Ақшалай құралдардың қозғалысы


7
![]()
8
![]()
9
![]()
10
![]()
Аннотация
В данном дипломном проекте анализированы различные методы
шифрования.
Была разработана база данных для сотрудников АО
«Қазақтелеком»
и для сохранности информации была зашифрована.
Пользователь может получить всю нужную информацию о сотрудниках из базы
данных.
База данных информационной системы разрабатывался в СУБД MS SQL
Server 2008 и клиентское приложение на Visual Studio 2010. Важно отметить
что актуальность создания этой системы заключается в безопасность и
удобстве программы для пользователя.
В дипломном проекте рассмотрены такие вопросы, как разработка
архитектуры информационной системы, структура БД и создание приложения.
В разделе «Безопасность жизнедеятельности» проведен анализ условий
труда, рабочего помещения. На основании полученных данных сделан расчет
системы кондиционирования и искусственного освещения.
В разделе «Технико-экономического обоснования разработки» произведен
расчет полученной экономической выгоды от внедряемой системы
Аңдатпа
Дипломдық жобада
түрлі
шифрлану әдістері
талданған.
АҚ
«Қазақтелеком» компаниясының қызметкерлеріне арналған деректер қоры
құрылды және ақпарат қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін деректер қоры түрлі
тәсілмен шифрланды . Деректер қорынан пайдаланушы барлық қызметкерлер
жайында қажет ақпаратты алуға мүмкіндігі бар.
Ақпараттық жүйенің дерек қоры ДҚБЖ MS SQL Server 2008 және
клиенттік қосымшасы Visual Studio 2010 бағдарламалық құралында жасалған.
Пайдаланушы үшін осы жүйені құрудың өзекті мәселесі ретінде бағдарламаның
қауіпсіздігі мен оңтайлылығын айтып өту өте маңызды.
Дипломдық жобада ақпараттық жүйе архитектурасы, ДҚ құрылымы және
қызметкерлер бағдарламасының қосымшасын жасау мәселелері қарастырылған.
«Тіршілік қауіпсіздігі» бөлімінде еңбек жағдайларына, жұмыс орнына
талдау жасалынды. Жұмыс орнында кондиционерлеу
мен жасанды
жарықтандыру бойынша есептеулер жүргізілді.
«Техника-экономикалық негізделуі» бөлімде енгізілген жүйеге кеткен
шығынды және одан алынған экономикалық пайданы есептеу жүргізілді.
.
11
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 7
1 Автоматтандырылған қызмет көрсету орнының АҚКО тағайындалуы
мен құрылымы . . . 8
1. 1 АҚКО құрылымы . . . 9
1. 2 АҚКО-ға қойылатын жалпы талаптар . . . 10
1. 3 АҚКО-ның жобалау сатылары . . . 11
2 Ақпараттық жүйелер. Дерекқорлар (ДҚ) . Дерекқорларды басқарудың
жүйелері (ДҚБЖ) . . . 12
2. 1 Компьютерлік қауіпсіздіктің негізгі түсінігі . . . 22
2. 2 SQL тілі . . . 24
2. 3 ДҚ шифрлау. Transparent Data Encryption (TDE) . . . 25
3 Дерекқорды жобалау және оны іске асыру . . . 27
3. 1 ДҚ құрудың бастапқы кезеңі . . . 27
3. 1. 1 Қолдану облысы және тағайындалуы . . . 27
3. 1. 2 Дерекқордағы шешілетін мәселелер . . . 27
3. 2 Концептуалды жобалау . . . 27
3. 2. 1 Пайдаланушының талабы . . . 27
3. 2. 2 Техникалық құралдардың параметрлеріне қойылатын талаптар. . 27
3. 2. 3 Дерекқор және қосымшаны жобалау құралдарын таңдаудың
негіздемесі . . . 28
3. 2. 4 ER моделін құру . . . 29
3. 2. 5 Бизнес ережелер . . . 29
3. 2. 6 Реляционды қатынастарды құрастыру . . . 31
3. 3 Логикалық жобалау . . . 32
3. 3. 1 Кестелерді құру . . . 32
3. 3. 2 ДҚ диаграммасы . . . 34
3. 3. 3 Ақпаратты құпияландыру. TDE жүзеге асыру . . . 34
3. 4 Физикалық жобалау . . . 36
3. 4. 1 Көрсетілімдер және процедуралар . . . 36
3. 4. 2 Триггерлер . . . 36
3. 5 Қосымша интерфейсін және оның функционалдығын сипаттау.
Қосымшамен жұмыс істеу . . . 37
4 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 42
4. 1 Инженердің жұмыс жағдайын талдау . . . 42
4. 2 Есептеу бөлімі . . . 45
4. 2. 1 Кондиционерлеу және кондиционерді таңдап, есептеу . . . 45
4. 2. 2 Жарықтандыруды есептеу . . . 49
5 Технико-экономикалық негізделуі . . . 52
5. 1 Жұмысты сипаттау және қажеттілігін негіздеу . . . 52
5. 2 Нарықты саралау және орнын анықтау . . . 52
5. 3 Бағдарламаның SWOT-анализі . . . 53
5. 4 Маркетинг-микс элементі . . . 53
12
5. 5 Бағдарламалық
қамтаманың
өңделуінің
еңбек
өнімділігінің
есептелуі . . . 53
5. 6 Бағдарламаның бағасын есептеу . . . 59
5. 7 Ақшалай құралдардың қозғалысы . . . 62
5. 8 Экономикалық тиімділікті есептеу . . . 62
Қорытынды . . . 65
Әдебиеттер тізімі . . . 66
ҚОСЫМША А . . . 67
ҚОСЫМША Ә . . . 71
13
Кіріспе
Берілген бітіру жұмысында «Қазақтелеком» компаниясының
қызметкерлеріне арналған деректер қорын құрып, шифрлау арқылы ақпарат
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін бағдарлама жобаланды.
Берілген өнімді әзірлеудің мақсаты деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және
тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол
жеткізулік оңтайлығын және жасырындылығын қолдау болып табылады.
Ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың,
өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың,
бұғаттаудың алдын алу үшін бағдарламалық қамтама жасау қазіргі заманда өте
маңызды.
Осы бағдарламалық өнім көмегімен құнды ақпараттардың
қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз.
Дерекқор құру үшін алдымен зерттелетін облыстың талдауы жасалады.
Инфологиялық модель MS SQL Server- жүйесінде жасалады. Қызметкерлердің
дерекқоры MS SQL Server дерекқорларды басқару жүйесінде құрылғаннан
кейін, пайдаланушылардың барлық сұраныстарын қанағаттандыратын
қосымша жобаланады. Бағдарлама MS Visual Studio бағдарламалық
ортасында іске асырылады.
Бағдарлама жасау нәтижесінде, қызметкерлер деректер қорымен жұмыс
жасаудың тиімділігі, жылдамдығы және ыңғайлылығы артады және шифрлану
арқасында ақпараттың қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі.
14
1 Автоматтандырылған
қызмет
көрсету
орнының
(АҚКО)
тағайындамасы мен құрылымы
Автоматтандырылған қызмет көрсету орны (АҚКО) немесе шетел
терминологиясында
«жұмыс станса» (work-station) бұл анықталған
функцияларды автоматтандыру үшін қажетті құралдармен жабдықталған
белгілі бір мамандықтағы қолданушы маманның орны. Мұндай құралдар, керек
жағдайда баска қосалқы электронды құрылғылармен, атап айтқанда, дискілік
жинақтауыштармен, басу құрылғылармен, оптикалық оқитын құрылғылармен
немесе штрих кодасын оқитын, графика құрылғыларымен, басқа АҚКО-мен
және басқа жергілікті есептеу желілерімен т. б. түйіндесетін құрылғылармен
толықтырылатын әдетте дербес компьютер болып табылады.
Таралған ИС концепциясына сәйкес олардың ішінде ақпарат көлемінің
төменнен жоғары қарай берілуі ИС дың ұйымдық иерархияда жоғарыдағы
деңгейлердегі оның қаншалықты кажеттілігіне байланысты болады. Бұл жерде
ақпаратты өңдеу нәтижелерінің басым бөлігі және бастапқы деректер
деңгейлердің жергілікті дерекқорларда (ДБ) сақталған жөн. Осы таралған
басқару идеясын жүзеге асыруда әрбір ИС деңгейі үшін мамандардың
автоматтандырылған жұмыс орындарын құруды талап етті.
АҚКО-ның негізгі арналуы деп жұмыс орындарындағы ақпараттың
орталықтандырылмаған өңдеуді, «өзінің» сәйкес келетін дерекқорларын
қолданумен қатар жергілікті АҚКО-мен ДК желілеріне, ал кейде қуатты ЭЕМ-
лар бар ауқымды есептеу тораптарына ену мүмкіндігімен қолдануды атауға
болады.
АҚКО-да шешілетін мәселелерді шартты түрде ақпараттық және
есептеуіш деп бөлуге болады.
Ақпараттық мәселелерге ақпаратты кодалау, классификациялау (жіктеу),
жинау, құрылымдық ұйымдастыру, түзету, сақтау жатады. Ақпараттық
мәселелер жиі түрде арифметикалық пен мәтіндік сипаттағы және
байланыстағы қарапайым есептеу мен логикалық процедуралардан тұрады.
Ақпараттық мәселелер әдетте күрделі болып табылады және мамандардың
жұмыс уақытының көп бөлігін алады.
Есептеу мәселелер формальдандырылатын және жартылай
формальдандырылатын болады. Формальдандырылатын мәселелер формальды
алгоритм негізінде шешіледі және екі топқа бөлінеді: тура есептеу мәселелер
мен математикалық модельдер негізіндегі мәселелер. Тура есептеу мәселелер
қарапайым алгоритмдер көмегімен шешіледі. Одан күрделі мәселелерді шешу
үшін әртүрлі математикалық модельдерді қолдану талап етіледі. Соңғы кезде
жартылай формальданатын мәселелерді шешуге арналған сематикалық деп
аталатын амалдарды жетілдіруге аса назар аударылады. Мұндай мәселелер жиі
түрде экономикалық объектілерді оперативті басқару барысында, әсіресе толық
емес ақпарат жағдайында шешімді қабылдау кезінде туады.
15
1. 1
АҚКО құрылымы
АҚКО бұл ұйымдастыру, функционалды және қамтамасыз ету
бөліктерінен тұратын кешенді жүйе.
Ұйымдастыру бөлігі АҚКО қолданушылардың функцияларын бөліп
таратуға арналған ұйымдастыру құрлымынан, сонымен қатар мамандарды
даярлау,
дамыту мен әкімшілдеу тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Әкімшілдеуге жұмысты жоспарлау, тіркеу, бақылау, сараптау, реттеу, АҚКО
қолданушыларының құқықтарын мен міндеттерін құжатты түрде рәсімдеуді
жатқызады.
АҚКО-ның функционалды бөлігі бұл оперативті және перспективалық
жоспарлау мәселелердің шешімін, техника-экономикалық көрсеткіштердің
тіркеуін мен сараптауын камтамасыз ететін экономика-математикалық тәсілдер
кешені. Кешен құрылымы АҚКО-ның анықталған функцияларын жүзеге
асыратын жүйенің біршама дербес ішжүйеден тұрытыны болжамдалады.
Ішжүйелердің ерекшеленуі жұмыс орынның функционалды
специализациясы мен ұйымдық құрылымдық есеппен функцоналды ұйымдық
белгісі бойынша жүргізіледі.
АҚКО-ның қамтамасыз ету бөлігі:
- функционалды ішжүйелердің ақпараттық қамтамасыз етуі (АҚЕту) ;
- техникалық құралдар кешені (ТҚК) ;
- ішжүйелер функцияларын жүзеге асырудың программалық құралдары.
АҚЕту, АҚКО бұл құжаттардың, ақпарат массивтерінің (ДҚ) және
кодалаудың стандартталған және бәрыңғай формалар жиынтығы.
АҚКО-да қолданылатын ақпарат тиянақтылық, оның арналуы және
қозғалу бағыты бойынша жіктеледі. Тұрақтылық бойынша ақпарат шартты
тұрақты және айнымалы тұрақты, арналуы бойынша нормативті-анықтамалық,
жоспарлау, есептемелік, сараптамалық және оперативті-өндірістік (директивті-
оперативті және оперативті) деп бөлінеді. Қозғалу бағыты бойынша ақпарат
кіріс, шығыс және аралық деп бөлінеді.
АҚКО-ның техникалық құралдар кешеніне (ТҚК) ақпратты жинау,
жеткізу, өңдеу және сақтау процестердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін
құрылғылар жиынтығы кіреді.
Біртекті операцияларды орындайтын құрылғылар техникалық
құралдардың функционалды топтарын құрайды. Ішжүйелердің функцияларды
жүзеге асырудың программалық құралдарына біріншіден адам-машина АҚКО
жүйесінде қатынасудың программалық тіл құралдарына арнап, «жұмыс
ортасын» қалыптастыратын операциялық жүйелерді жатқызуға болады. АҚКО
прогораммалық тіл құралдары келесімен қамтамасыз етеді:
- АҚКО-ның функционалды мәселелерін шешу;
- АҚКО қолданушылар жағынан мәселелердің шешімін ыңғайлы және
түсінікті басқару - мәселелер интерфейстері.
16
1. 2
АҚКО-ға қойылатын жалпы талаптар
АҚКО-ға қойылатын жалпы талаптар келесідей:
- жүйелілік;
- икемділік;
- тұрақтылық;
- тиімділік.
Жүйелілік. АҚКО жұмыс орынның функционалды арналуымен
анықталатын құрылымы бар жүйе деп қарастырғаны жөн.
Икемділік. Элементттердің стандартталуы мен құрылудың модульдігінің
арқасында жүйе мүмкін болатын қайта құруларға икемді болу керек.
Тұрақтылық. Ішкі мен сыртқы қоздыратын факторлардың әсеріне
қарамастан жүйе негізгі функцияларды орындауы керек.
Эффективтілік. АҚКО-ны жүйенің құрылуы мен қолдануына кеткен
шығындарына апаратын жоғарыда келтірілген қағидалардың жүзеге асырылу
деңшейінің интегралды көрсеткіші де қарастырғаны жөн.
АҚКО бұл әрдайым арнаулы сипатты жүйе. Нақты бір маманға әкімші,
экономист, инженер, конструктор, жобалаушы, сәулетші, дизайнер, дәрігер,
ұйымдастырушы, зерттеуші, кітапханашы, мұражай қызметкері және т. б.
арналған техникалық құралдар мен программалық қамтамасыз етудің
жиынтығы.
АҚКО-ны ендіру компьютер ұйытқы болатын ақпаратты өңдеудің
машиналық құралдар мен адам арасындағы функциялар мен жүктеменің дұрыс
бөліп тарату жағдайында қалаған эффектті беруі мүмкін.
АҚКО бұл тек еңбектің өнімділігін мен басқарудың эффективтілігін
жоғарлатуының құралы ғана емес, сонымен қатар мамандардың қоғамдық
қолайшылығының құралы.
АҚКО жеке (дербес) , топтық, коллективті болуы мүмкін. Топтық пен
коллективті АҚКО-на қатысты олардың ДК-дің жүйе ретінде эфефективті
функционалдау мақсатында мамандарға (коллективке) әкімшілдеудің нақты
функцияларын анықтау қажет. АҚКО адам машиналық жүйе ретінде ашық,
икемді, үнемі даму мен жетілдірілуіне бейімдіболу қажет.
Мұндай жүйеде келесі қамтамасыз етілу керек:
- мамандардың ақпаратты өңдеу машина құралдарына максималды
жақындығы;
- диалогты тәртіпте жұмыс жасау;
- эргономика талаптарына сәйкестілік;
- компьютердің жоғары икемділігі;
- ескілік процестердің максималды автоматтандырылуы;
- жекелік жағдайда мамандардың творчестволық белсенділігін
арттыратын, ал кейін жүйенің дамуына әкелетін мамандардың еңбек
жағдайларына моральды түрде қанағат болуы;
- мамандардың өзін-өзі оқыту мүмкіндігі.
17
1. 3
АҚКО-ның жобалану сатылары
АҚКО-ын дұрыс ұйымдастыру, құрастыру және енгізу мақсатында оның
жобалау процесін келесі сатыларға жіктейді:
- бар басқару жүйесін зерттеу мен сараптама жасау;
- АҚКО құруының техникалық тапсырманы құрстыру;
- АҚКО-ын техникалық жобалау;
- АҚКО-ын жұмыстық жобалау.
18
2 Ақпараттық жүйелер.
Дерекқорлар
(ДҚ) .
Дерекқорларды
басқарудың жүйелерi (ДҚБЖ)
Көптеген мәселелер шешiмiнiң негiзiнде ақпаратты өңдеу жатыр. Ақпарат
өңдеуiн ыңғайлату үшiн ақпараттық жүйелер (АЖ) құрылады.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер бұл техникалық құралдарды, әсiресе
ЭЕМ-ды қолданатын жүйелер. Ақпараттық жүйелердiң
көпшiлiгi
автоматтандырылған болып табылады, сондықтан қысқарту үшiн оларды жай
АЖ деп атайды.
Кең түсiнiктемеде АЖ анықтамасына ақпаратты өңдеудiң кез келген
жүйесi сәйкес келедi. Қолдану облысы бойынша АЖ-дi өндiрiсте, бiдiм беру
саласында, денсаулық сақтау, ғылым, әскери iсте, қоғамдық салада, саудада
және т. б. қолданылатын жүйелер деп бөдуге болады. Мақсат функциялары
бойынша АЖ-дi шартты түрде келесi негiзгi топтпрға бөлуге болады: басқару,
ақпаратты-анықтамалық, шешiмдердi қабылдауды қолдау тобы.
Кейде АЖ түсiнiктемесiнiң ең тар тұжырымдамасы қолданылады, яғни
белгiлi бiр қолданбалы мәселенi шешу үшiн жұмысқа қатысатын аппараттық-
программалық құралдар жиынтығы ретiнде қарастырылады. Мысалы, ұйымда
келесi тапсырмаларды орындауға арналған ақпараттық жүйелер бола алады:
кадрлар мен материалдық-техникалық құралдарды есептеу, тапсырыс берушi
мен орындаушылар арасындағы есеп, бухгалтерлiк есеп.
Ақпаратық жүйенiң эффективтiлiгi келесi үштiктен тұрады:
- дерекқорды жобалау және оны жүзеге асыру;
- қолданбалыларды жобалау мен iске асыру;
- әкiмшiлдiк процедуралар.
Бұдан басқа ақпараттық жүйенiң жұмыс жасау эффективтiлiгi көбiнесе
оның сәулетiне тәуелдi: файл-серверлiк және клиент-серверлiк сәулеттi
ажыратады.
Қазiргi кезде клиент-сервер сәулетi перспективтi болып тыбылады.
Бiр немесе бiрнеше дерекқорларға ұйымдастырылған өңделетiн
ақпараттың орталықтанған сақтау мен жинау функциялары жүзеге асырылған
ақпараттық жүйенiң түрi болып деректер банкi болып табылады.
Жалпы жағдайда деректер банкi келесi құрама бөлiктерден тұрады:
дерекқорлар (бiрнеше), дереқорларын басқару жүйелерi, деректер
сөздiгi, әкiмшi, есептеу жүйесi мен қызмет ететiн персонал.
Деректер банкiнiң ең маңызды бөлiгi бұл қарастырылатын пән
аумағындағы объектiлердiң күйiн мен арабайланыстарын көрсететiн есептеу
жүйесiнiң жадында сақталатын арнайы ұйымдастырылған деректер жиынтығы
болып келетiн деректер қоры (ДҚ) болып табылады.
- ДҚБЖ дерекқорларды құру шығару және қолдануға арналған
қолданбалы программалардың дестесi мен тiл құралдардың жиынтығы болып
келедi;
19
- дерекқормен жұмыс
iстеу үшiн көп жағдайда тек ДҚБЖ-нiң
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz