ИСЛАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АҒЫМДАР: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

АБЛАЕВ АДАЙБЕК АЛДАКУАТОВИЧ

ИСЛАМДАҒЫ АЛҒАШҚЫ АҒЫМДАР: САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5B020600 - «Дінтану»

Алматы 2016

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Дінтану кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Kафедра меңгерушісі

PhD доктор Ержан Қ. С.

«__» 2016 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

«Исламдағы алғашқы ағымдар: Салыстырмалы талдау»

5B020600 - «Дінтану» мамандығы бойынша

Норма бақылаушы

п. ғ. к., қауымдастырылған профессор м. а. С. Н. Исабаева

«__» 2016 ж.

Диплом жұмысының жетекшісі

п. ғ. к. доцент Б. Хамзеева

«__» 2016 ж.

Диплом жұмысының кеңесшісі Дінтану магистрі М. Махмет

«__» 2016 ж.

Алматы 2016

Орындаған

А. Аблаев

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті «Дінтану» мамандығының студенті Сәрсенқұл Айбектің «Қазақстандағы протестантизм» атты дипломдық жұмысына

CЫН ПІКІР

Қазіргі кезде Иегова куәгерлері христиан дінінің бір тармағы және әлемге таралған діни топтарының ең көп болуымен қоғамдық өмірде жұртшылықтың назарын өзіне ерекше аударуда. Қалыптасқан көзқарастарға мүлде қайшы келетін діни көзқарасты қабылдаушылардың күннен-күнге көбейіп келе жатқаны айқын көрініс.

Қазақстандағы протестантизм тарихы ғасырларға кететін конфессиялар (лютерандар, меннониттер, баптисттер және т. б. ) мен жаңадан пайда болған дәстүрлі емес ағымдардан (пятидесятниктер, пресвитеряндар, харизматтар) құралған. Осы ағымдар әлем жұртшылығымен қатар қазақ елінің де назарын аудартып, бұлар кімдер, қайдан келген, мақсаттары не? деген сұрақ төңірегінде зерттеулер жүргізіліп жатыр.

Дипломдық жұмыс тақырыбы қазіргі таңдағы маңызды тақырыптардың бірі болып табылады. Студент өз жұмысында протестанттық ағымдардың шығу себептері мен олардың діни ұстанымдарын, ерекшеліктерін зерттеп, тарихи кезеңі бойынша пайда болған бұл ағымдардың елімізге келу тарихы мен алға қойған мақсаттарын ашып көрсете білген. Сондай-ақ зайырлы Қазақстан елі үшін мұндай ағымдардың ел бірлігі мен ынтымағына қаншалықты зиянын тигізетіндіктерін басты назарда ұстаған.

Бұл дипломдық жұмыс - еліміз және шет ел ғалымдарының әдебиеттерді пайдаланып, әрбір тақырыбын жан-жақты қамтыған, сандық мәліметтерді нақты дәлдерге сүйене отырып келтірген. Дипломдық жұмыс көрсетілген талаптарға сай жатық тілмен жазылған. Ізденушінің қабілетімен жасаған еңбегі көрініп тұр. Осыны ескере отырып, Сәрсенқұл Айбек «Қазақстандағы протестантизм» атты дипломдық жұмысын «өте жақсы» деп бағаладым

Сын-пікір беруші:

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ

с. ғ. к доцент П. Сүлейменов

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

1 ИСЛАМДА АҒЫМҒА БӨЛІНУШІЛІКТІҢ БАСТАЛУ СЕБЕПТЕРІ . . .

1. 1 Құран Кәрім мен пайғамбар хадистеріндегі ағым ұғымы . . . 8

1. 2 Исламда ағымға бөлінуге діни үкімдер мен әлеуметтік өзгерістің әсері …. 18

2 ИСЛАМ ТАРИХЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ДІНИ-САЯСИ АҒЫМДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ПАЙДА БОЛУ ТАРИХЫ . . .

2. 1 Діни ағымдардың пайда болуына әсер еткен саяси оқиғалар . . . 23

2. 2 Харижиттердің пайда болуы және оның ерекшеліктері . . . 29

2. 3 Шииттердің тарих сахнасына шығуы мен негізігі ағымдары . . . 44

2. 4 Исламда алғашқы философиялық мектеп Муғтазила ағымы . . . 54

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66


КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Еліміз тәуелсіздігін алғалы бері ата-баба дініміз болған исламға қайта қауыштық. Кеңес үкіметі кезінде ислам діні де өзге діндер секілді аты аңызға айналуға жақын қалған-ды. Құдайға шүкір дінімізге қайта қауышқалы ішкі жан дүниеміздің рухани болмысы күн санап артып келуде. Қазақ халқы көнеден бері ислам дінін ұстанып келгендіктен қазіргі кезде еліміздің 70 % мұсылман.

Соңғы кездері әлемдік бұқаралық ақпарат құралдарының күн тәртібінде мұсылман экстремизмі, терроризмі сөз болуда. Ал елімізге сырттан келген діни секталар мен қатар түрлі саяси, діни сенімдегі мұсылман ағымдары да көптеп келіп жатыр. Ол аздай қазақ жастары да шетелдерде діни сауатын жетілдіріп, елге келген соң ел арасына әр түрлі кереғар тудыратын пікір айтып, ел тыныштығы мен дін ынтымағына зиянын тигізуде.

Әлем діндерін зерделей қарасақ олардың ішінде түрлі ағымдар мен ұйымдардың бар екендігіне куә боламыз. Сол секілді әлемдік діндердің бірі 1, 5 милиард ұстанушысы бар ислам діні де ғасырлар бойы түрлі ағымдарға бөлініп келді. Мұсылман әлемінің басым көпшілігін құрайтын «әһли сунна уә әл-жамағат» жолы ғана шынайы исламды ұстанады. Десекте «әһли сунна» жамағаты да өз арасында төрт мәзһабқа бөлініп, кей мәселелерде түсінісе алмай жатады.

Менің қарастырып отырған тақырыбым ислам дінінде пайда болған ағымдар мен олардың діни түсініктерін ашып көрсету болғандықтан басқа ағымдар мен өзге діни ұйымдардың жамағаттарына тоқталмадым.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Ислам ағымдарының ішінде дәстүрлі исламнан ауытқып кетуші ағымдар өте көп. Олардың кейбірі уақыт өте келе жойылып кетсе, кейбірі ғасырымызда өз жалғасын тауып келеді. Кейбір ағымдар әлем жұртшылығымен қатар қазақ елінің де назарын аудартып, бұлар кімдер, қайдан келген, мақсаттары не? деген сұрақ төңірегінде зерттеулер жүргізіліп жатыр. Бахаи, Ахмадия және Уаһаби секілді ағымдар әліде болса дұрыс жолға қойылмай жатыр. Мұндай ағымдар еліміздің бірлігі мен ынтымағына, өсіп өркендеуіне өз зияндарын тигізері сөзсіз. Сонымен қатар мұндай исламға қайшы келетін ағымдарды өзге мұсылман елдері де өз елдерінде үгіт насихат жасауға тыйым салып, ресми тіркеуге алмаған. Сол себепті мұндай ағымдарды жанжақты тексеріп, ел болашағы, ұлт мүддесі үшін алдын алу керек.

Тақырыпты зерттеудің нысаны. Қазақ даласына сонау VII-VIII ғасырдан бастап ене бастаған ислам діні қазіргі таңда қазақ халқының, соның ішінде өзге ұлттардың да төл діні деңгейіне жетті. Егемендігімізді алғанға дейін ел ішінде ислам дінінің ешқандай ағымдары мен ұйымдарының аты шықпағандығы белгілі. Сондықтан ислам ағымдарына байланысты ешқандай ғылыми еңбек жоқ. Тіпті орыс шығыстанушылары да бұл мәселеге қатысты ауқымды ешқандай еңбек жазбаған. Жазылған еңбектерде суннизм мен шиизм ағымдары ғана кеңінен қаралып, өзге ағымдар жайында өте аз мағлұмат берілген.

Жұмыстың зерттелу деңгейі. Ислам ағымдарының шығу тарихы мен діни сенімдерін жүйелі түрде зерттеуде араб және түрік ғалымдары көптеген еңбек жазған. Солардың ішінен араб ғалымы Мухаммед Әбу Захраның «Мәзһабтар тарихы» атты еңбегі мен түрік ғалымы Әтхам Рухи Фығлалының «Чағымызда итикади Ислам мезхеплери», (Ғасырымыздағы ислам ағымдары) Сабри Хизметлидің «Орта Азия Түрік республикаларындағы зиянды ағымдар және миссионерлік» атты еңбегін ерекше атауға болады. Бұл еңбектерде ислам тарихында ортаға шыққан ағымдардың барлығын қамти отырып, олардың шығу себебін, діни ұстанымдарын, өзгелерден айырмашылығын және қазіргі таңдағы жағдайларын кеңінен қарастырған.

Елімізде жарыққа шыққан Сабри Хизметлидің «Орта Азия Түрік республикаларындағы зиянды ағымдар және миссионерлік» атты еңбегімен Гүлбахрам Жебесіннің «ХХ ғасырдың Ұлы имамы» Сондай-ақ жаңа ғасырда пайда болған ислам ағымдарына байланысты Ғ. Есімнің, В. Иванов, Я. Трофимовтың еңбектерін атап өтуге болады. Бұл еңбектерде жаңа ғасырдағы ағымдар діндер тарихы тұрғысынан қарастырылған. Ал энциклопедияларда болса, ағымдарға байланысты өте аз мағлұмат берілген. Дегенмен еліміздегі басылымдарда бұл тақырып кеңінен қарастырылмағандықтан бұл мәселе зерттелудің қажет екендігін көрсетеді.

Сондай-ақ ислам ағымдарына байланысты деректерді көбіне шетел ғалымдарының еңбектерінен алдым.

Зерттеудің мақсаты.

  • Ислам тарихында ағымдардың шығу себептері мен олардың діни

ұстанымдарын, ерекшеліктерін зерттеу.

  • Тарихи кезең бойынша пайда болған бұл ағымдардың дәстүрлі исламмен қаншалықты үйлесетіндіктерін олардың мақсаттары мен өзгелерден айырмашылығын ашып көрсету.
  • Зайырлы Қазақстан елі үшін мұндай ағымдардың ел бірлігі мен

ынтымағына қаншалықты зиянын тигізетіндіктерін басты назарда ұстау.

Зерттеудің міндеті.

  • Елімізге сырт елдерден түрлі діндер мен секталар және діни ұйымдар келіп, өз әрекеттерінің қамын жасап жатыр. Соңғы деректерге сүйенсек 2500-дей діни ұйымның тіркелгенін білеміз. Сол себепті дін мәселесі өзекті болып отыр. Басты мақсат елімізде тұратын түрлі ұлттар мен ұлыстардың достығы мен бірлігін сақтап отыру.
  • Ислам дінінің тарихындағы пайда болған ағымдардың кейбірі Қазақстан еліне келіп, ресми түрде өздерінің миссионерлік әрекеттерін ашықтан ашық жасап жатыр. Мысалы, өздерін жаңа дін өкілдері ретінде таныстырып жүрген Бахаилік, Ахмадия секілді ағымдар мен бейресми түрдегі уаһһабилік пен шииттік ұйымдардың шығу тарихы мен діни сенімдерін салыстырмалы түрде ашып көрсету.
  • Әлемдегі сунни мұсылмандардың діни ахуалы мен және олардың

мәзһабтарын, бір-бірінен айырмашылықтарын объективті тұрғыдан

көрсету.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы.

  • Ислам тарихында пайда болған басты ағымдарды жүйелі түрде зерттеу. Сонымен қатар, олардың шығу тарихы, діни ұстанымдары көрсетілді және осы күнге дейін жеткен ағымдар мен өз сенімдері аясында шоғырланған мекендері қоса көрсетілді.
  • Әһли сунна мен өзге ағымдардың арасындағы басты айырмашылықтар нақты көрсетілді.
  • Ислам ағымдарын түбегейлі зерттеген араб және түрік дінтанушылары мен исламтанушы ғалымдарының еңбектеріндегі мағлұматтарға тарихи талдау жасалынды.

Диплом жұмысының маңыздылығы. Ғылыми зерттеу жұмысы өз деңгейінде қарастырылғандықтан мұндағы келтірілген ғылыми деректер діндер тарихы мен ислам тарихының дамуына өз үлесін қосары сөзсіз.

Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан, бірінші тарауында екі тақырыпша, екінші тарауында төрт тақырыпша, қорытынды, және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құралған. Көлемі - 67 бет.

1 ИСЛАМДА АҒЫМҒА БӨЛІНУШІЛІКТІҢ БАСТАЛУ СЕБЕПТЕРІ

  1. Құран Кәрім мен пайғамбар хадистеріндегі ағым ұғымы

а) «Мәзһаб» (ағым) ұғымына түсінік:

Ислам діні 610 жылдан бастап күні бүгінге дейін өз болмысын жоғалтпады. Дегенмен, өзге діндердегі секілді мұсылмандар да өзара түсініспеушілікке барып, түрлі-түрлі ағымға бөлінді. Ислам дінінде мұндай ағымдарға «мәзһаб» деп атады. Мәзһаб сөзінің ұғымы араб тілінде «зәһәбә» етістігінің өткен шақ формасында «жүрілген жол», «баратын жер» деген мағынаны білдіреді. Терминдік мағынасы ислам дінінің сенімі мен фиқһ саласындағы көзқарастарды қолдайтын ағым немесе бір кісіге бағынып, оның саяси бағытын ұстанып, ислам дінінің негізгі қағидалары Құран Кәрім мен Пайғамбар сүннетін түсінуде түрлі жолдарды ұстанатын ағымдар «мәзһаб» яки «фирқа» деп аталады[1, 15 б. ] .

Мұсылман ғалымдары ақида, фиқһ, хадис салаларында кейбір мәселелердің дәлелін табу үшін әсіресе үкім шығаруда түрлі пікірлерде болды. Міне осындай көзқарастардың жиынтығына да «мәзһаб» деп атайды. Бұл мәзһабтар кейде сол идеяның негізін салушы ғалымның есімімен аталған. Мысалы, фиқһ мәзһабтары Ханафи - Әбу Ханифаның, Шафи - Имам Шафидің, Малики - Имам Малик ибн Әнәстің атымен аталған. Кейде ұстанған бағыты мен қозғаған діни мәселесі бойынша аталған. Мысалы, харижиттер Хазіреті Алидің әскерлерінен бөлініп шығып кеткендіктен «шығушылар» деген мағынаны білдіретін «Хауарижу» деп аталса, Алидің жақтаушылары мағынасын білдіретін «шиа» сөзімен «Шииттер» деген топ пайда болған. Демек, Ислам тарихында пайда болған ағымдардың бәрі дерлік осы тектес мәселелер үшін түрлі есімдерде аталып келеді.

Ислам дініндегі ағымдар Хазіреті Мұхаммед (с. а. у. ) пайғамбар мен оның ізбасарлары әділетті халифалар тұсында болмады. Бұл мәселелерді зерттеп, зер салып қарағанда айтарлықтай маңызды болып табылмағанымен, уақыт өте келе осындай мәселелер ұлғайып, нәтижеде төртінші халифа Хазіреті Алидің (656-661) халифалық кезеңіндегі саяси оқиғалардан кейін жалындай түсті. Әсіресе Умеяттардың билік кезеңіндегі (661-750) саяси-әлеуметтік өзгерістер ағымдардың санын арттырды. Сонымен қатар, Ислам діні тек арабтармен ғана шектелмейді басқа да ұлт өкілдері Ислам дінін қабылдады. Мұсылман қауымы түрлі ұлттан болғандықтан ислам дінінің қағидаларын түгел ұстанып түсіну мүмкін емес еді. Осындай себептерге байланысты мұсылмандар түрлі ағымға бөлінуге мәжбүр болды. Сол бөлінушілік ХХ ғасырға дейін өз жалғасын тауып отырды. Тарихи кезең бойынша пайда болған бұл ағымдардың көпшілігі тарих сахнасынан жойылғанымен, қазіргі таңда біразы әліде болса дүниенің төрт бұрышында жалғасын тауып келеді.

ә) Құран Кәрім ағымға бөлінушілік жайында не айтады?

Ислам дінінде ең алдымен жүгінетін заң қасиетті Құран Кәрім. Құран мұсылмандар үшін ең дұрыс жол болып табылады. Мұсылмандар әрбір істе Құран үкіміне жүгінгендіктен олар ағым мәселесінде де Құран аяттарына құлақ салып отырды. Ал, Құран аяттарында ағымға бөлінушілік немесе «Әй мүминдер! Бөлініңдер!» деген мағынада айтылған ешқандай аятты кездестіру мүмкін емес. Керісінше Құран аяттары мұсылмандарды бірлікке, ынтымаққа, бауырмашылдыққа шақыра отырып, тек бір кісіге яғни, басшыға бағынуымызды үндейді. Бұл жайында аятта былай дейді: «Әй мүминдер! Аллаға бой ұсынып, Пайғамбарға әрі өздеріңнен болған әмір иелеріне бой ұсыныңдар»[2, Ниса:59] .

Дегенмен Алла Тағала өзі жаратқан адамзаттың психологиясы мен ішкі жан-дүниесін жақсы біледі. Адамдар ерте ме, кеш пе бәрібір жік-жікке бөлінетіндігін, бір-бірімен қақтығысатынын да жақсы біледі. Мысалы Хазіреті Мұхаммед пайғамбардың (с. а. у. ) көзі тірісінде мұсылмандар өзара соғысады десе ешкім сенбес еді. Бірақ мұсылмандардың келешекте соғысатындығын Алла Тағала мына аятта алдын ала ескерткен: «Егер мүминдерден екі топ бір-бірімен соғысатын болса, дереу араларын жарастырыңдар»[2, Хужрат:9] . Осындай келеңсіз жағдайға душар болған мұсылман қауымына Алла шығар жол ретінде Құранды нұсқап: «Түп-түгел Алланың жібіне (дініне) жабысыңдар да бөлінбеңдер» - деп әмір етеді[2, Ал-имран:103] . Яғни мұсылмандар әртүрлі көзқарасты ұстанып, жанжалдасып түсініспеушілікке баратын болса, Құранға сүйенсе, сонда ғана бір мәмілеге келетіндігін білдіреді.

Сондықтан Құран Кәрім ағымға бөлінушілікті құптамайды керісінше бөлінбей, ынтымақты болуға шақырады.

б) Хазіреті Мұхаммед пайғамбардың (с. а. у. ) ағымға бөліну туралы айтқан хадистері.

Мұсылмандарды әу бастан бері толғандырып жүрген мәселенің бірі Пайғамбарымыздың (с. а. у. ) : «Мұсылмандар 73 бөлікке бөлінеді» деп алдын ала айтқан хадисі еді. Осы мәселеге байланысты риуаят етілген хадисті түрлі варианттармен алып қарайтын болсақ:

1. Әбу Хурайра (р. а) келтірген хадисте Пайғамбарымыз (с. а. у. ) былай деген: «Яхудилер 71 бөлікке бөлінеді. Христиандар 72 бөлікке бөлінеді. Менің үмметім 73 бөлікке бөлінеді»[3, 18 б. ] .

2. Абдуллаһ ибн Амрдың (р. а. ) айтуынша Хазіреті Пайғамбарымыз (с. а. у. ) былай деген: «Израйыл ұлдарының басына келген нәрселері үмметімнің де басына келеді. Израйыл ұлдары 72 бөлікке айрылды. Үмметімнің олардан біреуі артық болып, 73 бөлікке бөлінеді және біреуінен басқа өзгелері жәһәннамға кіреді. Сонда «Әй Алланың елшісі! Оттан құтылатыны қайсы?» - деп сұрағанда; Пайғамбарымыз (с. а. у. ) : «Менің және асхабымның жолында болғандар» деген екен.

3. Хазіреті Әнәс (р. а. ) келтірген хадисте Пайғамбарымыз (с. а. у. ) былай деген: «Израйыл ұлдары 71 бөлікке бөлінеді. Үмметім болса 72 бөлікке айрылады, біреуінен басқасының барлығы жәһәннамда болады. Бұл бір бөлік жамағат»[3, 96 б. ] .

Осы айтылған хадистерге зер салып қарайтын болсақ, яхудилер мен христиандар және мұсылмандар жетпістен аса бөлікке бөлінетіндігі айтылған. Демек бөлінушілік тек мұсылмандардың маңдайына жазылған індет емес. Бұл басқа дін өкілдерінде де бар. Дегенмен хадисте айтылғандай Мұхаммед пайғамбар дүниеден өткеннен кейін мұсылман қауымы өзара түсініспеушілік пен түрлі себептерге байланысты көптеген ағымдарға бөлінді. Әрбір ағым өзінің ұстанған жолын хақ жол деп, аят пен хадистен дәлелдер келтіріп, бұхара халықты соңынан ертуге тырысты. Ислам шариғаты бойынша әрбір істің үкімін ол дұрыс па әлде бұрыс па, бұларды Құран аятынан одан кейін Пайғамбар (с. а. у. ) хадисінен алу керек. Яғни әрбір жаңадан шыққан ағым өздерінің жолын, ұстанатын бағытын дұрыс деп көрсету үшін аяттан яки хадистен дәлел келтіруі тиіс. Ал жоғарыдағы хадисте исламнан ауытқымайтын топ екендігі айтылған. Сондықтан әрбір ағым өздерінің жолын дұрыс деп көрсетіп, әрі тозақтан құтылатын ағым ретінде жариялап, өзге ағымдарды адасқандарға теңеп, оларды тозаққа баратын ағым ретінде кінәлауды үрдіске айналдырды. Мұндай бақталастықтан қаншама соғыстар шығып, көптеген бейкүнә мұсылмандардың қаны төгіліп жатты.

Негізінде осы ағымдарды зерттеп қарайтын болсақ, басым көпшілігі жеке бастың қамы немесе белгілі бір топтың билікке келу жолындағы саяси, әрі дүниелік пайда мен мүдденің арқасында пайда болғандығы байқалады. Олар өз болмыс тіршілігін жалғастыра отырып, көздеген мақсаттарына жету үшін Құран мен сүннеттен дәлел келтіріп соны бет перде етіп ұстанды.

Жаратушы ұлық тәңiр Алла Тағалаға иманды және мойынсұнуды бiлдiретiн нағыз бiртәңiрлi (монотеист) тәухид нанымы негiзiнде пайғамбарымыз Мұхаммед Абдұллаһұлы (с. а. у. ) (569-632) тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа түсiндiрiлген әлемдiк дiн. Ислам барлық болмыс пен фәни адам өмiрiндегi ең маңызды ұғымдардың бiрi. Ислами ұғымда бұл дiн абсолюттi құдiрет иесi Жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейiнгi барлық адамзатқа және заманаға жiберiлген дiн. Ислам - ақыл иелерi мен күллi махлұқаттың (жаратылыстың) ұлық Жаратушының құдiретiне тәслiм болуының, мойынсұнуының және дүниедегi өмiрдi белгiлi бiр тәртiпке келтiретiн құдайы жүйенiң, яғни пенде мен Алланың арасындағы байланыстың аты. Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы «сәлиме», «силм» етiстiгi. Бұлар және осы түбiрден жасалған «сәлм», «сәлам», «әслеме» сөздерi сөздiкте бейбiтшiлiк, тыныштық, амандық, татулық, келiсiм, мойынсұну, тәслiм болу, берiлу, сәлеметтiлiк, сенiмдiлiк дегендi бiлдiредi. Қысқаша айтқанда, «сәлиме» етiстiгi бейбiтшiлiктi қалайтын бiр биiк күшке, билiкке бағынып, оны құрметпен қабылдай отырып, оған бас июдi, тыныштық һәм амандыққа берiлудi және осы мәртебенi жалғастыру үшiн қажеттi iстердi жүзеге асыруды бiлдiредi.

Мұсылмандардың қасиеттi кiтабы Құран Кәрiмде жәннат туралы «дар әс-сәлам», яғни «тыныштық өлкесi» делiнген[2, Юнус:25] . Себебi, мұсылман ұғымындағы жәннет әр түрлi қауiп-қатерден ада, толық бақыт пен қуаныштың мекенi. Құран Кәрiмдегi Алла Тағаланың есiмдерiнiң бiрi «әл-Сәлам», яғни әр түрлi кемшiлiктерден ада, толық бейбiтшiлiктi ұсынушы һәм өзiне мойынсұнылатын дегенді бiлдiредi. Исламның не екенiн толықтай түсiну үшiн осы сөзбен түбiрлес сөздердiң мағыналарын әбден бiлiп алған жөн.

Ислам сөзi сенiм мен ұжданды да қамти отырып, бұларға қоса бейбiтшiлiк пен татулықты, жүгiну мен тепе-теңдiктi, әсiлi, тұтастай өмiр сүру салтын бiлдiредi. Ислам Құран Кәрiмде есiмдерi аталған барлық пайғамбарларға жiберiлген иләһи (тәңiрлiк, құдайы) дiндердiң ортақ аты. Себебi, тәңiрлiк уахидың (Жаратушының сөздерінің елшіге жеткізілуі, откровение) бастаушысы һәм әлемдердiң жаратушысы бiр Алла ғана. Сондықтан, Алла Тағала тарапынан «ислам» деп аталған бұл дiн пайғамбарлар арқылы түрлi ғасырларда түрлi қауымдарға баян етiлген. Ең соңғы формасы Мұхаммед пайғамбарға (с. а. у. ) бiлдiрiлген.

Құранның бiлдiруiнше, Алла Тағаланың алдындағы бiрегей хақ дiн ислам ғана және бұл дiнге сенушiлерге «мұслим» (мұсылман, бағынған) есiмiн Жаратушының өзi берген Аяттарда өткен пайғамбарлар мен оларға иман еткендердiң барлығы да мұсылмандар едi делiнедi. Ал, «мұмин» (иман еткен, қазақшада - момын) сөзi әр түрлi қорқыныштан және күмәннан амандықта болу дегендi бiлдiретiн «әмн» сөзiнен жасалған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Хазреті Әлидің халифалығы заманында шыққан адасқан топ
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ИСЛАМ АҒЫМДАРЫ
Діни философия мен таным негіздері және зайырлылық
«Сәләфизм» ағымы туралы
Қазіргі заман ислам философиясының методологиялық ерекшеліктері
Дүние жүзінің діндердін мәдениеті
Әлемдегі діни экстремизм мен радикализм
Ислам жайлы
Діннің таралуы
Суфизм (сопылық)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz