Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылықтың дамуына шет елдік тәжірибенің әсері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылықтың дамуына шет елдік тәжірибенің әсері

МАЗМҰНЫ

:
:
:
: 1
: 1. 1
: 1. 2
: 1. 3
:
: 2
: 2. 1
: 2. 2
: 2. 3
:
: 3
: 3. 1
: 3. 2
: 3. 3
:
:
:
:
:

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: қонақжайлық қазақ халқының ертеден келе жатқан қасиеттерінің бірі. Бұл сөздің растылығы XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған дерегінен байқалады: «Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет». Сонымен қатар, XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальдта былай деп жазды: «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз ұйықтай беруіне әбден болады» [1] .

Қазақ елінің әр отбасына тән ерекше қасиеттердің бірі - ежелден бері келе жатқан қонақжайлылық. Қонақ болып келу үшін оның таныс болуы, діндес, теңдес болуы шарт емес. Әрбір жолшыбай өтіп бара жатқан жолаушы, кез-келген қазақ үйінде қонақасыны «бөлінбеген еншім» деп талап етуге еркі болған. Қонақ асыны «бөлінбеген енші» деу қазақ халқының арасында дәстүрге айналып қалыптасқан халық жорасы екендігінің дәлелі. Осындай қазірге дейін жалғасып келе жатқан дәстүрдің шығу тегін сонау аңыз Алашқа апарып тірейді. «Алаш қартайған кезінде қолындағы бар малды төртке бөліп, үш бөлікті үш баласына - Ұлы, Орта және Кіші жүзге берген екен. Ал өзінде қалған төртінші бөлікті қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуінің ортақ меншігіне қосыпты». Сол себепті, аңыз бойынша әр қазақ үйінің есігін қағып кірген жолаушыға, қандай қазақ болсын ыстық тамағын, жылы орынның, төрін, тағы да басқа ізгі қамқорлықтарын жасап тұруға міндетті болса керек.

«Қонақжайлылық индустриясы» қонақтарды күту және оларға қызмет көрсетуге қатысты қызмет нарығында мамандандырылған кәсіпкерліктің әр түрлі нысанындары үшін жинақталмалы түсінік болып табылады. Осы саладағы қызметтің барлық түрлерін қамтитын біртекті тізім жоқ. Алайда, негізгі бағыттарды айқындап көрсетуге болады, олардың қатарына қоғамдық тамақтандыру, қонақтарды орналастыру, тасымалдау және демалысын ұйымдастыруды жатқызуға болады. Оларды зерттеу қонақжайлылық индустриясы туралы жалпы түсінік алуға мүмкіндік береді. Қызмет көрсету саласының осы негізгі төрт бағыты Қазақстан Республикасының қонақжайлылық индустриясының негізі болатыны сөзсіз. Бұл ретте «қонақжайлылық» принципі жалпы детерминанты болып, аталған салаларды біріктіреді [2] .

Жалпы Қазақстанда туризмнің жан жақты даму мүмкіншілігі бола тұра, бұл мүмкіншіліктер толық дәрежеде қолданылмайтынын атап өту керек. Барлық көрсеткіштердің өсу тенденциясына қарамастан, олардың үлесі азғантай. Туризмді дамытуға жағдай жасау үшін оған кешенді ыңғай қажет. Біздің елімізде қонақ үй қызметін арттыру мәселесі үлкен маңызға ие. Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй саласында қызметкердің имиджін құру, квалификациялы білікті жұмыскерлерді дайындау - халықаралық қатынас пен байланыстағы, республика аумағындағы өзекті мәселелердің ең маңыздыларының бірі болып табылады. Қазақстан деңгейін жоғары деңгейге көтеру үшін- қонақ үйлік туристік индустриясын дамытуға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру керек.

Бүгінгі таңда қонақжайлылық индустриясы экономикамыздың дамуының әлеуетті және болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Ал туризм болса, әлеуметтік - тұрмыстық инфрақұрылымның сала аралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді ала отырып, әлемдік ұлттық өнімнің 110 бөлігін қамтамасыз етеді. Дүниежүзілік туризм ұйымының мәліметтеріне сүйенсек қазіргі кезде әрбір он бесінші қызметкер қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен жеті пайызы, салық түсімдерінің бес пайызы, тұтынушы шығындарының он бір пайызы келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине, туризм индустриясының, оның ішінде қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталады. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен қатар мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп, халықтың танымдық деңгейін көтереді. Халықаралық туризмде қонақжайлылық индустриясы негізгі орынды алады. Туристiк ағымдар туризм индустриясының осы секторының көлеміне және ұсынылатын орындар сапасына тікелей байланысты. Қонақ үй шаруашылығының мәселелерi (басқару, қаржыландыру, дизайн) туризмге экономикалық талдау жасаудың негiзi болып табылады [3] .

Зерттеу нысаны: Қазақстандағы шет елдік қонақ үй желілері, олардың құрлымы мен даму жағдайлары.

Зерттеу пәні: шет елдік тәжірибенің Қазақстандағы қонақ үй желілері мен қонақжайлылығына әсер етуі.

Жұмыстың мақсаты: қазіргі кездегі қонақ үй бизнесінде кездесетін мәселелерді анықтап, оларды ұтымды шешу жолдарын табу арқылы қонақ үй кәсіпорындарын дамытудың жаңа әдіс-тәсілдерін ұсыну.

Зерттеу міндеттері: қонақ үй бизнесін дамытуға келесі міндеттер туындайды:

  • қонақ үй шаруашылығының қарқынды индустрияға айналдыру тәсілдерін қарастыру;
  • дамыған елдердегі және жақын шет елдердегі қонақ үй шаруашылығының индустрия ретінде негізделуін сараптау;
  • экономика саласы ретінде қонақ үй бизнесінің мәні мен ерекшеліктерін анықтау;
  • қонақ үй кәсіпорнының ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау;
  • қонақ үй кәсіпорындарында ұсынатын қызмет жиынтығының ерекшеліктерін зерттеу;
  • ұтымды тәсілдерді қолдана отырып қонақ үй кәсіпорындарының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолдары.

Қонақ үй бизнесі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда жетекші салалардың біріне айналып отыр. Экономикалық қызметтің сферасы ретінде қонақ үй бизнесі қаржылық ауытқуларға шалдығуда. Қонақ үй кәсіпорындары қазіргі кезде қонақ үй қызметтеріне қалыптасқан өзгерістерді жете түсіну үшін бұл ауытқуларды ескеруі қажет.

Зерттеу әдістері: дипломдық жұмысты қорғауда әзірлеген уақытта келесідей әдіс-тәсілдердің түрлерін қолданылды: мәліметтер жинау (әдебиет көздері, ғылыми мақалалар, күнделікті баспасөз беттерінде жарық көріп отыратын мағұлматтар, энциклопедиялық баспалар, ғаламтор беттер), жинақалған ақпараттарды сараптау және талдау, сонымен бірге қонақ үйлерге бақылау, салытыру және тәсілдер пайдалану [4] .

Зерттеу әдістемесі: жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін қонақ үй бизнесін басқарудағы шетелдік, отандық тәжірибелердің көрсеткіштеріне негізделген түрлі әдістемелік нұсқаулар, қонақ үй әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.

Жұмыстың теориялық маңыздылығы: туристiк қызметтер нарығының дамуымен анықталады, бүгiнгi күнi оған тән сипаттама интерұлттық, интеграция және аймақтану, туристiк сұраныс пен ұсыныстың динамикалық өзгерiсi болып табылады. Қазiргi заманғы нарықтың осы шарттарында жоғары деңгейлi сервистi ұйымдастырудың рөлi мен алатын орны үздiксiз ұлғаюда. Сервистiң деңгейiн және қонақ үй қызметiнiң сапасын жоғарылату шаралары мен олардың отандық қонақ үй кәсiпорындарында пайдаланылу ерешелiктерiн терең зерттеу талап етiледi.

Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: қазіргі таңда қонақ үй секторлары бизнесте өз үлесін алуға талпынады және ол үшін туристерді ақшасын өздерінің қызметтерін тұтынуға, жұмсауға көндіруге тырысады. Шет ел қонақтары көбінесе ірі қонақ үй желілерінің қонақ үйлеріне тоқтайды. Қазақстандағы қонақжайлылықтың дамуы жүйелі түрде өсіп келеді [5] .

Жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Бірінші бөлімде, қонақжайлылықтың шығу тарихы, жағдайлары, факторлары мен қонақжайлылық индустриясының үдерістерін қарастырамыз.

Екінші бөлімде, халықаралық қонақ үй бизнесінің негізгі кезеңдері, ерекшеліктері мен қазіргі экономикадағы рөліне тоқталып өтеміз.

Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылықтың дамуына шет елдік тәжірибенің әсері мен ел аумағындағы қонақ үй желілерінің қонақ үйлерін қарастырамыз.

  1. ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚТЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ даму тарихы

Азиядағы қонақжайлылықтың даму тарихы. «Қонақжайлылық» түсінігі адамзат өркениеті сияқты ежелгі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш пайда болуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар жеріне тоқтау себебтерімен тікелей байланысты. Қонақ үйлер әдетте бір орыннан басқа орынға баратын басты жолдардың бойында орналасады. Сонымен бірге, жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет қызметкерлері мен өкілдері саяси жұмыстарын жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана болу, сол жерде тамақтандыру, аттарын ауыстыру қызметтерін ұсынады. Уақыт өте тегін қонақжайлылық кіріс табуға есептелінген мекемелерге айнала бастады. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыс, Орталық Азия және Кавказия елдерінде орын алды. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылап, түнеп шығатын болды. Олар әдетте шатырларда, кей кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарына жайғасып, түнеп шықты. Сауда байланысының дамуы Азиядағы қонақжайлық шаруашылығының біршама өсуіне әкеліп соқтырды. Мысалы, XIV ғасырда 150-ге жуық қонақ үйі орын алды. Дегенмен, сол кезеңдердегі қонақжайлылық шаруашылығы ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, тазалық деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII-XIX ғасырлардағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өркендеуі, Азия қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етті. Қонақ үй шаруашылығы үлкен табыс әкелетін маңызды салалардың біріне айнала бастады [1] .

XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы қонақжайлылықтың, туризмнің дамуымен байланысты. Теңіз жағалауларында, минералды су көздері жағасында, табиғаты керемет орындарда ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе, заман талабына сай техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жасалынуы, қызмет көрсету әдістері және түрлері өзгерді. Экономиканың осындай облысында компаниялар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар және синдикаттар пайда бола бастады. Осындай біріккен ірі мекемелер өз еліндегі қонақ үй шаруашылықтарын басқара отырып, сонымен қатар, басқа мемлекеттерде де қонақ үй тұрғызумен айналысты. 1906 жылы «халықаралық қонақ үй иелерінің одағы» құрылып, әр түрлі әлем елдерінің 1700 қонақ үй иегерлерін біріктіруді жүзеге асыра бастады. Қонақ үй шаруашылығының жылдам қарқынмен дами бастауы XX ғасырда басталды. Бұл жағдайға себеп, автомашиналардың сапалы және сандық бағытта тез өркендеуі, әуе және темір жол транспорты, мемлекет аралық сауданың, мәдениеттің, ғылыми-техникалық және спорттық байланыстардың өріс алуы болып табылады [2] .

Қазіргі «қонақжайлылық индустриясы» дегеніміз - қонақ үйлер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын-сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайды.

Еуропадағы қонақжайлылықтың даму тарихы. XX ғасырдың басындағы Еуропалық қонақжайлылық индустриясындағы өзгерістер қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты: өмір ритмінің жылдамдауы, қоғамның демократизация жаққа қарай қайта құрылысы өтеді. Бұлардың барлығы стандартты қызмет көрсетуге деген сұранысқа әкеледі: ыңғайлы және қол жетімді. Қонақжайлылық саласында өз елінде ғана емес, сондай-ақ бөгде елдердегі қонақ үй құрылысымен және қонақ үй шаруашылығымен басқаратын компаниялар, корпорациялар мен синдикаттар пайда болады. Бұл ұйымдар- қонақ үйлік нөмерлерге деген бағаларды орналастырған, қонақ үй бизнесінің кадрларын дайындаған, туризмнің жалпы дамуына үлес қосқан. 1906 жылыәртүрлі елдердегі 17000 қонақ үйдің қожайындарын біріктірген «халықаралық қонақ үй иелерінің одағы» құрылды [3] .

Еуропаның қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындары үшін жаңа тарихтың бастамасы болып - «алтын эра» басталды. Ол XX ғасырдың 60 жылдарының басынан бастап 80 жылдардың аяғына дейін жалғасты. Бұл әрине, орналастыру құралдарының көлемді құрылысының эпохасы болды. 1960 жылдан бастап Жерорта теңізіндегі курорттардағы қонақ үй шаруашылығының жаңа кәсіпорындарының құрылысы басталды. 1970 жылдан бастап скандинав елдерінде бизнес-қонақ үйлердің белсенді құрылысы басталды. Қонақ үй және туристік кешендердегі қызмет көрсету нарығының қалыптасуының кез-келген халықаралық деңгейдегі қонақ үйінде қызметші өз деңгейінде қонақтарды қабылдауда немесе қызмет көрсетуде басты маңызды рөл атқаратын тұлға. Қазіргі таңдағы техника саласының жаңа үрдісте даму кезеңінде, қонақ үй қызметкерлеріне қойылатын талаптар да өте жоғары деңгейде болады. Оған қойылатын негізгі талаптар: кәсіби шеберлігі жоғары, түр тұлғасы жинақы, сыпайылықты сақтайтын, қызмет этикасы, шет тілін меңгергеруі және де тағы басқа деңгейде жоғарғы санаттан көрінуі қажет. Қонақ үй кәсіпорындары қазіргі таңда деңгейі жоғары бәсекелестік бағытында дамуда. Әрине, жоғары дәрежелі қонақ үйлердің қызмет көрсету деңгейі, кез-келген мемлекеттік экономикалық деңгейін әбден көрсетуі мүмкін [4] .

Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсету сапасы, туристерді қабылдауда немесе туристердің санын арттыруда тиімді үлес қосатындығы басты маңызға ие. Қазіргі таңда, қонақ үй шаруашылығының дамуы немесе қызмет көрсетуі олардың категорияларға бөлінуі, бұл әлемдік, яғни, халықаралық туристік қызмет сапасының артуынан туындайтын жағдай. Нарықта қонақ үй бизнесі саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар көрсететін қызметтер туралы ақпараттары жеткіліксіз, ал сатып алушылар саны одан әлдеқайда артығырақ.

Ең алғаш рет қонақ үй шаруашылығы түсінігі антика заманында қолданыла бастады. Антика дәуірі - тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет дәуірі және қайталанбас тағдырымен ерекшеленетін және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп келген және шығу тарихы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей болған емес. Антика заманының «алтын шынжыр» мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде тоғыстырады [3] .

Еуропалық қонақжайлылықтың дамуы антикалық негізде құрылған. Жерорта теңізі аумағы, Таяу Шығыс, Атлант мұхитынан Қара теңізге дейінгі еуропа жерлері, Британиядан Италияға дейінгі кең алқаптар антикалық стильде біраз ғасырлар бойы дамып келеді. Антикалық заман әлемге және адам қауымына саяси және әлеуметтік формалар енгізді. Демократия да Ежелгі Грекияда пайда болған термин. Рим республикалық қатардың тәсілін берді, сонымен бірге, көптеген халықтың, тілдердің, діндердің және жерлердің дамуына ықпал жасады. Антика заманында көптеген ғылымдардың негізі жатыр. Антика заманына маңызды құндылықтарды гректер мен римдіктер қалдырып кетті. Ең алғаш рет қонақ үй шаруашылығы туралы ескі манускриптерде - Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың қожайындарына билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген. Келушілердің құрамы бірнеше түрлі болған. Кейбіреулері «қонақжайлылық» сөзі ескі француз сөзі «ospis» - біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі «hospitalis» дегенді, яғни қонақжайлылық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар деп - осылай антика заманында өз үйінде, отбасымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және қорғаныс жөнінде келісімге келген.

  1. Қонақ үй индустриясының даму жағдайлары және факторлары

Егер кез-келген қонақ үй қызметінің мақсаты пайданы (табыс) алу болса, онда бұл мақсаттың құралы тауар мен қызметті өндіру болып табылады. Туристік өнімді өндіру, жаңа тұтынушылық бағаны құру немесе барды күрделендіру, жақсарту, жаңарту үдерісі жатады. Қызметші өндірісті ұйымдастырушы ретінде мұндай өндірісті қалай ұйымдастыру керектігін білу қажет, және де оны ұйымдастыру жағдайында болуы тиіс. Алайда, оны тур-өнімді немесе қызметтерді өніруді ұйымдастыру үшін осы ұйымдастыру мүмкін болу үшін белгілі бір жағдайлар қажет. Туристік өнімді өндіру біріншілік қорларды керек етеді, яғни қонақ үй қызмет жағдайында, ол экономикалық теорияда өндіріс факторлары деп аталынады. Экономикалық ғылым өндіріс факторларына дәстүрлі еңбекті, капиталды және де орынды жатқызады [5] .

Қонақ үйде қызметтерді өндіруде жер маңызды фактор болып есептелінеді. Себебі, табиғи және әлеуметтік-мәдени жағдайлар демалу орынның негізгі себебі болып табылады. Ауылшаруашылықтағы сияқты жер өндірістің маңызды факторларының бірі бола тұра, табыстың басым бөлігін анықтайды, сол секілді, қонақ үйдің рекреациялық қорларды бағалауы технологиялық үдерісті тек туристік табиғи қолдану формалары мен тәртібін анықтау үшін ғана емес, сондай-ақ туристік рентаны анықтау үшін құрайды - туристік табиғи қолдану сипатына тәуелді оның рекреациялық игілігінің дамуы мен қалпына келтіруге берілетін табыстың міндетті бөлігі болып табылады. Заманауи жағдайда экономикалық белсенділіктің арнайы формасы ретінде қонақ үй қызметі өндіріс факторларының кең ауқымды жиынтығын қажет етеді. Туризмде қонақ үй қызметі - бұл экономикалық дамуды қамтамасыз ететін факторлардың пайдалы қиылыстарын жүзеге асыру болып саналады. Қонақ үй бизнесінде, әсіресе жаңа ойларды пайдалану маңызды және оларды жүзеге асыру еркіндігі, тек факторлар жиынтығының бар болуы ғана емес.

Қазіргі кезде қонақжайлылық индустриясында қонақ үй бизнесін мемлекеттік қолдауы мақсатты түрде бюджеттік инвестицияларды мүлдем қарастырмайды, алайда ҚР Президенті Н. А. Назарбаев былай деген: «Елдің аман болашағы - бүгіннен басталады», республикалық белсенділік мүшелеріне назар аударып, кез-келген инвестициялық жоба жұмыс орнының өсуіне қызмет ету керек: «Үкімет және жергілікті билік туризмге бағытталу тиіс - мұнда мүмкіндіктер үлкен, ең алдымен, жаңа жұмыс орны жағынан» - деп атап өтті. Қонақ үй қызметінің белсенділігі саласында жұмыс орындарын жасағанда қонақ үй кадры мәселені шешеді, саяхаттау уақытында туристерге қызмет көрсету мен турөнімді өндіру үдерісін сапалы әрі кәсіби қамтамасыз ете алуын қарастырғаны жөн. Сондықтан, қонақжайлылық индустриясында қонақ үй қызметінің бесінші жағдайы кадр болып табылады, онсыз әрбір қызмет мүмкін болмайды [4] .

Қонақжайлылық индустриясының дамуы мақсатына негізделген арнайы мамандығы және белгілі бір идеялогияға сүйеніп дайындалған кәсіпқой маман қолайлы әлеуметтік қызметтерімен ғана саяхатты ұйымдастыра алады. Осыған орай, қоғам назарында да, туристердің назарында да мемлекеттік органдар қонақ үй қызметіне тек кәсіби дайындалған мамандарды өткізуі тиіс, ал қонақ үй - өзінің қызметкерлеріне квалификациялық талаптарды көтеру мен үнемі өсуге талпындыруы тиіс. Қонақжайлылық индустриясы әлемдік экономикадағы және мәдениеттегі орны тұрақты әрі жылдам өсуде, ал осымен қонақ үй менеджерлерінің кәсіби орны да өз кезегінде өсуін көрсетеді. Сондықтан, мамандарды кәсіби дайындау туризмнің әлеуметтік және экономикалық өсуіне байланысты тұрақты дамыту қажет. Турөнімді өткізу үшін және оның туристік қызметтер нарығында орын алуы үшін қызметкер тұтынушыларға ең қызықты экзотикалық турларды жасап ұсынуға ұмтылуы қажет. Осыған орай, қонақ үй мамандары жоғары сапалы қызмет көрсетумен қатар турларды экзотикалық элементтермен құрастыру дағдылары болуы тиіс.

Қонақ үйлік кызметтің негізгі жайғдайлары мен факторларын жүзеге асырудың сараптамасын қорыта айтсақ: туризм саласында қонақ үй қызметін жүзеге асыру үдерісі туристік қызмет пен өнімді өндірудің міндетті бес қажетті жағдайы мен факторларын қарастырып өтеді: кәсіпкерлік ойды; ойды жүзеге асыру технологиясын; белгілі бір технологияны пайдалануға мүмкіндік беретін өндіру құралдарын; капитал; кадр. Тиімді қызметтің белсенділігін іске асырудың негізгі жағдайы туристік тауарлар мен қызметтерді өндіруде жетістіктерге жетудің өндірістік факторларын қосудың қолайлы формасын таңдау қажеттілігі. Қонақжайлылық индустриясында ұйымда ақпараттандыру жүйесін қалыптастыру үшін информация көлемі мен құрамын дұрыс анықтау; оны алу уақытын, мезгілін және периодтылығын анықтау; жаңа хабарларды орындаушыларға жеткізу әдістері; ақпараттарды қызметшілерден жетекшілікке беру формасы болып табылады [5] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Қазақстандағы туристік кәсіпорындарды дамытудың негізгі маркетингтік тәсілдері және бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің дамуын талдау
Қазақстан Республикасындағы шет елдер инвестициясы
Қонақжайлылық индустриясының қалыптасуы
Қазақ салт - дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу
Дәстүр тарихы
Майбалық демалыс үйі негізінде туристік кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін жоғарлату
Туристік қызмет нарығын дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz