Қашықтықтан оқыту ақпараттық жүйесін жасау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 106 бет
Таңдаулыға:   

6

7

8

Аңдатпа

Дипломдық жоба қазіргі уақыттың компьютерлік ақпараттық

технологиялар негізінде даму көкейкесті тақырыпқа -Web-технологиясында

«Қашықтықтан оқыту» ақпараттық жүйесін жасауға арналған.

Дипломдық жобада ақпараттық және телекоммуникациялық

технологиялар, олардың қолдану және даму перспективалары бойынша шолуы

берілген.

Жоба мәліметтері MySQL деректер қорын басқару жүйесі арқылы

басқарылады. Интерфейс PHP сценарилерді құру тілінде жасалған. Жоба

құжаттамаларының ішінен жобаның модельдік үлгісін бейнелейтін UML

диаграммаларды және жүйенің толық сипаттамасын табуға болады. Жоба

негізінен өзекті болып тұрған қажеттіліктерді қанағаттандыруға арналған.

Аннотация

Дипломный проект посвящен актуальной тематике современного развития

на базе компьютерных информационных технологий

-

разработке

информационной системы на примере Web-приложения «Дистанционное

обучение».

В дипломном проекте приведены обзор по информационным и

телекоммуникационным технологиям, перспективы их использования и

развития.

Данные проекта управляются через систему управления базами данных

MySQL. Интерфейс написан на языке сценариев PHP. В документации можно

найти UML диаграммы отображающие модель проекта, а также полное описание

проекта. Проект создан для восполнение актуальных нужд.

Annotation

The degree project is devoted to actual subjects of modern development on the

basis of computer information technologies - to development of information system on

an example of the Web-appendix «the Distance-learning».

In the degree project prospects of their use and development are resulted the

review on information and telecommunication technologies.

Are given the project cope through a control system of databases MySQL. The

interface is written in language of scripts PHP. In the documentation it is possible to

find UML diagrams displaying model of the project, and also the full description of the

project. The project is created for completion of actual needs.

9

Мазмұны

Кіріспе

1 Қашықтықтан оқыту мәселесінің қазіргі жағдайы

1. 1 Қашықтан оқытудың тұжырымдамалық негіздері

1. 2 Оқу Web-жобасын құру технологиясы

1. 3 Бағдарламалық құралдарды таңдау

1. 4 Диплом жобаға қойылатын талаптар

1. 5 Техникалық құралдар кешенін әзірлеу

1. 6 Есептеу техникасы мен есептеу желінің негізгі сипаттамасына

қойылатын талаптар

1. 7 Компьютерлік желіні құру принциптері

1. 8 Жергілікті компьютер желілерін топтамалау

1. 9 Желіаралық интерфейс құрылысы

1. 10 Техникалық құралдар кешенін әзірлеу

1. 11 Техникалық құралдарды таңдау

2 Жобалау бөлімі

2. 1 Ratіonal Rose аспабымен жұмыс

2. 2 Прецеденттер диаграммасы

2. 3 Тізбектер диаграммасы

2. 4 Кооперация диаграммасы

2. 5 Кластар диаграммасы

2. 6 Күй диаграммасы

3 Қолданбалы бөлім

3. 1 WEB - технологиясындағы қашықтықтан оқыту ақпараттық

жүйесін жасау

3. 2 Web-жобасындағы клиенттік сценарийлердің модуліне сипаттама

3. 3 Web-қосымшасының құрылымын жасау

3. 4 Бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау

3. 5 Пайдаланушыға нұсқаулық

3. 6 Желі администраторына нұсқаулық

4 Экономикалық бөлім

4. 1 Web-технологиядағы «қашықтықтан оқыту» интерактивті

ақпараттық жүйені әзірлеудің техникалық-экономикалық негіздемесі

4. 2 Экономикалық есептер

5 Еңбек қорғау бөлімі

5. 1 Қауіпті және зиянды факторларды талдау

5. 2 Қорғау шаралары

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

А қосымшасы

Ә қосымшасы

10

8

9

9

17

40

40

41

42

42

45

52

53

56

58

58

60

62

63

64

66

68

68

68

69

72

80

81

82

82

83

90

90

91

100

101

102

105

Кіріспе

Біз өмір сүріп жатқан заманның көптеген ерекшеліктері бар. Бұрынғы

күндерге қарағандағы ең басты айырмашылық, ол өтіп жатқан үрдістердің аса

шапшаңдылығы. Біз аз уақыт ішінде мүмкіндігінше ең көп нәтижелердіңсанына

қол жеткізгіміз келеді. Осыған бір дәлел ретінде қашықтықты түрде білім алудың

дамып келе жатқанын келтіруге болады. Сондықтан осы бір құбылысты дамыту

мақсатында мен өзімнің дипломдық жобамды жасап отырмын. Оның тақырыбы

Web-технологиясында “Қашықтықтан оқыту” ақпараттық жүйесін жасау. Білімді

осы түрде алудың дүниеге келу себебі - білім алуға мүмкіндігінше азырақ уақыт

бөлу және білім алу үрдісін өзіңнің қалауыңша қадағалау. Мысалы, біз білімді

дәстүрлі түрде алсақ, оған бөлек уақыт бөлу қажет, ал бұл уақытты сіз

орнатпайсыз. Ал жаңа технологиялардың көмегімен, дүниенің кез-келген

нүктесінен, күннің кез-келген мезгілінде өзіңізге қажетті білімді қабылдай

аласыз. Бұлкезде білім алу процесі түгелдей дерлік сіздің ыңғайыңызға сай

келтірілген. Бұл білім алу кезінде барлық параметрлерді өзіңіз бақылайсыз және

орнатасыз. Әрине соңғы келтірілген варианттың артықшылықтары айқын

байқалады.

Менің жүйемді қолдану үшін сізге компьютер (ноутбук) және интернетке

шығу мүмкіндігі болса болғаны. Қазір бұл құралдарды иелену қиын шаруа емес.

Сондықтан білім алуға барлық жеңілдіктер берілді деуге болады. Бұл

мүмкіндіктер интернеттің дамуының арасында пайда болып отыр. Адам өзінің

көптеген қажеттіліктерін интернет арқылы орындай алады. Неге осы

қызметтердің арасына білім алу үрдісін қоспасқа. Бұған қол жеткізу барысында

еш қиындықтар жоқ. Дүние жүзінде мұндай сайттардың саны өте көп, алайда

маған белгісіз жағдайларға байланысты бұл қызметті өзіміздің мемлекетімізде

алу қиын. Алайда болашақта бұл қателіктің орны толатынына кәміл сенемін.

Соның бастауы ретінде өзімнің жүйемді ұсынамын. Бұл қызмет әрине

жалқаулардың өмірін жеңілдету үшін пайда болған жоқ. Менің ойымша

мектептегі және университеттегі білім алуды ешқандай өзге құбылыстармен

алмастыруға болмайды. Бұл қызмет ең алдымен өз кәсіби деңгейін жоғарылатуға

тырысқан адамдарға арналып жасалған. Себебі бұл адамдар көбінесе жұмыс

істейді. Және осыған байланысты мамандық деңгейді көтеру барысында

көптеген кедергілер немесе қолайсыз жағдайлар пайда болады. Олардың уақыты

бүкіл күн бойы қатаң түрде анықталып қойған. Және бұл тізімге тағы қосымша

пункттерді қосудың қиыншылығы туралы айтпай-ақ қоюға болады.

Сондықтан жұмыс барысында немесе жұмыстан өзге уақытта, мысалы

кешке қарай өз үйіңізде отырып, интернетке қосылған компьютеріңіз арқылы

ақырындап өзіңізге қажетті білім деңгейін ала беруіңізге болады. Бұның сіздің

жұмыс берушіңізге де, сізге де өз септігін тигізері анық.

11

1 Қашықтықтан оқыту мәселесінің қазіргі жағдайы

1. 1

Қашықтықтан оқытудың тұжырымдамалық негіздері

Соңғы жылдары қашықтықтан оқыту (ҚО) компьютерлік

телекоммуникация базасында анағұрлым сенімді түрде өзін көрсетті және одан

әрі қолданыс құқын жеңіп алды.

Дәстүрлік жүйеге қарағанда, ҚО әрбір тыңдаушыға арналған жеке оқу

траекториясын құруға және осы үшін анағұрлым қолайлы және жайлы тәртіпте

құрылған ішкі және сыртқы ақпарат ортасына көңіл қоя отырып, одан өтуге

мүмкіндік береді. Бүгінгі күндері ҚО-дың мынандай түрлері бар: екі жақты

телетоптама бейне, оқу курстарын радио мен телевизиядан көрсетіп хабарлау,

оқу материалдарын баспаның, бейне және аудиотаспа, компьютерлік

бағдарламаның көмегі арқылы оқыту.

Күндізгі және қашықтықтан оқыту түрлерінің интеграциясы - 12 жылдық

мектептер үшін болашағы барынша шындыққа сай келеді. Сондықтан, ең

алдымен ұғымды нақты анықтап алудың маңызы зор. Негізінен, қашықтықтан

оқыту білім беру қызметінің кешені деп түсіндіріледі, ол тұтынушы үшін білім

беру мекемесінен кез-келген қашықтықта құрылған арнайы ақпараттық-білім

беру ортасының көмегі арқылы беріледі. Яғни, ҚО - оқытушы мен оқушы

кеңістік арқылы бөлінген, қашықтықта оқыту.

1. 1. 1 Қашықтықтан оқыту және білім беру туралы ұғым. Қашықтықтан

оқыту мен білім беру туралы айта отырып, ол екеуінің арасында белгілі бір

айырмашылық жүргізу керек. Оқыту - бұл мақсатқа сай бағытталған, жүйелі

түрде ұйымдастырылған біліммен, ептілікпен және дағдымен қаруландыратын

үдеріс, ал білім беру - бұл оқыту қорытындысы, жеке тұлғаны тәрбиелеу және

оны дамыту.

Қашықтықтан оқыту (ҚО) күндізгі және сырттай оқумен қатар білім алу

түрі болып табылады, мұндай кезде білім беру үдерісінде компьютерлік және

телекоммуникация технологиясында негізделген ең үздік дәстүрлі және

жаңартпалық әдістер, оқу құралдары мен түрлері қолданылады.

ҚО кезінде оқушының мақсатқа сай бағытталған және бақыланатын

қарқынды жеке жұмысы білім беру негізін құрайды, оның арнайы оқу

құралдарының жиынтығы мен оқытушымен, телефонмен, электронды және

қарапайым пошта арқылы, сондай-ақ күнделікті хабарласуға келісілген

мүмкіндігі бола тұра, өзіне қолайлы уақытта жеке кесте бойынша оқуына болады

[1] .

ҚО оқыту объектілері мен субъектілерінің арасындағы және оқу

құралдарымен өзара әрекетінің мақсатқа сай бағытталған интерактивті,

асинхронды үдерісін көрсетеді, мұнда оқу үдерісі қашықтықта орналасуына

индифферентті болып табылады. ҚО білім беру жүйесінде гуманистік принципке

12

жауап береді, осыған сәйкес жоқшылықтың, географиялық немесе уақытша

оқшаулану, әлеуметтік қорғалмау, өндірістік және жеке жұмысынан босай алмау

немесе физикалық кемшіліктер салдарынан білім беру мекемелеріне барып оқу

мүмкіндігінен ешбір адам айырылмайды. Басқа білім беру түрлерінің ең жақсы

жақтарын таңдай отырып, ҚО - болашағы зор, синтетикалық, гуманистикалық

және интегралдық білім алу түрі болып табылады.

Түрі жағынан күндізгі және сырттай білім беру аралығында орын ала

отырып, қашықтықтан оқыту алғашқы екеуіне ұқсамайтын мүлде ерекше

құбылыс. Арнайы әзірленген мұқаба жеке оқуға, оқу жоспарына сәйкес барлық

ақпараттық қолдауды, тестілеуге, өз бетінше тест өткізуге, қорытынды бақылау

іс-шараларының жүйесін және т. б. қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін

құралдардың толық жиынтығын қамтамасыз етуі тиіс. Бұл үшін, құрылған

компьютерлік технологияның әртүрлілігін ескерсек, онда құралдар жеткілікті.

Бұл жерде тәсілдерді стандарттау қажеттілігінің де аз уақытта туындайтындығы

белгілі.

Бұдан әрі, қашықтықтан оқытуды білім берудің жаңа түрі ретінде айтып,

қонымды қорытынды жасайтын болсақ, онда бұл жүйеде оқытушы мен

оқушыдан басқа оқулық, оқу құралдары, яғни осы жүйенің құрамдас бөлігі

ретінде оқыту құралдары болуы тиіс. Осыдан қашықтықтан оқыту жүйесі үшін

арнайы курстар (оқулықтар) дайындауға күрделі де ғылыми көзқарастың

қажеттілігі туындайды. Шынында да, бұл жағдайда негізінен электронды,

бірінші кезекте желілік оқыту құралдары туралы сөз болып отыр. Сонымен,

айтылған түйіндер қашықтықтан оқыту технологиясын таңдау кезінде зор ықпал

етеді. Сөйтсе де, мұнда күндізгі оқу түрін қашықтықтан оқытуға ауыстыру

туралы емес, белгілі бір жағдайда пайдалануға болатын басқа оқу түрі туралы

сөз болып отыр. Бұл базалық немесе тереңдетілген, жан-жақты тереңдетілген

деңгей немесе қосымша білім беру болуы мүмкін.

ҚО білім берудің басқа құралдарын, әдістерін, ұйымдастыру түрлерін,

оқушы мен оқытушы арасындағы өзара әрекеттің басқа түрлерін көрсетеді.

Сонымен қатар, кез-келген оқу түрлері сияқты, оның да құрамдас бөлігі сондай:

барлық оқу түрлеріне арналған әлеуметтік тапсырыспен негізделген мақсаты;

көптеген жерде анықталған, оқу орындарының нақты бір типтеріне арналған

бағдарламалармен қолданылатын әдістер мазмұны; ұйымдастыру түрлері; оқу

құралдары.

Сондай-ақ, білім беруді жүйе және үдеріс ретінде қарасақ, онда «оқу-

тәрбие жүйесі» және «оқу-тәрбие үдерісі» ұғымдарын ажырата білген жөн.

Біріншісі, ғылыми және технологиялық жобалауды әзірлеу мен құрастыру

тәртібіне байланысты. Екіншісі - дайындалған жүйені оқу мен тәрбие берудегі

нақты тәжірибеде пайдалануға байланысты. Оқыту үдерісі оқу-тәрбие үдерісінің

мәні болып табылады, ол бірінші кезекте, өз ұйымындағы интерактивтілігімен,

13

яғни оқушы мен оқытушының және оқушылардың өзара әрекет етуімен

сипатталады.

Демек, қашықтықтан оқыту үдерісі туралы айтқан кезде бұл үдеріске

қатысатын оқушы мен оқытушының, олардың қарым-қатынаста болуын шамалап

айтамыз. Мұнда қашықтықтан оқытудың бейнетаспадағы автономды

курстармен, телеарна мен радио курстарымен, компьютер бағдарламаларымен,

компакт-дискілердегі бағдарламалармен жұмыс кезінде болатын жүйе мен өз

бетінше білім алу бағдарламасынан принциптік айырмашылығы,

тұжырымдамалық өзгешелігі келтірілген. Осы қатарда оқушы мен оқытушы

арасындағы өзара әрекеттер қарастырылмаған желілік бағдарлама, курстар және

т. б. негізінде өз бетінше білім алу үдерісін қарастыру керек. Мұндай жағдайда

«қашықтықтан» терминін қолдану дұрыс болмайды, себебі, әртүрлі түрдегі

ақпараттық-білім беру қорларымен және бағдарламамен оқитын кез-келген

оқушының өз бетінше жұмысы туралы (бұл сөздің кең ұғымдағы түсінігі) сөз

болып отыр. Қашықтық деген ұғым оқушы мен оқытушы өзара белгілі бір ара

қашықтықпен бөлінген және оқу үдерісіне өзара қарым-қатынастың ерекше

нысанын енгізетін оқу түріне қолданылады [1] .

Қашықтықтан оқыту, кейбір авторлардың айтуынша, сырттай оқыту

элементтерін, сонымен қатар қосымша ақпарат беру қызметін көрсеткені үшін

төлем төленетін жағдайларды ауыстыру (тапсырманы қайта жіберу және т. б. )

негізінде оқу әдістемелеріне жатқызылады.

Бірақ, сырттай оқуды қашықтықтан оқытумен шатастыруға болмайды,

себебі, қашықтықтан оқыту кезінде, оқушы мен оқытушы арасында ғана емес,

сондай-ақ оқытудың негізгі мазмұны қай түрінде орналасқандығына қарамастан

(желіде немесе CD-дискіде) оқушылар арасындағы жүйелі және тиімді

интерактивтендіру қамтамасыз етіледі. Өзара әрекет ету компьютерлік

телекоммуникация негізінде жүзеге асырылады. Мұнда оқу-тәрбие үдерісінің

барлық белгілері (мұғалім, оқулық, оқу құралы, тиісті оқыту әдісі және

ұйымдастыру түрлері) беріледі, сырттай оқу түрі туралы айтуға болмайды.

Қазіргі уақытта өз бетінше жұмыс істеу түрлеріне қойылатын екпін

қашықтықтан ғана емес, сырттай және күндізгі оқу түрлеріне де басымды деп

есептеледі. Бұрын әрекет еткен, мәні жағынан сырттай оқытатын ашық

университеттер қазіргі уақытта қашықтықтан оқыту түріне көп көңіл бөледі.

Сондықтан,

біз қашықтықтан оқытуды жаңа оқу түрі ретінде

қарастырамыз, қашықтықтан оқыту (білім беру қорытындысы, жүйе ретінде) -

білім берудің жаңа түрі. Осыдан, жаңа оқу түрі басқа оқу түрлері мен жүйесінен

оқшау және толығымен автономды болуы мүмкін емес екендігін атап өткен

дұрыс. Қашықтықтан оқыту мазмұны бірдей күндізгі оқу түрі сияқты (егер ол

тиісті білім беру бағдарламасы бойынша құрылса) мақсаттарға сәйкес құрылады.

Бірақ, оқушы мен оқытушы арасындағы материал беру, өзара қарым-қатынас

түрлері басқаша болады.

14

ҚО ақпараттық жүйесін әзірлеу және жасау жаңа оқу құралдарын құруға

қарағанда күрделірек. Себебі, бұл жүйе жаңа ақпараттық ортадағы мұғалім және

оқушының арасындағы іс-қимылын нақты зерттеліп құрылады. Оқыту үдерісі

әзірленген жүйенің оқушы мен оқытушының бірлескен жұмысында

пайдаланылуын қарастырады.

Жоғарыда айтылғандарды қарастыра отырып, жеке жоғары оқу орындары,

мектептер, білім беру серверлерінің талпыныстарын, әзірленген дәстүрлі

курстарды электронды түрге ауыстыру және оларды электронды пошта арқылы

тұтынушыларға қайта жіберілетіндігін атап өткен дұрыс. Мұндай

ұйымдастыруды қашықтықтан оқыту деп айтуға болмайды, себебі, алдында

болғандай, оқыту телевизиясы, радионы пайдаланған кезде дидактикалық

құрамы мен компьютерлік телекоммуникация қызметі, бірінші кезекте, оның

интерактивтігі, ең бастысы, оқу үдерісінің дидактикалық маңызы ескерілмейді.

Педагогикалық жобалау кезеңін айта отырып, қашықтықтан оқытудың

жетістіктері көбіне оқу материалдарын ұйымдастыруға байланысты. Егер курс

(электронды оқулық) шынымен оқуға, яғни оқушы мен оқытушының өзара

әрекетіне арналған болса, онда осындай курсты ұйымдастыруға қойылатын

талаптар, мазмұнын таңдау және оны ұйымдастыру принциптері, материалдарды

құрылымдау олардың өзара әрекет ету ерекшеліктерімен анықталады. Курс өз

бетінше оқуға (мұндай курстар Интернет серверінде жиі кездеседі) арналған

болса, онда материал таңдау және құрылымдау, ұйымдастыру басқаша болады.

Қашықтықтан оқытудың қандай курстары талап етілетіндігін білген өте

маңызды. Осындай мақсатқа бұл курстардың нақты ойластырылған

типологиясын білу қажет. Мұндай типологияны әртүрлі белгілеріне қарай

жүргізуге болады: оқыту мақсаты бойынша; оқу пәндеріне қарай; пән саласының

ерекшеліктері бойынша; оқушылардың дайындық деңгейіне қарай; оқушылар

жасының бағдары және пайдаланылатын технологиялық база және т. б. бойынша.

Әрине, курстарды әзірлеу кезінде әлеуметті оқушылардың жасына нақты

бағдарлауды ескеру қажет. Курсты баяндау, көркемдеу стилі, мазмұнын,

тапсырманы таңдау, оқу үдерісінің барлық ұйымдасуы оқушылар жасының

ерекшеліктерімен анықталады.

«Қашықтықтан оқыту» терминін пайдалану осы бірыңғай екі қызметке тән

негізгі белгілерін айқын көрсетеді, атап айтқанда, бағдарламамен ғана емес,

мұғаліммен және басқа оқушылармен интерактивті өзара қарым-қатынас.

ҚО-дың кез-келген түрінің тиімділігі төмендегі құрамдармен анықталады:

- нақты ара қашықтықта бөлінген оқытушы мен оқушының өзара тиімді

әрекет етуін ұйымдастыру;

- қолданылатын білім беру технологиясының сапасы;

- оқу материалдарын құрылымдық ұйымдастыруы;

- әзірленген әдістемелік материалдардың, оларды жеткізу тәсілдері мен

іске асыру әдістерінің тиімділігі;

15

- кері байланыс пен білімді бақылау жүйесінің тиімділігі.

Кері байланыс жүйесінде оқу үдерісін ұйымдастыру 1. 1-суреттегі тәсілде

көрсетілген. Кері байланыс бақылау кезінде ғана емес, білімді меңгеру

үдерісінде жүзеге асады, ол оқушыларға осы үдерістің барысы туралы

объективті деректер береді. ҚО жүйесінің мақсатты параметрлеріне мыналар

жатады: дәстүрлі білім беру жүйесімен салыстырғанда бір оқушыға шығатын

үлес шығынын қысқарту; оқуға берілген мүмкіндіктерді шамамен жылына 1, 5

млн. адамға көбейту. Басқаруға жатпайтын параметрлерге мыналар жатады: оқу

жабдығының сипаттамасы мен оның құны; нақты бір әлеуметтік топқа жататын

азаматтардың өмір сүру деңгейі; оқушылар мен басқаларға оқу құралдарын

жеткізу үшін техникалық құралдардың сипаттамасы мен құны.

Қашықтықтан


Қашықтықтан

білім беру

қорлары

білім беру

құралдары

Білім беру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қашықтықтан оқыту бойынша оқытушылардың кәсіби құзырлылығын қалыптастырудың теориялық және әдіснамалық негіздері
Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары
Қашықтық оқыту технологиялары
ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖЕТІЛДІРУ
Қашықтықтан оқыту технологиялары
Жаңа ақпараттық коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие үрдісіне ендіру
Қашықтықтан оқыту жүйесі
Шетел тілін қашықтықтан оқыту технологиясы
Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары. Кезеңдеп оқыту технологиясы
Инновациялық технологиялар негізінде қашықтықтан оқыту жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz