Психологиялық басқарудың мәні


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- БАСҚАРУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
1. 1 Басқару: ғылым және өнер
1. 2 Психологиялық басқарудың мәні
- Психологиялық басқарудың негізгі әдістері
1. 4 Бacқaрудың жапoндық пcихолoгиялық үлгіciнің ерeкшелiктері
2 ОТЕЛЬДЕРМЕН БАРЛАРДЫҢ ЖАЛПЫ ПСИХОЛОГИЯСЫ
- Эмоциялар
2. 2 Қaбылдау
- Танымдық процесстер
- Топтағы жұмыс: топтық психология
- Басқарудың психологиялық теорияларыБасқару стильдерінің теориясыБасшылық және лидерлілік
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: Қонақжайлық -қазақ халқының ұлттық салт-дәстүрінің бірі. Қазақ даласында кез келген жолаушының кезіккен ауылдан тамақтанып, тынығып алуына мүмкіндігі болған. Әрбір үй иесі оны барынша сән-салтанатымен, пейілімен қарсы алып, ақ тілеумен шығарып салуды өмірдің айнымас шартына балаған. Отбасы үшін жолаушыны қонақжайлықпен күтіп алу бұлжымайтын моральдық-этикалық қалып ретінде орныққан; қонақжайлық қонақ; қонақасы; қонақ кәде.
Қонақ күту. Қазақ халқы - ежелден қонақ десе ішкен асын жерге қоятын халық. Үй иесі бұрын танысын, танымасын «Құдайы қонақпын» десе болды, жылы шыраймен қарсы алып отырған. Жол жүріп кеп жатқан жолаушы «бөлінбеген еншісін бар» деп, жалынбай ауылдың кез келген үйіне түсіп, қонақ берген. Оның үстіне қазақта «қырықтың бірі қыдыр», «қонақты қусаң - құт, ырыс, қашады», «Қонақпен еріп құт, ырыс келеді» деген мәтелдер бар. Сөйтіп, бөлінбейтін еншіге қиянат жасауға болмайды. Бір қызығы, алты аласы, бес бересі болмаса да қонақ үй иесі тойдырмаса, күтпесе, ашуланып жамандап кететін болған. Қазақ үшін мұны есту ұят, бетке шіркеу болған. Сондықтан халқымыз қонақты қарсы алу, шығарып салуға ерекше мән берген. Қонақты үй иесі, қарсы алып, есікті өзі ашып, үйге енгізіп, соңынан өзі кіріп есікті жабады. Бұл - қонақпен еріп келген «құт» бірге кірсін дегені Ал қонақты шығарып саларда, есікті қонақтарға аштырып, соңынан өзі жауып шығатын болған. Осы күнгідей қонақтарға есікті ашып, іштен жауап алу деген болған. Қазақ халқы қонақтарды «арнайы қонақ» (қонақ) «құдайы қонақ» (жолаушылар келе жатып түстеніп не бір күн түнеп шығатын қонақ) «қыдырма қонақ» (алыстан ағайын, туған туыстарын арнайы іздеп келіп, бір немес бірнеше күн олардың сый-құрметін көріп қайтатын қонақ), «қылғыма қонақ» (қай үйден түтін шықса, қай үйге қонақ келсе, соны аңдып жүріп кеп қалатын сүйкімсіз қонақ) деп бөлген. Келген қонақтармен жөн сұрасқаннан кейін үй иесі қонағына ең жақсы тамақтарын беріп, риза етуге тырысады. Ең алдымен қонақтарға сусын, қымыз, шұбат, және т. б. беріледі. Содан кейін шай ішіледі. Әдетте шәйдi бойжеткен қызға құйдырады. Оның себебi қыз бала келешек шаңырақ иесi, ас иесi болғандықтан жастайынан қонақ күтудi үйрене берсiн деген ниет болған. Екiншiден бойжеткен қызға шәй құйғыза отырып қыздың аспазшылық өнерiн елге паш ету. Бiр үй толы қонаққа кесенi ауыстырмай, шәйдi қызыл күрен етiп баптап беру үлкен өнер. Осыны көрген жолаушы, әсiресе қариялар ойына түйiп, барған жерiнде "бәлененiң үйiнде бәлен деген бойжеткен қыз бар екен, шiркiннiң шәй құйысы, қонақ күтiсi-ай"-деп мақтайтын болған. Шайды дәмділеп құю, қонақтарға орнымен сый-сиапат көрсету сол үйдегі әйелдер мен бойжеткен қызға үлкен сын болған. Шайды дәмділеп құйып бере алмаған бойжеткен қыз тәрбиесіз саналып, әңгімеге ұшыраған. Шай ішілген соң асқа дейін қонақтардың көңілді отыруына, яғни олардың бабын табуға үй иесі бар жағдайын жасайды. Шәйдi сүт немесе қаймақ қатып қызыл күрең етiп баптап беру, дастарқанға бауырсақ, өрiк мейiз, iрiмшiк, құрт, май, қант салып түрлендiру-үлкен аспазшылық. Шәй құйып, келiншек ыдыс-аяқты, ожауды, салдырлатпай әдеппен беруi керек. Егер ыдыс-аяқты салдырлатып берсе қонақ "үй иелерi жақтырмай отыр" деп ойлау мүмкiн. Қонаққа шәй екi қолдан алынып берiледi, немесе шыныны оң қолымен ұстап, сол қолдың алақанын жайып, шыны ұстаған қолдың бiлегiне тигiзiп, еңкейiп ұсынады. Қазақ елiнде кез-келген уақытта қонағына мал сойып бермеген, бiрақ қонаққа деп әрқашан сыбаға сақтаған. Жазды күнi қонаққа ең болмағанда марқа сойылса, қысты күнi соғым етiнен тартылған мүшелi табаққа риза болады. Мал союдың да өзiндiк жөн-жобасы бар. Арнайы қонақ шақырып, той жасағанда келүшi кiсiлер саны оннан аспаса-бiр семiз марқа, жиырма болса-тоқтылы қой не екi үлкен ту қой, отыздан асса - бiр құлын не тай сойылған. Ал құдайы қонаққа қой баласынан "қоңыр тоқты", ешкi баласынан "қара шұнақ лақ", жылқы баласынан "торысын" сойған. Келесi кезекте қонақ сыбағасында мал сойылған жағдайда қонақ алыстан келген аса сыйлы адам болса сойылатын. Мал есiктен кiргiзiлiп союшы малдың мiнер жағына бiр тiзерлеп отырып, екi қолың қойдың мойнынан орай ұстап, алақаның жайып қонақтан "әумин" деп бата тiлейдi. Қонақ бата iстеуге тиiс, бата әр түрлi мазмұнда болады. Бата үй иесiнiң пиғылына ризалық бiлдiру, малжанның амандығын тiлеу сияқты болып келедi. Арнайы келiп қонған сыйлы қонаққа мал соймай, өлi етпен жөнелту, немесе көже, құрт, май, шәй, айран-шалап беру үлкен айып саналған. Ондай сараң байларға ақындар өлең шығарып масқаралап жұртқа жайған. Ет жеудiң алдында қонақтың қолына су құйылады. Су құюшы бала сол қолына леген, оң қолына құман ұстап, оң иығына сүлгi орамал алып, қонақтардың қолына жағалай су құйып шығады. Су құюшы балаға қонақ ықылас бiлдiрiп, рахметiн, тiлегiн айтады. Қазақта сыйлы қонаққа бас тарту ежелгi ел дәстүрi. Ол - адам әлемдi баспен билейдi деген ұғымды бiлдiру. Әр қонақтың өзiндiк сый-сыпаты, мүше ұстау рәсiмдерi бар. Мысалы бас жасы үлкен ақсақалға, алыстан келген ең сыйлы қонаққа ұсынылса, онан кейiнгi отырған қонаққа асықты жiлiк ұстатады. Ал күйеу бала мен келiнге төс тартады. Қонақ тамақ iшiп болған соң ауыл адамдары(әсiресе жастар), "ауылдың алты ауызын" айтып, қонақтың көңiлiн көтередi де, кезектi қонаққа бередi. Қонақ не өлең айтып, домбыра тартуы керек, немесе ертек айтуы керек. Мұны "қонақ кәде " дейдi. Ал өнерден құралақан адам болса, қонақты аспаға асып, есек болып айқайлатып, тауық болып шақыртып сайқы мазақ жасайды. Әрине өнерсiз қазақ болмайды. Ондай жаза сирек қолданылады. Кештiң соңында үй иесi қонақты жайлы төсек-орынға жайғастырып: "Жайлы жатып, жақсы тұрыңыз", "Жақсы түс көрiп жатыңыз" деп өзi де демалады. Қонағын аттандырар кезде, отағасы қонағынан "бұйымтай" сұрайды. Қалыптасқан дәстүр бойынша қонақ үй иесiнiң атын, мылтығы мен итiнен басқа кез-келген затты сұрауына болады. Үй иесi қонағының көнiлiн жықпай, қалауын берiп, "көрiскенше күн жақсы, қош, сау болыңыз!" деп қоштасып, аттандырып салады. Қонақ күту - халқымыздың ең жауапты ісі. Сонымен, қазақ халқының қонақ күту дәстүрi ел-жұрт арасындағы iзгi қарым-қатынастарды нығайтуға, ағайын-туысқандарың, көршi-қоландардың алыс-берiсiне, үлкендi-кiшi болып сыйласуына, өскелең ұрпақты жастайынан көпшiл, мейiрiмдi, үлкендi құрметтеп, кiшiге қамқоршы болуды үйретуге өте зор ықпалын тигiзген. Дастарқаны мол, пейiлi кең қазақ халқының қонақ жайлылығын бұрын-соңды қазақ даласында болған саяхатшылар, ғалымдар және қызмет бабымен келген адамдар жоғары бағаланған.
Зерттеу нысаны: Қазақстандағы қонақ үй индустриясын басқарудың психологиялық аспектілері.
Зерттеу пәні: Психологиялық аспектілердің Қазақстандағы қонақ үй индустриясын басқаруға әсер етуі.
Жұмыстың мақсаты: Қонақжайлық индустриясындағы басқарудың басты психологиялық аспектілерін анықтау және олардың ерекшеліктерін талдау.
Зерттеу міндеттері:
- Қонақжайлық индустриясындағы басқарудың ерекшеліктері
- Басқарудағы психологиялық аспектілердің рөлі
- Қонақжайлық индустриясындағы басқарудың түрлерің анықтау
Зерттеу әдістері: Ақпаратты жинау әдісі ретінде бақылау әрқилы жағдайларда қолданылады. Біріншіден, жоспарланған зерттеудің бағытын нақтылау үшін алдын ала мәлімет жинауда. Осындай мақсатпен қолданылатын бақылау зерттелінетін құбылысқа деген көріністің ауқымын кеңейтеді, маңызды жағдайлардың ерекшеленуіне, «әрекет етуші» адамдардың анықталуына ықпал етеді. Екіншіден, бақылау психологиялық ақпаратты алудың басқа амалдары болмаған жағдайларда қолданылады.
Бақылауда бейнеленуі тиіс маңызды элементтердің ықтималды тізімі бар:
а) бақыланушылар - жағдайларға қатысатын адамдардың саны, топтың әлеуметтік-демографиялық құрылымы, ондағы өзара қатынастардың сипаты, жағдайға қатысушылардың арасында рөлдердің үлестірілуі;
ә) жағдай - бақыланған жағдайдың орналасқан жері және заттардан құралған ортаның іс-әрекетке деген ықпалы;
б) топ іс-әрекетінің мақсаты - бақыланған жағдайдың кездесоқтығы немесе заңдылығы, топтың жиналуына ықпал еткен нақты ресми немесе биресми мақсаттардың бар жоқтығы, жағдайға қатысушылардың әртүрлі мақсаттарының үйлесімдігі немесе қарама-қайшылығы;
в) әлеуметтік мінез-құлық - бақыланған топ іс-әрекетінің сипаты, іс-әрекет стимулдары, іс-әрекеттің кімге (неге) бағытталғандығы, топтағы психологиялық ахуал, сол орынға тән әлеуметтік мінез-құлық, бақыланған топ мүшелерінің мінез-құлықтарындағы ықтималды ауытқулар;
г) бақылау жиілігі мен ұзақтығы - жағдайды бақылау уақыты, ұзақтығы және қайталанушылығы, оның бірегейлігі.
Зерттеу әдістемесі: Ғаламтор желісіне, кітаптарға сүйіне отырып сауалнама жасадық.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы: Тейлор Ф. У, Дуглас Мак-Грегор, Зигмунд Фрейдт, Курт Левин, Карл Густав Юнг сияқты атақты тұлғалардың теориясына сүйіне отырып жаздық
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: Осы дипломдық жұмысымызда төмендегідей тәжірибе жасадық:
- Студенттердің арасында қонақ үйлермен мейрамханаларға байланысты сауалнама жүргіздік;
- Оқытушылардың арасында қонақ үйлермен мейрамханаларға байланысты сауалнама жүргіздік;
- Осы салада жұмыс жасайтын тұлғаларға басқарушылық жайында сауалнама жүргіздік;
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Дипломдық жұмысымыз кіріспеден, үш бөлімнен, қортындыдан, әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.
- БАСҚАРУДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯНЫҢ ӘДІСТЕРІ
1. 1 Басқару: ғылым және өнер
Басқару бір уақытта көне өнерге де және жаңа ғылымғада жатады. Ғылым ретінде басқару біртіндеп толықтырылып отыратын білімдер мен оларды алу әдістерінің жиынтығы ретінде анықталады. Психологиялық басқару адамдардың басқа адамдарға, топтың бір қоғамға тигiзетiн ықпалының механизмдерi мен оны дамыту тәсiлдерiн ұғынып, түсiндіру негізінде оның табиғаты жайлы мәліметтерді қарастырады.
Психологиялық басқарудың тек өзіне ғана тән зерттейтін пәні бар, ол басқару барысында ұйымдастыру заңдылықтарымен адамдардың арасындағы сол процестің барысында болатын қатынастарын зерттеп, зерттеу нысанының ерекшілігіне сай келетін әдістемелік негіздерді анықтайды және сонымен қатар басқару нысаны деген белсенді ықпалдың жүйесі мен негіздерін құрайды, сонымен қатар зерттелінген процестерді алдын ала болжап тәсілдерін зерттейді. Психологиялық процестердің зерттелуі және олардың жүйеге енгізілуі, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды құрастыру үшін олардың арасындағы байланыстарды анықтап және заңдылықтардың ашылуын психологиялық басқарудың ғылым негізінде мақсатты болып табылады. Психология ғылым негізінде басқару құрылымындағы жұмыстың тиімділігі мен сапасын көтеру мақсатында басқарушы іс-әрекеттің психологиялық жағдайлары мен ерекшеліктерін анықтайды. Басқарудың жұмыс уақыты басшылардың іс-әрекеттері арқылы жүзеге асырылады. Басқаруда төмендегідей негізгі бағыттар ерекшелінеді: ұжымның басқарушы жүйесінің күйі мен өзгешіліктерін анықтап және болжау, қызметкерлер жұмысының бағдарламасын жасап, басқарушының іс-әрекетін жетілдіру. Психологиялық басқару басқарушы тұлғаның қабілеттерін зерттейді: оның басқарушылық қажеттіліктері мен қабілеттерін, жеке басқару әдісін, басқару ережелері мен ұстанымдарын зерттейді. Сонымен қатар, психологиялық басқару құралған басқару жүйесіндегі басқарушылардың арасындағы әрекеттесу амалдарын анықтайды. Алайда басқару әрқашан танымның дедуктивтік және эксперименттік әдістеріне келе бермейді, себебі зерттелінетін әдістерді көптеген факторлардың әсерінен шеттетуге болмайды. Басқарудың тағы бір ерекше тұсы-ол ішкі сезімге әсер етеді. Ішкі сезім анықталған әрекеттің тәжірібиелік және теориялық білімдерге жүктеледі, бірақта дұрыс тандауға әкелетін ойлау процестерінің анықталмайтындығы, ішкі сезу жүйесінің аяқ асты пайда болатындығы, дәл нақты әдістері бар ғылым мен әсершілдікке ие өнердің тығыз байланысын дәлелдейді. Жақсы басқарушы орынды іс-әрекетін рационалды анықтап, дұрыс шешімге келуі қиынға соққан жағдайда, оны дұрыс шешімге итермелейтін басқарушылық сезімге ие болуы тиіс [1] .
Әр түрлі дәрежедегі басқарушылар ауыспалы әлеуметтік ортамен және де әр түрлі адамдармен тұрақты ара қатынаста болатындықтан дербес тәжірибесі және ішкі сезіміне сеніп, әр түрлі кездейсоқ құбылыстар мен нақты жағдайларды ескере отырып маңызды шешімдерді қабылдауға тиіс. Жағымды, әдеттен тыс шешімді шығармашылық іздеу әрекеттері басқаруға өнерге тән бітістерді таңытады. Сонымен қатар, Г. Кунц, С. О'Доннел сияқты ірі ғалымдар басқарудың ең бірінші кезекте өнер екенің дәлелдеді. Олар: «Басқару кезі мен ғылымды әр түрлі жағдайдың ақиқатында пайдаланудан құралған өнер болып табылады», деп болжаған. Ал «Басқарудағы іс-әрекет ол өнер болса да, олмен ажұмыс жасайтын адамдар сол өнердің негізіндегі ғылымды ұғынып, қолданыла алса, едәуір жоғары жетістіктерге жетер еді. Топтық ынтымақтастықтың жетістігімен тиімділігінің маңыздылығы әр түрлі қоғамда мойындалады, басқару барлық өнердің ең маңыздысы екенін сенімді айтуға болады». Адам іс-әрекетінің барлық түрінде өнер мен ғылым қолдап, өзара толықтырып, жетілдіріп тұрады. Топтық іс-әрекеттің нәтижесінде пайда болған кез келген шешім жеке адамдар ұсынған нұсқаулардан ерекшелінетін басқаруда ең кем шығынмен дұрыс шешімге келу іскерлігі басшы өнерінің айқын көрінісі болып табылады.
Басқарушы адам қарым-қатынас өнерін өте жақсы үйренген, адамдарды өзіне сендіре алатын, жүйрік ақылға ие, білімнің көптеген салаларына қанықыққан қайталанбас тұлға болуы керек. Алайда ол ен бірінші орында адамдармен жұмыс жасайтын болғандықтан «адам инженериясының» барлық қырларын білуге әрі оны жетілдіруші және психологиялық білімдерді үйренуге міндетті.
Негізінде «өнер» сөзі әр түрлі жұмыс технологиялық және эстетикалық мағынада іскерлікпен, шебер жаслағанда адам іс-әрекетінің кез келген жағында қолданылады. Өнер шығармашылық қабілеттің, білім және ішкі сезімнің, жеке түрлерін жаңа өзгеше комбинацияларға қосудың жоғары іскерлігі ретінде анықталады. Сонымен қатар ол шығармашылық ойды жетілдіреді, тұлғаның өз-өзін адами анықтауы мен сана сезіміне әсер етеді, эстетикалық танымдар мен мінсіз тұстарын жетілдіреді. Егер де өнер бізді қоршаған ортаны зерттеуге және бейнелі суреттеуге бағытталған іс-әрекет болған жағдайда, басқару өнері сол болжамға сәйкес болып келеді, себебі басқарушы туындағана шынайы жағдайларды тұрақты зерттеуі және қабылданған басқарушының шешімінің кез келген ұсыныстарын шығармашылықпен модельдеуің тиіс. Бірақта бұл ерекше өнер, өйткені ол өзіне психологияның, логиканың, шеберлік өнердің, этиканың, философияның, құқықтың, сонымен қатар тұлғаға әсер ету әдістерінің әлемдік жетістіктерін сіңіруде.
Басқару кадрларын кәсіби даярлау жағдайы жоғары рентабельді салымдардың бірі болып есептеледі, себебі біз осы міндетті орындауда жоғарғы экономикалық жетістіктер мен әлеуметтік проблемаларды шешу деңгейіне көтеріле аламыз. Осылайша тиімді басқару үшін оның теориялық негіздерін білу керек, практикалық тәжірибеге ие болып, теория мен тәжірибені шығармашылық тұрғыда қолдана білу керек, яғни ғылым мен басқару өнерін жетік меңгеруі тиіс [2] .
1. 2 Психологиялық басқарудың мәні
ХХ ғасырдың бірінші жылдарына дейін басқару ғылыми зерттеудің дербес саласы болып есептелінген жоқ. Aлғаш кезде ол жайында Ф. У. Тейлордың 1911 жылы шыққан «Ғылыми басқарудың негіздері» атты еңбегінде айтыла бастады. Ол жерде басқарушы еңбегінің негізгі қағидалары көрсетілген. Сәл кейінірек ХХ ғасырдың 20 жылдары кен өндіруші және металлургиялық компанияның басқарушысы, көпке танымал француз инженері А. Файоль басқару қағидаларының бір түрлі жүйесін сипаттап көрсетті. Дәл Файольдың қолдауымен басқару ерекше іс-әрекет ретінде есептеліп таныла бастады. Сол уақытта психология теориялық және қолданбалы бағыттарында ғылым ретінде қалыптасқан болатын. Басқару мен психологияның әрекеттесуінен, сондай-ақ дамып келе жатқан өндірістің талаптарына жауап ретінде мән аралық қолданбалы ғылым «психологиялық басқару» пайда болды.
Басқару психoлoгиясының мәнi: басқарушы іс-әрекетінің психологиялық негіздері, яғни: еңбек iс-әрекеттерінің психофизиологиялық ерекшеліктерi, ақпаратты жетілдірудің психологиялық ерекшеліктері, адамның адамды қабылдау механизмдері және адамның бір-біріне деген ықпал ету механизмдерi, еңбек ұжымын және сондағы тұлғааралық ара қатынастарды қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері және де тұтастай басқару іс-әрекетінің психологиялық факторлары. Психологиялық басқару ғылым әрі тәжірибе ретінде басқарушылардың психологиялық басқару мәдениетін қалыптастыру мен жетілдіруге, басқаруда жұмысшы тұлғасының ерекшеліктері, еңбек ұжымының қызмет ету қатынастары мен заңдылықтары жайлы білімді теориялық тұрғыда түсініп, тәжірибеде қолданудың қажет негіздерін жасауға бағытталған. Басшы басқару процесінің ерекшелігін, басқарудың тиімділігін арттырудың тәсілдерін, қызметкерлерді басқаруға қажет қатынасудың ақпараттық технологиялары мен құралдарын білуге тиіс. Ол үшiн басшы еңбек ұжымының қызмет етуінің психологиялық ерекшеліктерін, адамдармен жұмыс жасаудың әрқилы жағдайларында басқарушы шешiмдердi қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін де білуі керек. Еңбек ұжымының қызмет етуінің психологиялық факторларына топтардағы психофизикалық шыдамдылық, тұлға аралық өзара қатынастың феномендері, еңбек мотивациясы, әлеуметтік-психологиялық ахуал және нақты өнімді шығару немесе қызмет етуi бойынша біріккен еңбек iс-әрекетiне енгізілген басқа да психологиялық құбылыстар жатады. Басқарушы шешімдерді қабылдаудың психологиялық шешімдерді қабылдаудың психологиялық шешімдеріне іс-әрекеттің нәтижесі немесе шешім қабылдау процесі ретінде мақсат қою жатады. Адамның тұлғасы әрі сл тұлғаны басқа адамдардың қабыладуы, үстем болу және басғыну ұмтылысы, дәреже, әлеуметтік үміттер және т. б. адамдар мен жұмыс жасаудың психологиялық факторларының негізін құрайды.
Психологиялық басқару практикалық психологияның ерекше саласы ретінде менеджер мамандығының және кәсіби басшылардың пайда болуымен қатар пайда болды. Психологиялық басқару психологияның кез келген қолданбалы саласы ретінде дамыған қоғамның нақты әлеуметтік тапсырысына жауап ретінде пайда болды.
Басқару бөліміндегі зерттеушілер оны төмендегіше құрайды:
- Басқаруды қалайша тиімді етуге болады?
- Өндірісте адам қорын адамдарды күштемей және оларға қысым көрсетпей максималды дәрежеде қалай пайдалануға болады?
- Ұжымды басқару жүйесін қалайша жақсырақ құрып, пайдалануға болады?
Психологиялық басқару еңбектің максималды нәтижесінің алынуымен қатар, адамның еңбек үрдісінде өзін-өзі айқындау, еңбектің нәтижесінде туындайтын қажеттіліктерін жүзеге асыру ерекшеліктерінің айқындалуы да маңызды қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған. Демек, басқару жағдайының тұрғысында адамдардың өзара қатынастары мен өзара әрекеттестіктерінің төмендегідей проблемалары психологиялық басқарудың пәні болып табылады:
- Тұлға, оның еңбек үрдісінде өзін-өзі жетілдіруі және дамытуы.
- Басқару іс-әрекеті және оның психологиялық тиімділік тұрғысында ұйымдастырылуы.
- Еңбек ұжымындағы топтық үрдістер және олардың реттелуі.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz