Қолданылатын бифидобактериялардың штаммдары


1 КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі мен практикалық маңыздылығы.
Қазіргі уақытта көптеген шаруашылық орындары ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарды өсіруде антибиотиктерді пайдалануды ұйғарады. Оларды бактериялық әртүрлі аурулардын алдын алу және ем үшін ғана пайдаланып қоймай, сонымен қатар азықтық қосымша ретінде, жас төлдердін өсуі мен дамуын, өнімділік пен өміршендік қасиеттерін жоғарылату үшін де қолданады. Антибиотиктерді пайдалану негізінде өндірістің экономикасы жақсарып, ет, сүт, жұмыртқа және басқа да мал шаруашылығы өнімдерінен көп мөлшерде қосымша қаражат табады. Алайда бұл жағдай агробизнесте антибиотиктерді жоғарғы қызығушылықпен және шектеусіз пайдалануға әкеп соғуда. Сол себепті, әлемде мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту үшін бұл препараттарды кеңінен қолдану жоғарғы қарқынмен өсті [1] . Қазіргі уақытта дүние жүзінде жүз мың тоннадан астам азықтық антибиотиктер пайдаланылады. Мұндай озық ұстанымды алға қойған елдердің бірі АҚШ-та мал шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін 15 мың тоннадан астам азықтық антибиотиктер жұмсалады. Одан кейін Қытай Республикасы, Бразилия елдері мал шаруашылығы өнімдерін тек қана ішкі нарық үшін ғана емес, сонымен бірге көп мөлшерде басқа да елдерге экспорттау үшін антибиотиктерді пайдаланады [2] . Осыған байланысты мал шаруашылығында антибиотиктерді үнемі және жүйесіз пайдаланудың нәтижесінде олардың ағзаға әсер ету тиімділігі айтарлықтай төмендеуде. Себебі патогенді және шартты-патогенді бактериялардың белгілі бір уақыт аралығында антибиотиктерге қарсы тұрақтылық қасиеттері пайда бола бастайды. Яғни бактериялар антибиотиктердің әсеріне дағдыланып, жануарлар ағзасында кері процесстер орын алып, пайдалы ішек-қарын микрофлорасының саны төмендейді. Нәтижесінде ағзадағы пайдалы микрофлора популяциясының құрамында экологиялық қасиеттері өзгерген жаңа штаммдар жинала бастайды. Ал грамм-оң микрофлораның антогонистикалық және биохимиялық белсенділіктері төмендеп, ал грамм - теріс микробтардың уыттылық қасиеттері арта түседі [3] . Жағдайды қорытындылай келе шаруашылықта жануарлардың өсуі мен дамуы бәсендеп, әлсіз жануарлар ағзасына патогенді микроорганизмдер тез әсер етіп, өзінің уыттылық деңгейін белсенді түрде жоғарылатады. Стационарлық жағдай жасалынбаған шаруашылықтарда жұқпалы аурулардың жаңа кезеңі басталып, ол басқа да шаруашылықтарға таралуы мүмкін. Қазіргі уақытта антибиотиктерге тұрақтылық қасиеті бар микроорганизмдердің жануарлардан адамдарға берілу мүмкіндігі дәлелденген. Жануарлардың өсуі мен дамуын ынталандыру және терапевтикалық мақсаттар үшін пайдаланылатын антибиотиктер ет, сүт, жұмыртқа сияқты азықтық өнімдерде белгілі бір мөлшерде жиналады. Антибиотиктерді шектен тыс пайдалану кезінде олардың біршама мөлшері жануарлардың ағзасынан нәжіс, зәр және алынатын өнімдер сүт, жұмыртқа арқылы сыртқа шығады. Ал ақуыз және басқа да компоненттермен байланысты мөлшері ағзада ұзақ уақытқа дейін сақталады. Ағзадан нәжіс арқылы шыққан антибиотиктер органикалық тыңайтқыш түрінде топыраққа түсіп, картоп, жеміс-жидектер және басқа да өсімдіктектес азық өнімдерінде жиналады. Бұл жағдай адамдардың денсаулығына қауіп төндіріп, дисбиоз, аллергия және иммунитетті төмендетуге әкеліп соғады. Әсіресе иммунитеті толық қалыптаспаған балаларға және жасы келген қариялар мен созылмалы аурумен ауыратын адамдарға өте қауіпті [4, 5] . Соңғы жылдары дамыған елдерде өнімнің сапасына айтарлықтай көп көңіл бөлінуде. Әсіресе азықтық өнімнің бойында антибиотик қалдықтарының мөлшерінің болуына. Кейбір елдерде қатаң ұлттық стандарттар әрекет етеді, басқаларында мал шаруашылығында тіпті мүлдем антибиотиктерді пайдалануға тиым салынған. Қазір әлемде мал шаруашылығында антибиотиктерді алмастыратын тиімді жолдар іздестірілуде. Көптеген тәжірибелік зерттеулердің нәтижесіне сүйенетін болсақ, ең тиімді бағыттардың бірі пробиотиктерді пайдалану болып табылады. Олар потогенді және шартты-потогенді микрофлораға антагонистік белсенділік көрсететін вегетативтік немесе споралық түрде нақты айқындалған бактериялар биомассасынан тұрады [6] . Пробиотиктер жануарлар ағзасы мен адам ағзасына қолайлы әрекет жасайды. Профилактика және ішек-қарын ауруларын алдын алу және азықты ауыстыру негізінде экономикалық шығынды төмендету, жануарларды тасымалдау, ұзақ уақыт антибиотик және вакциналық емдеу курстарын жүргізгеннен кейін ағзаны қалпына келтіру мақсатында, көптеген тәжірибелік зерттеулердің нәтижесінде B. Subtilis және B. Licheniformis штаммдары негізінде өнеркәсіптік мал шаруашылығында, құс шаруашылығында және балық шаруашылығыда пайдалану үшін пробиотикалық препараттар қатары шығарылды. Бұл пробиотикалық препараттардың бактериялық споралары жоғары өміршеңдік, антибиотик, химиялық препараттарға, жоғары және төменгі температураға тұрақты қасиетке ие. Пробиотиктер құрғақ және сұйық күйінде шығарылып, көбіне құрғақ түрін өндірісте кеңінен қолданады. Оларды құрамажемге, құнарлы азық, премикстерге, сүт алмастырушы немесе басқа да құрғақ және сұйық азықтарға және суға қосып беруге болады. Пробиотикті мал шаруашылығында тиімді пайдалану жоғары экономикалық нәтиже береді [7] . Елімізде көп шаруашылықтар антибиотиктерді пайдалануды толықтай шектеп, азықпен бірге пробиотиктерді қолдануда. Бұл шаруашылықтың өндірген өнімдерінің құрамында антибиотиктердің қалдық мөлшері кездеспейді. Бұл өнімдер халық үшін қауіпсіз, әрі үлкен сұранысқа ие болып, жоғары бағамен сатылады. Қазіргі уақытта елімізде мал шаруашылығына арналған отандық пробиотиктердің түрлері сатылмайды. Алайда ауыл шаруашылығы саласындағы бұл қызмет бағыты кәсіпкерлік пен биологиялық ғылымдардың қызығушылығын арттыруда. Мысалы, солардың бірі Алматы облысында орналасқан «Антиген» ғылыми өндірістік кәсіпорын ЖШС пробиотиктер зертханасы. Пробиотиктердің мал шаруашылығы саласында, жалпы экологиялық таза өнім алуда тигізетін пайдасын ескере отыра, алдағы уақытта мал шаруашылығының бір саласы ретінде асыл тұқымды «Астана-МИАКРО» қоян шаруашылығында жүргізіліп жатқан тәжірибелік-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде шетелдік пробиотиктермен қатар, отандық пробиотиктерді еліміздің мал шаруашылығы саласында кең қолданысқа енгізуге мүмкіндік туады. [1] . .
Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама.
Қазіргі уақытта ет өнімдерін өндіруде импортталған ет өнімдері көптеп қолданылуда. Ескеретін жайт импортталған ет шикізаты негізінен сойылғаннан кейін тоңазытөыш камераларына салынады, яғни етте табиғи жетілу процессі дұрыс жүргізілмейді. Ал бұл өз кезегінде дайыналатын өнім сапасына әсері тигізетіні мүмкін [3] .
Сондықтан міндетті түрде импорталған ет шикізатының сапасы органолептикалық, физико-химиялық және микробиологиялық көрсеткіштерне тексерілуі тиіс.
Ет өнімдерін өндіретін кәсіпорындарында жүргізілетін ветеринариялық-санитариялық шаралардың сапасы жоғары ет өнімдерін өндіруде алатын орны зор. Себебі, ет шикізаты, қосымша заттардың (дәмдеуіштердің, қабықшалар және т. б. ) және дайын өнімнің экзлгенді ластануы көбінесе осы ветеринариялық-санитариялық шараларды орындамау салдарынан болады. Сондықтан тағам, оның ішінде ет және ет өнімдерін өндіретін цехтардың және технологиялық қондырғыларды жуып тазалау жоғары деңгейде жүргізілуі керек [4, 5] .
Дипломдық жұмысты орындау мерзімі және базасы.
«Қара ой» ЖШС Алматы қаласынан 15 км жерде Алматы облысы Іле ауданыда орналасқан. Шаруашылық 2001 жылы құрылған. «Қара ой» ЖШС-нің негізгі қызметі шошқа шаруашылығы болып табылады.
Тәулігіне 70 т шошқа өнімдерін өндіреді. Шаруашылық аймағында негізігі және қосалқы аймақтардан басқа жанар-жағар май май қоймасы орналасқан.
Кәсіпорынды электр жүйесімен АПК ГРЭК қамтамасыз етеді. Кәсіпорынға су өзінің насостық станциясы арқылы жүргізілген.
Зерттеулердің мақсаты және міндеттері. Жұмыстың мақсаты - шошқалардың өсімталдылығын, өнімделегін арттыруда қолданылатын пробиотикалық препараттардың тиімділігіне салыстырмалы түрде баға беру және олардың шошқа етінің сапасына тиігізетінәсерін анықтау.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді қойдық:
- Лактур және Естур пробиотиктерінің мегежіндердің өнімділік көрсеткіштеріне әсерін анықтау;
- Лактур және Естур пробиотиктерінің 2-4 айлық бордақыдағы төлдерді өсіру кезіндегі тиімділігін анықтау;
- Лактур және Естур пробиотикалық препараттарын қолданған және бақылау тобындағы мал қанының морфологиялық және биохимиялық көрсеткіштерін зерттеу;
- Шошқа төлдерін бақылау сою нәтижелерін зерттеу.
1 ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1. Пробиотиктерді қолданудың шығу тарихы мен қазіргі жағдайы
Пробиотиктерді қолдану химиопрепараттармен, агрохимикаттармен, пестицидтермен және басқа да адам, мал организмдеріне және қоршаған ортаны ластайтын басқа заттармен салыстырғанда болашағы зор.
Зазіргі таңда пробиотикалық препараттар халықаралық нарықта жақсы орынға ие болған тауар болып табылады. Әсіресе адам организмін сақтауда және денсаулығын арттыруда қолданылатын пробиотиктердің алатын орны зор. Өз кезегінде бұл заттар функционалдық мақсаттағы басқа заттарды өндіруге әсерін тигізеді. Мысалы, құрамында пробиотиктері бар тағамдық қосымша заттар организімде:
- инфекцияға қарсы тұра алатын механизм жұмысын атқарады; - иммуномодуляторлы әсер етеді; - қорғаныс қасиетін жоғарлатады; - метоболитикалық үрдістерге қатысады; ішек жұмысының моторикасын өзгертеді және т. б.
Пробиотикалық препараттарды өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтарында қолданады. Сонымен қатар оларды мал қора-жайларында санитариялыұ-гигиеналық шараларды жүргізгенде, лас заттарды жоюда, жағымсыз иістерді жоюда, қиды өңдеуде қолданылады. Сонымен қатар, пробиотиктерді тағам, ет, сүт өндірістерінің, лас сулардың қалдықтарын өңдеуде қолданылады . ( В. А. Блинов, С. В. Ковалева, С. Н. Буршина, 2011) . Лактобактериялардың нақты түрлерінің асқазан ішек жүйесінің функционалды жағдайына әсерін анықтау жұмыстары 100 жылдан аса зерттеліп келеді. 1904 жылы профессор Илья Мечников болгар йогуртынан Lactobacillus delbrueckii subsp. Bulgaricus бөліп алған болатын. (Рубель И. С., 2013) . Оның ойынша асқазан ішек трактысына «дені сау» бактерияларды енгізу арқылы эндогенді интоксикациясының алдын алуға болады деп есептеген. Осы мақсатта И. Мечников тағамға Lactobacillus bulgaricus культурасымен байытылған простоквашаны қолдануды ұсынған.
20-30-шы жылдары L. acidophilus культурасы іш қатумен сипатталатын асқазан-ішек жолдарының ауруларын емдеуде көп қолданылған. 50-ші жылдары осы сұраққа қайта айналып келіп L. Acidophilus жәні осыған ұқсас культуралармен іш өту ауруларын емдеген.
Осы кезде бифидобактериялардың, ішек таяқшасының кейбір штаммдарының және улы емес сүтқышқылды стрептококктардың оң нәтижелі қасиеттері туралы мағлұматтар алына басталды. Бұл микроорганизмдердің штаммдары пробиотиктерді дайындау үшін негіз болып табылды. «Пробиотик» термині (грек. "pro bio" - "өмір үшін", "өмірді қалыптастыратын") алғаш рет 1954ж. F. Vergio, "Anti- und Probiotika". Lilly и Stillwell (1965) монографиясында кездескен. Пробиотиктерді микроорганизмдер бөледі және олар басқа микроорганизмдердің өсуін жылдамдатады. Бұдан кейін аталған терминмен «пайдалы» бактерияларды да атай бастады. Мысалы, 1977 ж. Л. Ричард және Р. Паркер «пробиотик» түсінігін зардапты микроорганизмдерге антогонистік белсенділігі бар тірі организмдер мен олардың өнімдерін атаған. 1989 ж. R. Fuller осы атпен «малға оң әсер беретін тірі микроб клеткасын» атауды ұсынды. Vanbelle et al. (1990) «пробиотик» ұғымын антибиотиктердің антонимі ретінде санауды ұсынды (D. M. Lilly, 1965, Г. А. Ноздрин, 2005) .
G. R. Gibson және М. В. Roberfroid (1995) ұғымында, пробиотиктер - бұл иесінің ішегінің микробиологиялық тепе теңдігін сақтайтын микробиологиялық тағамдық қосымша заттар деп санады. Guarner және Schaafsma (1998) бұл ұғыммен «қажетті мөлшерде адам пайдаланғанда оның организіміне оң әсер ететін тірі микроорганизмдер» деп санады.
Қазіргі уақытта«пробиотик» терминінің басқа да атаулары ұсынылған. 2001 жылы ВОЗ -пробиотик ұғымына мынадай сипатта берді: «Пробиотиктер дегеніміз қажетті мөлшерде қолданылғанда адам организіміне пайдалы әсер ететін тірі микроорганизмдер». ГОСТ Р 52349-2005 Ресейдің терминологиялық стандартында пробиотикті препарат, БАЗ немесе тағамның құрамына кіретін трі микроорганизмдер түріндегі физиологиялық функционалдық ингредиент деп атаған.
Бірақ қазіргі уақытта пробиотиктерге тек тірі микроорганизмдер ғана емес, сонымен қатар олардың компонеттері, бактериалды ДНҚ жатады.
Б. А. Шендерова (2001) , пробиотиктер - құрамында микроб тектес және микроб жоқ препараттар немесе тағамдық заттар, қалыпты жағдайда организмге енгізгенде олар организмнің микробиологиялық статусын көтеру арқылы оң нәтижелі әсер етеді. Е. А. Лыкованың мәлемдеуінше (2001) пробиотиктер - тірі немесе өлтірілген микроорганизмдер немесе олардың компонеттері бар микроб тектес өнімдер. Г. А. Ноздрин, А. Б. Иванова және т. б. (2005) пробиотиктер терминімен микроорганизмдердің және олардың ферментациядан кейінгі тұрақталған өнімдерін атаған. Блинов В. А., Ковалева С. В., Буршина С. Н. (2011), пробиотиктер-өсімдіктерден, малдардан бөлініп алған микроорганизмдердің арнайы таңдалған тірі штамдары.
1. 2 Пробиотиктердің жіктелуі
Қазіргі уақытта пробиотиктерді келесі түрлерге бөледі:
монопробиотиктер - құрамында микроағзаның тек бір түрін ғана ұсынатын түп негіз;
полипробиотиктер (қауымдасқан пробиотиктер) - өзімен микроағзалардың бірнеше түрінің, штаммның қауымдастығын ұсынатын түп негіз (2-ден 30-ға дейін: бифацид, ацилакт, витафлор, вето 2 және т. б. ) ;
метаболиттік пробиотиктер - жасушалар, метоболиттер компоненті негізіндегі түп негіз;
синбиотиктер - тірі микроағзалар мен пробиотиктер негізіндегі кешенді препараттар - индигендік микроағзалардың (бифилиз, аципол, кипацид, нутролин В және т. б. ) өсуін қолдайтын әртүрлі құрамдағы қосылулар [5, 6] ;
Пробиотиктер тағайындалуына қарай былай бөлінеді:
гетеропробиотиктер - пробиотикалық бактериялар штаммы бөлінген бастапқы иесінің түрлік тиістілігіне қарамай тағайындалады.
гомопробиотиктер - тек тиісті штаммдар бөлінген биоматериалдан жасалған ағзалар түрінің өкілдеріне тағайындалады.
аутопробиотиктер - нақты индивидумнан оқшауланған және оның микроэкологиялық түзетуі үшін арналған қалыпты микрофлоралар штаммы. [5] .
Соңғы он жылдықта пробиотикалық препараттар тұжырымдамасында айтарлықтай өзгерістер болды, және пробиотикалық препараттардың жаңа жұмыс классификациясы құрылды.
Аталмыш классификация бойынша пробиотикалық препараттарды үш негізгі буынға бөледі:
Бірінші буындағы препараттар - симбиондық (эндогендік) микробтар негізінде құрылған препараттар. Олардың артықшылығы асқазан-ішек жолдары және оларға жақын текті қалыпты микрофлоралар микрағзаларын-өкілдерін пайдалану. Аталмыш препараттар шырышты отарлануға, ішекте өсуге қабілетті және сыртқы орта факторларына, ферменттер мен жағдайлар ықпалына болмашы төзімділік, асқазан-ішек жолдарына тән құбылыс.
Екінші буындағы препараттар - көбінесе патогендік емес бациллдің, сапрофиттік (экзогендік) микробтары негізінде жасалған препараттар. Осындай пробиотиктер құрамына кіретін микроағзалар, ішек шырышты қабыршығы 3-5 тәуліктен кейін асқазан-ішек жолдарында тұрып қалмайды және алып тасталмайды. Олар сыртқы ортаның және ферменттердің қолайсыз факторларының әсеріне айрықша төзімді болып келеді.
Үшінші буынды препараттар - сапрофиттар мен симбионттардың генетикалық тұрғыдағы модифицирленген штаммдары негізінде алынған преператтар. Аталмыш штаммдарды патогендік емес бацилл гендік инженерия әдісімен алады. Соның ішінде генетикалық өзгерген штаммдар және лактобацилл пайда болады [4, 7] .
Осындай штаммдар негізіндегі пробиотикті препараттар қазіргі уақытта ветеринарлық препараттарды жасау кезінде кеңінен қолданылады.
Пробиотиктер культуралогиялық, морфологиялық, физиологиялық және басқа да қасиеттері бойынша айырмашылықтары микроорганизмдердің біршама тобы. Осыған байланысты өазіргі таңда пробиотиктердің бірыңғай классификациясы жоқ. Бірақ пробиотиктерді жіктеу үшін бірақ жұмыстар жүргізілді. Мысалы, ішек микрофлорасын жүйелейтін пробиотиктерді 4 туысқа бөлген: I. - құрамында бір ғана бактериядан тұратын классикалық монокомпонентті препараттар: бифидумбактерин, лактобактерин, колибактерин;
II - антагонисттер: бактисубтил, биоспорин, споробактерин және т. б. ;
III - бірнеше бактериялардың штаммдарынан тұратын (поликомпонетті) комбинириленген препараттар: аципол, ацилакт, линекс, бифилиз, бифи-форм; IV - нормофлоралрға жататын тірі бактериялар, құрамында бифидо бар пробиотиктер: бифидумбактерин форте және пробифор (Б. А. Шендеров, 2001)
Қазіргі таңда пролбиотиктерді жіктеу кезінде олардың құрамындағы микроорганизмдер саны, шығу тегі, басқа да компоненттердің болуы есептеледі. Осыған байланысты пробиотиктер монокомпонентті (монопробиотиктер), көпкомпонентті (полипробиотиктер), комбинирленген пробиотиктер (симбиотиктер) ; рекомбинантты (генно - инженерлік) ; құрамында бифидобактериялары, лактобациллалар бар пробиотиктер, сонымеен қатар споралық бактериялары бар және сахаромицеттер бар (Е. А. Лыкова, 2001, Г. Г. Онищенко, 2002) .
Әсер етуіне байланысты пробиотиктерді үш топқа бөледі: - аутопробиотиктер - әсер етуі қалыпты жағдайдағы микрофлорала, олардың тиімділігі тек өздерін бөліп алған малдарға әсер етеді; - гомопробиотиктер - нақты бір малдан бөлініп алынған және тек сол малға ғана әсер ететін штаммдар; - гетеропробиотиктер - адам мен малдарға ортақ әсер ететін пробиотиктер.
Пробиотиктерді жіктеудің осыған ұқсас классификациясын Рублев И. С. (2013) ұсынады: монопробиотиктер -нақты бір штаммы бар микроорганизмдерден дайындалған. Полипробиотиктер - бір микроорганизмнің екі немесе одан да көп штаммдарынан тұратын пробиотиктер. Кешенді - микроорганизмдердің бірнеше түрі мен штаммдарынан тұрады. Пребиотиктер - микроорганизмдердің қоректенуіне қолданылатын қосылыстар (микрофлораның өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді) . Симбиотиктер (simbiotik) - өздері бактерия және азық болып табылады. Лиофильді кептірілген және сұйық күйінде белсенді споралық микроорганизмдерден құралған пробиотиктер де бар (самоэлеминирующие) . Ең тиімділері - сұйық күйдегі белсенді активные пробиотиктер. Lilly D. M. (1965), Pedersen, K. (1989) пробиотиктер микроооганизмдердің санының көбеюіне әсер етеді деп санайды. Осы талаптарға байланысты пробиотикалық микроорганизмдерге бифидо- және лактобактерияларды, сонымен қатар стрептококктардың кейбір түрлері жатады. Ең көп тараған пробиотикалық микроорганизмдерге: - бифидобактериялар (Bifidobacterium bifidum, Bifidobacterium adolescentis, Bifidobacterium infantis, Bifidobacterium longum, Bifidobacterium thermophilus) (Y. L. Rasic, Y. A. Kurman, 1983) ; - лактобактериялар (Lactobacillus acidophilus, Lactobacillus casei, Lactobacillus bulgaricus, Lactobacillus reuteri, Lactobacillus plantarum т. б. ) ; - граммоң кокктар (Streptococcus thermophilus, Staphylococcus diaacetylactis, Enterococcus faecium) . (L. Drago, E. De Vecchi, 2009) .
Шығу тегіне байланысты пробиотиктер былай бөлінеді: сүтқышқылды штаммдар (L acidophilus, L. plantarum, L. bulgaricum, L. casei, L. fermentum, Str. thermophylus, Enterococci L-3, B. lactis) . Донорлық штаммдар (Bifidobacteriae bifidum, B. longum, B. infantis, B. adolescents, L. rhamnosus GG, L. gassed, Enterococci faecium, salivarius) . Антагонистер (В. subtilis, S. boulardii) .
1. 3 Пробиотиктерді ветеринариялық мақсаттарда қолдану тиімділігі
Пробиотикалық бактериялар В тобының дәрумендерін, фоли және никотин қышқылдарын өндіріп қана қоймайды, сонымен қатар майда еритін дәрімендердің қорытылуын қамтамасыз етеді. Бұл организмнің дәрімендік статусын коррекциялайды. (Borriello S. P., Hammes W. P., Holzapfel W. et al., 2003) . Пробиотикалық микрофлора организмге түскен химиялық құрамы жағынан әр түрлі бөгде заттарды, оның ішінде канцерогендерді де инактивтейді. (В. М. Бондаренко, 2004) . Пробиотиктердің әсер ету механизмі ішектің ішіне пайдалы бактериялармен-пробионттармен толтырып, оларөз кезегінде шартты-зардапты микроорганизмдердің мөлшеріне бақылау жүргізіп, ішектен бөлінуін қамтамасыз етеді. Бұл кезде микроорганизм-пробионттардың әсері 4 бағытта жүргізіледі: 1. Қажет емес микроорганизмдерді жою. 2. Бактериялардың метоболизмін өзгертеді. 3. Иммуниттеті көтеру. 4. Экзогенді және эндогенді субстраттар мен метаболиттерді детоксикациялайды. Сонымен қатар қалыпты жағдайдағы ішек микрофлорасының антимутагенді қасиеті дәлелденген. (В. А. Блинов, С. В. Ковалева, С. Н. Буршина, 2011)
Қазіргі таңда ішек микрофлорасының жұмысын қалыптастыру үшін пробиотиктермен қатар пребиотиктерді, синбиотиктерді, симбиотиктерді де қолданады., (Berg R. D., 1998) .
Ең алғаш рет 1974ж. Parker R. пробиоткалар пайдалы микроағзалар деп аталды. Бірақ кейбір деректерге сүйенетін болсақ, 1965 жылы бұл термин қолданылған Lilly D. ; Stilluell R.
Поробиотиктарға жатқызылатын биологиялық препараттар олар микроағзалардан немесе тіршілік ететін өнімдерден тұрады. Пробиотиктер адам ағзасына мына жолдармен, яғни арнайы фармацептикалық биологиялық преараттар арқылы, тағамға белсенді биологиялық қоспалар арқылы, тағамдық өнімдер арқылы, порбиотиктреді байыту немесе биотехнологиялық жолымен қолданылып алынған пробиотикалық ашытқыны қолданукультура алу арқылы түседі.
Пробиотиктер -микроағзалар төрт топқа бөлінеді: бактериялар, сутті және пропион қышқылын продуцрлейді (түрлері Lactobacterum, bifidobacterum, propionobacterium, Enterocjccus және басқалары) ; споратүзуші аэробты топтарына Bacillus (B. subtilis, B. cereus, В. Licheniformis, B. Coagulans) ; дрожжилар, пробиотиктерді жасаған кезде көбінесе шикізат ретінде қолданады.
Адам ағзасы және қоршаған орта бір экологиялық жүйені құрайды, онда үлкен көледі физиологиялық рөлді микробтар - адам симбионттар. Бактериалды пробиотиктерге жататындар, классикалық түрге -эубиотиктер, олар асқазанның дұрыс жұмыс істеуіне қатысатын микрофлора кіреді. ХХғ басында франсуз ғалымы Тисье емшектегі баланың асқазанынын бифидобактерияны бөліп алды. Бірақ бұл мироағзаларды өндірісте 70жыл өткеннен кейін сүтқышқыл өнімдерді өндіру үшін қолданды. «Транзиттік» деп адам асқазаныңда әрқашан кездеспейтін, бірақ пробиотиктік қасиетке ие микроағзалады айтады. Бұларға сүтқышқылды таяқшалар және коккалар, грам оң бактериялар, проион қышқылын синтездейтін және Bacillus тобына жататын сонымен қатар Escherichia coli, Citrobacter, дрожжилар Saccharomyces, Candida pintolepesii, саңырауқұлақтар - жоғары-Aspergillus, Rizopus, Cordiceps жатады.
Bergeu (1974) ді анықтаған келісулерден кейін бұған бифидобактериялар Actinomucetaceace cумиясына жатады. Қазіргі кезде бифидобактериялардың 32 түрі бар . Біздің елімізде бифидобактерияның 3 түрін қолданады: B. infantis, B. Longum, B. Anotoscentis.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz