Ақтөбе жылу электр орталығын қалпына


Аңдатпа
Осы диплом жұмысында Ақтөбе жылу электр орталығын қалпына
келтіру бойынша ұсыныс келтірілген, яғни Р-14-29 турбинасын ПТ-29/35
турбинасына ауыстыру.
Қарастыруға ұсынып отырылған жоба
шығарылатын электр қуатын 15 МВт -қа үлкейтуге мүмкіндік береді.
Дипломдық
жобаның
түсініктеме парақтарында
қалпына
келтірілгеннен
кейінгі Ақтөбе жылу электр орталығының жылу
сұлбаларының есептелуі, ПТ-29/35-3, 0-1, 0 турбина регенерациясының
есебі, сонымен қатар экономикалық және өміртіршілік қауіпсіздігі
бөлімдері бойынша мәселелер қарастырылған.
Аннотация
В настоящем дипломном проекте представлены рекомендации по
реконструкции Актобе ТЭЦ, то есть замена турбины Р-14-30 на ПТ-29/35-
3, 0-1, 0. Предлагаемый к рассмотрению проект позволит увеличить
установленную электрическую мощность станции на 15 МВт.
В пояснительной записке дипломного проекта имеется расчет
тепловой схемы Актобе ТЭЦ после реконструкции, расчёт регенерации
турбины ПТ-29/35, а также расмотрены вопросы экономической части и
безопасности жизнедеятельности.
Аnnotation
This capstone project provides recommendations for reconstruction Aktobe
CHP, ie replacement turbine R-14-30 PT-29/35-3, 0-1, 0. Proposed to consider the
project will increase the installed electrical capacity by 15 MW.
In the explanatory memorandum of the graduation project has thermal
calculation scheme Aktobe CHP after reconstruction, regeneration turbine PT-
29/35 payment and examined questions of economic units and safety.
Мазмұны
Кіріспе
1. Негізгі бөлім
1. 1. Теориялық бөлім
1. 1. 1. Қысқаша тарихи түсініктеме
1. 1. 2. Сызбалық жоспар
1. 1. 3. Технологиялық құбылыстың қысқаша сипаттамасы
1. 1. 4. «Ақтөбе ЖЭО» АҚ қысқаша сипаттамасы
1. 1. 5. Ыстық сумен қамдау сорғысы
1. 1. 6. Мазут шаруашылығы
1. 1. 7. Химиялық цех
1. 2. Есептік бөлім
1. 2. 1. ЖЭО-ның жылулық сұлбасын есептеу мен құрастыру
1. 2. 2. ПТ-29/35-3, 0-1, 0 шығыр қондырғысының жаңғырту жүйесін
есептеу
1. 2. 3. Жылулық сұлбаның есептелуі
1. 2. 4. Энергетикалық баланс
2. Өміртіршілік қауіпсіздігі
2. 1. Шығыр цехындағы шу көздері
2. 2. Шуды төмендету шаралары
2. 3. Шығарындыларды есептеу
2. 3. 1. Ауадағы зиянды қалдықтардың таралуын есептеу
2. 3. 2. Санитарлы-қорғаныс аймағының класын таңдау
3. Экономикалық бөлім
3. 1. Экономикалық көрсеткіштер
3. 2. Жаңартуға дейінгі кәсіпорынның өзіндік құнын есептеу
3. 2. 1. Энергияның жылдық жіберуі
3. 2. 2. Отын шығысын есептеу
3. 2. 3. Жалақыны есептеу
3. 2. 4. Кәсіпорынның шығысы
3. 3. Жаңартудан кейінгі кәсіпорынның өзіндік құнын есептеу
3. 3. 1. Энергияның жылдық жіберуі
3. 3. 2. Отын шығысын есептеу
3. 3. 3. Жалақыны есептеу
3. 3. 4. Кәсіпорынның шығысы
3. 4. Инвестицияның өтелу мерзімін PP есептеу
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
А қосымшасы
Ә қосымшасы
Б қосымшасы
В қосымшасы
Қысқартулар тізімі
Кіріспе
7
8
8
8
9
10
15
18
18
19
20
20
24
26
29
36
36
38
39
39
43
46
46
46
46
46
48
49
50
50
50
50
52
52
54
55
56
57
58
59
60
Қазіргі уақытта энергетика саласы Қазақстанда қарқынды дамып
келеді. Өндіріс орындарының және қала тұрғындарының жыл санап
өсуіне байланысты энергия тапшылығы байқалуда. Осы мәселені шешу
мақсатында көптеген іс-шаралар ұйымдастырылу үстінде. Ол үшін
стансаларда жаңарту жұмыстарын жүргізу қолға алынды. Жаңарту
барысында жаңадан қондырғылар орнату көзделді.
Дипломдық жобада Ақтөбе қаласындағы ЖЭО-ның жаңарту
жұмысы жайлы сөз қозғамақшымын. Демек, жаңарту кезінде №3 Р-14-
29\10 типті шығыр қондырғыны ПТ-29/35-3, 0/1, 0 типті шығыр
қондырғыға ауыстыру жүзеге асады. Осы жоба негізінде электр қуатын
10-15 МВт-қа көтеру көзделді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - жаңартудан кейінгі ЖЭО-ның
экономикалық есептеулерін жаңартуға дейінгі көрсеткіштермен
салыстырып, тиімді нәтижеге қол жеткізу.
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде шығыр цехындағы шу көздері
мен оның алдын-алу шараларын сөз етемін. Сонымен қатар отын жаққан
кездегі ауаға тасталатын зиянды заттардың мөлшерін есептейміз. Және де
санитарлы-қорғаныс аймағына таңдау жасаймын.
Экономикалық бөлімде ЖЭО жаңартуға қажет қаражат көлемін
анықтап, шығындарды есептейміз. Ол үшін оңтайлы әдістерді
қарастырамыз. Есептеу барысында инвестицияның өтелу мерзімі белгілі
болады.
1. Негізгі бөлім
1. 1. Теориялық бөлім
1. 1. 1.
Қысқаша тарихи түсініктеме
Қазіргі кезде Қазақстан өндірісінің дамуының негізгі бағыттары
энергетика саласының өркендеуіне міндетті талап қояды. Батыс
аймағында электр тұтыну мен электрлік жүктемелерді 2030 жылға дейінгі
кезеңіне болжамы бойынша электр тұтыну 22, 0 млрд. кВт∙сағ дейін өседі.
Ең жоғары электрлік жүктеме 3400 МВт құрайды. Ал 2006 жылы ең
жоғары жүктеме 1100 МВт құраған. Ақтөбе, Атырау, Батыс - Қазақстан
мен Маңғыстау облысы кіретін Батыс аймағының
энергошаруашылығында Ресеймен электрлік байланысы бар. Маңғыстау,
Атырау мен Батыс - Қазақстан облыстары жалпы электрлік байланысымен
біріккен, ал Ақтөбе облысының энергошаруашылығы оқшауланып
жұмыс істейді.
Ақтөбе облысында 2030 жылға дейін электр тұтыну 2 есе, яғни 6
млрд. кВт∙сағ-қа өседі. 2006 жылы ең жоғары жүктеме 430 МВт құраған.
Қазақстанда қазіргі салада көбінесе ЖЭС-тер салыну мәселесi
көтерiледi. Қазақстан жері табиғи отын жағынан бай:көмір, мұнай, газ.
Сондықтан отын көздерiне жақын жерде жылу электр станциялар
орнатуға болады. Газ шығатын көздерден газды құбыр арқылы керектi
жерге апаруға болады. Бұл бу-газ қондырғылы электр станция орнатуға
мүмкіндіктер туғызады. Бу-газ қондырғылары өте тиiмдi, айналадағы
ортаға зиянсыз болады және қуатын азайтып көбейтуге қолайлы. Көмiр
көздерi жанында қуаты мол қондырғылы электр станциялар орнатқан
дұрыс.
Ақтөбе ЖЭО-ның құрылысы 1941 жылдың басында басталды.
Кәсіпорын Бершоғыр көмірімен жұмыс жасап, Ақтөбе Ферроқорытпа
Зауытын электр және жылу энергиясымен қамтамасыз ету керек болған.
Қондырғылар негізінен Харьков трактор зауытынан, Киев қаласындағы
ГРЭС-2 және Ленинград электр станциясынан әкелінген.
1943 жылдың 18 қаңтарында станция алғашқы өндірістік тоқ берді,
ал 20 қаңтарда Ақтөбе Ферроқорытпа Зауытының қорытпасы алынды.
Жеңіс Күніне қарай ЖЭО-ның қуаты 50 МВт болған.
1960 жылдың желтоқсанында ЖЭО цех ретінде АФЗ балансынан
қайта құрылған Энергетикалық басқару балансына көшіріліп, оның
құрамында 1996 жылдың қыркүйегіне дейін жұмыс жасады. Станцияда
қуаты 100 МВт құрайтын 7 бу қазандары мен 4 шығыр қондырғысы бар.
1962 мен 1966 жылдар аралығында станцияда жұмыстық қысымы 90
ата мен электрлік қуаты 50 МВт 4 бу қазаны мен 2 шығыр қондырғысы
пайдалануға берілді.
ЖЭО-ның энергетикалық қондырғылары жаңғыртусыз 1987 жылға
дейін жұмыс жасады, сол кезде өз ресурсын бітірген №6 шығыр
қондырғыны жаңасына ауыстырды.
1991-1992 жылдары №1 және 2 шығыр қондырғылары жаңасына
ауыстырылды, ал 1994 жылы №5 және №4 шығыр қондырғылары
жаңғыртылды. Мұның бәрі ЖЭО-ның қуатының 73 МВт-қа дейін
төмендеуіне алып келді.
Өнеркәсіптер пен Ақтөбе қаласы тұрғындарын энергиямен
қамтамасыз ету сенімділігін көтеру үшін ЖЭО-ның жылулық және
электрлік энергиясын қосымша көтеру қажет болған.
Сондықтан қазіргі уақытта ЖЭО-дағы №3 Р-14-29\10 типті шығыр
қондырғыны ПТ-29/35-3, 0/1, 0 типті шығыр қондырғыға ауыстыру
негізінде қосалқы қондырғылардың тиімділігін көтеру үшін арнайы
сұрақтар қарастырылуда.
1. 1. 2. Сызбалық жоспар
Жылу электр орталығы (ЖЭО) - тұтынушыларға бір мезгілде электр
энергиясы мен жылуды бу және ыстық су түрінде бірге өндіріп беретін бу
(газ) турбиналы электр стансасы. ЖЭО беретін жылу қызған бу немесе
ыстық су түрінде таратылады. Энергетикалық бу қазандарында (жану
камераларында) өндірілген тиісті параметрлі бу (газ) турбинаны және
онымен бір білікте орнатылған электр генераторын айналдырады.
Турбиналарда жұмыс істеп шыққан будың қалдық қызуының едәуір бөлігі
кәсіпорындардың технолологиялық процестерін бумен жабдықтауға және
ыстық сумен үйлерді жылыту жүйелеріне жұмсалады (қ. Жылумен
қамтамасыз ету) . Қазандық және турбиналық жабдықтары құрамына
қарай ЖЭО- лар бу турбиналы (бу- күш қондырғылы) ЖЭО, газ турбиналы
(газ турбиналы қондырғылы) ЖЭО, бу - газ турбиналы (бу- газ турбиналы
қондырғылы) ЖЭО және атомдық ЖЭО болып ажыратылады. Соңғы
уақытқа дейін Қазақстанда бу - күш қондырғылары кең таралған. Бу
турбиналы ЖЭО - лар агрегаттарының бірлік және жалпы қуаты бойынша
төменгі қуатты (25 МВт - қа дейін), орташа қуатты (50 - 100 МВт), жоғары
қуатты (200 МВт - тан артық), ал турбинаға келіп түсетін будың бастапқы
параметрлеріне қарай төмен қысымды (4 МПа - ға дейін), орташа қысымды
(13 МПа - ға дейін) және аса жоғары қысымды (25, 5 МПа -ға дейін) болып
бөлінеді. Қазіргі кезеңде бу - газ турбиналы қондырғылар тиімді болып
отыр. Бұларда газ турбинасында жұмыс істеп шыққан ыстық газ қайта
өңдеуші арнаулы қазанға беріледі де, ондағы су бу турбинасын жұмыс
істетуге жеткілікті параметрлі буға айналдырылады (қажет болса, қазанда
қосымша от жағылады), әрі қарай цикл бу - күш қондырғыларындағыдай
жүреді. ЖЭО- ларда электр және жылу энергиясын бірге өндіру
жағылатын отынды тиімді пайдалануға (отынды үнемдеу 30% - ке дейін
жетеді), электр станцияларының пайдалы әсер коэф - тін жоғарылатуға
және электр энергиясының өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Қазақстанның ірі өндіріс орындары мен елді мекендерінің көпшілігі ЖЭО
жылуымен қамтамасыз етіледі. Қазақстандағы ЖЭО -лар сағатына
шамамен 45000 т - дан көп бу өндіре алады, олардың жалпы қуаты 5694
МВт- қа жетіп отыр.
Ақтөбе ЖЭО ферроқорытпа зауытына үздіксіз жалғанған және
қаланың солтүстік-шығысындағы бір аралық аудандық аумақты алып
жатқан өндірістік аймақта орналасқан.
Өндірістік аймақтың ауданы - 41, 5 га.
Жылулық тораптарды су қамдау көздерімен қоректендіруге АФЗ-на
қатысты « Ақбұлақ » ААҚ -на қатысты қалалық су құбырына, ал
қазандарды қоректендіруге Илек беттік су жинағышынан алады.
Жіңішке бекетінен ЖЭО аймағына тек қана бір темір жол шығуы
қарастырылған.
Қазіргі кезде ЖЭО-ның қуаты 102 МВт электрлік және 1239
Гкал\сағ жылулық энергияны құрайды.
ПТ - 29/35-2, 9/1, 0 шығыр қондырғысының орнатылуы келесіні еске
асырады:
ЖЭО-ның электрлік қуатының 10-15 МВт-қа көтерілуі;
Жылыту маусымындағы жылу тұтынушыларға қажет электр
энергиясының өндірілуінің жоғарылауы, жаз мезгілінде шықтық
режимдегі электр энергиясын қосымша өндіруі;
Ақтөбе ЖЭО-ын жаңартудың басты мақсаты Ақтөбе қаласы мен
облысындағы электр энергиясының тапшылығын жою болып табылады.
Жаңа шығыр қондырғысын іске қосу қалыптасқан технологиялық
сұлба бойынша жүзеге асады. Бірақ қондырғыны тиімді пайдалану үшін
қосалқы жабдықтарға байланысты кейбір мәселелерді қарастыру керек.
Жоба негізінен инвестиция алынғаннан кейін 18 айдың ішінде іске
асуы тиіс. Жоба кезінде құрылыс жұмыстарына қосымша қаражат қажет
етпейді.
Жоспарды орындау кезінде орнатылған қуатты 131 МВт-қа дейін
көтерумен қатар оның техника-экономикалық көрсеткіштерін жақсартады
және де өнімнің өзіндік құнын азайтады.
ПТ-29/35-2, 9/1, 0 бу шығыры бір цилиндрлі, екі қадағаланатын алымы бар
шықтық болып келеді.
1. 1. 3. Технологиялық құбылыстың қысқаша сипаттамасы
Қазақстан Республикасының мұнай-газ кешенінің газ секторы
мемлекет экономикасының ең негізгі бір құраушысы болып табылады.
Қазақстан үшін ең көп дамыған энерготасығыштар болып газ табылады.
Газдың бағалы қоры 3, 3 трлн. м3 құрайды, ал потенциалды ресурстары 6-8
трлн. м3 дейін жетеді. Республикада газдың барланған қорының ерекшелігі
болып, әсіресе, өңделген ірі кен орындарында газ табысы мұнай мен шық
табысымен ілесіп жүретіндігі жатады. Сондықтан бұл кен орындарын
белсенді меңгеру мен мұнай табысы көлемінің кенет өсуі соңғы жылдары
табылатын ілеспе газының барлық өсетін көлемін пайдаға асырылуын
айтады. Газдың пайдаға асыру бойынша программаны іске асыру табыс
тепе-теңдігінің тұрақтылығы мен газ ресурстарын пайдалануды
қамтамасыз етеді. Бұл кезде Республика қосымша көп инвестицияны,
жұмыс орнын, табысталатын жабдықтар мен технологияларды,
көмірсутекті ресурстарды рационалды қолдану арқасында мұнайдың
өзіндік бағасы төмен түсуін, елді газбен қамтамасыз етудің қосымша
көздері мен өндірістік кәсіпорындарын, экологиялық жағдайлардың
жақсаруын және т. б. алады.
Соңғы жылдары жылына 6-8% газ табысының орта өсіммен 2007
жылдың қорытындысы бойынша табыс көлемінің өсуі 9, 7% құрады, бұл
1991 жылдың газ табысының дәрежесінен үш есе асып түсті. Табиғи
газдың негізгі табысы Ақтөбе, Атырау, Батыс-Қазақстан, Қызылорда мен
Маңғыстау облыстарында жүргізіледі. Қазақстан Республикасының батыс
облыстарында ілеспе және табиғи газың негізгі қоры орналасуына
байланысты бұл аймақтарда Республиканың басқа облыстарына қарағанда
газ шығару бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп отыр. Сонымен қатар
аймақтарда газ шығару дәрежесі толық көлемде қамтамасыз етілмеген.
Маңғыстау облысында халықтың газ шығару дәрежесі 91%, Батыс-
Қазақстанда - 67%, Ақтөбеде - 58, 3%, Атырау обласында - 56% құрайды.
Оңтүстікте тұрғындардың табиғи газды шығару дәрежесі құрайды:
Жамбыл облысында -24%, Оңтүстік-Қазақстанда -41, 5%, Қызылорда
қаласында - 44, 5%, Алматы облысында - 5, 7%. Еліміздің Оңтүстік
Аймақтарына газдың тұрақты жеткізілуін қамтамасыз ету үшін «Батыс -
Оңтүстік» бағдары бойынша магистральді газқұбырларын салу қажет
етіліп отыр.
2002 жылдың 11 қаңтарында Қазақстан Республикасы Үкіметінің
№25 Қаулысы қабылдаған Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейін
газ саласының даму Концепция жағдайы мен негізгі бағыттарын іске
асыру әсерлігінің мақсатымен 2004 жылдың 18 шілдесінде Қазақстан
Республикасы Үкіметінің №669 Қаулысы бекіткен Қазақстан
Республикасының 2004-2010 ж. ж. газ саласының даму программасы
дамытылды.
Мұнай-газ кешенінен табылатын негізгі газ ілеспелі болып
табылады. Соған байланысты тұтынушылар мен өндірістерге жеткізумен
тауарлы газды өндіру үшін оны газды қайта өңдейтін зауыттарда
жетілдіру керек болады. Қазіргі уақытта республикамызда жылына 12, 3
млрд. м3 газды өңдейтін қуаты бар үш газды қайта өңдеу зауыты (ГҚӨЗ)
жұмыс істейді:
- Қазақ газды қайта өңдеу зауыты (ҚазГҚӨЗ) ;
- Теңіз газды қайта өңдеу зауыты ( Теңіз ГҚӨЗ) ;
- Жаңажол газды қайта өңдеу зауыты (ЖГҚӨЗ) .
Қазақстан Республикасының Үкіметі қолдаған мемлекеттің 2030
жылға дейін даму Стратегиясына сәйкес Қазақстан Республикасының газ
саласы 2015 жылға дейін даму Концепциясында мемлекетте бар газ
ресурстарын пайдаланудың сұрақтарына жүретін сапалы өзгерістер
қарастырылды. Ілеспелі газды пайдаға асыру жағдайын шешумен газды
өңдеу, іске қосу мен шығару сферасы мемлекет экономикасының негізгі
базалық даму салаларының біреуіне айналуы керек.
Сондықтан да Қазақстан Республикасындағы газ саласының даму
программасын жүзеге асыру мақсаты болып табыстың көтерілуі мен
газдың ішкі ресурстарын рационалды қолданудан, сондай-ақ ішкі
нарықтың тұтынуын толық қамтамасыз ету мәселесінде газ-тасымалдау
жүйесінің мүмкіндіктерінен болатын әлеуметтік-экономикалық әсердің
қысқаша көтерілуі табылады.
Газды жеткізу Газлинск және Тюмень кен орнынан Бұхара-Орал газ
құбыры бойынша және Жаңажол кен орнынан Жаңажол-Ақтөбе газ
құбыры арқылы жеткізіледі. Ошақ құтысындағы алау түріндегі
жағылатын газ ошақ құтысының қабырғаларын жабатын қалқандық
құбырларда өз жылуын суға береді. Ошақтық құтыдан шыққан отынның
газ тәрізді жану өнімі қазанның беттік қыздыру беттерін, бу
қыздырғышты, үнемдегішті, ауа қыздырғышты тізбектей жуып өтеді.
1. 1-сурет. ЖЭО газ шаруашылығының сүлбесі
1-газ шапқыш; 2-газ өлшегіш; 3-газ тазалағыш; 4-газ қысымын
реттегіш; 5-апаттан қорғау қақпақшасы; 6-айналып өтетін құбыр; 7-
қазанға баратын газ құбырын жапқыш; 8-оттықтардың алдындағы газ
қысымын реттегіш; 9-газ қысымы өскен кездегі газды ауаға жібергіш
құбыр.
Жаңажол - Қазақстандағы Ақтөбе облысының Темір ауданындағы
газшықты кен орыны. 1978 жылы ашылған. Каспий маңының
мұнайтасымалдаушы әкімшілік-аумақтық бірлігіне қарайды.
![]()
Көмірсутектерінің кені 1, 9-3, 6 км тереңдікте жатыр. Мұнайдың
дебиті 2-ден 281 мың м3/тәу дейін. Газдың дебиті 219 м3/тәу.
Мұнайдың тығыздығы 809-827 кг/м3, тұтқырлығы аз, күкірттілігі
(0, 7-1, 11%), балауыздығы (4, 9-7, 1%) . Силикат-гелді шәйір 4, 23-6, 8%-ды,
асфальтендер 0, 43-1, 78%-ды құрайды.
Газ қалпағы ауыр болып келеді, құрамында этан бар, ондағы ауыр
көмірсутектердің үлесі 18, 5%-ға жетеді, метан 73, 24%-ды құрайды,
күкірттісутек 2, 94%-ды құрайды, азот 1, 93%-ға дейін жетеді.
Тұрақты шық 614 г/м3 құрайды. Оның тығыздығы 770 кг/м3,
құрамында 3, 6%-ға дейін балауыз, 0, 41% күкірт пен 0, 55% силикат-гельді
шәйір бар. Құрамындағы көмірсутегінің мөлшері бойынша шықта
балауызды негіз бар. Балауыз-мұнайлы көмірсутектің жалпы құрамы 86%-
дан артады.
Суытылған түтін газдары түтін сорғыларымен түтін мұржасына
сорылады. Жану құбылысын ұстап тұру үшін ошақтық құтыға үрлегіштің
ауа қыздырғышы арқылы ауа беріледі.
Бу қазанында өндірілген бу құбыры бойынша жоғары қысымды
және жоғары ыстықтықты сулық бу шығырға әкеледі. Шығырда жұмыс
істеп тұрған бу электр өндіргішімен байланысқан шығырдың роторын
айналдырады. Шығырдағы пайдаланылған бу градирниядан айналмалы
сорғылар арқылы бу құбырлары бойынша берілетін шықтағышты сумен
салқындатылады. Шықталынған бу шық сорғылары арқылы
газсыздандырғышқа айдалады. Сонда шықтың шығынын толтырып
отыратын ХСТ беріледі.
Шығырдан шыққан пайдаланылған бу жылыту мақсатында ыстық
су мен жылу қайратын жіберу үшін тораптық су қыздырғыштарында және
жаңғыртулық қыздырғыштарда біртіндеп пайдаланылады.
Пайдаланылған будың бөлімі өндірістік мақсат үшін (жаңғыртулық бу
алу) қолданылады.
Өндіргіштің электр қайраты жоғары кернеулі электр жеткізгіштік
өзгерткіш сызықтары арқылы әкетіледі.
Әкетілетін қайрат көрсеткіштері:
- тораптық қыздырғыштар
- бойлерлардың шықтық сорғылары
- шегергіш қондырғылары
- айдайтын сорғылар
Қазанның номиналды буөндірулігі 1245 т/сағ болатын 9 қазан
жұмыс атқарады.
БКЗ-160-100 қазанының негізгі сипаттамасы:
өндірулігі - 160 т/сағ;
будың номиналды қысымы - 100 кгс/см2;
қызған будың ыстықтығы - 540 0С.
Қазандық цехтың көмекші жабдықтарына келесілер жатады:
- түтінсорғыштар;
- үрлегіштер;
- және басқа да жабдықтар: фосфатты және багерлік сорғылар.
Қазандықтан келген аса қызған бу түріндегі жылулық энергия
шығыр цехындағы 6 шығыр қондырғысы арқылы электр энергиясына
айналады. Уақытылы жөндеулердің арқасында шығыр қондырғысы мен
көмекші жабдықтар қанағаттанарлық жағдайда.
Аймақтың ауа райы континенталды. Жылдың жаздық кезеңі үшін
ауа жоғары ыстықтықты, жаңбырлы болады, ал жаз кезінде - тұрақты
қарлы жабынды, мейлінше тез жылдамдықты желмен және жиі боран
болып тұрады.
ЖЭО-ның жұмысының қағидалық сызбағы: түскен отын қазанда
жанып өзінің жылуын қорек суды қызған буға айналдыруға жібереді. Бу
шығырдың роторын айналдырып электр қайратын өндіреді. Одан кейін ст.
№ 1-4 бөлімі шығырлы қондырғының шықтағышында шықталады, бір
бөлімі 8-13 ата өндірістік бу түрінде тұтынушыларға кетеді. Сонымен
бірге ст. № 1-4 шығырлы қондырғысынан өңделу мүмкіншілігі бойынша
бу өндіріске жіберілуі үшін және тораптық суды қыздыру үшін алынады
және бу ыстық сумен қамдауға және жылыту үшін жіберіледі.
Өндіргіштерден жылу қайраты ЖЭО тіке тұтынушыларына 10, 5
кВт шиналық жүйесі арқылы (мыс; « Казхром » ТНК ААҚ АЗФ, « АЗХС
» ААҚ) немесе 35 және 110 кВт жоғары кернеулі электр өзгерткіш
сызықтары арқылы әкетіледі.
Қазандық қондырғы
-
ыстық су мен бу өндіру үшін
қолданылатын механизмдер мен қондырғылар жиынтығы. Қазандық
қондырғы қазан агрегатынан және қосымша жабдықтардан
( газ және ауа құбырларынан, оттықтан, үрлеу құрылғысынан, т. б. )
тұрады; тұрғын үй, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттардың және
технология тұтынушылардың (өнеркәсіптік мекемелер, т. б. ) жылыту,
желдету, ыстық сумен қамтамасыз ету жүйелерін жылумен жабдықтауда
қолданылады. Шағын қуатты Қазандық қондырғыда қосымша
құрылғылар болмайды, оның есесіне қоректендіргіш арматуралар және
қазанға құйылатын су әзірлейтін жабдықтар болады. Қазан
цехында, ЖЭО- нда әдетте бірнеше Қазандық қондырғылары орнатылады.
Бұл қазандар ортақмагистрал бойынша қоректендіріледі. Буды ауық - ауық
қыздырып тұратын қуатты Қазандық қондырғы қазан - турбина
блогіжүйесін түзеді.
Қуатты қазандық қондырғының орнатылатын
бөлмесінің аумағы бірнеше мың м3, сағатына 4000 т - ға дейін бу өндіре
алады. Қазақстанда 20 ғасырдыңдың ортасында жасалған ПТВМ және КВ -
ГМ (шамамен 117 дана) түріндегі орташа жылу өндіруі 116 МВт (100
Гкал/сағ) дейінгі су ысытқыш қазандар қолданылыста болған. Қазіргі
кезде, тек қана Алматы қаласында
КСГн сериялы пайдалы әсер
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz