Солтүстік Қазақстан жағдайында жүгері негізгі сүрлемдік дақыл


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

коммерциялық емес акционерлік қоғам

Дүйсен Ислам Сағатұлы

Тақырыбы: « Алматы облысы Кербұлақ ауданы жағдайында себу мерзімінің сүрлемдік жүгерінің сапасы мен өніміне әсері»

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 5В080100 - Агрономия

Алматы 2018

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

коммерциялық емес акционерлік қоғам

факультеті

кафедрасы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

Беттер саны

Сызбалар мен көрнекі

Материалдар саны

Қосымшалар

Орындаған: Дүйсен Ислам Сағатұлы

20 ж. «» қорғауға жіберілді

Кафедра меңгерушісі

(қолы) (аты-жөні)

Жетекші

(қолы) (аты-жөні)

Арнайы тараулар кеңесшілері:

(тарау) (қолы) (аты-жөні)

(тарау) (қолы) (аты-жөні)

Норма бақылау

(қолы) (аты-жөні)

Сарапшы

(қолы) (аты-жөні)

Алматы 2018ж.

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

коммерциялық емес акционерлік қоғам

факультеті

мамандығы

кафедрасы

Дипломдық жұмысты орындау

ТАПСЫРМАСЫ

Студент

Жұмыс тақырыбы

Университет бойынша 20___ ж «___» № _ бұйрығымен бекітілген

Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 20___ ж «»

Жұмыстың бастапқы деректері

Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі

Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда)

Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

Жұмыстың арнайы тараулары бойынша кеңесшілері

Тарау
Кеңесші
Мерзімі
Қолы
Тарау:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:
Тарау:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:
Тарау:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:
Тарау:
Кеңесші:
Мерзімі:
Қолы:

Кафедра меңгерушісі

(қолы) (аты-жөні)

Жұмыс жетекшісі

(қолы) (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент

(қолы) (аты-жөні)

Дипломдық жұмысты орындау

КЕСТЕСІ

Рет саны
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі
Жетекшіге ұсыну мерзімі
Ескертулер
Рет саны:
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:
Рет саны:
Тараулар және қарастырылатын сұрақтар тізімі:
Жетекшіге ұсыну мерзімі:
Ескертулер:

Кафедра меңгерушісі

(қолы) (аты-жөні)

Жұмыс жетекшісі

(қолы) (аты-жөні)

Тапсырманы орындауға

қабылдадым, студент

(қолы) (аты-жөні)

МАЗМҰНЫ

бет

КІРІСПЕ . . .
7
: 1
КІРІСПЕ . . .: ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ . . .
7: 8-18
: 2
КІРІСПЕ . . .: ӨНДІРІСТІК ТӘЖІРИБЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ЖЕРДІҢ ТОПЫРАҚ ЖӘНЕ КЛИМАТ ЖАҒДАЙЛАРЫ . . .
7: 19-21
: 2. 1
КІРІСПЕ . . .: Топырағы . . .
7: 19-20
: 2. 2
КІРІСПЕ . . .: Климаты . . .
7: 20-21
: 2. 3
КІРІСПЕ . . .: Метеорологиялық жағдай . . .
7: 21
: 3
КІРІСПЕ . . .: НЕГІЗГІ БӨЛІМ . . .
7: 22-
: 3. 1
КІРІСПЕ . . .: Өндірістік тәжірибе бағдарламасы мен жүргізу әдістемелері . . .
7: 22-23
: 3. 2
КІРІСПЕ . . .: Қазақстанның оңтүстік шығысының шөлді-далалы аймағында жүгеріні сүрлемге өсіру ерекшеліктері, жүгері өсімдігінің вегетация дәуірінде өсіп-дамуы . . .
7: 23-27
: 3. 3
КІРІСПЕ . . .: Жүгері танаптарында жүргізілген күтіп-баптау шараларының сүрлем өнімділігіне және оның құрылымына әсері . . .
7: 27-30
: 3. 4
КІРІСПЕ . . .: Сүрлемдік жүгеріні әртүрлі мерзімде жинаудың өнімділікке малазықтық қасиеттеріне әсері . . .
7: 30-33
: 3. 5
КІРІСПЕ . . .: Жүгеріні сүрлемге өсірудің экономикалық тиімділігі . . .
7: 33-35
: 4
КІРІСПЕ . . .: ЕҢБЕК ҚОРҒАУ . . .
7: 36-37
:
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
7: 38
:
КІРІСПЕ . . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . .
7: 39-40

КІРІСПЕ

Алматы облысы республиканың оңтүстік шығысындағы өсімдік шаруашылығы саласымен айналысатын ірі аймақ. Облыста егіншілікпен қатар, сүтті және етті ірі қара малдар шаруашылығы дамыған.

Сондықтан, өңірде мал шаруашылығын жеткілікті мөлшерде мал азығымен қамтамасыз етуде жоғары өнімді, сапасы жоғары дақылдарды өсірудің практикалық маңызы зор.

Кербұлақ ауданының көптеген шаруашылықтары шөл-далалы жерлерінде орналасқан. Ауадан экономикасын көтеріп, жергілікті халықтың әл-ахуалын жақсартуда жетекші роль мал шаруашылығы үлесіне тиеді. Әзірге ауданда мал шаруашылығын өркендетудің мүмкіндіктері толық қанды пайдаланылмай отыр. Сол себепті, ірі қара малдың тұрақты берік мал азығы қорымен қамтамасыз етуде, мал азығы рационында сүрлемдік дақылдардың үлесін арттыру қажет. Себебі, олардың қорытылғыштығы жоғары, сүт қуғыш өсімдіктер. Өңірдегі негізгі сүрлемдік дақыл - жүгері.

Дақылдың дәнін қамырланып пісуге дейін апару, құрғақ заттар үлесін дәнінде 50%, ал жалпы өсімдікте 28% жеткізеді. Әзірге ауданда сүрлемдік жүгерінің өнімділігі төмен. Дақыл өнімділігінің төмендегінің басты себебі, оның қарапайым технологиямен өсіріліп, ерте орылуы, яғни сүттену сатысында сүрлемге салу.

Қазіргі кезде, өндірісте қолданылып жүрген жүгері сорттары мен будандары ерте және орташадан ерте мерзімде пісетіндер.

Сондықтан, олардың дәнінің қамырлану сатысында әбден жинауға болады. Аталған сатыда жүгеріні сүрлемге жинау өнімділікті көтерумен бірге, оның сапасын жоғарылатады.

Өңір диқандарының алдында тұрған басты міндеттердің бірі, сүрлемдік жүгеріні қарқынды технологиямен өсіру арқылы собығын қамырлану сатысына жеткізіп ору. Қарқынды технологиямен өсіруде күтіп-баптау шараларына үлкен мән беріледі. Себебі, вегетация дәуірінде, әсіресе оның бастапқы сатысында жүгері баяу өседі де, танаптар арамшөптермен күшті ластанады. Жүгері танаптарында арамшөптер күресу қатараралықтарды өңдеу арқылы жүзеге асырылады.

Танаптың арамшөптермен ластану көрсеткіші өңдеу саны мен сапасына тікелей байланысты.

Сондықтан диплом қорғаушы шаруашылық жағдайында өндірістік тәжірибе қойып, онда ол сүрлемдік жүгері қарқынды технологиясының негізі буыны - қатараралықты механизациялау әдісімен өңдеудің сүрлем өнімділігіне және оның сапасына әсерін зерттеп, эксперимент нәтижелері бойынша дипломдық жұмыс орындады.

1 ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ

Жүгері - әлем егіншілігінде астық дақылдарының арасында жетекші орынға ие дақыл. Ол бидай мен күрішпен бірге жер шарында негізгі өнім түрлерінің біріне жатады, кейбір жеке өңірлерде бірінші орын алады. Мысалы, Американың дүниежүзілік жүгері дәнін өңдіру өндірісіндегі үлесі 39-46% құрайды, бұл дақылдың шаруашылық жүргізудегі маңыздылығын және қажеттілігін айшықтайды [1] .

Жүгері - мүмкіндігі жоғары дақыл, себебі өнімділігі жоғары және жан-жақты пайдаланылады. Жүгері өнімділігінің үлкен бағалылығы сонда, ол екі үлкен мақсатты шешуге көмектеседі - дән ресурстарын толықтырады және малдарды нәрлі азықпен қамтамасыз етеді.

Жүгерінің малазықтық бағалығын көк балауса байқатады. Оны витаминдерге және қоректік заттарға бай сүрлем жасауға қолданады. Жүгерінің сабағы мен жапырағынан жасалған сүрлемінің 1 кг -0, 16 азықтық өлшем және 13 г қорытылмалы протеин болса, ал собығымен қоса сүттену-қамырлану сатысында сүрленгенде 0, 20-0, 25 азықтық өлшем және 14-18 г қорытылмалы протеин бар.

Жүгеріден жасалған сүрлем жоғары қорытылғыштығымен және диетикалық қасиеттерімен ерекшеленеді.

Сүрлемдік жүгеріні республиканың барлық аймақтарында өсіреді, бірақ өнімділігі әртүрлі деңгейде болады.

Жүгері дәні - мал және құстың құрама жемінің бағалы компоненті. 1 кг жүгері дәнінде 1, 34 азықтық өлшем және 78 г қорытылмалы протеин болады. Жүгері дәнінде 65-70% көмірсу, 9-12% белок, 4-8% май және минералды тұздар және витаминдер болады [2] .

Жүгері өсімдігінде көмірсулардың жоғары мазмұнды болуы жақсы жүгері сүрлемін алуға мүмкіндік жасайды және ол жеңіл бөртеді де, көп мөлшерде сүт қышқылын бөледі.

Жүгері дәні бағалы энергетикалық өнім. Жүгеріден 500 түрлі негізгі және қосымша өнім түрлері даярланады. Жүгеріні пайдалану үш негізгі топқа бөлінеді. Мал шаруашылығы, адамзат және өнеркәсіп. Жүгеріден әзірленетін 554 түрлі өнімдердің 272 түрі тағамға, 100 құрғақ және мақта-мата өнеркәсібінде қолданылады.

Жүгері дәнінің қоректілігі басқа астық дақылдары дәндерінен жоғары. Мысалы 100 г жүгері дәнінде 330 ккал болса, бидай дәнінде -295, арпа - 267, сұлы дәнінде 257 ккал болады.

Сондықтан жүгері өндірісін жоғарылату республиканың азық-түлік және мал азықтық бағаларын тұрақтандырудың маңызды жағдайы болып саналады.

Жүгерінің биологиялық ерекшеліктері. Жүгері жылу сүйгіш өсімдік. Өсімдік экваториальды елдерден шыққан, сондықтан вегетация дәуірінде үнемі температураның жоғарлауын және жарықтың қарқындылығын, әсіресе күн спектрінен қысқа толқынды-күлгін радиацияны қажетсінеді.

Көптеген жүгері сорттары мен буындары 8-10 0 С өне бастайды, ал жаппай өсімдік көгін 10-12 0 С қалыптастырады. Егер температура 10-12 0 С төмен болса, онда жүгері өсімдігі құрамындағы бос су мөлшері азайып, тыныстанушы әлсіреп, зат алмасу үрдісі бұзылады да өсуі тежеледі [3] .

Бірақ, бұл температура оның көгінің біркелкі қаулап шығуына жеткіліксіз. Жүгеріні онша жылынбаған топыраққа еккенде дәндерінің көп бөлігі ауруға шалдығып өліп қалады, ал шыққан көгі сирек және әлсіз болады. Өніп-шығуына қолайлы температура 10-12°С, көктеуден сыпыртқыгүл шыққанға дейінгі кезенде жақсы өсіп-жетілуі үшін 20-25°С температура қажет. Ауаның температурасы 12°С дейін төмендегенде жүгерінің өсуі күрт тежеледі, өсімдік сарғаяды және жиі ауырады. Ол 3°С-тан төмендесе, жүгерінің көгі өліп қалады.

Жүгері құрғақшылыкқа төзімді өсімдік. Ол ылғалды тиімді пайдаланады. 100 кг құрғақ зат түзуге 17, 4-тен 46, 6т дейін су жұмсайды (сұлы мен арпа одан да көп ылғал пайдаланады) . Жүгерінің транспирациялық коэффициенті 230-370. Бірақ жүгерінің дән мен көк балауса өнімінің көлемі басқа дәнді дақылдардан көп болғандықтан оған кететін су шығыны да көп болады. Көктеп шығудан сабақтануға дейін жүгері суды аз пайдаланады, әрі қарай оны қажет етуі арта түседі. Ең көп су мөлшерін жұмсайтын кезеңі: сыпыртқыгүл шығаруға 10 күн қалғаннан сыпыртқыгүл кезеңінен кейінгі 20 күнге дейін. Осы аралықта ылғалдың жетіспеуі өнімнің төмендеуіне әкеліп соғады.

Жүгері жоғары агротехникада топырақ және ауа құрғақшылығына салыстырмалы түрде қарсы тұра алады. Бұны былай түсіндіруге болады: жүгері ылғалды ең көп пайдаланатын кезеңде топырақтың өте тереңінен және ауадан су буын сіңіре алатын мықты тамырлар жүйесін құрап үлгереді. Бірақ жүгерінің құрғақшылыққа төзімділігі тары мен қонақтарыдан төмен.

Жүгері - жарықсүйгіш, қысқа күн дақылы. Күннің жарығы, әсіресе жүгерінің жас кезінде оның өсіп-жетілуіне жақсы әсер етеді. Өсімдіктің көлеңкеленуі, көкті сиретуді кешіктірген сияқты, жетілу процесіне зиянды әсер етеді: жеміс салу мүшелерінің құралуы тежеледі, аталық пен аналық гүлшоғырларының гүлдеуінде алшақтық және жеміссіз өсімдіктер көбейеді. Жүгерінің осы ерекшеліктерін агротехникалық шаралар жүйесінде ескеру қажет.

Ұзақ жарық күн жүгерінің вегетациялық кезеңін ұзартады, ал қысқа - пісуін тездетеді.

Жүгері топырақ құнарына талап қояды және тыңайтқыштар бергенді жақсы көреді.

Жүгеріден ең мол өнім, құнарлы топырақтағы жоғары агротехникада алынады.

Жүгеріге құрылымды қара топырақтар мен қара-қоңыр топырақтар және де өте құнарлы және сіңімді өзен аңғарының шөкпе топырақтары жақсы. Топырақ ерітіндісінің ете қолайлы реакциясы -бейтарап және әлсіз сілтілі. Қышқыл, өте тұзды және батпақтануға бейім топырақтарда жүгері өсіруге болмайды.

Қазіргі кезде жүгерінің 50-ден аса сорттары мен будандары аудандастырылған. Олардың ең көп таралғандары: Одесский 80 МВ, Молдавский 257 СВ, Молдавский 215 МВ, Сары-Арка 150 АСВ, Целииный 160 СВ, Будан 237 МВ және т. б. Соңғы 1-2 жылда аудандастырылғандарға - Алтын 739, Алтай 319, Арман 689, Скиф 619, Сұңқар және Тұлпар 539 будандары жатады.

Жүгерінің ауыспалы егістегі орны. Республикада ауылшаруашылығы өндірісін концентрациялау мен мамандандыру жүгеріні негізгі сүрлемдік дақыл есебінде фирма маңындағы малазықтық және оған жақын жердегі далалық ауыспалы егістіктерде өсіру көзделеді. Сондықтан ауыспалы егістікте жүгеріні құнарлы ылғалмен қамтамасыз етілген және арамшөптерден таза жерлерде өсіру керек. Жүгері үшін жақсы алғы егіс болып, көпжылдық шөптер қыртысы және құйқасы, бір жылдық шөптер, отамалы дақылдар, дәнді бұршақ және дәнді дақылдар жатады.

Жүгері өсімдігі алғы дақылдарға қатаң талаптар қояды. Оның себебі, өзі топырақтан көптеген мөлшерде қоректік заттарды жұмсайды. Сондықтан жүгеріні құнарлы топырақты жерлерде орналастыру қажет.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы суармалы жерлердегі далалық ауыспалы егістіктерде жүгеріні жоңышқа қыртысынан, күздік бидайдан, жоңышқа қыртысының аударылған құйұасынан және бақша дақыларынан кейін орналастыру қажет [4] .

Егіншілік мәдениеті жоғары шаруашылықтарда жүгеріні бір орында бірнеше жыл монодақыл есебінде өсіргенде, одан тұрақты өнім алуға болады [5] . Солтүстік Қазақстан аймағында сүрлемдік жүгеріні астық дақылдарынан кейін орналастырғанда оның өнімділігі 107 центнер болса, ал егер монодақыл қылып өсіргенде 94 центнер әр гектардан өнім берген [6] .

Республиканың көптеген ғалымдарының зерттеулерінің нәтижелеріне сүйеніп, төмендегідей тұжырымға келеміз, жүгеріні интенсивтік технологиямен өсіру шарттарының бірі, оны жақсы алғы дақылдан кейін орналастыру болып табылады. Қазақстанның суармалы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарында жүгері үшін жақсы алғы дақыл дәнді-бұршақ дақылдары, мақта, ерте пісетін жаздық дәнді дақылдар және бақша дақылдары жатады.

Жүгері ауыспалы егісте отамалы танапта орналасады. Дәнге және сүрлемге егілетін жүгерінің ең жақсы алғы дақылдары- күздік бидай мен күздік қарабидай, жаздық бидай, арпа, дәндібұршақ дақылдары және отамалылар. Ылғал жеткілікті жағдайда жүгері көпжылдық шөптердің қыртысы мен оның аударымына да егіледі. Жақсы агротехника мен тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланғанда жүгері қайта егісті жақсы көтереді [7] .

Жүгеріні сүрлемге және көк балаусасын пайдалануға сүрі жерге де егеді. Жауын-шашыны аз аумақтарда оны топырақты қатты құрғатып жіберетін күнбағыс және қант қызылшасынан кейін орналастыруға болмайды.

Жүгерінің өзі де жаздық және күздік дақылдарға жақсы алғы дақыл бола алады. Сүрі жер танабының дақылы болып сүрлем мен көк балаусаға егілген жүгері, келесі күздік бидайдың жоғары өнім беруін қамтамасыз етеді.

Топырақ өңдеу және тыңайтқыштар жүйелері. Жүгері өте ерте терең жыртуды қажет етеді. Күздіктер мен дәнді бұршақ дақылдарын жинап болысымен, жүгері егетін танапты 6-8 см тереңдікке кең алқымды сыдыра жыртқыштар - ЛД-10, ЛД-15 немесе БД-10, БДТ-7 тырмаларымен өңдейді. Ал арамшөптер өсіп шыққаннан кейін екі қабатты ПЯ-3-35, ПИЯ-4-40 соқаларымен, 25-30 см тереңдікке сүдігерге жыртады. Отамалы дақылдардан кейінгі және арам шөптерден таза танаптарды алдын-ала сыдыртусыз-ақ сүдігерге жыртады. Жел эрозиясы болатын аймақтарда КПГ-250, КПС-2-150 және сыдыра қопсытқыштарды пайдаланып топырақты терең қайырмай қопсытады. Ылғал жеткілікті аймақтарда топырақты шала сүрі жер типінде өңдейді. Топырақты көктемгі өңдеу ылғалды жақсы сақтауға, ұсақ түйіртпекті бос топырақ қабатын жасауға бағытталуы керек. Ол ерте көктемгі тырмалау, 2-3 қопсытумен бірге тырмалаудан тұрады.

Бірінші қопсыту, ерте мерзімде арам шөптер шыққаннан соң 10-14 см тереңдікте, ал тұқым себералды қопсыту - тұқым себу тереңдігіне жасалынады.

Құрғақшылықты аумақтарда топырақты тұқым себералды немесе сепкеннен кейін нығыздау өте тиімді.

Жүгері жоғары агротехникада мол дән және көк балауса өнімін беретіндіктен, осы өнімді құрау үшін бірінші топ астықтарына қарағанда көп қоректік заттар жұмсайды. Өсімдік қажетті қоректік заттардың көп бөлігін вегетацияның екінші жартысында пайдаланады. Сондықтан, жаздық үстеп қоректендірудің жүгері үшін маңызы зор, ал кеңқатарлы және үялы егу тәсілдері вегетацияның барлық кезеңдерінде тыңайтқыштар қолдануға қолайлы жағдай жасайды [8] .

Себу мерзімі. Жүгері өсімдігін өсіп-өнуіне қолайлы мерзімде себудің де маңызы зор. Оның тек қана біркелкі өсімдік көгін алуға ғана емес, сонымен қатар өнімді уақытында жинауға, кептіруге және басқа жағдайларға қажет.

Егер тұқымды жылынбаған топыраққа сепсек, олар аурулармен, зиянкестермен зақымданып, егістік өнгіштігін төмендетеді. Сонымен қатар, дақылды мезгілінен кеш себуге болмайды. Кеш себілген жүгерінің тұқымы құрғақ топыраққа түсіп, сол себепті өсімдік көгі көпке дейін жер бетіне шықпауы мүмкін. Көпжылдық тәжірибелерінің нәтижелеріне сүйеніп, жүгеріні республиканың оңтүстігінде себудің ең қолайлы мерзімі орташа тәуліктік топырақ температурасы 10-12 0 С болғанда 10 см тереңдікке себу керек. Өсімдікті себудің ең қолайлы календарлық мерзімі сәуір айының соңғы онкүндігінде бастап, мамыр айының бірінші онкүндігінде бітіру қажет [9] .

Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институтының ғалымдарының Алматы облысында жүргізілген зерттеулерінің нәтижелері бойынша, суармалы жерлерде ең жоғарғы өнім жүгері өсімдігін сәуір айының екінші жартысында сепкен кезде алынған. Яғни, дақылды 19 сәуірде сепкен кезде, оның дәнінің өнімділігі 65, 5 центнер болса, ал 9 мамырда сепкенде өнімділігі 5, 8 центнерге төмендеген.

Сонымен қатар, себу мерзімі дақылдың сабағының биіктігіне де өз әсерін тигізеді екен. Ерте себілген өсімдіктердің биіктігі кеш себілгендерге қарағанда 35-42 см жоғары болған.

Өсімдіктердің себу мерзімі олардың көк балаусасының жиналу динамикасына әсерін тигізеді [10] .

Семей облысының далалық аймақтарында жүгері тұқымы ерте сепкенде (10-15. 05) 8-10 күннен кейін көгі жер бетіне шықса, ал мамыр айының 20-30 аралығында сепкенде -3-4 күн қажет [11] .

Семей тәжірибе станциясында зерттеулер жүргізген В. М. Шмидт (1960) собықтың жоғарғы өнімін мамыр айының бірінші және екінші онкүндігінде сепкенде алған [12] .

Ақтөбе тәжірибе станциясы жағдайында көк балаусасының жоғары өнімі 18-20 мамырда итопырақтың 8-10 см тереңдігі 10-12 0 С жылынған нұсқадан алынған [13] .

Шығыс Қазақстан облысы жағдайында тәжірибе жүргізген жүгеріні 5-12 мамыр айы аралығында топырақ температурасы 6-8 0 С себу, топырақ температурасы 10-18 0 С болғанда өркен бір аптаға ерте шығады екен [14] .

Қостанай тәжірибе станциясының (1966) деректері бойынша, жүгеріні сүрлемге мамыр айының 10-17 жұлдыздарында себу көк балауса өнімділігін 176 ц/га жеткізген [15] . Құрғақ көктем жағдайында, ең жоғары өнімділік мамыр айының бірінші онкүндігінде топырақ температурасы 6 0 С болған кезде қамтамасыз етілген [16] .

Павлодар облысы жағдайында орташа кеш пісетін жүгері буындарын мамыр айының 10-25 аралығында себуді ұсынады [17] .

Қазақстанның солтүстігі жағдайында жүгерінің кеш пісетін сорттарын мамыр айының 10-15 аралығында сепкен жөн [18] .

Осындай ұсынысты Ақмола облысында зерттеулер жүргізген ұсынады [19] .

Жүгеріден жоғары өнім алудың міндетті жағдайлардың біріне дақылды ең қолайлы агротехникалық мерзімде себу жатады. Қазақстанның оңтүстік-шығысында жүгеріден жоғары өнімді оны ерте сепкенде, яғги сәуір айының екінші онкүндігінде сепкенде алынған [20] . Зерттеулер жүргізген материалдардан көргендей, жүгеріні сүрлемге себудің қолайлы мерзімі жергілікті жердің топырақ-климат жағдайына және көктем түсу сатысына байланысты болады.

Жүгері өсімдігінің гектардағы жиілігі. Жүгеріден жоғары өнім алу үшін оңтайлы өсімдік жиілігін қалыптастырудың маңызы зор. Тәжірибелер көрсеткендей қоректік алаңша көлеміне және өсімдік жиілігіне байланысты жүгерінің өсіп-өнуі мен өнімділігі өзгереді.

Өнімді жинар алдында әрбір гектарда 80-85 мың дана өсімдік жиілігін қамтамасыз ету үшін, тұқымның себу мөлшері 103 мың дана болуы керек [21] .

Жүгеріні сүрлемге өсіруде 1 гектардағы өсімдіктер жиілігі 90-100 мың болуы қажет [22] . Жүгеріні себудің негізгі тәсілі болып біздің елімізде және шетелде шаршылап ұялап себу тәсілі жатады, осы тәсілмен сепкен кезде өсімдік топырақ ылғалын, қоректік заттарды және күн сәулесін дұрыс пайдаланып, соның әсерінен олардың өсіп-өнуіне жақсы жағдай жасалады. Сонымен бірге, дақылды күтіп-баптау жұмыстарын толық механизациялауға мүмкіндік туады және тұқымдық минералдар үнемделінеді [23, 24, 25] .

Қоректік заттары аз топырақта жүгерінің қатараралығының енін 75 см-ге кеңейткенде дақылдың өнімділігінің төмендегенін көруге болады [26] .

Кейбір зерттеушілердің дәлелдеуінше, шаршы метрмен себу жүгерінің өнімділігіне әсер етпейді.

Ұзын-сабақты жүгері сорттарының қатараралығын 65 см-ден 90-ға жүгері сорттарының қатараралығын 65 см-ден 70 см дейін жеткізгенде жүгерінің өнімділігі өзгермейді [27] .

Егіншілік мәдениетін жоғарлату және танаптарда арамшөптермен гербицидтер қолдану арқылы күресу жүгеріні индустриальды әдіспен өсіруде себудің жаңа әдістерін қажет ете бастады.

Еліміздің көптеген ғылыми-зерттеу институтының, тәжірибе станцияларының деректерін тұжырымдай келе, егіншілік мәдениеті жоғары жерлерде жүгеріні нүктелеп (пунктирлеп) себудің шаршы -ұялы әдіске қарағанда пайдалы. Нүктелеп сепкен кезде, себу техникасы оңтайланады және қатараралықтарды қопсыту жұмыстары бір бағытта жүргізіледі, машиналардың өнімділігі артады, еңбек шығыны азаяды [28] .

Биік сабақты кеш пісетін сорттарға қоректік алаңшалар көлемі көп болу керек, ал аласа сабақтар сорттардың алаңшаларының көлемі аздау болу керек [29] .

Суармалы жерлерде жүгері өсімдігінің сабағының өсуі собығы пайда болғанға дейін жүреді, бұл жағдайда өсімдік тығыздылығы оның өсуіне әсер етеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ОҚО, Сайрам ауданы, Жаңаталап ауылы жағдайында сүрлемдік жүгеріден жоғарғы өнім алудың технологиясын жасау
Жүгеріні өсіру технологиясы
Мәдени дақылдар
Дәндік жүгері өсіру технологиясы
Жамбыл облысы Байзақ ауданы «Мәдімәр» өндірістік-бірлестік жерлерінде мал шаруашылығына берік мал азығы қорын жасау
Сүрлемдік дақылдар
Ауыспалы егіс
БҚО,Ақжайық ауданы, КӨКТӨБЕ ШҚ ауыспалы егісіне суару жүйесін жобалау
Жүгері дақылының биологиялық ерекшеліктері
Жүгері дәндері мен жүгері сабақтары өте қоректік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz