CDMA стандартты ұялы байланыс жүйесінің жұмыс істеу қағидасы


8
![]()
9
![]()
10
![]()
11
![]()
Аңдатпа
Бұл дипломдық жобада WLL CDMA 450 МГц технологиясының басқа
технологиядан артықшылығы және ауылдық жерлерде желінің жұмыс істеу
тиімділігі көрсетіледі. Соның негізінде Шығыс Қазақстан облысында сымсыз
байланыс желісінің радиожоспарлауы жүргізіледі. Осы облыстағы
қолданыстағы желіге талдау жасалады.
Huawei
өндіруші-фирманың
жабдықтары қолданылады және қамту аумағының, радиорелейлік жолының
және байланыс тұрақтылығының есебі жүргізіледі.
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде құрылғының нөлдік жұмысы және
жарықтандыру есебі жүргізіледі. Ұйымдастырылып отырған сымсыз жүйеге
қызмет көрсету және қолдану кезіндегі мәселелері талқыланады.
Экономикалық тарауда Шыңғожа қаласының жылдық пайдалану
шығындары мен табысты қоса алғанда, жобаның абсолютті экономикалық
тиімділігі және өтелу уақыты көрсетіледі.
Аннотация
В данном дипломном проекте рассматривается преимушества технологии
WLL CDMA 450 МГц от других технологии и его эффективность работы сети в
среде сельских населенных пунктах. На основе этого проводится радио
планирование беспроводной сети в Восточной Казахстанской области.
Проводится анализ существующей сети на этом участке. Выбирается
оборудование фирмы-изготовителя Huawei. Также выполняются расчеты зоны
покрытия, радиорелейной линии и устойчивости связи.
В разделе безопасности жизнедеятельности выполняется зануление
оборудования и расчеты освешения. Рассматриваются вопросы при
обслуживании и эксплуатации проектируемой беспроводной системы.
В экономической части производится расчет абсолютной экономической
эффективности и срока окупаемости, включая годовые эксплуатационные
расходы и прибыль города Шынгожа.
12
Мазмұны
Кіріспе . . . 8
1 CDMA-450 стандартты ұялы байланыс желісін ұйымдастыру үшін қажетті
ақпараттарға шолу . . . 9
1. 1 CDMA 450 стандартының негізгі қағидалары . . . …. 9
1. 2 CDMA стандартты жүйенің жұмыс істеу қағидасы . . . 10
1. 3 CDMA 450 технологиясының басқа технологиялардан ерекшелігі . . . 13
1. 4 CDMA-450 технологиясының қауіпсіздігі . . . 15
1. 5 СDМА-450 технологиясының Қазақстан Республикасындағы
даму бағыттары . . . 15
2 ШҚО-ын WLL CDMA технологиясы негізінде байланыс желісімен
қамтамасыздандыру . . . 17
2. 1 CDMA-450 технологиясы негізінде сымсыз желіні ұйымдастырудағы
басты мақсатым . . . 17
2. 2 ШҚО аймақтық телекоммуникация торабы . . . 18
2. 3 Таңдалған құрылғы . . . 20
2. 4 Орнатылған БС-ға анализ жасау . . .
2. 5 ДТ көмегімен желінің жұмыс істеу кезінде болатын ақауларды
анықтау . . .
28
34
3 CDMA- 450 технологиясының көмегімен сымсыз желіні ұйымдастырудың
есептеу бөлімі . . . 35
3. 1 БС-ң қамту аумағын есептеу . . . 35
3. 2 Шинғожа БС-ң қамту аумағын есептеу . . . 36
3. 3 Жақсы Абралы қаласының қамту аумағын есептеу . . . 41
3. 4 Радиорелейлі жолдың профилін анықтау және антеналардың
биіктіктерін анықтау . . . 43
3. 5 Байланыс тұрақтылығын есептеу . . . 47
4 Тіршілік қауіпсіздігі . . . 56
4. 1 Жұмыс орнының сипаттамасы . . . 56
4. 2 Нөлдік қорғаныш өткізгішіне ұсынылатын міндеттер . . . 58
4. 3 Жасанды жарықтандыруды қолдану . . . 66
4. 4 Ауаны баптау жүйесін есептеу . . . 69
4. 5 Қоршаған ортаны қорғау . . . 76
5 Бизнес жоспар . . . 79
5. 1 Түйін . . . 79
5. 2 Компания және сала . . . 79
5. 3 Қызметтерді (өнімдерді) бейнелеп жазу . . . 80
5. 4 Нарықтық өтімді талдау. Нарық қызметтерін зерттеу . . . 80
5. 5 Менеджмент . . . 81
5. 6 Қаражат жоспары . . . 82
5. 7 Табысты есептеу . . .
83
5. 8 Эксплуатациялық шығын . . . 84
13
5. 9 Экономикалық тиімділіктің көрсеткішін есептеу . . . 88
Қорытынды . . .
Әдебиеттер тізімі . . .
А қосымшасы . . . 92
Б қосымшасы . . . 94
14
Кіріспе
Қазіргі кезең - телекоммуникация саласына жоғары талаптар қойылуы
нарық қатынастарының дұрыс жолға түсуі мен нарық өтімі үшін байланыс
операторларының аралық бәсекеге түсу күресінің күшейген кезі. Осыған орай
замандас технологиялардың негізінде
телекоммуникацияның сапалы
игерілуінде және құрылуында қажеттіліктер туындайды.
Жылжымалы байланыстағы сымсыз технологияның даму процессі
жиіліктердің жаңа диапазондарын игеруінің негізінде шоғырланған. Ұялы
байланыс жүйесінің негізі - оның әр түрлі географиялық аймақта қолданылуы,
яғни арнаның жиілікпен бөлу технологиясының жүзеге асуы болып табылады.
Байланыс саласындағы кодтау технологиялары және цифрлық
байланыстың дамуы жылжымалы байланыстағы құралдардың ілгері басуына
жағдай жасады. Нәтижесінде аналогтық жүйелердің орнын цифрлық жүйелер
басты.
Бірінші және екінші ұрпақ жүйелерінде арналарды жиілікпен (FDMA -
Frequency Division Multiple Access) және уақытпен (TDMA - Time Division
Multiple Access) бөлгенде байланыс сапасы ұсынылатын арна санына және
жүктемеге байланысты анықталды, егер арналар бос болмаса абонент мүлдем
қабылданылмайды. Осы технологияларының кемшіліктерін болдырмау үшін
цифрлық жүйені өндірушілер арналары кодпен бөлінген көпстанциялы қатынау
технологиясына, басқаша айтқанда, CDMA-ге ауыстыруға көңіл аударды.
CDMA (ағл. Code Division Multiple Access) - шу тәрізді сигнал
технологиясына кеңейтілген спектрде қолданылуына және әр қолданушыға
кеңейтілген спектрде таралатын жекелеген код ұсынуға негізделген.
11 жыл бұрын Қазақстан мемлекеті жылжымалы байланыстың CDMA
стандартын дамыту үшін лицензия алуға конкурс ұйымдастырды. Конкурс
талаптарына сай, лицензия алған операторларға 800 МГц және 450 МГц
жиіліктерін алу құқығы берілді. Соңғы жиілік ауылды жерлерде, яғни
абоненттердің аз тығыз шоғырланған аумақтарында және барынша үлкен
территорияда жылжымалы байланысты дамытуға арналған.
Қазіргі кезде 17, 948 млн. халқы бар Қазақстанда бұл байланыс жүйесін
пайдаланушылар саны 4, 5 млн. болды. Бүгінгі күні байланыс компаниялары
CDMA ұялы байланыс қызметін 80-нен астам қалалар мен ауылды мекендерге
ұсынады.
Жаңа стандартта жұмыс істейтін операторлардың пайда болуы
тарифтердің төмендеуіне, жаңа тарифті жоспарлардың пайда болуына, сапаның
және қызмет түрлерінің өсуіне алып келеді.
Бұл дипломдық жобада ШҚО-сы үшін CDMA 450 технологиясының
негізінде радиорұқсатты қолданумен көпарналы телекоммуникациялық жүйені
жобалау нұсқасы қарастырылады.
15
1 CDMA-450 стандартты ұялы байланыс желісін ұйымдастыру үшін
қажетті ақпараттарға шолу
1. 1 CDMA 450 стандартының негізгі қағидалары
CDMA (ағл. Code Division Multiple Access) - шу тәрізді сигнал
технологиясына кеңейтілген спектрде қолданылуына және әр қолданушыға
кеңейтілген спектрде таралатын жекелеген код ұсынуға негізделген . Сол
себептен, TDMA мен FDMA технологияларының кемшіліктерін болдырмау
үшін цифрлық жүйені өндірушілер арналары кодпен бөлінген көпстанциялы
қатынау технологиясына, басқаша айтқанда, CDMA - ге ауыстыруға көңіл
аударды.
CDMA - ұялы байланыс стандарттарының ең танымал түрі. CDMA ұялы
байланысының технологиясы қазіргі кезде өзінің ерекшелігіне және көптеген
қасиеттеріне байланысты басқа технологиялармен салыстырғанда пайдалану
ауқымы үлкен.
CDMA принципі бастапқы ақпараттық сигналдың (яғни сөз сигналының)
спектрін кеңейтуге ынталанады. Олар екі әртүрлі әдіспен жүзеге асады,
біріншісі «жиілік бойынша секіру», екіншісі «тура тізбек». «Жиілік бойынша
секіру» (немесе FH - Frequency Hopping) . яғни кездейсоқ заң бойынша берілген
аралықта таратқыштағы тасымалдаушы жиілік тұрақты түрде өзінің мәнін әрбір
сөйлесу арнасына салыстырмалы түрде үлкен емес уақыт интервалында
өзгертіп отырады. Жүйенің қабылдағышы да таратқыш сияқты гетеродин
жиілігін тура сол алгоритммен өзгертіп, тек керекті арнаны болашақта өңдеу
мен бөлінуді қамтамасыз етеді. FH көмегімен цифрлық ұялы байланыс
жүйесінде техникалық сипаттамаларды жақсарту үшін GSM-де қолданады.
Екінші әдіс «тура тізбекті» (немесе DS - Direct Sequence) жұмыс істейтін
және перспективті CDMA желілерінде қолданатын шусияқты сигналдарды
қолдануға негізделген әдіс. Әрбір абоненттің ақпараттық сигналын жалғыз
және қайталанбайтындай шусияқты сигналға модуляциялайды, осыны бастапқы
ақпараттық сигналды кеңейту деп атайды. Осы жерде осындай кодтардың нұсқа
сандары миллиардқа жетеді, бұл біздің ғаламшарда әрбір адамға жеке байланыс
құруға болатынын айта кету керек. Әрбір абоненттің жіңішке жолақты
ақпараттық сигналы желідегі тұтынушыларға бөлінген жиіліктік спектрдің
барлық еніне кеңейтіледі. Қабылдағышта сигнал теңестіруші кодтың көмегімен
қалпына келудің орнына, нәтижесінде бастапқы ақпараттық код қалпына
келеді. Осы уақытта айтылған қабылдағышта басқа тұтынушылардың
сигналдары «ақ шу» сияқты болып табылады да кеңейтілген күйінде қалып,
қабылдағыштың қалыпты жұмыс істеуіне кішкене ғана кедергі келтіреді.
CDMA әскери байланыс жүйелерінде жайдан-жай қолданылған жоқ. Ол
сигналдардың спектрін кеңейту алдын -ала дайындалған жасанды бөгеуілдерге
қарсы тұра алатын қасиеті де бар. Егер радиосигналдың базасын өте үлкен
16
шамаға кеңейтсек, онда оны шу деңгейінен төмендетуге болады, мұны
потенциалды қарсылас та байқайды. Қабылдау жағында бастапқы сигнал
қалпына келеді. Сонымен, осыған ұқсас жүйелерді осы жиілік диапазонын
қолданатын
радиоқұрылғылардың жұмысына кедергі келтірместей етіп
қолдануға болады.
1. 2 CDMA стандартты жүйенің жұмыс істеу қағидасы
CDMA-450 МГц жиілік диапозонында жұмыс атқаратын маңызды шешім
болып табылады. CDMA-450 - үшінші ұрпаққа өтетін алғашқы қадам.
Қазіргі кезде дүние жүзінде 320 000-ден аса абоненттерге қызмет атқаратын 5
CDMA-450 коммерциалық желісі қызмет атқарады. 10-ға жуық мемлекет осы
жүйені жүзеге асыру үшін өз ұсыныстарын білдіруде.
CDMA стандартты жүйенің жұмыс істеу принципін түсіндіретін
құрылымдық сұлба 1. 1 суретте көрсетілген. Тасымалдаушысының спектрі
алдын-ала кездейсоқ шу көзінің сигналымен көбейтіліп, кеңейген ақпаратты
сигнал Уолш бойынша кодталып, осы тасымалдаушымен араластырылады.
Әрбір ақпараттық сигналға өзінің Уолш коды арналады, кейіннен олар
таратқышта бірігіп, сүзгі арқылы өткізіледі және жалпы шусияқты сигнал
таратушы антеннамен сәулелендіріледі.
Қабылдағыштың кірісіне пайдалы сигнал, фондық шу, көрші ұяшықтағы
базалық станциядан келетін бөгеуілдер және басқа абоненттердің кездейсоқ
сигналдары түседі. ВЧ-сүзгілеуден кейін сигнал корреляторға түсіп, осында
спектрді қысу мен берілген Уолш кодының көмегімен цифрлық сүзгіде
пайдалы сигналдың бөлініп алуы жүреді. Бөгеуілдің спектрі кеңейтіледі, және
коррелятордың шығысында шу түрінде пайда болады.
1. 1-сурет. CDMA стандартты ұялы байланыс жүйесінің жұмыс істеу
қағидасы
17
![]()
Берілген суретте CDMA әдісін қолданатын жүйелерде, кездейсоқ шу
көзінің синхронизациясын өзгерте отырып, жиілік жолағының бір бөлігін
желінің барлық ұяшықтарында қолдануға болады. Бұл 100%-тік жиіліктік
ресурсқа қол жеткізуді пайдалануы - бұл CDMA стандартты желінің абоненттік
сыйымдылығының жоғары екендігінің және ұйымдастыруды оңайлататын бір
фактор көрсетілген. Уолш коды 64 болғанындықтан, бұл теориядағыдай шын
мәнінде жүзеге аспайды, жүйенің абоненттік сыйымдылығы ішкі жүйенің
интерференциясымен шектеледі, ол интерференция көрші ұяшықтағы базалық
станциялардың және қозғалмалы станциялардың бір мезеттегі жұмысынан
туындайды.
CDMA жүйесінде абоненттердің саны ішкі бөгеуілдердің деңгейіне
тәуелді. Базалық станцияның келісілген станциялары «жақын-алыс»
эффектісіне өте сезімтал, базалық станцияға жақын орналасқан мобильді
станция үлкен қуатта жұмыс істейді де, басқа «алыс» сигналдарды қабылдаған
кезде бөгеуілдердің жоғары деңгейін құрып, жүйенің өткізгіштік қабілетін
төмендетеді. Бұл жағдай барлық мобильді станцияларда болады, бірақ
ортогоналды шусияқты сигналды қолданатын жалпы жиілік жолағында жұмыс
істейтін CDMA-жүйесінде сигналдардың бұзылуы ең жоғары дәрежеде болады.
Егер осы жүйеде қуатты реттеу болмағанда бұл жүйе сөзсіз TDMA базасындағы
ұялы желілердің сипаттамаларына орын беретін еді. Сондықтан СDMA
жүйесінің басты мәселесі әрбір станцияда индивидуалды қуатты басқару.
Кодпен қатынайтын жүйенің тиімді жұмысы тек базалық станцияның
кірісінде әртүрлі абоненттердің сигналдары түзетілген жағдайда ғана жүзеге
асады. Түзету дәлдігі жоғары болған сайын, жүйенің қамту аумағы да көп
болады.
Қуатты басқарудың дәлдігі жоғарылаған сайын, ішкі бөгеуілдердің
деңгейі төмендейді. IS-95 стандартында мобилді станциялардағы қуатты реттеу
динамикалық диапазон 84 дБ-де 1 дБ қадамымен, яғни ±0, 5 дБ дәлдігімен
жүзеге асады. Көрші өлшемдер арасындағы интервал 1, 25 мс-қа тең. Қуатты
басқаратын биттер 800 бит/с жылдамдықпен трафик арнасы бойынша
таратылады. Тізбектеп қосылулы көпсәулелі сигналдарды бөліктеп өңдеу талап
етілетін сигнал/шу қатынасын 6-7 дБ қамтамасыз етеді. Кезінде параллельді
жұмыс істейтін бірнеше арналарда сәулелерді әртүрлі өңдеу мобилді
станцияның қайтақосылуының «жеңіл» режимін қамтамасыз етеді.
CDMA жүйе ұяшығының абоненттік сыйымдылығы реттеуші алгоритмді
пайдалану арқылы оңтайландырылады. Бұл алгоритм әрбір абоненттік
терминалдың сәулелендіруші қуатын жіберілетін қатенің болу ықтималдығы
деңгейін алуға болатындай етіп шектейді. Жүйеде қуатты реттеудің үш
механизмі қарастырылған: тура арнада- тұйықталмаған иілім, кері арнада -
тұйықталған иілім, кері арнада - сыртқы реттеу иілімі.
CDMA стандартты қозғалмалы байланыста сандық желілер келесі
элементтерден тұрады:
- Қозғалмалы байланыстың коммутациялық орталығы MSC (Mobile
Switching Center) - СПС желісіндегі қозғалмалы абонентердің арасындағы
18
қосылу мен СПС пен СТОП желісіндегі абоненттердің қосылуын қамтамасыз
етеді;
- базалық станция BS (Base Station) - қозғалмалы абоненттермен радио-
интерфейсті жүзеге асырады;
- базалық станцияның контроллері BSC (BASE Station Cintroller) -
базалық станцияларды басқару мен коммутациялық орталықпен байланысты
қамтамасыз етеді;
- орналасқан орынның негізгі немесе үйдік регистрі HLR (Home Location
Register) - берілген коммутациялық орталықта тіркелген абоненттер туралы
мәліметтердің базасынан тұрады ;
- орналасқан орынның қонақтық регистрі VLR (Vision Location Register) -
берілген коммутациялық орталықтың қызмет көрсететін аумағында болған
абоненттер жайында мәліметтер базасынан тұрады;
- аутентификация орталығы AC (Authentication Center) - қозғалмалы
абоненттің полномочиясын тексеруді қамтамасыз етеді және оны байланыс
желісіне қатынауды жүзеге асырады;
- құрылғының теңестіру регистрі EIR (Eguipment Identity Register) -
құрылғының идентификациясын басқаруға қажетті мәліметтер базасынан
тұрады.
Ұялы телефондық желілердің дұрыс жұмыс істеуін қолдау протоколының
бірі болып қосымша ОКС жүйесі 7 МАР номерлі болып қосылады. Бұл қосалқы
жүйе ТСАР протоколында негізделеді және роумингтің ақпаратты тарату мен
басқа ұялы желідегі басқа сигналды ақпаратты келесі желіге тарату үшін
пайдаланылады. Роуминг - қозғалмалы абоненттердің әртүрлі операторлар
желісінде орын ауыстырғанында байланысты ұсынуы.
1. 2-сурет. CDMA қозғалмалы байланыс желісін құру сұлбасы
Берілген суретте қосалқы жүйе МАР ұялы байланыстар арасында
ақпараттарды таратуды ғана қамтамасыз етпейді, алыстатылған түйінде
активацияны ұйымдастырады. Мысалы, басқа бір ұялы желіден белгілі бір
хабарламалардың түсуі кезінде шақырылып отырған абоненті бар ұялы желінің
19
![]()
қызмет көрсетуі активтендіріледі, ол тек соталы жүйелер арасында ақпаратты
тасымалдауды ғана жүргізбейді, сонымен қатар кері бағытта активацияның
нәтижесі жеткізіледі.
МАР -тың негізгі қағидаларына мыналар жатады:
- роуминг мүмкіндігімен қамтамасыз етілетін, желі бойынша кіретін және
шығатын шақыруларды қабылдау мүмкіндігін сақтау үшін абоненттің
орналасқан орнын тіркеу;
- абоненттің орналасқан орны жайындағы ақпаратты өшіру мен қайта
тіркеу;
- HLR мен VLR регистрларында абонентердің мәліметтерін өзгертуі;
- тарификация жайында ақпаратты тарату және т. б.
HLR регистрында тұтынушының орналасу орны жайындағы ақпарат
бірнеше минут сайын жаңартылып отыруы керек. Осы мақсатта қосалқы МАР
жүйесі коммутациялық түйін VLR -дың мәліметтер базасынан ТСАР
хабарламасының көмегімен HLR-дың мәліметтер базасына ақпаратты таратып
отырады. Шақырылатын абонентке шақыру түскен кезде HLR регистрі оның
қазіргі кездегі орнына тәуелді қосылуды осы жолмен анықтайды. HLR
құрамындағы абоненттің бір аумақтан келесіге орын ауыстыруы 7 нөмірлі ОКС
хабарлауының көмегімен тұрақты түрде жаңартылып отырады. Бұндай
механизм мобилді абоненттің бүкіл желі бойына еркін орын ауыстыру
мүмкіндігін береді, оның үстіне кіріс шақыруларды жоғалту қаупі жоқ. МАР
протоколында ТСАР пен МТР қосалқы жүйесімен қатар сигнализациялардың
қосылыстарын басқаратын қосалқы жүйе SCCP-ды пайдаланады.
1. 3 CDMA 450 технологиясының басқа технологиялардан ерекшелігі
90 жылдары GSM технологиясы цифрлық ұялы байланыс жүйесінде жаңа
технологияның бірі болды. Бірақ көп ұзамай XX-XXI ғ. GSM технологиясына
бәсекелес CDMA технологиясы пайда болды, яғни олар дыбыстық ақпарат пен
дестелік ақпаратты тасымалдаумен жарысты.
Базалық техникалық параметрлері. СDMA технологиясын қолдануының
тиімділігінің бірі оның қуаттың беру деңгейінің төменділігі. Яғни ол керекті
жабдықтарды арзандатады және санитарлы-экологиялық
сипаттаманы
жақсартады.
Сонымен қатар, GSM-ге қарағанда CDMA-да жылжымалы терминалдың
шығару қуатын басқару
жүйесі және эстофетті жіберілісті ұйымдастыру
(жұмсақ хендовер) тиімдірек, яғни ол қамту аумағының көлемін үлкейтуге және
қызмет көрсету көрсеткіштерін жақсартады, әсіресе адам қозғалыста болса,
сонымен қатар біркелкі емес рельефті аймақтарға да қызмет көрсете алады.
Әдейі берілген кодтардың қолданылуы ақпараттың қауіпсіздігін жақсартады.
Дыбыстық байланыс . GSM барлық мүмкіндіктерімен ұялы телефонияда
бірінші цифрлық стандартқа ие. Ол аналогтық байланысқа қарағанда
20
ақпараттық қауіпсіздік бойынша жоғарырақ болып келеді. Сонымен қатар
дыбыстық кодектің арқасында жоғары сапаға ие.
Дегенмен GSM-нің бір кемшілігі оның арна коммутациясы негізінде іске
асуы. Ол дестені жіберу қызметін қиындатады.
Өз кезегінде CDMA IS-95B стандартынан қазіргі жаңа стандарттарға
дейін CDMA Rev A/B десте коммутациясын қолданып келеді, ол цифрлық
телефонияда және IP-де дыбыс алмасуды жүзеге асыра алады.
Желінің сапасын ұстап тұру. GSM-де ұялы станциялардан шыққан
сигналды БС асинхронды өңдесе, CDMA-да ол сигналды белгілі бір уақытта
барлық абоненттерге бірдей қызмет көрсетіледі. Соның негізінде соталар
арасында немесе сотаның ішіндегі кедергілерді төмендетеді. Яғни биік
ғимараттардың ортасында болсын, жердің тереңдігінде болсын, тегіс
жазықтықта болсын барлық абоненттерге бірдей сапада қызмет көрсетіледі.
Технологиялық адаптациясы. Синхронды жұмыс істеуі және қуатты
тиімді басқару негізінде CDMA-да басқа параметрлеріне қарап бір параметрін
жақсартуға болады. Мысалы абоненттік жуктемелер көбейіп кетсе оның
жіберіліс жылдамдығын сақтау үшін сотаның аймағын кішірейтсек болады.
CDMA-ның БС-ы қосымша абоненттік көлемдері болады.
Соталық радиожоспарлау. Біз білетініміздей ұялы байланыс соталарға
бөлу арқылы жүзеге асады. Классикалық GSM кластерлерге бөлуді қолданады,
және оның соталары бірдей жиілікте жұмыс істемеу қажет. Ал CDMA
кластерлерді мүлдем қолданбайды, себебі ол барлық жерде бір жиілікті
қолданады. Ол тек радиожоспарлауды жеңілдетумен қатар үлкен аумақты
қамтиды. Егер қосымша БС қосатын болсақ желіге қайтадан радиожоспарлау
жүргізу оңай болып келеді, ал GSM-да бұл қиындау іс, яғни ақша шығынын
көбейтеді.
Ақпаратты жіберу және эволюциясы. CDMA бұл жерде де тиімдірек
GSM-ге қарағанда, ақпарат жіберу кезінде кедергіге қарсы тұра алады.
1. 1-к е с т е . GSM және CDMA кезеңдері
Кесте бойынша байқайтынымыз CDMA-450 стандарт ұялы байланыс
жүйесінде теориялық бақылау практикалық түрдегі жағдайды
қанағаттандырады.
GSM/2G-ден UMTS/3G-ге өту кезеңінде қызмет көрсету және финанстық
жағынан сенімді ақтай алмады. Ал CDMA EV-DO 1x/RevA Интернеттік қызмет
көрсету жағынан көбірек сұранысқа ие.
21
1. 4 CDMA-450 технологиясының қауіпсіздігі
Ұялы байланыс жүйесінде болатын алаяқтықпен күресу мақсатында
абонент аутентификациясына арналған криптоқорғау және өзге абоненттердің
тыңдауынан қорғау әдістері қолданылады. 3G PP2 жүйесінде қабылданып,
CDMA 2000 жүйелерінде жұмыс істейтін TIA/EIA-41 қауымдастығымен
ұсынылған қорғаныш схемасы
қорғанышты талап деңгейіне сай жүзеге
асыратын нақты және қосымша құралдардан құралады.
TIA/EIA - 41 қауымдастығының қорғаныш схемасы сервис- провайдерлер
арасында роумингті қамтамасыз ету үшін өңделген болатын. Осы схема
бақылауды үй жүйесінен жүзеге асыруды қамтамасыздандырады.
CDMA-450 абонентінің цифрлық аутентификациясы сауал - жауап
(challenge - response) протоколына негізделген: мобильді терминал қызметтерін
цифрлық түрде алу үшін абонент сауалға генерацияланған кездейсоқ
сандардардың негізінде жауап іздейді. Жауап мобильді телефон мен желіде
сақталған арнайы кілттің көмегімен есептелінеді. Бұл кілт 64-битті кездейсоқ
сан болып табылады және А [А-КЕУ] кілті деп аталады. Ол алдан ала мобильді
құрылғыға енгізіліп, абоненттердің қорғалатын жазулары бар аутентификация
орталығындағы [HLR/ АС] жүйдегі базада орналасады. Желі арқылы мобильді
құрылғыны тексеруі аутентификация маңызын құрайды.
1. 5 СDМА-450 технологиясының Қазақстан Республикасындағы
даму бағыттары
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасында СDМА-450 технологиясының
дамуын болжау өте қиын. Пессимистік және оптимистік екі полярлы жағдайды
қарастыруға болады.
СDМА-450 желісінің дамуы пессимистік түрде болғандықтан сәйкесінше
Қазақстанда дамуы баяу және ауыр болады. СDМА-450 технологиясының жаңа
терминалдары мен оператор қызметтерінің түсініксіздігі арқасында болатын
мәселелер бұл жүйенің тек GSM- операторлармен бәсекелесуге келетіндігімен
түсіндіреді. СDМА операторлары барлық аймақтарда сатылудың 10-15%
үлесін алуға мүмкіндігі болады және бұл аймақ көлеміне қарай қаржының 5-
10%-ын алуға үлесі бар.
Қазақстандық СDМА-450 технология
операторының табысты дамуы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz