Кез-келген білім алушыға арналған дистанционды түрде білім алуға мүмкіндік беретін мобильдік қосымшаны құрастыру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 80 бет
Таңдаулыға:   

Аннотация

В данной дипломной работе разработано приложение для всех желающих

дистанционно обучаться по мобильном устройствам. В работе предусмотрены

требования к серверной и образовательным

частям приложения, условия

эксплуатации и осуществление. Было уделено необходимое внимание

функциональным характеристикам и техническим средствам.

В разделе обеспечения безопасности жизнедеятельности проведен анализ

условий труда, сделан расчет освещения и кондиционирования.

В экономической части составлен бизнес план проекта, подтвердивший

его экономическую целесообразность.

Аңдатпа

Бұл дипломдық жұмысы бойынша кез келген білім алушыға арналған

дистанционды түрде білім алуға мүмкіндік беретін мобильдік қосымшаны

құрастыру жүзеге асырылды. Дипломдық жұмыста қосымшаның қолданбалы

серверлік және тест тапсыратын бөлімдеріне қойылған талаптар, пайдалану

шарттары мен оны жүзеге асыру қарастырылған. Техникалық құралдар мен

функционалдық сипаттамаларға тиісті шарттарға бөлінген.

Өміртіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бөлімінде еңбек ету жағдайына

талдау жасалған, жарық беру және желдету есептелген.

Экономикалық бөлімде, жобаның экономикалық тиімділігін дәлелдеп

бизнес-жоспарын жасалды.

Abstract

In the given Thesis Project an application for those who want to learn at a

distance mobile devices. . The paper involves requirements for the server-based and

educationals parts of the application, operating conditions and implementation.

Necessary attention was paid to the functional characteristics and facilities.

In the section of living safety provision working conditions were analyzed, as

well as the calculation of lighting and air conditioning was provided.

In the economic part of the project was compiled a business plan, which

confirmed its economic practicability.

Мазмұны

Кіріспе . . . 8

1

1. 1

1. 2

Негізгі бөлім . . . 9

Кроссплатформалық қосымша жасау өзгектілігі . . . 9

1. 1. 1 IOS, Android операциялық жүйелерінің платформалары 10

1. 1. 2 Мобильдік бағдарламаның нарықтық анализі . . . 12

Мақсатты тағайындау және негізгі мүмкіндіктерді жобалау . . . 13

1. 3 Қосымшаның толық архитектурасы . . . 13

1. 4

Сервер бөлімінің қосымшаға талаптары . . . Ошибка! Закладка не

определена.

1. 4. 1

1. 4. 2

1. 4. 3

1. 4. 4

1. 4. 5

1. 4. 6

Операциялық жүйе . . . 16

HTML5 тілінің ерекшеліктері, артықшылығы . . . 18

ASP. NET MVC4 құрылымы. 19

SQL серверімен жұмыс істеу . . . 20

CSS технологиясының қасиеттері . . . 21

HTML тілінің синтаксисі мен құрылымы . . . 25

2

2. 1

2. 2

2. 3

Арнаулы бөлім . . . 30

Зерттелетін жүйе облысының анализі . . . 30

Деректер моделінің анықтамасы . . . 34

Концептуалды проектілеу . . . 35

3 Техникалық бөлім . . . 37

3. 1

3. 2

Қосымша архитектурасы . . . 37

Колданбалы интерфейстің зерттемесі . . . 38

3. 2. 1

3. 2. 2

Сервер интерфейсі. …38

Қолданушы беті. 40

4 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 43

4. 1 Еңбек шартының анализі . . . 43

4. 2 Есептеу бөлімі . . . 44

4. 2. 1

4. 2. 2

Кондиционерлеу жүйесін есептеу . . . 44

Табиғи жарықты есептеу. . 49

4. 3Тіршілік қауіпсіздігі бөлімі бойынша қорытынды . . . 51

5 Техника-экономикалық негізделуі . . . 52

5. 1Жоба сипаттамасы . . . 53

5. 2 Қосымшаның өңделуінің еңбек өнімділігінің есептелуі . . . 53

5. 3 Қосымшаны өңдеуге кеткен шығынның есептелуі . . . 55

5. 4 Қосымша шығындар статьясы . . . 56

5. 5 Өзіндік құн нәтижесінің кестесі . . . 59

5. 6 Қосымшаны иемденудегі кәсіпорындардың бірмезгілдегі шығындарын

есептеу . . . 61

5. 7 Қолдану саласындағы жылдық бірмезгілдегі шығындарды есептеу . . . 62

5. 8 Ақпараттық өнімді енгізуден алынған үнемдеу мөлшері мен табысты

есептеу . . . 62

5. 9 Пайда мен шығындарды есептеу . . . 63

5. 10 Экономикалық тиімділікті . . . 65

Қорытынды . . . 67

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 68

А қосымшасы . . . 69

Ә қосымшасы . . . 85

Кіріспе

Қазіргі уақытта дистанционды білім алу жеделді түрде дамып келеді.

Сонымен қатар

жеке компания қызметкерлерінің, кәсіпорын

жұмысшыларының біліктілігін арттыру үшін дистанционды оқыту курстары

өткізілуде. Осыған байланысты дистанционды оқыту жүйесіне арналған

мобильдік қосымша ұсынып отырмын.

Осы заманда Android, Windows Phone, IOS платформаларын қолдайтын

ұялы телефон екінің бірінде бар десем қателеспеймін. Бұл платформалар ұялы

телефон шығаратын компанияларда жоғары сұранысқа ие. Айта кетсек, IOS

платформасында Iphone, Android платформасында HTC, Samsung, Windows

Phone платформасында Nokia сияқты алдыңғы қатарлы ұялы телефон

маркалары жұмыс істейді.

Дипломдық жұмысымның мақсаты - барлық операциялық жүйелерге

арналған дистанционды түрде тестілеуден өтуге болатын кроссплатформалы

мобильдік қосымша құрастыру. Жасалып отырған жоба кез-келген білім

алушыға (студент, біліктілігін асырғысы келетін қызметкер) арналған.

Қосымшаның көмегімен білім алушы өзінің уақытын үнемдеп, ыңғайлы әрі

жеңіл түрде ұялы телефонының көмегімен дистанционды түрде тест тапсыруға

мүмкіндік алады. Зерттеулер бойынша, таңдалған жобаға сәйкес Қазақстанда

қосымша жасалынбаған және бәсекелестік мүлде жоқ десе де болады.

Сондықтан, ең бастысы интернет желісіне байланысқа шығу мен дистанционды

түрде білім беретін ЖОО табу болып табылады.

Android, IOS, Windows Phone платформалары - коммуникаторларға,

планшеттарға, цифрлық ойнатқыштарға, цифрлық фоторамкаларға, қолға

киетін сағаттарға,

смартбуктарға,

Linux

(Unix)

ядросында жасалған

операциялық жүйеге орнатылған. Мобильдік қосымшаны жасау кезінде

Phonegap фреймворкы арқылы мобильдік бағдарламалаудың негізгі тілдерін

қолданбай-ақ, Javascript, HTML5, CSS3 тілдерін қолдана отырып жасадым. Ал

мобильдік құрылғыға ақпаратты жіберіп, өңдеп және нәтижелерді тіркеп

отыратын серверді құру үшін Visual Studio 2012, ASP NET MVC4, MsSQL

бағдарламалық орталарын пайдаландым.

Жасалатын қосымша IOS, Android, Windows Phone платформалы кез

келген

мобильді құрылғыға арналған. Қосымшаны құруда ең басты

шартымыздың бірі - жүйе жадында көп орын алмайтын, мобильді құрылғыда

жедел түрде жүйеге қатысты жауар беретін қосымша ойлап табу болды.

Міндеттелген мақсатымызға жету үшін мына талаптарды жүзеге асырумыз

қажет:

- веб-қосымшаның

компоненттік

бөліктерін

құрастыру, өмірлік

үрдістке сай болуын қадағалау;

- веб-қосымшаны жобалап, жүзеге асыру әдістемесін зерттеу;

- жобаны талдау, сараптау және жеке бөліктерін зерттеу.

1 Негізгі бөлім

Жасалынып отырған қосымша білім алушыларға арналған. Дипломдық

жұмыстың басты тапсырмасы дистанционды түрде тестілеуден өтуге болатын

кроссплатформалы мобильдік қосымша құрастыру, қосымшаның негізгі

қызметтері: тест тапсыру, тестілеуге дайындалу, тест нәтижелерін сараптау

болып табылады.

1. 1


Кроссплатформалық қосымша жасау өзгектілігі

Нарықтағы мобильдік платформалардың қатаң бәсекелестігі тек қана бір

операциондық жүйеге бағытталған қосымша шығаруға мүмкіндік бермейді.

Бүл жағдай құрастырушыны қиын таңдау жасауға мәжбүрлейді. Олар әр

операциялық жүйе үшін өзіндік жеке қосымша құрастыру (әр платформа үшін

жеке туған тілінде қосымша құрастыру), сайт түріндегі мобильдік қосымшаны

HTML5 тілінде құрастыру немесе фреймворк арқылы кроссплатформалы

қосымша жасау арасында таңдаулары керек болды.

Бизнес өзінің клиенттерімен мобильдік құрылғылар арқылы

коммуникациялық байланыста болғандықтан, олардың мобильдік

құрылғыларының сан алуандығына қолдаумен қамтамасыз етіп отыруы керек.

Себебі, қолданушыға смартфонның белгілі бір моделін алуға мәжбүрлеу,

мысалға алғанда белгілі бір банктің мобильдік қосымшасын сай келетін

смартфонды алдыруға болмайды. Өйткені, қолданушы IOS-тан Android-ке

көшуден бұрын банкті ауыстыруы мүмкін.

Мобильдік қосымша құрастырудың заманға сай дәуірі

Iphone

маркасының пайда болуынан бері есепке алу қабылданған. Егер нақтырақ

айтып кетсек, мобильдік қосымшалардың тарихы 2008 жылдың 28 шілдесінде

Iphone 3G шығуы мен AppStore дүкенінің ашылуынан бастау алады. Сол күні

статистикаға сүйенсек 500 қосымша жаңа шыққан құрылғыға жүктелінуге

мүмкін болған. Арада 5 жыл өтіп, 2013 жылдың маусымындағы Apple

фирмасының бас директор Тим Куктың хабарлауы бойынша App Store онлайн-

каталогындағы iPhone мен Ipad құрылғыларына арналған қосымшалардың саны

900 мыңнан асып түседі екен. Тағы да қосып кеткені Apple мобильдік дүкені

575 милионнан астам аккаунтпен байланыста, және соңғы 5 жылдың ішінде

компания қосымша құрастырушыларға 10 миллиард долларға жуық ақша

төлеп, қолданушылардың сол қосымшалардың 50 миллиардқа жуық көшірмесін

жүктеуіне себепкер болған. Және бұл, аналитиктардың бағалауы бойынша, IOS

платформасы нарықтың жеке көшбасшысы емес. Себебі, Android нарықта

екпінді түрде өсуде. Android-қүрылғыларының қолданушылары Google Play

дүкенінен 48 миллиардқа жуық қосымша көшірмелерін жүктегенін 2013

жылдың 15 мамырындағы компанияның құрастырушы топ-менеджерлері

жиналған баспасөз жиымында Хьюго Барра хабарлады [1] .

1. 1. 1 IOS, Android, Windows Mobile операциялық жүйелерінің

платформалары

IOS - Apple компаниясы құрастырып, шығаратын мобильдік операциялық

жүйесі. 2007 жылдан бастап iPhone мен iPod touch үшін, кейіннен iPad пен

Apple TV құрылғыларына арналып шығарылды. Windows Phone мен Googlw

Android операциялық жүйелеріне қарағанда, бұл платформа тек қана Apple

фирмасының құрылғыларына ғана құрастырылады. IOS қолданушы интерфейсі

тікелей қимыл концепциясына негізделіп, мультитач белгілерін қолданған. IOS

OS X негізінде құрастырылып, және тура сондай Darwin негізгі компоненттерін

қолданып,

POSIX

стандартына сай жасалынады.

iOS-

тың қолданушы интерфейсі мультитач қозғалыстары арқылы тікелей басқару

концепциясында құрылған. Интерфейсті басқару элементтері батырмалардан,

сүйрегіштер мен тетіктерден құрылған.

2007 жылдың 27 маусымында Apple фирмасы бірінші рет IOS пен бірінші

iPhone ұялы телефонын жарыққа шығарды. Ең алғашқы операциялық жүйелер

1. x серияларымен жүріп отырды. Ал, келесі жылы IOS 2 . 0 операциялық жүйесі

шығып 2. 2. 1 түріне дейін жаңартылды. 2008 жылы 10 маусымында WWDC

2008 баспасөз жиылымында бағдарламалық және аппараттық кемшіліктері

жөнделген, телефонның саудаға түскеннен бері үшінші моделі - iPhone 3G

таныстырылды. Бұл модель операциялық жүйенің жаңа нұсқасы iPhone OS 2. 0

платформасында жұмыс істейді. 2009 жылдың 17 маусымында жарыққа жаңа

iPhone ұялы телефонының шығарылуына байланысты OS 3. 0 пайда болды. Бұл

операциялық жүйесінің түрі 3. 1. 1 версиясымен шектелді.

Қазіргі таңда IOS 7. x сериялы жаңа операциялық жүйелер жарыққа

шығуда.

Бұл операциялық жүйеде кемшіліктерді барынша азайтып,

қолданушыға жаңа интерфейс үсынылған. Және қолданушының жеке

ақпараттарының конфедициалдығына аса қатты көңіл бөлген. Сонымен қатар

iFace, iCloud және т. б. қосымшалар жаңартылып, жүйенің жаңа замандық

талапқа сай болуына себепкер болды.

Android - бұл Linux- қа негізделген мобильді платформа, Open Handset

Aliance (OHA) көмегімен құрастырылып, Google жетекшілігіне алынған ең

алғашқы операциялық жүйе. Бұл платформа Google кітапханаларының

басқарылуымен Java- қосымшаларын жасауға мүскіндік береді. Сонымен қатар,

Си тілі мен басқа тілдермен де Android Native Development көмегімен қосымша

жазуға мүмкіндік бар.

Android платформасын қолданған ең алғаш құрылғы HTC компаниясы

құрастырған T-Mobile G1 смартфонына болды. Google компаниясы Android

платформасының басқа платформалардан өзгешелейтін бірнеше

басымдылықтарды атады:

- Ашықтық

-

Android

стандартты

API

шакырылымы көмегімен

мобильдік құрылғының негізгі функцияларына рұқсат береді.

- Шектеулерді жою - Android үшін телефонның негізгі қосымшасы мен

шеткі қосымшаның арасында айырмашылық жоқ. Android платформасында

номерді теретін бағдарламаны немесе экран суретін де өзгертуге де болады.

- Жеңіл әрі ыңғайлы қолдану - SDK- да бәрі бар, Android қосымшасын

жасау немесе іске қосу үшін керекті функциялар, шынайы құрылғының

имитатора мен кеңейтілген дұрыстап, қалпына келтіру құралдары да бар.

Тағы айта кетеріміз, Android басқа да функционалды мұмкіндіктерге ие.

Мысалы қосымшаны орындау үшін жадының аз ғана бөлігін пайдаланатын

виртуалды Dalvik Java- машинасы қолданылады. Dalvik бірнеше қосымшамен

бірге жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, файлдарды арнайы мобильді

құрылғылармен оптимизацияланған dex форматында ашуға рұқсат береді.

Android 2D/3D кескінін қолдайды. Деректерді сақтау үшін танымал аз

көлемді СУБД SQLite қолданылады . Платформада LibWebCore (WebKit)

кітапханасы бар, бұл өз кезегінде Android web-браузерінің қозғалтқышы болып

табылады.

Бір сөзбен айтқанда, Android - мобильдік құрылғыларға арналған

бағдарламалық платформа. Бұл өз тарапынан, операциялық жүйені, аралық

қабаттың бағдарламалық қамтамасыздығын (middleware) , және қолданушының

негізгі қосымшаларын (e-mail клиент, күнтізбе, карта, браузер, байланыстар

және т. б. ) қамтиды.

Windows Phone - 2010 жылдың 11 қазанында жарық көрген Microsoft

компаниясының басшылығымен

құрастырылған мобильді

операциялық

жүйе. Сол жылдың 21 қазаннан бастап жаңа платформада құралған алғашқы

мобильді құрылғылар сатылымға түсе бастады. Windows Phone ұқсас болмаса

да Windows Mobile операциялық жүйесінің толықтай жаңартылған интерфейсі

бар және алғашқы рет Microsoft-тың Xbox Лайв және Zune

медиаплеері

қызметі интеграцияланған жолындағыізбасары болып есептеледі. Жүйенің

тұсаукесері Испания мемлекеті Барселона қаласында өткен Mobile World

Congress 2010 шарасында жарыққа шықты.

2011 жылдың ақпан айында Mobile World Congress 2011 барысында

бірінші рет Windows Phone операциялық жүйесінің жаңартылған түрін ұсынды.

Ал сәуір айында Лас - Вегас қаласындағы MIX’2011 конференциясында бұл

операциялық жүйесі туралы толық ақпарат беріп, Mango деген атқа ие болды.

Ал одан кейн, бұл операциялық жүйенің ресми аты 7. 5 болып қабылданды.

Жаңа нұсқадағы операциялық жүйеде 500 -ден аса жетілдіру мен толықтырулар

енгізілді. Жүйеде Explorer Mobile браузері жаңартылып, HTML5 пен Canvas

тілдерінің аппараттық жылдамдықтары арттырылды.

Ал, 2012 жылдың ақпан айында Windows Phone ресми блогында

құрастырушылар 2013 жылдың басында 7. 8 версиялы, Windows Phone 8

платформасының біршама жаңалықтарымен қосатын жаңа операциялық жүйе

шығатындығы жайлы хабарлады. 2013 жылдың 30 ақпанынан бастап

қолданушылар өз құрылғыларындағы платформаны 7. 8 версиясына дейін

жаңартуға мүмкіндің алды.

2012 жылдың 20 маусымында Microsoft компаниясы Windows Phone 8

платформасына шолу жасады. Windows Phone 8 жаңалығы болып қауіп

төндіретін сайттарды анықтайтын функциясы бар Internet Explorer Mobile 10

браузері таныстырылды. Windows Phone 8 ең басты басымдылығы болып -

планшет, смартфон, дербес компьютерлерге ортақ «экожүйе» ойлап табылды.

Бұл жүйе бойынша құрастырушыларға қолайлы шарттар жасалынды. Жаңа

ұрпақ платформасы

NT

ядросында негізделген және құрылғылардың

максималды рұқсат етілу көрінісі

1280x768

немесе 1280х720 болып

қабылданды. Айта кетейік, бұрынғы Windows Phone 7. 8 операциялық жүйесі

CE ядросында негізделіп, максималды 800х480 көрінісін ғана ұсына алған еді.

1. 1. 2 Мобильдік бағдарламаның нарықтық анализі

Мобильдік құрылғының дамыған құрастырушылары күннен күнге

басымдылығын арттыруда. Қазір екі қазақстандықтың бірінде ұялы телефон

бар, көпшілігінде смартфондар мен планшеттер бар. Олардың әрқайсысында

өзіндік қосымшалары бар. Одан бөлек, құрылғы шығаратын компанияға

тәуелсіз құрастырушылар қосымшалар базасын толықтыруда. Міне осы жерден

миллиондаған қолданушылар құрылғыдағы онлайн дүкеннен мобильдік

қосымшаларды жүктейді. Орташа алғанда, бір қосымшаға

iPhone

қолданушылары - 2. 15 доллар, Android қолданушылары - 4. 57 доллар, ал

BlackBerry қолданушылары - 5. 61 АҚШ долларын төлейді.

Бүгінгі күнде мобильді қосымшалар нарығында үш компанияның

басымдылығын байқауға болады. Егер оларды танымалдылығы жағынан санап

айтатын болсақ, әлем бойынша бірінші орында

Apple7, өзінің

IOS

платформасымен алады (iTunes, App Store) .

Екінші орында

Android

платформасы ( Android Market) және үшінші орынды Windows Phone (Windows

marketplace) меншіктейді. Тағы да Symbian, BlackBerry, HP webOS деген

платформалары қолданыста бар.

IDC анықтауы бойынша 2013 жылдың бірінші ширегіндегі IOS пен

Android платформаларының нарықтағы үлесі 92 . 3 %, ал қалған бөліктерді

Windows пен BlackBerry өзара бөлісуде.

Қазір құрастырушылар Microsoft жасаған Windows Phone 8 платформасы

мен Nokia компаниясымен серіктестігінен үлкен үміт күтіп отыр. Nokia қызметі

мен сатылымының оңтүстік СНГ-дағы менеджері Елена Каришманның сөзі

бойынша, соңғы жылдары Қазақстанда Nokia мобильдік құрылғысына арналған

қосымшалардың жүктелуі 10 еседей өсті. Жалпы жүктелу саны қазір 10

миллионды құрайды және әлі де өсу барысында.

Шетел эксперттері бұрындары мобильдік қосымшаларға деген сұранысты

болжап қойып еді. 2009 жылдардың өзінде маркетингтік-аналитикалық

зерттеулер агенттігі IDC хабарлауы бойынша 2013 жылға дейін әлемдегі 1. 19

миллиард маман (бұл әлем бойынша жұмыс күшінің 34. 9% құрайды) мобильдік

технологияны қолданатындығын болжаған.

Gartner зерттеуі бойынша, мобильдік шешімнің өсімі ақпараттық

технология саласында бұлттық есептеуден кейінгі номер екінші әлемдік тренд

болып табылды. Эксперттер сенімді, 2014 жылы 79. 6 миллиард мобильдік

қосымша жүктеліп, ал мобильдік қосымша индустриясы 35 миллиард АҚШ

долларын құрайтын болатындығына.

Әлемдік тәжірибеде сәтті қосышаның сатылымы немесе таратылымы

кезінде бизнесиесіне қыруар ақша алып келеді. Болжау бойынша 2014 жылдың

аяғына дейін мобильдік қосымшалар нарығы 15 миллиард АҚШ долларынан

жоғары пайданы құрастырушылар мен компанияларға табыс ретінде әкеледі.

Қазастандық қолданушыларында көбірек қажеттілікті шетел ойын

қосымшалары тудырады. Екінші орында навигациялық, ақпаратты-

танымдылық және қоғамдық қосымшалар иемденеді. Үшінші орында

мобильдік банкинг қызметі мен қызметтерді төлеу жүзеге асыра алатын

Отандық бизнес қосымшалар алады [7] .

1. 2 Мақсатты тағайындау және негізгі мүмкіндіктерді жобалау

Бағдарлама

дистанционды түрде білім алушыларға тестілеуден өтуге

мүмкіндік береді.

Дистанционды түрде тестілеу бағдарламасын жобалаудың негізі болып

келесі талаптарды қарастырамыз:

- жүйе жеңіл және қолданушыға түсінікті болуы қажет;

- қолданушы өзіне ыңғайлы мобильдік құрылғымен тестілеуді өтуі

керек;

- қолданушы

тест тапсырмастан бұрын, тестілеуге дайындалуға

мүмкіндігі болуы керек;

- тест аяқталысымен қолданушы өз нәтижесін сараптауға болатындығы.

Құрастырып отырған қосымша Play Market, App Store онлайн қосымша

дүкендеріне кіруге мүмкіндігі бар. Ол үшін жасалып отырған қосымшамыз

барлық технологиялық және техникалық мағлұматтарға қамтулы.

1. 3 Қосымшаның толық архитектурасы

Келесі сатыда мағлұматтарды кезекпен орындап, оны итерациялық тілге

негіздеуді іске асырамыз.

Сурет 1. 1-де негізгі жасалатын қосымшаның архитектуралық құрылымы

«қолданушы-сервер» аясында орындалады. Қарастырып отырған

мағлұмат

желінің жеделділігіі жылдам қолдануы. Сервер дегеніміз желідегі сақталып

отырған деректерге қол жеткізу. Клиентпен сапалы түрде қарым-қатынасты

іске асыру үшін ғаламторды пайдаланамыз.

Сурет 1. 1 - Қосымшаның толық архетиктуралық сипаттамасы

Архитектураның

басты

сипаттамасы

және

клиент-сервер

айырмашылықтары:

- Көптеген қолданыстағы мүмкіндіктер, есептік

жүйенің

функцияларының,

жеке

компьютерлер

арасындағы

желілер арқылы

байланысын толығымен қарастырады. Бұл мүмкіндіктер қолданушыға және

қосымша құрастырушыға үлкен жеңілдіктер ұсынады. Қосымша толықтай

жұмыс жасамаған кезде, қосымша қүрастырушы серверге кірмей, қосымшаны

толығымен өзгерте алады, сонда клиентке жаңадан қосымшаны жаңарту туралы

ақпарат жіберіледі.

- Бүкіл

ақпараттар

серверде сақталады, осылай деректеріміз

толығымен қауіпсіз жерде сақталып. қол жетімді жерде орналасады. Ал

серверде деректерді өзгерту, жаңарту және қадағалау жеңіл түрде өтеді [2] .

1. 4 Сервер бөлімінің қосымшаға талаптары

Көздеген мақсатымыз

ғаламтор

желісі арқылы орындалатын

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мобильдік қосымшалар
Үлестірілген ақпараттық жүйелер
Мобильді қосымшаларды әзірлеу процесі
МОБИЛЬДІ ҚОСЫМШАЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Android платформасына арналған мобильді қосымшалар
Мобильді қосымшаның бөлімдеріне сипаттама
Мобильді жарнаманың өсуі
Телеграм бот
Интернет дүкендердің жетістіктері мен кемшіліктері
Android телефондарға арналған алғашқы интерфейс
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz