Кезби ЖШС кешенді электрлендiру сұрақтары


АНДАТПА
Берiлген дипломдық жұмыста «Кезби» ЖШС кешенді электрлендiру
сұрақтары қарастырылған: қабылданған машиналарға электржетектерiн таңдау
жүргiзу − электр қозғалтқыштарды таңдау, аппараттарын және комплектты
тарату қондырғыларын таңдау, трансформаторларын таңдау, ішкi күштiк желiнi
есептеу, жарықтандыру желiсiн есептеу, объектiнiң максималды қуатын,
қоректену көзiнің қуатын есептеу және түрiн таңдау жүргiзiлдi, электрмен
жабдықтау схемаларын жетілдіру қарастырылды.
Өмір тіршілік әрекеттерінің қауiпсiздiк шараларын жүргiзу, электрлендіру
жүйесін пайдалануда (монтаж, жөндеу т. б. ) техника қауіпсіздігін талдау, Кезби
ЖШС мекемесінде өрттің алдын алу бойынша жүргізілетін шаралар. Қорғану
құралдары.
Экономикалық бөлімде жобалаудың тиiмдiлiгiн есептеу, жүйелердің
сенімділік деңгейлерін талдау шаралары қарастырылған.
АННОТАЦИЯ
В данной дипломной работе рассмотрены вопросы комплексной
электрификации ТОО «Кезби» с модернизацией схемы электроснабжения,
выбор типа и мощности источника питания. При этом приведен выбор
электропривода, электродвигалетей,
пускозащитной аппаратуры,
выбор
трансформатора,
внутренней силовой сети, расчет электроосвещения,
мощности объекта, модернизированы схемы электроснабжения.
Были разработаны мероприятия по обеспечению
безопасности
жизнедеятельности, пожарный безопaсность в компаний Кезби ТОО, a тaкже
кaчество выполняемой рaботы
В дaнном рaзделе приводится рaссмотрение экономической
состa вляющей ре a лизa ции д aнного проект a, отр a жa ющей временные, трудовые
и финaнсовые зaтрaты нa проект.
ANNOTATION
In this thesis work questions the complex electrification LLP "Kezbi" to the
modernization of the power supply diagram. In this case, the drive is a choice, launch
protection equipment inside the power system, the calculation of lighting, power
facility, the choice of the type and capacity of the power supply, upgraded power
supply circuit. Activities were designed to ensure the safety of life, health, safety and
environment. The calculation of economic efficiency in the decision taken.
МАЗМҰНЫ
Кіріспе
3
1
1. 1
1. 2
1. 2. 1
1. 2. 2
1. 2. 3
1. 3
1. 3. 1
1. 3. 2
1. 4
1. 4. 1
1. 4. 2
1. 4. 3
2
2. 1
2. 2
3
3. 1
3. 2
3. 3
3. 4
3. 5
3. 6
4
4. 1
4. 2
Нысанды электрлендіру
Нысанның жалпы сипаттамалары, технологиялық нысандарды және
жұмысшы машиналарды сипаттау
Электр жетектерін қолданыстағы машиналарға, тетікқорғау
аппаратураларына және таратқыш құрылғылар комплектілерін таңдап
алу. Ішкі күштік жүйелердің есебі
Электр қозғалтқыштарды таңдау
Тарату жүйелерінің параметрлерін есептеу және аппараттарын таңдау
Тарату жүйелерін есептеу, сымдарды (кабельдерді) таңдау
Жарықтандыруды есептеу (светотехникалық және электротехникалық)
Жарықтехникалық бөлім
Электртехникалық бөлім
Нысанның максимал қуатын есептеу, қоректендіру көзінің түрі мен
қуатын таңдау
КТП трансформаторының түрі мен санын таңдау
Қоректендіру желісін есептеу және КТП электр қондырғыларын таңдау
Желі қимасын есептеу және КТП кабелін таңдау
Электрмен қамтамасыздандыру схемасын жетілдіру
Электрлік жүктемелерді есептеу
Реактивті қуат қондырғыларын қарымталайтын қуаттарды есептеу
Өміртіршілік қауыпсіздігі бөлімі
Кәсіпорындарда және жұмыс орындарында тіршілік қауыпсіздігі
бойынша ұйымдастыру жұмыстары
Участоктағы электр қондырғыларын монтаждауда техника қауіпсіздігі
бойынша жүргізілген іс-шаралар
Электрлік қондырғыларды эксплуатациялау кезіндегі еңбекті қорғау
бойынша жүргізілген ұйымдастыру және техникалық іс-шаралары
Өртке қарсы қауіпсіздік
Кәсіпорындардағы қоршаған ортаны қорғау бойынша жүргізілетін іс-
шаралар
Электр энергиясын рационалды қолдану бойынша жүргізілетін іс-
шаралар
Экономикалық бөлімі
Келтірілген шығындар минимумы бойынша жүйелер нұсқасын таңдау
Жүйелердің сенімділік деңгейлерін талдау
Қорытынды
Қолдынылғын әдебиеттер тізімі
Қосымша
5
5
7
7
10
14
23
23
32
41
41
42
44
46
47
50
63
63
64
65
67
68
69
71
76
Кіріспе
Біздің еліміздің энергетикасы халық шаруашылығын электрмен сенімді
түрде және электр энергиясын тұтынушылардың әртүрлі тұрмыстық
қажеттіліктерін қамтамасыздандырады. Электрмен қамтамасыздандыру
еліміздің халық шаруашылығын қамтамасыздандырудың бірден бір құрамдас
бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта электрмен қамтамасыздандырусыз
бірде бір өндіріс орындары немесе қалалар және т. б. өмір сүруі мүмкін емес.
Электрмен қамтамасыздандырудың бірден бір негізгі мәселесі қандай да бір
нысанның қалыпты жұмысы мен өміршеңдігін қалыптастыру болып отыр.
Негізгі тұтынушылар болып өнеркәсіптік өндіріс орындары, ауыл
шаруашылығы, транспорт, коммуналды шаруашылықтар табылады. Бұл кезде
барлық электр энергиясының 70% пайызы өнеркәсіптік өнімдердің
технологиялық процесстеріне шығындалады.
Электр энергиясы халық шаруашылығының түгел дерлік салаларында
қолданылады, әсіресе әр түрлі механизмдердің электр жетектері үшін
пайдаланылу аясы өте кең, ал кейінгі уақыттарда әртүрлі электрлік
технологиялық қондырғыларда да, атап айтқанда - бірінші кезекте электрлік
термиялық және электрлік дәнекерлеу қондырғыларда, электролиздеуде,
материалдарды электрұшқындық және электрдыбыстық өңдеулерде және т. б.
салаларда қолданылады.
Электр қабылдағыштардың үлкен тобын халық шаруашылығының
барлық салаларында қолданылатын жалпы өнеркәсіптік механизмдердің электр
жетектері құрайды, атап айтқанда: көтергіш-транспорттық машиналары,
ағымды-транспорттық жүйелер, компрессорлар, насостар, вентиляторлар.
Электр энергиясын қажетті мөлшерде жеткізуді қамтамасыз ету үшін
және өнеркәсіптік нысандардың, қондырғылардың, құрылғылар мен
механизмдердің энергия жүйелерінен сәйкес сапаны талап ету үшін 1000 В
және одан да жоғары кернеулер жүйелерінен тұратын, сонымен қатар
трансформаторлық, түрлендіргіштік және реттегіш шағын станциялардан
тұратын өнеркәсіптік өндірістерді электрмен қамтамасыз ету жүйелері қызмет
атқарады. Энергия жүйелердің төмендегідей түрлері болады: цехтық -
тұтынушыларды энергиямен қамтамасыздандырады, заводтық - негізгі цехтар
мен қосымша нысандарды электрмен қамтамасыз ету үшін қызмет етеді,
қалалық немесе аудандық - өндірістерді, ауыл шаруашылығын, коммуналды
нысандарды электрмен қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Электр энергиясын тұтынушылардың өздеріне тән спецификалық
ерекшеліктері болады, ол электрмен қамтамасыздандырудың белгілі бір
талаптарымен шартталады, мысалы - сенімді тамақтану, электр энергиясының
сапасы, жеке элементтерді қорғау мен резервілеу және т. б. Өнеркәсіп
өндірістерін электрмен қамтамасыздандыру жүйелерін эксплуатациялауды
және ғимараттарды жобалауда кернеуді таңдап алуды орындауда, электрлік
жүктемені анықтауда, қандай типті екендігін таңдауда, трансформаторлық
шағын станциялардың саны мен қуатын, барлық қорғаныс түрлерін, реактивтік
қуатты компенсациялау жүйелерін және кернеуді реттеу әдістерін таңдауда
техникалық-экономикалық аспектілерді ескеру қажет. Қоректендіру
сызықтарының, трансформаторлық шағын станциялардың жүйесі мен
мөлшерін, басқару жүйелерін, қорғаныс жүйелерін кернеуін таңдау кезінде -
технологиялық процесстердің орындалуы, номинал кернеудегі қуаттың артуы
ескерілуі қажет.
Ұзақ мерзімді перспективаға дайындалған энергетикалық бағдарлама
бәрінен бұрын энергияны сақтаушы техникалар мен технологиялардың кеңінен
енгізілуін қарастырды.
Осыған орай энергия үнемдеуді рационализациялау, яғни электр
энергиясының меншікті шығынын кеміту және халық шаруашылығының
салаларын электрмен қаруландыруды арттыру маңызды роль атқарады. Бұл
мәселеленің маңызды шарты - өнеркәсіптік өндірісте тұтынылатын электр
энергиясы жүйелерін жеткілікті және сапалық есептеуді ұйымдастыру болып
табылады.
Электрмен қамтамасыздандырудың негізгі мәселесі болып өндірістің
үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатындағы автоматтандыру табылады.
Автоматтандыру көптеген шағын станцияларды тұрақсыз кезекші қызметкері
бар жұмысқа көшіруге мүмкіншілік береді, ол эксплуатациялық шығындарды
кемітеді және қызметкердің қателігінен болатын авариялардың санын
қысқартуға мүмкіндік береді.
Берілген дипломдық жұмыста өнеркәсіптік өндірістерді электрмен
қамтамасыздандыру жүйелерінің олардың жұмыстарының ерекшеліктерін
ескере отырып толық есептеу жүргізілген.
1 Нысананы электрлендіру
1. 1 Нысанның жалпы сипаттамалары, технологиялық нысандарды
және жұмысшы машиналарды сипаттау
- №1 цех (орман цехы), ағаштарды тілу және тақтайларды дайындау
орындалады;
- №2 цех, жихаз жасау үшін ағаштар және т. б. дайындықтар жасалады;
- №3 цех, жихаздарды жөндеу және жинау үшін дайындықтар жасалады;
- №4 цех, ДСП-дан жасалатын бөлшектер орындалады;
- №8 цех, текше метрлік бұйымдардың дайындалуы орындалады;
- №15 цех, жихазды жасау орындалады;
- №16 цех, шпонды жасау орындалады;
- №17 цех, металлдан жасалатын бұйымдарды дайындау орындалады;
- №18 цех, ағаш өңдеу жұмыстары орындалады;
- №19 цех, жихазды жөндеу орындалады;
- №20 цех, жихаз дайындау орындалады;
- №26 цех, жихаздың экспериментті түрде жасалуы орындалады;
- №27 цех, ағашты кептіру орындалады.
Өндірістің негізін функциялануын қамтамасыз етуші қосымша бөлімге
келесі құрылымдық бөлімшелер жатады:
- №11 цех, жихаз жасау үшін заттардың металл өңделуі орындалады;
- №12 цех (электрлік цех) - кәсіпорынды электр қондырғыларымен
қамтамасыз етеді;
- №10 цех (пара күштік шаруашылық цехы), оның құрамына
компрессорлық және қазандық станциялар кіреді;
- №13 цех - транспорттық цех;
-қойма жайлары;
-заводтық басқару.
Электр энергияларын негізгі тұтынушылар:
- қазандықтың жүйелік насостары;
- компрессорлық;
- техникалық сумен қамтамасыз ету насостары;
- пилорама (станоктық құрал жабдықтары) ;
Электр энергиясын тұтынушылардың сипаттамалары (1. 1 кестеде) және
электрмен қамтамасыздандырудың категорияларын анықтаудың шамалары
төменде (1. 2 кестеде) келтірілген.
.
Кесте 1. 1 - Электр энергиясын тұтынушылар
Кесте 1. 1- жалғасы
Кесте 1. 2 - Тұтынушылардың сипаттамалары
Электрмен қамтамасыз етудің категорияларын анықтау.
ЭҚЖ-ға сәйкес электр қабылдағыштарды электрмен қамтамасыздырудың
сенімділігін қамтуға қатысты үш түрлі категорияларға бөледі
Бұл электр қабылдағыштар II категорияға жатады. Оларға мынадай
электрқабылдағыштар жатады, электрмен қамтамасыз етілуі өнімдерді
жалпылама жібермеуге әкеліп соқтырады, жұмысшы механизмдердің және
өнеркәсіптік транспорттың тұрып қалуына, қалалық және ауылдық
тұрғындардың көпшілік мөлшерінің қалыптан ауытқуына әкеліп соқтырады.
Мұндай қабылдағыштар үшін резервтік қоректендіру қарастырылады, бірақ
оған ауысу қолмен кезекші қызметкерлер арқылы немесе оперативтік топ
арқылы орындалады.
Трансформаторларды орталық резервтеу болғанда және 24 сағаттан артық
уақытта істен шыққан трансформаторларды ауыстыру мүмкіншілігінде 2
категориялы бір трансформаторлы электр қабылдағыштарды қоректендіру
қажет.
1. 2 Электр жетектерін қолданыстағы машиналарға, тетікқорғау
аппаратураларына және таратқыш құрылғылар комплектілерін таңдап
алу. Ішкі күштік жүйелердің есебі
1. 2. 1 Электр қозғалтқыштарды таңдау
Өндірістік механизмдердің белгіленуіне қарамастан оларды негізгі үш
түрлі бөліктерге бөледі: қозғалтқыш машиналар; жұмысшы машиналар;
көшіргіш құрылғылар.
Қозғалтқыш машина, жұмысшы машинаны қозғалысқа келтіреді,
жұмысқа қосады, ереже бойынша, қозғалтқыштар - оларды басқару үшін және
қозғалтқыштан жұмысшы машиналарға кинематикалық жеткізуші болып
табылады. Жұмысшы машиналарды қозғалысқа келтіру үшін қызмет атқаратын
қозғалтқыштар мен көшіру құралдары жетек деп аталады.
Электр жетектері топтық, бірегейлі және көпқозғалтқышты болуы
мүмкін.
Топтық электр жетектерінде бір қозғалтқыш бірнеше жұмысшы
машиналарды қозғалысқа келтіреді. Бұл жағдайда механикалық көшірулер
орын алады. Қазіргі уақытта оларды әрбір механизмдерінің басқарылуының
күрделілігінен, көшіру жүйелерінде энергия шығындарының көп болуынан
және т. б. жағдайлар үшін көп қолдана бермейді.
Бірегейлі электр жетектерінде жұмысшы машина өз қозғалтқышы
әсерінен қозғалысқа келеді, сондықтан оның сипаттамаларының электр
қозғалтқышының сипаттамаларымен сәйкестендірілуіне мүмкіндік береді,
сонымен қатар электр қозғалтқышы жұмысшы машинасымен конструктивтік
түрде біріктірілетін жетек түрі - индивидуалды жетектердің әр түрлерін
жасауға ықпал етеді.
Көп қозғалтқышты электр жетектерінде жұмысшы машинаның жекеше
элементтері өздігінен электр қозғалтқыштарын қозғалысқа келтіреді, яғни
жұмыстық машина өз жұмысы үшін бірнеше электр қозғалтқыштарын талап
етеді. Бұл жағдайларда жұмыстық машиналардың ішіндегі көптеген
механикалық байланыстардан оларды электрлікке ауыстыра отырып, бас
тартуға болады, сонымен қатар әртүрлі технологиялық процесстердің толық
автоматтандырылуын қамтуға болады.
Электр жетектері автоматтандырылған және автоматтандырылмаған
болуы мүмкін: автоматтандырылмаған электр жетектерінде оларды
басқарудағы барлық операциялар қолмен орындалады; автоматтандырылған
электр жетектерінде қозғалтқыштың көшу режимдері бастапқы импульсты беру
әдісіне тәуелсіз қосалқы қызметкерлердің қатысуынсыз автоматты түрде
орындалады. Мұндай жетектің схемасында басқару тізбегі болады.
Электр қозғалтқыштарды тұрақты және айнымалы ток машиналарына
бөледі. Өз кезегінде айнымалы ток машиналары синхронды және асинхронды
қозғалтқыштарға бөлінеді. Асинхронды электр қозғалтқыштары фазалық және
қысқаша тұйықтау роторлы болып келеді.
Қозғалтқыштың үш фазалы асинхронды түрі электр жетектерінің
өнеркәсіптегі жалпылама қолданылатын түрі болып табылады. Мұндай
жағдайы дайындалуының қарапайымдылығымен және асинхронды
қозғалтқыштарының эксплуатациялануымен, жұмыс істеуде сенімділігімен,
габариттері мен құны, массасы тұрақты ток қозғалтқышымен салыстырғанда
аздығымен анықталады.
Асинхронды қозғалтқыштардың негізгі қолданылу аясы осы күндерге
дейін реттелмейтін электр жетегі болып келді. Соңғы жылдары, электр
техникалық өнеркәсіптегі жиілік пен кернеуді тиристорлық түрлендіргіштердің
дайындалып және сериялық шығарылуына байланысты тұрақты ток электр
жетектерінен өз сипаттамаларының көрсеткіштері бойынша ешқандай да кем
емес реттелетін асинхронды электр жетектері құрыла бастады. Мұндай электр
жетектерінің асинхронды электр жетектерінде нақты ерекшеліктерімен бара-
бар қолданылуы тек біздің елімізде ғана емес, шет елдерде де
автоматтандырылған электр жетектерінің дамуының прогрессивті
тенденцияларын көрсетеді.
Синхронды үш фазалы қозғалтқыштар әртүрлі жұмыстық машиналар
мен механизмдердің электр жетектерінде кеңінен қолданылады. Ол олардың
техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің жоғары екендігін көрсетеді.
Синхронды қозғалтқыштар өте жоғары қуаттық коэффициентке ие - Сos ϕ, мәні
бірге жақын және асатын
Сos ϕ
мәнге ие болады. Синхронды
қозғалтқыштардың басып өтетін Сos ϕ -мен жұмыс істеу қабілеттілігі және осы
кезде жүйеге реактивті қуатты беруі электрмен қамту жүйесінің жұмыс режимі
мен үнемділігін жақсартуға мүмкіндік береді.
96-98%, ПӘК-ті 1-1, 5% -ке асинхронды қозғалтқышдердің габариттері
мен жылдамдықтары артық. Синхронды қозғалтқыштарда артық
жүктемелерінің қабілеттерін қоздыру тогын реттестіру арқылы реттеуге
болады, себебі артық жүктемелеу қабілеттілігі асинхронды қозғалтқыштарға
қарағанда жүйе кернеуіне аз ғана тәуелді. Синхронды қозғалтқыш абсолют
қатаң механикалық сипаттамаларға ие.
Электр қозғалтқыштарының жұмыстарының үш түрлі режимдері кеңінен
қолданылады: жалғастырғыш, қайта-қысқа мерзімді, қысқа мерзімді.
Қозғалтқыштың жалғастырғыш жұмыс режимі температурасы өзінің
қалыптасқан мәніне дейін жету ұзақтығымен сипатталады. Мұндай режимде
мысалы, вентилятор жетектері, насостар, түрлендіргіш қондырғылар жұмыс
істейді.
Қозғалтқыштың қайта-қысқа мерзімді режимінде жұмыс уақыты кезінде
қалыптасқан температураға дейін қызып үлгермейді. Сөйтіп қосулар
аралығындағы демалыс уақытында қоршаған орта температурасына дейін суып
үлгермейді. Жұмыстың мұндай режимі мысалы, көтергіш крандардың,
лифтілердің электр жетектері үшін тән.
Қозғалтқыштың жұмысының қысқа мерзімді режимінде қозғалтқыш
жұмыстық периодта қалыптасқан температураға дейін қызып үлгермейді, ал
аралықтағы пауза соншалықты ұзақ, сондықтан температура қоршаған орта
температурасына дейін төмендейді. Жұмыстың мұндай режимі шлюз
жетектеріне, қосалқы механизмдерге тән.
Электр қозғалтқыштарының қуатын таңдап алу ұсынылған жүкке
сәйкестендіріліп орындалады. Жүкке қатысты қуатты азайтуға немесе
көбейтуге болмайды. Қуатты көбейткенде электр қозғалтқышы аз жүктемемен
жұмыс істейді, себебі ол экономикалық тиімді, п. ә. к. -ті төмендегендіктен
шығын артады, қондырғының құндылығы артады. Ал қуатты азайтқанда электр
қозғалтқышы артық жүктемемен жұмыс істейді, және ол оның жұмыс істеу
мерзімін қысқартады.
Электр қозғалтқыштарының кернеуі олардың қуаттарына және
электрмен қамтамасыз ету шарттарына байланысты таңдалады.
Электр қозғалтқыштарын желдеткіштік қондырғылар үшін таңдауды
келтірейік.
Желдеткіш
қондырғылардың есептеу қуаты
(1. 1)
формуламен
анықталады:
Ρ рас =
Q ⋅ H
1000 ⋅η в ⋅η п
=
181, 8 ⋅ 0, 5
1000 ⋅ 0, 25 ⋅1
= 0, 36,
(1. 1)
мұнда Р р а с - есептік қуат, кВт ;
3
Н - есептік қысым 0, 5 Па ;
η в - вентилятордың ПӘК-і η в = 0, 25 ;
η п р - муфтаның көмегімен жетектің ПӘК-і η п р = 1 .
(1. 1) формула бойынша алынған номинал қуат бойынша 4А71А6У3
сериясындағы стандартты электр қозғалтқышы төмендегі мәндерімен
қабылданады:
1. 1 Сурет - 4А71А6У3 сериясындағы стандартты электр қозғалтқышы
Р н = 0, 37кВт , n = 960 об / мин , I = 1, 3ℵ, η =
μmin = 1, 8, μ к = 2, 2
0, 645, Сos
=
0, 69
,
К
i = 4, 0,
п
2, 0
Өзге механизмдердің электр жетектерінің есептері аналогиялық түрде.
1. 2. 2 Тарату жүйелерінің параметрлерін есептеу және аппараттарын
таңдау
Авариялық жағдайлардан электр қондырғыларын қорғау үшін қорғаныс
аппараттарын есептейміз.
Автоматтандыру мынадай жағдайларда орналастырылады:
автоматтандырылып басқарудың қажеттілігі, қалпына келтіру
сақтандырғыштарымен салыстырғанда, егер бұл кезде ажыратудың селективтік
емес ықтималдығының қорытынды мәніне ие болмаса және қысқаша тұйықталу
тогын шектеуде әсері болмаса, жекеше авариялық өшірулер (сынақты,
зертханалық және соған ұқсас құрылғылар) едәуір қатаң түрдегі
қамтамасыздандырудың қажеттілігі орын алғанда.
Таңдау шарты.
дөңгелектеп аралау станогы, Рн = 3. 0 кВт
Ι р =
Рн
3 U н cosϕ
=
3
3 × 0. 38 × 0. 3
= 15. 38 А ,
(1. 2)
Ι н . р . ≥ Ι р ;
16 ≥ 15. 38 А,
I Н _ Т . Р. ≥ 1, 15 ⋅ I Р ,
I Н _ Т . Р. ≥ 17. 687 А.
(1. 3)
(1. 4)
1. 2 Сурет - ВА51-25\12. 5 автоматты сөндіргіші
ВА51-25\12. 5 автоматты сөндіргішті таңдап алайық
Сонымен қатар ПМЛ - 2000 магниттік жібергіш тетік пен РТЛ - 1016
жылулық релесін таңдап аламыз
ПР85-Ин1 түріндегі тарату шкафтарын таңдап аламыз
ШР1:
ШР2:
ШР3:
ШР4:
ШР5:
ШР6:
ШР7:
ШР8:
ПР85-Ин1-104
ПР85-Ин1-104
ПР85-Ин1-104
ПР85-Ин1-104
ПР85-Ин1-104
ПР85-Ин1-104
ПР85-Ин1-104
ПР85-Ин1-104
Артық жүктемелерден сақтау үшін ВА сетиясындағы автоматты
сөндіргіштерді пайдаланамыз, олардың параметрлерін кестеден келесі
шарттары бойынша таңдаймыз:
I НА ≥ I Р
I Н _ Т . Р. ≥ 1, 15 ⋅ I Р
- аппараттың номинал тогы
- жылулық расцепительдің номинал тогы
ШР1 үшін:
I НА ≥ 97. 3
А
I ⊆ _ . ∠ . ≥ 111. 895 А,
ВА51-31 160/125
ШР2 үшін:
I НА ≥ 98. 35 А
ВА51-31 160/125
ШР3 үшін:
I НА ≥ 8. 5 А
ВА51-31 100/16
ШР4 үшін:
I НА ≥ 100. 04 А
ВА51-31 160/125
ШР5 үшін:
I НА ≥ 15. 13 А
ВА51-33 100/20
ШР6 үшін:
I НА ≥ 111. 97 А
ВА51-33 160/160
ШР7 үшін:
I НА ≥ 15. 69 А
ВА51-33 100/20
ШР8 үшін:
I НА ≥ 28. 27 А
I Н _ Т . Р . ≥ 113. 1 А,
I ⊆ _ . ∠ . ≥ 9. 775 А,
I Н _ Т . Р . ≥ 115. 046 А,
I Н _ Т . Р . ≥ 17. 40 А,
I Н _ Т . Р . 128. 76 А,
I Н _ Т . Р. 18. 04 А,
I ⊆ _ . ∠ . ≥ 32. 51 А.
ВА51-33 100/40
1. 2. 3 Тарату жүйелерін есептеу, сымдарды (кабельдерді) таңдау
Электрлік жүйелер өнеркәсіптік өндірістердің цехтық тұтынушыларына
электр энергияларын жеткізу және тарату үшін қызмет атқарады. Тұтынушылар
қорғаныш және тетіктік аппараттарының көмегімен цех ішіндегі шағын
станциялар мен таратқыш құрылғылары арқылы қосылып алады.
Электр жүйелерін орнату оқшауланған және оқшауланбаған өткізгіштер
арқылы орындалады. Оқшауланған өткізгіштер ( сымдар мен кабельдер)
қапталған және қапталмаған өткізгіштерден тұрады. Қапталған өткізгіштерде
электрлік изоляция үстіне металл және басқадай қабықша қапталған, ол
механикалық залалдар келтіруден сақтап тұрады. Оқшауланбаған өткізгіштер -
бұл алюминий, мыс, болат шиналар және жалаң өткізгіштер болып табылады.
Өнеркәсіптік өндірістердің электрлік жүйелерінде шиноөткізгіштер
кеңінен қолданылады. Конструкциялары бойынша олар ашық және жабық
болып бөлінеді, ал белгілеулері бойынша - магистральды және таратқыштық
болып екіге бөлінеді.
Цехтық жүйелер қоректендіру көзінен шығарылатын қоректендіргіш
(шағын станциялар) және электр қабылдағыштары жалғанатын таратқыштық
болып бөлінеді. Электрлік жүйелердің схемалары магистралды және радиалды
болып орындалуы мүмкін.
Радиальды схемалар қоректендіру көзінен сымдардың таралуымен, ірі
электр қабылдағыштар мен топтық тарату пункттерінен
, өз кезегінде басқа да ұсақ электр қабылдағыштармен
қоректенетін өздік сымдардардың шығарылып таратылуымен сипатталады.
Магистральды схемалар негізінен цехтың ауданы бойынша жүктемелердің
біркелкі таралуы кезінде қолданылады.
Өткізгіштің көлденең қимасы мына өрнектен таңдалынып алынады:
Ι дд ≥ К з × Ι н . р ,
(1. 5)
Ι пр ≥ Ι р .
1 - дөңгелектеп аралау станогы
I н. р. = 20А; Iдд = 1×Iн. р. = 1×20= А; IР= 20А,
18 > 16 А,
Өткізгішті (сымды) АПВ 4×(1×2, 5) кесте бойынша таңдап аламыз
2 - жону станогы
I н. р. = 10; Iдд = 1×Iн. р. = 1×10= А; IР= 10А,
18> 8 А,
Өткізгішті (сымды) АПВ 4×(1×2, 5) кесте бойынша таңдап аламыз
3 - сүргілеу станогы
I н. р. = 12. 5А; Iдд = 1×Iн. р. = 1×12. 5= А; IР= 12. 5А,
18 > 10 А,
Өткізгішті (сымды) АПВ 4×(1×2, 5) кесте бойынша таңдап аламыз
4 - бөренені цилиндрлеу станогы
I н. р. = 200А; Iдд = 1×Iн. р. = 1×200= А; IР= 200А,
200 ≥ 200 А,
Өткізгішті (сымды) АПВ 3×(1×95) +1×50 кесте бойынша таңдап аламыз
5 - тегістеу (ажарлау) станогы
I н. р. = 1. 25А; Iдд = 1×Iн. р. = 1×1. 25= 1, 25А ; IР= 1. 25А,
18> 1, 25 А,
Өткізгішті (сымды) АПВ 4×(1×2, 5) кесте бойынша таңдап аламыз
6 - тәждік біріктіруді өңдеу станогы
I н. р. = 40А; Iдд = 1×Iн. р. = 1×40= 40А; IР= 40А,
40≥40 А,
Өткізгішті (сымды) АПВ 4×(1×8) кесте бойынша таңдап аламыз
7 - фрезерлік станок
I н. р. = 25А; Iдд = 1×Iн. р. = 1×25= 25А; IР= 25А,
28 > 25А,
Өткізгішті (сымды) АПВ 4×(1×4) кесте бойынша таңдап аламыз
8 - форматтық пішу станогы
I н. р. = 2. 5А; Iдд = 1×Iн. р. = 1×2. 5= 2, 5А ; IР= 2. 5А,
18 > 2, 5 А,
Өткізгішті (сымды) АПВ 4×(1×2, 5) кесте бойынша таңдап аламыз
9 - рейсмустық-жону станогы
I н. р. = 25А; Iдд = 1×Iн. р. = 1×25= 25А ; IР=
28> 25 А,
25А,
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz