Волга сауу аппараты



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5
1
Аналитикалық бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7
1.1
Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері ... ... ... ... .
7
1.2
Заманауи сауу аппараттарының құрылысы мен жұмысына шолу
жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

11
1.3
Шағын фермаларда қолданылатын сауын
қондырғыларын технологиялық талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .

16
1.4
Амиран -Агро ЖШС-нің өндірістік - экономикалық
қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

23
1.5
Дипломдық жоба тақырыбын негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
26
2
Жобаның технологиялық есептеулері ... ... ... ... ... ... ... ... ..
29
2.1
Сүтті алғашқы өңдеудің технологиялық сұлбасын дәйектеу ... ... ... ... ...
29
2.2
Сиыр саууға қажет қондырғыларды есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
32
2.3
Сүтті алғашқы өңдейтін қондырғыларды есептеу және таңдау ... ... ... ...
34
2.4
Сүт цехының ауданын есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
37
2.5
Су, бу және электрэнергия қажеттілігін анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
39
3
Жобаның конструкторлық жасалымы ... ... ... ... ... ... ... ... ..
43
3.1
Сүт салқындатқыштарға қойылатын зооинженерлік талаптар
және олардың жіктелімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

43
3.2
Сүт салқындатқыштардың құрылысы мен жұмысын талдау ... ... ... ... ...
44
3.3
Конструкторлық өзгеріс енгізілетін сүт салқындатқыш
ыдыстың құрылысы мен жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

50
3.4
Сүт салқындатқыш ыдыстың параметрлерін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ..
51
4
Еңбек қорғауды ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы және қоршаған
ортаны сақтау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
55
4.1
Еңбек қорғауды ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
55
4.2
Қауіпсіздік техникасы ережелері және өрт, электрден
сақтану шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

56
4.3
Фермадағы машиналарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ..
60
4.4
Қоршаған ортаны сақтау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
66
5
Жобаның техникалық - экономикалық көрсеткіштері ... ... ... ... ... ... ...
69
5.1
Сиыр сауу және сүтті алғашқы өңдеудің технологиялық
картасын жасау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

69
5.2
Жобаның техникалық - экономикалық көрсеткіштерін есептеу ... ... ... ...
73
6
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
79

Пайдаланылған әдебиет тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
80
Кіріспе

Соңғы жылдары мемлекет басшылығы ауыл шаруашылығы саласының дамуына үлкен көңіл бөліп келеді. Өткен жылдардың Ауыл жылдары деп жариялануы, осы шараның аясында 2009 жылы Агроөнеркәсіптік кешенді және ауыл аумақтарын дамытуды мемлекеттік реттеу заңының қабылданып, бұл маңызды құжаттардың қомақты қаржымен қамтамасыз етілуі соның айқын куәсі.
Осындай мемлекеттік қолдау мен ауыл шаруашылығы саласында жүргізілген реформалар нәтижесінде ауыл экономикасы айтарлықтай алға басты. Соңғы төрт жылда аграрлық секторға 205 миллиард теңге бюджеттік қаржы және 805 миллиард теңге жеке инвестиция құйылды. Ауыл шаруашылығына салынған мемлекет қаржысының әр 1 теңгесі 4 теңгенің жеке инвестициясын тартып отыр. Осының негізінде агроөнеркәсіптік кешеннің жалпы өнім өндіру көлемі он жылдың ішінде үш есеге өсті. 2007 жылы ол 6,3 пайызға артып, 1050 миллиард теңгені құрады.
Соңғы бес жылда өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіруде тұрақты өсу байқалады. Мысалы, 2012 жылы 20,1 млн. тонна астық, 459,4 мың тонна күнбағыс, 438,7 мың тонна шитті мақта, 2196,4 мың тонна көкөніс өндірілді.
Осыған байланысты мал шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлерін өндіру басты өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл өсу мал басының көбеюі мен өнімділігінің артуынан көрініс тапты. Былтыр ірі қара саны 2012 жылға қарағанда 39,7 пайызға, қой мен ешкі - 57,3 пайызға, шошқа - 25,6 пайызға, құс - 49,1 пайызға көбейді. Дегенмен, малдың жалпы өнімділігі әлі де төмен, ол мал тұқымын асылдандыру ісінің және азықтандыру деңгейінің жеткіліксіз дамуына байланысты. Тәуелсіздік жылдары республика ауылшаруашылығының материалдық - техникалық базасы айтарлықтай нығая түсті. Соңғы жеті жылда алыс және жақын шетелден ауылшаруашылық техникасының 26,5 мыңнан астам негізгі түрі сатып алынды. Бұл ауылшаруашылық өндірісін энергиямен қамтамасыз етуді 2002 жылмен салыстырғанда 19,5 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Республикамыздың ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу саласында бүгінгі таңда 3 мыңнан аса кәсіпорын жұмыс істеуде. Соңғы 5 жылда сүт және сүт өнімдерін өңдеу 1,6 есе, өсімдік майы - 3 есе, қант 1,9 есеге өсіп отыр.
Қазақстан Республикасы президентінің елімізді бәсекеге барынша қабілетті елу мемлекеттің қатарына енгізу мақсаты мен республикамыздың Бүкіл дүниежүзілік сауда ұйымына кіргелі тұрған кезеңде - бәсекеге қабілетті ауылшаруашылық өнімдерін өндіру, өндірістік процестерді кешенді механикаландыру мен автоматтандыру, заманауи озық технологиялар мен тиімді жұмыс істейтін машиналар мен агрегаттарды өндіріске енгізу өзекті мәселеге айналып отыр.
Бұл орайда қазір республикамызда жүзеге асырылып жатқан Мемлекеттік азық-түлік бағдарламасының құрамдас бөлігінің бірі мал шаруашылығы саласында атқарылар істердің ауқымы зор. Ал бұл бағдарламаны ойдағыдай жүзеге асырудың басты шарттарының бірі - мал шаруашылығын интенсивті дамыту. Батыс елдерден импортталатын сүт өнімдеріне бәсекеге қабілетті болу үшін отандық өндірушілерге сүттің сапасын жақсарту, оны өндірудің өзіндік құнын төмендету, малдың сүт бергіштігін жоғарылату қажет.
Сүт - сапалы, қоректік қасиеті жоғары, адам өміріне қажетті барлық заттар мен витаминдер бар, бірақ тез бұзылатын өнім. Фермерлік және жанұялық фермаларда өндірілетін сүттің сапасы оның құрамына, физикалық - химиялық қасиеттеріне және санитарлық - гигиеналық параметрлеріне тікелей байланысты. Сүт сапасы МСТ 13264 - 88 Сиыр сүті. Сатып алуға қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс. Осы стандартты орындау - әртүрлі меншіктік нысандағы шаруашылық жүргізетін субъектілердің, оның ішінде фермерлер мен қожалық иелерінің де міндеті.
Орындалып отырған жоба тақырыбының жаңалығы және практикалық маңыздылығы жаңа сауылған сиыр сүтінің қасиеттерін сақтау үшін оны, міндетті түрде алғашқы өңдеуден өткізу қажет. Сүтті алғашқы өңдеу мынадай технологиялық сұлбалар бойынша жүргізіледі: тазарту; тазарту және салқындату; тазарту және сүт айыру; пастерлеу және салқындату.
Қазіргі кезде ТМД рыногында малды машинамен сауу және сүтті алғашқы өңдеуге арналған жабдықтарды жеткізіп, өндіріске енгізумен көптеген шетелдік компаниялар жұмыс істеуде. Ұсынылатын жабдықтардың номенклатурасы өте кең: қарапайым сауын модельдерінен малды идентифицирлейтін жүйесі бар автоматтандырылған қондырғыға дейін. Сондықтан сүтті алғашқы өңдейтін цех жабдықтарын таңдау кезінде, жұмсалатын күрделі қаржы мен алынатын табысты дұрыс бағалау, сондай - ақ бір мал басына есептегендегі шығындарды ескеру қажет. Бұл үшін мынадай критерийлер бойынша басымдықтарды дұрыс анықтай білу қажет: малды күтіп - бағу жағдайлары мен тәсілдері, табиғи - климаттық жағдайларға байланысты өндірісті шоғырландыру деңгейі, қызметкерлердің біліктілігі және т.б.
Дипломдық жобаның мақсаты - отандық және шетелдік соңғы ғылыми жетістіктерді ескере отырып, заманауи озық технологиялар және машиналар мен жабдықтардың негізінде жауапкершілігі шектеулі серіктестікте сиыр сауу мен сүт өндіру процестерін механикаландыру және сүтті алғашқы өңдеу цехын жобалау болып табылады.
Дипломалды іс-тәжрибесін Алматы облысындағы Амиран-Агро жауапкершілігі шектеулі серіктестікте өткізілді.
1 Әдеби шолу

Қазақстандағы сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері

Сүт және сүт өнімдері - маңызы жағынан халықты тағаммен қамтамасыз етуде екінші орын алады. Сондықтан сүтті сиыр шаруашылығын дамыту, сүт өндіруді ұйымдастыру және оның сапасын жақсарту, шикізаттың алғашқы қасиеттерін сақтай отырып, әртүрлі сүт өнімдерін дайындау технологиясын игеру - қазіргі уақыттағы ең өзекті мәселелердің бірі.
Сүттің құрамындағы қоректік заттарды тиімді пайдалану, белгілі бір уақыт аралығында оның құрамындағы ақуыздарды сақтап қалу, қосымша өнімдер шығару жолдары, өндірістің және сүт өнімінің өзгергіштік мөлшерінің жыл мезгілдеріне тәуелділік мәселелері бір - бірімен байланысты.
Қазіргі кезде сүттің ең құнды бөлігі - ақуыз, тек 45% - ға пайдаланылады. Қосымша өнімдердің басым бөлігі мал азықтандыруға жұмсалады немесе мүлде пайдаланылмайды. Өнімнің сапасы мен шығымы тек сүт құрамындағы компоненттер мөлшеріне ғана емес, сонымен бірге физикалық - химиялық, технологиялық қасиеттерге де байланысты, ал олар әр түрлі жағдайлармен (мал тұқымы, жасы, азықтандыру деңгейі) анықталады. Қазіргі кезде сүт өнімдерін дайындау технологиясын жетілдіруде бұл өте маңызды мәселе, себебі бұл сұрақтардың шешімі дайындалған сүттен неғұрлым көп өнім дайындау үшін қай аймақта қандай мал тұқымын өсіру қажет, сауын табындағы малдың жасы нешеде болуы керек, қандай азықпен, қалай қоректендірілуі керек екенін анықтауға мүмкіндік береді.
Сауын сиыр шаруашылығында сүт өнімінің мол және экономикалық жағынан нәтижелі болуы сиыр табынының құрамына да байланысты. Осыған байланысты сиыр табынын жас малмен толықтырып, кәрілерін уақытында шығарудың маңызы зор. Малдың өсуі, табынның сапасы және құрамы, сондай-ақ шаруашылықта ұйымдастыру жұмысын жүргізу сиыр табыннң дұрыс қалыптастыруға байланысты. Осы уақытқа дейін малдан өнімді көп алу үшін оның санын көбейту қажет болды, мұндай жағдайда әр сиыр табында 10- 12 жыл пайдаланылып, тек жылына 8%-ы ғана табыннан шығарылатын. Көптеген зерттеулер бойынша, сиырлар алты рет бұзаулағаннан кейін, бір кг сүт өндіруге 25% азық өлшемі артық жұмсалғаны байқалады. Сондықтан кәрі сиыр сүтінің өзіндік бағасы жас сиырларға қарағанда жоғарылау, әрине мұндай жағдайда оларды сиыр табынында ұстаудың қажеті шамалы. Сонымен мал табынындағы сиыр жасының шаруашылық экономикасына тигізетін әсері зор.
Сиырларды азықтандыру сүтті түзу процесі мен құрамына әсер етеді. Сауу кезінде сүтпен бірге бөлінетін құрғақ заттар мөлшері әдетте сиырдың өз салмағынан едәуір көп болатыны белгілі. Мысалы, сиырдың жылдық өнімі 3000 кг болса, онда сиыр ағзасынан сүтпен бірге 390 кг, ал өнімі 4000 кг болса, 500 кг - нан артық құрғақ зат бөлінеді.
Сиырларды көп мөлшерде, құрамында кальций тұздары аз азықтармен (сығынды, картоп) азықтандырғанда да сүттің сапасы төмендейді: ол ұлтабар ферментінің әсерінен нашар ұйып, құрамында май мен ақуыз мөлшері өте төмен болады. Қазіргі кезде өнім деңгейі әр түрлі сүтті сиырлар үшін қолайлы рацион құрылымы ұсынылып отыр. Жылдық өнімі 3000 кг сиырлар рационы жалпы қоректілігінің 40- 50%-ы шырынды азықтардан ( сүрлем, пішендеме, қызылша), 30 - 35%-ы ас - бұршақ тұқымдас пішенінен, 20 - 25%-ы құнарландырылған азықтан (құрамажемнен) тұруы қажет. Рационда әр азық өлшемінде кем дегенде 100-110г қорытылатын көмірсу болуы керек. Төмендегі суретте шаруашылықтан шағын көрініс, сиырлар серуен алаңында.

Сурет 1. Амиран-Агро шаруашылығынан көрініс

Сиырлардан сауылған сүт өнімі мен оның құрамына жеткіліксіз азықтандыру көп әсер етеді. Жеткіліксіз азықтандырғанда сүттің технологиялық қасиеттері де төмендейді, сүттің өзіндік құны, жұмсалған азық шығыны артады. Мұндай сүттен жасалған сүт өнімнің сапасы төмен болады. Сауу санын әр табын үшін өнім деңгейі мен желін көлеміне сәйкес анықтау керек.
Сиыр фермаларындағы жұмыс кешенінің ішінде сиыр сауу - еңбекті көп қажет ететін операциялардың бірі. Сиыр саууды механикаландыру - еңбек өнімділігін арттырудағы және сүттің өзіндік құнын кемітудегі басты резерв болып саналады.
Сиыр фермаларында машинамен саууды енгізу сауыншылардың еңбегін айтарлықтай жеңілдетеді, өнім өндіруді арттырады және фермадағы санитарлық - тазалық жұмыстарын жақсартады.
Қазіргі кезеңде республикамыздың мал фермаларында ірі қара малды күтіп - бағудың 15 - ке жуық технологиясы қолданылады. Бұл технологиялардың әркелкі болып келуі - экономикалық жағынан тиімді келетін машиналар мен жабдықтар жинағын жасауды күрделендіреді, машиналар санын ұлғайтуға, оларды жасап - шығару және пайдалану шығындарының өсуіне әкеп соқтырады.
Жинақталған тәжірибелер, өндірістік пен ғылыми зерттеулердің негізінде еліміздің әртүрлі табиғи - климаттық жағдайларына бейімделген және ірі қара мал фермаларын кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды қамтамасыз ете алатын негізгі бес технология дәйектелді.
Мал басы 100 - ден 400 - ге дейінгі ірі фермалар мен мал басы 10-нан 100-ге дейінгі шаруа қожалықтарының фермаларында сиырды байлауда ұстап сүт өндіру технологиясы. Бұл технологияда сиыр сауудың екі техникалық жүйесін қолданады: сүтті тасымал шелегіне немесе басқа да ыдысқа жинау және сүтті тұрақты сүт түтігі арқылы жинау.
2. Мал басы 200 - ден 400 - ге дейінгі фермаларда конвейер немесе автоматты бас-жіпті қолдану арқылы сиырларды сауын залының станоктарында сауу технологиясы. Сиырды жайылымда ұстағанда, оларды әмбебап сауын қондырғыларында сауады. Бұл технология бірінші технологиялық бір түрі болып табылады.
3.Мал басы 100 - ден 400 - ге дейінгі ірі фермаларда және мал басы 10-нан 100-ге дейінгі шаруа қожалықтарында сиырды қалың төсеніште бос ұстап сүт өндіру технологиясы. Мұндай технологияда сиырды сауын залдарында сауады да, ал сүтті өңдеу, сақтау және салқындатуды арнайы техникамен жабдықталған цехтарда жүргізеді.
4.Сиырды байлаусыз, бокста ұстап сүт өндіру технологиясы. Бұл технология сиыр саууды және азықтандыруды ұйымдастыру тәсілі бойынша үшінші технологиясы ұқсас, тек айырмашылығы - көңді тұрақты құрылғылармен жинап - шығарады (үшінші технологияда - жылжымалы құрылғыларды пайдаланады).
5.Сүт өндіретін фермалардағы мал басын толықтыруға арналған жұмысшы және асыл тұқымды бұзаулар мен құнажындар өсіру технологиясы. Мұндай фермалардағы мал басы 200 - ге дейін, 200 - 1000, және 1000 - 2000 болып келеді.
Аталған сүт өндіру технологиялары жүйесінде малдың биологиялық әлеуетін, олардың оптималдық өнімділігін қамтамасыз етудің үш деңгейі белгіленген.
Бірінші деңгей - интенсивті (жоғары интенсивті) технологиялар (А) - мал тұқымының генетикалық мүмкіншіліктерін 85 - 95 % және одан жоғары пайдаланғандағы процестер жиынтығы.
Мұндай технология негізінде малды азықтандыру, оларды ветеринарлық - санитарлық қорғау жайлы терең білім мен техника - жабдықтардың жаңаша жетістіктерін, энергия үнемдеуді қамтамасыз ете отырып, оның жаңа түрлерін пайдалану шетел және отандық озат шаруашылықтар жетістіктеріне сай болады.
Технологиялардың қалған екі деңгейі - орта интенсивті және жай интенсивті (Б және В), тиісінше техника - экономикалық көрсеткіштері және малдың өнімділігі төменірек. Осы технологиялар бүгінгі таңда көптеген шаруашылықтардың шын мәніндегі мүмкіндіктеріне сай келеді.
Сиырды байлап ұстаған жағдайда А, Б және В интенсивтік деңгейдегі технологиялар мен операциялар жиынтығы әр сиырдан жылына 5000, 4000 және 3000 литр сүт алуды қамтамасыз еткенде, еңбек шығыны 1 т сүтке 20, 30 және 40 адам - сағатқа тең. Сүт - тауарлы фермалар, шаруашылықтың материалдық және қаржы-лық мүмкінділіктеріне қарай, мал басының мөлшері үш топқа бөлінеді: 400 және онан көп сиырға дейін, 100 - ден 400 сиырға дейін және 100 бастан төмен малға арналған. Сонымен қатар Қазақстанда аталған тәсілмен - сиырды байлап ұстаудың кеңірек тарағандығын атап өткен жөн.
Жоғарыда келтірілген технологиялар: А, Б және әртүрлі ұжымдық фермерлік, шаруа қожалық, өндірістік кооперативтер, т.б.) және жанұялық шаруашылықтарда кеңінен қолданылады.
Атап өтетін жай, мал шаруашылығы үшін 600 - ден астам машиналар, құрал - жабдықтар және олардың түрөзгерістері пайдаланылса, оның 100- ден артығы сүт өндіретін фермаларда жұмыс істейді екен. Осындай әртүрлі техника бірыңғайландырылып жасалған элеметтік базаны пайдалану негізінде түзіледі.
Отандық және шетелдік тәжірибелерді жинақтап қорыту нәтижелері көрсет-кендей, мал шаруашылығын кешенді механикаландыру мен автоматтандыру өнім өндіруге жұмсалатын еңбек шығынын 5-7 есе, 100 кг сүтке 0,6-1,1 адам-сағ., 100 кг тірі салмақ өсуіне 0,8-1,3 адам-сағ. жеткізеді. Мұндай жағдайда, бір жұмыскер 55 - 65 сиыр, 2 - 3 мың бас бордақыдағы ірі қараны күте алады.
Ірі қара мал шаруашылығында, шағын фермаларда жұмыстарды механикаландыру және электрлендіру деңгейін көтеру үшін, фермерлік шаруашылықтар (шаруақожалықтар) үшін қажетті техниканың қалыптасқан түрқатары кеңейтілуі тиіс. Сүт өндіретін шаруашылықтардың даму үдерісі ескеріліп, олардың өз шикізатын өздері өңдеп, алынған сүт өнімдерін (кілегей, қаймақ, сүзбе, айран және т.б.) сауда нүктелерінде сатуға әрекеттенетіні ескеріліп, ауысымына 5 - 6 тонна сүт өңдейтін азтоннаждық цех жабдықтарын жасау қарастырылған.
Сауын сиыр өсірудің осы таңдағы жағдайын талдай отырып, нарықтық экономика жағдайында сүт өндірушілердің барлық нысандары үшін қолданылатын технологиялар мен техниканың шоғырын кеңейту қажеттігі анық болып отыр.
Оған қоса жаңа сауын қондырғыларын жасауға, пайдалануға және оларға қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындар мөлшерін азайту үшін, олар өте жоғары деңгейде унификациялануы тиіс.
Осы проблеманы шешудің бір жолы - модулдік сауын қондырғыларын шығару. Мұнда белгілі ғимарат жағдайында және мал ұстайтын басқа технологиялық жабдықтарға бейімдеу үшін топтама модульдер санын өзгерту арқылы іске асырылады да, тұтынушы қалыптасқан түрқатардан өзіне қажет сауын қондырғысын таңдап алады.
Машина жасау өнімдерінің бәсекелестігі төмен болу себебінің негізі - технологиялық артта қалуы, тең жағдайда салыстырмалы көп шығындар келтіреді. Саланың осы заманғы қалыптасқан саяси - әлеуметтік жағдайларға және материалдық - техникалық базасына сәйкес еңбек өнімділігін арттырудың нақтылы және тиімді жолдарын қарастырған жөн. Кейбір Ресей ғалымдарының пікірінше, сауын техникасын оптималдау: сүт құбырына сауатын агрегаттар үлесі 65 - 70 %, сиырды арнайы залда сауатын сауын қондырғылары - 20 - 2 % және шелекке сауатын агрегаттар үлесі 5% - ке дейін болуы керек.
Қазіргі уақытта республика шаруашылықтары үшін сауын қондырғыларының мына типтерін шығару қажет:
- жеке меншік, қосалқы шаруашылықтарда (5 сиырға дейін) қолданылатын дара сауын аппараттары;
-фермерлік және ұжымдық шаруашылықтарда 25, 50, 100 және 200 сиырды саууға арналған сүтқұбырлы тұрақты сауын қондырғылары;
-Тандем және Елочка типтес 400 және одан көп сиыры бар сүт фермасы үшін автоматтандырылған арнайы сауын қондырғылары;
-100 және 200 сиырды тұрақжайда ұстап, жылжымалы сауын аппараттарымен сүт құбырына сауатын автоматтандырылған сауын қондырғылары.
Аталған қондырғылар ішінен 10-50 сиырға арналған, фермерлік типтес қондырғылар, өндірістен сериялы түрде шықпайды, ал құбырға сауатын қондырғылардың жекелеген түрлері соңғы жылдары шығарыла бастады.

1.2 Заманауи сауу аппараттарының құрылысы мен жұмысына шолу жасау

Сиырды машинамен сауу - көп еңбек сіңіруді қажет ететін күрделі процестердің бірі. Бұл процестің технологиясын сақтаамау сиыр желіні иіп кетуіне, малдың желінсаумен ауруына, ақыр аяғында сүтінің күрт кеміп кетуіне әкеліп соқтырады.
Сиырды машинамен сауу - малды бағып, күтудің технологиясы мен әдістеріне байланысты, түрліше жүргізіледі. Қорада күтіп-баққан жағдайда машинамен сауу төмендегі технологиялық сұлбалардың біреуімен атқарылады: қорада сауу, әр сиырдан сауылған сүтті сауын шелегіне құю; қорада сауу, бір топ сиырдан алынған сүтті ортақ ыдысқа құю; қорада сауу, сауылған сүтті сүт құбырымен сүтханаға тасымалдау; арнайы алаңда сауу, сауылған сүтті құбырмен сүтханаға тасымалдау.
Сауу аппараттарының жұмысы сүтті сауып, содан кейін оны ыдысқа құюға икемделген кейбір механизмдер көмегімен жұмыс атқаратын вакуум қызметіне негізделген. Әрбір сауу аппараты сауу стакандарынан, коллектордан, пульсатордан, қақпақты сауу шелегінен, резеңке түтік пен шлангалардан тұрады.
Волга сауу аппараты қақпағы бар шелектен, пульсатордан, коллектордан, төрт сауу стакандарынан, ауа және сүт жүретін резеңке түтіктерден (2 сурет) тұрады.

1 - сауу шелегі, 2 - қақпақ, 3 - пульсатор, 4 - қысқыш, 5 - ауа шлангасы, 6 - сүт шлангасы,
7 - коллектор, 8 - вакуумды келтетүтік, 9 - сүт келтетүтігі,
10 - жалғағыш сақина, 11 - емшек резеңкесі, 12 - стакан гильзасы, 13 - сауу стакандары

Сурет 2. Волга сауу аппараты

Аппараттың сауу стаканы сору резеңкесінен, сүт келтетүтігінен, жалғағыш сақинадан және корпустан тұрады. Корпустың келтетүтігі резеңке түтік арқылы коллекторға жалғанады. Сору резеңкесінің пішіні цилиндр тәріздес, сору саңылауының диаметрі - 23 мм. Стаканның жоғарғы жағында диаметрі 25 мм қосалқы сорғыш орналасқан. Осы сорғыштың ішкі қуысында демалыс тактысы кезінде стакандарды түсірмей ұстап тұратын вакуум болады. Сүтті сору стаканынан коллекторға жеткізу үшін корпусқа сүт келтетүтігін кигізеді.
Екітактылы ДА - 2М Майга сауу аппараты жұмысты шапшаң атқаруға арналған. Ол екітактылы циклмен (коллектор камерасына ауа сору арқылы) минутына 80 соғудан 100 соғуға дейінгі жиілікте жұмыс істейді. ДА - 2М Майга сауу аппаратының құрастыру бірліктері Волга сауу аппаратының құрастыру бірліктерімен бірдей болып келеді, бірақ олардың құрылысында бірқатар ерекшеліктері бар.
Пульсатор корпустан (2), қақпақтан (1), төсемеден (5), клапаннан (6), мембранадан (7), қақпақтан (9), сомыннан (8), аралық төсемнен (4), реттегіш бұрамадан (3) және I ... IV камералардан тұрады.
Бірыңғайландырылған АДУ-1 сауу аппараты (сурет 3) төрт сауу стаканынан, коллектордан, пульсатордан, резеңке шлангалардан және келтетүтіктерден, сауу шелегінен тұрады.
АДУ - 1 сауу аппараты екітактылы және үштактылы етіп шығарылады.
Екі тактылы АДУ - 1 сауу аппараты сүтті сүт құбырына жинайтын АДМ - 8А типтес сауын қондырғыларында, сондай - ақ сүтті шелекке жинайтын ДАС -2Б сауын қондырғыларында қолданылады.
Сүтті сүт құбырына жинағанда, оны вакуум және сүт түтіктеріне жалғау үшін шүмек - ұстағышты пайдаланады. (3, а сурет).

а - сүт құбырына саууға арналған аппараттың жалпы көрінісі:
1 - пульсатор, 2 - ұстағыш, 3 - коллектор, 4 - сүт түтігі, 5 - түтік, 6 - стакан гильзасы,7 - сору резеңкесі, 8 - сақина, 9 - сүт шлангасы, 10 - айнымалы вакуум шлангасы, б - сауу стаканы:
1 - гильза, 2 - сору резеңкесі, в - коллектор бөлшектері: 1 - бұрама, 2 - таратқыш,
3, 6 - жоғарғы және төменгі корпустар, 4 - аралық төсем, 5 - клапан, 7 - тығырық, 8 - шплинт

Сурет 3. Бірыңғайландырылған АДУ - 1 сауу аппараты

Төмен вакуумды АДУ - 1 - 03 сауу аппараты АДМ-8 сауын қондырғысында пайдаланылады. АДН-1 сауу аппараты төрт сауу стаканынан, коллектордан, пульсатордан, резеңке шлангалардан, келте-түтіктерден және аппаратты бір уақытта вакуум және сүт түтіктеріне қосатын ұстағыш-шүмектен тұрады. АДН-1 аппаратының сауу стакандары АДУ-1 аппаратының стакандарымен бірдей, ал коллектор мен пульсатордың құрылыстарында айырмашылықтар бар.
Стимулдаушы АДУ-1 - 04 сауу аппараты төрт сауу стаканынан, АДУ-1 аппаратындағыдай коллектордан және пульсатордан тұрады. Пульсатор бір корпуста орналастырылған екі блоктан тұрады: бір блок - минутына 60 пульсация жиілікпен (1 Гц) істейтін төмен жиіліктегі пульсатор, екінші блок - минутына 600...700 пульсация (10...12 Гц) жиілікпен істейтін жоғары жиіліктегі пульсатор. Төмен жиіліктегі пульсатор желіннен сүт шығаруды басқарады, ал жоғары жиіліктегі пульсатор - желіннен сүтті сиырды бұзау емгендегідей тиімділікпен бөліп шығаруды қамтамасыз етеді, бұл сирексудің емшекке зиянды әсерін азайтады.
АДС - 1 сауу аппаратының қалыпты жұмыс істеуі сүт түтігіндегі сирексу 50...52 кПа, ал вакуум - түтікте - 47...49 кПа болғанда қамтамасыз етіледі. АДС - 1 аппаратының тактыларының қатынасы мынандай: сору - 72%, қысу - 28%.
Жоғарыда қарастырылған сауу аппараттарының техникалық сипаттамалары 1 кестеде берілген.

Кесте 1-Заманауи сауу аппараттарының техникалық сипаттамасы



Көрсеткіш
Үштактылы
Екітактылы

Волга
АДУ -1
ДА - 2М
АДУ - 1
АДН - 1
АДС - 1
Импульс
1
Жұмыс вакуумы, кПа
53
47,9
48...51
50,6
45
48
53
2

Тактылар қатынасы, циклды 4
жалпы ұзақтығына % - бен шаққанда:
сору

64

66

70

65...70

65

73

50
3
қысу
11
16
30
30...35
35
27
50
4
демалыс
25
18
-
-
-
-
-
5
Пульсация жиілігі, мин-1
60
66
80
55...75
60...70
60...72
45

Қазіргі кезде ТМД және Балтия елдерінің ғалымдары мен конструкторлары бірқатар жаңа сауу аппараттарын жасап шығарды. Камиль-Агро ғылыми-өндірістік бірлестігі (Татарстан) 1999 жылдан бастап Нурлат сауу аппаратын шығара бастады. Бұл аппаратта сауу процесі табиғи процеске максимальды жақындатылған. Осының негізінде желін емшектерінің жарақаттануына, сиырлардың желінсаумен ауруына жол берілмейді, әрі сүт бөліп шығару 20...25% - ға артады. Кургансельмаш акционерлік қоғамы (Ресей) сиыр фермаларына, фермерлік және жеке қосалқы шаруашылықтарға арналған үштактылы Волга СБ 42В, жаңа екітактылы аппарат және жетілдірілген АДУ-1М сауу аппаратын жасап, шығара бастады. Жаңа екітактылы сауу аппараты (Кургансельмаш АҚ) сиырларды сауу шелегіне машинамен саууға арналған. Оның шелегі - тоттанбайтын болаттан және тағамдық маркалы алюминийден жасалған. Сауу аппаратының негізгі тетіктері - пульсатор, коллектор және сауу стакандары жетілдіріп, жаңадан жасалған. Қалыпты вакуумы - 48 кПа, пульсация жиілігі минутына 66 соғу, тактыларының қатынасы: сору 65% және қысудемалыс - 35%, шелек сыйымдылығы - 20 л, тоттанбайтын болаттан жасалған аппараттың массасы - 9,7 кг, алюминийден жасалған аппарат массасы - 8,9 кг.
АДУ-1М жетілдірілген сауу аппараты бес нұсқада шығарылады: О - сүт түтігі бар сауын қондырғыларына арналған аппарат; 1 - вакуум- түтігі бар сауын қондырғыларына арналған тоттанбайтын болаттан жасалған шелегі бар аппарат; 2 - вакуум-түтігі бар сауын қондырғыларына арналған алюминий шелекті аппарат; 3 - шағын жылжымалы сауын қондырғыларына арналған тоттанбайтын болаттан жасалған шелегі бар аппарат; 4 - шағын жылжымалы сауын қондырғыларына арналған алюминий шелекті аппарат. Аппаратты синхронды немесе қосарланған пульсатормен жабдықтауға болады.
Барлық аппараттың аспалы бөлігінің массасы - 2,4 кг, жұмыс вакуум қысымы 47...49 кПа; пульсация жиілігі минутына 60...72 соғу, коллектор сыйымдылығы - 0,2 дм3, сауу шелегінің көлемі - 20 л.

Шағын фермаларда қолданылатын сауын қондырғыларын
технологиялық талдау

Машинамен сиыр сауу үшін өнеркәсіп алуан түрлі сауын қондырғыларын шығарады. Олар өнімділігімен, операторлар жұмысын ұйымдастырумен және техника-экономикалық көрсеткіштерімен ерекшеленеді.
Атқаратын қызметіне байланысты сауын қондырғылары мен агрегаттарын мынадай топтарға бөледі:
-малды байлаулы тұрған орнында, сүтті шелекке құйып сауатын қондырғылар мен агрегаттар;
- малды байлаулы тұрған орнында сүтті сүт түтігіне жинау арқылы сауатын қондырғылар мен агрегаттар;
-малды сауын залдарында байламай, құрама және тасқынды - конвейерлі тәсілмен сауатын қондырғылар;
-малды жайылымдарда және жазғы лагерлерде сауатын қондырғылар;
-малды жеке қосалқы шаруашылықта және шаруа қожалықтарында саууға арналған дербес сауын агрегаттары.
Бұл қондырғылар мен агрегаттардың технологиялық сұлбалары 3 суретте көрсетілген. Машинамен мал сауудың өндірістік процесін ұйымдастыру көбінесе төмендегі төрт тәсіл бойынша жүргізіледі:
- әр сиырды фермадағы арнайы бөлінген орнында жыл бойы сауу. Сиырлар байлауда күтіп - бағылады. Бұл жағдайда мынадай сауын қондырғыларын пайдалану ұсынылады: аппараттарын тасымалдауға болатын және сауылған сүтті шелектерге жинайтын АД-100Б немесе ДАС-2В маркалы (5,а сурет), сауылған сүтті сүт түтіктері арқылы ортақ ыдысқа жинайтын АДМ-8А (5,б - сурет) маркалы, конвейерлік әдіспен сиырларды күтіп бағу жағдайында қолданылатын арнайы қондырғылар (3г сурет);
-жыл бойы кешендерде, фермаларда, алаңдарда немесе жеке сауылатын бөлмелерде, арнаулы станоктарда сиырларды жыл бойы ұстап сауу. Сиырлар басжіпсіз бос күтіп бағылады. "Тандем", "Елочка" немесе конвейерлік типтегі станоктары бар сауын қондырғылары (5,д...з сурет) қолданылады;
-қыс айларында - фермада, жаз айларында - тұрақты лагерде сауу. Сиырларды күтіп-бағу жүйесіде солай аталады (қорада - жайылымда). Фермаларда - АД-100Б, ДАС-2В, АДМ-8А сауын қондырғылары, ал жайылымда (лагерьде) - мал атаулы станоктардың бір жағынан кіріп, екінші жағынан шығып кететін әмбебап - жылжымалы УДС-3Б және қатарлас орналасқан немесе "Елочка" типтес станоктары бар қондырғылар қолданылады;
-қыс айларында - фермада, жаз айларында - жайылымда сауу.
Күтіп бағу жүйесі қорада - жайылымда принципіне негізделген. Жайылымда - УДС-3Б, фермада-АД-100Б, ДАС-2В, АДМ-8А сауын қондырғылары пайдаланылады. АД - 100Б және ДАС-2В қондырғылары 100 басқа дейінгі табындағы сиырларды саууға арналған. АД-100Б қондырғысы үштактылы тоғыз "Волга"сауу аппаратымен, ДАС-2В қондырғысы - екітактылы тоғыз АДУ-1 сауу аппаратымен жабдықталған. Бұл қондырғылардың жалпы көрінісі (4 суретте) көрсетілген. Олар вакуум - сораптан (7), вакуум-түтіктерінің магистральды (2) және жұмысшы бөліктерінен тұрады. Сауу аппараттарын (1) сауу шелектерімен қосу үшін, соңғысын вакуум-шүмекке жалғастырады. Арнаулы құрылғы (5) сауу аппаратарының аспалы бөлігін (қақпақтарымен бірге) жууға арналған. Сонымен бірге қондырғының жинағына вакуумметр (3), вакуум-баллон (9) және қосалқы бөлшектер сақталатын шкаф (4) кіреді. Ал сауыншылар сүт құйылған флягаларды сүт сауылған жерден сүт жинайтын жерге тасымалдау үшін бірөсті екідоңғалақты қол арбаны пайдаланады. Сауын қондырғысының технологиялық жұмыс процесі негізінен екі циклдан: сауу және сауу аппараттарын жуудан (дезинфекциялау) тұрады.
АДМ-8А сауын қондырғысы екі нұсқада: 100 және 200 сиырды саууға арналып шығарылады. Бұл қондырғы тұйықталған екі жүйеден тұрады: сиырларды машинамен сауу процесін жүзеге асырушы жүйеде вакуум жасауға арналған түтіктер және сауылған сүтті жинау мен тасымалдауға арналған сүт түтіктері.

1 - сауу аппараты, 2 - вакуум-түтік, 3 - вакуумметрлер, 4 - қосалқы бөлшектершкафы,5 - сауу аппараттарын жуатын құрылғы, 6 - флягаларды тасымалдайтын арба, 7 - вакуум-сорап, 8 - вакуум-реттегіш, 9 - вакуум-балкон

Сурет 4. Сүтті шелекке жинайтын сауын қондырғысы
200 сиырға арналған қондырғыда он алты АДС-1 сауу аппараты, баллондарымен қоса вакуум жасауға арналған екі УВУ-6045 қондырғылары, екі вакуум-реттегіш және ауа түтіктер жүйесі бар (5- сурет).
Сүт желісі диаметрі 38 мм шыны түтікшелерден тұратын сүт тасымалдайтын түтіктерден, топтастырылған сүт есептегіштен (АДМ-52 типтес мөлшерлегіш), сүт жинағыштан (ауа бөлгіштен), НМУ-6 маркалы сүт сорабынан, тасқынды сүзгіден, екі пакеттен құралған пластиналы ОМ-1000 УЗ маркалы сүт салқындатқыштан, сүт түтіктері мен сауу аппараттарын циркуляциялық жолмен жууға арналған автоматты құрылғыдан және құрал-саймандарды сақтауға арналған шкафтан, сондай-ақ сауылған сүт мөлшерін дербес (зоотехникалық) есептеуге арналған УЗМ-1 құрылғысынан тұрады. Одан басқа, тұтынушылардың қалауы бойынша АДМ-8А қондырғысы ТОВ-І немесе ТО-2 маркалы сүт салқындатқыш танкпен, УАП-40009 (ВЭТ-200-дің орнына) электр сужылытқышымен жабдықталады. Бірыңғайландырылған АДМ-8А сауу қондырғысының конструктивті-технологиялық сұлбасында ауа түтіктері диаметрі 25 мм болат түтіктерден жасалған сегіз тұйық тармақтардан, ал сүт түтіктері сауу кезінде диаметрі 38 мм-лік шыны түтікшелерден, төрт тармақ етіп қайта жасалатын екі тұйық тараудан тұрады. Сауу аппараттары ауа және сүт түтіктерімен бірлестірілген сүт-ауа шүмегінің көмегімен жалғастырылады.
Азықтаратқыштың жемшөп тарататын жолмен өтуін қамтамасыз ету үшін сауу жұмысы жүргізілмейтін кезде, сол жолдың шетінде сүт түтіктерін жоғары көтеретін құрылғы орналастырылады. Сүт жиналатын бөлмеде сүтті алғашқы өңдеуден өткізетін жабдықтар, сүт түтіктерін жуу жүйесі және электр сужылытқышы орнатылады. АДМ-8А қондырғысында машинамен сауудың технологиялық процесі бірінен соң бірі орындалатын төменгідей операциялардан тұрады: 1) қондырғыны сүт саууға дайындау; 2) сиырдың желінін саууға дайындау және емшектерге стакандарды кигізу; 3) сауу және соңғы операцияларды орындау; 4) бақылау кезінде әр сиырдан алынатын сүт мөлшерін анықтау; 5) сүт жиналатын бөлімге сүтті тасымалдау; 6) топтастырылған 50 сиырдан алынатын сүт мөлшерін анықтау; 7) сүтті сүзгіден өткізу; 8) сүтті салқындату; 9) сүт сақталатын ыдысқа сүтті құю; 10) сауу қондырғысын жуу және дезинфекциялау; 11) сүтті жиналатын ыдыстан тасымалдаушы құралдарға құю.
УДС-3Б әмбебап сауын стансасы сиырды жайылымда, жазғы лагерьлерде саууға арналған. Оны сондай-ақ фермалардағы сауын залдарында пайдалануға болады. Қондырғы шана үстіне екі секция етіп жиналған, оған қатарлас - өтпелі тәріздес сегіз сауу станогы орнатылады (5 сурет).

Вакуум-сорап, 2-сақтандырғыш клапаны, 3- су сорабы, 4- вакуум - баллон, 5-вакуум-реттегіш, 6-вакуумметр, 7-суыту жәшігі, 8- сұйықты жуу ваннасы, 9- сут жинау ыдысы, 10-сақтандырғыш камерасы, 12 - суытқыш фильтрі, 13 - желінді жуатын шашыратқыш, 14- сауу аппараты, 15 - Вакуум краны, 16-сүт өлшегін, 17- суық су багі, 18-жылытқыш котелы, 19-араластырғыш сорабы

Сурет 5. УДС - 3Б әмбебап сауын стансасы

Құнарландырылған азық салынатын астауды бекіту үшін станоктар мал кіретін жағынан көтергіш иінмен, ал қарсы жағынан есікпен жабдықталған. Станоктардың арасына қолмен жұмыс істейтін шнекті мөлшерлегіші бар, сыйымдылығы 0,25 м3 шанақтар орнатылған. Бұл қондырғыда үштактылы сегіз Волга сауу аппараты бар. Олардың әрқайсысы жеке сиырдан алынатын сүттің мөлшерін анықтауға арналған УЗМ - 1 есептегішімен жабдықталған.
УДС - 3Б қондырғысының сүт түтіктерімен ағып келген сүт жина-ғышқа құйылады, ал одан әрі сорап сүтті алғашқы өңдеуден өткізу жүйесіне, ең соңында флягаларға айдайды. УДС - 3Б қондырғысының сүтті алғашқы өңдеуден өткізу жүйесі АДМ - 8А қондырғысының жүйесімен бірыңғайландырылған. Тек қана оның бұл қондырғыдан айырмасы: оның жұмысына диафрагмалы СБ - 43А сүт сорабы пайдаланылады. УДС-3Б қондырғысының құрамына станоктардан, сауу аппараттарынан және сүт желілері мен жабдықтарды циркуляциялап жуатын құрылғылардан басқа күш беретін, сумен жабдықтайтын және жарық беретін электр жабдықтары кіреді. Күш беретін агрегат ротациялы УВУ-6045 вакуум - сорабынан, қуаты 8,0 кВт УДС-2-5С карбюраторлы қозғалтқыштан, су айдайтын сораптан және жұмыс орындарына жарық беретін электр генераторынан тұрады. Агрегат сыртқы электр жүйесінен қоректенетін электр - қозғалтқышымен де жұмыс істей алады.
Сумен жабдықтайтын агрегат жабдықтар мен сиырдың желінін жуып - шаюға қажетті ыстық немесе жылы суды жеткізіп тұруға арналған. Ол су жылытатын сыйымдылығы 0,1 м3 қазаннан және салқын суға арналған, сыйымдылығы 0,175 м3 ыдыстан тұрады. Ыстық су мен жылы суды әртүрлі қатынаста араластыратын диафрагмалы сорап - араластырғыш ауа жүйесіне қосылған пульсатордан жұмыс істейді. Желінді жылы сумен жуып - шаюға шашыратқыштар пайдаланылады. Сиыр сауылатын станоктарды жарым - жартылай бөлшектеп автокөлікпен тасымалдайды. Дербес сауын агрегаттары мен қондырғылары халықтың жеке шаруашылықтарында және шаруа қожалықтарының шағын мал фермаларында сиырды саууға арналған. Аталған шаруашылықтарда мал басының өсуіне байланысты бұл агрегаттар мен қондырғылар кеңінен қолданылуда. Өнеркәсіп жылжымалы және тұрақты дербес сауын агрегаттары мен қондырғыларының оннан астам түрін шығарады. Мысалы, АИД - 1, АИД - 1-01 дербес сауын агрегаттары, УДПС - 1 "Сухиничинка" жылжымалы сауын қондырғысы және т.б. Олардың техникалық сипаттамасы 2 кестеде берілген.

Кесте 2-Дербес сауын агрегаттарының техникалық сипаттамасы


Көрсеткіш
Дербес сауын агрегаты
АИДП-1
"Березка"
Сауын агрегаты
Дербес сауын қондырғысы
Жылжымалы УДПС-1 "Сухиничанка" қондырғысы

АИД-1
АИД-2

УДИ-1
УДИ-2

1
Сауу аппаратының саны
1 (3)
2 (3)
1 (3)
1 (3)
2 (3)
1 (3)
2
Жұмыс вакуумы, кПА
47 + 1
48 + 1
47 + 1
48
47 + 1
48 + 1
3
Пульсация жиілігі, мин-1
64
65
70 + 8
66
65 + 5
65
4

Сору-қысу такты-ларының
ара қатынасы

6634

6535

6634

6535

6535

6535

5
Коллектор сүт камера-
сының көлемі, см3

100

100

180

100

100

100
6

Вакуум сорабының
өнімділігі, м3сағ

4,8

10,2

6,0

13,2

12,8

8+1
7

Агрегаттың сағаттық
өнімділігі, бас

10 - 15

10 - 20

10 - 15

5 - 10

15 - 25

8 - 10
8
Қондырылған қуат, кВт

0,55

0,75

0,55

1,5

1,5

1,1

УДСП-1 Сухиничанка жылжымалы сауын қондырғысы сауу аппаратын қолданып, сиырларды жекелеп саууға арналған. Қондырғы-ның құрамына сусақиналы ВВН-1-0,1 вакуум-сорабы, бірфазалы асинхронды ДАК 90А2У3 электрқозғалтқышы, АИД-1 сауу аппараты кіреді. Қондырғыға бір адам қызмет көрсетеді. Вакуум-баллонда вакуумметр мен сауу аппаратын іске қосатын вакуум-шүмек орнатылған (7- сурет). Сауу аппаратын алаңшаға орнатады да, резеңке түтікшелер кигізілген төрт тіректің көмегімен ұстатады. Вакуум - баллон шланга арқылы сору сорабымен жалғанған. Су резеңке түтік арқылы беріледі, ал ауа-су қоспасы сораппен құбыр арқылы су ыдысына айдалады. Ауа су ыдысынан сүзгі арқылы шығарылады. Қондырғыны ұстағыштың көмегімен жылжытады, ал ұстағышқа ашасы бар электр сымдары оралатын сырықтар пісірмеленген.

Сүт цистернасы, 2- суытқыш,3-астау, 4-вакуум-баллон, 5-азыққа арналған бункер, 6- қорғауыш,7- су жылыту агрегаты, 8- сауу аппараттарын сақтайтын жәшік,9- сауу станоктардың секциялары, 10- сауу аппараттары,11- күш беру агрегаты. 12-мұз тұратын бак

Сурет 6- УДС-3 әмбебап сауу қондырғысы
УДС-3Б дербес әмбебап сауын агрегаты шаруашылықтарында және шағын мал фермаларында сиыр саууға қолданылады. Агрегат (7- сурет) сауу шелегінен (1), сауу аппаратынан (2), вакуум - түтіктен (6), вакуум қондырғысынан (9), вакуум-реттегіштен (3), вакуумметрден (4), вакуум шүмегінен (5), вакуум шлангысынан, сөндіргіштен (10) және агрегатты желіге қосатын розеткадан (7) тұрады.

Сурет 7. УДС-3Б сауын агрегатының жалпы көрінісі

1.3 Дипломдық жоба тақырыбын негіздеу

Мамандандырылған сүтті бағыттағы ірі қара мал шаруашылығы - негізінен мал шаруашылығының фермерлік саласы, ол фермерлік жанұяның экономика-лық, жер және еңбек әлеуетін толығынан пайдалануды қамтамасыз етеді.
Жауапкеершілігі шектеулі серіктестікте өндірістік сапасын арттыру және сүт өндіру саласын дамыту үшін, жоғарыда келтірілген фермаларда сүт өндіру технологияларының ішіндегі үшінші технологияны таңдап аламыз. Жоғарыда айтылғандай, бұл технология бойынша сиырлар қоражайда байлаусыз ұсталады да, сауын залында сауылады. Шаруашылықтағы мал басының өсу үдерісіне байланысты, сиырларды 50-70 басқа арналған қоражайда күтіп - бағуды қарастырамыз.
560 бас сиырға арналған фермалар үшін технологиялық жобалау нормалары бойынша екі типтік жоба жасалған. Бірінші жоба бойынша фермада табындағы мал санын толықтырмай бокста күтіп - бағу, ал екінші жоба бойынша - табындағы мал санын толықтыру арқылы бокста күтіп - бағу жүргізіледі. Бірінші вариант бойынша фермада 50 сиыр, 10 тайынша және 20 күндік бұзаулар, ал екінші вариант бойынша - 50 сиыр, 36 тайынша және суалған сиырлар күтіп - бағылады. Жауапкеершілігі шектеулі серіктестікте сүт өндіруді бірінші вариант бойынша жобалаймыз.
560 бас сиырға арналған ферма құрамына: сиырға арналған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МЕМСТ 13264 бойынша сүттің сипаттамасы
Сүт өндірісінің технологиялық ерекшеліктері
Шаруа қожалығы жағдайында сүт сауудың негіздемесі
Сауын сиырға арналған мал фермасында сауын аппараттарын пайдалануды және ондағы сүт сақтау ыдысына конструкторлық өзгеріс енгізуді жобалау
Сауын сиырдан сүт өндіру технологиясының санитариясы және гигиенасы
«Бек+» ЖШС шарттарындағы әр түрлі ізге жататын сиырлардың сүт өнімділігі
Түйелердің сүт өнімділігі және сүтті өндіру технологиясы
DairyProQ сауу аппараты
Жылқы және түйе сүтін алғашқы өңдеу
Республикасының Солтүстік Қазақстан облысында сүтті мал тұқымын өсіру фермаларын ашу
Пәндер