Жүйе администраторы немесе кітапхана қызметкері


Аннотация
![]()
В данной работе представлен отчет дипломного проекта по теме
“Разработка информационной подсистемы для автоматизации работы
библиотеки АУЭС”. Здесь полностью описывается как это можно сделать,
какими средствами, и что это даст в результате. Показаны преимущество
использование Web технологии для автоматизации работы библиотеки.
Данный отчет состоит из пяти глав и четырнадцати подглав. Количество
страниц 82, использовано 28 рисунков и 16 таблиц.
Андатпа
Берілген жұмыста
“АЭжБУ кітапханасының жұмысын
автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе бөлігін құру” атты дипломдық
жобаның жасалу қорытындысы берілген. Мұнда кітапхана жұмысын
автоматтандыруға Web технологияларды қолданудың маңыздылығы, беретін
артықшылдықтары көрсетілген.
Жұмыс 5 тараудан және он төрт тарау бөлшегінен ьұрады. Есеп беруде
82 бет, 28 суреттен және 16 кесте бар.
Annotation
This paper presents a report of the graduation project on “Development of an
information subsystem for automation of AUPET library”. It is fully described how
to do it, by what tools, and that this will result. The advantages of using Web
technology to automate the library.
This report consists of five chapters and subchapters fourteen. Number of
pages 82, used 28 figures and 16 tables.
Мазмұны
Кіріспе
1 Аналитикалық бөлім
1. 1 Жоғары білім беру орындарында ақпараттық технологияларды енгізу
маңыздылығы
1. 2 АЭжБУ кітапханасы
1. 3 Қолданылған құрал саймандар
2 Жобалық бөлім
2. 1 АЖ бөлігіне қойлатын талаптар
2. 2 АЖ бөлігінің құрылуы
2. 3 АЖ бөлігін құруға қолданылған бағдарламалық қамтамалар
3 Эксперименталды бөлім
3. 1 Жүйені қамтамасыз ететін ДҚ-н құру
3. 2 АЖ бөлігін құрастырылуы
3. 3 АЖ бөлігін қолдану жайлы нұсқаулар
4 Экономикалық бөлім
4. 1 Жұмыстың сипаттамасы мен қажеттілігінің негіздемесі
4. 2 АЖ бөлшегін жобалауға және құруға кететін шығынды есептеу
4. 3 Берілген БҚ - ның экономикалық тиімділігі
5 Тіршілік қауіпсіздігі
8
11
11
15
17
29
29
31
37
47
47
49
57
64
64
64
69
71
5. 1 Кітапхана АЖ-ның администраторының жұмыс орнындағы негізгі қауіпті
факторларды талдау
5. 2 Есептік бөлім
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Қосымша А
Қосымша Ә
71
77
83
84
85
110
Кіріспе
Адамзат баласының даму тарихының кез келген уақытын алсақ та ең
маңызды мақсаттарының бірі ақпаратты уақыт аралығында сақтап келесі
болашақ ұрпаққа жеткізу болды. Сол ақпараттың ұрпақ аралығында жетіп
отырғанның арқасы бола қазіргі күнде ғылым, өнер, мәдениеттер осындай
жоғары денгейге жеткетті.
Кітап шығару ісі шыққанан бастап ақпаратты сақтау, қол жеткізу басты
әдісі ретінде - басылымдық әдіс, ал олардың сақталу жері ретінде кітапхана
болып қалыптасты. Осы күнде жазба және баспа құжаттарды сақтау және
қолдану әжептәуiр жақсы игерiлген және бұл салада көптеген жылдар бойы
келе жатқан мамандар ұрпақтарының және зертеушілер жұмысының мол
тәжирибесі бар. Алайда бұндай түрде сақталған ақпарат көбейген сайын
олармен сақтау, іздеу, сұрыптау, жеткізу жұмыстарын жүргізу өте қиынға
соғады.
XX ғасырдың 70-80 жылдарынан бастап есептеуіш техникасының
дамуымен ақпаратты электронды түрде сақтау және тарату мүмкіндіктері
пайда болды, бұл кезіндегі кітап басылым технологиясы шыққан тәрізді адам
баласының даму сатысындағы үлкен бір революциялық жетістігі.
Электронды форма бүгінгі таңда бізге ақпартты мейлінше берік және
тұтас сақтауға, шапшаң және кең таратуға және де алдыңғы баспа
формасында болмаған, ақпаратпен тікелей манипуляция жұмыстарын жасауға
мүмкіндік берді. Осыған байланысты соңғы жылдары бүкіл әлемде
электронды ақпарат саны өте жылдам өсуде. 1998 жылы жүргізілген бірнеше
зерттеулерге қарағанда ғаламторда электронды ақпарат саны 300 млн. -ға жетті
және әлі күнде қарқынды өсуде.
Сонымен қатар жазба ақпараттын электронды формаға ауыстыру
процессі бүкіл әлемде қарқынды жүріп жатыр. Оған дәлел ретінде АҚШ-тағы
20 млн. құжатты электронды түрге ауыстыруға арналған Пентогонның
жобасы, Жапониядағы Ұлттық Электронды Кітапхана жасау жобасының
барысында 10 млн. - ға жуық бет мәтіндік ақпарат электронды формаға
ауыстырылуын айтуға болады.
Тек басқару саласмында ғана емес бұндай қарқын білім саласындағы
ақпараттарды ауыстыруда да байқауға болады. Ондай жобалардың
алғашқыларының бірі Гутенберг жобасы.
Гутенберг жобасы - әмбебап электронды кітапхананы жасауды және
таратуды мақсат ететін қоғамдық бастама. 1971 жылы құрылған жоба әлемдік
әдебиеттің әртүрлі шығармаларын электронды қалыпқа өткізу мен мәтіндік
форматта сақтауды қарастырады. Бұл негізінен еркін қолдануға болатын
мәтіндер.
Және де XX ғасырдың ең үлкен жобаларының бірі ол Google Books
жобасы.
8
Google Books (Google Кітаптар) - Google компаниясымен сандық үлгіге
өткізілген кітаптардің мәтіні бойынша іздеу қызметі (АҚШ-тың ең үлкен
кітапханаларының 10 миллионнан астам кітабы) .
Бұл жобаны жасау барысында 2005 жылы желтоқсан айында Google
компаниясы АҚШ пен Ұлыбританияның 5 ең үлкен кітапханаларымен
олардың кітапхана қорын сандық үлгіге өткізу турасында келісімге отырды.
- Стэнфорд университетінің кітапханасы - толығымен (8 000 000 кітап) ;
- Мичиган университетінің кітапханасы - толығымен (7 000 000 кітап) ;
- Гарвард университетінің кітапханасы - 40 000 кітап;
- Оксфорд университетінің кітапханасы - 1900 ж. дейін басылған барлық
кітап;
-
Нью-Йорк қоғамдық кітапханасы
-
копирайтпен қорғалмаған
студенттер мен мектеп оқушыларына арналған материалдар.
2010 жылға қарағанда проект барысында 15 миллион кітапқа қол
жеткізуге мүмкіндік болды, оның 1 миллионға жуығы - қоғамдық қазына.
Проект қызметкерлері әлемдегі кітаптар санын (қайта басылуларды
санамағанда) 130 миллионға бағалап, осыншама кітапты онжылдықтың
соңына дейін сандық үлгіге өткізбекші.
Өзіміздің отанымыз Қазақстанда да бұндай жобалар көптеп жүзеге
асырылып жатыр. Олардың бірнешесіне тоқталып кетсек.
“Қазақша Уикипедия” жобасы - қазақ тіліндегі Уикипедияны дамыту
мақсатында 2011 жылы WikiBilim қоғамдық қоры бастаған қоғамдық жоба.
Жобаның негізгі мақсаты интернеттегі қазақ тілді мазмұнды жазбаша
мәліметтерді арттыру, қазақ тіліндегі интеллектуалды ортаны, уики
қауымдастықты қалыптастыру.
2011 жылдың қараша айының басында Қазақ Уикипедиясы 100 000
мақала межесіне жетті. Жоба ұйымдастырушылары ендігі мақсат ретінде
мақала сапасын арттыру көзделіп отыр.
Және де Қазақстандық Ұлттық Электронды Кітапхана жобасының
жасалуы барысында көптеген бағдарламалар іске асырылды.
«Мәдени мұра» бағдарламасы ұлттың бағалы құндылықтарының
электрондық қорын құру мақсатымен жасалған. Осы қор ҚР Президенті Н. Ә.
Назарбаевтың бастамасымен қабылданған .
Қордың көлемін тарих,
археология, этнография, халық әдебиетінің озық үлгілері мен мемлекеттік
тілдегі жазбалар, сондай-ақ заманауи анықтамалық басылымдардан тұратын
500 сандық кітаптар құрайды.
«Қазақстан
кітапханаларындағы сирек қолжазбалар»
өткен
жылдардағы (XIX ғасырдан 1940 жылға дейiнгі) жалпы мәдениет пен ғылыми
маңыздылыққа ие араб және орыс тілдеріндегі 1217 электронды қолжазбадан
тұрады.
Және де басқа «Казахстандық», «Қазақстан Халқы Ассамблеясы»,
«Ауылшаруашылық әдебиеттері», «Авторефераттар мен диссертациялар»,
«Университет хабаршылары»
бағдарламаларының жасалуы барысында
9
Қазақстан Мемлекетінің ұлттық қазынасы болып табылатын 20 мыңға жуық
кітаптың электронды формасы жасалды.
Электронды ақпараттың бұлай қарқынды өсуі оларды басқаратын
ақпараттық жүйе құру қажеттілігіне алып келді. Соған байланысты XX
ғасырдың 90 - шы жылдарынан бастап электронда формадағы баспа
ақпаратын басқаруға арналған ақпараттық жүйе құру жұмысы кең ауқым
алып, соның барысында «электронды кітапхана» деген жаңа термин пайда
болды.
Электрондық кiтапхана - электронды формадағы құжаттардың түрлi
топтамаларын (мәтіндік, бейнелік, кескінді дыбыстық және т. б) берiк
сақтауға, тиімді пайдалануға және оларға телекоммуникациялық желiлер
арқылы қол жеткізуге мүмкіндік беретiн ақпараттық жүйе. Электронды
кітапхананың негізгі міндеті - ақпараттық ресурстарды интеграциялап, онда
тиімді және әсерлі түрде навигация жүргізуге рұқсат беру.
Ақпараттық ресурстарды интеграциялау дегенімізде әр түрлі
ақпараттың өзіне тән қасиеттерін, ұсыну ерекшеліктерін сақтап оларға
қолайлы және бiрегейлендiрiлген қолданбалы интерфейстер жәрдеммен қол
жеткізуге, манипуляция жұмысын жүргізуге мүмкіндік беру мақсатымен
ақпаратты біріктіру түсіндіріледі. Сонымен қатар ақпараттық ресурстарды
біріктіру физикалық тұрғыда жасалуы міндетті емес, оны виртуалды түрде
жасауға болат, ең бастысы ол қол жетімді ақпараттың қолданушыға біртұтас
ақпараттық кеңістік ретінде сезілуін қамтамасыз ету керек.
Ал
электронды кітапханадағы тиімді навигация дегенімізде,
қолданцшының өзіне қызықты және керекті, мейлінше толық және дәл
ақпараттты барлық қол жетімді ақпараттық кеністікте, аз күш шығынын
жұмсау арқылы табу мүмкіндігі түсіндіріледі.
Бұл дипломдық жұмыстағы менің мақсатым осы берілген
анықтамаларға жауап беретін Алматы Энергетика және Байланыс
Университетіндегі студенттердің шығармышылық электронды кітапқа оңай
қол жеткізуіне арналған, жүйелендірілген электронды кітапхананы құру,
бүгінгі таңдағы оның маңыздылығын және артықшылдықтарын көрсету
болып табылады.
10
1 Аналитикалық бөлім
1. 1 Жоғары білім беру орындарында ақпараттық технологияларды
енгізу маңыздылығы
ХХI ғасырдағы бiлiм беру жүйесіне жаңаша ақпараттық
технологияларды ендірудегі басты ұстаным - сапалы түрде iске кiрiсiп, тиiмдi
әрекеттену, құндылықтарды тұтынып, нәтижелi табысқа жету. Бұл қағиданы
ұстанып, оң әрекетке бағытталған тұлға сөзсiз табысқа жетедi, көздеген
мақсаты орындалады. Дәлiрек айтқанда, бұл - нәтижеге ие болудың кiлтi. Ал
бiлiмдендiрудiң арнасын кеңейткен интернетке қосылу, педагогтердің кәсiби
мамандығын жетiлдiру, ақпараттық тасқын, дамудағы жылдамдығына көз
iлеспейтiн бүгiнгi шапшаңдық, бiлiм жүйесiндегi жаңалықтар мен өзгерiстердi
игеру осыған дейiнгi қолданылып келген әдiс-тәсiл, амалдарға бой бермей
отыр. Олай болса, оқу-тәрбие үдерісінде болашақ мамандарды даярлауда
ақпараттық технологиялар жүйесін пайдалану кәсіби міндеттердің біріне
жатады.
Қазіргі орта кәсіптік және жоғары оқу орындарында электрондық
байланыс жүйелерінде ақпарат алмасу интернет, электрондық пошта, теле-
конференция, бейне-конференция, телеқатынастық жүйелер арқылы іске
асырылуда. Заман ағымына қарай күнделікті сабаққа бейне, аудио
қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану айтарлықтай
нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану
оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық
ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай
жасайды. Дәстүрлі оқулықты оның электрондық нұсқасына оңай айналдыруға
болады. Бұл нұсқаның жетістігі - оны компьютер жадында сақтау мүмкіндігі,
оның компьютерлік желілер арқылы таратылуы болып табылады. Ақпараттық
технологияларды пайдаланудың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік негіздері
әлі қалыптасу үстінде.
Ақпараттық технологияларды дамыту Қазақстан экономикасының
бәсекеге қабілеттілігін арттырудағы маңызды факторлардың бірі болып
табылады. Соңғы жылдары елдегі ақпараттық технологияларды қолдануды
дамыту қарқыны үлкен серпін алуда.
Біз тәуелсіз, мемлекеттік білімді жетілдіруге аса мән берген елде
тұрамыз. Жалпы білім берудің мақсаты - терең білімнің, кәсіби дағдылары
негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі дамытуға, адамгершілік тұрғысынан
жауапты шешімдерді қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Яғни
жеке тұлғаны қалыптастыруға негізделген, ақпараттық технологияларды
терең меңгерген, жылдам өзгеріп жататын бүгінгі заманға лайықты, жаңашыл
тұлғаны қалыптастыру.
Ақпараттық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру
жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік-білімдік ортаға енудегі
сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
11
Осыған сәйкес, жоғары білім беру саласындағы бүгінгі күнгі алға
қойылған мақсаттардың бірі - жаңа ақпараттық технологияны білім беру
жүйесіне пайдалана алатын, ақпараттық мәдениеті жоғары, білімді тұлғаны
қалыптастыру. Білім беруді ақпараттандыру нәтижесінде әрбір студент
ақпаратты еркін пайдалануға, оны қажетіне қарай талдай білу мүмкіндігіне ие
болуы қажет. Өйткені бұл білім беру үдерісіне қатысушылардың
интеллектуалдық белсенділігінің артуына, сол арқылы білім беру жүйесінің
дамуын жетілдіруге негіз болады.
Білім беру жүйесіне оқытудың жаңа технологияларын енгізу және
ақпараттық технологиямен қамтамасыз етуді жақсарту, студенттің ақпараттық
мәдениетін қалыптастыру міндеттері бір-бірімен өзара тығыз байланысты,
яғни оқу үдерісін қазіргі заманғы технологиялар мен оқытудың техникалық
құралдарын енгізуді талап етеді. Мұндай талаптарды қанағаттандыру - білім
беру жүйелеріне жоғары білікті мамандарды дайындау мәселелерін ғылыми
негізде шешу қажеттілігімен тікелей байланысты.
Ақпараттық технологияны пайдалану жөніндегі қызметтің мақсаты:
үйренушінің шығармашылық әлеуетін дамыту; коммуникативтік әрекеттерге
қабілетті болуды дамыту; сараптамалық зерттеу қызметі дағдыларын дамыту;
оқу қызметі мәдениетін дамыту; оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерін
қарқындандыру, оның тиімділігі мен сапасын арттыру; қазіргі қоғамның
ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты жүзеге
асыру.
Сондықтан оқытудың ақпараттық технологиясы-білімді жаңаша беру
мүмкіндіктерін жасау, білімді қабылдау, білім сапасын бағалауы, оқу-тәрбиесі
үрдісінде студенттің жеке тұлғасын жан-жақты қалыптастыру үшін, бойында
ақпараттық мәдениетті, сауатты адам-ақпараттың қажет кезін сезіну, оны
табу, бағалау және тиімді қолдану қабілетін арттыруады деп санаймыз.
Ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы шешілетін тағы да бір
міндет - оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу
материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндіктің
болуы. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру
программалары, оқыту программалары сияқты программалық өнімдер қызмет
етеді. Білім саласында компьютер - оқу үшін оқу құралы, ал оқытушы үшін
жұмысшы болып табылады.
Оқытудың ақпараттық технологиялары
осы ақпараттық білім
жүйесінің шегінде іске асырылатын болғандықтан, осы білім технологиясына
ақпараттық және бағдарламалық қолданумен көрсететін құралдар бір ғана
компьютермен, оған енгізілген бағдарламамен шектеліп қалмауы керек. Шын
мәнінде бәрі керісінше оқытудың ақпараттық-технологияларының
бағдарламалық құралдары және білім технологияларының өздері ақпараттық
білім ортасына ақпараттық білім жүйесінен бөлінген жүйелерге қосылады.
Ақпараттық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс
істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық
оқулықтарды, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту
12
бағдарламаларына негізделеді. Ақпараттық әдістемелік материалдар
коммуникациялық байланыс құралдарын пайдалану арқылы білім беруді
жетілдіруді көздейді. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияны қолдану
айтарлықтай нәтиже беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты
пайдаланып, студенттердің танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай,
логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне
жағдай жасайды.
Ақпараттық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану студенттің
қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми
көзқарасын қалыптастырады.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты
әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап
көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу
үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор. Білім беру
саласында АТ-ны дамытудың барлық жаңа үрдістерін ескеру және оларды
білім беру процесінде пайдалану елдегі білім беру деңгейін жаңа деңгейге
шығаруға көмек береді.
Бүгінгі күні білім беру ісіне құзыреттілік тұрғыдан келу арта түсуде.
Бұл ретте басты орында - студенттердің, сондай-ақ, оқытушылардың бойында
ақпараттық-байланыс құзыретін қалыптастыру қажеттілігі артады.
Ақпараттық технологиялары (АТ) адамның іс-әрекетінің көптеген өрістерін
қамтып, сапалы түрде іс-әрекет үрдісін ғана емес, сонымен қатар, оған деген
қатынасты да өзгертеді. Бүгінде АТ білім беру үрдісінде де жан-жақты
қолданыс тауып отыр, бірақ оның білім беру әдістемесіне қатысы жоқ,
көбінесе тек ұйымдастырушылық, ақпараттық, т. б. мақсатта ғана, мысалы,
оқытушы студенттерге белгілі бір ақпарат көздерін Ғаламтордан іздестіруді
ұсынады. Білім беру үрдісінде АТ-ны пайдалануға қатысты мүмкіндіктердің
кең ауқымы әлі де өз қолданысын тапқан жоқ.
АТ-ны белсенді түрде енгізіп жатқан оқытушылар дәл осы ақпараттық
технологиялар оқытушыға өзінің іс-әрекетіне талдау жасап, шеберлігін
ұштауға мүмкіндік береді дейді. Жаңа технологиялардың қай кезде
студенттердің тақырыпты меңгеруіне көмектесе алатынын, ал қай кезде
тікелей бетпе-бет қатынастың қажеттігін түсінуге болады. АТ қолдану
барысында қандай да бір «із» қалып отырады, сол ізді талдай келе, өзіндік
даму жолдарын айқындауға болады.
Заманауи әлемнің дамуы ақпараттық қоғамның қалыптасуына ықпал
еткен технологиялық жаңалықтарға тікелей байланысты. Мұндай қоғамда
жаңа ойлар тудыру, ақпаратты өңдеу - басты орында, заманауи байланыс
технологиялары адамзаттың іс-әрекетінің барлық өрістеріне ықпал етеді, бұл
жеке тұлғаның өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру қажеттілігін арттырады.
Қазіргі уақытта білімі мол қоғам кез келген елдің технологиялық және
әлеуметтік-экономикалық дамуының ең басты факторы болып отыр.
Гуманистік бағдарлы заманауи білім беруде сан алуан түрлер, әдістер,
технологиялар басты мақсат емес, олар жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы үшін
13
аса қолайлы жағдайды қамтамасыз ету: білім беру жүйесіне ақпараттық-
байланыс технологияларын белсенді түрде енгізу; адамға өз болмысын
түсініп, байыту үшін, қоршаған шындықпен қатынасындағы өзінің әлеуметтік
орнын айқындау үшін жәрдем етуге бағытталған жаңа білім беру
парадигмасын іске қосу сияқты білім берудің ең басты міндеттері аясында
қарастырылады.
Ағарту саласында еңбек етіп жүрген әр оқытушы студенттерге жүйелі,
сапалы білім беру үрдісінде бүгінгі заман талап етіп отырған ақпараттық
технологиялардың мүмкіндіктерін игертуі қажет.
Ақпараттық білімді игертуде: таным, қабылдау кезінде бейнелерді
құру, ең алдымен, бейнелі ес, көрнекі- бейнелі ойлау, шығармашылық ойлау
елесі, егжей- тегжейлі көріністер қабылдау, сөздік- логикалық ойлау, сөздік-
ойлау, ес, сезім қатынастары қамтылды.
Ақпараттық технологиямен жұмыс істеу барысында студент
материалды толық меңгереді, теориялық және эмпирикалық ойлауы біркелкі
дамиды, білім - білік дағдысы, қызығушылығы, танымдық белсенділігі
артады, ал оқытушы студенттердің зейінін өзіне тарту жетістігіне ие болады.
Оларды ойландыра, толғандыра отырып, зейінін оқу үрдісіне тарту әрекеттері
оқытушының тиімді құралы болып табылады.
Білімді игеру дегеніміз - оны ұғу, есте сақтау, қолдана білу. Білімді
игеру - алғашқы оқу материалын меңгеретін, білімді бекітетін, бақылау және
оқу жұмыстарының нәтижесін бағалайтын, сондай- ақ, дидактикалық
міндеттерді шешетін күрделі жүйе.
Ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолданудың оқушыға
берер мынандай тиімділіктері аңғарылды:
- түрлі ақпараттық, бейнелік, дыбыстық анықтамалар арқылы білімін
жан- жақты жетілдіреді, дамытады ;
- өз бетінше сарамандық тапсырмаларды орындайды;
- тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген тақырыпты
қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі;
- пәнге қызығушылығы, үздіксіз ізденісі артады;
- ойлау, есте сақтау, пікірсайыстық қабілеті дамиды;
- өз ойын сызба, сурет, кескіндеме, кесте, графиктік модельдер түрінде
жеткізеді;
- түрлі бейнелік, сілтемелік, нұсқаулық тапсырмаларды орындайды;
- түрлі деңгейдегі тест тапсырмаларын орындап, өзінің алған білімін
тексереді.
Компьютерлік технологияның қиындықтарын жеңе отырып, болашақ
ұстаздың өзіне деген, өз мүмкіндіктеріне деген сенімі ұлғайып, әрбір жаңа
бағдарламаны «жеңген» сайын табысқа жету үміті арта түседі. Ол өзін білім
берудегі «өркениетті» бағыттан хабарсыз «қараңғы адам» деп сезінбейді,
керісінше, ол өзін оқу үрдісін ақпараттандыруға өз үлесін қосқан тұлға деп
есептейді. Осы ішкі толғаныс адамды сомдау үрдісі ретінде жеке тұлғаның
өзін-өзі дамытумен байланысты.
14
Оның үстіне, жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуы мультимедиалық
технологияның интербелсенділігі қасиетіне
негізделген қарым-қатынас
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz