Сату болжамының ақпараттық жүйесін кұру үшін имитациялық моделдеулер жүргізу ақпараттық жүйесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   

Кіріспе

Имитациялық моделдеу (ИМ) өткен ғасырдың 60-шы жылдарының басынан дами бастады. Ол кездері SIMULA, GPSS және SIMSCRIPT тәрізді әйгілі белгілік имтациялық моделдеу тілдері пайда болды.

Сосын 60 жылдан аса уақытта үнемі дамып, ИМ теориялық тәсілдері мен бағдарлмалақы құралдары жетілдіріліп отырылды. ИМ пайда болуы кезінде имитациялық моделдің өзін жасау және верификация құралдары дамуына көңіл көбірек бөлінді, қазіргі күні барлық ИМ тілдері қолданушыларға ең күрделі деген жүйелердің моделдерін жасауға мүмкіндік бере алатынын айтуға болады. Кейін тек қана модель құрып қана қоймай, сонымен қатар зерттеу жүргізу керек түсінігі жиірек келе бастады.

Бұл әжептәуір күрделі, итерациялық және ұзақ үрдіс - есепті қоюдан бастап, статистиканы жинау және өңдеу, имитациялық моделін құру, тәжірибелер жүргізу, тіпті зерттеу үрдісін құжаттау және моделдеу нәтижелері бойынша ұсыныстарды жасап шығаруға дейін болады.

ИМ заманауи тілдері мен жүйелері бір бағдарлама шегінде зерттеу үрдісінің маңызды бөлігін автоматтандыруға мүмкіндік береді.

Алайды бұл зерттемелер терең әдістемелік және теориялық пысықтауларсыз жүргізіліп отырған. Әр әзірлеуші алдымен өз коммерциялық қызығушылығын қанағаттандыру мақсатында істей алатынын жасап отырған. Басты әдістемелік қателік болып бұл барлық зерттемелер ИЗЖ дәстүрлі көзқарасы идеологиясына негізделіп жасалғандығы болып табылады. Сондықтан ИЗЖ заманауи модернизацияланған бағдарламалық құралдары тиімсіз, уақыт бойынша ұзақ және зерттеушінің жоғары біліктілігін талап етеді [1] .

Қазіргі кезде ақпараттық технологиялардың дамуы имитациялық моделдеудің көмегімен шешілетін міндеттердің мөлшерінің өсуіне әкеліп тіреді. Алайда имитациялық моделдеу жүргізу үшін заттар саласының маманы болып қана қоймай, сондай-ақ, бағдарламалау, алгоритмдеу, математикалық модельдеу дағдыларын иеленіп, модематикалық модель (сипаттамалар) құра білу керек.

Мұның бәрі бір адамның имитациялық моделдеудің мәселесін өздігінен шеше алмайтынына әкеледі. Бағдарламалық өнімдердің нарығында имитациялық моделдеуді жүргізуді жартылай жеңілдетуге мүмкіндік беретін шешімдер бар. Мысалы, Maple, MatLab, Electronic Workbench бағдарламалық өнімдері. Алайда олардың айтарлықтай елеулі кемшіліктері бар.

Көрсетілген бағдарламалардың әрқайсысы қолдануда қиын болып табылады және қолданушыдан ұзақ әрі терең зерттеп үйренуді талап етеді, бұл имитациялық моделдеуді жүргізудің уақытын едәуір ұлғайтады [2] .

Имитациялық моделдеулер жүргізу ақпараттық жүйелері (ИЗЖАЖ) қолданылу нарығы әлеуетті үлкен. Имитациялық моделдеулер өте маңызды, ал кейде тіпті инновацияларды бағалау және талдау, ұйымдар мен жобалардың шығындарын ықшамдау, еңбек өнімділігін арттыру және өнім шығарылуын көбейтудің жалғыз тәсілі болып табылады.

Практикада қабылданған ИЗЖАЖ қолдану көптеген бағыттары бар - банк ісі, экономикалық болжау, транспорттық логистика, өнеркәсіптік моделдеу, ұйымдастырушылық-техникалық жүйелер тиімділігін зерттеу, әскери операцияларды талдау, өндіріс энергиялық тиімділігін бағалау және т. б.

Аналитикалық сипаттамалардан, процедуралық модельдерден және есептеу модульдерінен тұратын орталықтандырылған дерекқор ұқсас тапсырмаларды орындау кезінде оны қайтадан әзірлеу қажеттілігінен құтылуға мүмкіндік береді. Ұқсас аналитикалық сипаттамалар мен процедуралық модельдерді іздеу тетігі имитациялық моделдеудің уақытын азайтуға мүмкіндік береді, себебі қолданушыда ұқсас процедуралық модельдерді немесе аналитикалық сипаттамаларды қайтадан әзірлемей-ақ, аяқтап істей алу мүмкіндігі болады [3] .

Әлемде ИМ практикалық пайдаланылуының басталған нүктесі ретінде моделдеу арнайы тілдері мен жүйелері пайда болуын айтуға болады. Бұл тілдер: GPSS, SOL, 7 SIMSCRIPT, SIMULA, SLAM, НЕДИС, SIMAN, SIMULINK және т. б. Қазіргі кезде 50 жылдан аса дамуынан кейін ИМ жүздеген тілдері мен жүйелері пайда болды [4] .

Имитациялық моделдеулер жүргізу ақпараттық жүйелері (ИЗЖАЖ) қолданылу нарығы әлеуетті үлкен. Имитациялық моделдеулер өте маңызды, ал кейде тіпті инновацияларды бағалау және талдау, ұйымдар мен жобалардың шығындарын ықшамдау, еңбек өнімділігін арттыру және өнім шығарылуын көбейтудің жалғыз тәсілі болып табылады.

Практикада қабылданған ИЗЖАЖ қолдану көптеген бағыттары бар - банк ісі, экономикалық болжау, транспорттық логистика, өнеркәсіптік моделдеу, ұйымдастырушылық-техникалық жүйелер тиімділігін зерттеу, әскери операцияларды талдау, өндіріс энергиялық тиімділігін бағалау және т. б.

Программалық құралдар арасында имитациялық моделдеу жүргізуді аз ғана жеңілдетуге мүмкіндік беретін құралдар бар. Мысалы, Maple, MatLab, Electronic Workbench құралдары, бұлардың өзіндік кемшіліктері бар.

Аталған программалық құралдың әр қайсысы эксплуатациялауда күрделі, қолданушыдан имитациялық моделдеу жүргізу уақытын арттыратын терең және ұзақ уақыт оқуды талап етеді. Ол өз бетінше қойылған есепті шешудің барлық әдістерін және тиімдісін таңдауды игеруі керек.

Ал аталған программалық құралдар нашар кеңейтілген: қолданушы тек сол программалық құралдың ішіндегі әдістермен және процедуралық моделдермен шектеліп қалады. Ол тағы да бар әдістерді қосуға, әзірлеуге мүмкіндігі болмайды, қосымша оқу қажет болады.

Кейбір елдерде бұл нарық әлдеқашан және табыста меңгерілуде. Мысалы, АҚШ-та бұл бірнеше миллиардтаған доллар тапсырыстары және солармен айналысатын жүздеген мыңдаған мамандары бар ірі индустрия болып табылады. Германияда, Ю. И. Толуев бағалаулары бойынша, жыл сайын ИЗЖАЖ бойынша 300 миллион 8 евродан аса құндылықты жобалар іске асырылуда. Басқа елдерде, соның ішінде Қазақстанда ИЗЖАЖ қолданылу нарығын дамыту үшін әлі де үлкен еңбек ету керек. Соңғы жылдары ИЗЖАЖ практикалық қолданылу артуы екпіні төмендеуі тенденциясы орын алуда. Мамандардың көбісі ИЗЖАЖ қолданылу нарығы қанықтырылмағандығы көзқарасында бірауызды болып отыр. Бұл керісінше зерттеу қажет жүйелер көбірек болғандығын айтады [5] .

Қазіргі кезде ақпараттық технологиялардың дамуы имитациялық моделдеу жүргізудің көмегімен шешілетін есептердің көлемін арттырды. Бірақ та имитациялық моделдеу жүргізу үшін пәндік аймақта маман болумен қатар математикалық моделдеудің программалау, алгоритмдеу машықтарын игеру қажетті және аналитикалық моделді құра білуі керек. Мұның барлығы бір адам имитациялық моделдеудің тапсырмаларын өз бетінше орындай алмайтындығын білдіреді.

Программалық құралдар арасында имитациялық моделдеу жүргізуді аз ғана жеңілдетуге мүмкіндік беретін құралдар бар. Мысалы, Maple, MatLab, Electronic Workbench құралдары, бұлардың өзіндік кемшіліктері бар.

Аталған программалық құралдың әр қайсысы эксплуатациялауда күрделі, қолданушыдан имитациялық моделдеу жүргізу уақытын арттыратын терең және ұзақ уақыт оқуды талап етеді.

Ол өз бетінше қойылған есепті шешудің барлық әдістерін және тиімдісін таңдауды игеруі керек. Ал аталған программалық құралдар нашар кеңейтілген: қолданушы тек сол программалық құралдың ішіндегі әдістермен және процедуралық моделдермен шектеліп қалады. Ол тағы да бар әдістерді қосуға, әзірлеуге мүмкіндігі болмайды, қосымша оқу қажет болады.

Жоба мақсаты Имитациялық модельдеу көмегімен “Сату болжамының”

ақпараттық жүйесін кұру”.

Жобаны орындау барысында қойылған мәселелерді шешу үшін жүйелі талдау, имитациялық модельдеу, айқын емес жиындар теориясы қолданылды.

Қойылған міндеттері:

  1. Жобадағы объектілер мен процедуралық модельдердің аналитикалық сипаттамасын таңдаудың логикалық-лингвистикалық модельдерін қарастыру;
  2. аналитикалық сипаттамалар қорынан (АСҚ), нәтижелер қорынан (НҚ), процедуралық модельдер мен есептеу модульдері қоры (ЕМҚ) және білім қорынан (БҚ) тұратын ақпараттық жиымның құрылымын жинақтау;
  3. қолданушыға техникалық объектінің аналитикалық сипаттамасы мен есептеу модулінің қалыптастырылу процесінің барысы туралы ақпарат алуға мүмкіндік беретін ақпараттық интерфейс құру және оның өтуіне қолма-қол ықпал жасау;
  4. ақпараттық жүйесінің құрылымын дәлелдеу және ұсыну.

Кіріспеде таңдалған тақырыптың маңыздылығы негізделіп, жұмыстың мақсаты тұжырымдалған және міндеттер қойылған.

  • импликация операцияларын жүзеге асыру үшін және айқын емес қатынастарды құру үшін бірегей бір параметрлі Т-нормаларын қолданатын, аналиткалық сипаттамалар қорынан және есептеу модульдері қорынан аналитикалық сипаттамалар мен есептеу модульдерінің іріктемесін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін аналитикалық сипаттамалар мен есептеу процедураларын таңдаудың логикалық-лингвистикалық модельдері жасалды;
  • аналитикалық сипаттамалардың, есептеу модульдерінің, процедуралық

модельдердің, UML-диаграммалардың және алынған нәтижелердің сақталуы мен ізделуін қамтамасыз ететін дерекқор құрылымы синтезделді, бұл өз кезегінде барлық қажетті ақпаратқа жетел қолжеткізім алуға, сондай-ақ имитациялық моделдеуді өткізуге жұмсалатын уақытты азайтуға мүмкіндік берді; қолданушыға техникалық объектінің аналитикалық сипаттамасы мен есептеу модульдерінің қалыптасу процесінің барысы туралы ақпаратты алуға және оған қолма-қол әсер етуге мүмкіндік беретін интерфейс құрылды;

  • аналитикалық сипаттамаларды қалыптастырудың, есептеу модулін қалыптастырудың, нәтиже анализін, аналитикалық сипаттамалар мен есептеу модульдерінің қорын, білім мен нәтижелерді қалыптастырудың қосалқы жүйелерінен тұратын, техникалық объектілердің аналитикалық сипаттамаларын дайындап шығаруға және имитациялық моделдеуді жасауға жұмсалатын уақыт қорын азайтуға мүмкіндік береді.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы аналитикалық сипаттамаларды құру және есептеу модульдерін таңдау процесінде алынған АЖ-ні қолдануда болып табылады, бұл техникалық объектілердің имитациялық моделдеуін жүргізуге дайындық ұзақтығын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

1 Имитациялық моделдеу көмегімен ақпараттық жүйесін құру мәселесі

1. 1 Имитациялық моделдеуді жүргізу мәселесі

Имитациялық модельдеу - бұл зерттеу кезінде зерттелінетін жүйенің осы жүйе туралы ақпаратты алу мақсатымен тәжірибелер жасалынатын шынайы жүйені айтарлықтай дәлділікпен сипаттайтын модельмен ауыстырылуы болатын зерттеу тәсілі [6] .

Қазіргі уақытта имитациялық модельдеу (немесе зерттеу) ғылымның, өндірістің, бизнестің және тағы басқалардың түрлі салаларында жүргізілетін зерттеулер үшін көпшілік мақұлдаған тәсіл болып есептеледі. Имитациялық модельдеу ЭЕМ-да берілген кезең ішіндегі уакытта нақты объектілердің, процестердің және жүйелердің беталысын имитациялайтын математикалық модельдермен есептеуіш тәжірибелерін жүргізудің сандық әдісі болып табылады.

Осы орайда нақты процестер мен жүйелердің жұмыс істеуі қарапайым құбылыстарға, қосалқы жүйелерге және модульдерге уақталады. Осы қарапайым құбылыстардың, қосалқы жүйелердің және модульдердің жұмыс істеуі қарапайым құбылыстарды олардың логикалық құрылымы мен мерзімінді өту кезектілігін сақтай отырып имитациялайтын алгоритмдер жинағымен сипатталады [7] . Келесі жағдайларда имитациялық моделдеуді жүргізу ұсынылады:

  1. Зерттеу міндетінің жетік қойылымы болмаған жағдайда және объектіні тану процесі өткен кезде. Имитациялық модель құбылысты танып-зерттеу құралы болып табылады.
  2. Имитациялық моделдеу құбылыс пен нақты жағдайларды бақылау мүмкіндігінің болмағандығынан қиын жүйені зерттеудің жалғыз тәсілі болған жағдайда.
  3. Имитация барысында құбылыстарды баяулату және жеделдету жолымен процестердің өтуін және жүйелер мен объектілердің беталысын бақылау қажет болған жағдайда.
  4. Жобаланатын процестер мен жүйелердегі оқиғалардың реттілігі ерекше мәнге ие болып, модель нақты процестер мен жүйелердің жұмысындағы осал жерлерді болжау үшін қолданылған жағдайда.

1. 2 Имитациялық моделдеуді жүргізудің қолданыстағы ақпараттық жүйелерінің талдауы

Қазіргі уақытта имитациялық моделдеуді жүргізуге арналған қарапайым және тегін, сондай-ақ. қиын және тар бағытталған коммерциялық өнімдер сияқты айтарлықтай көп құралдар бар.

Имитациялық моделдеуді жүргізудің едәуір танымал болғандарын қарастырайын.

MATLAB - бұл техникалық есептеулердің міндеттерін орындауға арналған қолданбалы бағдарламалар пакеті.

MATLAB тілі бағдарламалаудың жоғары деңгейлі тілі болып табылады. оның құрамында қалыптамаларға негізделінген мәліметтер құрылымы, қызметтердің кең спектрі, кіріктірілген әзірлеу ортасы, бағдарламалаудың басқа тілдерінде жазылған нысанға бағытталған жүйелер мен бағдарламаларға қосылайтын интерфейс бар[8] .

MATLAB алгоритмдерді, соның ішінде нысанға бағытталған бағдарламалаудың тұжырымдамаларын қолдану арқылы жоғары деңгейлілерді әзірлеуге арналған қолайлы құралдарды ұсынады. оның құрамында әзірлеудің кіріктірілген ортасының ретке келтіргіш және профайлер сияқты барлық қажетті құралдары бар. Деректердің бүтін тұрпатымен жұмыс істеу алгоритмдерді жасауды жеңілдетеді. MATLAB пакетінің құрамында кестелер, соның ішінде үш бөлімді кестелер құруға, деректерді көзбен талдауға және кестелер жасауға арналған атқарымдардың көп мөлшері бар.

Имитациялық моделдеуді жүргізу кезінде келесі қиыншылықтар туындайды:

  1. Имитациялық моделдеу жүргізу - бұл модельдер мен есептеу модульдерін жасауға көп күш пен уақытты талап ететін, еңбекті көп қажетсінетін процесс.
  2. Имитациялық моделдеу жүргізуші адам тек зерттелінетін объектілер, жүйелер немесе процестер саласының ғана емес. бағдарламалау және модельдер жасау саласының да маманы болуы керек. Бұл имитациялық моделдеуді жүргізудің ақпараттық жүйесін әзірлеу қажеттілігіне әкеліп тіреді.

Кіріктірілген әзірлеу ортасы қолданушының басқарудың түрлі элементтері бар кестелік интерфейстерін жасауына мүмкіндік береді. MATLAB пакеті бағдарламалаудың басқа тілдерінле жазылған сыртқы ішкі бағдарламаларға, Component Object Model немесе Dynamic Data Exchange технологиялары арқылы байланысатын деректерге, клиенттерге және серверлерге, сондай-ақ, MATLAB-пен тікелей өзара әрекеттесетін шеткері құрылғыларға қолжеткізім алуға арналған түрлі интерфейстерден тұрады [9] .

MATLAB-тың негізгі артықшылықтары:

  1. Мультиплатформалық жүйе;
  2. Визуализацияның кіріктірілген құралдарының болуы;
  3. Математикалық есептерді шешуге арналған күшті көп атқарымдық құрал;
  4. Өнімнің кеңінен танымалдылығы көп мөлшердегі анықтамалық ақпараттың болуына әкеліп тіреді, сонымен бірге тәжірибелі қолданушылардың білікті көмегін алуға мүмкіндік береді;
  5. Кеңеюшілік және сыртқы бағдарламалармен өзара әрекеттесу құралдарының болуы.

MATLAB-тың негізгі кемшіліктері:

  1. Тар бағыттылық. MATLAB пакеті математикалық есептерді шешуге арналған;
  2. Қолданушының арнайы дайындығының қажеттілігі;
  3. Модель әзірлеуші құралдары жоқ;
  4. Өнімнің жоғары құны (қымбаттылығы) .
  5. Модельдердің, алгоритмдердің және есептеу модульдерінің орталықтандырылған қоры, сондай-ақ, іздеу тетігі жоқ.

MathCad. Mathcad - инженерлік және ғылыми есептерді орындауға және құжаттауға арналған бағдарлама [10] .

Mathcad бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері:

  • Түрлі сандық әдістермен дифференциялық теңдеулерді шешу;
  • Функциялардың екі және үш өлшемді графиктерін құру;
  • Теңдеулерде де, мәтінде де грек әліппесін қолдану;
  • Есептеулерді таңбалық тәртіптемеде орындау;
  • Операцияларды векторлармен және матрицалармен орындау;
  • Теңдеу жүйелерін таңбалық шешу;
  • Қисықтарды жуықтау;
  • Ішкі бағдарламаларды орындау;
  • Көпмүшелер мен функциялардың түбірлерін іздеу;
  • Статистикалық есептер жүргізу және ықтималдықтың үлестірілуімен жұмыс істеу;
  • Меншікті сандар мен векторларды іздеу;
  • Өлшем бірліктерімен есептеулер;
  • Автоматтандырылған жобалау жүйелерімен (АЖЖ) бірігу, есептеу нәтижелерін басқарушы параметрлер ретінде қолдану.

Берілген бағдарламаның бағдарламалаумен аз таныс болған қолданушыларға арналғанына қарамастан, ол айтарлықтай қиын жобаларда үлестірілген есептерді және бағдарламалаудың дәстүрлі тірдерін қолдану арқылы математикалық модельдеудің нәтижелерін көрсету үшін қолданыла береді.

Сондай-ақ, Mathcad жол тарту мен стандарттардың сәйкестілігінің үлкен маңызы бар ірі инженерлік жобаларда жиі қолданылады[11] .

Mathcad бағдарламасының негізгі артықшылықтары:

  1. Орнатылған көрсету құралдарының болуы;
  2. АЖЖ міндеттерін шешуге арналған мықты, көп функциялы құрал;
  3. Өнімнің кеңінен танымалдылығы көп мөлшердегі анықтамалық ақпараттың болуына әкеліп тіреді, сонымен бірге тәжірибелі қолданушылардың білікті көмегін алуға мүмкіндік береді;
  4. Кеңеюшілік және сыртқы бағдарламалармен өзара әрекеттесу құралдарының болуы;
  5. Визуализацияның кіріктірілген құралдарының болуы;

Mathcad негізгі кемшіліктері :

  1. Тар бағыттылық;
  2. Өнімнің жоғары құны (қымбаттылығы) ;
  3. Қолданушының арнайы дайындығының қажеттілігі;
  4. Модель әзірлеуші құралдары жоқ;
  5. Модельдердің, алгоритмдердің және есептеу модульдерінің орталықтандырылған қоры, сондай-ақ, іздеу тетігі жоқ;
  6. Пакет Microsoft Windows үйірінің операциялық жүйесінде (ОЖ) ғана жұмыс істейді. GPSS (General Purpose Simulation System - модельдеудің жалпымақсатты жүйесі) .

GPSS - бұл имитациялық бағдарламаларды жүргізу үшін қолданылатын бағдарламалау тілі.

GPSS 1961 жылы әзірленді, ал оның соңғы нұсқасы Micro-GPSS 1996 жылы шықты. GPSS жүйесі имитациялық модельдеудің интуитивті түсінікті әдісімен оңтайландыру міндеттерін жедел және ерекше қиыншылықтарсыз шешуге мүмкіндік береді [12] .

GPSS негізгі артықшылықтары:

  1. Кең топтардағы міндеттерді шешуге арналады;
  2. GPSS пакеті еркін түрде таратылады;

GPSS негізгі кемшіліктері:

  1. GPSS - ескірген жүйе сондықтан құжатнамасы жеткіліксіз, әлсіз таратылады;
  2. Модельдеудің басқа тілдерімен салыстырғанда икемділігі жеткіліксіз;
  3. Модельдерді әзірлеу ортасы және визуализация құралдары жоқ;
  4. Модельдердің, алгоритмдердің және есептеу модульдерінің орталықтандырылған қоры, сондай-ақ, іздеу тетігі жоқ;
  5. Қолданушының арнайы дайындығының қажеттілігі [13] .

AnyLogic. AnyLogic - қиын жүйелер мен процестерді имитациялық модельдеуге арналған бағдарламалық қамту. Бағдарламада қолданушының графикалық ортасы бар және ол модельдер әзірлеу үшін Java тілін пайдалануға мүмкіндік береді [14] .

AnyLogic - келесі әдістерді қолдану арқылы модельдер жасауға мүмкіндік беретін имитациялық модельдеудің көп тәсілді құралы:

  • жүйелік динамика;
  • дискретті-оқиғалы модельдеу;
  • агенттік модельдеу.

AnyLogic бағдарламасының негізгі артықшылықтары:

  1. Орнатылған көрсету құралдарының болуы;
  2. Имитациялық моделдеуді жүргізуге арналған мықты, көп функциялы құрал;
  3. Өнімнің кеңінен танымалдылығы көп мөлшердегі анықтамалық ақпараттың болуына әкеліп тіреді, сонымен бірге тәжірибелі қолданушылардың білікті көмегін алуға мүмкіндік береді;
  4. Кеңеюшілік және сыртқы бағдарламалармен өзара әрекеттесу құралдарының болуы;

AnyLogic бағдарламасының негізгі кемшіліктері:

  1. Модельдер әзірлейтін ортасы жоқ;
  2. Модельдердің, алгоритмдердің және есептеу модульдерінің орталықтандырылған қоры, сондай-ақ, іздеу тетігі жоқ;
  3. Қолданушының арнайы дайындығының қажеттілігі;
  4. Өнімнің жоғары құны (қымбаттылығы) [15] .

National Instruments Electronics Workbench. National Instruments Electronics Workbench бағдарламалық өнімі әзірлеу құралы және электр тізбектерінің еліктегіші болып табылады, аналогты, сандық және аналогты-сандық тізбектерді схемалық көрсету және модельдеу үшін арналады және жеңіл интерфейсі мен кіріктірілген көмек құралдары бар бағдарлама болып саналады. Пакетте түзету, модельдеу құралдары және электр тізбектерін сынақтамалаудың виртуалдық құрал-саймандары, сондай-ақ, модельдерді талдаудың қосымша құралдары бар. Бұл бағдарламамен жұмыс істеу инженерге электр тізбектерін зерттеуге, әзірлеуге және дұрыстап, ретке келтіруге мүмкіндік береді[16] .

Electronics Workbench негізгі артықшылықтары:

  1. Кестелердің графикалық түзілісінің интуитивті түсінікті процесі;
  2. Мәліметтерді жинау, өндеу және талдау, аспаптарды басқару, есептерді іздестіру және желілік интерфейстер арқылы мәліметтерді айырбастау кең мүмкіндіктері;
  3. Әлемдік деңгейдегі оқыту және қолдау;
  4. Өнімнің кеңінен танымалдылығы көп мөлшердегі анықтамалық ақпараттың болуына әкеліп тіреді, сонымен бірге тәжірибелі қолданушылардың білікті көмегін алуға мүмкіндік береді;

Electronics Workbench негізгі кемшіліктері:

  1. Тар бағыттылық;
  2. Қолданушының арнайы дайындығының қажеттілігі;
  3. Өнімнің жоғары құны (қымбаттылығы) ;
  4. Қолданушының арнайы дайындығының қажеттілігі;
  5. Модельдердің, алгоритмдердің және есептеу модульдерінің орталықтандырылған қоры, сондай-ақ, іздеу тетігі жоқ;
  6. Танымал операциялық жүйелердің кейбірімен қолдалмайды [17] .

National Instruments Lab VIEW. National Instruments Lab VIEW графикалық бағдарламалаудың аса тиімді ортасы болып есептеледі, бұл ортада уақыт пен қаражат өте аз жұмсалатын, өлшеу, басқару және сынақтамалаудың икемді және масштабталатын қосымшаларын жасауға болады.

Осы ерекшеліктерінің арқасында жаңадан бастағандар да, сарапшылар да Lab VIEW-те қосымшаларды жеңіл және тез жасай алады. Графикалық бағдарламалаудың интуитивті түсінікті процесі бағдарламалауға емес, өлшеулермен және басқарулармен байланысты проблемаларды шешуге көп көңіл бөлуге мүмкіндік береді [18] .

Өзінің икемділігі мен масштабтылығының арқасында LabVIEW өнімдердің прототиптерін модельдеу мен әзірлеуден бастап, кең масштабтағы өндірістік сынақтарға дейінгі технологиялық процестің барлық кезеңдерінде қолданыла алады. LabVIEW кіріктірілген ортасының сигналдарды өлшеу үшін, нәтижелерді өндеп, мәліметтерді айырбастау үшін қолданылуы бүкіл кәсіпкерліктің өнімділігін көтереді.

LabVIEW бағдарламасының негізгі артықшылықтары:

  1. Бағдарламалаудың толыққанды тілі;
  2. Графикалық бағдарламалаудың интуитивті түсінікті процесі;
  3. 200-ден аса аспаптарды драйверлік қолдау;
  4. Мәліметтерді жинау, өндеу және талдау, аспаптарды басқару, есептерді іздестіру және желілік интерфейстер арқылы мәліметтерді айырбастау кең мүмкіндіктері;
  5. Кодты интерактивті іздестіру мүмкіндігі;
  6. Қосымшаларда шаблондардың болуы;
  7. орындаудың жоғары жылдамдылығы;
  8. Әлемдік деңгейдегі оқыту және қолдау;
  9. Мультиплатформалық

LabVIEW бағдарламасының негізгі кемшіліктері:

  1. Тар бағыттылық;
  2. Қолданушының арнайы дайындығының қажеттілігі;
  3. Өнімнің жоғары құны (қымбаттылығы) ;
  4. Модельдердің, алгоритмдердің және есептеу модульдерінің орталықтандырылған қоры, сондай-ақ, іздеу тетігі жоқ;
  5. Танымал операциялық жүйелердің кейбірімен қолдалмайды [19] .

GNU Octave. GNU Octave - сандық сараптау міндеттерін шешуге арналған жүйе. Ол сызықтық және сызықтық емес математикалық есептерді шешуге, сондай-ақ, көбінесе, Matlab-пен үйлесетін тілді қолдана отырып, басқа арифметикалық тәжірибелерді орындауға арналған ыңғайлы командалық интерфейс болып табылады. Сондай-ақ, Octave бағдарламасындестелік өндеу үшін қолдануға болады.

Octave негізгі ерекшеліктері:

  1. Сандық сараптау міндеттерін орындауға арналған күшті құрал;
  2. Мультиплатформалық;
  3. Еркін таратылатын өнім.

Octave негізгі кемшіліктері:

  1. Тар бағыттылық;
  2. Модель әзірлеу ортасының болмауы;
  3. Модельдердің, алгоритмдердің және есептеу модульдерінің орталықтандырылған қоры, сондай-ақ, іздеу тетігі жоқ;
  4. Қолданушының арнайы дайындығының қажеттілігі;
  5. Визуализация құралдарының болмауы [20] .
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілердегі ақпараттың қауіпсіздік мәселелері
Қазіргі заманғы контакт-центрдің функцияларына талдау жасау
Модель және компьютерлік модельдеу пәнінен дәрістер кешені
Windows ОЖ қолданбаларының криптографиялық интерфейсі
Электр энергиясының көтерме сауда нарығы
Жабдықтау тізбегін басқару
Ауылшаруашылығында логистика инфрақұрылымын қалыптастыр
Кәсіпорынның айналым капиталының мазмұнының теориялық аспектілері
Ғылыми-техникалық прогресті жоспарлау
Әлемдік экономикадағы жаңа құбылыстар және білім беру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz