Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы



Мазмұны

1.Бөлім. Кіріспе

2.Бөлім. Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы.

2.1. Экономикалық өсудің факторлары мен мақсаттары

2.2. Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар

2.3. Қазақстан экономикасының өсу динамикасы

3.Бөлім. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде
экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы. Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді өзгерістерін атайды.
Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін қағидат кең тараған.
Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде шешу және ұдайы өндіру б.т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі түрі бар:
Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы.
Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы.
Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап етеді.
1. Әкімбеков С.Ә.,Баймухамбетова А.С., Жанайдаров У.А. Экономикалық теория. Оқу құралы.-Астана, 2002.

2. Мамыров Н.К., Тілеужанова М. Макроэкономика.- Алматы, 2004.

3. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы, 2002.

4. Шеденов Ө.К. Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе, 2004.

5. Назарбаев Н.Ә. Жаңа кезең-жаңа экономика. Егеменді Қазақстан.

6. Назарбаев Н.Ә. Азия асқарлары. Қазақстан жолы. Егеменді Қазақстан.

Ғабит Ж.Х. Экономикалық теория.Астана 2006

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

1. Бөлім. Кіріспе

2. Бөлім. Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы.

2.1. Экономикалық өсудің факторлары мен мақсаттары

2.2. Экономикалық өсудің стадиялары туралы теориялар

2.3. Қазақстан экономикасының өсу динамикасы

3. Бөлім. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1. Кіріспе

Батыс елдеріндегі қалыптасқан экономикалық жүйе шеңберінде
экономикалық өсу мәселесі жетекші нақтылы мақсат болып саналады.
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен
түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы өндіріс көлемінің сандық әрі сапалық артуы.
Яғни, экономикалық өсу деп, өндіргіш күштердің ұзақ мерзімдік дамуымен
байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімді
өзгерістерін атайды.
Басқаша айтқанда, ЖҰӨ-нің нақты көлемінің өсу қарқынымен өлшенетін
немесе осы көрсеткіштің жан басына шаққандағы өсуінің қарқынымен өлшенетін
қағидат кең тараған.
Экономикалық өсудің мәні-экономиканың негізгі қайшылығын жаңа дәрежеде
шешу және ұдайы өндіру б.т: өндірістік ресурстардың шектелуі мен қоғамдық
қажеттердің шексіз болуының арасындағы осы қайшылықты шешудің негізгі екі
түрі бар:
Біріншіден, өндірістік мүмкіндіктерді көбейту арқылы.
Екіншіден, бар болған өндірістік мүмкіндіктерді пайдалану тиімділігн
жоғарылату және қоғамдық қажеттіктерді дамыту арқылы.
Бірақ осымен процесс бітпейді: дамудың әрбір жаңа кезеңінде өндірістік
мүмкіндіктердің молаюымен байланысты қоғамдық қажеттердің барлығы
қамтамасыз етілмейді. Қоғамдық қажеттіктер, оларды қамтамасыз ететін
өнімдердің өндірісін осы елдің өндірушілері немесе импорт жасалған
өнімдердің жеткізушілері игергеннен кейін пайда болады. Бірақ осыған
қарамастан, қоғамдық қажеттіктер өндірістік ресурстарға қарағанда
біріншілік, жетекші болып табылады. Өйткені, пайда болған қажеттілік бірте-
бірте жаппайлыққа айналады, ал бұл жағдай өндірістің үздіксіз дамуын талап
етеді.

2. Экономикалық өсудің типтері, тиімділігі мен сапасы.

Экономикалық өсудің негізгі екі типі бар: экстенсивтік және
интенсивтік.
Экономикалық өсудің экстенсивтік типінде, материалдық игіліктер мен
қызметтер көлемінің молаюы ұсыныстың тікелей факторларының көпшілін қолдану
арқылы жүреді: жұмыскердерді, еңбек құралдарын, жерді, шикізатты, отын-қуат
ресурстарын және т.б. Экстенсивтік өсуде өндірістің нақты көлемінің өсу
қарқыны мен оны жасауға жұмсалған жиынтық шығындардың өсу қарқынының
арасындағы пропорциялары тұрақты болып саналады.
Экономикалық өсудің интенсивтік типі керісінше сипатталады - өндірістің
кеңеюі өсудің тікелей факторлары сапасының жетілдірілуі арқылы жүзеге
асырылады: прогресивтік технологияларды қолдану, жоғары квалификациясы мен
жоғары еңбек өнімділігі бар жұмысшы күшін пайдалану арқылы және т.б. Осы
жағдайда өндірістің нақты көлемінің өсу қарқыны нақты жиынтық шығындардың
өзгеру қарқынынан артық болып отырады.
Экономикалық өсудің тиімділігі көпсалалы өндірістің тиімділігі деген
түсінікті құратын жағдайлардың барлығының жақсартылуы. Осыған жататындар:
- тауарлар мен қызметтердің сапасының жақсаруы, олардың отандық
және әлемдік нарықта бәсекелік қабілетінің жоғарылауы;
- бұрын қанағаттандырылмаған қажеттерді қамтуға мүмкіндік беретін,
немесе оларды тым жақсы қамтуға мүмкіндік әкелетін жаңа тауарлар
өндірісін игеру;
- халықаралық еңбек бөлінісі жүйесіндегі елдің территориялық
артықшылығымен есептесе отырып, өндірістің мамандану мен
кооперациялануын жетілдіру;
- басқару шеберлігін жоғарылату арқылы және фирманың ішіндегі еңбек
өнімділігін ынталандыру үшін тиімді мотивация қолдану арқылы, Х-
тиімді еместігін жою;
- өндірістік ресурстардың салалық және елдің аймақтары бойынша
аллокациясын жақсарту;
- жаңа технологиялар игеру.
Экономикалық өсудің сапасы оның әлеуметтік бағытталуының күшеюімен
байланыстырылады. Экономикалық өсудің сапасын құрушылар:
- халықтың материалдық әл-ауқатының жақсаруы;
- адамның гармониялық даму негізі деп қаралатын бос уақыттың
көбеюі;
- әлеуметтік инфрақұрылым салаларының даму дәрежесінің жоғарылауы;
- адам капиталына инвестицияны өсіру;
- адамдардың еңбек және өмір жағдайларының қауіпсіздігін қамтамасыз
ету;
- жұмыссыздар мен жұмысқа қабілеті жоқтарды әлеуметтік қорғау;
- еңбек нарығында ұсыныс көлемінің өсуі жағдайында жұмыспен толық
қамтуды қолдау.

2.1. Экономикалық өсудің факторлары мен мақсаттары

Экономикалық өсудің факторлары деп өндірістің нақты көлемінің көбею
масштабын белгілейтін құбылыстар мен процесстер белгілейтін өсудің
тиімділігі мен сапасының жоғарылау мүмкіндіктерін атайды.
Факторларды экономикалық өсуге әсер етуіне байланысты тікелей және
жанама деп бөлінеді. Тікелей факторларға экономикалық өсудің физикалық
мүмкіндігін белгілецтіндер жатады. Жанамаға осы мүмкіндіктерді ақиқатқа
айналдыратын факторлар жатады.
Тікелейді 5 негізгі факторлар құрайды, олар жиынтық өндіріс пен
ұсыныстың динамикасын тікелей белгілейді:
1. еңбек ресурстары санының көбеюі және сапасының жоғарылауы;
2. негізгі капитал көлемінің өсуі және сапалық құрамының жақсаруы;
3. өндіріс технологиясы мен ұйымдастырылуының жетілдірілуі;
4. шаруашылық айналымына тартылған өндіріс ресурстарының саны мен
сапасының өсуі;
5. қоғамдағы кәсіпкерлік қабілеттердің өсуі.
Жанамалар құрамына мынадай ұсыныс факторлары жатады: нарықтың монополиялану
дәрежесінің төмендеуі, пайдаға салынатын салықтың азаюы, несие алу
мүмкіндіктерінің көбеюі және т.б. Жанамаларға сұраныс пен бөлу факторлары
да жатады.
Сұраныс факторлары өсіп келе жатқан өндіріс көлемінің өткізу
мүмкіндігін белгілейді. Сұраныс факторларының маңыздылары; тұтынушылық,
инвестициялық және мемлекеттік шығындардың өсуі, жаңа нарықтар игеру
нәтижесінде немесе әлемдік нарықта ел өнімінің бәсекелік қабілетінің өсуі
нәтижесінде экспорттың кеңеюі.
Егер сұраныстың динамикасы нақты өндіріс көлемінің табиғи дәрежесінің
ұлғаюынан төмен болса, онда экономикада өсу шапшаңдығының құлдырауы немесе
өсудің рецессиясы деген жағдай орын алады.

Экономикалық өсуге әсер ететін бөлу факторлары:
- өндірістік ресурстардың салалар, кәсіпорындар және елдегі
аймақтар бойынша нақты аллокациясы;
- қоғамда орын алып отырған табыстарды шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасында бөлу тәртібі.
Бұл факторлар экономикалық жүйенің өсу қабілетіне және оның
тиімділігіне әсер етеді.
Мақсаттардың иерархиялық бағыныштылығын мақсаттар пирамидасы деген
ұғыммен атау қабылданған. Экономикада, әдетте, маңызды төрт мәселені
атайды:
1. Экономикалық өсу
2. Жұмыспен толық қамту
3. Баға деңгейінің тұрақтылығы және ұлттық валютаның орнықтылығы
4. Сыртқы экономикалық тепе-теңдік
Ұсынылып отырған схема сырттай осындай құрылымды көрсетеді: оның
негізгі мақсаты молшылықпен байланысты және оны нақты цифрлармен белгілеу
мүмкін емес, ол белгілі бір нақтылы тапсырмалар қатарына бөлшектенеді.
Алайда, экономикалық саясатты жүзеге асыру барысында осынау нақты
тәсілдердің жиынтығынан үйлесімді жүйе тудыру өте қиын. Бұл екі түрлі
жағдаймен байланысты. Біріншіден, нақты міндеттің тұжырымдалуынның өзі
белгілі бір қиындықтардың элементтерін көрсетеді. Қоғамның әр түрлі
топтарында, көбінесе, мақсаттар туралы әр қилы түсініктер болады.
Екіншіден, іс жүзіндегі реттеудің жүзеге асуы мынаны көрсетеді: бір
мақсатты орындау, екіншісінің орындалуын тежейді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсудің типтері мен факторлары
Экономикалық өсу: түсінігі, типтері мен факторлары
Бименгиева Экономикалық теория
Қазақстан Республикасының экономикасының өсуінің глобалдық мәселелері
Экономикалық өсу: түсінігі, тиімділігі, сапасы
Экономикалық өсу - экономикалық дамудың маңызды көрсеткіші
Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі
Экономикалық өсу концепциялары
Экономикалық өсудің факторлары мен типтері
Экономикалық өсу және оның түрлері.
Пәндер