Жануарлар организміне ауа ылғалдылығының әсері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
Коммерциялық емес акционерлік қоғамы
Ескендірқызы А.
Алматы облысы ЖШС «Байсерке-Агро» ауылшаруашылық кешендеріндегі ауаның санитариялық - бактериологиялық жағдайын зерттеу
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC
5В120200 -«Вeтepинapиялық caнитapия»
Aлмaты 2018
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
«ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Ветеринария» факультеті
«Ветеринариялық-санитариялық сараптау және гигиена» кафедрасы
ДИПЛOМДЫҚ ЖҰМЫC
Тaқыpыбы: Алматы облысы ЖШС «Байсерке-Агро» ауылшаруашылық кешендеріндегі ауаның санитариялық - бактериологиялық жағдайын зерттеу
Бeттep caны - 42
Cызбaлap мeн көpнeкті
мaтepиaлдap caны - 19
Қосымшалар - 1
Opындaғaн: 5В120200-«Вeтepинapлық caнитapия» мaмaндығының
күндізгі oқу бөлімі 514-тoп cтудeнті Ескендірқызы Альфия
2018 ж. «05» шілдеде қopғaуғa жібepілді
Нopмa бaқылay, қауымдастық
профессор
Aлмaты 2018 ж
«ҚAЗAҚ ҰЛТТЫҚ AГPAPЛЫҚ УНИВEPCИТEТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
«Вeтepинapия» фaкультeті
5В120200- «Вeтepинapиялық caнитapия» мaмaндығы
«Вeтepинapиялық caнитapиялық capaптaу жәнe гигиeнa» кaфeдpacы
Диплoмдық жұмыc
ТAПCЫPМACЫ
Cтудeнт Ескендірқызы А.
Жұмыcтың тaқыpыбы: Алматы облысы ЖШС «Байсерке-Агро» ауылшаруашылық кешендеріндегі ауаның санитариялық - бактериологиялық жағдайын зерттеу
Унивepcитeт бoйыншa 2017 ж. «14» 11. № 550-К бұйрығымен бекітілген
Дaйын жұмыcты тaпcыpу мepзімі 2018 ж. «20» мaусым.
Жұмыcтың бacтaпқы дepeктepі
ЖШС «Байсерке-Агро» оқу ғылыми өндірістік кешенінде орналасқан сүтті бағыттағы ірі қараны ұстау, күтіп бағу ережелерімен танысу, кешеннің аумағы, ауа гигиенасы, ірі-қараға арналған қора-жайдың микроклиматын толық зерттеу, желдету жүйесі, қи шығару жүйесі, мезгілге байланысты микроклимат ерекшеліктері, ауаны санитариялық-бактериологиялық бағалау, дезинфекция жұмыстары, заманауи қондығы арқылы алынған көрсеткіштер бойынша кестелер мен сызбылар, түсірілген фотосуреттер.
Дипломдық жұмыста қарастырылатын тараулар мен сұрақтардың тізімі (көкейкестілігі, мақсат мазмұндамасы, қойылған міндеттер, графикалық материалдар) : Кіріспе, әдебиетке шолу, өзіндік зерттеулер, зерттеу материалдары мен тәсілдері, зерттеулердің нәтижелері, тұжырамдама, қорытынды, ұсыныстар, пайдаланған әдебиеттер тізімі және қосымшалар. Көрсетілген тарауларда сүтті бағыттағы ірі қараны қора-жайда күтіп-бағудағы негізгі міндеттер мен оның ерекшеліктері және жақсарту жолдары жұмыстарына сипаттама берілген.
Гpaфикaлық мaтepиaлдapдың тізімі
Диплoмдық жұмыcтa 9 -кecтe, 10-cуpeттep бepілгeн, coндaй-aқ жұмыcтa 26 әдeбиeт көзі пaйдaлaнылды.
Ұcынылaтын нeгізгі әдeбиeттep:
1. Мырзабеков Ж. Б., Ибрагимов П. Ш «Ветеринариялық гигиена». Алматы, Агроунверситет, 2011 ж. - 36-85 б.
2. Кузнецов А. Ф «Гигиена животных» Санк-Петербург, Квадро, 2015 г. - 23-67 с.
3. Гершун В. И., Туякова Р. К «Ветеринарная гигиена». Қостанай, ЖШС «Костанайский печатный двор», 2005 г. - 35-82 с.
4. Макаров В. А., Боровков М. Ф., Ермолаев А. П., Кособрюхов А. Н., Рудь И. А «Практикум по ветеринарно-санитарной экспертизе» Москва, Агропромиздат 1987 г. -255-257 с.
Жұмыcтың (жoбaның) apнaйы тapaулapы бoйыншa кeңecшілepі
Кaфeдpa мeңгepушіcі, PhD Қ. Д. Aлихaнoв
Жұмыc жeтeкшіcі, доцент А. А. Алимов
Тaпcыpмaны opындaуғa
қaбылдaдым, cтудeнт А . Ескендірқызы
Дипломдық жұмысты орындау
КЕСТЕСІ
Кaфeдpa мeңгepушіcі, PhD Қ. Д. Aлихaнoв
Жeтeкшіcі, в. ғ. к., доцент А. А. Алимов
Тaпcыpмaны opындaуғa
қaбылдaдым, cтудeнт А. Ескендірқызы
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы дипломдық жұмыста келесі стандарттық сілтемелер көрсетілген:
ГОСТ Р 57256-2016 Воздух замкнутых помещений. Отбор проб при определении аммиака
ГОСТ Р 56990-2016 Химические дезинфицирующие средства и антисептики. Дезинфицирующие средства. Критерии и показатели эффективности
ГОСТ 32548-2013 Вентиляция зданий. устройства. Общие технические условия
ГОСТ Р 54392-2011 Электроустановки для животноводческих помещений. Способы выравнивания потенциалов
ГОСТ Р ИСО 7218-2008 Микробиология пищевых продуктов и кормов для животных. Общие требования и рекомендации по микробиологическим исследованиям
ГОСТ Р 51301-99 Продукты пищевые и продовольственное сырье. Инверсионно- методы определения содержания токсичных элементов (кадмия, свинца, меди и цинка)
ГОСТ Р 51448-99 (ИСО 3100-2-88) Мясо и мясные продукты. Методы подготовки проб для микробиологических исследований
ГОСТ Р 52427-2005 Промышленность мясная. Продукты пищевые. Термины и определения
ГОСТ Р 52814-2007 Продукты пищевые. Метод выделения бактерий рода Salmonella
ГОСТ Р 52816-2007 Продукты пищевые. Методы выявления и определения количества бактерий группы кишечных палочек (колиформных бактерий)
ГОСТ Р 52830-2007 Микробиология пищевых продуктов и кормов. Метод обнаружения и определения количества презумптивных бактерий Escherichia coli. Метод наиболее вероятного числа
ГОСТ 16020-70 Скот для убоя. Термины и определения
АНЫҚТАМАЛАР
Осы дипломдық жұмыста келесі терминдер мен анықтамалар қолданылды:
Температура - кеңістіктегі жылудың мөлшерің сипаттайтын шама.
Ылғалдылық - қатты денедегі, ұнтақ заттағы, газдағы ылғал мөлшері.
Аммиа́к - NH 3 , сутегі нитриді, қалыпты жағдайда - өткір, мүсәтір спирті иісті, түсті газ.
Психрометр - екі термометрдің (құрғақ және шыланған) көрсетуі бойынша ауа температурасы мен ылғалдығын өлшеуге арналған аспап.
Петри табақшасы - аласа әрі жалпақ келген цилиндрлі, қақпағы бар микробиология саласында жиі қолданылатын ыдыс.
Канализация - лас немесе ағынды суларды ғимарат аумағынан әкететін құбырлар жүйесі.
Каустикалық сода - ақ түсті, ылғалданған, дезинфекциялық мақсатта жиі қолданылатын күшті сілті.
Дезинфекция - адам мен жануарларда, өсімдіктерде ауру қоздыратын микроорганизмдерді жоюға бағытталған шаралар жүйесі.
БЕЛГІЛЕУЛЕР ЖӘНЕ ҚЫСҚАРТУЛАР
Ғылыми зерттеу жұмыстар есебінде келесі белгілер және қысқартулар қолданылды:
л - литр
мл - миллилитр
мг - миллиграмм
кг - килограмм
гр - грам
˚С - температура
% - процент
> - одан көп
* - көбейту
ЕПА - ет-пептон агары
КТБ - колония түзуші бірлік
1 КІРІСПЕ
1. 1 Жұмыстың өзекті мәселелері және тәжірибелік маңыздылығы.
Мал шаруашылығы - халықтың азық-түлік өнімдеріне деген сұранысын қанағаттандыратын, сондай-ақ түрлі салаларға шикізатпен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылығының маңызды салаларының бірі.
Қазақстан Республикасының барлық ауыл шаруашылық жерлерінің төрттен бірі мал жайылымдарын алады. Бұдан басқа, Қазақстанның орталық және оңтүстік-батыс бөліктеріндегі шөл және шөлейтті аумақтар малға арналған маусымдық жайылым ретінде кеңінен қолданылады. Мемлекетімізде ірі қара малдың саны артып келеді. Жануарларды жаппай санау жүргізу кезінде, нақтырақ айтсақ 2017 жылдың қаңтар айынан 2018 жылдың қаңтар айлары аралығында жалпы саны өскені анықталды. Қазақстан Республикасының статистика агенттігінің мәліметтері бойынша 2018 жылы ірі қара саны 6487, 3 мың басқа жеткен, ал 1 жыл бұрынғы саны 6253, 8 мың бас. Яғни 233, 5 мыңға дейін саны артқанын көреміз. 3 облысымыздағы бас саны 1 млн-нан асып тұр. Олар: Алматы облысы - 1170, 3 мың, Шығыс Қазақстан облысы - 1124, 2 мың және Оңтүстік Қазақстан облысы 1087, 8 мың.
Мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің өсуі негізінен мал мен құстың өнімділігін арттыру, малдың санын көбейту, жемдерді тиімді пайдалану, жануарларды ұстау және оларды азықтандыру үшін жағдайларды айтарлықтай жақсарту, асыл тұқымды жұмыстарын жетілдіру, негізгі өндірістік процестерді автоматтандыру және автоматтандыру есебінен қамтамасыз етіледі.
Қазіргі заманғы ауыл шаруашылығы өндірісінің мал санын арттыру, және өндірістік процестерді механикаландыру және автоматтандыру дәрежесі мал ағзасына биологиялық және техникалық ауыртпалықтың өсуіне әкеледі. Өнеркәсіптік мал шаруашылығының осы ерекшеліктері мал шаруашылығы ғимараттарында микроклиматты құруға ерекше талаптар қояды. Мал шаруашылығында оңтайлы микроклиматты құру проблемасын шешуге тек бірқатар шараларды іске асыру арқылы ғана қол жеткізуге болады: ғимараттардың көлемді жоспарлау шешімдерін оңтайландыру, гидротехникалық қондырғылардың жылу қорғау қасиеттерін жақсарту, желдету мен жылыту жүйелерін тиімді пайдалану, жарықтандыру жүйелерін, ауаны тазарту және ауа тазарту, аэронизациялау.
1. 2 Жұмыстың негізгі нәтижелеріне сипаттама.
Жұмыстың негізгі нәтижелері « Байсерке - Агро» ЖШС ірі-қараға арналған қора-жайдың микроклимат жағдайы зерттелінді. Зерттеу жұмыстары үшін ірі-қараның 2, жас төлдердің 1, сауу объектісінің 1 қора-жайларында жүргізілді. Ғылыми-зерттеу жұмыстары барысында кешендердегі микроклимат ерекшеліктері толығымен бақылауды болды. Сонымен қатар қора - жайлардың микробпен ластану дәрежелерін анықтау мақсатында заманауи құрылғы Люминиметр «Hygiene» қолданылды. Алынған ғылыми-зерттеу жұмыстары нәтижелері негізінде Қазақ ұлттық аграрлық университетінің студенттік конференциясында баяндама жасалды, ғылыми мақала жазылды.
1. 3 Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің мақсаты: « Байсерке - Агро» ЖШС сауын сиырларына арналған кешендердің микроклимат жағдайын толығымен зерттеу және жақсарту жолдарын қарастыру.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Ірі-қараға арналған қора-жайдың микроклимат жағдайын зерттеу;
- Кешендегі ауаның микробтармен ластану дәрежесінің динамикасын жыл мезгіліне қарай анықтау;
- Кешенде каустикалық сода және ГАН препараттарымен салыстырмалы түрде профилактикалық дезинфекция жүргізу;
- Шаруашылықта жиі кездесетін ауруларға статистика жүргізу.
2. ҒЫЛЫМИ ӘДЕБИЕТТЕРГЕ ШОЛУ
2. 1. «Байсерке-Агро» шаруа қожалығындағы сауын сиырларын ұстау жағдайлары мен олардың тиімділіктері
Ірі қара малдарын тұрғызып байлап ұстауға арналған қоралар жылу өткізгіштігі төмен құрылыс материалдарынан жасалып, ауа райы суық жақтарда қабырғаларының қалыңдығы 50 см, төбесі 0, 24 метрден жұқа болмауы қажет. Малдардың ауа алмасуын қамтамасыз ету үшін қораның биіктігі еден үстінен төбенің ең төменгі жеріне дейін 2, 4-2, 7 м кем болмауын қадағалау қажет. Әрбір 100 басқа арналған қораға 2-ден, ал 150-200 басқа арналған қораларға 4-тен кем емес екі жаппалы қақпалар қаралады. Малдарды байлап тұрғызып ұстауға арналған қоралардың жалпы ішкі өлшем ауданы әр басқа шаққанда, малдардың ірілігіне, өнімділігіне (салмағы) қарап 5-7 м 2 аралығында болғаны дұрыс. [1] Мұндай малдарды тұрғызып байлап ұстау тәсілінің өзіне тән артықшылығы болады:
1) Малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне (жасы, өнімі, денсаулығы т. б. ) байланысты, жекелеме күтім, азықтандыру жасауға мүмкіншілік тудырады;
2) Малдардың денесі таза, яғни әсіресе сауын сиырлардың өнімі жоғарғы сапалы блолуына жағдай жасалады;
3) Малдардың бірін бірі сүзіп, жарақаттанудан, кейде буаз малдардың іш тастауынан сақтандырады;
4) Қора ішінің микроклиматын бақылап, қалыпқа келтіріп тұруға мүмкіншілік туғызады.
Малды тұрғызып байлап ұстаудың мұнымен қоса кемшіліктері де болады:
1) Малдарды бос еркін ұстаумен салыстырғанда тұрғызып байлап ұстау тәсілінде әр малға шаққандағы қора сиымдылығы төмендейді.
2) Малдарды тұрғызып байлап ұстау кезінде олардың қозғалуы шектеліп, малдардың төзімділігі азайып, денсаулығы нашарлайды.
3) Әр малға шаққандағы еңбек шығыны көбейіп, қол жұмысының бөлігі артады. Мұндай тәсілмен ұстау кезінде, әсіресе сүт өндіретін шаруашылықтарды ең жоғары сүт алу көрсеткіштеріне (15-16 мың кг) сол сияқты басқа малдардан орта есеппен 5-6 мың кг жылдық сүт өнімін өндіруге ие болатындығы дәлелденген. Сондықтан ірі қара малдарын тұрғызып байлап ұстау тәсілі сүт өндіру және жас тұқымдық малдарды өсіп-өндіру шаруашылықтарында кең қолданылады. Малдарды бұл тәсілмен ұстау кезінде мал мамандарының, күтіп-бағатын қызметкерлердің әрбір малдарға жекелеме күтім көрсетіп, емдеу, егу жұмыстарын жүргізуге қолайлы жағдайлар туып малдардың ауруға шалдығуы төмендеп, әр малға ветеринариялық бақылау жасап, тиісті шараларды дер кезінде көрсете алады.
Ірі қара малдарын тұрғызып ұстауға арналған қоралардың микроклиматы тұрақты және қалыпты, яғни малдардың физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ауа температурасы +8 градустан төмендемей, салыстырмалы ылғалдылығы 85 пайыздан жоғары емес, ауа қозғалысының жылдамдығы қыс айларында 0, 3 м/сек артпай, көмірқышқыл газының концентрациясы 0, 25 пайыздан жоғарыламай, әр куб. м ауада аммияктың мөлшері 20 мг-нан, күкіртті сутегі газы - 10 мг-нан аспауы керек. [2] Қораның табиғи жарықтану коэффициенті 1:15 қатынасынын төмен болмауға тиіс. Бос еркін байлаусыз ұстау - бұл тәсілді қазіргі кезде екі түрде қолданады: қалың төсенішті едендерде бос байлаусыз және арнайы бокстарда ұстау. Ірі қара малдарын қалың жиналмайтын төсеніштерде ұстау үшін қораның табиғи еденінің өсімдік қабатын (10 см) қырып үстіне, дезинфекциялық және ылғалдықты төмендету мақсатында, әр шаршы метр ауданға 0, 5 кг есеппен қортылған хлорлы әкі (известь) салады да, оның үстіне 10-15 см қалыңдықта төсеніш (солома, торф салып, оны жинап шығармай мезгіл-мезгіл жаңартып үстіне төсеніш қосып, малды қолда ұстау мерзімінің аяғында төсенішті қыйымен қоса механикалық тәсілмен (бульдезер, қырғыш, транспортер т. б. пайдалы көрсеткіштерімен қатар айтарлықтай жиі шектеу келтіретін кемшіліктері де байқалады. Олар:
1. Малды жыл бойына қорада ұстайтын болса өте көп төсеніш қажет болады да, шаруашылықтын мүмкіншілігі болмай малдардың астынан сыз-суық өтіп, арытып күйінің төмендеуіне апарып соғады.
2. Қора ауасының ылғалдылығы жоғарлап, зиянды газдардың мөлшерінің көбеюі, мал денесінің ластанып, өнімінің сапасын төмендеуіне әсерін тигізеді.
3. Малдардың арасында, әсіресе әртүрлі жастағы, жынысты малдардың бір-бірін сүзіп жарақаттауы жиі байқалады. [3] Сондықтан мұндай ұстау тәсілі сүт өнімін алуға бағытталған шаруашылықтарда қолдану шектеліп, еттік бағыттылығы өндірістерде кең таралған. Сиырларды бос қалың төсеніште ұстаған кезде малдарды жігіне, жасына, физиологиялық ерекшеліктеріне байланыстырып шағын (25-30 бас) топтарға бөлу қаралады және қораның ық жағынан азық науалары қойылып, су құбырлары тартылған суруен алаңдары жасалып, ауа райының қолайлы кездерінде малдар өз еркімен кіріп-шығып азықтануына мүмкіншілік жасалады. Малдарды бос еркін байлаусыз ұстаудың екінші түрі арнайы жасалған бокстарда бос немесе байлауда ұстау қаралады. Ол үшін қораның ұзын бойынан арнайы тұрақ орын-бокстар жасалады, яғни ұзындығы мал тұрқына сай, ені 1-1, 2 метрден артпайтындай етіп, әртүрлі материалдармен ағаш, немесе металды екі жаны шектеліп бөлінген орын. Ондай орынның алдыңғы жағына азық науасы орнатылып, ал арт жағында арық жасалып, беті тор көзді еденмен жабылған көң жолы қаралады да, малдар боксқа еркімен кіріп, азықтанып, жатып дем алып, бірақ бұрылып (айналып) шыға алмай, тек шегініп қана бокс орнынан шығады да, мал нәжісі бокс еденін ластамай, көң жолына түсуі қаралған. Мұндай бокстардың санитарлық тазалығы сақталып, мал организміне жайлы болу үшін бокс орнының құрылымына мынандай негізгі гигиеналық талаптар қойылады:
1. Бокстің едені тегіс, суі өткізбейтін, жылу сақтайтын, көң жолынан
15-20 см биіктікте орналасуы керек.
2. Бокстің жанындағы бөлгіш сырықтардың төменгі шегі 45 см биікте (төмен болса мал жатқан жерде ұршығын соғып жарақаттаса, жоғары болса ұсақ мал астынан өтіп кетуі мүмкін), ал жоғары екінші шектеу бөлігі 55 см биіктікте орналастырылады.
3. Көң жолының ені 2, 7 метрден кем 3 метрден артық болмауы қадағаланады. Себебі 2, 7 метрден тар болса малдардың (ірі) бокстан шығуы қыйындайды, ал 3 метрден артық болса малдар көң жолының үстінде жатып дем алуына жағдай туады.
Ірі қара малдарын бокста ұстауға жабдықталған қоралардың микроклиматы сиырларды байлап ұстауға арналған қоралардағыдай болуға тиіс. Бокстардың арт жақ араларынан беті торкөзден өтіп арық түбіне түседі де, одан өздігінен немесе арнайы сырғыш транспортерлердің көмегімен тазалап отырады. [4]
Арық бетіндегі торкөзді еден дұрыс жасалып, оған түскен мал қыйы бөгетсіз болуын қадағалау керек және мал тұяғына жайлы, қыстырылып қалмайтын болып жасалады. Бокстар қатары бірнеше бөліктерге (секцияға) бөлінеді. Ондай бөліктер малдардың жасына, сүтіне, бұзаулау мерзіміне қарап жасалады да, оларды азықтандыру, сауу және күту процестеріне негізделеді. Ондай топтағы сиырлардың саны көп болмауы қажет. Егер әр бөлікте 30-40 бастан артық болса, оларға бақылау жасау қиынға түсіп, олардың туу мерзімін, өнім мөлшерін, азық түрлерін қалыптау, соған байланысты топтау жүргізу ауырлайды. Әрбір секцияның сауу орнына және серуен алаңына шығатын есігі болуға тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz