Химиялық тәсілмен суды тазарту


Аннотация
Этот вариант соответствует всемирным нынешним требованиям,
используя новые технологии, которые снабжались оборудованием фирм
зарубежной страны, очищая воду химическим способом, чистая вода
обеспечивается представлением для котлов и теплосети.
![]()
Для очищения воды химическим способом в комплексе надо ввести
следующее:
- Обеспечение паровых котлов 380 т/ч чистой водой;
- Обеспечение теплосетей 100 т/ч чистой водой производимым
согласно по закрытой схеме.
-Согласно правилам Республики Казахстан обеспечивать чистой
водой склады и котлы;
- Центрально химические лаборатории;
- Мост дымоходных труб;
Вода, пройденная химические дисциплины, выполняет главную роль
по обеспечениию верности и выгодности работ оборудования ТЭЦ.
В Станции дисциплину воды и их индивидуальные агреаты
обеспечиваются следующими обстоятельствами;
-
котлов;
-
Уверенность в обеспечении чистой водой тепловых труб и
Экономичность мощности электричества реагентов и воды
которые ушли на собственные нужды.
Аңдатпа
Бұл нұсқа әлемдік қазіргі жаңа талаптарға сай, шет ел фирмаларының
жабдықтарымен жабдықталған жаңа технологияларды пайдалана отырып,
химиялық тәсілмен суды тазарту және тазартылған сумен қазандарды және
жылу қазандықтарын қамтамасыз етуге ұсынылады.
Химиялық тәсілмен суды тазарту комплексіне мыналар енгізілу керек:
-Жылу қазандықтарын сағатына 380 тн жоғарғы қысымда өндірілген
тазартылған сумен қамтамасыз ету;
-Жылу желілерін сағатына 100тн жабық схема бойынша өндіретін
тазартылған сумен қамтамасыз ету;
-Қазақстан
Республикасының ережесіне сай қоймаларды және
қазандықтарды тазартылған сумен қамтамасыз ету;
-Орталық химиялық лабораториялар;
-Мұржа құбырларының көпірі.
Жылу электр орталығының бу қуатты жабдығының сенімді және тиімді
жұмысын қамтамасыз ету үшін су химиялы тәртібінің жетістігі басты рөлді
атқарады.
Стансалардағы су тәртібін және олардың жеке агрегаттарын
қамтамасыз ететін төмендегі жәйттер:
-Жылу құбырларымен қазандардың талапқа сай сумен
қамтамасыздігінің сенімділігі;
-Жеке қажеттілікке кеткен сулардың және реагенттердің жұмсалған
электр қуаттарының үнемділігі.
Annotation
This option conforms to the world present requirements, using new
technologies which were supplied with the equipment of firms of the foreign
country, clearing water in the chemical way, clear water is provided with
representation for coppers and a heating system.
For water clarification by chemical way in a complex it is necessary to enter
the following:
- Providing boilers of 380 t/h with clear water;
- Providing heating systems of 100 t/h with clear water made agrees
according to the closed scheme.
- According to rules of the Republic of Kazakhstan to provide with
clear water warehouses and coppers;
- It is central chemical laboratories;
- Bridge dymokhodnykh of pipes;
The water, passed chemical disciplines, carries out a leading role on an
obespecheniiya of fidelity and advantage of works of the equipment of combined
heat and power plant.
In Station discipline of water and their individual агреаты are provided with
the following circumstances;
- Confidence of providing with clear water of thermal pipes and coppers;
- Profitability of power of electricity of reagents and water which left for
own needs.
Мазмұны
Кіріспе . . .
1 тарау. Атырау қаласындағы ЖЭО-ның жалпы сипаттамасы . . .
1. 1 Атырау қаласы жайлы жалпы мәлімет . . .
1. 1. 1 Негізгі қондырғылар . . .
1. 1. 2 Бу қазандарын қоректендіретін ХСТ қондырғысы . . .
1. 1. 3 Жылу желілерін қоректендіретін ХСТ қондырғысы . . .
1. 2 Мөлдірлеткіш . . .
1. 2. 1 Мөлдірлеткіш құрылғысының жұмыс қағидасы . . .
1. 2. 2 Мөлдірлеткіштің өндірулігін есептеу . . .
1. 3 Механикалық сүзгі . . .
1. 3. 1 Механикалық сүзгінің құрылысы . . .
1. 3. 2 Механикалық сүзгінің жұмыс қағидасы . . .
1. 4 Қазіргі ХСТ қондырғысының есептелуі . . .
1. 4. 1 Бастапқы су көзі . . .
1. 4. 2 Су дайындау қондырғылары . . .
1. 5 А2-анионитті сүзгінің екінші сатысын есептеу . . .
1. 5. 1Н2-катионитті сүзгінің екінші сатысын есептеу . . .
1. 5. 2 А1- анионитті сүзгінің бірінші сатысын есептеу . . .
1. 5. 3 Н1-катионитті сүзгінің бірінші сатысын есептеу . . .
1. 5. 4 Na2-катионитті сүзгінің екінші сатысын есептеу . . .
1. 5. 5 Na1- катионитті сүзгінің бірінші сатысын есептеу . . .
1. 5. 6 Механикалық сүзгінің есептелуі . . .
1. 5. 7 Мөлдірлеткіштің есептелуі . . .
1. 6 Тектескіштің есептелуі . . .
1. 6. 1 Коагулянт шығыны . . .
1. 6. 2 Хлор шығыны . . .
1. 6. 3 Күкірт қышқылының шығыны . . .
1. 6. 4 NaOH сілтіні есептеу . . .
2 тарау. ЖЭО-дағы химиялық су тазалау қондырғысын қайта құру . . .
2. 1. Бу қазандарын қоректендіретін жаңа ХСТ қондырғысы . . .
2. 1. 1 Суды заласыздандыратын ультракүлгін қондырғысы . . .
2. 1. 2 Жүргізу технологиясы . . .
2. 1. 3 Әдістің қолдану шарты . . .
2. 1. 4 Әдіс сапасының тиімділігі . . .
2. 2 Кері осмос . . .
2. 2. 1 Әдістің негізі . . .
2. 2. 2 Жалпы жағдайда . . .
2. 2. 3 Кері осмос. КОҚ сипаттамасы . . .
2. 2. 4Кері осмос артықшылықтары . . .
2. 2. 5 Мембраналар . . .
2. 2. 6 Мембраналық аппараттар мен қондырғылар . . .
2. 3 Жаңартылған ХСТ қондырғысының есептелуі . . .
2. 3. 1 Суды залалсыздандыратын қондырғының есептелуі келесі . . .
2. 3. 2 Nа I-катоинитін сүзгінің бірінші сатысын есептеу . . .
2. 3. 4 А1-анионитті сүзгінің бірінші сатысын есептеу . . .
2. 3. 5 Н1-катионитті сүзгінің бірінші сатысы есептеу . . .
2. 3. 6 Кері осмос қондырғысын есептеу . . .
2. 3. 7 Механикалық сүзгінің есептелуі . . .
2. 3. 8 Мөлдірлеткіштің есептелуі . . .
3 Тарау. Өмір тіршілігінің қауіпсіздігі . . .
3. 1 Көлемді жоспарлы және құрылымдық шешім . . .
3. 1. 1Химиялық цехындағы өрт қауіпсіздігі . . .
3. 1. 2 Қауіпсіздік тәсілі . . .
3. 1. 3 Жасанды жарықтандыруды есептеу . . .
3. 2 Нүктелік әдіс . . .
4 Тарау. Техника - экономикалық негіздеу . . .
4. 1 Жобаның бейнеленуі . . .
4. 1. 1 Жұмыскерлердің айлық ақысы . . .
4. 1. 2 Қондырғыны жаңғыртуға қажет құралдары мен аспаптарын алуға
кететін шығындар . . .
4. 1. 3 Жабдықтардың монтажына кеткен шығындар . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Жылу электр орталығындағы буландырғыш жабдығының сенімді және
унемді жумыс істеуіне су дайындау қондырғысының маңызы зор. Су
дайындау қондырғысы келесілерді қамтамасыз етуі тиіс:
-Қазандықтар мен жылу желілер жүйесін қажетті сападағы сумен
сенімді түрде қамдауын;
- Өзіне қажетті су, реагенттер және электроэнергия шығынының
үнемділігін;
-Ақаба суларының табиғи суаттарына минималды әсер етуін;
-Су дайындау және жылуэнергетикалық жабдықтарымен кұбырларда
тұз қалдықтарымен коррозияның болмауын.
Су дайындау қондырғысын жобалау кезінде электростансасы, табиғат
сақтау және су дайындау қондырғысының толық комплексі жағынан әр түрлі
нұсқалы шешімдер мұқият қаралуы қажет. Қазандағы қоспалы суды өңдеу
бастапқы судың сапасына, қазандықтардың үлгісіне және минералды ақаба
сулардың тасталу шартына тікелей байланысты.
Беттік су алдын ала тазалауды қажет етеді, яғни суды қаттыдисперсті
заттардан, колоидті және органикалық қалдықтардан айырылады. Бұнлай
нәтижеге жету үшін біз коагуляцияны қолданамыз.
Суға коагулянтты қосқан кезде коллоидті бөлшектердің қосылуын
және суда ірі қауыз қалқамалары пайда болдыратын қиын ерітінді қосылыс
пайда болады.
Бір коагулянтты қолдану кезінде керекті натижеге жетпесе, ірі қауыз
қалқамаларын
пайда болуын жылдамдату үшін полиэлектролитті
пайдаланамыз.
Коагуляция процесінің жақсы жүруін қамтамасыз ету үшін, қазіргі
тұзсыздандыру технологиясында бастапқы суды хлорлық ізбеспен немесе
хлорлық газбен хлорлайды.
Бұдан басқа бастапқы суды ізбестеу процесін сілтілікті төмендету,
декарбонизациялау, бөлшектеп жұмсарту және судағы тұзды төмендету үшін
қолданылады. Бұл процесстер қосылып және біруақытта бір аппарат
мөлдірлеткіште жұмыс істейді. Мақсаты суды тазалу кезінде технологиялық
эффекті жақсарту үшін және капиталдық, эксплуатациялау шығынын
төмендету үшін. Суды бірінші рет мөлдірлету мөлдірлеткіште, ал
қалдықтардан соңғы тазалау, суды алдын ала тазалауға жататын сүзу
процессі көмегімен іске асады.
Бастапқы тазалаудан өткен су қатты дисперсті қоспадан айырылады.
Бірақ ерітінді түріндегі қалдықтардың негізгі бөлігі суда қалып қояды. Бұл
қалдықтар судан жоғалуы тиіс. Қазіргі кезде ол үшін жоғарғы эффекті
ион алмасу және мембраналық әдіс қолданылады.
1.
Қазіргі су тазалау технологиясында суды иондардан тазарту екі
процесс арқылы іске асады: катиондау-катиондарды жоғалту және аниондау-
аниондарды жоғалту үшін. Суды катиондау өзіндік бір мақсатқа ие (суды
жұмсарту үшін), ал аниондау процесін тек катиондау процесімен бірге
қолданады.
2.
Өндіріс
орындарындағы және ЖЭО-дағы су дайындау
қондырғысындағы суаттарды әр түрлі қоспалардан сақтау маңыздылығының
артуына байланысты, соңғы жылдары суды реагентсіз тәсілмен
тұзсыздандыруға көңіл бөліп жатыр. Қазіргі уақытта мембраналық тәсіл
практикалық түрде қолданылып жатыр, олар: ультрафильтрация, кері осмос,
электродиализ және диализ.
Барлық мембраналық процестердің негізі ретінде қоспалар мен
еріткіштердің жартылай өткізгіш мембранасынан өту жатады. Кері осмостық
қондырғыға берілетін бастапқы су мұқият тазартудан өтуді талап етеді.
Мембраналық тәсілдерді пайдалану кезінде, универсалды және
перспективті ол кері осмос екенін түсінуге болады: аз көлемде энергияның
шығындалуы, пайдаланудың оңайлығы, бастапқы судың тұздылығына
тәуелсіз. Бұл тәсілдің айтарлықтай қиындығы ретінде мембрана таңдау
болып келеді.
3. Термиялық тұзсыздандыру тәсіліне суды қайнату көмегімен буды
алып ары қарай шықтандыру жатады. Бұл процесс буландырғыш
қондырғысында іске асады.
Ашық және жабық түрде жылумен қамдау системасына суды өңдеу
схемасын таңдау, қоректік судың сапасы Қазақстан Республикасының талап
ету нормасына сәйкес келуіне тәуелді.
I Тарау. Атырау қаласындағы ЖЭО-ның жалпы сипаттамасы
1. 1 Атырау қаласы жайлы жалпы мәлімет
Атырау қаласы Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіпті және
мәдениетті облыс орталығы.
Қала Каспий теңізіне құйылатын шақырым жердегі Орал өзенінің
бойында орналасқан.
Қала ТМД елдерінің басқа аймақтарымен сыртқы байланысы
теміржол, кеме, ұшақ және көлік транспорты арқылы іске асады.
Орал өзені қаланы екі бөлікке бөледі-оң жағалау және сол жағалау.
Қала климаты лезде континенталды, ыстық жаздың жалғасымен,
жылдық және тәуліктік жоғары температурасының амплитудасымен, оның
құрғақтылығымен, аз бұлттануымен, жыл ішінде жеткіліксіз жауын-
шашынмен, және қыс мезгілінде аз мөлшерде қардың жауынымен
ерекшелінеді.
Ауаның климатологиялық мінездемесі келесі
температурасымен анықталады:
ауаның сыртқы
-
-
-
-
-
-
Бір жылдағы орташа температура-8 ;
Абсолютты минимал температурасы-38 ;
Абсолютты максимал температурасы- +45
Суыту периоды кезіндегі орташа температурасы-12 ;
Бір айдағы суыту кезіндегі орташа температурасы-10, 1 ;
Жылыту периоды кезіндегі орташа температурасы-38 ;
Жылыту периодының жалғасы 182 тәулік (4368 сағатты) құрайды.
Климаттың айтарлықтай өзгешілігі желді “Батыс” және “Шығыс” жаққа
бағыттай алады.
Электрикалық қуаттылығы 227 МВт, жылу қуаттылығы 667 Гкал/сағ
құрайтын Атырау ЖЭО-сында келесі қондырғылар орналасқан.
1. 1. 1 Негізгі қондырғылар
1. 1-кесте
1. 1-кестенің жалғасы
Отын ретінде-газ, көмекші отын ретінде-мазут қолданылады.
Өңделген бу өндіріске жіберіледі, бірақ шықтың ЖЭО-ға қайтымды
жолы жоқ.
Техникалық сумен қамдау системасы жазғы режимге: бірағынды Орал
өзенінен қоректендіріледі және Перетаска өзен ағысына тасталынады, ал
қысқы режимге: аралас-қайтымды ( алып келетін және алып кететін каналдар
өзара арнайы жүргізулерімен қосылады) .
Қазандармен жылу желілерін қоректендіретін ХСТ қондырғысының
бастапқы суы техникалық сумен қамдау системасынан алынады.
1. 1. 2 Бу қазандарын қоректендіретін ХСТ қондырғысы
Бу қазандарын қоректендіретін қазіргі химиялық су тазалау
қондырғысының жұмыс істеу принципі келесі: Мөлдірлеткіште суды
коагуляциямен ізбестеп, механикалық сүзгіге жібереді. Механикалық
сүзгіден кейін ағын екі сатылы тұзсыздандыру сүлбесі бойынша
тұзсыздандырылады.
Қондырғының жобалы бу өндірулігі Q=380 т/с, қазіргі кезде судың
минералды заттары көп болғандықтан Q=150-180 т/с түсіп қалды. ХСТ
қондырғысы 1961 жылдан бері жұмыс істеп жатыр, қазіргі таңда қондырғы
физикалық және сапалық түрде ескірген.
1. 1. 3 Жылу желілерін қоректендіретін ХСТ қондырғысы
Жылу желілерін қоректендіретін су келесі сүлбе бойынша жасалады:
Мөлдірлеткіште суды коагуляциямен ізбестеу, механикалық сүзгіден
өту, ары қарай суды натрий-катиондау.
Қондырғының өндірулігі 100 т/с.
1. 2 Мөлдірлеткіш
Суды коагуляция, әкталу әдісімен өңдеген кезде қатты фаза өңделген
судан алыс тұруы қажет қауыздар, аморфты немесе кристалл тұнбалары
түрінде шығады. Осы мақсатқа тағайындалған қондырғылардың
әрекеттерінің қағидалары ауырлық күштер әсерінен тұнуға және сүзгіш
жүктемелерінің түйіріне жапсыруға басты түрде негізделген. СДҚ-ға
тұндыру әдетте жалғансұйылу мөлдірлеткіште қатты фазаны сипаттайтын
сұйықтың тік ағысынан жүзеге асырылады - бұл судың мөлдірлеткішінің
бірінші фазасы, екіншісі мөлдірлеткіш (механикалық) сүзгілер көмегімен
жүзеге асырылады.
Мөлдірлеткішке 30-40 °С дейін қыздырылған, ауаны бөлуден өткен
шығыс суы жіберіледі. Тектескіштердің мөлшерленген ерітінділері жеке
мөлдірлеткіштің
-араластыру камерасының төменгі бөлігіне жанама
орналасқан саптамалардың көмегімен енгізіледі. Судың айналма қозғалысы
көптесікті тік қалқалар көмегімен, ал су көтермесінің тік жылдамдығын
теңестіру көлденең тормен жүргізіледі. Ерекшелінген қатты фаза өлшенген
жағдайдағы сумен ұсталынады, тұнбаның максималды деңгейі жоғарғы
жинақталған қондырғыжан 1, 5 м төмен ұсталынады, нәтижесінде мөлдір
судың қорғаныс қабаты туындайды. Судың негізгі бөлігі, көтеріліп, өлшенген
фазасының қабатынан және қорғаныс аймағынан өтеді, сонымен қатар
қалқымадан босатылып, сақина науасына жиналады және мөлдірлеткіштен
шығарылады. Қатты фазамен бірге өлшенген қабаттың жоғарғы бөлігінен
судың аз бөлігі (10-15%) лайқабылдағыш терезелері арқылы
лайтығыздағышқа өтеді, мұнда қозғалыстың жоқтығынан лай шегінеді және
мөлдірлеткіштің жинақ науасына құбыр бойынша өтеді. Жабысқақ құм мен
мөлдірлеткіштің төменгі бөлігінің басқа қатты дисперсті қоспаларын жою
үшін мерзімді үрлеуді жүргізеді.
Мөлшерленген қабатпен мөлдірлеткіштер тұндырғыштарға судың
көлденең ағыстарынан қалқыманы тұндырумен салыстыру бойынша
келесідей артықшылықтарға иеленеді: бұрын дайындалған қалқыманы және
массаалмасуды қарқындатудың каталитикалық әсері есебінен қауыз туындау
үдерісі жылдамдатады, қатты фазаның бөлімінің гидравликалық шарттары
жақсарады, тұнбаның адсорбциялық құрылымын толығырақ пайдалану
әсерінен тектескіштердің шығыны түседі.
Мөлдірлеткішті құру кезінде мөлдірлеткіштен өлшенген фазаның
шығарымының жоқтығымен және алғашында қауызды тудырған минималды
қалдық құрамын алумен байланысты екі негізгі тапсырмаларды шешу қажет.
Бірінші тапсырма туындайтын ағынның жылдамдығын таңдаумен шешіледі
және ол қауыздарды алудың критикалық жылдамдығынан аспауы қажет.
Өлшенген фазаның тұнбасының орташа жылдамдығының қызметі болып
табылатын бұл жылдамдық, мөлдірлеткіштердің өндірулігін анықтайды және
олардың негізгі есеп параметрлері болып табылады. Екінші тапсырманың
шешімі- өлшенген қабатпен алғашы қауыздан суды тазалау дәрежесін
көтеру-оның оңтайлы биіктігі мен концентрациясын таңдаумен байланысты.
1. 1-сурет. Мөлдірлеткіш
1. 2. 1 Мөлдірлеткіш құрылғысының жұмыс қағидасы
t =30-35 oC қыздырылған шығыс суы 1 құбыры арқылы 2 ауа
ажыратқышқа өтеді. Ары қарай 3 тқмен түсу құбыры бойынша 4 жанама кіріс
арқылы 5 реттегішпен, тектескіштермен оның араласуы жүзеге асатын
құрылғының төменгі бөлігіне. Жанама кіріс судың айналма қозғалысын
қамтамасыз етеді және тиімдірек араласуды қамтамасыз етеді. Әк сүті,
коагулянт және флокулянт ерітіндісі араластырғышқа шығыс суының
кірісінен жоғары орналасқан құбыр (өрелік 6, 7 және 8 сай бағытталған)
бойынша түседі. 7 коагулянт жеткізілуі қарастырылады.
Химиялық өзара әрекеттесу 9 мөлдірлеткіштің төменгі бөлігінде
аяқталады. Қауызкірісінде туындау, олардың агрегация және кідіріс үдерісі
судың шығатын ағынында ағады. Жанама кіріспен берілген судың айналма
қозғалысы тік 10 және көлденең 11 қалқалармен d = 100 -150 мм
қабықтармен өшеді.
Мөлдірлеткіште 12 қатынас аймағын туындататын өлшенген лайдың
жоғарғы шекарасы 13 қожқабылдағыш терезелердің, 14 лайтығыздағыштың
етегінің деңгейінде, туындайтын су ағынының жылдамдығының түсуінен
және лайтығыздағышқа су бөліктерінің 13 терелер арқылы жинақтау есебінде
![]()
тұрады. Мөлдірлеткіштерде 60 - 250 м3/сағ өндірулігімен қожқабылдағыш
терезелер тікелей 14 лайтығыздағыш тұрқыда кесілуі мүмкін.
12 байланыс аймақтарынан су 16 торына үлестірілген мөлдірлету
аймағына, 18 қабықтармен 17 сақина науасына өтеді. Содан су 14
лайтығыздағышқа мөлдірленген сумен араласатын, 20 жинақ біріктірмесі
арқылы және 21 құбыр арқылы 22 реттегішпен 19 қабылдау қондырғысына
өтеді.
19 үлестірілген қондырғыдан мөлдірленген су 23 құбыр арқылы
ыдысқа немесе тазалауға жіберіледі.
Лай 14 тығыздағыштың төменгі бөлігінде тығыздалады және 27 құбыр
бойынша орындалған мерзімді «үрлеу» кезінде 23 құбыр арқылы апарылады.
Құм пен ірі қожды жинау үшін 25 лайлаушы және 26 құбыр қарастырылған.
Әк сулары үшін мөлдірлеткіштер мен бактар ережеге сай, негізгі
ғимараттан тыс арнайы шатрларда
- жарық және табиғи ауа желдеткіші
3
керек) бар жылынған ғимараттарда орнатылады.
1. 2. 2 Мөлдірлеткіштің өндірулігін есептеу
Мөлдірлеткіштің өндірулігі қажет етілгенмен салыстырғанда 25%
қормен таңдалады.
Құырлығының сыртөлшемдері шығын теңдеуінен есептеледі:
,
Мұндағы Q - шығыс су бойынша өндірулік (м3/с) ;
-туындайтын ағын жылдамдығы (м/с),
(1. 1)
шарттан
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz