Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Темербеков Серикбол Вольтаевич

Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

мамандығы 5В080100- Агрономия

Алматы 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Агробиология факультеті

Агрономия кафедрасы



ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері


Беттер саны ____________ Сызбалар мен көрнекі материалдар саны_______ Қосымшалар_____ ______

Орындаған: Темербеков Серикбол Вольтаевич

2018ж. ____________________ қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі, профессор ________________ Оразбаев С.А.

Жетекшісі, профессор _________________ Оразбаев С.А.
Арнайы тараулар кеңесшілері:
_______________________ _________________ Оразбаев С.А.
(тарау) (қолы)
_______________________ _________________ Тойлыбаев М.
(тарау) (қолы)

Норма бақылау _____________ Бекбауов М.Д.
(қолы)
Сарапшы _____________ Хидиров А. (қолы)

Алматы 2018
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
коммерциялық емес акционерлік қоғамы

Агробиология факультеті

Агрономия кафедрасы

Мамандығы 5В080100-Агрономия

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент: Темербеков Серикбол Вольтаевич

Жұмыс тақырыбы: Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсері

Университет бойынша 2018 ж ___ ______№ ___ бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі: 2017ж ___ ____________________


Жұмыстың бастапқы деректері: Күздік бидайдың себу мөлшерінің өнімі мен сапасына әсерімен танысу

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі:

1. Алматы облысы Қаратал ауданының ауа-райы, топырағы және өсімдік жамылғысымен танысу

2. Зерттеу жұмыстары жүргізілген шаруашылық туралы ақпарат алу

3. Күздік бидайдың себу мөлшері туралы ақпарат жинап, әдебиеттке шолу жасау

Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:
1. Қ.К.Әрінов және басқалар, Өсімдік шаруашылығы Алматы, 2011
2. Қ.Ш.Жанабаев және басқалар, Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиялары
3. Күздік бидай туралы басқа да әдебиеттер қолдану

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Әдебиетке шолу
Оразбаев С.А.
желтоқсан 2017

ТКЖ
Оразбаев С.А.
желтоқсан, 2017

Негізгі бөлім
Оразбаев С.А.
наурыз, 2018

Экономикалық тиімділігі
Оразбаев С.А.
сәуір, 2018

Кафедра меңгерушісі, профессор ______________ Оразбаев С.А. (қолы)
Жұмыс жетекшісі, професор ______________ Оразбаев С.А.
(қолы)
Тапсырманы орындауға _____________ Темербеков С.В.
қабылдадым, студент (қолы)

Дипломдық жұмысты орындау
КЕСТЕСІ

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
1
Кіріспе
желтоқсан 2017

2
Әдебиеттерге шолу
желтоқсан 2017

3
Күздік бидайдың отаны және биологиялық ерекшеліктері

желтоқсан 2017

4
Күздік бидайдың алғы дақылдарына байланысты мәлімет
желтоқсан 2017

5
Күздік бидайдың өсіру технологиясы
желтоқсан 2017

6
Шаруашылық туралы мағлұмат
желтоқсан 2017

7
Шаруашылық орналасқан жердің ауа - райы жағдайы
желтоқсан 2017

8
Зерттеудің методикалық әдістері
наурыз 2018

9
Зерттеу нәтижелері
сәуір 2018

10
Күздік бидайдың арамшөптермен ластануы арамшөппен ластануы
сәуір 2018

11
Алғы дақылдарға байланысты күздік бидайдың өнімділігі, экономикалық тиімділігі

сәуір 2018

12
Қорытынды
сәуір 2018

13
Еңбек қорғау
сәуір 2018

14
Қосымша
сәуір 2018

Кафедра меңгерушісі, профессор _______________ С.А.Оразбаев (қолы)
Жұмыс жетекшісі, профессор ______________ С.А.Оразбаев
(қолы)
Тапсырманы орындауға _____________ С.В.Темербеков
қабылдадым, студент (қолы)

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
7-8
1
Әдебиетке шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
9-20
1.2
Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы ... ... ... ..
9
1.3
Күздік бидайдың қысқа төзімділігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
10-12
1.4
Күздік бидайдың биологиялық ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... .
12-20
2.
Қаратал ауданының топырақ-климат жағдайы ... ... ... ... ...
21-
2.1
Бекагро шаруа қожалығы туралы мәлімет, шаруашылықтың ауа райы жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
21-22
2.2
Тәжірибе танабының топырағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
22-23
3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
24-
3.1
Зерттеу жұмысының бағдарламасы және әдістемелері ... ... ... .
24
3.2
Зерттеу нәтижелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
24-29
3.3
Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың биіктеп өсуі ... .
29-30
3.4
Себу мөлшеріне байланысты арамшөптермен ластануы ... ... ...
30-33
3.5
Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың өнімділігі ... ... .
34-35
3.6
Себу мөлшеріне байланысты күздік бидайдың экономикалық тиімділігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

35-39

Еңбек қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
40-45

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
46

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .
47-48

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасында астық өндірісі ауыл шаруашылығы ғылымы мен өндірісінің негізгі мақсатының бірі болып табылады, әсіресе ол нарық жағдайында аса маңызды болып отыр. Сондықтан бидай өндірісін ұлғайту экономиканы тұрақтандырудың маңызды резерві болып саналады.
Қосымша астық резервінің бірі - Солтүстік Қазақстандағы күздік дәнді дақылдар өндірісі. Барлық астық дақылдары ішінде күздік дәнді дақылдар өнімділігі барынша жоғары болып келеді. Олардың өнімі өзге дақылдардан гектарына 4-тен 12 центнерге дейін асып түседі. Сонымен қатар азықтық бағалылығы жаздық бидайдан еш кем түспейді. Топырақтан күзге-қысқы, ерте көктемгі ылғалды және сіңімді қоректік заттарды тиімді пайдаланады. Оны жел және су эрозиясынан жақсы қорғайды, арамшөптермен күресте де үлкен маңызы бар, ауруларға төзімді, ең қауіпті астық зиянкесі - астық сұр көбелегінен зақымданбайды. Сонымен қатар өсіп жетілуі 15-20 күн ерте аяқталады, ал ол егінді құрғақ және жылы кезеңде жинауға, ауыл шаруашылығы техникасын тиімді пайдалануға, көктемгі-күзгі ауыл шаруашылығы дақылдарын себудегі қауырттықты төмендетуге мүмкіндік береді. Егінді ерте жинау арқылы тамыз айында топырақты сүдігерге дайындауға мүмкіндік туады, соның нәтижесінде өсімдік қалдықтары жақсы минералданады, топырақта ылғал жинауға және арамшөптермен күресуге күздік дәнді дақылдар алғы дақыл ретінде жартылай сүрі танап болып келеді әр кейінгі дақылдардың өнімділігі жоғарылайды.
Өсімдік технологиясы халық шаруашылығының ең басты салаларының бірі болып есептеледі. Сондықтан елімізде, әсіресе біздің республикада оны әрі қарай дамыту мәселесіне зор назар аударылып келді және келе бермек.
Қазақстан астық өндіру жқнінде дүние жүзіндегі белгілі елдердің қатарына жатады. Республикада астық шаруашылығының өркендеуінде басты көңіл бөлініп, жыл сайын орташа есеппен өндірілетін астықтың көлемін 26,5-28,5 млн. тоннаға жеткізу көзделіп отыр. Ауа райы қолайлы жылдары ҚР-да астық өнімі 32-34 млн. тоннаға дейін жетеді.
Егін шаруашылығының көлемінен Қазақстан ТМД елдерінің ішінде үшінші орынды (Ресей мен Украинадан кейін). Бірақ астықтың сапасы жағынан 1-ші орынды алады.
Республиканың егін шаруашылығына жаңа техника мен озық технология кеңінен енгізілуде. Ол астықты көп өндіріп, оның сапасын жақсартуға мүмкіндік беріп отыр. Оны төмендегі мәліметтер айқын айғақтайды.
Қазақстан астықөнімдері 1993 жылдан, яғни тың және тыңайған жерлерден игеруден бастап тез өссе бастады. Қазір республикада 25,5 млн. гектардан астық егіс егіледі. Қолайлы температура түптену кезеңінде 15-16 градус, масақттануда 18-20 градус, гүлдену мен пісіп жетілу кезендерінде 20-25 градус.
Күздік бидайдың көктеуі мен түптенуінде ылғалдың маңызы зор. Ф.Н.Прутцков пен И.П.Осиповтың (1990) деректері бойынша, себу қарсақында топырақтың 0-10 см. қабатындағы тиімді ылғал қоры 10 мм. артық болса, онда өсімдіктердің өсіп жетілу кезеңінің алғашқы кезеңі қолайлы жағдайда өтетінің сенімді көрсеткіштері, 10 мм аз болса - егін көгінің п.б. жауын шашынға байланысты, ал 5 мм төмен болса егін көгінің толықтығы төмендейді, дақылдарға қолайлы топырақ ылғалдылығы 60 см қабаты ТДЫ-тың 70-75% күздік бидайдың транспирациясы коэфиценті 460-500.
Күздік бидайдың тұқымы жаздық бидай тұқымы сияқты +1-2 градус жылылықта өне бостайды, бірақ жаппай өнуі +12-15 градус температурада жүреді. Бұл жағдайда егін көгі 6-9 сөткеде п.б. Мысалы, Целиноград АШИ өсімдік шаруашылығы каф-ның тәжірибесінде күздік бидай көгі орташа сөткелік ауаның 18,6 грс тем-да 5 сөткеде, ал 15,9 және 12,8 грс болғанда тиісінше 6-8 сөткеде п.б.
Күздік дәнді дақылдар ішінде бидайдың топыраққа қажетсінуі барынша жоғары ол мол өнімді арам шөптерден таза, құнарлы қара топырақтар мен әрі қызғылт топырақтарды қамтамасыз етеді. Ойпаң, батпақты жерлер күздік бидайға жарамайды. Оған көктемде су жиналып калмайтын және өсімдіктердің езіліп кетуін болдырмайтын тегіс танаптарды тандап алған жөн. Өсімдіктердің кетуіне қарсы барынша тиімді шараларға аязға төзімді сорттарды пайдалану, фосфор, калии, тыңайтқыштар жатады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Алматы облысы Қаратал ауданы жағдайында күздік бидайдың себу мөлшерін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу қажет:
-тәжірибе жүргізілгенжердің ауа райына талдау жасау;
-тәжірибе жүргізілген жердің топырағы мен өсімдік жамылғысын анықтау;
-күздік бидайдың өсіру техънологиясын жеткілікті меңгеру;
-күздік бидайдың себу мөлшеріне байланысты зерттеулер жүргізіп, оның тиімділігін анықтау болып табылады.

1 ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

1.2 Күздік бидайдың халықшаруашылығындағы маңызы

Қазіргі уақытта Қазақстанда астық өндіруді тұрақтандыру ауыл шаруашылығы ғылымдары мен өндірістің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Бұл мәселе нарықтық экономикаға көнуге байланысты өткір қойылып отыр. Астық алу көздерінің бірі-Қазақстанда күздік дәнді дақылдарды өсіру. Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай. Жаздық бидайға қарағанда азық-түліктік құндылығымен ерекшеленеді. Ол топырақтан күзгі, қысқы, ерте көктемгі ылғалды және қоректік заттарды жақсы пайдаланады; топырақты су және жел эрозиясынан сенімді қорғайды; арамшөптерге қарсы күресте ерекше маңызы бар; аурулармен аз залалданады және астық зиянкесі-астық сұр көбелегі жарақаттануынан өтіп кетеді, сонымен қатар 7-10-нан 15-30 тәулікке дейін вегетациясын ерте аяқтайды. Күздік бидайдың ерте пісуі нәтижесінде егін жылы, құрғақ уақытта жиналады, ауыл шаруашылық техникалары тиімді пайдаланады, көктемгі-күзгі себу және жаздық дақылдарды жинау кезеңіндегі қаурыттылықты төмендетеді.Дәнді астық дақылдары ішінде бидай өте құнды тағамдық өсімдіктердің бірі ретінде дүниежүзінде 230 млн гектаар егіс алқабын алып жатыр, оның ішінде күздік бидай егістіктері 35 пайызын құраайды, ал оның астық өнімі орта есеппен гектарына 25,4 центнерді құрайды. Күздік бидай алғы дақыл ретінде жартылай сүрі танабы болып табылады да кейінгі дақылдардың өнімін арттырады.
Бидай жер шарындағы ең бағалы және аса маңызды азық-түліктік дәнді дақыл. Оның бағалылығы дәмділігімен, қоректілігімен, жақсы сіңімділігімен және бидай нанының жоғары сапасымен анықталады.
Күздік бидайдың жаздық бидаймен салыстырғанда айырмашылығы ол күздегі жауын-шашынды, сондай-ақ жаз, күз соңындағы және көктем басындағы жылуды тиімдірек пайдалануында.
Күздік бидай Қазақстаннның Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында аса маңызды азық-түлік дақылы болып табылады. Оңтүстік-Шығыс Қазақстанда күздік бидай егістерінің 40%-ы орналасқан. Сонымен қатар күздік бидай тәлімі жерлерде өнімділігі жағынан жаздық бидайға қарағанда гектарынан 5,0 ц, арпаға қарағанда 2,1 ц. жоғары өнім түзеді [2].
Республиканың Оңтүстік және Оңтүстік-Шығысында күздік бидайдан жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі, күздік бидайдың өсіп -дамуының бастапқы кезеңдері оптималды гидротермиялық жағдайларда жүргізу қажеттігі. - Күздік бидайдың күз мезгіліндегі вегетация кезеңі оптималды жылу және ылғалды жағдайда өтуі, көгінің жаппай қаулап өсуін ғана қамтамасыз етіп қана қоймай, өнімді түптердің көбеюін, масақтың жоғары дәнділігін, күздік бидай өнімінің жоғарлауын қамтамасыз етеді [3].

1.3 Күздік бидайдың қысқа төзімділігі
Күздік бидайдың қыстап шығу кезінде ортаның қолайсыз факторларына, жеке алғанда, төменгі температураларға төзімділігін арттыру, күзгі вегетация кезеңіндегі өсіп -даму процесстерімен тығыз байланысты.Көп зерттеулерде Қазақстанның Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс тау бөктеріндегі суарылмайтын тәлімі жерлердегі күздік бидайдың суыққа және қысқа төзімділігін арттыру үшін күздік егу мезгілінде егістікте қалыптасатын гидротермиялық жағдайларды толық пайдалану мәселелеріне көңіл бөлінбей келеді. Осыны ескере отырып, біз бейімдеу технологиясының негізгі элементтерін өзгерту арқылы (себу мерзімі және себу мөлшері) күздік бидайдың интенсивті сорттарын қажетті гидротермиялық жағдайлармен қамтамасыз ету жолдарын зерттеп, жоғары өнім алу мақсатын алға қойып отырмыз.
Күздік бидай да басқа дәнді дақылдар сияқты онтогенез процессінде көктеу, түптену, абақтану, масақтану және пісу даму сатыларынан өтеді. Алғашқы екі сатысы күзде, ал қалғандары келесі жылдың көктемі мен жазында жүреді.
Даму сатыларының әрбіріне, әсіресе қыстан шығуына күз мезгілінде күздік бидайдың шынығуы жүріп жатқан кездегі қалыптасқан гидротермиялық жағдайлар көп ықпал етеді.
Кез келген дақылдың өсуі тұқымының өнуінен басталады. Тұқымға белгілі бір температуралық жағдайлар қажет. Күздік бидай тұқымның өнуіне қажет ең төменгі температура +1+2°С . Өну процессінің басталуын Ресей ғалымдары 0-1°С , ал Ф.М.Куперман 0-2°С температура аралығында бақылаған.
Ылғал жеткілікті жағдайда тұқымның өнуіне қажет оптималды температура 15-20°С. Тұқымның өну жылдамдығы белгілі бір жоғары температураға дейін ғана артады. Бірқатар зерттеушілердің мәліметтері бойынша [17] тұқымның өну жылдамдығы +30°С-қа дейін ғана артады, ал одан жоғары жағдайда тұқым өну қабілетін жоғалтады. Авторлар, бидай тұқымы жоғары температура жағдайында өнгенде, топырақ бетіне колеоптильден бұрын алғашқы жапырақ шығады деген пікір айтып жүр. Мұндай жағдай бидайдың жас өскінінің топырақ бетіндегі қабыршықпен күресу мүмкіншілігін және өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін едәуір төмендетеді.
Күздік бидайдың көктеуін қамтамасыз ететін ең маңызды фактор топырақтың ылғалдылығы. Өсімдік көктерінің пайда болуы үшін [18] топырақтың 10 сантиметрлік қабатында 3 мм-ге тең ылғал қоры болуы қажет. Топырақтың тұқым сіңіру қабатында 5 мм ылғал болған жағдайда да күздік бидай көктемейді [19]. Топырақтың 0-10 см қабатында 10 мм-ден жоғары ылғал қоры болған жағдайда ғана бидай тұқымы көктей бастайтынын белгілі [20] Бұл деректер [21,22] зерттеу нетижелеріне сәйкес келіп отыр. Авторлардың пікірінше, күздік бидай себілетін өлкелерде, көктеу кезеңінде қажет ылғал қоры, тек атмосфералық жауын-шашын есебінен ғана алынуы мүмкін.
Күздік бидай тұқымдарының өнгіштігі топырақта ылғал қоры 16-19% [23] аралығында болғанда жоғарылайды, ал 9-11% ылғал қоры, тұқымның өнуін қамтамасыз етпейді. Тұқымның топырақта ұзақ жатып қалуы, жаппай көктеуге қолайлы жағдай туғызбайды, ал олардан дамып жетілген өсімдіктердің қысқа төзімділгі төмен болады.
Тұқымдардың өну процессінің белсенділігі топырақ температурасы мен ылғалдығының ара қатынас мөлшерімен анықталады [24]. Демек, тұқымның өнуі мен көгінің пайда болуы күздегі жинақталатын гидротермиялық жағдайларға байланысты. Күздік бидайдың қыстан шығуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін және көктеуін жылу мен ылғалдың мөлшерін оптималды үйлестіру арқылы қамтамасыз етуге болады. Олардың күз мезгіліндегі ауытқуы, тәлімі жерлердегі күздік егістерде жиі байқалып, көктеуге кедергі келтіретіні мәлім. Бұл жағдай келешекте күздік бидайдың өсуіне, дамуына және қыстан шығуына кері әсерін тигізеді.
Күз мезгілінің қолайлы жағдайында егілген күздік бидай ойдағыдай дамып, тамырланып, түптеніп, жаңа өркендер түзіп, криоқорғаныштық қосылыстардың (қанттардың, бос амин қышқылдарының, оңай ерігіш ақуыздығы) жеткілікті мөлшерін жинақтайды, сөйтіп қысқа жақсы дайындықты қамтамасыз етеді.
Күзде жақсы түптенген күздік бидай, қысқа төзімділігімен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді [25]. Солтүстік Тянь-Шаньнің тау бөктеріндегі тәлімі жерлерде тәжірибелер жүргізген ғалымдар [26, 27] осындай қорытынды жасады. Сол авторлардың мәліметтері бойынша, күздік бидай өнімінің негізгі бөлігі күзде пайда болған өскіндерде түзіледі. Ал көктемгі түптенудің нәтижесінде пайда болған өскіндердің барлығы өнімді сабақтар бере бермейді. Күзден бастап түзілген, регенерация органы болып табылатын түптену түйіні күздік бидайдың қыстан шығуы кезінде тіршілігін сақтап қалуын қамтамасыз етеді.
Көп зерттеушілердің пікірлері бойынша күздік бидайдың түптену сатысы белгілі бір гидротермиялық жағдайларда ғана өтеді. Күздік бидайдың түптенуі -2°С жағдайында қарқынды жүреді [28] ал кейбір зерттеушілердің пікірінше күздік бидайдың түптенуі 1...3°С кезінде өткені дұрыс [29].
Келтірілген мәліметтеріне сәйкес [30], күздік бидайдың күзгі дамуы үшін биологиялық минимум 3 - 4°С аралығында жатыр. Түптену процессі өте белсенді жүретін оптималды температура 12-18°С [31].
Күздік бидайдың жақсы түптенуі +30°С-тан жоғары температура жағдайында ойдағыдай өтуі мүмкін [32]. Сонымен қатар күздік бидайдың негізгі массасының өсу қарқыны төменгі температура жағдайында артады. Авторлар күздік бидайдың вегетативті массасының жинақталуы және түптенуі жоғарғы температурада қарқынды жүреді деген пікірге келді. Осы фактіге үлкен мән беріліп отыр, себебі күзгі температуралардың біртіндеп төмендеуі күздік бидайдың белсенді дамуына кедергі болып табылады, соның салдарынан олар қысқа қалыпты дамыған күйінде кетіп, ойдағыдай қыстап шығады.
Күздік бидайдың түптену қарқынына топырақтағы ылғал қоры шешуші ықпал етеді. Бұл әсіресе тәлімі жерлерде жақсы байқалады. Күздік бидай дақылының өсуін тежеу, өркендерінің баяу жетілуі, тамыр жүйесінің толық дамымауы, топырақтағы ылғал қорының жеткіліксіз болу салдарынан екендігі жалпыға мәлім.
Күздік бидайдың қалыпты түптенуін 0-20 см топырақ қабатындағы 30 мм-ге тең ылғал қоры қамтамасыз етеді [33]. Топырақтың 0-20 см қабатында ылғал қоры 10 мм-ден төмен болған кезінде, күздік бидайдың түптенуінің тоқтауын байқаған.
Түптену процесі ойдағыдай өту үшін оптималды белсенді температура жиынтығы қажет. Күздік бидайдың түптену сатысы 220 - 250°С оң температуралар жиынтығы әсерін қабылдағанда ғана басталады.
Көптеген зерттеулер нәтижелері бойынша, күздік бидайдың қыстан жақсы шығуы және өнімділігі жоғары болуы күзгі түптену процессі кезінде әр өсімдікте 3-4 өркеннен пайда болуына байланысты. Ол, күздік бидай өсімдігіне әсер ететін тиімді температуралар жиынтығы 20°С-тан және топырақтың себу қабатындағы ылғал мөлшері 20 мм-ден жоғары болған жағдайда ғана мүмкін[34].

0.4 Күздік бидайдың биологиялық ерекшеліктері

Күздік бидай да басқа дәнді дақылдар сияқты онтогенез процессінде көктеу, түптену, сабақтану, масақтану және пісу даму сатыларынан өтеді. Алғашқы екі сатысы күзде, ал қалғандары келесі жылдың көктемі мен жазында жүреді.
Даму сатыларының әрбіріне, әсіресе қыстан шығуына күз мезгілінде күздік бидайдың шынығуы жүріп жатқан кездегі қалыптасқан гидротермиялық жағдайлар көп ықпал етеді [10].
Кез келген дақылдың өсуі тұқымының өнуінен басталады. Тұқымға белгілі бір температуралық жағдайлар қажет. Күздік бидай тұқымның өнуіне қажет ең төменгі температура +1...+2°С . Руденко А.В. өну процессінің басталуын 0... -1°С, ал [11] 0... -2°С температура аралығында бақылаған.
Ылғал жеткілікті жағдайда тұқымның өнуіне қажет оптималды температура 15-20°С [12]. Тұқымның өну жылдамдығы белгілі бір жоғары температураға дейін ғана артады. Бірқатар зерттеушілердің мәліметтері бойынша тұқымның өну жылдамдығы +30°С-қа дейін ғана артады, ал одан жоғары жағдайда тұқым өну қабілетін жоғалтады. Авторлар, бидай тұқымы жоғары температура жағдайында өнгенде, топырақ бетіне колеоптильден бұрын алғашқы жапырақ шығады деген пікір айтып жүр. Мұндай жағдай бидайдың жас өскінінің топырақ бетіндегі қабыршықпен күресу мүмкіншілігін және өсімдіктердің қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларына төзімділігін едәуір төмендетеді.
Күздік бидайдың көктеуін қамтамасыз ететін ең маңызды фактор топырақтың ылғалдылығы. Өсімдік көктерінің пайда болуы үшін топырақтың 10 сантиметрлік қабатында 3 мм-ге тең ылғал қоры болуы қажет. [13] Топырақтың тұқым сіңіру қабатында 5 мм ылғал болған жағдайда да күздік бидай көктемейді. топырақтың 0-10 см қабатында 10 мм-ден жоғары ылғал қоры болған жағдайда ғана бидай тұқымы көктей бастайтынын анықтаған. Авторлардың пікірінше, күздік бидай себілетін өлкелерде, көктеу кезеңінде қажет ылғал қоры, тек атмосфералық жауын-шашын есебінен ғана алынуы мүмкін.
Күздік бидай тұқымдарының өнгіштігі топырақта ылғал қоры 16-19% [14] аралығында болғанда жоғарылайды, ал 9-11% ылғал қоры, тұқымның өнуін қамтамасыз етпейді. Тұқымның топырақта ұзақ жатып қалуы, жаппай көктеуге қолайлы жағдай туғызбайды, ал олардан дамып жетелген өсімдіктердің қысқа төзімділгі төмен болады.
Тұқымдардың өну процессінің белсенділігі топырақ температурасы мен ылғалдығының ара қатынас мөлшерімен анықталады. Демек, тұқымның өнуі мен көгінің пайда болуы күздегі жинақталатын гидротермиялық жағдайларға байланысты. Күздік бидайдың қыстан шығуына қолайлы жағдайларды қамтамасыз ететін және көктеуін жылу мен ылғалдың мөлшерін оптималды үйлестіру арқылы қамтамасыз етуге болады. Олардың күз мезгіліндегі ауытқуы, тәлімі жерлердегі күздік егістерде жиі байқалып, көктеуге кедергі келтіретіні мәлім. Бұл жағдай келешекте күздік бидайдың өсуіне, дамуына және қыстан шығуына кері әсерін тигізеді.
Күз мезгілінің қолайлы жағдайында егілген күздік бидай ойдағыдай дамып, тамырланып, түптеніп, жаңа өркендер түзіп, криоқорғаныштық қосылыстардың (қанттардың, бос амин қышқылдарының, оңай ерігіш белоктардың) жеткілікті мөлшерін жинақтайды, сөйтіп қысқа жақсы дайындықты қамтамасыз етеді.
Күзде жақсы түптенген күздік бидай, қысқа төзімділігімен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді [15]. Солтүстік Тянь-Шаньнің тау бөктеріндегі тәлімі жерлерде тәжірибелер жүргізген және тағы басқалары да осындай қорытынды жасады. [16,17]. Аталған авторлардың мәліметтері бойынша, күздік бидай өнімінің негізгі бөлігі күзде пайда болған өскіндерде түзіледі. Ал көктемгі түптенудің нәтижесінде пайда болған өскіндердің барлығы өнімді сабақтар бере бермейді. Күзден бастап түзілген, регенерация органы болып табылатын түптену түйіні күздік бидайдың қыстан шығуы кезінде тіршілігін сақтап қалуын қамтамасыз етеді.
Көп зерттеушілердің пікірлері бойынша күздік бидайдың түптену сатысы белгілі бір гидротермиялық жағдайларда ғана өтеді. [Күздік бидайдың түптенуі 1...3°С кезінде өткені дұрыс [18].
Күздік бидайдың күзгі дамуы үшін биологиялық минимум 3 - 4°С аралығында жатыр. Түптену процессі өте белсенді жүретін оптималды температура 12-18°С. [19].
Күздік бидайдың жақсы түптенуі +30°С жоғары температура жағдайында ойдағыдай өтуі мүмкін. Сонымен қатар күздік бидайдың негізгі массасының өсу қарқыны төменгі температура жағдайында артады. Авторлар күздік бидайдың вегетативті массасының жинақталуы және түптенуі жоғарғы температурада қарқынды жүреді деген пікірге келді. Осы фактіге үлкен мән беріліп отыр, себебі күзгі температуралардың біртіндеп төмендеуі күздік бидайдың белсенді дамуына кедергі болып табылады, соның салдарынан олар қысқа қалыпты дамыған күйінде кетіп, ойдағыдай қыстап шығады.
Күздік бидайдың түптену қарқынына топырақтағы ылғал қоры шешуші ықпал етеді. Бұл әсіресе тәлімі жерлерде жақсы байқалады. Күздік бидай дақылының өсуін тежеу, өркендерінің баяу жетілуі, тамыр жүйесінің толық дамымауы, топырақтағы ылғал қорының жеткіліксіз болу салдарынан екендігі жалпыға мәлім.
Түптену процесі ойдағыдай өту үшін оптималды белсенді температура жиынтығы қажет. Күздік бидайдың түптену сатысы 220 - 250°С оң температуралар жиынтығы әсерін қабылдағанда ғана басталады.
Көптеген зерттеулер нәтижелері бойынша, күздік бидайдың қыстан жақсы шығуы және өнімділігі жоғары болуы күзгі түптену процессі кезінде әр өсімдікте 3-4 өркеннен пайда болуына байланысты. Ол, күздік бидай өсімдігіне әсер ететін тиімді температуралар жиынтығы 200°С-тан және топырақтың себу қабатындағы ылғал мөлшері 20 мм-ден жоғары болған жағдайда ғана мүмкін[20].
Күздік дақылдарының қысқа төзімділігі көп жағдайда сорттың агротехникалық және тұқым қуалаушылық ерекшеліктеріне байланысты болып келеді. Републиканың барлық жерінде күздік бидайдың егу барысында қыстың кейбір қолайсыз жылдарында бұл дақылдардың шиі шығынға ұшырайтыны байқалады. Кейбір жылдары өнімнің болмауы да мүмкін.
Қыстап шығу кезінде өсімдіктің өлуі әр түрлі жағдайға байланысты болады. Өсімдік қыстың алғашқы кезеңінде қар қалыңдығының аздығынан немесе жетіспеуі салдарынан үсіп кетуі мүмкін. Қазіргі кездегі түсінік бойынша өсімдік клеткасының ішінде және сортында мұз пайда болу арқылы клетка мембранасына әсер етіп, оның құрылысың бұзады да өсімдіктің өлуіне әкеліп соқтырады. Сонымен қатар ерте көктемдегі төмен температура да әсер етеді. Күздік бидай үшін күннің қыстағы кенеттен жылуы мен суып кетуі өте қауіпті[1,5,17].
Селекциялық жұмыста қыстап шығуды көз жобасымен анықтау, көктемде яғни өсімдіктер өсіп жетілгенде әр қайсысын қарастыру арқылы бес баллдық жағдайда бағалайды.
Күздік бидайдың ылғалды көп жұмсайтын кезеңі - сабақ пайда бола бастағаннан гүлдегенге дейін. Одан кейін ылғалды көп жұмсамайды, бірақ топырақта ылғал дән қамырлана бастағанға дейін болып тұрғаны қажет. Дән сүт кезінде топырақты ылғал болмаса оның салмағы азайып өнімі төмендейді[1,3,21].
Бұл дақыл күзде және ерте көктемде болатын жауын-шашынды тиімді пайдалана алатын болғандықтан өнімді жаздық бидайға қарағанда едәуір мол береді. Мысалы: биологиялық мүмкіншілігі жоғары күздік бидайдың Днепровская-521, Безостая-1 жоғары интенсивті сорттары Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтарының суармалы жерлерінде гектарынан 60 центнерге дейін дән беру мүмкіншілігі бар[3,17].
Алайда, көптеген шаруашылықтарда қолданылатын технологиялық әдістер күздік бидайдың толық мүмкіншілігін жұмсауға жағдай жасамайды да, оның өнімділігі потенциалдық мүмкіншілігінен екі еседей аз болады.
Күздік бидайдың өнімділігін арттыруда негізгі қойылып, орындалатын талаптардың бірі оны ауыспалы егісте жақсы алғы дақылдардан кейін егу.
ТМД мемлекеттері және Қазақстанның ғылыми-зерттеу мекемелерінің деректері бойынша күздік бидай алғы дақылға өте талғамы жоғары. Күздік бидай бір жерде 2-3 жыл қатар егілсе, өндеудің интенсивті түрін қолданған жағдайда да, оның өсімділігі күрт төмендейді. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарының тәлімі жерлерінде жақсы алғы дақыл болып таза пар мен екпелі пар саналады[20,32].
Қазақстанның егіншілік ғылыми-зерттеу институтының деректеріне қарағанда (1987) тау етегіне кездесетін қоңыр топырақтарда парға себілген күздік бидайдың өнімі басқалармен салыстырғанда 1,5-2 есе көп болады.
Күздік бидайдың өркендері уақытында көгеріп шығып, суық түскенше жақсы дамып, түптену буынына қант жинап қыстың қолайсыз жағдайларына төзіп, көктемге аман-есен шығады.
Таза пардан кейін себілген күздік бидайдың өнімі әр гектардан 23 центнер, қой бұршақ бар екпелі пардан кейін -20 центнер, онқаттан кейін -23 центнер болған. Парға егілген дақылдардың өнімін едәуір жоғары болады, бұл жағдайда жыртылатын жердің тиімдірек пайдаланатынын ескерсек екпелі парды қолданған пайдалы екенін көреміз[3,14,17].
Интенсивті технология бойынша өсірілетін күздік бидайдың жақсы алғы дақылдары таза және екпе пар, сүрлемдік жүгері, ерте жиналатын картоп[4].
Күздік бидайдың өнімділігін жоғарлату үшін оны таза пардан, көп жылдық шөптерден және асбұршағынан кейін орналастыру керек деп санайды.
Ғылыми зерттеу мекемелері тәжірибе жүзінде суармалы жерлерде өсірілетін күздік бидайдың жақсы алғы дақылы болып жүгері, қант қызылшасы, ерте жиналатын көкөніс дақылдар саналады деп дәлілдеген.
Алайда шаруашылық жағдайда қант қызылшасы өнімі жиналғаннан кейін күздік бидайдың себу мерзімі оптимальды себу мерзімінен кешігін кірейді.
Қырғызтан Республикасының Прежевальск тәжірибе станциясында күздік бидайдың Прежевальская сортын көп жылдық шөптен кейін еккенде оның әр гектардан өнімділігі 97,4 центнер болды[6,15].
Жамбыл облысы жағдайында жүргізген тәжірибеде күздік бидайдың жақсы алғы дақылдары көп жылдық шөп пен қант қызылшасы болып табылды. Күздік бидайдың осы алғы дақылдардан кейінгі өнімділігі 67,7 және 67,0 цга болды, бұл өнімділік астық дақылдарынан кейін себілген күздік бидайдың өнімділігінен (59,9цга) 13,0-12,0 процент артық[7,13].
Күздік бидайдың өсіп-дамуы екі кезеңнен өтеді. Біріншісі-күзде, себуден тұрақты бозқырауға дейін жәнен екіншісі-көктемгі тірілуінен басталып дәннің пісіп және өсімдіктің қурап қалуымен аяқталады. Күзгі кезеңде онда тамыр жүйесі мен жапырақ беті қарқынды дамиды. Күзгі салқын температураның нәтижесінде түптену түйіндері мен жапырақтарда қорлық пластикалық заттар, әсіресе қанттар мол жинақталады[6,15].
Өсімдіктер тыныштық күйіне көшеді және қыс бойы осы күйде болады. Күздік бидайдың ойдағыдай қыстап шығуына өсімдік тканіндегі су мөлшері көп әсер етеді. Оның тым көп мөлшері және аздығы өсімдіктің құрып кетуіне әкеп соғады: клеткаларда судың көп мөлшерде болуы мұз кристалдарының түзілуіне ықпал жасайды, бұл ткандер үшін өте кауыпты, ал су жеткіліксіздігі протоплазма бионолойдтарының коагуляциясына ұрындырады да өсімдіктер құрып кетеді[9,11,17].
Күзгі бидайдың аязға төзімділігі өсімдіктердің күзгі шынығуына байланысты. Туманов И.И. күздік дақылдарының екі шынығу кезеңдерін ажыратады: алғашқысы +8-10 грс жылылықта күндіз, ал екіншісі 0грС температурада түнгі сағаттарда өтеді. Неғұрлым екінші кезең тезірек өтсе, өсімдік соғұрлым шыныққан және аязға төзімді болады[6].
Қазақстан астық өнімдері 1953 жылдан, яғни тың және тыңайған жерлерді игеруден бастап тез өссе бастады. Қазір республикамызда 25,5 млн. гектардан артық егіс егіледі.Осындай жетістіктерге қарамастан, астық өнімдері тамақ өнеркәсібін шикізатпен, мал шаруашылығын күрделі жеммен қамтамасыз етуде әліде жетіспейді. Сондықтан республикамыздың 2000-2020 жылдарға дейінгі әлеуметтік және экономикалық дамуының негізгі бағыттарында егіс өнімін арттыру ең басты бағыт деп есептеліп, әр адам басына жылына 1,5 тоннадан астық өндіру міндетін алға қойып отыр. Сонда ғана Қазақстанда ұн, нан сияқты халық күнделікті пайдаланатын тағамдармен қатар, мал азығына қажетті сапалы жем жеткілікті болмақ[9,11,25].
Күздік бидай азық түліктің маңызы жағынан жаздық бидайға теңесе отырып одан бірқатар артықшылықтармен ерекшеленеді: ол күгі, қысқы және ерте көктемгі ылғал мен қоректік заттарды тиімді пайдаланады, топырақты эрозиядан қорғайды, арамшөптермен жақсы күреседі, аурулармен аз ауырады, астық сұр көбелегінің жарақаттайтын кезеңінен өтіп кетеді, ұйымдастыру шаруашылық жағынан өте бағалы және анағұрлым өнімді.
Жыл сайын Қазақстанда 1,7 млн гектар күздік бидай өсіріледі. Соңғы жылдары Қазақстандағы орташа өнім 16,3 цга болды. Көп тараған сорттарға жататындар Қазақстан ғалымдары шығарған Багорная-56, Қарлығаш, Стекловидная сияқты сорттарды айтуға болады.
Күздік бидайдың тамыры 15 см тереідікке дейін тарап топырақтағы ылғалды жақсы игереді. Қоректік заттары мол қара-қоғыр топыраққа егілген күздік бидай жақсы өнім береді.
Пісер алдында қатты астық аңыз-ақ (35-40грС) дән семіп майдаланып, өнім күрт төмендеп кетуі мұмкін. Пісу кезіндегі ең қолайлы температура 20-25 грс. Күздік бидайдың ең көп жұмсайтын кезеңі сабақ пайда бола бастағаннан гүлдегенге дейін. Одан кейін ылғалды кқп жұмсамайды, бірақ топырақта ылғал дән қамырлана бастағанға болып тұрғаны қажет. Дән сүт кезінде топырақ ылғал болмаса оның салмағы азайып өнімі төмендейді.
Күздік бидайдың өнімі алға егістің түріне байланысты қатты өзгеріп тұрады. Мұның ең жақсы алғы дақылы таза пар пен екпелі пар. Казақтың ғылыми зерттеу егіншілік институтының еңбектеріне қарағанда тау етегінде кездесетін қоңыр топырақтарда 1,5-2 есе көп болады. Оның себебі парға айналған танапта ешқандай өсімдік болмағандықтан топырақ ылғалы жеткілікті болады. Күздік бидай өркендері уақытындысына көгеріп шығып, суық түскенше жақсы дамып, түптенер буынына қант жинап алса қыстық қиындықтарын да төзіп, көктемде аман-есен шығады[5,21].
Шөпке арналып қара бидай мен ноқат, сұлы мен бұршақ араластырып себілген екпін парда күздік бидайдың өніміне жақсы әсер ететінін тәжірибеде көрсетіп отыр. Жауын-шашын жеткілікті болатын аймақтарда екпелі пардың әсері таза пардан кем болмайды екен. Себебі бұршақ пен ноқат ерте себілетін дақылдарға терең арам шөптерден, оның ішінде қара сұлудан да тез өсіп, танаптарда рам шөптердің азаюына әсер ете және бұл дақыл барлық бұршақ тұқымдастар сияқты топыраққа көптен азот қалдырады. Қазақтың ғылыми зерттеу институты дерегі бойынша таза пардан кейін себілген бидайдың өнімі әр гектардан 23 ц қай бұршақ бар екпелі пардан кейін 20 ц ноқаттан кейін-23 ц болған. Парға егілген дақылдардың өнімін қоса есептегенде жалпы алынатын өнім едәуір жоғары болады. Бұл жағдайда жердің иімдерін пайдалыпатынан ескерсек екпелі парды қолданған пайдалы екенін көреміз.
Жүгері сорго ияқты атамалы дақылдарда күздік бидай үшін жақсы алғы егіс болып есептелінеді[5,21].
Тәлімі жерлерде көп жылдық шөптерден және астық тұқымдастардан кейін күзде топырақта ылғал өте аз болады. Бұл дақылдардан кейін себілген күздік бидай кезіне көбіне өркен бере алмайды. Сондықтан бұл дақылдар күздік бидай үшін орташа алғы егістерге жатады.Ал, суармалы жерде күздік бидайдың ең жақсы алғы егіс болып жоңышқа, бұршақ, қант қызылшасы, жүгері тағы басқа дақылдар жатады. Мысалы жоңышқадан кейін күзік бидайды 2-3 рет жақсы алуға болады. Қант қызылшасы, темекі, жүгері сияқты дақылдарға әдетте көптеп минералдық тыңайтқыштар беріледі. Бұл тыңайтқыштардың қалдығын күздік бидай пайдаланып жақсы өседі, мол өнім береді.Ал суармалы жерде күздік бидайдың ең жақсы алғы егісі болып жүгері тағы басқа отамалы дақылдар есептелінеді: Мысалы, жоңышқадан кейін күздік бидайды 2-3 рет егіп жақсы өнім алуға болады. Қант қызылшасы темекі, жүгері сияқты атамалы дақылдарға әдетте көптеп органикалық минералдық тыңайтқыштар беріледі. Бұл тыңайтқыштардың қалдығын күздік бидай пайдаланып жақсы өседі, мол өнім береді.Тыңайтқыштарды жоспарланып отырған бидай өнімін есептеп беру керек. Ол үшін күздік бидай өнімімен бірге топырақтан қанша қоректік заттар сіңіп кететінін білу керек. Мысалы: дала аймағында күздік бидай әр тонна дәнмен бірге топырақтан 17-15 кг азот, 22-29 кг фосфор қышқылы, 10-13кг калий алып кетеді. Күздік бидай өсе бастағанда топырақта азот аз болса алынатын өнім кемиді, ал дән толар кезінде азоттан тапшылық көрсе астықтың сапасы төмендейді, белоктың мөлшері азаяды.Фосфорды күздік бидай өркені жер бетіне шыға бастағаннан гүлдену кезеңіне дейін сіңіреді. Фосфор күздік бидайдың тамырының жылдам өсуіне және тез пісуіне әсерін тигізеді.[10,21,31]
Калийді бидай өніп жер бетіне шыға бастағаннан бас тартқанға дейін сіңіреді. Бұл қоректік заттың да өсімдік өмірінде маңызы зор. Біздің республикамыздың топырағы калииге өте бай болғандықтан дақылға көбіне бұл тыңайтқыш берілмейді.
Азот тыңайтқыштары суда тез ериді. Сондықтан күзде қажетті азоттың 20-30%-тін ғана береді. Бұл өсімдіктің жақсы тамырлануына әсер береді. Ерте көктемде азотпен үстемелін қоректендірудің маңызы зор. Бұл жұмыс қар еріп, күздік жаңадан өсе бастағанда жүргізілуі тиіс. Ерте көктемде жаңбыр жиі жауатын болғандықтан оны самолетпен шашып берсе де болады. Бұл кезде берген тыңайтқыш күздік бидайдың жақсы түптеніп, бірнеше сабақ түзуіне мүмкіндік жасайды.Күздік бидайдың түптенуі кезегі аяқталып сабақтану кезеңі басталар алдында тағы да бір рет азотпен қоректендіріледі. Бұл жолы тыңайтқышты топыраққа сіңіріп беру керек. Ол үшін астық себетін дискілі сеялкаларды қолданса да болады. Тыңайтқыш енгізу бағыты күздік бидай субілген бағытқа көлденен болуы тиіс тыңайтқыш бидай масағына үлкен болып, дәнді көп беруіне әсерін тигізді[10].
Дән пайда болып, ол тола бастағанда азот жеткіліксіз болса бидайдың сапасы төмендейді. Осы уақытта берілген азот бидайда белок мөлшері мол болып, астықтың бидайдың күшті бидай қатарына қосылуына әсерін тигізеді. Мұндай үстемелік қоректендіру су арқылы беріледі. Қоректік зат бидай жапырағы арқылы сіңеді. Тыңайтқыш суға егілген жөн, тыңатқыштар мөлшері гектарына 30-35 кг.
Осылай азат тыңайтқыштарын бөлшектеп беру арқылы тыңайтқышты өте тіимді пайдалануға болады. Фосфор тыңайтқыштары суға нашар ериді. Сонлықтан бұл тыңайтқыш пен өсімдік қоректене алу үшін топырақтың ылғалды қабатына сіңірілуі керек.Салған фосфор тыңайтқышынан өсімдікке келетін пайда шамалы. Кұздік бидайдың өркені алғашқы кезде топырақтан фсофор қосындыларын нашар сіңіреді. Сол себепті дақыл себілген кезде тұқыммен бірге топыраққа түйіршіктері себілген тұқымға жақын жатқандықтан өркен апы тез сіңіріледі. Фосфор жеткілікті болған жағдайда қант қосындыларын көп жинап алады. Бұл қоректік заттар күздік бидайдың қыстан аман шығуына себебін тигізеді.Себу кезеңінде қажетті фосфор тыңайтқышының тек 20-30 пайызын ғана береді. Форсордың басым бөлігін негізгі тыңайтқыш ретінде жерді жыртар тереңдігіне байланысты 15-25 тереңдікке түседі[10].
Күздік бидайға жерді дайындау жүйесі алғы дақылға байланысты өзгеріп отырады. Дақыл егілетін қара парды өндеуді алғы дақыл орылып алынғаннан кейін дереу сыдыра жыртудан бастайды. Шамамен екі апта пайда болатын кесектерді үгітілуі, жерді тегістеу үшін соқаның артына тырма тіркеп қояды. Егер топырақ өте құрғақ болып тырмаға ілінбеген жағдайда соқа артына ауыр шойын тығыздатқыш тіркейді. Жыртылған жер біртегіс, май ірі кесексіз болуы тиіс. Сонда ғана топырақта ылғал жақсы сақталады.Көктемде парды тырмалайды. Содан кейін жер бетіне арам шөптер шыққан сайын культивация жүргізіліп тұру керек. 1-ші культивация 10-12 см-ге тереңдікке жүргізіледі. Келесі жүргізілетін культивациялардың тереңдігі бірте-бірте азайып, соңғы культивацияны 4-6 см тереңдікке жүргізеді. Жаз бойы ауа-райына байланысты 3-5 рет культивация жасалады. Культивация жүргізудегі мақсат тек арам шөптерді жою емес топырақтағы ылғалды сақтау. Бұл екеуі бір біріне байланысты процесс. Қазақтың ғылыми-зерттеу егіншілік институтының деректеріне қарағанда танапта арам шөптер болмаса сапалы өнделіп тұрған парда көктемгі ылғалдың 50 пайызынан көбі күздік бидай егілетін кезге дейін сақталады екен[11].
Егер күздік бидай масақты дақылдардан кейін егілетін болса танапты тездеп сабаннан босату керек. Сабан тасылғалы соң жер дереу дискімен сыдыра өнделеді. Бұл сыдыра жырту кезінде арам шөптердің тұқымы жерге сіңіріледі, тұқым беріп үлгермей арам шөптер жойылады, жер беті қапсып, топырақтағы ылғалдың булануы азаяды.
Сыдыра жыртудан 10-15 күн өткеннен кейін жерді терең етуп аудара жыртады. Жырту кезеңінде пайда болатын кезектерді уату үшін соқа артына тырма не шойын тығыздағыш тіркейді. Күздік бидай себер алдында тұқым сіңірілетін тереңдікке культивация жүргізіледі[11,13].
Күздік бидай отамалы дақылдардан (қант қызылшасы, жүгері т.б) кейін себілетін болса аудара жыртудың қажеті жоқ. Сыдыра жыртқыштармен немесе культивациямен топырақты тұқым сіңіретін тереңдікке 2 рет өндеп барып себе берсе болады.
Егер аймақта жер эрозиясы болса аудармалы соқаның аңызға бірден себугебейімделген арнаулы С3С-2,1 маркалы сеялкамен себіледі.
Күздік бидайдың жақсы қыстап щығуына оның себу мерзімі қатты әсер етеді. Дәл уақытында себілген бидай қыстап көбіне аман шығады. Суықтын әр түрлі мерзімінде түсуіне байланысты әр жерде себудің календарлық мерзімі әр түрлі болуы мүмкін. Күздік бидай суық түсерден 50 күн бұрын себілуі тиіс. Сонда ғана ол түптену фазасына жетіп үлгереді. Егер күздік бидай түптену фазасынан асып кетсе не жетпей қалса да қыстан шығу мүмкіндігі азаяды[11].
Күздік бидайды әр түрлі тәсілмен себуге болады:қатарлы әдіспен (қатар аралығы 15 см) пар қатарлық әдіспен (қатар аралығы -7,5 см) және тоғыспалы әдіспен. Мұның ішінде ең көп тарағаны кәдімгі қатарлы әдіс. Ол ылғал ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Астық дақылдарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын кешенді қорғау шаралар жүйесі
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы. Өсіру технологиясы
Күздік бидай өсіру
КҮЗДІК АСТЫҚТАР ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Күздік бидайдың халық шаруашылығындағы маңызы
Күздік бидай және қара бидай
Күздік бидайдың биологиялық және морфологиялық ерекшелігі
Бидайдың гүлшоғы - масақ
Қарақұмық дақылы
Сұлы және қарақұмық
Пәндер