4 Тоқталмайтын үрлеу судың сепараторының есебі

1. 2. 5 Қосылатын су шығысының мөлшері

1. 3. ЖЭО- ның негізгі жабдықтарының сипаттамасы

1. 4. ЖЭО- ның бу қазандарының отын шығысын есептеу

1. 4. 1. Күкіртті мазут сипаттамасы

1. 4. 2. Бу қазан пайдалы әсер коэффициенті

1. 4. 3. Бу қазанның отын шығысы

1. 5. Отынмен қамтамасыз ету және отын дайындау жүйелерін таңдау

1. 5. 1. Мазут шаруашылығының сүлбесі мен жабдықтарын таңдау

1. 5. 2. Газ шаруашылығының сүлбесі мен жабдықтарын таңдау

1. 6. Жылу сүлбесінің қосалқы бөлшектерін таңдау

1. 6. 1. Бу қазанның үрлеуімен су шығынын қабылдағыш кеңейткішін

РНП таңдау

1. 6. 2. Жылу сүлбесінің бу шығырымен бірге қамтамасыз етілетін

жабдықтарынтаңдау

1. 6. 3. Газсыздандырғыштарды таңдау

1. 6. 4. Қоректендіру сорғыларын таңдау

1. 6. 5. Жылу жүйесінің су сорғыларын таңдау

1. 7. Негізгі бу және сумен қамтамасыз ететін құбырларын таңдау

1. 7. 1. Қыздырылған бу құбырларын таңдау

1. 7. 2. Бу қазанды қоректендіру құбырларын таңдау

1. 8. ЖЭО- ны техникалық сумен қамтамасыз ету сүлбесі

1. 8. 1. Электрстансадағы салқындатқыш айналым су шығысының есебі

1. 8. 2. Су қоймасының ауданы

1. 8. 3. Айналым сорғыларын таңдау

3

5

5

5

5

5

6

7

8

8

9

10

12

13

37

39

39

39

39

40

40

44

45

45

46

47

48

48

49

49

49

50

51

51

51

1. 9. Үрлеу сорғыш машиналарын таңдау

1. 9. 1. Ауа үрлегіш желдеткіштерін таңдау

1. 9. 2. Түтін сорғышын таңдау

1. 10. Түтін мұржа биіктігін есептеп таңдау

1. 11. Су дайындау жүйесінің кестесін таңдау

1. 11. 1. Су дайындау кестесін таңдау

1. 11. 2. Толық химиялық тұзсыздандыру қондырғысының үнемділігі

2. Экономикалық бөлімі

2. 1. ЖЭО-ның жылдық энергия жіберуі

2. 2. Отынға жұмсалатын шығынды анықтау

2. 3. Отынды қолданудың ПӘЕ-ін есептеу

2. 4. Суға жұмсалатын шығындарды есептеу

2. 5. Еңбекақы шығындарын есептеу

2. 6. Амортизациялық аударылымдарды есептеу

2. 7. Ағымдағы жөңдеу шығындарын есептеу

2. 8. Шығарындыларға төлемдерді есептеу

2. 9. Жалпы стансалық және цехтық шығындарды есептеу

2. 10. Энергия жіберудің өзіндік құнын есептеу

2. 11. ЖЭО салуды және пайдалануды экономикалық бағалау

2. 12. Таза келтірілген құнды NPV анықтау әдісі

2. 13. Пайданың ішкі нормаларын IRR есептеу әдісі

2. 14. Инвестицияның өтелу мерзімін РР есептеу

3. Өміртіршілік қауіпсіздік бөлімі

3. 1. Микроклимат

3. 2. Желдету жұмыстары

3. 3. Шығырлы цехтегі желдетуді есептеу

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

52

52

52

53

54

54

55

55

56

56

57

57

57

59

59

59

60

60

61

63

64

65

65

66

70

72

76

77

Энергетикалық өндіріссіз басқа өндіріс салалары жұмыс атқара

алмайды. Сондықтан энергетика дамуына Қазақстанда көп көңіл бөлінеді.

Қазіргі кезде Қазақстан өндірісінің дамуының негізгі бағыттары

энергетика саласының өркендеуіне міндетті талап қояды. Жылу электр

станцияларына (ЖЭС) электр тоғын шығаруымен қатар өндіріс пен түрғын

үйлерді арзан жылу көзімен қамтамасыз ету жүктеледі.

ЖЭС-ның тұрақты жүмыс істеп тұруы үшін жабдықтар уақытымен

жөдеуден өткізіліп тұруы қажет. Пайдалану және жөндеу жұмыстары сапалы

жүргізілуі үшін өндірісті ұйымдастыруға керекті мамандар дайындалу,

керекті аспаптар мен жабдықтар қамтамасыз етілу керек және ірі

материалдар қосындысын қолдану қажет.

Бу өндіргіштерін пайдалану және жөндеуден өткізу жұмыс жүргізу

жобасы (ЖЖЖ) арқылы іске асырылады. ЖЖЖ - сын мамандандырылған

жобалау институты немесе өндіріс орнының мамандандырылған бөлімшесі

дайындайды.

Бұл жұмыстарды ұйымдастыруда өндіріс орнының

жобасындағы нормативтік құжаттар қолданылады.

Электр қайратын барлық салада пайдалануына себеп болған оның

қолдануға тиiмдiлiгi және қолайлы болғанына байланысты.

Электр қайратын отын, су қоры бар жерде өндiрiп алыс қашықтыққа

шығынсыз жеткiзуге болады. Электр қайратын оңай энергияның басқа

түрлерiне айналады (жылу, жарық, механикалық қайрат), өндiрiстерде

жоғары автоматика жүйелерiне колдануға себеп болады.

Қазiргi өндiрiстерде және тұрмыс саласында будың, ыстық судың

қайратын

пайдаланады. Жылу электр станциялары

тұтынушыларды

электрқайратымен, бу және ыстық сумен қамтамасыз етеді. Отынның

жылуымен iстейтiн электрстанцияларды жылу электрстанциялар (ЖЭС) деп

атайды. Жылу электр станцияларының екi түрi болады:

- тек электр қуатын өндіретін ЖЭС -шықтық электрстанциялар (КЭС) ;

- электр қуатын мен жылу өндіретін ЖЭС - жылу электр орталығы (ЖЭО) .

ЖЭС-дың негiзгi екi жабдықтары болады - бу өндіргіші және бушығыры.

Буөндіргіші, отынның жылуымен суды қыздырып бу өндiредi, ал

өндiрiлген бу шығырының роторын айналдырады. Шығырдың роторына

электрөндіргіштің роторы қосылған, сондықтан

электрөндіргіштің роторы айналғанда, электр қайраты өндiрiледi.

Бу өндіргіштерінің отынға байланысты газ, мазут және көмiр жағатын; бу

қысымына байланысты кiшi, орташа, биiк, өте биiк қысымды түрлерi болады.

Судың қайратын пайдаланатын электр станцияларды гидравликалық

электр станциялар (ГЭС) деп атайды. ГЭС-тер жарданқұлаған судың,

ағыстың, теңіз суының тасу-құйылуының қайратын пайдаланады.

Атом ядроның бөлiну қайратын пайдаланатын электр станцияларды атом

электр станциялары (АЭС) деп атайды. АЭС-тер уран-235, плутоний-239

ядролық отын қолданады. Бұл отынның пайдаланатын көлемi аз болғасын

оны тасмалдауға

қиындығы жоқ

болады, сондықтан АЭС-тердi

тұтунышыларға жақын салуға болады, тек су бар жер болса.

Қазiргi кезде жел, күн энергияларымен iстейтiн электр станциялар пайда

болып жатыр. Жел электр станциялар Қазақстанда тиімді болады деп

ойлаймын, себебi бізде желдi аймақтар көп. Мәселен тек Жоңғар қақпасын

алсақ та бiрталай электр қайратын өндiруге болады.

Әлем саласында, жоғары температуралық техника дамуына байланысты,

магниттi гидродинамикалық өндіргіштер (МГДГ) пайда болды. МГД

өндіргіштері

плазма арқылы жылу

қайратын

тiке электр

қуатына

айналдырады.

Қазақстанда қазіргі салада көбінесе ЖЭС-тер салыну мәселесi көтерiледi.

Қазақстан жері табиғи отын жағынан бай: көмір, мұнай, газ. Сондықтан отын

көздерiне жақын жерде жылу электр станциялар орнатуға болады. Газ

шығатын көздерден газды құбыр арқылы керектi жерге апаруға болады. Бұл

бу-газ қондырғылы электр станция орнатуға мүмкіндіктер туғызады. Бу-газ

қондырғылары өте тиiмдi, айналадағы ортаға зиянсыз болады және қуатын

азайтып көбейтуге қолайлы. Көмiр көздерi жанында қуаты мол қондырғылы

электр станциялар орнатқан дұрыс.

Диплом жобасында,

Атырау

қаласында салынатын

ЖЭО-ның

жабдықтарын орнату жобасы берiлген. Жағылатын отыны мазут пен газ.

Диплом жобасында жылу жүктемелер есептелген, негiзгi жабдықтар

таңдап алынған. Қазандардың химиялық жұмыс тәртібін ұйымдастыруы

көрсетілген.

1. Жылулық бөлім

1. 1. ЖЭО-ның негізгі қондырғылар түрін таңдау

1. 1. 1. Берілген мәліметтер:

ЖЭО орналасатын аймағы - Атырау қаласы;

Есепті маусым температуралары:

- жылуландыру жобасына, tрн = - 30 оС;

- жылдағы ең салқын ай, tхм = - 14, 2 оС;

- жылу беру уақытының орташасы, tсрн = - 6, 5 оС;

- жазғы уақыт, tлетон = 28, 4 оС;

Тұрғын саны, А = 310 мың адам;

Өндіріс бу шығысы, Dп = 320 т/сағ;

Өндіріс бу қысымы, Рп = 1, 2 МПа;

Өндірістен қайтып келетін шық коэффициенті, К = 0, 8;

Өндірістен қайтып келетін шық температурасы, tк = 70 оС;

Ыстық сумен қамтамасыз ететін жүйе түрі - жабық;

Бір адамға жылу мен желдетуге жұмсалатын жылу мөлшері:

q1 = 1, 71 кВт/адам;

Бір адамға жұмсалатын ыстық су жылуының мөлшері:

q2 = 0, 80 кВт/адам.

1. 1. 2. Жылу жүктемелерінің есебі

Өндіріске берілетін бу шығысы: Dп = 180 т/сағ;

Жылуландыру мен желдету жүктемесі:

Qот+в = А·q1 = 310·1, 71 = 530, 1 МВт;

Ыстық су жүктемесі:

Qгвс = А·q2 = 310·0, 80 = 248 МВт;

Жылуландырудың толық жүктемесі:

Q = Qот+в + Qгвс = 530, 1 + 248 = 778, 1 МВт;

Тапсырма бойынша берілген жылу жүйесіндегі температуралық

графигінен:

- тіке магистральдағы судың ең жоғары температурасы, tпм = 150 оС;

- кері магистральдағы судың ең жоғары температурасы, tом = 70 оС;

- жылу желісіндегі судың орташа температурасы, tстс = 115 оС.

1. 1. 3. ЖЭО-ның жылуландыру қондырғысының жылу есебі

ЖЭО-ның жылуландыру қондырғысының сүлбесі

1. 1-ші суретте

көрсетілген.

Жылу желісінің көлемі:

Vтс = (Qотв + Qгвс) ·(А1 + А2) = (530, 1 + 248) ·(8, 6 + 26) = 26922, 3 м3 ;

мұнда жылу желісінің меншікті көлемі:

- сыртқы желілер, А1 = 8, 6 м3/МВт;

- ішкі желілер, А2 = 26 м3/МВт;

Жылу желісінің су шығынының негізгі мөлшері шарт бойынша жылу

желінің көлемінен 0, 5% құрайды:

Gут = (0, 5/100) ·Vтс = (0, 5/100) ·26922, 3 = 134, 6 т/сағ;

Жылу желісінің су шығынына байланысты жылу шығыны:

Qут тс = Gут тсСр(tтс - tхв ) /3600 = 134, 6∙4, 19∙(115 - 5) /3600 = 17, 2 МВт;

Су шығынын өтейтін сумен келген жылу мөлшері:

Qподп = Gут тсСр(tподп - tхв ) /3600 = 173, 7∙4, 19∙(40 - 5) /3600 = 7, 0 МВт;

мұнда су шығынын өтейтін су температурасы, tподп = 40 оС;

салқын су температурасы, tхв = 5 оС;

Жылуландыру қондырғының жылулық қуаты:

Qту = Qот+в + Qгвс + Qут тс - Qподп = 684 + 320 + 22, 2 - 7, 0 = 1019, 2 МВт;

Жылуландыру коэффициентін ескергендегі жылуландыру қондырғының

жылу қуаты (αтэц = 0, 55) :

Qосп = αтэц·Qту = 0, 55·1019, 2 = 560, 5 МВт;

Су жылытқыш қазандарының қуаты:

Qпвк = Qту - Qсп = 1019, 2 - 560, 5 = 458, 7 МВт.

1. 1-ші сурет. Жылуландыру қондырғының сүлбесі

ПМ и ОМ -тіке және кері бас жолдар; СН1 и СН2 - желі сорғылары;

ПВК - шыңдық су жылытқыш қазан; СПВ и СПН - астыңғы және үстіңгі

су жылытқыштар; ВД - желі суының вакуум газсыздандырғышы;

1. 1. 4. ЖЭО-ның шығыр және бу қазан қондырғыларын таңдау

Өндіріске бу және жылуландыру жүктемесін өтеуге бу шығырлы

қондырғылар таңдаймыз:

№1 ПТ-80/100-130/13 өндіріске бу және жылуландыру жүктемесін:

өндіріске бу Dп = 160 т/сағ;

жылуландыру жүктемесі Qт1 = 80 МВт;

№2 ПТ-80/100-130/13 өндіріске бу және жылуландыру жүктемесін:

өндіріске бу Dп = 160 т/сағ;

жылуландыру жүктемесі Qт2 = 80 МВт;

№3 Т-110/120-130 жылуландыру жүктемесі Qт3 = 201 МВт;

№4 Т-110/120-130 жылуландыру жүктемесі Qт4 = 201 МВт;

Толық жылуландыру жүктемесі Qт = 562 МВт.

Анықталған жылуландыру коэффициенті:

αтэц = Qт / Qту = 562 / 1019, 2 = 0, 595;

Анықталған шыңдық (су жылытқыш қазандар) жүктемесі:

Qпвк = Qту - Qт = 1019, 2 - 562 = 457, 2 МВт;

Шыңдық су жылытқыш қазандар түрі КВГМ-180;

КВГМ-180 (208 МВт) 3 дана

Су жылытқыш казандарының жылу қуаты;

Qпвк = 3·208 = 624 МВт;

Бу шығырларының қыздырылған бу шығысы:

№1 ПТ-80/100-130/13

№2 ПТ-80/100-130/13

№3 Т-110/120-130

№4 Т-110/120-130

Шығырлардың толық бу шығысы:

Dо1 = 480 т/сағ;

Dо2 = 480 т/сағ;

Dо3 = 485 т/сағ;

Dо4 = 485 т/сағ;

∑Dо = 2∙480 + 2∙485 = 1930 т/сағ;

Бу қазандарының толық бу өнімділігі:

Dка = (1 + α + β) ∙∑Dо = (1 + 0, 02 + 0, 03) ∙1930 = 2026, 5 т/сағ;

ЖЭО-да орнатуға түрі БКЗ-420-140НГМ бес қазан таңдаймыз, толық бу

өнімділігімен:

∑Dка = nка∙Dка = 5∙420 = 2100 т/сағ.

1. 1. 5. Жылу жүктемелерін маусым тәртібіне

есептеу және

негізгі

қондырғылардың таңдауын анықтау

а) маусымдық шартты температуралары:

- жылуландыру, tрн = - 30 оС;

- жылдағы ең салқын ай, tхм = - 14, 2 оС;

- жылуландыру уақытының орташа, tсрн = - 6, 5 оС;

- жаз уақытының, tлетон = 28, 4 оС;

б) Қысқы ең жоғары тәртіп (I - тәртіп) :

жылуландыру және желдету:

Qотв1 = Qотв + Qут - Qподп = 684 + 22, 2 - 7, 0 = 699, 2 МВт;

Ыстық сумен: Qгвс = 320 МВт;

барлығы Q1 = Qотв1 + Qгвс = 699, 2 + 320 = 1019, 2 МВт;

в) Есепті-тексеріс тәртіп (II - тәртіп) :

Q2 = Qотв2 + Qгвс = 479, 4 + 320 = 799, 4 МВт;

бұның ішінде ыстық суға:

Qгвс = 320 МВт;

жылуландыру мен желдетуге;

Qотв2 = Qотв1(tвн - tхм ) /(tвн - tрн ) = 699, 2⋅(18 + 14, 2) /(18 + 30) = 479, 4 МВт;

г) Жылуландырудың орташа тәртібі (III - тәртіп) :

Q3 = Qотв3 + Qгвс = 361 + 320 = 681 МВт;

бұның ішінде ыстық суға:

Qгвс = 320 МВт;

жылуландыру мен желдетуге:

Qотв3 = Qотв1(tвн - tсрн ) /(tвн - tрн ) = 699, 2⋅(18 + 6, 5) /(18 + 30) = 361 МВт;

д) Жазғы тәртіп (IV - тәртіп) :

Q4 = Qлетогвс = Qгвс(tгв - tлхв ) /(tгв - tхв ) = 320⋅(65 - 15) /(65 - 5) = 261, 8 МВт.

Есептелген мөлшерлерді 1. 1-ші кестеге түсіреміз:

1. 1-ші кесте

Есептеп табылған көрсеткіштер арқылы, таңдап алынған негізгі

қондырғылар түрі анықталады. Норма бойынша, бір бу қазан тоқтаған

кезде, жұмыста қалған қондырғылар II - тәртібінің жүктемесін толық

қабылдап беруі қажет. Есеп бойынша:

II - тәртіп жүктемесі: Q2 = 799, 4 МВт;

Жұмыста қалған бу қазандар өнімділігі: Dка = 4∙420 = 1680 т/сағ;

Шығырлардың бу алымының қуаты:

- өндіріске бу Dп = 320 т/сағ,

- жылуландыру қуаты Qотб = 361 МВт.

Шыңдық су жылытқыш қазандар: Qпвк = 624 МВт.

Қорытынды: Бір қазан тоқтап қалған кезде ЖЭО-ның қалған қондырғылары

II-тәртіп жүктемесін алып кетеді, қондырғылар дұрыс таңдалған.

1 . 2. ЖЭО-ның бу турбиналы қондырғыларының жылулық сүлбесін есептеу

1. 2. 1 ЖЭО-ның түрі ПТ бу турбинасының жылулық сүлбесінің есебі

Жылулық есептің шарттары

ЖЭО сүлбесінің түрі ПТ екі блоктың жылулық сүлбесінің есебі тек бір

блокқа өткізіледі.

Турбиналар электірлік графикпен жұмыс атқарады, шықтағыштағы

жылулық құбырлар беті жұмыс атқармайды.

Шыңдық жылулық жүктеме су қыздырғыш қазандар (ПВК) арқылы

өтеледі.

Турбина кірісіндегі будың алғашқы көрсеткіштері завод мәліметтерінен

алынады.

ПТ-80/100-130/13 бу турбинасының жылулық сүлбесі заводтық типті

сүлбемен алынады.

1. 2. 2 ЖЭО блогының есептік сүлбесін құрастыру

Блоктың есептік сүлбесін құрастырған кезде регенеративті

су

қыздырғыштар санын және олардың қосылуын ескеру қажет. Сонымен қатар,

блоктың есептік сұлбесінде су дайындау сүлбесін, өндірістен қайтарылатын

шық сүлбесін, тұтынушыға жылу жіберу сүлбесін келтіру қажет.

Регенеративті бу алымдарындағы көрсеткіштерді завод мәліметтері

арқылы алынады. Өндіріске бу өндіріс бу алымының коллекторынан

алынады, бу қысымы Рпр = 1, 27 МПа мөлшерінде. Жылуландыруға және

ыстық сумен қамдауға жылулық жүктеме ЖЭО-дан ыстық су ретінде

беріледі. Ыстық суды қыздыру үшін ол су қыздырғыштардан және су

қыздырғыш қазандардан өтеді. ПТ-80/100-130/13 бутурбиналы қондырғыда

ыстық су төменгі, жоғарғы су қыздырғыштарынан және су қыздырғыш қазан

өтіп қызады.

ПТ-80/100-130/13 бутурбиналы қондырғының есептік сүлбесі 2 - суретте

көрсетілген.

Сүлбе бойынша қазаннын өндіріліп шыққан бу турбинаға жіберіледі, ал

турбинада жұмыс атқарып шыққан бу шықтағышқа (конденсаторға)

жіберіледі. Шықтағыштан шыққан шық сорғымен төмен қысымды су

қыздырғыштарынан өтіп газсыздандырғышқа түседі. Газсыздандырғышта

шықтан ауа (оттегі) бөлінген соң шық қорек су болып аталады.

Қорек су сорғымен жоғары қысымды су қыздырғыштардан өтіп бу

қазанға жіберіледі. Қазанның тоқталмайтын үрлеу суы екі сатылы

сепараторға жіберіледі. Бу турбинада реттелмейтін бу алымдары және

реттелетін өндіріске бу және жылуландыруға бу алымдары бар. Жылулық

желідегі су шығынын өтеу үшін толықтыратын су вакуумды

газсыздандырғышта дайындық өтеді.

2 Сурет - ПТ-80/100-130/13 бутурбиналы қондырғының есептік сүлбесі

1. 2. 3 Жоғарғы және төменгі жылуландыруға арналған бу

алымдарындағы бу қысымын анықтау

ЖЭО-ның жылулық жүктемелері:

Қысымы Рп = 1, 275 МПа өндіріске бу алымынан бу шығысы Dп =450

т/сағ; өндірістен қайтарылатын температурасы tвк = 80 оС шық мөлшері Dпвозв

= 70%·Dп;

ЖЭО-дан берілетін жылу мөлшерлері:

жылытуға Qот = 1575 ГДж/сағ;

ыстық сумен қамдауға Qгвс = 135 ГДж/сағ;

толық жылулық жүктеме Qтэц = 1710 ГДж/сағ.

Жылуландыру қондырғының сүлбесі 3 - суретте келтірілген.

3 Сурет - ЖЭО-ның жылуландыру қондырғысының сүлбесі

ЖЭО-дағы желі судың толық шығысы

Dсвтэц = Qтэц·103/С·(tпм - tом) = 1710·103/4, 19·(150 - 70) = 5100 т/сағ;

мұнда судың жылусиымдылығы С = 4, 19 кДж/(кг·оС), тік және кері

магисталды құбырлардағы су температурасы tпм / tом = 150 / 70 оС.

Бір ПТ-80/100-130/13 бутурбиналы қондырғының желі су

қыздырғыштарынан өтетін су шығысы:

Dсвт = Dсвтэц /n = 5100/3 = 1700 т/сағ

мұнда ЖЭО-да орнатылған ПТ-80/100-130/13 бутурбиналы

қондырғылардың саны n = 3.

ПТ-80/100-130/13 бутурбиналы қондырғының жылулық бу

алымдарының толық номиналды жүктемесі ΣQтотб = 285 ГДж/кг.

Желі су мен будың жылулық баланс арқылы

ΣQтотб = Dсвт·С·(t2 - tом)

желі су қыздырғышынан шыққан судың температурасын табамыз

t2 = ΣQтотб/ Dсвт·С + tом = 285·103/1700·4, 19 + 70 = 110 оС;

Жоғары және төмен желі су қыздырғыштарындағы қызуының мөлшері

тең алынады, сондықтан төменгі желі су қыздырғыштан шыққан су

температурасының мөлшері

t1 = tом + (t2 - tом) /2= 70 + (110 - 70) /2 = 90 оС;

Қыздыратын будың шығының температурасына дейін желі судың

қызбауын δt = 5 оС тең аламыз.

Жоғарғы және төменгі бу алымдарындағы қанығу температураларының

және қысымының мөлшерлері

tнво = 110 + 5 = 115 оС,

tнно = 90 + 5 = 95 оС,

Рво = 0, 169 МПа

Рно = 0, 0845 МПа.

Регенеративті бу алымдарындағы

қысымдар

мөлшерін

заводтық

мәліметтер арқылы аламыз, 2-кесте.

2-кесте

1. 2. 4 Тоқталмайтын үрлеу судың сепараторының есебі

Үрлеу су сепараторы екі сатылы алынады, 4 - сурет.

4 Сурет - Үрлеу су сепараторларының (РНП) қосылу сүлбесі

1) Үрлеу су сепаратордың 1 сатысының есебі

Жылулық баланс теңдеуі

Материалды баланс теңдеуі

Dпр·hпр·ηс1 = Dс1·hс1 + D'пр·h'пр1 ;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Атырау жылу электр орталығы
Атырау облысының экономикалық потенциялы
ҚАЗАҚСТАН ҚАЛАЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстанда электр стансалардың даму болашағы
Қазақстандағы энергия ресурстары
Атырау облысының құрылыс индустриясы
Кесте - Қатаю ұзақтылығының ауыр бетон беріктілігіне әсері
АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНЫҢ ГЕОЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
Атырау облысының радиациялық жағдайы
Ақтөбе жылу электр орталығын қалпына
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz