Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің тарихы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 153 бет
Таңдаулыға:   

5

6

7

Аңдатпа

8

Дипломдық жұмыс АКТ бойынша интернеттік көп тілді түсіндірмелік

сөздіктің электронды нұсқасын жасауға арналған.

Дипломдық жұмыста бірнеше түсіндірмелік сөздіктердің арасында бір-

бірімен байланыс орнату әдістері сипатталады. Электронды түсіндірмелік

сөздіктердің артықшылықтары мен тиімділіктері жайлы сөз қозғалып,

программасы жүзеге асырылған. Дипломдық жоба PHP бағдарламалау тілі,

MySQl деректер қорын және басқа да программалар арқылы құрылды.

Аннотация

Дипломная работа предназначена для создания электронной интернет

версии многоязычного толкового словаря ИКТ.

В дипломной работе описаны способы связи нескольких толковых

словарей. Приведены преимущества и удобства электронных толковых

словарей, разработано программное обеспечение. Дипломный проект

разработан с использованием языка программирования PHP, базы данных

MySQl и других программных средств.

Annotation

Degree work is designed to create electronic versions of the multilingual

Internet explanatory dictionary of ICT.

In the research paper described how to connect multiple dictionaries. Described

benefits and convenience of electronic dictionaries, developed the software. The

diploma project is developed using the programming language PHP, MySQl database

and other software tools.

9

Мазмұны

Кіріспе . . . 7

1 Түсіндірме сөздік . . . 8

1. 1 Түсіндірме сөздік туралы жалпы түсінік . . . 8

1. 2 Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің тарихы . . . 10

1. 3 Электронды түсіндірме сөздіктер, олардың артықшылыұтары . . . 14

1. 4 Қазақ тіліндегі электронды түсіндірме сөздіктер, олардың маңызы . . . 16

2 Программалау ортасы, PHP және MYSQL тілдерінің ерекшеліктері . . . 20

2. 1 ADOBE DREAMWEAVER CS3 ортасы туралы қысқаша сипаттама . . . 20

2. 2 PHP технологиясы мен синтаксисі . . . 25

2. 3 DENWER тағайындалуы . . . 32

2. 4 MYSQL мәліметтер базасын басқару жүйесі . . . 37

3 Программаны құрудың қадамдары . . . 43

3. 1 Программаның деректер қорын құру . . . 43

3. 2 Қолданушы интерфейсі . . . 46

3. 3 Программаны сынақтан өткізу . . . 47

4 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 52

4. 1 Өндірістік ғимараттағы еңбек шартын талдау . . . 52

4. 2 Есептеу техникасы бөлмесіндегі өндірістік ортаның микроклиматы . . . 52

4. 3 Жұмыс орнының жарықтандыру жүйесі . . . 53

4. 4 Электр тоғының адам ағзасына әсері . . . 53

4. 5 Жұмыс орнына шудың әсері . . . 54

4. 6 Табиғи жарықтандыру әдісімен есептеу . . . 56

4. 7 Пайдалану коэффициенті әдісімен жасанды жарықтануды есептеу . . . 58

4. 8 Жасанды жарықтануды нүктелік әдіспен есептеу . . . 59

4. 9 «Тіршілік қауіпсіздігі» бөлімі бойынша қорытынды . . . 62

5 Бизнес-жоспар . . . 63

5. 1 Жоба сипаттамасы . . . 63

5. 2 Маркетингтік стратегия . . . 63

5. 3 Бағдарламамен қамтамасыз етудегі еңбек сыйымдылығын есептеу . . . 64

5. 4 Бағдарламалық қамсыздандыру шығынының есебі . . . 66

5. 5 Бағдарлама өнімін сатып алуға кеткен бір жолғы шығындар есебі . . . 69

5. 6 Игеру саласындағы жылдық бір жолғы шығындар есебі . . . 70

5. 7 Ақпараттық жүйе енгізуден үнем мен табыс мөлшерінің есебі . . . 71

5. 8 Салыстырмалы экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу . . . 72

5. 9 Динамикалық көрсеткіштер негізінде жобаны өткізуде экономикалық

тиімділігін бағалау . . . 73

Қорытынды . . . 78

Әдебиеттер тізімі . . . 79

А қосымшасы . . . 80

Ә қосымшасы . . . 82

Б қосымшасы . . . 96

10

Кіріспе

Сөз - қоғам мен табиғат құбылыстарын, адамның рухани өмірін

білдіретін маңызды тілдік бірлік. Сөз қандай күрделі құбылыс болса, оның

мағынасы да сондай күрделі категория.

Электронды сөздіктердің "қағаз сөздіктерден" айырмашылығы сөздің

толық лексикалық базасын ашып көрсете алады, және оңай ізделеді. Одан

басқа, компанияларда көптеген құжаттар компьютерде дайындалады,

сәйкесінше, керек сөзді кітаптан іздемей-ақ компьютерден іздеу ыңғайлырақ.

Электронды сөздіктің өмірі басқа программалық жүйелер сияқты қиын

болуы керек, ерекше зиянды қолданушылардың кесірінен кезекті қателер

шығады, бір жағынан барлық мүмкіншіліктер мен қажеттіліктерді пайдалана

отырып, катені уақытында түзетуге болады.

Осы орайда ақпараттық технологияның ХХІ ғасырда білім беру жүйесіне

енгізген жаңалығы электрондық сөздік болып табылады. Электрондық сөздік

кітаптың мазмұнын толық сақтап қалуымен қатар, қазіргі замандағы жаңа

компьютерлік технологияларды, мультимедияны ауқымды қолданып, бәсекеге

қабілетті мамандар дайындалуына үлкен үлес қосады.

Қазіргі таңда мекемелерде, оқу орындарында, кәсіпорындарда

құжаттардың қазақ тілінде болуы ана тілімізде сөйлеуді дамытудың алғашқы

қадамдарының бірі. Әйтсе де, отандастарымыздың сөз мағынасын түсінгенімен,

сөз мәдениетін, сөзді дұрыс қолдана алмайтынын байқалады. Міне, осы өзекті

мәселенің бірден бір шешімі қазақ тілінің электронды түсіндірме сөздігін жасау

болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты кем дегенде үш түрлі түсіндірме сөздік

алып, олардың арасында бір-бірімен байланыс орнатып, программа құру.

Бұл мақсаттарға жету үшін келесі зерттеу міндеттері орындалуы тиіс:

− Adobe Dreamweaver CS3 программасының функцияларын анықтау;

− PHP тілінің мүмкіндіктерін зерттеу;

− түсіндірмелі сөздіктердің деректер базасын жобалау;

− қолданушы интерфейсі;

− жобаланғандарды жүзеге асыру, яғни программалау;

− программаны сынақтан өткізу.

Зерттеу нәтижелерін қазақ тілін оқыту, қазақ тілінде іс жүргізу, қазақ

тіліндегі ақпараттардың қазақша түсіндірмесін табу мүмкіндігі бар қазақ

тілінде қарым-қатынас жасайтын ақпараттық технологиялар мен жүйелерді

дайындауда және телекоммуникациялық жүйелерде қазақ тіліндегі ақпаратты

дұрыс қабылдау, беру мен өңдеуде қолдануға болады. Бұл еліміздің әртүрлі

қызмет, білім, ғылым, техника, технология және басқа салаларына байланысты

қазақ тілінің дамуына әсерін тигізеді және қазақ тілінің мәні мен рөлін

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі ретінде ғана емес, сонымен қатар

11

халықаралық қарым-қатынастар және адам мен компьютер арасындағы

байланыс (интерфейс) тілі ретінде де арттырады.

1 Түсіндірме сөздік

1. 1 Түсіндірме сөздік туралы жалпы түсінік

Тіл - халықтың даналығын, танымы мен талғамын, тауып айтатын

шыншылдығын көрсететін, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа мирас болып

келе жатқан баға жетпес қазынасы. Онда ақиқатты танып білудің сан ғасырлық

аса бай ұжымдық тәжірибесі жинақталған. Қоғамды мәдениетке жеткізіп,

қоғамдық ой-сананы биікке көтеретін, қуатты да құдіретті мұндай тілдің

көмегімен өркендеген елде оның құрылымы мен жүйесі дами түсіп, небір нәзік

ой сезімді, аса күрделі құбылыстарды дәл бейнелейтін қабілеті арта береді.

Әрине, тілдің мұндай баға жетпес мәнділігі, ең алдымен, оның сөз байлығынан

байқалады. Сондықтан тілдегі сөздерді жинақтап, жүйеге салып, әрқайсысының

мән-мағынасын ашып, сөздік қалпына түсіріп, халықтың өзіне қайта ұсыну -

қиынның қиыны болса да, абыройлы міндет.

Тілдің сөз байлығын жүйелеп, саралайтын сөздіктердің әр алуан түрі

болады. Солардың бірі саналатын түсіндірме сөздік тілдің лексикалық

байлығын неғұрлым толық қамтуды көздейді. Әсіресе көп томды түсіндірме

сөздікте күнделікті қарым-қатынас кәдесіне жүрген сан алуан сөзбен бірге

олардың әртүрлі нұсқалары, жергілікті сөз байлығы, кәсіби лексика мен

терминдер, көнерген сөздер барынша мол қамтылып, лексикалық,

грамматикалық, стильдік мән-мағыналарына біршама толық сипаттама

жасалады және міндетті түрде иллюстрациялық материалдар беріледі. Қазақ

тілінің он томдық сөздігінің жарық көруі - осы саладағы ағашқы қадамдардың

бірі болды.

Түсіндірме сөздік дегеніміз - әдеби тілде жалпылама және жиі

қолданылатын сөздердің нақты мағыналарын, ауыс мағыналарын, оларға

қатысты тұрақты сөз тіркестерін талдап, иллюстрациялық материалдар арқылы

түсіндіретін біртілді сөздік.

Түсіндірме сөздіктің алға қоятын мақсаты - бір тілдің белгілі дәуірдегі

жалпыхалықтық сипат алған сөздеріне мағыналық, стильдік әрі грамматикалық

жан-жақты сипаттамалар беріп, тілдің қазіргі даму тұрғысындағы сөздік

құрамының сан мөлшерін біршама анықтау, сөздердің мағыналық нормаларын,

стильдік түрлі қолданыстарын саралап көрсету. Сонымен қатар сөздердің

жазылуы мен айтылуындағы нормалардың ең дұрыс деген қалпын айқындай

отырып, соған нақтылы түсінік беруді карастырады. Сондықтан түсіндірме

сөздік кейде нормативті сөздік деп аталады. Нормативті түсіндірме сөздік бір

томдық және көптомдық болып жасалады. Көлемінің үлкендігіне қарай

көптомдық түсіндірме сөздікті кейде академиялық сөздік деп атайды.

Қоғамдық өмірде болып жатқан сан алуан жаңалықтар мен өзгерістер

тілге, әсіресе оның сөздік құрамына өз әсерін тигізбей қоймайды. Қайсыбір

12

сөздер қолданыстан ығысып, жаңаға жол береді. Кейде "ескі" мен "жаңа"

жарыса, тайталаса жүреді. Лексикалық нормадағы бұндай өзгерістерді

заңдастырып отыру сөздіктің негізгі міндетіне жатады. Әдетте өркениетті елдің

табан тірейтін, меже ететін, өзіндік "бас" сөздігі болады. Ондай сөздіктер

жылдар аралата, дүркін-дүркін қайта басылады. Басылым сайын тілдегі

жаңалықтар қамтылып және ондағы кейбір кемшін тұстар жөнделіп, үнемі

өңделіп отырады. "Орыс тілі сөздігінің" (С. Ожегов) жиырмадан аса басылымы

жарық көрді, әр басылым сайын түзетіліп, толықтырылды, сондай-ақ аты

әлемге әйгілі "Ағылшын тілі сөздігінің" (Оксфорд) бастапқы нұсқасын жасауға

жиырма жыл кетті. Әрине, қазақ тіл білімі сөздік жасау мәдениетінен құралақан

емес. 1974 - 1986 жылдары жарық көрген қазақ тілінің он томдық түсіндірме

сөздігінде 97 мыңдай сөздік бірліктің мағыналары ашылып, түсініктер берілген.

Қазақ тілінің мұндай қоғамдық мәртебесінің жүзеге асуы ең алдымен дәстүрлі

норманың бекем болуымен, оларды заңдастырып отыратын нормативті

грамматикасы мен үлгі тұтар сөздіктерінің болуымен де байланысты. Қалың

жұртшылық қауымды осындай аса қажетті тіл құралдарымен қамтамасыз ету,

мемлекеттік тілдің лингвистикалық базасын жасау, бүгінігі таңдағы өрелі

міндеттердің бірі болмақ.

Түсіндірме сөздіктің кемшіліктері де, олқылықтары да болуы ықтимал.

Сөздіктердің кейбір кемшіл тұстары мен олқылықтары, бұрын-соңды сөздік

жасау тәжірибесі байқатқандай, басылым сайын жөнделіп отырмақ.

Реестр сөздің анықтамасы, оған берілген түрлі грамматикалық,

стилистикалық т. б. мінездемелер, келтірілген мысалдар сөздік

мақала

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылыми негіздері
Қазақ лексикографиясы: біртілді оқу сөздігін түзудің ғылым негіздері
Шет тілдер сөздерінің сөздігі
СӨЗДІК ҚҰРАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Идеографиялық оқу сөздігінің тілдік жүйені меңгертудегі орны
ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК - ҚАЗАҚТЫҢ ТҰҢҒЫШ СӨЗДІГІ
Жалпы тіл білімі - тіл білімінің барлық тілдерге тән заңдылықтары мен қасиеттерін зерттейтін ғылым
Махмұд Қашқаридың «Диуани-лұғат ат турк» еңбегінің мектепте оқытылуы
Лексикография жайлы
Махмұд Қашқари жайлы ақпарат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz