Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі кесел
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Әмір А.
ЖШС Амиран шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В120200 - Ветеринариялық санитария
Алматы 2018

Ветеринария факультеті
Ветеринариялық санитариялық сараптау және гигиена кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)
Тақырыбы: ЖШС Амиран шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу
Беттер саны 46
Cызбалар мен көрнекті
материалдар саны 16
Қосымшалар -
Орындаған: күндізгі оқу бөлімі 5В120200 - Ветеринариялық санитария мамандығының 512 - топ студенті Әмір Арайлым
2018 жылы 05 маусымда қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі, PhD Алиханов Қ.Д.
Жетекші, в.ғ.к., қауым. профессор Барахов Б.Б.
Норма бақылаушы,
в.ғ.к., қауым. профессор Ибажанова Ә.С.
Сарапшы, Қайрат-Бота
ШҚ, бас малдәрігері Несипбаев Н.К.
Алматы 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
Ветеринария факультеті
мамандығы 5В120200 - Ветеринариялық санитария

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
ТАПСЫРМАСЫ
Студент Әмір Арайлым
Жұмыс (жоба) тақырыбы: ЖШС Амиран шаруашылығындағы суалған буаз сиырлардың желінсау ауруын емдеу шараларын зерттеу
Университет бойынша 2017ж. 14 қараша №550-К бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты (жобаны) тапсыру мерзімі 2018 ж. 21 маусым
Жұмыстың (жобаның) бастапқы деректері
ЖШС Амиран шаруа қожалығындағы суалған буаз сиырлардың субклиникалық маститке шалдығу деңгейіне мән беру. Шаруа қожалықта маститке қарсы жүргізілетін ветеринариялық - гигиеналық және санитариялық шаралардың атқарылу деңгейі. ЖШС Амиран шаруа қожалығындағы суалған буаз сиырларды жаппай маститке тексеру шараларын жақсарту. Шаруашылықтағы суалған буаз сиырлардың субклиникалық маститіне қарсы жүргізілетін профилактикалық шаралардың әдіс - тәсілдері. Суалған буаз сиырларды емдеуде қолданылатын ұзақ әсер ететін антибиотикалық препараттардың емдік қасиетінің тиімділігіне салыстырмалы түрде баға беру.
Дипломдық жұмыста (жобaда) қарастырылатын сұрақтардың тізімі
1. Шаруашылықта субклиникалық маститтің таралу деңгейін зерттеу
2. Суaлған буаз сиырларды емдеуде қолданылатын препараттардың тиімділігін бағалау
3. Емдік шаралардың суалған буаз сиырлардың туғаннан кейінгі сүт сапасына әсерін анықтау
4. Маститке қарсы жүргізілген шаралардың сиырлардың қан құрамына әсерін зерттеу
5. Субклиникалық маститке қарсы жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1 Акназаров Б.К. Профилактика маститов и послеродовых заболеваний- матки у коров Б.К. Акназаров, М:М. Джангазиев, О.С. Ибраимов- Матер:. Международ, научно-практич. конф., Современные проблемы ветеринарного обеспечения репродуктивного здоровья животных посвященной 100-летию В.А. Акатова.- Воронеж, 2009.- С. 38-41.
2 Авдеенко В.С. Рекомендации по диагностике, терапии и профилактике мастита у коров. ‒ С. 2009. ‒ С. 71.
3 Иванова O.P. Экспресс-метод диагностики мастита -важный фактор при получении экологически чистого молока. Экологические проблемы ветеринарной санитарии: тезисы докладов науч.-техн. конф. 1993. - №11 -С. 82.
4 Самэй Жан-Пъер. Маститы молочных коров: преимущество ранней диагностики Ветеринария. 2003. -№6. - С. 6-7.
5 Климов Н.Т., Слободяник В.И. Практическое руководство по борьбе с маститами коров ‒ Воронеж, 2012. ‒ С.87.
Жұмыстың (жобаның) арнайы тараулары бойынша кеңесшілері
Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Кіріспе
Мырзабеков Ж.Б.
10.03.2018
Негізгі бөлім
Токаева М.О
25.04.2018
Қорытынды
Барахов Б.Б.
10.05.2018
Экономикалық тиімділікті есептеу
Жумаханов Б.К.
Еңбекті қорғау және экология мәселелері
Смаилова Г.А.
Кафедра меңгерушісі, PhD __________________ Алиханов Қ.Д.
Жұмыс жетекшісі,
қауым. профессор ___________________ Барахов Б.Б.
Тапсырманы орындауға
қабылдадым, студент ___________________ Әмір А.
Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау
КЕСТЕСІ
Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
1
Кіріспе
02.03.2018
орындалды
2
Дератизация, оның түрлері мен санитариялық-эпидемиологиялық маңызы
17.03.2018
орындалды
3
Жұмыстың мақсаты мен міндеті
25.03.2018
орындалды
4
Материалдар мен әдістер
28.03.2018
орындалды
5
Өзіндік зерттеулер
01.04.2018
орындалды
6
Қорытынды
12.04.2018
орындалды
7
Тәжірибелік ұсыныс
10.05.2018
орындалды
8
Алдын ала қорғау
05.06.2018
орындалды
9
Қорғау
21.06.2018

МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
1
КІРІСПЕ
10
1.1
Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы
10
1.2
Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері
11
2
ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
12
2.1
Еліміздегі ірі қара шаруашылығында желінсау ауруының таралу маңызы
12
2.2
Ірі қара малының желінсау ауруын диагностикалау
16
2.3
Сиыр желінсау ауруының сүт сапасына әсері және алдын алу шаралары
20
3
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
23
3.1
Зерттеу әдістері мен материалдары
23
3.2
Шаруашылыққа сипаттама
24
3.3
Зерттеу нәтижелері
26
3.3.1
Шаруашылықта субклиникалық маститтің таралу деңгейін зерттеу
26
3.3.2
Суалған буаз сиырларды емдеуде қолданылатын препараттардың тиімділігін бағалау
28
3.3.3
Емдік шаралардың суалған буаз сиырлардың туғаннан кейінгі сүт сапасына әсерін анықтау
30
3.3.4
Маститке қарсы жүргізілген шаралардың сиырлардың қан құрамына әсерін зерттеу
31
3.3.5
Субклиникалық маститке қарсы жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
32
4
ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ МӘСЕЛЕЛЕРІ
34
5
ҚОРЫТЫНДЫЛАР
38
6
ТӘЖІРИБЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
39
7
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
40
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Дипломдық жұмыста пaйдаланылған сілтемелер.
МемСТ 4.180-85 Салмақ өлшемі. Көрсеткіштер номенклатурасы.
МемСТ 556-81 Медициналық гигроскопиялық мақта. Техникалық шарттар.
МемСТ 1770-74Е Өлшемдік зертханалық шыны ыдыс. Цилиндрлер, мензуркалар, шыны сауыттар, пробиркалар.
МемСТ 6709-72 Дистиллденген су. Техникалық шарттар.
МемСТ 13718-68 Айналымды таразылар (торсионды). Тексеру әдіс, тәсілдері.
МемСТ 14919-83Е Электрпештері, тұрмыстық электршкафтары. Жалпы техникалық шарттар.
МемСТ 17206-96 Микробиологиялық агар. Техникалық шарттар.
МемСТ 17299-78 Техникалық этил спірті. Техникалық шарттар.
МемСТ 19126-79Е Металл медициналық құралдар. Жалпы техникалық шарттар.
МемСТ 29112-91 Тығыз қоректік орталар. Жалпы техникалық шарттар.
МемСТ 4.492-89 Ветеринарлық биологиялық препараттар. Көрсеткіштер номенклатурасы.
МемСТ 13037-84 Ветеринарлық жақпамай. Техникалық шарттар.
AНЫҚТAМAЛAР
Дипломдық жұмыста қолданылған терминдер және олардың мағынасы.
ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ ГИГИЕНА - малдың жоғары өнімділігін қамтамасыз ету мақсатында ұстау, азықтандыру, күтудің рациональды әдістерін өолдана отырып жануарлардың денсаулығын сақтау және нығайту туралы ғылым.
ВЕТЕРИНАРЛЫҚ САНИТАРИЯ - жануарлар гигиенасының талаптарын орындауға арналған практикалық шаралар жиынтығы.
ПРОБИОТИК - тірі микроорганизмдерден және микробты заттардан құралған препарат, ол табиғи жолмен қолдану барысында физиологиялық, биохимиялық және иммундық реакцияларды микробты экологиялық жүйелерді қоздыру арқылы ағзаға пайдалы әсер береді.
ЖЕЛІНСАУ - желіннің қабынуы.
ДИАГНОСТИКА - техникалық ақауларды іздестіруге жөне анықтауға арналған теория, әдістер және жабдықтар туралы ілім.
КОМПОЗИЦИЯ - Бірнеше химилық компоненттен тұратын қосылыс.
ГИГИЕНА - Жануарлардың денсаулығын жақсартады. Азықтандырғанда рацион құрайды. Азықтандыру күтіп-бағу, жоғары өнімдермен қамтамасыз ету.
КОНЦЕНТРАЦИЯ - ерітінді құрамындағы белсенді зат мөлшері.
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Дипломдық жұмыста келтірілген қысқартулардың мағынасы:
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ТМД - Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы
АҚ - Акционерлік қоғамы
БДСҰ - Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымы
ГФР - Герман Федерация Республикасы
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
ІҚМ - Ірі қара мал
млн - миллион
м - метр
кг - килограмм
г - грамм
см3 - сантиметр куб
АГС - антигистаминді сарысу
АҚ - акционерлік қоғам
ШБ - шаруашылық бірлестігі
ЖСТ - жалпы стандарт
ДЖ- денешікті жасушалар
КЖТ - калифорниялық жедел тест
ЖЖТ - жедел желінсау тестілері
СБТ - сүт бақылау тақташасы
ЖЭДҚ - жедел экспресс диагностикалау құралы
УТЖ - ультра толқынды жиіліктер
ӨБ - өлшем бірлігі
Вт - вольт
Гц - герц
АО - алдыңғы оң жақ
АС - алдыңғы сол жақ
АрО - артқы оң жақ
АрС - артқы сол жақ
ЭШЖ - эритроциттердің шоғырлану жылдамдығының
1 КІРІСПЕ
1.1 Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.
Сүтті ірі қара шаруашылықтарына едәуір зиян келтіретін аурулардың бірі. сиырдың желінсау (мастит) ауруы. Желінсау сүт бездерін қабындыратын қатерлі кесел. Ол жылдың кез келген мезгілінде, сиыр сауылып жүргенде, тіпті суалған кезінде де пайда болады. Желінсау ауруынық әсерінен кейбір шаруашылықтардың сүт өндіру көрсеткіші едәуір төмендейді. Желінсау ауруы. сүт бездерінің зақымдануының әсерінен болады. Ол аурудын, белгілері сипатына қарай білінбей (суб.клиникалық) немесе ұйыма түрде (серозды), катаральды, фибринозды, іріңді, геморралогиялық қабыну түрінде етіп, малды өлім.жітімге ұшыратуы да мүмкін.
Әсіресе клиникалық белгісінің байқалмауынан және оны ажыратудың қиынға соғуына байланысты субклиникалық желінсау өте қатерлі болып табылады. Өйткені, субклиникалық желінсаумен ауырған сиырдың сүтін пайдалану адамның немесе жас бұзаулардың денсаулығына да зиянды болады. Мұндай жағдайда, желінсаудың бұл түрінде сүттің түсі әдеттегі сүттен айырмасы болмайды, бірақ оның құрамында патогенді (патогенный) немесе токсигенді микрофлора болады. Ол адам мен жануарлар үшін де зиянды.
Сүттің құрамына желінсаумен ауырған сиырдың сүті сәл араласқанның өзінде (10%) одан жоғары сапалы сүт тағамдарын әзірлеуге мүмкіндік болмайды. Міне, осыған байланысты желінсау ауруының пайда болуы, оның таралуы, қандай ауру екенін ажыратып оны емдеуде ғылым мен тәжірибеде қолданылып жүрген тәсілдерден хабардар болу әрбір шаруашылық басшысының, зоотехникалық.мал дәрігерлік мамандық иелерінің, сондай.ақ сүт комплекстерінде істейтін жұмыскерлердің тікелей міндеті деуге болады. Олар желінсау ауруына қарсы күрес шараларын күшейте отырып сүт өндіруді арттырумен бірге, оның тағамдық және санитарлық сапасын да арттыруға қол жеткізеді.
Қaзіргі уaқытта желінсaудың табиғатта кездесетін барлық түрлерін емдеудің орасан көп түрлері бар, оларды айыру, анықтау тұрғысында көптеген еңбектер жазылған [1, 2].
Кез келген ауруды диагностикалаудың басты мақсаты оны бірден ауру жануар маңында орындалуын көздейтіні белгілі. Оған бірқатар химиялық әдістер жатады. Иммундық және фaгоцитарлық белсенділік жағдайы желінсаулардың, әсіресе бастапқы кезеңдерінде пайда болуының хабарламашы-көрсеткіші болады, диагностикалау кезінде соматикалық жасушалар саны, сүттің рН-ы, тұндырылуы тәрізді әдістер міндетті түрде орындалуы керек [3].
Тағы бір айта кететін жайт, жасырын желінсаулардың шамамен 10-15%-ның емделмей қалатыны туралы деректер көптеп ұшырасады [4], ал бұған кейбір анықталынбай қалған (уақыт, күш, жабдық-жадығат, қаражат т.б.) жағдайларға орай, емделінбей қалған сиыр бастарын қосса бұл сандық мәліметтің жоғары болары хақ!
Көптеген жағдайларда сиырлардың жасырын желінсауларын емдеу мақсатында антибиотиктер терапиясы қолданылады, ал бұл ем, өкінішке орай сүт тұтынушыларын уытты-аллергиялық кеселдерге шалдығуға әкеліп соғуы ықтимал. Сонымен қатар, айта кететін, баршаға түсінікті қарапайым жайт, қабыну барысының дамуына ықпал ететін көрініс жануар организмінің дұрыс азықтандырмау, пайдаланбау, түрлі жарақаттарға шалдығуына орай әлсірейтіндігі [5, 6]. Осы кезде, бірқатар авторлар деректері бойынша, айқын лейкопения, бүйрекүсті бездері белсенділігінің төмендеуі, сиырлар организмінің иммундібиохимиялық реактивтілігінің әлсіреулері орын алады.
Осы тұрғыда, біз өз алдымызға суалған буаз сиырлардың жасырын желінсауларын диагностикалау және сиырлардың жасырын желінсауларын емдеу үшін қолданылатын антибиотикалық препараттардың қолдану мүмкіндігін ойластыру, сиырлардың сүт сапасына профилактикалық шаралардың тигізер әсері мен организмінің иммунді күйін жан-жақты зерттеуді мақсат етіп, мәселелер қойдық.
1.2 Зерттеу базасы, объектісі және мақсат, міндеттері
Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама
ЖШС Амиран шаруа қожалығындағы жүргізілетін суалған буаз сиырларды емдеуге қарсы қолданылатын антибиотикалық препараттардың тиімділігі анықталды. Және де антибиотикалық препараттардың өндірілетін сүт сапасы мен малдың организміне әсер ету механизмі туралы анықталған мәліметтер дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызын аша түскен.
Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы
Дипломдық жұмыс 43 компьютерлік бетте терілген: кіріспе, ғылыми әдебиеттерге шолу, өзіндік зерттеулер, қорытынды, тәжірибелік ұсыныс, еңбек қорғау және қосымша материалдар бөлімдерінен тұрады, 7 - кесте, 7 - суретпен көркемделген.
Жұмыстың өндірістік зерттеулер бөлімі, Алматы облысы, Талғар ауданы, Қаратоған ауылында орналасқан ЖШС Амиран шаруа қожалығында өтті.
Зерттеулердің мақсаты мен міндеттері
Зерттеу жұмысының мақсаты: Суaлған буаз сиырларды емдеуде пайдаланылған антибиотикалық препараттардың тиімділігін анықтап, олардың өндірісте қолданылуына салыстырмалы түрде баға беру
Зерттеу жұмысының міндеттері:

2. Суалған буаз сиырларды емдеуде қолданылатын препараттардың тиімділігін бағалау

4. Субклиникалық маститке қарсы жүргізілген шаралардың экономикалық тиімділігін есептеу
2 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2.1 Еліміздегі ірі қара шаруашылығында желінсау ауруының таралу маңызы
Қазіргі кезде еліміздің тәуелсіздігін дамытып, экономикасын жоғары деңгейлерге жеткізу мақсатында мал шаруашылығының алатын орыны зор, сонымен қатар Қазақстан бүкіл әлемдік сауда ұйымына мүше болуды көздеуде. Бұл жоғары сапалы тауарлар мен өнімдер шығарылуын қажет етері сөзсіз.
Ал мал бастарын көбейтіп, сүт өнімділігін жоғарылатуды тежеуші мәселелердің бірі сиырлардың акушерлік-гинекологиялық аурулары, оның ішінде желінсаулар.
Көптеген авторлардың пайымдауынша сиыр желінсаулары айтарлықтай дамып, 2-5 тен 10-55%-ға дейінгі шаманы қамтиды. Клиникалық белгілері айқын түрде өтетін желін қабынулары мен жасырын түрде өтетіндердің орта есеппен алғандағы қатынасы 1:2-2:5 құрайды [2, 7].
Қазіргі уақытта желінсаудың табиғатта кездесетін барлық түрлерін емдеудің орасан көп түрлері бар, оларды айыру, анықтау тұрғысында көптеген еңбектер жазылған.
Кез келген ауруды диагностикалаудың басты мақсаты оны бірден ауру жануар маңында орындалуын көздейтіні белгілі. Оған бірқатар химиялық әдістер жатады. Иммундық және фагоцитарлық белсенділік жағдайы желінсаулардың, әсіресе бастапқы кезеңдерінде пайда болуының хабарламашы-көрсеткіші болады, диагностикалау кезінде соматикалық жасушалар саны, сүттің рН-ы, тұндырылуы тәрізді әдістер міндетті түрде орындалуы керек [9].
Тағы бір айта кететін жайт, жасырын желінсаулардың шамамен 10-15%-ның емделмей қалатыны туралы деректер көптеп ұшырасады, ал бұған кейбір анықталынбай қалған (уақыт, күш, жабдық-жадығат, қаражат т.б.) жағдайларға орай, емделінбей қалған сиыр бастарын қосса бұл сандық мәліметтің жоғары болары хақ!
Көптеген жағдайларда сиырлардың жасырын желінсауларын емдеу мақсатында антибиотиктер терапиясы қолданылады, ал бұл ем, өкінішке орай сүт тұтынушыларын уытты-аллергиялық кеселдерге шалдығуға әкеліп соғуы ықтимал. Сонымен қатар, айта кететін, баршаға түсінікті қарапайым жайт, қабыну барысының дамуына ықпал ететін көрініс жануар организмінің дұрыс азықтандырмау, пайдаланбау, түрлі жарақаттарға шалдығуына орай әлсірейтіндігі. Осы кезде, бірқатар авторлар деректері бойынша, айқын лейкопения, бүйрекүсті бездері белсенділігінің төмендеуі, сиырлар организмінің иммундібиохимиялық реактивтілігінің әлсіреулері орын алады [8, 9].
Сонымен қатар, кез-келген қабыну кезінде, белсенді биогенді аминдер деңгейі, әсіресе гистамин деңгейінің күрт өсуі байқалады. Ауру жануарлар қанында гистамин деңгейінің жоғарылауы, лимфоциттердің Т-супрессорлық қызметін белсендірте түседі, ал бұл жануар организмінің иммунді реактивтілігін бәсеңдетеді деп атайды M. Plaut et all.2000. Организмнің ішкі ортасына бөгде ақпараттағы белгілері бар заттар түсуі оның құрылымдық және химиялық құрамының бұзу қауіпін туғызады. Ішкі ортаның сандық және сапалық тұрақтылығының, яғни гомеостазының, сақталуы барлық организмдегі жүйелердің өздігінен реттелуі салдарынан қамтылады [10].
Иммунитет - гомеостаз белгіленуін білдіретін шамалар қатарына жатады. Иммунитет құралуына барша организм ат салысады, ондағы қорғаныс реакциялары өзара тығыз байланыста болады. Өзіндік қорғаныс факторларымен қатар көптеген өзіндік емес факторлар да организмнің қорғаныс реакцияларына белсенді түрде қатынасады. Міне, осы иммунологиялық өзгерістерді зерттеу, кейіннен қолданылатын емнің жалпы организмнің иммунологиялық күйіне түзетімдік әсер етуі үлкен қызығушылық тудыратыны баршаға мәлім жәйт, сонымен қатар зерттеушілердің ойы экология тұрғысынан таза, емдік тиімділігі басым ем түрлерін жасауға бағышталған.
Тіршілік әлемінің дамуы жануарлар тобының жеке бір дамыған тобы - сүт қоректілердің пайда болуына әкеліп соқтырды. Ал бұл топтың ерекше қасиеті аналықтарында арнайы сүт безінің болуы. Сүт безінің басты қызметі - өз ұрпағын қоректендіру [1, 11, 12].
Адамдардың ғасырлар бойы дамуы кезінде жануарларды өзіне бағындыруы (доместикация) арқасында сүт безі ұрпағын қоректендіру қызметтілігімен қатар адам үшін аса бағалы қорек көзі - сүт өндіру қызметін де атқара бастады.
Ғылымның қазіргі деңгейдегі дамуы сүт сауу үрдісін, қызмет орындаушы мүше - сүт безі мен сүт бөлінуіне ықпал ететін орталық нерв және нейро - эндокрин жүйелерінің қатысуымен өтетін, күрделі жүйе екенін тағы дәлелдеді. Сауын үрдісі қызметінің бұзылуы сүт безінің және оның қызметін қадағалайтын механизмдердің патологиясына байланысты өтеді.
Соңғы жылдары сүт безі патологияларына айтарлықтай еңбектер арналған [3, 6, 13]. Ветеринария мамандарына нақты сүт безі мүшелерінің кеселдері үлкен кесірін тигізуде.
Желінсау сүт безі патологиясының негізгі түрі болып саналады, ал оның таралу жиілігі әр түрлі авторлардың деректері бойынша алуан түрлі. Бірқатар авторлардың деректеріне сүйенетін болсақ Латвияның кейбір шаруашылықтарында жылына сиырлардың 20 %-ы желінсауға шалдығады. MatiIIa (1995) сиырлардың жасына, сауын мерзіміне қарамастан желінсауға шалдығуы 25-тен 50%-ға дейінгі шаманы қамтитынын атайды.ToIIe (1917), Сіеske, ViIgoen (1974) тәрізді авторлар сауын сиырларында созылмалы желінсаулардың жалпы зерттеген фермалардағы табынның 40%-ын құрғанын көрсеткен [14].
Клиникалық бақылаулар мен әдеби деректер талдауы желінсаулардың сауын мерзімі мен қайта өндіру кезеңдеріне тікелей байланысты екендігін көрсетеді. Н.И. Полянцевтің (1983) зерттеулерінде сауын сиырларының 18% суалым кезінде желінсауға ұшырайтыны байқалады. Желінсау індетін тану Е.А. Курьянов және басқаларының (1983) еңбектерінде жақсы зерттелінген. Олар суалым кезінде желінсау сиырлардың 6,7 % - да дамығанын анықтаған. Ал төлдеуге дейінгі және төлдеуден кейінгі кезеңдерде желінсаулар 28,4 % - ға дейін өседі екен [1, 3, 15].
Көптеген авторлардың (1984) деректері бойынша суалым кезінде желінсау 20,1 % -нан анықталған, айта кетерлігі алғашқы 10 - күн ішінде желінсау сиырлардың 7,2 % -да байқалған.
Қырым түбегінің кейбір шаруашылықтарындағы жүргізілген зерттеулер кезінде желінсауды жалпы табындағы сиырлардың 20 % анықтаған. Ғалымдардың деректері бойынша Ленинград облысы бойынша орта есеппен алғанда желінсаулар сиырлардың 27 % -ын құраған.
Ж.Қ. Қоспақов пен Ж.Д. Маусымбаевтардың (1990) деректері бойынша Қазақстандағы желінсау таралу деңгейі 5 - тен 30 % -ға дейінгі аралықты құрайды.
Желінсаулар сиырларды әсіресе машинамен саууға іріктеген кезде желін көлемін, үрпі аумағы мен орнығуын, сүт бөлу уақытын ескермегенде байқалады. Желінсаулардың таралуына соғылу, жаралану, желін ұлпасына микрофлора енуі (стрептококк, стафилококк, ішек таяқшасы т.б.), түрлі ауруларда мал ағзасының уыттануы, шу түспеуі, мен төлдеуден кейінгі эндометриттер, қора-жайлардың антисанитарлық жағдайы, толық бағамды азықтандырмаулар т.б. ықпалын тигізеді [7, 9, 16].
Кейде желінсаулар сиырлардың аусыл, туберкулез немесе басқа жұқпалы ауруларға шалдығуына байланысты дамиды. Желіннің індеттенуі төсеніш арқылы немесе желінді жуып-шаю кезінде қолданылатын заттар, сауын аппараты арқылы өтуі мүмкін.
Микробтар жатырға, желінге, өзге жыныс жолдарына түрлі аурулар кезінде қан арқылы түсе алады. Өзге гинекологиялық патологиялармен қатар, желінсауларды түспей қалған шу қалдықтары, азықтық уланулар кезіндегі қан мен лимфаға түскен уыттар да тудыра алады.
Желінсаулардың пайда болу жиілігімен сиырлардың гормоналдық жағдайындағы байланысты табуға ізденістер жасап баққан. Өз тәжірибелерінде ғалымдар үш табындағы сиырларда, үш жыл бойы 497 желінсауды келесі тәртіпте тіркеген: төлдеуден кейінгі алғашқы айда 87 (16,1%), төлдеуден кейінгі 31-күннен буаздылыққа дейінгі 30-күнге дейін 288 (56,6%), 31-күннен буаздылықтың 120-шы күніне дейін 83 (16,7%), буаздылықтың 4-ші айынан төлдеуге дейін 44 (11%) болған.
Біршама ғалымдардың деректері бойынша сиырлардың басым көпшілігі (82 %) желінсаумен сауын мерзімінің алғашқы 5- айында, яғни сүттің ең көп өндірілуі кезінде ауырған. Тәулігіне көп сүт беретін (11-ден 29 кг-нан жоғарыға дейін) сиырлар, өнімділігі төмен сиырлардан көрі желінсауға көбірек шалдығады [7, 17]. Мәселен, тәулігіне 5-кг сүт беретін сиырлардың ауруға шалдығуы 1,6 %, ал 11-20 кг беретін сиырларда 13-16 % болады.
Қоздырушы түрі мен тітіркендіргіш әсердің ұзақтығына, ауру үрдісі кезіндегі мал ағзасының резистенттілігіне байланысты сүт безінде өтіп жатқан қабыну үрдістерін екі негізгі түрге - клиникасы айқын және жасырын ағымда (субклиникалық) өтетін деп бөледі.
Тюмень облысында жасырын желінсаулардың орта есеппен 13,7 % сиырларда болатынын анықтаған, ал суалу кезінде олар 11,1 - 40,6 % сиырларда тіркеген. Сүт өндіру кезінде сиырлар жасырын желінсауға жиі шалдығатынын анықтаған (37 % ).
Кейбір ғалымдар өздерінің зерттеулерінде сиырлардың жасырын желінсауға көп (37,6 % ) шалдығатынын атап өткен [14, 18].
Қазiргі уақытқа дейін сиыр желінінің ауруға шалдығу себебі туралы мәселе көптеген дау-дамайлар тудыруда.
Бірқатар ғалымдардың пайымдауынша желінсаулар көптеген әрі түрлі себептерден пайда болып дамиды, яғни полиэтиологиялы болып табылады. Желiнсау дамуы көптеген себептерге байланысты. Ғалымдардың тұжырымдауы бойынша бұл себептерді екі негізгі топқа жинақтауға болады: біріншісі - сыртқы орта әсері, ал екіншісі - тұқым қуалаушылық немесе малдардың ауруға бейімділігі.
Осы себептердің басым көпшілігін бірінші топқа жатқызу қажет. Бұлардың ішіндегі негізгілері: сиырларды машинамен сауу тәртібінің бұзылуы, жоғары деңгейдегі қысым, қысым жиілігінің ұлғаюы, сауын аспаптарын тым көп ұстау немесе уақытынан бұрын қосу [9, 10, 12, 19]. Соңғы қағиданы былай түсіндіруге болады, сүт бөлу рефлексі қанға окситоцин гормоны бөлінген кезде бастау алады, ал бұл бөліну желін үрпілерін жуып, дайындағаннан кейінгі 30-40 секундта болатыны белгілі.Толық бағалы сүт бөлу рефлексіне дейінгі сауу, 25 % -ға дейін сүтті аз алуға әкеліп соғады, яғни бұның арты желінсауға апарып соғады.
Желінсаулардың пайда болып, таралуына сауын орындарындағы антисанитарлық жағдайлар, ең бастысы сауын аспаптарын жуып, залалсыздандыру тәртіптерін ұстанбау зор ықпалын тигізеді. Табында індеттің таралуы сауу гигиенасы бұзылғанда, бірнеше сиырды микробқа қарсы заттары салынбаған, бір шелекті қолданып жуу, сонымен қатар табында желінсаудың созылмалы түрімен ауыратын сиырлар болуы кезінде жиі байқалады [1, 2, 9, 20].
Малдарды дұрыс ұстамау, қора-жайлардың жағдайының жөнді болмауы, суық, лас, ылғалды еденде ұстау, серуендеудің кемістігі немесе мүлдем болмауы, азықтандырылу бұзылуы немесе рационда түрлі азықтық заттар - ақуыз, қант, дәрумендер, микро- және макроэлементтер кемістігі мал организмінің түрлі кеселдерге қарсы тұру қасиетін төмендетіп, желінсаулардың пайда болып, таралуына ықпалын тигізеді.
Дегенмен кейбір ғалымдардың мәліметтері бойынша, желінсаулар дамуы сүт фермаларындағы барлық өндірістік жұмыстарды қарқындатумен тығыз байланысты. Қалыпты өндірістік жағдайларда ұсталынатын сиырлар желінсауға жиі шалдығады.
2.2 Ірі қара мaлының желінсау ауруын диагностикалау
Ветеринарлық тәжірибесінде желінсауларды балау үшін клиникалық, цитологиялық, бактериологиялық және иммунологиялық әдістер қолданылады.
Клиникалық зерттеулерге жалпы және жергілікті дене температурасын, тамыр соғуы жиілігін, тыныс алуын өлшеу, мес қарын жиырылуын тексеру, тері, желін үсті лимфа түйіндерінің, жүрек тамыр жүйесінің, шырышты қабаттар және көбею ағзаларының күйін зерттеулер енеді [9, 10, 14, 17, 21].
Мысалы, желін терісін қарау арқылы оның түсінің өзгергендігін және түрлі зақымдануларды, жүн жамылғысы, тері асты қан тамырларының жағдайын біледі.
Гемморагиялық желінсау кезінде қызыл немесе қоңыр-қызыл түстес дақтар пайда болады. Флегмона дамуы жолақты гиперемия пайда болуымен сипатталады. Желін гангренасы (өлі еттенуі) кезінде бастапқыда қызғылт, кейіннен көкшілт қоңыр және жасыл дақтар пайда болады. Желін төрттіктерінің әртүрлі қызарулары сірі, фибринозды, іріңді-катаралды желінсауларда, көптеген абсцесстерде (іріңді қуыс) байқалады.
Сонымен қатар сүт сапасын тексереді, анамнез жинақталынады. Жоғарыда айтылған белгілері бойынша клиникалық желінсау түрлерін айыру қиындық тудырмайды олар сірі, катаралды, фибринозды, іріңді, гемморагиялық, өзіндік болып бөлінеді.
Сірі желінсау кезінде жалқаяқ теріасты шеліне, бөлікаралық, аралық желін ұлпаларына жиналады. Фибринозды желінсау ұлпа бойына, сүт жолдарына шөгіп, жинақталуымен сипатталады. Іріңді желінсау үш түрде өтеді, гемморагиялық желінсау ұлпа бойына, желін тарамдары (альвеола) мен сүт жолдарында қанталаулар тудыруымен сипатталады.
Ал айқын көрінетін белгілері жоқ, сүттің сыртқы көрінісі өзгермей өтетін жасырын желінсауларды уақтылы анықтау айтарлықтай қиындықтар тудырады және осындай сүттің жалпы сауылған сүтпен араласып кетуі қауіпін туғызады.
Желінсаулардың жасырын түрлерін диагностикалау
Физика, химия, математика тәрізді негізгі ғылымдар мен олардың ықпалында дамыған молекулярлы биология мен генетика, биохимия және өзге қолданбалы ғылымдардың соңғы жылдардағы дамып жетілуі - клиникалық түрде желін патологиясы білінбейтін кезеңдерде желінсаулардың физиологиялық, биохимиялық үрдістерін зерттеуге мүмкіндік берді.
Желінсаулар кезіндегі патологиялық үрдістердің кезеңалды күйлері мен жасырын кезеңдері туралы түсінік материалдық негізге ие бола бастады. Бұл қағида, әрине түбегейлі тәжірибе және клиникалық тұрғыдағы дәлелдеулерді қажет етеді Желінсаулардың бастапқы, жасырын кезеңдері жайлы сүт безінің биохимиялық, цитологиялық көрсеткіштерін бақылап, тұжырымдар жасалынады [9, 14, 22].
Қабыну үрдісінің патофизиологиясына байланысты желінсау дамуы келесі үрдістерден тұратын кезеңдерден құралады:
1 Зақымдалған безге полиморфты ядролы лейкоциттердің жинақталуы.
2 Мүше ұлпaлары мен жасушалары біртұтастығының бұзылуы және олардың тысқары шығуы.
3 Тaмыр бойы өткізгіштігінің жоғарылауы әсерінен сүт безі ұлпаларына қанның жасушалық және жасуша маңы бөліктерінің шығуы.
Ғалымдардың айтуынша сүттің электрлік өткізгіштігін және ондағы хлор, натрий, калий иондарының құрамын, соматикалық жасушалар санын, лактоза шоғырлануын, бактериологиялық көрсеткіштерді зерттеп, желінсаулар кезінде электрөткізгіштіктің ұлғаятынын, хлор мен натрий иондары құрамының жоғарылайтынын, соматикалық жасушалардың көбейетінін көрсеткен. Авторлар сүт сауу арақашықтығы неғұрлым көп болса (3-тен 9-сағатқа дейін), соғырлым электрөткізгіштігі де көбейетінін атап өткен.
Кез келген ауруды диагностикалаудың басты мақсаты оның бірден ауру малдың маңында орындалуы екені анық. Осыған кейбір химиялық әдістерді жатқызуға болады, бұл кездері сүт бөліктерінің реакциясы уақыт бойынша бірнеше секундта немесе минутта өтеді де оның сандық және сапалық бағалануына қарапайым заттар қажет етіледі.
Желінсаулар мен желінсау алды жағдайларын диагностикалау ветеринарлық тәжірибеге сүт-бақылау тақталарын енгізудің арқасында едәуір жеңілдеді. Осы тақта көмегімен димастин үлгісі жеңіл әрі жылдам орындалады.
Желінсауларды балаудың осы тобына калифорниялық тестті де жатқызуға болады, реагент ретінде алкил-акрилсульфаттары мен май қышқылдарының сульфанаттары пайдаланылады.
Иммундық және фагоцитарлық белсенділігінің жағдайы да желінсаулардың, әсіресе оның бастапқы кезеңдерінде, пайда болуының, дамуының хабарламашысы - көрсеткіші болып табылады. Көптеген ғалымдардың зерттеулерінде сүттің лизоцимдік белсенділігі сүт безі қызметінің жағдайын білдіретін өзіндік белгі екені дәлелденген [2, 17, 23]. Осы орайда автор соматикалық жасушалар саны, сүттің рН-ы сүтті тұндыру тәрізді белгілермен салыстырғанда желінсауды анықтаудағы лизоцим титрлігінің хабар етіп балайтындығын айқындаған. Клиникасы айқын сиырлардан жаңа сауылған сүттің бактериоцидтік белсенділігі жоғары болатынын көрсеткен, бұл арқылы автор иммунобиологиялық механизмнің желінсаудың пайда болу уақытында, сонымен қатар ағымы мен сауығуы кездерінде аса маңызды екенін атап өткен. Сүттегі лейкоциттердің фагоцитарлы белсенділігін бағалау үшін опсондыфагоцитарлы реакцияны пайдалана отырып, новокаин мен аскорбин қышқылы тәрізді препараттарды қолдану дамып келе жатқан инфекцияға организмнің қарсы тұруын жоғарылата отырып, лейкоциттардың фагоцитарлы белсенділігін күшейтетінін көрсеткен [24]. Осы кезде аскорбин қышқылын желін үрпісіне енгізу концентрациясы 0,4 %, ал новокаин немесе тримикаиндікі 0,5 %-дан аспауы керек. Енгізілетін препараттардың оптималды мөлшері 10 мл. болып табылады.
Бүгінгі күні барлық зерттеушілер сүт шаруашылығының негізгі шығыны жасырын желінсаулардан келетіні жайлы тұжырымға келді.
Желінсауға шалдыққан сиырлардың сүтінде бактерия, лейкоцит, нейтрофил және қабыну үрдісіне тән өзге жасушалар саны күрт өседі.
Міне, сондықтан да зерттеушілердің басым көпшілігі, сүттегі осы ДЖ-ды санау, жасырын желінсау түрлерін ерте анықтауда өте тиімді деп есептейді. Ал бұл өз алдына, желінсауға шалдыққан сиырлардан алынған сүттің жалпы сауылған сүтпен араласуын және сүттің сұрыптығын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Жоғары сұрыпты сүтте 500 мыңсм³-дан астам денешікті жасаушалар болмауы керек. Көптеген зерттеулер арқылы сүттегі ДЖ саны мен желін індеттенуі аралығындағы өзара байланыстың (корреляция) 0,5-0,54-ке тең екені анықталған. Егер жиналатын сүтте 200 мыңмл ДЖ болса, табында желінсаумен 6 % желін бөлігі, ал 1,5 млн ДЖ мл болса ондай бөліктер 45 % болады. Бірқатар авторлар желінсаулы сүт қоспаларын анықтау үшін жалпы сүтте іріткілік және резазуриндік сынамаларды, Хотис сынамасын, сондай-ақ лейкоциттер мөлшерін санауды ұсынады [1, 3, 5, 25]. Қоспалы сүтті анықтау үшін ең тиімді тәсіл болып бактериологиялық зерттеу табылады дегенге саяды. Сүттегі лейкоциттер мен өзге жасушалар мөлшерін анықтау үшін Штернгаймер-Мальбин тәсілін қолдануды ұсынады. Лейкоциттердің сүттегі мөлшерін анықтаудың өзге қолданыстағы әдістерінің ішінде басым көп зерттеушілердің пікірінше ең дәл нәтиже беретіні Прескот-Брид ұсынған әдіс.
Сиырлардың жасырын желінсауларын диагностикалауды жетілдіру үшін сау және жасырын желінсауға шалдыққан сиырлар уызының биохимиялық зерттеулері өткізілген. Сау және жасырын желінсауға шалдыққан сиыр уыздарында бұзаулаған күні биохимиялық талдаулар өткізілген, осы зерттеулер негізінде ауру желін бөліктерінің уызында жалпы ақуыз 32 %, соның ішінде еріген ақуыз 20 %, сарысулық альбуминдер 35 %, лактоза 27 % жалпы фосфор 17 %-ға аз болған. Айта кетері нуклеин қышқылдары 16 %, С-дәрумені 12 % гликопротеидтер 35 %-ға көп болғаны аталады [21, 26].
Көптеген отандық және алыс-жақын шет ел зерттеушілерінің мәліметтері бойынша желінсауға шалдыққан сиырлардың сүтіне айтарлықтай түрде физикалық (жабысқақтығы 1,55-ке дейін төмендейді, қалыпты жағдайда 2,21, тығыздығы 1,0216-1,0269 гсм дейін төмендейді) көрсеткіштермен қатар, химиялық көрсеткіштер де өз әсерін тигізеді.
Титрлік қышқылдығы 14-15 типті 10º Т-ға дейін 5-тен 13º Т ауытқуымен төмендейді ( қалыпты жағдайда 16-20ºТ), зақымдалған бөліктердің белсенді қышқылдығы (рН) 7,7-7,10 құраса, зақымдалмағандардікі - 6,65.
Сүтте денешікті жасушаларды анықтаудың бірнеше әдістері бар. Мысалы: көзбен шолу әдісі; ВМЛК-вискозиметрін қолданып анықтау т.б. әдістерді жатқызуға болады. Желінсауды балаудың зертханалық әдістерінде сүтті бактериологиялық, иммунологиялық тұрғыда осы кесел қоздырғыштарын бөлу және сүт безі мен жалпы бүкіл организмнің қорғаныш күштерінің деңгейін анықтау мақсатында зерттеу кешендері қолданылады.
Желінсауларды балау мақсатында, құрамында беткейлік белсенді заттары (ББЗ) бар реактивтер қолданылады, оған димастин, мастидин, мастит-диагност, мастоприм, Воронеждік желінсау тесті және басқаларын жатқызуға болады. Шет елдерде калифорниялық желінсау тесті (КЖТ), софия-тесті, бернбург, рапид-тесттері тағы басқалары қолданылады.
Соңғы жылдары осы аталған препараттардың шығарылмауына байланысты жедел желінсау тестілерін (ЖЖТ) қолдану жолға қойылған.
Міне осындай тестілердің тиімділігін анықтау мақсатында желінсауларды балау кезінде 5-тестті сынаудан өткізген. Олар 5 % - дық димастин ерітіндісін, 1,25 % - дық универсал, 2 % - дық мастидин ерітіндісін, уайтсайд үлгісін және 0,5 % - дық бромтимолблау ерітінділерін пайдаланған. Өткізілген сынамалық тәжірибе нәтижесінде авторлар уайтсайд үлгісінің (4% NaOH) жоғары тиімділігін анықтаған (96,5%) [10, 27].
Сиыр желінсауларының жасырын түрін анықтау үшін бірқатар зерттеушілер әртүрлі диагностикумдарды сынаған кезде өзге тесттерге қарағанда 5 % - дық димастин ерітіндісі, тазартылған суда әзірленген 10 % - дық димастин ерітіндісі, крахмал геліндегі электрофорезбен центрифугирлеу үлгілерінің сезімділігі жақсырақ екені анықталған.
Индикаторлы үлгілер лейкоцит зерттеулерімен салыстырғанда көптеген сау болып келген сиырларда оң реакция береді. Бұлардың ішінде бромтимол үлгісінің дұрыстылығы ең аз, одан соң димастин, ал мастидин үлгісі сенімдірек болып шықты.
Денешікті жасушалар санын біле отырып, жиналынған сүтпен араласқан қалыпсыз сүтті анықтап, желінсауды диагностикалау мүмкін екендігін мәлімдейді. Беткейлік белсенді заттар (ББЗ) көмегімен өндірістік жағдайларда жылдам әрі дәл түрде сүттегі денешікті жасушалар санын анықтауға болады.
Желінсауға шалдыққан және одан ада сиырлардың уыз сүтінің биохимиялық құрамын зерттеген. Олардың пайымдауынша осы деректер жасырын желінсауды балаудың қосымша көрсеткіштері бола алады. Краснодар өңірі жағдайларындағы сүт фермаларында жасырын желінсаулар түрлерін балау үшін 4 % - дық кір жуғыш "Лотос-М" ұнтағының ерітіндісі пайдаланылған. Оң нәтиже реакция қойғаннан кейінгі 15-20 секундта байқалған. Осы нәтижелердің мастидин көрсеткіштерімен сайма сай келуі 77,7 % құраған.
Тұндыру үлгісі сүт безі ұлпаларының айқын морфологиялық өзгерістері кезінде ғана "оң" нәтиже береді де тек 20 % жағдайларда жасырын желінсауға шалдыққан сиырларды анықтай алады, ал димастин 65 % жағдайда анықтауға мүмкіндік береді, тұндыру үлгісінің аз сезімталды екенін тағы бірқатар авторлар да атайды [16, 22, 27, 28]. Біздің деректер де тұндыру үлгісінің аз сезімталды және қолайсыз әдіс екенін көрсетті. Бұл үлгі желін ұлпаларындағы айқын өзгерістер кезінде ғана оң нәтиже береді, ал ондай нәтижелерді көбіне кәдімгі клиникалық зерттеулер көмегімен алуға болады. Бромтимол үлгісі 65,4 %-да анықтайды. Алайда өзге әдістермен салыстырғанда сүт бөлуінің бұзылуларын үнемі айыра алмайды. Желінсауды экспресс диагностикалау аспабын (ЖЭДА) кеселге шалдыққан сиырларды анықтау үшін қолдану, желін жағдайына байланысты сүттің электр тоғын өткізу өзгергіштігіне негізделген. Аспаптың жалпы қолданылатын, классикалық тесттермен өзара байланыстылығы (коррекция) жоғары.
Маститодиагност сульфанол ( RС6 Н 4SО 3 Na ), натрий үшполифосфаты (Na 5P 3O 10) , суда еритін көкшіл бромтимол (МРТУ-6-09-1483-64) және розол қышқылдарының (С19 Н14 О8 ) қоспасы. Құрғақ күйінде ол белсенділігін бес жыл, ал ерітінді түрінде тоңазытқышта ( t 3-50 С) үш жыл бойы сақтайды, сонымен қатар маститодиагностың 1л - 1000 сүт үлгісін талдауға жетеді. Индикаторды келесі түрде дайындайды: тазартылған, 70-760 С - ға дейін жылытылған суда 50 г натрий үшполифосфатын және 300 г ұнтақ түріндегі сульфонолды ерітеді. Қоспа еріп, ерітінді 20-250 С дейін суығанда суда еритін 0,2 г көкшіл бромтимол мен 5 мл 1 % - дық розол қышқылының спирттті су ерітінділерін қосады.
Сиырлардың жасырын желінсауын уыздың биохимиялық құрамы бойынша диагностикалап, ауру үрдісіне тек зақымдалған желін бөліктері ғана емес, параллельді орналасқан бөліктер де қандай да бір дәрежеде шалдығатынын болжамдайды [3, 9, 29].
2.3 Сиыр желінсaу ауруының сүт сапасына әсері және алдын алу шаралары
Желінсаулардың әлемнің әр елдерінде кең етек жайғандығы әдеби деректер легінен көрініс табуда, түрлі авторлардың әрқилы мәліметтеріндегі айырмашылықтар осы кеселдің полиэтиологиялы болуына орай еш күмән тудырмауы қажет.
Сиыр табындарындағы желінсаудың таралуы Қазақстан мен өзге елдерде кең көлемде дамып, 2-5-тен 10-55%-ға дейінгі шаманы қамтиды. Клиникасы айқын түрде өтетін және жасырын желінсаулар шамамен 1:2-2:5 қатынастығында өршиді [2, 4, 5, 18, 30].
Қазақстан жоғары сұрыпты сүт тапсыру бойынша әлемдегі соңғы орындардың бірінде бір желінсауға шалдыққан сиырдың сүт өнімділігі жылдық есепте 10-15% - ға төмендейтіндігі белгілі [5]. Сонымен қатар сүт безінің түрлі ақаулықтарында, ең алдымен оның семуіне (атрофия) байланысты орта есеппен 5% - ға дейінгі малдар шығындалады, ал бұл өз алдына қайта өндіруге кері ықпалын тигізетіндігі ақиқат. Біз өз зерттеулерімізде сиыр желінсауларының физиотерапия, фармокологиялық алдын алу, фармакотерапия мәселелерімен байланысқан жайларға көңіл бөлуді жөн санадық. Механикаландырылған фермаларда желінсауларды емдеуге үлкен мән беріледі. Антибиотиктермен қатар көптеген жаңа тәсілдер мен әдістер ұсынылған, мәселен, ультрадыбыс, магнит алаңымен емдеу, түрлі жылу көздерімен желінді қыздыру
Сүт және сүт өнімдерінің сапасына әсер ететін фактордың бірі-желінсау. Желін үрпісінің асқынуы кезінде сүттің құрамының физикалық-химиялық, биологиялық қасиеттері өзгереді. Аурудың асқынуы үрпінің ісінуіне байланысты. Клиникалық формадағы желінсаулар кенеттен байқалады. Сүттің құрамында көп мөлшерде құрғақ зат, май, казеин, лактоза, калций тұзы, фосфор, магний, витаминдер, М лизоцим титр мөлшері азаяды.
Субклиникалық желінсаумен ауырған сиыр сүттінде қантты хлор саны 3,0-12,56, орташа көлемі 7,92 болады. Сау сиырлардың сүттінде 3,01 құрайды. Сулы ионның сүттегі концентрациясы ауырған сиырдағы көрсеткіші 6,84-7,19, тығыздығы -8-12°Т.У, сау сиырларда орташа көрсеткіш-6,66-16,8 °Т. Сүттің химиялық құрамының өзгеруі сүттің тығыздығының төмендеуіне әкеледі 24-25 оА [18, 31, 32, 33].
Желін үрпісінің ісінуі кезінде сиыр сүтінің жалпы ақзат құрамы 3,45 %-ға дейін жоғарылайды. Орташа деңгейдегі сүтте оның көрсеткіші 3,10 % құрайды. Лактоза 4,6 мг %, кальций 131,5-ға дейін, фосфор 85,5 мг % төмендейді. Сау сиырлардың сүтіндегі осы көрсеткіштер- 5,11 мг% , 137,6 мг%, 87,5 мг%.
Желінсауға қарсы ең бірінші көзделетін мақсат - комплекстік сақтандыру шараларын ұйымдастыру. Әсіресе мал организмінің табиғи төзімділігін арттыруға бағытталған зоогигиеналық және мал дәрігерлік шараларға ерекше мән беріледі. Өйткені малдың жалпылай не жекелеген мүшелерінің төзімділігі нашарлаған жағдайда ірі қарада, әсіресе жас төлдерде көптеген аурулар, соның ішінде желінсау ауруы пайда болады. Сондықтан желінсауға қарсы сақтандыру шаралары жүргізілгенде, ең әуелі малдың жалпы төзімділігін кемітуге әсер ететін факторларды болдырмау әрекетін қарастырады. Демек, желінсауға қарсы жүргізілетін сақтандыру шаралары тек осы мақсатта ғана емес, басқа да кең тараған ауруларды (ішек-қарын, жүрек-қан тамыры т. б.) болдырмауға, сөйтіп сиырдың сүттілігін және асыл тұқымдық сапасын жақсартуға бағытталады.
Ірі қара өсіретін шаруашылықтарда мал организмінің табиғи төзімділігінің нашарлауы нәтижесінде пайда болатын шартты түрдегі жұқпалы және жұқпайтын аурулар өте қатерлі келеді [34, 35, 36].
Малдың табиғи төзімділігі нәсіліне, азықтандыру, күтіп-бағу және пайдалану жағдайына байланысты. Мұның өзі көне заманнан бері малдың табиғи сұрыпталуы болып келеді: Бұл олардың табиғи төзімділігін арттырумен қоса, осы бағалы қасиетін ұрпағына да дарытуда. Осыған байланысты іріленген мал шаруашылықтарында шартты инфекциялық ауруларға қарсы жүргізілетін сақтандыру шараларының ең басты принципі - мал организмінің табиғи төзімділігін сақтауға немесе оны қалпына келтіруге бағытталған азықтандырудың, күтіп-бағудың және пайдаланудың технологиялық амалдарын қарастыруда болып отыр. Мәселен, бұзаулаған ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz