Алматы ЖЭО-1дегі БКЗ-160-100 қазандығын жаңғырту


Аңдатпа
Бұл дипломдық жұмыста Алматы ЖЭО-1дегі БКЗ-160-100 қазандығын
жаңғырту қарастырылды. Жаңғыртуда қолданыстағы отын түрі Қарағанды
көмірінен табиғи газға өзгертілді. Қазандықтағы отын түрін ауыстырғанға
дейінгі және кейінгі жүктемелер есептелінді. Табиғи газ отынын жағуға
байланысты газды оттық таңдалынды. Экономикалық бөлімінде ЖЭО-1 дегі
БКЗ-160-100 қазандығын жаңғыртуға дейінгі және кейінгі өзіндік құны
анықталды. Өмір тіршілік қауіпсіздік бөлімінде өрт қауіпсіздік шаралары
сипатталды.
Аннотация
В дипломной работе была рассмотрена модернизация котла БКЗ - 160 -
100 в ТЭЦ - 1 города Алматы. При модернизаций ранее сжигаемое твердое
топливо, а точнее Карагандинский уголь был заменен на газовое топливо. Были
рассчитаны тепловые нагрузки до и после замены топлива. По соответствию
тепловых нагрузок котла выбрано газовая горелка. В экономической части
рассчитал себестоимость ТЭЦ - 1 до и после модернизаций горючего в котле
БКЗ - 160 -100. В части охраны труда была рассмотрена пожарная
безопасность.
Мазмұны
Кіріспе . . . 9
I Тарау. Алматы ЖЭО-1 жылулық есептеу
1. 1
1. 2
АлЭС 1- ЖЭО қысқаша сипаттамасы . . . 11
1-АЖЭО негізгі қондырылғылары және цехтардың қысқаша сипаттамасы
. . . 14
1. 3
1. 4
1. 5
1. 6
1. 7
1. 8
1. 9
Отын тасымалдаушы цех . . . 14
ЖЭО-ң жылумен қамтамасыздандыру жүйесі . . . 14
Мазут шаруашылығы . . . 15
Газ тәрізді отын шаруашылығы . . . 16
Қазандық цех . . . 16
Шығырлық цех . . . 17
Электрлік цех . . . 17
1. 10 Химиялық суды тазарту . . . 18
1. 11 АлЭС 1-ЖЭО-ның СКШ(сұйық күлді шығару) жүйесі . . . 19
1. 12 Бас тұрқының орналасуы және бас жоспары . . . 20
1. 13 ЖЭО-ның қағидалық жылулық сүлбесі . . . 21
1. 14 Станцияның жылулық бөлігін есептеу . . . 21
1. 15 Станцияның электрлік бөлігі . . . 24
1. 16 АЖЭО және оның қалаға экологиялық күйіне әсер етуі . . . 27
1. 17 ЖЭО-ның жылуландыру қондырғысының жылу есебі . . . 28
II Тарау. БКЗ-160-100 қазандығын жаңғырту
2. 1 ЖЭО 1-дегі БКЗ-160-100 қазандығы . . . 30
2. 2 Жылулық есептеудің салыстырмалы нәтижесі . . . 30
2. 3 БКЗ-160-100 қазандығының қатты отында есептелуі . . . 31
2. 4 БКЗ-160-100 қазандық қондырғысының табиғи газдағы есептелуі . . . 34
2. 5 Қазан қондырғысының және отын шығынының жылулық теңестігін
есептеу . . . 39
III ТАРАУ. Экономикалық бөлім
3. 1 Алматы қаласындағы ЖЭО-1 БКЗ-160-100 қазандығын жаңғыртуға дейінгі
және пайдаланудың бизнес жоспары . . . 44
3. 2
3. 3
3. 4
3. 5
3. 6
3. 7
3. 8
3. 9
1 - ЖЭО-ның жылдық энергия жіберуін анықтау . . . 44
Отынға жұмсалатын шығынды анықтау . . . 45
Отынды қолданудың ПӘЕ-ін есептеу . . . 46
Суға жұмсалатын шығындарды есептеу . . . 46
Еңбекақы шығындарын есептеу . . . 46
Амортизациялық аударылымдарды есептеу . . . 48
Ағымдағы жөндеу шығындарын есептеу . . . 48
Шығарындыларға төлемдерді есептеу . . . 49
3. 10 Жалпы стансалық және цехтық шығындарды есептеу . . . 49
3. 11 Энергия жіберудің өзіндік құнын есептеу . . . 49
3. 12 Алматы қаласындағы ЖЭО-1 БКЗ-160-100 қазандығын жаңғырту және
пайдаланудың бизнес жоспары . . . 50
3. 13 ЖЭО-ның жылдық энергия жіберуін анықтау . . . 51
3. 14 Отынға жұмсалатын шығынды анықтау . . . 52
3. 15 Отынды қолданудың ПӘЕ -ін есептеу . . . 52
3. 16 Суға жұмсалатын шығындарды есептеу . . . 53
3. 17 Еңбекақы шығындарын есептеу . . . 53
3. 18 Амортизациялық аударылымдарды есептеу . . . 54
3. 19 Ағымдағы жөндеу шығындарын есептеу . . . 55
3. 20 Шығарындыларға төлемдерді есептеу . . . 55
3. 21 Жалпы стансалық және цехтық шығындарды есептеу . . . 55
3. 22 Энергия жіберудің өзіндік құнын есептеу . . . 56
ІV ТАРАУ. Өміртіршілік қауіпсіздігі
4. 1 Жұмыс жағдайын талдау . . . 58
4. 2 Жеке аппараттарға немесе бөлмеге автоматты өрт сөндіру жүйесін
қолдануды негіздеу және таңдау . . . 61
Қорытынды . . . 68
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 69
Кіріспе
Жылуэнергетика халықтық шаруашылықтыің қазіргі заманға сай
индустриалды дамыған сала болып табылады. Энергетиканың дамуындағы
негізгі бағыт өндірістің, қалалардың және елді мекенді энергиямен қамдау
орталықтандыру болып табылады.
Мемлекет Басшысымен және Мемлекеттік индустриалдық -иннвациялық
даму бағдарламасымен Қазақстандағы ішкі жалпы өнімнің энергия шығынын
2015 жылға қарай кемінде 10% - ға және 2020 жылға қарай 25% - ға төмендету
бойынша міндеттер қойылған. Сондай - ақ 2013 жылғы 26 қаңтарда Үкіметтің
кеңейтілген отырысында энергия тұтынуды 10% - ға жыл сайынғы төмендетуді
қамтамасыз ету және «Энергия үнемдеу 2020» жаңа арнайы бағдарламасын
әзірлеу бойынша міндеттер қойылған. Бұл жүзеге асыру үшін биыл Қазақстанда
электр энергиясын өндіру 86 млрд. киловатт/сағатты құрамақ. Бүгінде еліміздің
энергия жүйесінде 415 мегаватт жаңа энергия қуаттары іске қосылды. Жыл
соңына дейін еліміздегі жиынтық қуаттылық 900 мың мегаватты құрамақ,
еліміздің отын қоймаларында 3, 9 млн. тоннадан астам көмір және 123 мың
тонна мазут дайындалды.
1-ЖЭО Алматы қаласын жылумен қамтамасыз ету аймаққа кіреді және қаланың
орталық бөлігінің тұтынушыларын жылумен қамтамасыздандырады.
АлЭС 1-ЖЭО-ның негізгі
қондырғыларының
құрамы
және
оның
сипаттамалары төменде келтірілген:
-Р-25/90-18 типті №8 ст. шығырлық агрегат 1960ж орнатылған. 1996ж
шығыр қақпақшасын, цилиндрін және бу жіберуші құбырын ауыстырған;
-Мазут және газбен жұмыс істеу үшін арналған су қыздырғыш қазандар;
-Қазандық жылу өңдірулігі: мазутпен жұмыс істегенде -75 Гкал/сағ, газбен
жұмыс істегенде -100 Гкал/сағ.
1-ЖЭО жұмыс істеу тәртібі - жыл бойы жылулық сызбақ бойынша жұмыс
істейді. Жылу желісінің ыстықтық сызбағы - 150/70˚С. Ыстық сумен
қамтамасыздандыру жүйесі-ашық.
АлЭС 1-ЖЭО 1935ж пайдалануға берілді. Станса дамуы бірнеше кезекте жүзеге
асырылды.
ЖЭО-ның жылулық және электрлік қуатының шектелуі келесілермен
анықталады:
• Атмосфераға зиянды заттардың шығуын төмендету талабына байланысты
бу және су жылытқыш қазандардың өндіруліктерін шектеу;
• Шығырға көрсетілген ( номиналды ) бу шығысын қамтамасыздандыру
үшін бу қазандардың жеткіліксіз өнімділігімен анықталады.
1932ж ЖЭО құрылысы үшін ауданша қаладан тыс жерде орналасқан
болатын. Дәл қазіргі уақытта станса қала орталығында болып қалды және оның
пайдалануы қаланың экологиялық ақуалына қатты ықпал етеді. Негізгі
мәселелер атмосфералық ауданы ластау, күлқож шығару қалдықтарының
таралуы, өндірістік қалдық сулардың тасталуы болып табылады.
АлЭС 1- ЖЭО үш түрлі отынды пайдаланады: табиғи газ, мазут және
Қарағанды көмірінің байыту қалдығы.
Дипломдық жобадағы экономикалық бөлігінде ЖЭО-ның БКЗ-160-100
қазандықтарының жаңғыртуға дейінгі және жаңғыртудан кейінгі өзіндік құны
қарастырылды. Өмір тіршілік қауіпсіздік бөлімінде ЖЭО-да және тұрмыстық
жағдайларға байланысты өрт қауіпсіздігі қарастырылды.
Негізгі бөлімде БКЗ-160-100 қазандығының қатты отындағы мәләметтері
және есептемесі көрсетілген. Қазандықты жаңғырту барысында БКЗ-160-100
қазандығына газды оттық
орнатылды. Қатты отын түрі
табиғи газга
алмастырылып, есептеулері қарастырылмақ.
I Тарау. Алматы ЖЭО-1 жылулық есептеу
1. 1 АлЭС 1- ЖЭО ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ
АлЭС 1-ЖЭО ең үлкен орталықтандырылған Алматы қаласының жылуын
қамтамасыздандыратын аймаққа кіреді және қаланың орталық бөлігінің
тұтынушыларын жылумен қамтамасыздандырады. 1-ЖЭО қуатының күйі
бойынша 01. 01. 2009 ж. келесідей көрсеткіштерді құрайды.
1. 1 Кесте -ЖЭО қуатының көрсеткіштері
Жайғасулық
110/48
913, 2
941
(қыста/жазда)
ЖЭС-ғы ыстық судың жылулық жүктемесі - 887 Гкал/сағ құрайды,
сонымен қатар ыстық сумен қамтамасыздандыру -136 Гкал/сағ; бу шығыны -
102/176 т/сағ; ал ішкі тұтынушыларға - 1, 6 МПа.
АлЭС 1-ЖЭО-ң негізгі қондырғыларының құрамы және оның
сипаттамалары төменде келтірілген:
- Р-25/90-18 типті № 8 ст. шығырлық агрегат 1960 ж орнатылған. 1996 ж
шығырдың қақпақшаны, цилиндрді және бу жіберуші құбырды ауыстырылды;
- Мазут және газбен жұмыс істеу үшін арналған су жылытқыш қазандар.
- Жұмыстың қазандық жылу өнімділігі: мазутпен жұмыс істеген кезде -
75Гкал/сағ, газбен жұмыс істеген кезде - 100 Гкал/сағ.
1-ЖЭО жұмыс істеу тәртібі - жыл ішінде жылулық сызбақ бойынша
жұмыс істейді. Жылу торабының ыстықтық сызбағы -150/700С. Ыстық сумен
қамтамасыздандыру жүйесі - ашық.
АлЭС 1-ЖЭО 1935ж пайдалануға қосылды. Станция дамуы бірнеше
кезекте жүзеге асырылды.
Бас тұрқысында орта қысымды негізгі қондырғы орналастырылды, ары
қарай дамығанда - жоғары қысымды. Дәл осы уақытта бірінші екі кезектердің
қондырғылары, яғни №1-7 қазанда, №1-7 шығырлар, бөлшектенген.
Қазандық цех ғимараты, онда №1-6 қазандары орналасқан, алынып
тасталған, машиналық зал ғимараты жөндеу мақсаты үшін және қоймалық
бөлме ретінде пайдаланылады. Сондықтан, пайдалануда алты №8-13 ст. жоғары
қысымды қазандар, №8-10ст. шығырлар. №7 бөлшектенген шығырдың
шықтағышы №8-10 шығырдың май суытқыштың суытылған суы үшін жылу
алмастыру ретінде пайдаланылады.
№1-7 су жылытқыш қазан бөлек су жылытқыштық қазандық ғимаратта
орналастырылады.
ЖЭО-ң жылулық және электрлік қуатының шектелуі келесілермен
анықталады:
• Атмосфераға зиянды заттардың түсуін төмендетуі бойынша
талабымен байланысты бу және су жылытқыш қазандардың өнімдерін еріксіз
шектеумен;
•
Мазутты төмендету кезіндегі су жылытқыш қазандардың
өнімділігін шектеумен;
• Шығырға номиналды бу шығынын қамтамасыздандыру үшін бу
қазандардың жеткіліксіз өнімділігімен.
1932ж ЖЭО құрылысы үшін ауданша қаладан тысжерде орналасқан
болатын. Дәл қазіргі уақытта станция қала орталығында болып қалды және
оның пайдалануы қаланың экологиялық ақуалына қатты әсер көрсетеді. Негізгі
мәселелер атмосфералық ауаның ластау, күл қож шығару қалдықтарының
таралуы, өндірістік қалдық сулардың тасталуы болып табылады.
АлЭС 1-ЖЭО үш түрлі отынды пайдаланады: табиғи газ, мазут және
энергетикалық, Қарағандылық көмір шоғырмасы.
Энергетикалық қазандарда көмір жағылады, су жылытқыштарда - мазут.
Су жылытқыш қазандарда күз-көктемді кезеңдерде және жазда
энергетикалықта маусымды артық газды жағады.
Көмір станцияға темір жол арқылы келеді, оның түсірілуі вагон
аударғышта жүзеге асады.
Қыстық кезеңде қатып қалған отын келген кезде, көмір барлық вагондар
жібіту қондырғыларынан өтеді.
Көмірдің ашық қоймасында 25 т көмірді сақтау үшін есептелінген.
Штабелде көмірді ауыстыру жылына бір реттен аз болмайды, қоймада көмірді
сақтау нормасының талаптарына сәйкес.
Мазут Қазақстанның мұнай өндіруші зауыттарынан цистерналарға келіп
түседі. Мазут қоймасы екі 2х1000 м3 сақтау қоймасы және екі 2х2000 м3
шығындық қоймадан тұрады.
Газдық отын газ құбыры бойынша газ таратушы пунктіне келіп түседі
және содан кейін энергетикалық су жылытқыш қазандарға әкелінеді.
1-ЖЭО-ң көлденең байланыстарына сәйкес бу, қоректік су, шық бойынша
жылулық болады.
Бастапқы сумен қазандарды және жылу желілерін толықтыру үшін
талғарлық сутасуының суын пайдаланылады. Ауыз су сапалық өнделмеген су
екі диаметрлері 1000мм сутасулармен келіп түседі және жоғарлатылған
сорғылармен №7, 9, 10 шығырлардың электр жинағыштарын суытуына келіп
түседі. Жылытылған өнделмеген су химиялық су тазартуға келіп түседі.
Қазандардың қоректік су химиялық суды таазртудан кейін атмосфералық
деаэраторларға бағытталады және №9, 10 шығырларды жанғырту жүйесіне
сорып алғыш сорғылармен теріледі, қоректік судың қыздырылуы
шығырлардың жоғары қысымды қыздырғыштарды іске асады.
Жылу желіден қоректік судың деаэрациясы вакуумды деаэраторларға
өңделеді.
Жылу желідегі қоректік су қоры 2х5000 м3 аккумуляторлық күбілерде
қамтамасыздандырылады.
Желілік судың қыздырылуы негізгі және шындық қыздырғыштарда және
су жылытқыш қазандарда тізбектеліп өнделеді.
Желілік суды жіберу сүлбесі екі сатылы. Екінші көтеруден желілік
сорғысы су жылытқыш қазандар алдында орналастырылады.
1-ЖЭО-да ыстық судың жылуын жіберуі алты екі құбырлық бас жолдары
арқылы жүзеге асады.
Технологиялық қажеттілікке 1, 3 МПа Буды пайдаланушы кәсіп орын,
оны төрт бу құбырлары бойынша №9, 10 ст. шығырлық өндірістік алуынан №8
ст қарсы қысым шығырынан және қысым және температура шегергіш
қондырғы (РОУ) арқылы №7 ст. бу қазандарынан алынады.
Күл қожды шығару жүйесі - айналымдық сұйықағулық.
Энергетикалық қазандардан түтін газдар биіктіктігі 80м және 4, 3м - өрнеу
диаметрлі екі түтіндік құбырлар және 45м биіктікті бір металдық құбыр арқылы
шығарылады.
Түтін газдары атмосфераға түсер алдында дымқыл күл ұстағыштарда
күлден тазартылады.
Су жылытқыш қазандардан түтін газдарын биіктігі 80 м және өрнеу
диаметрі - 4, 3м екі түтіндік құбырлар арқылы шығарылады.
Бас тұрқыны негізгі қондырылғылармен басқару деаэраторлық
этажеркада 8м белбеуде орналасқан топтық қалқандармен жүзеге асады.
Қазіргі бас тұрқы 50-ші, 60-шы, 70-ші жылдардың басында, станцияны
кеңейткен кезде құрылған.
Қаңқа ғимараты - металлдық, қабырғалық шектеулер - темір бетондық
тақта алымынан.
Бас тұрқынын өткіні келесідей:
- Шығырлық бөлім - 27м;
- Деаэраторлық бөлім -8, 5 м;
- Қазандық бөлім 25м;
- Шанақтық бөлім - 8, 5 м;
- Бағандар адымы - 6 м;
-Қаңқа-металдық;
- Қызмет көрсетуді бағалау -8м;
Машиналық бөлімде жүк көтергіштігі 100/20 т мосттық кран орналасқан.
Қазандық бөлімде жүк көтергіштігі 5т электрлік кран - балкалар
орналасқан. ЖЭО-ң электрік қуаты жылулық тәртіпте 110 МВт. жаздық.
1. 2 1-АЖЭО негізгі қондырылғылары және цехтардың қысқаша
сипаттамасы
Алматылық 1-ЖЭО-да төрт негізгі цехтар жұмыс істейді: отын
тасымалдаушы цех, қазандық цех, шығырлық цех және электрлік цех. Бұлардан
басқа да қосымша екі цех жұмыс істейді: химиялық су тазалау цехі және ТАСС
цехі.
1. 3 Отын тасымалдаушы цех
1-ші ЖЭО-ға қатты және сұйық отынды жеткізу алматылық темір жол
арқылы жүзеге асады.
ОТЦ териториясында қатты және сұйық отын қоймасы орналасқан.
Сұйық отын астына төрт сиымдылық бөлінген. Екеуі 1000тонналық, екеуі 2000
тонналық - ол шығырдың сиымдылығы.
ОТЦ-да отынды жағуға дайындау және өңдеуі жүзеге асады. Қатты
отындар диірмендерде тозан күйіне дейін үнтақталады және тасығыш арқылы
шанаққа бағытталады.
Электрлік және су жылытқыш газдарды негізгі отын ретінде, табиғи
газды жағуға ауыстырған кезде, энергетикалық қазандар үшін - қосалқы отын
ретінде көмірді және су жылытқыш қазандар үшін - мазуты сақтауды
қарастырылады.
Дәл қазіргі кезде Орта Азиядан ДУ500 газ құбырының бас жолы арқылы
Алматы қаласына келіп түсетін артық табиғи газ АлЭС 1-ЖЭО -да, көбінесе
жаздық тәртіпте жағылады. Ішкі газ құбырлардың бар жүйесі жұмыс кезінде
жазғы тәртіпте қажетті газ көлемін беруді қамтамасыздандырады.
Табиғи газды негізгі отын ретінде пайдалану қажет етеді:
Құрылыстарды бітіру есебінен және пайдалануға екінші ДУ1000 газ
құбырының бас жолын енгізу есебінен қалаға газ құбырдың бас жолы арқылы
газды жіберуін өсіреді;
Жаңа газ құбырлардың енгізумен электр станцияның ішкі газбен
қамтамасыздандыру жүйесін жаңғырту.
Бас жол газ құбырларды пайдаланумен, сонымен қатар екінші жолдың
аяталмаған құрылысы мен Интергаз Центральная Азия (ИЦА) компаниясы
айналысады.
1. 4 ЖЭО-ң жылумен қамтамасыздандыру жүйесі
Дәл осы уақытта АлЭС 1 - ЖЭО да энергетикалық Қарағандылық көмір
шоғырмасы келесі орташаланған сипаттамалармен жағылады:
- Жылу өлшем бірлігі - 5446 Ккал/кг
-күлділік - 22, 43%
- ылғалдылық - 9, 14%
Қатты отынды жағу БКЗ-160-100Ф қазандарында жүзеге асады.
Энергетикалық шоғырмамен бірге станцияға ҚР басқа бассейндар
көмірлері реттік өндірістік өнім келіп түседі.
БКЗ-160-100Ф үшін сағаттық отын шығыны 20, 3 т/сағ құрайды.
Жазғы кезеңде энергетикалық қазанда артық табиғи газ жағылады,
жылытулық 1-ЖЭО үшін газ бөлінбейді.
7 х ПТВМ-100 су жылытқыш қазандарда негізгі отын ретінде мазут,
сонымен қатар артық табиғи газ жағылады.
Отындағы 1-ЖЭО есептік қажеттілік, энергетикалық және су жылытқыш
қазандарды газбен жұмыс істеу шарттары кезінде, қыста 184300 нм3/сағ; жазда
- 3-4 нм3 /сағ құрайды.
Сурет -1. 1. БКЗ-160-100 қазандығы
1. 5 Мазут шаруашылығы
Алматылық 1-ЖЭО-ң мазут шаруашылығы үш жолдық ағызулық темір
жолдық эстакадалардан тұрады, ол бір уақытта 18-60 кубтық цистерналарды
түсіру үшін арналған; жерасты темір бетондық қабылдаушы сиымдылықтан;
мазут сақтаушы, 1 м3 сиымдылықты 2 металдық қоймалар, сорып алушы
сорғысымен, сыртқы сорғылармен қондырылған; мазут сорғылық және 2000 м3
сиымдылықты 2 шығындық мазут қоймасы.
1. 6 Газ тәрізді отын шаруашылығы
Газбен қамтамасыздандыру 400мм диаметрлі құбырлар бойынша 0, 3 -
0, 4МПа қысымымен 1-ГРС тан және құбыр диаметрі 700мм, 0, 3МПа
қысымымен Гульдер ГРП арқылы 2-ГРС тан қамтамасыздандырылады. 1-ЖЭО
газбен қамтамасыздандыру сүлбесі тұйық. ЖЭО ауданшасында барлық газ
шаруашылығының элементтері барлық жұмысшы қазандармен; энергетикалық
және су жылытқыш максималды газ шығынына есептелінген.
1-ЖЭО-ң ауданшасында газбен қамтамасыздандыру жүйесі келесі
түйіндерден тұрады.
![]()
- 1-ГРС мен 2-ГРС тан әкелінетін газ құбырлары;
- Газ реттегіш пункт
- ішкі ауданшалық газ құбырлары (орташа қысымды) ;
- Энергетикалық және су жылытқыш қазандардың газ құбырларымен
1. 7 Қазандық цех
ОТЦ-тан кейін отын қазандық цехқа әкелінеді, осында жанады.
1-АЖЭО қазандық цехте БКЗ-160-100Ф бу қазандары орналасқан, БКЗ-160-
100Ф қазандары тек электр энергияны өндіру құбылысында жұмыс істейді.
Аталып өткен қазандардан басқа ҚЦ-та №1-7 ПТВМ-100 су жылытқыш
қазандары орналасқан, олар 1500С ыстықтықта жұмыс істейді және 80 Гкал
жүктемені орнатады.
Бірінші су жылытқыш қазандар; №1-7
ПТВМ-100 қазандары 1-ЖЭО-да қаздыру бетінің жұмысының
сенімділігінің көбейту және жылу өнімділігін номиналға дейін үлкейту
мақсатында орнатылды, олар ЭСКБ-БТИ өңделген жобасы бойынша
жаңғыртуды өтті. Соған байланысты қалқаның шет және артқы жағы
орналасқан оттықтың ағынды бөлігі зауыттық құрылмасынан айырмашылығы
бар.
1- жылу өнімділік (Гкал/сағ)
2 - ошақ құттысының көлемі (м3) - 275, 3
3- ағымдық бөліктің беті (м2) - 2743
4- қазандар осі бойынша өлшемдер (мм) ені - 6900, тереңдігі - 6900,
биіктігі 14450;
5- қалқан құбырларының диаметрі - 6х3
6 -құбырлар арасындағы адым - 64
7- ағымдық бөліктік құбыр диаметрі (мм) - 38х3
8- адымдар: көлденең (мм) - 110 және бойлық - 60 мм
9- сулық көлемі - 30 м3
10- екі жүрістік сүлбе бойынша номиналды су шығыны - 2400 м3/сағ
11- минималды су шығыны - 1500м3/сағ
12 - жайғасулық жүктеме 80Гкал - Т =150 болған кездегі
№8-13 бу бкз-160-100 бу қазандары Барнаул қазандық зауытында
дайындалған. Қазан қуаты 160 т/сағ, жұмыстық қысым - 100 атм, жұмысшы
ыстықтық -540.
1. 8 Шығырлық цех
ҚЦ өндірілетін бу шығырлық цехқа келеді. Цехта №8 Р-25 және №10 ПТ-
60-90/13 шығырлар орналасқан. Қуаты 60МВт шығыр қысымы 90атм кезінде
және өндірістік алу 13атм кезінде жұмыс істейді. Шығыр шығырлық цехтарда
орналасқан өндіргіштермен қосылған. Цехта №8 ТВФ-30 және 10 - ТВФ-60
өндіргіштер жұмыс істейді.
Шығырлар:
№8 - Р - 25
№9, №10 -ПТ - 60-90/13 бу шығыры екі цилиндрлік бір валды агрегат
болады.
1.
2.
3.
4.
5.
6.
7.
8.
9.
номиналды қуат - 6 кВт
бір минуттағы айналу саны - 3000
ст. кл. алдында жаңа бу t - 535
шықтағыштағы қысым - 0, 035 атм.
суытылған су температурасы - 20
шығыр арқылы мах бу щығыны - 402 т/сағ
шықтағышқа мах бу өтуі - 170 т/сағ
Реттелген өндірістік алудың бу қысымы - 18 атм
жылуландыру алудың бу қысымы - 2, 5 атм
1. 9 Электрлік цех
Шығырлық цехта өңделген энергия ЭЦ барады, онда олар жиналады және
түрлендіріледі және тұтынушыларға жіберіледі.
Өндіргіштер:
№8-ТВФ-30 номиналды жүктемесі - 30
№9, №10 - ТВФ - 60 №9-10
Қуат кВт
Қуат кВт
6
75000
7
82400
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz