GPRS технологиясының жалпы сипаттамасы


5
![]()
6
![]()
7
![]()
8
![]()
Аңдатпа
Бұл дипломдық жобада жеке жылыту пунктін сымсыз технологиялар
негізінде автоматты басқару қарастырылған. Қашықтықтан басқару қалта
шығын азайтып, жедел басқаруға және тез арада ақпарат алуға мүмкіндік
береді. Заманауи технологияларды пайдаланып автоматтандыру процессін
жүргізу тиімді әрі ыңғайлы екені көрсетіледі. Жеке жылыту пунктінің
математикалық моделі қарастырылып, жеке жылыту пунктіне қатысты барлық
қажетті құрылғылар таңдалынған. TIA Potrtal бағдарламасында шолулар
жасалынып, WinCC бағдарламасында визуалданған. Экономика және
өміртіршілік бөліміндерінде қойылған есептер шешілген.
Аннотация
В данном дипломном проекте рассматривается автоматическое
управление индивидульного теплового пункта на основе беспроводных
технологий. Дистанционное управление способствует уменьшению затрат
денежных средств, а также быстрому урпавлению и передаче данных.
Показано что реализация управления автоматических процессов с помощью
современных технологий удобно и выгодно. Рассмотрена математичекая
модель индивидуального теплового пункта, а также выбраны все
необходимые устройства для индивидуального теплового пункта. Приведен
обзор в программной среде TIA Portal и визуализирован на программе WinCC.
Решены задачи поставленные в экономическом разделе и безопасности
жизнидеятельности.
Annotation
In this thesis project is considered automatic control of individual heating
units based on wireless technologies. Ditantsionny control reduces the cost of funds,
as well as rapid urpavlenie and facilitates rapid data transfer. Shown that to realize
automatic control processes with modern technology convenient and profitable.
Considered matematicheki model of individual substation, as well as selected all the
necessary devices for individual substation. Provides an overview of the software
environment in TIA Portal and WinCC program visualized. Are solved problems
presented on the economic division and in the division of safety activity life.
9
Мазмұны
Кіріспе
1 Негізгі бөлім
1. 1 SIMATIC S7-1200 - Siemens ұсынған микроконтроллерлердің
жаңа жиынағы
1. 2 Орталық процессорлар
1. 3 Бағдарламалық қамтаманің шолу (визуализация) редакторы
1. 4 CP 1242-7 коммуникационды модулі
1. 5 Модульдің қолдану аймағы
1. 6 CP 1242-7 модулінің жұмыс режимі
1. 7 Сымсыз технологияның классификациясына әр түрлі әдістер
жатады:
1. 8 GPRS технологиясының жалпы сипаттамасы
1. 9 Жеке жылыту пуктінің есебін алу құрылғыларынан ақпарат алу
технологиясы
2 Арнайы бөлім
2. 1 Жеке жылыту пунктінің температура реттеу жүйесі
2. 2 АРЖ буындары және жүйенің математикалық модельдері
2. 3 Жүйені орнықтылыққа зерттеу және ПИД-реттеуішінің
көрсеткіштерін анықтау
2. 4 TIA Portal
2. 5 Жылу пункттерін автоматтандыру жұмысын жүзеге асыру
3 Бөлім. Экономикалық бөлім
3. 1 Бизнес - жоспар
3. 2 Өнім
3. 3 Маркетинг жоспары
3. 4 Қаржылық жоспар
3. 4. 1 Автоматтандыру жүйесін құруға кеткен капиталдық шығындар
3. 4. 2 Автоматтандыру жүйесін эксплуатациялауға кеткен шығындар
3. 4. 3 Автоматтандыру жүйесін өндірудің экономикалық тиімділігін
есептеу
4 Өміртіршілік қауіпсіздігі
4. 1 Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша заңдық және
нормативтік актілер
4. 2. Су сорғысынан шығатын шуды есептеу
4. 3 Шудан қорғану шаралары
4. 4 «Жылу пунктінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық
регламенті
4. 4. 1 Қолданылу саласы
4. 4. 2 Пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
10
7
8
8
9
10
11
12
13
16
18
22
29
29
33
38
44
49
55
55
55
55
55
55
58
60
61
61
62
66
67
67
71
72
73
КІРІСПЕ
Осы дипломдық жобада жеке жылыту пунктін сымсыз технологиялар
негізінде автоматты басқару болып табылады.
Жеке жылыту пунктін қашықтықтан басқару және ақпараттарды жинау
қазіргі заманға сай процесстің бірі болып табылады. Автоматтандырудың
дәрежесіне сәйкес жылу энергетикасы индустрияның қазіргі секторларының
арасында негізгі орын алады. Сымсыз техологиялар ақпаратты қашықтыққа
тасумен ыңғайлылығымен, тездігімен қол жетімділігімен ерекшелінеді.
Осыған орай жеке жылыту пунктінің ақпаратын тез алу қажеттілігі
туындайды.
Басқару түрлерінде қол режимі және автомата режимі қарастырылған.
Автоматтандырудың сипаттамалары маңызды артықышылықтарды ұсынады:
1) жұмысшы персоналдың санын азайтуды қамтамасыз етеді, яғни еңбек
өнімділігін арттырады;
2) жұмысшылардың еңбек шартын жақсы жаққа қарай өзгертеді;
3) сыртқы орта температурасын ескере отырып қажетті температураны
орнатады;
4) еңбек қорғауды және қондырғы жұмысының сенімділігін арттырады
5) су қысымнның кенеттен артып кетуі және су қысымнан болатын
апаттан қорғайды .
Жеке жылыту пунктінің персоналдың қауіпсіз шарттары мен қажетті
талап етілетін параметрлері қамтамасыз етілген.
Берілген автоматты реттеу жүйесі келесілерге негізделген:
- басқару тиімділігін жақсартуға;
- экономды тиімді пайдалану;
- авариялық жағдайларды тез арада білуге;
- жұмысшылардың еңбек шарттарын жақсартуға;
- сыртқы орта температурасына қарай бейімделуге.
Дипломдық жұмыс келесі бөлімдерден тұрады:
Негізгі бөлімдетехнологиялық контроллердің жұмысы, және сымсыз
технологияларды таңдаудағы тиімділік зерттелді. Технологиялық контроллер
қашықтықтан басқару жағдайы сипатталынған.
Арнайы бөлімде қажетті құрылғылар таңдалынып, математикалық
модель құрастырылады. Жоба үшін айнымалы параметрлері анықталынып,
жүйе орнықтылыққа зерттелінеді.
Сымсыз технологиялар негізінде
қашықтықтан басқару бағдарламасы жазылады.
Экономикалық бөлімде жылыту пунктінің автоматтандыру жүйесінің
құрылыстық-пайдалану шығындары және экономикалық тиімділігі есептемесі
жүргізіледі.
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде қондырғылардан шығатын шудың
есептемесі жүргізіледі және жеке жылыту пунктінің қауіпсіздігіне қойылатын
талаптар қарастырылды.
11
1 Негізгі бөлім
1. 1 SIMATIC S7-1200 - Siemens ұсынған микроконтроллерлердің
жаңа жиынағы
Siemens концернінің «Өндірісті автоматтандыру» департаменті жаңа
Simatic S7-1200 бағдарламалаушы логикалық контроллрін жасақтап шықты.
Жаңа технология мен инновациялар арқасында бұл жаңа өнім осыған дейінгі
өзінің замандастарынан біршама, айтарлықтай ерекшеліктерге ие
болғандығын айта кету қажет. Нақтырақ айтқанда ол өзінің үлкен
өнімділігімен, үлкен мүмкіндіктерімен және компактіліген ерекшеленеді деп
айтуға болады.
Simatic Step 7 Basic - жаңа жинақ ортасы тек S7-1200 контроллерін
бағдарламалап қана қоймай, Basic Panels сериялы оператор панелдерін де
бағдарламалауға үлкен мүмкіндіктер беретінін де айта кету керек.
Simatic Step 7 Basic бағдарламалау жұмыстарын жүргізуді айтарлықтай жеңіл
әрі жылдам жүргізуге, контроллер мен оператор панелдерін эксплуатация
жасауда, жүйені конфигурациялауда асқан жеңілдікпен жүзеге асыруға үлкен
мүмкіндік береді (1. 1 суретте жаңа SIMATIC S7 - 1200 контроллерінің көрінісі
көрсетілген) .
1. 1 Сурет - Жаңа SIMATIC S7-1200 контроллері
12
![]()
1. 2 Орталық процессорлар
S7-1200-де төрт түрлі процессор қолданылады. Олар өз кезегінде бір
бірінен өнімділігімен, кірістірілген жадының көлеміне байланысты және
кірістірілген кірісі мен шығысының саны, түріне байланысты да біршама
ерекшеленеді. Әр модель үш модификацияға ие:
- 24 В кернеу көзіне ие, 24 В дискретті кірістермен және 24 В/0, 5 А
транзисторлық кілттер негізіндегі дискретті шығыстармен.
- 24 В кернеу көзіне ие, 24 В дискретті кірістермен және 24 В/2 А
тұйықтаушы релесі бар, жүктемелік сипатқа ие дискретті шығыстар.
- ~115/230 В кернеу көзіне ие, 24 В дискретті кірістермен және 24 В
тұйықтаушы релесі бар, жүктемелік сипатқа ие 2 А контактісі дискретті
шығыстар. S7-1200-нің әрбір орталық процессоры кірістірілген
Ethernet/PROFINET (1215C моделінде 2) интерфейстеріменен жабдықталған
және олар бағдарламалау, диагностикада және автоматтандырудың басқалай
жүйелеріменен, адам-машина интерфейсті жүйелер мен құрылғылармен
ақпарат алмасуда кеңінен қолданысқа ие. Бір процессорлық модуль үшін
ақпарат алмасуға қажетті болып саналатын 16 түрлі байланыс
конфигурацияларын жасақтауға болады. Ақпаратпен алмасуды жүзеге асыру
кезінде байланыс функциялары (S7 сервер немесе S7 клиент) TCP/IP, ISO
негізінде TCP және S7 транспорттық протоколдары қолданылуы мүмкін.
Қажет болған жағдайларда контроллер құрамында қарапайым ғана төрт
каналды CSM 1277 типті Industrial Ethernet коммутаторы қолданылуы мүмкін.
Олар S7-1200 модульдері форматында жасақталған болып табылады. Барлық
орталық процессорлар үш коммуникациялы модульдер мен бір кіріс-шығыс
сигналды платаны (SB) қосуға мүмкіндік береді. CPU 1212C үшін қосымша
екі, ал CPU 1214C/1215C үшін сегіз сигналды модуль (SM) қосуға болады.
Simatic S7-1200 контроллерлерінің байланыс арнасы (2. 6 суретте көрсетілген) .
1. 2 Сурет - Simatic S7-1200 контроллерлерінің PROFIBUS байланыс арнасы
арқылы байланысуы
13
![]()
Барлық орталық процессор типтері екі (0-10В) аналогты кірістермен
және дикретті кірістер мен шығыстар жиағымен, шығыс кернеуі 24 В
датчиктердің қорек блогымен жабдықталған. Сыртқы тізбектердің қосылуы
немесе байланысуы винтті контакттермен жабдықталған босатылмалы,
басқалай айтқанда бекіткенге онай терминалды блоктар арқылы жүзеге
асырылады. Барлық орталық процессорлар өте жоғары өнімділікке ие және
келесі функциялардың кең қолдауына ие:
- қолдануда өте қолайлы LAD, FBD, SCL тілдерінде бағдарламалау;
- жоғары әрекет етушілігі. Логикалық операцияны орындау уақытының
мөлшері 0. 08 мкс-тен аспайды;
- кірістірілген жүктелетін 4 Мбайт құрайтын жад көлемі және 24Мбайт
кеңейтуге мүмкіндік беретін карта қолдану мүмкіндігі;
- жұмыс жады 100 Кбайт;
- контроллер қорегінің үзіліп кету жағдайындағы қажетті мәліметтерді
сақтап қалуға мүмкіндік беретін 10 Кбайт сыйымдылықты энерготәуелді
жады.
- потенциалды және импульсті сигналды енгізуге мүмкіндік беретін
универсалды тағайындалған кірістірілген дискретті кірістер;
- жүрістегі қоры бар 20 секундқа дейігі қоректену көзінің ажырауы
жағдайында кірістірілген аппаратты нақты уақыттағы сағат;
- 100 кГц- ке (SB көмегіменен 200кГц-ке) дейінгі жиілікке ие кіріс
сигналы үшін кірістірілген жоғарғы жылдамдықты санағыштар;
- 100 кГц- ке (тек осы сигналды платаның бар болуы жағдайындағы
транзисторлы шығысы бар CPU-да) дейінгі жиілікке ие кіріс сигналы үшін
кірістірілген жоғарғы жылдамдықты санағыштар;
- ПИД реттеу функциясын қолдайды;
- PLCopen стандартты талаптарға сәйкес негізінде орнын ауыстырудың
функциясын қолдауы;
- Java-ны қолдайтын кірістірілген Web-сервер;
- ақпараттарды архивтеу мүмкіндігі;
- операциондық жүйені жаңарту функциясын қолдауы;
- қолданушы бағдарламасын пароль көмегімен қорғау мүмкіндігі;
- CM/CB 1241 коммуникационды модуліндегі, басқа да құрылғылармен
ақпарат алмасуға мүмкіндік беретін еркін бағдарламаланатын порттардың бар
болуы;
1. 3 Бағдарламалық қамтаманің шолу (визуализация) редакторы
- KP300 Basic mono PN, KTP400 Basic mono PN, KTP400 color PN,
KP400 color PN, KTP600 Basic mono PN, KTP600 Basic color PN, KTP1000
Basic PN и TP1500 Basic PN базалық операторлар панелін конфигурациялау;
- сенсорлы немесе мембраналы пернетақталарменен жұмыс істеу үшін
қажетті дайын экрандық бейнелер;
14
- дискретті және аналогты апаттық хабарламаларды қолдау;
- беске интерактивті тілдерді қолдану;
- обьектілер бейнесінің графикалық кітапханасы;
- Drag & Drop интелектуалды функцияларын адам-машина және басқа
да күрделі жүйелерде, контроллерді бағдарламалау кезінде әр түрлі
редакторлар арасында ақпараттар алмасуды қолдау;
Интеграция:
- интегралданған символдық бағдарламалау;
- бір ғана берілген деректерді бірнеше рет қайта-қайта енгізе бермеу
үшін адам-машина интерфейсінде немесе жүйесінде айнымалыларменен
жұмысты қолдану;
-
бағдарламалау кезінде қолданушының жұмысын жеңілдету
мақсатында жасақталған сілтемелердің жалпы тізімі;
- алдын ала конфигурацияланған элементтерді бірнеше реттен қолдануға
мүмкіндік беретін глобалды және локалды кітапхана;
-
әр түрлі редакторлар деректерін біріктіруші Drag & Drop
интеллектуалды функциялары;
- интерактивті диагностика;
- Drag & Drop интеллектуалды функциясы әр түрлі редакторларның
деректер жинағы;
- диагностикалық ақпараттардың анық әрі түсінікті түрдегі көрсетілуі;
- айнымалыларды басқару және орнату функциясын талдау үшін қажетті
маниторинг кестесі;
- барлық желілік арналардың автоматты көрсетілімі;
- бағдарламашы мен контроллер жобаларының детальды салыстыруы.
- әр түрлі редакторлар деректерін біріктіруге мүмкіндік беретін Drag &
Drop интеллектуалды функциялары.
1. 4 CP 1242-7 коммуникационды модулі
CP 1242-7 коммуникационды модулі кірістірілген
GSM/GPRS
модемдеріменен жабдықталған. Ал ол өз кезегінде қашықтан басқару жүйесін
жүзеге асыруда айтарлықтай үлес қосады. S7-1200 контроллерлері негізінде
ақпарат жіберіп, қайта алуға және анализ жасауға, алынған мәліметтерге
сәйкес шешімдер қабылдауға үлкен көмегін тигізеді. Қашықтағы
станциялармен байланыс жасау үшін OPC-байланыс, Telecontrol Server Basic
бағдарламалық қамтама көмегімен жүзеге асырылады.
CP 1242-7 коммуникационды процессор SIMATIC S7-1200-ді
GSM/GPRS мобильді радиожелілермен байланыстырылып, келесі
көрсеткіштер арқылы сипатталады:
-
S7-1200 контроллерлері арасында глобалды сымсыз ақпарат
алмастыруға немесе S7-1200 контроллерлері және басқару орталықтарымен
интернет желісі арқылы байланыстырылады;
15
- ақпарат алмасу негізінен GPRS (General Packet Radio Service) мобильді
сымсыз қызметке негізделген және деректер жаңаруы (модем -> Интернет)
кезінде 86 Кбит/с-ке дейін, ал деректерді көшіру (Интернет -> модем) кезінде
43 Кбит/с-ке дейін барады;
- мобильді телефондардағы стандартты шарт негізінде GPRS режимдері
фиксирленген немесе динамткалық IP адреспен болады;
- NTP (Network Time Protocol) протоколын қолдану негізіндегі уақыттың
синхронизациясы;
- қоңырау шалу және текстілік хабарлама жіберу арқылы байланыс
орнату мүмкіндігі;
- текстілік хабарламаларды жіберу және қабылдау;
- кірістірілген жарық диодтарының болуы;
- S7-1200 модулдер фориатының жинақы жасалуы, стандартты
профильді шинаға орнатудың қолайлы болуына себеп болып табылады;
-
STEP 7 құрал-сайман пакеттері көмегіменен жылдам түрде
эксплуатацияға енгізу мүмкіндігі,
CP 1242-7 модулі "Telecontrol Server Basic" бағдарламалық қамтамасы
көмегіменен келесі құрамдағы телебасқару жүйесін құрайды;
- OPC интерфейсі көмегіменен бес мыңнан аса станцияларды бір
орталық басқару сианциясына өосуға мүмкіндік береді;
- байланыс үзілген жағдайда деректерді буферлік сақтау мүмкіндігі,
- қашықтағы станцияның жағдайының маниторингін жасау,
- провайдерлердің арнайы қызметтерін қолданбастан фиксирленген IP
адреспен жұмыс істеу мүмкіндігі;
-
интернет көмегімен қашықтағы станцияларды дистанциялы
диагностика жасау, қызмет көрсетуде STEP 7 пакетінің Teleservice қызметтік
функцияларын қолдану.
1. 5 Модульдің қолдану аймағы
Модульдің қолдану аймағына байланысты келесілер манызды:
- өте алыс кеңістіктерде орналастырылған автоматтандыру жүйелерінде
ақпарат алмасу және деректердің орталықтандырылған маниторингін жасау;
- мобильді машиналар және транспорттық құрылғылар көмегімен
тұрақты және уақытша коммуникационды байланыс орнату;
- IT механизмді қорғауды қолдану арқылы клиенттер машинасына
желілік кіру мүмкіндігіне тосқауыл қою;
- желілік инфрастуктура көмегінсіз қолжетімсіз сыртқы станциялармен
байланыс орнату;
Мұндай шешімдер әр түрлі секторларда қолданысқа ие:
- насостар, клапан және жылжытпалармен басқару жасайтын су жинау,
тазалау мекемелерінде;
16
- жарықты және бағдаршамдарды басқару арқылы жол қозғалысын,
транспортты реттеу;
-
электрэнергиясын өңдеу, трансформаторлық подстанцияларды
мониторинг жасау, өлшеулер жайлы ақпарат жинау;
- әлем бойынша машиналарға орталықтандырылған қашықтықтан
қызмет көрсету;
- жел турбиналарына мониторинг жасау;
- сауда автоматтарында тауардың бар, жоқтығын қадағалау;
CP 1242-7 өз кезегінде S7-1200 модулінің келесі көрсеткіштері арқылы
сипатталады:
- берік те кіші пластиктік корпус;
- қорғаныш қақпақшалармен жабылған индикация элементтері мен
байланыстыгғыштар;
- алмалы байланыстық терминалдар;
- контроллердің басқа модульдеріменен қатар орналастыруға мүмкіндік
беретін профильді шиналар;
- сыртқы 24 В қоректік тізбекті қосатын алмалы үш полюсті терминалды
блок;
- GSM/GPRS антеннаны қосуға мүмкіндік беретін SMA жалғағышы;
CP 1242-7 орталық процессордың сол жағына, болған жағдайда басқа
S7-1200-дің коммуникационды модулінен кейін орналастырылады. Қорек
көзіменен қамтамасыз ету блогы модульдің жоғарғы жағында орналасқан үш
полюсті терминалды блокта болса, SIM картаны және антеннаны орнатуға
арналған блок төменгі бөлікте қақпақшаның астында орналастырылған болып
келеді.
1. 6 CP 1242-7 модулінің жұмыс режимі
CP 1242-7 екі түрлі режимде қолданылуы мүмкін: Telecontrol server
(телебасқару сервері) және GPRS Direct (тікелей GPRS ақпарат алмасу) .
Telecontrol server (телебасқару сервері) режим жағдайында орталық
басқару пункті арқылы кез келген қашықтықтағы станцияларменен
байланыстырылып ақпарат алмасуда орталық
телебасқару сервері
қолданылады. CP 1242-7 модулі телебасқару серверіне қосылады. "Telecontrol
Server Basic" бағдарламалық қамтамасы орталық басқару пункті арқылы кез
келген қашықтықтағы станцияларменен байланыстырылып ақпарат алмасып,
мониторнг жасауға мүмкіндік бере алады.
GPRS Direct (тікелей GPRS ақпарат алмасу) режимі жағдайында
CP 1242-7 модулі тікелей түрде орталық басқару пункті арқылы кез келген
қашықтықтағы станцияларменен байланыстырылып ақпарат алмасуға
мүмкіндік береді. "Telecontrol server" режиміне қарағанда бұл режим қосымша
бағдарламалық қамтаманың немесе телебасқару серверінің болуын қажет
етпейді. Бұл режим ақпарат алмасқалы отқан партнерменен оның өз уникалды
17
адресі болуы жағдайында тікелей байланысқа шығып, ақпарат алмасуға
мүмкіндік береді. Ал ол өте маңызды болып табылады. Бұл талаптарды
қолдануды жүзеге асыру үшін "машина-машина"
(M2M) атты арнайы
операторлық сервистің болуы қажетті болып саналады.
CP 1242-7 модулін қолдануға қажетті барлық ақпараттар (провайдер
дерегі, жұмыс режимі, кіру мүмкіндігі) STEP 7 Basic V12 арқылы
конфигурацияланады. Бұл деректер өз кезегінде жұмыс кезінде қайта
өзгертілуі мүмкін. Ол үшін арнайы кітапхана функцияларын қолдануға
болады.
Мобильді байланыстың үзіліп кетуіне қарамастан оны сақтап тіркеп
отыруға мүмкіндік беретін арнайы функциялары да қарастырылған. Ол күнді
және уақытты да тіркеп отырады.
CP 1242-7 модулінің жұмыс режимін қолдану ерекшелігіне байланысты
қажетті уақыт және күннің синхронизациялау механизмдерін таңдап алуға
мүмкіндік береді. "Telecontrol server" режимінде жұмыс істеп тұрған
жағдайларда басқару орталығы синхронизацияланған сигналды барлық
қашықтағы станцияларға жіберуге мүмкіндік береді. "Telecontrol Server Basic"
бағдарламалық қамтамасы қолданылмаса синхронизациялау NTP сервер
көмегіменен жүзеге асырылады. Орталық процессор бағдарламасы
синхронизацияланған деректерді ішкі күн немесе уақыт деректерін орнатуда
қолдануы мүмкін.
CP 1242-7 үшін функциялар кітапханасы келесіні қамтамасыз ете алады:
- ақпарат алмасу функциясы: орталық басқару пункті арқылы кез келген
қашықтықтағы станцияларменен байланыстырылып ақпарат алмасуға
мүмкіндік бар;
- мәтіндік хабарламаны жіберу және алу;
- конфигурациялау функциясы: станцияның жұмыс режимінде қайта
конфигурация жасау мүмкіндігі;
STEP 7 пакетінің диагностикалық функциясы келесі мүмкіндіктерге ие:
- коммуникационды процессор жағдайы жайлы ақпарат алу;
- диагностикалық функцияның жалпы жинағын пайдалану;
- байланыстың диагностикасын жасау;
- диагностикалық хабарламаларды қарау;
S7-1200 контроллерін мобильді сымсыз желілерге қосудың есебінен ол
қашықтағы универсалды терминалға айналады:
- сымсыз байланысты қолданудың негізінде желілік инфрастуктура және
қолжетімсіз қиын аймақтарда шығынды барынша азайтып ақпарат алмасу
процессін жеңілдете түседі;
- қолданушылардың аөпаратттық желілерін комплексті интеграция
көмегінсіз қызмет көрсетуге мүмкіндік жасайды;
- қашықтағы автоматтандырылған станцияларда орталықтандырылған
қызмет есебінен командировка және қызмет көрсетуге кететін шығындарды
барынша азайтуы;
18
CP 1242-7 телебасқару жүйелерінде арнайы талаптарға жауап бере
алады:
- басқару орталығы мен деректерді буферизациялауда орталықпен
байланыстың үзіілу мүмкіндігін жою;
- STEP 7 құрал-саймандар жинағының көмегіменен шұғыл әрі үнемді
түрде эксплуатация жасау мүмкіндігі.
Барлық коммуникационды модульлдер орталық процессордың сол жақ
бөлігіне арнайы шиналық байланыс каналдары арқылы біріктіргіштер
көмегіменен орналастырылады. Максималды түрде кез келген процессор типі
үшін үшке дейін кез келген коммуникационды модульлдер орнатуға
мүмкіндік бар.
M2M контрактісінің бар болуында динамикалық және фиксирленген IP
адрестер көмегіменен мобильді телефонның стандартты контрактісі болған
жағдайда жұмыс жасауға мүмкіндік беретіндігіменен ерекшелентінің айтуға
болады.
NTP протоколды базасы негізінде уақыт бойынша синхронизациялау
жұмысын жүргізе алады.
Сонымен қатар тағы бір айта кетерлік жағдай қоңырау шалу немесе
мәтіндік хабарламалар көмегіменен модемді күту режимінен активті жағдайға
келтіруге болатындығы.
CP 1242-7 коммуникационды модулі кірістірілген
GSM/GPRS
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz