Кең жолақты сымсыз байланыс


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

7

8

9

10

АННОТАЦИЯ

В данном дипломном проекте рассмотрены особенности развития

технологий широкополосной беспроводной связи, характеристики

технологии WiBAS, а так же радио-частотное планирование.

В расчетной части проекта были рассчитаны максимальное расстояние

между базовой станции (БС) и абонентской станции (АС) сети

радиодоступа, мощность полезного сигнала на входе приемника, РРЛ прямой

видимости.

В экономической части был определен срок окупаемости и

целесообразности проекта.

В проекте рассмотрены вопросы о безопасности жизнедеятельности, в

том числе кондиционирования на рабочем месте.

АҢДАТПА

Берілген дипломдық жобада кең жолақты сымсыз байланыс

технологиясының даму ерекшеліктері, WiBAS жүйесінің сипаттамалары

және де радио-желілік жобалау сипаттамалары келтірілген.

Жобаның есептеу бөлімінде радиобайланыс жүйесінің базалық

станцияның (БС) және абоненттік станцияның (АС) арасындағы максималды

арақашықтық, қабылдағыш кірісіндегі пайдалы сигналдың қуаты, тура көру

мүмкіндігі бар РРЛ есептелініп, талдау жасау қарастырылған.

Экономикалық бөлімде жобаның мақсаты мен өзін - өзі ақтау мерзімі

көрсетілген.

Жобада, сондай-ақ, өміртіршілік қауіпсіздігі мәселелері, артық

жылуды жою үшін қажетті ауа алмастыруды есептеу қарастырылған.

ABSTRACT

In this diploma thesis is the features of the development of technology of

broadband wireless, technology characteristics WiBAS, as well as radio frequency

planning .

11

The calculated part of the project we can see maximum distance between the

base station (BS ) and radio access network of the subscriber station (SS ), the

power of the desired signal at the receiver input and the RRL line of sight.

In the economic part was determined payback period and the feasibility of

the project.

The project examines questions about the safety of life, including air-

conditioning in the workplace.

12

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

7

1 WІBAS ТЕХНОЛОГИЯСЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ

1. 1 Кең жолақты сымсыз байланыс технологиясының даму

ерекшеліктері

1. 2 Қарағанды қаласындағы желіні талдау

1. 3 WiBAS жүйесінің сипаттамалары

1. 4 Негізгі стандарттары

1. 5 Желі архитектурасы

1. 6 Техникалық сипаттамалары

1. 7 Радио-желілік жобалау

1. 8 WiBAS технологиясын жобалау үшін құрылғы таңдау

2 WІBAS-2Х ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ПАРАМЕТРЛЕРІН

ЕСЕПТЕУ

2. 1 Радиобайланыс жүйесінің базалық станцияның (БС) және

абоненттік станцияның (АС) арасындағы максималды арақашықтықты

есептеу

2. 2 Қабылдағыш кірісіндегі пайдалы сигналдың қуатын есептеу

2. 3 Тура көру мүмкіндігі бар РРЛ есептеу

3 БИЗНЕС - ЖОСПАР

3. 1 Түйін

3. 2 Компания және сала

3. 3 Қызметтерді (өнімдерді) бейнелеп жазу

3. 4 Нарықтық өтімді талдау. Нарық қызметтерін зерттеу

3. 5 Менеджмент

3. 6 Маркетинг стратегиясы

3. 7 Қаражаттық жоспар

3. 8 Табысты есептеу

3. 9 Пайдалану шығындары

3. 10 Экономикалық тиімділіктің көрсеткішін есептеу

4 ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

4. 1 Антенна-діңгекті ғимараттарда жұмыс барысында қауіпсіздік

ережелері

4. 2 Найзағайдан қорғану

4. 3 Электр - қорғаныс

4. 4 Өрттің пайда болу көздерін талдау және өртке қарсы техниканы

тиімді таңдау

4. 5 Жайлы микроклиматты құру бойынша шаралар.

4. 6 Ауа алмасу

4. 7 Артық жылуды жою үшін қажетті ауа алмастыруды есептеу

ҚОРЫТЫНДЫ

Әдебиеттер тізімі

13

8

8

9

10

13

17

19

21

21

30

30

37

38

48

48

49

49

50

50

51

51

52

54

58

60

60

61

62

62

63

64

65

69

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда телекоммуникациялық байланыстың көпшілігі бір-біріне

тәуелсіз желілер арқылы іске асырылады. Соған қарамастан, сигналдың

цифрлық түрленуінің заманауи әдістері ақпараттық ағынның барлық түрін

біркелкі ағынға түрлендіре отырып байланыстың кең жолақты желілері

арқылы тасымалдауға мүмкіндік береді. Уақыттың бір мезетінде

пайдаланушыға байланыстың заман талабына сай бірнеше қызмет түрін

көрсету кең жолақты байланыс желілерін құруды талап етеді. Алайда, бұл

мәселе жаңа кабельдерді төсеуді қажет етеді. Осы жағдайдың ең дұрыс

шешімі болып сымсыз кең жолақты байланыс жүйелерін пайдалану болып

табылады. Ұялы кең жолақты байланыс, мультимедиалық қызмет көрсетулер

мен радиоинтерфейс саласындағы жаңа пайдаланымдар (HSPA+, LTE, Mobile

WiMAX, CDMA EV-DO және т. б. ) жылдамдықтың жоғарылатуы мен сымсыз

байланыс сенімділігін арттыруды талап етеді. Оператор үшін ең оңтайлы

шешім WiBAS болып табылады.

WiBAS операторлық класының платформасы оператор үшін абоненттік

байланысты орнату мен трафикті тарату аймағындағы бүгінгі таңдағы,

сондай-ақ келешекте қойылатын талаптардың бәріне жауап бере алатын

сапалы әрі экономикалық жағынан тиімді сымсыз кең жолақты

инфрақұрылымды орнатуға мүмкіндік береді. Жаңа сымсыз технологияларды

қолдану мен жоғары деңгейлі өнімділік арқасында WiBAS өнімінің

топтамасы талғағыш тапсырыс берушілер үшін инвестициялық дұрыс шешім

болып табылады.

Дипломдық жобада Қарағанды қаласында VIP клиенттер үшін WiBAS

технологиясының негізінде кең жолақты сымсыз байланысты ұйымдастыру

мәселесі қаратырылды.

Дипломдық жоба мақсаты: WiBAS технологиясының негізінде кең

жолақты сымсыз байланысты ұйымдастырудың ерекшеліктерін,

экономикалық тиімділігін, өміртіршілік қауіпсіздік жағдайын қарастырып,

талдау жасау.

14

1 WIBAS ТЕХНОЛОГИЯСЫНА ЖАЛПЫ ШОЛУ

1. 1 Кең

жолақты

сымсыз

байланыс

технологиясының

даму

ерекшеліктері

Кең жолақты байланыс - жиіліктің кең диапазонында сигналдардың

таралуының әдісі. "Кең жолақты" термині ретінде уақыттың бір мезетінде екі

немесе одан да көп сигнал санын тарататын байланыс түрлері түсіндіріледі.

Уақыттың бір мезетінде екі немес одан да көп сигнал санын тарату

барысында тарату жылдамдығы артады.

Сымды байланыспен салыстырғанда кең жолақты байланыстың

артықшылықтары өте көп. Біріншіден, кең жолақты байланыс жылдам

ұңғыланады. Екіншіден, өткізу жолағының үнемі өзгеріп отыратын

талаптарына сай өзгеруге икемді.

Заманауи телекоммуникациялық нарықта кеңжолақты сымсыз

байланыс құралдарының дамуына ықпал ететін негізгі үш себеп бар:

− 3G/4G технологияларына өту;

Тұтынушыларға жедел және экономикалық тұрғыдан тиімді

қызмет көрсетуді көздеген жаңа операторлардың көбеюі;

− Қызмет көрсету аймақтарында кеңжолақты байланыстың

ұйымдастыруының қажеттілігі.

Көптеген мемлекеттерде телекоммуникациялық нарыққа әсер ететін

заң бойынша шек қоюлардың азаюына байланысты телекоммуникациялық

компаниялар дәстүрлі операторлармен ұтымды бәсекелестікке түсу үшін

жаңа әрі экономикалық тұрғыдан үнемді желілерді тұрғызуда. Дамушы елдер

мен аймақтарда желілерді басынан бастап тұрғызу керек болса, дамыған

елдердің көптеген аймақтарында кең жолақты байланысты орнату үшін

инфрақұрылымының даму дәрежесі жеткіліксіз.

Сымсыз байланыс жүйелері нарықтың кез келген талабына жауап бере

алады. Бүгінгі таңда сымсыз желіні тұрғызу басқа желілерге қарағанда

әлдеқайда жылдам әрі арзанырақ.

WiBAS - бұл дүниежүзілік технология болып табылатын IEEE 802. 16

стандарты негізінде жасалынған экономикалық тиімді, сапасы жоғары

кешенді шешім.

WiBAS технологиясы оператор үшін жаңа табыс көзіне айналатын

жоғарғы өнімді және кешенді транспорттық шешім болым табылады. Жүйе

ұялы байланыс операторларының нақты қажеттіліктерін қанағаттандыра

отырып, 2G және 3G желілерімен біріктіріледі. Сондай-ақ транспорттық

желі мен экономикалық эффктивті әрі сенімді желі тұрғызуға мүмкіндік

береді.

15

1. 2 Қарағанды қаласындағы желіні талдау

Қарағанды қаласы облыстың ірі индустриалды-өнеркәсіпті, ғылыми

және мәдени орталығы болып табылады. Қала аумағы 543, 3 шаршы

километрге тең. Қала халқының саны 479 211 адамды құрады.

Қалада 97 жалпы білім беру мектептері, 39 мектепке дейінгі тәлім беру

орталықтары, 10 техникалық мектеп, 12 колледж, 15 ЖОО, 92 емхана, 236

мемлекеттік мекемелер, мыңға жуық агенттіктер жұмыс істейді. Сонымен

қатар әрқайсысы 30-ға жуық филиалдан тұратын 155 банктік мекемелер бар.

Қалада экономикалық өнеркәсіп өте жоғары дамыған және де сапалы әрі

экономикалық жағынан тиімді байланыстың орнатылуын қажет етеді. Осы

жағдайларға сүйене отырып, технологияны орнату өз шығындарының орнын

тиімді жабады деген шешім жасауға болады.

Жоғары атап өтілген өнеркәсіп орындарына, банктерге, агенттіктерге

және тағы да басқа корпоративті клиенттерге жоғары жылдамдықты әрі

сенімді байланысқа қол жеткізу керек. Бқл жағдайда WiBAS жүйелері

клиенттерге келесі қызмет көрсету түрлеріне қол жеткізуге мүмкіндік береді:

− Интернетке кеңжолақты байланыс орнату;

− Корпоративті желілер ұйымдастыру;

− Дәстүрлі байланыс орнату (телефония) ;

− IP көмегімен мультимедиалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету;

− VoIP дауысты қызмет көрсетуді қамтамасыз ету.

1. 1 Сурет − Қарағанды қаласында WiBAS технологиясының негізінде сымсыз

кең жолақты байланысты орнату үлгісі.

16

1. 3 WiBAS жүйесінің сипаттамалары

WiBAS (Wireless INTRACOM Broadband Access Systems) - бұл

дүниежүзілік технология болып табылатын IEEE 802. 16 стандарты негізінде

жасалынған экономикалық тиімді, сапасы жоғары кешенді шешім.

WiBAS жүйелерінде қолданушыға көрсетілетін қызмет түрлерінің

(QoS) жоғары сапасы мен кепілді сенімділігін қамтамасыз ету үшін, сондай -

ақ операторға SLA ұсынуға мүмкіндік беретін барлық механизм түрлері

қолданылады.

Пакеттік коммутация, модуляцияның адаптивті сұлбалары, адаптивті

қуат бақылауы, спектрді пайдаланудың жоғарғы тиімділігі, қателерді

түзетудің алдын - ала ескертпелері, қызмет көрсету (QoS) класы мен сапасы,

сондай - ақ қауіпсіздігі WiBAS технологиясының негізі болып табылады.

WiBAS жүйесі бүгінгі таңдағы өзекті мәселе болып табылады NGN

желілің стандартына өтуді қамтамасыз етуге, тіркелген және ұялы байланыс

(FMC) конвергенциясын іске асыруға сай келеді. WiBAS экологиялық

тұрғыдан зиянсыз, мықты ядролы және тарату технологияларын

пайдаланатын құралдардың керемет мүмкіншіліктері негізінде құрылған.

Осыған орай, ол - түрлі бизнес - модельдерді қамтамасыз ету үшін пайдалы

шешімдердің кешенін қажет ететін оператор үшін ең оңтайлы шешім болып

табылады.

WiBAS - келесі ұрпақтың LMDS жүйесі. 26 ГГц және 28 ГГц жиілік

жолағында жұмыс істейді. Сондай-ақ радиобайланыстың тамаша

сипаттамаларын көрсетіп, 134. 4 Мбит/с жоғарғы өткізу қабілетіне ие.

WiBAS технологиясы оператор үшін жаңа табыс көзіне айналатын

жоғарғы өнімді және кешенді транспорттық шешім болым табылады. жүйе

ұялы байланыс операторларының нақты қажеттіліктерін қанағаттандыра

отырып 2G және 3G желілерімен біріктіріледі. Сондай-ақ транспорттық желі

мен экономикалық эффктивті әрі сенімді желі тұрғызуға мүмкіндік береді

WiBAS жүйесі заманауи телекоммуникациялық ортаның дамуының екі

негізгі бағытында пайдалануға арналған:

− Келесі ұрпақтың байланыс желілеріне (NGN) өту;

− Тіркелген және ұялы байланыс (FMC) конвергерциясы.

NGN - ге өту немесе дәстүрлі телефонды желінің IMS/SIP

протоколдарын пайдаланатын IP- инфрақұрылымына өту көптеген елдерде

қарқынды дамып келеді.

Шоғырлану үрдісінде ықшамдау қажеттілігі FMC конвергенции үшін

алғышарт болып табылады. Тұтынушылар көптеген қызмет көрсету түрлерін,

провайдерлердің қызмет көрсетуін пайдалануды қажет етпейді, және де

телекоммуникациялық салалар мұны ескеруі тиіс.

WiBAS жүйелері операторларға бұл мәселені сәтті шешуге мүмкіндік

береді. Тіркелген және ұялы байланыс қызмет көрсету мүмкіндіктеріне қол

жеткізе отырып, NGN желілері мен дәстүрлі желілердің талаптарына жауап

17

бере отырып, WiBAS жүйелері қазіргі оператор жағдайынан келешекке

жоғары дәрежеде өтуді қамтамасы етеді.

1. 3. 1 WiBAS технологиясының ерекшеліктері

Басты артықшылықтары:

− Шығындарды 60% -ға дейін үнемдейді;

− Корпоративті тұтынушылардың сұранысын қанағаттандыру үшін

техникалық демеуге деген сан алуан талаптарды

(жылдамдық/қолжетімділік/сапа) қамтамасыз етеді;

− Желіні модернизациялау мен өрістету барысында операторлардың

капиталды мен операционды шығындарын әлдеқайда төмендетуді

қамтамасыз етеді:

− Өнімнің бүкіл өмірлік тұтыну циклына берілетін бір реттік

лицензия;

− Желілік қорларды дұрыс қолдану.

WiBAS жоғары өнімділікті қамтамасы етеді және де операторға келесі

мүмкіндіктерге қол жеткзуге көмектеседі:

− Саладағы ең жоғарғы жылдамдық (157 Мб/с) ;

− IP, TDM және ATM трафиктерін тұтастандыратын, пакетті және

дәстүрлі қызмет көрсетуді оңтайлы басқаратын мультисервисті платформа;

− Терминалды станциялардың ыңғайлы конфигурациясы;

− Терминалды станция порттарының жоғары өткізу қабілеттілігі: 8Е1,

4 Ethernet 100 Мб/с, 1 Гб Ethernet (оптикалық және энергетикалық) ;

− Жүйенің жоғары өнімділігі, QoS толық қолдау және де тұтынушыға

сенімді әрі үзіліссіз қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін операторлық

класстың қорғаныс механизмдері;

− Мықты өзек, яғни адаптивті модуялция, өткізу жолағының

динамикалық бөлінуі;

− Тұрақты мультиплексирлеу, FEC және т. б. ;

− Инфрақұрылыммен толық интеграциясын қамтамасыз ету үшін

түрлі желі интерфейстерін қолдау;

− Базалық және терминалдық станцияларда орнатуды жеңілдететін

шағын, энерго - тиімді, жеңіл әрі жоғарғы кұшейту коэффициентіне ие

антенналардан тұратын сыртқы блоктардың толық кешені;

− Кең жабу аймағы;

− Орнатудың түрлі әдістері;

− Өте шағын ішкі блок (мөлшері бар болғаны 1RU) . Ол 4 секторға

дейін түрлі қорғалған (2+2) немесе қорғалмаған (4+0) конфигурациялардан

тұрады;

− Тұтынушыға қызмет көрсетуге кепіл беретін QoS Ethernet заманауи

механизмдері.

18

1. 3. 2 Қолданылуы

Ұялы операторлардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін WiBAS-

дың ұсынылу себептері:

− Құрал - жабдықтардың аз мөлшерін қажет ету - бір базалық станция

бірнеше терминалдарға жұмыс істей алады;

− CapEx және OpEx тиімділік, яғни құрал - жабдықтар неғұрлым

азырақ болса, технологияны орнату жұмыстарына соғұрлым азырақ

шығындар жұмсалады;

− "Жасыл технологиялар" - құралдардың аз мөлшерде энергияны

пайдалануы;

− Масштабты және кеңейтілген шешім - желіні кеңейту үшін тек

терминалды станцияны қосу ғана қажет етіледі;

− Түрлі мәселелерді шешу - транспортты желі үшін де корпоративті

тұтынушы үшін де бір ғана құрал қажет етіледі;

− Сенімділік - бас тарту нүктелерінің санының азаюы - сенімділіктік

операторлық класы.

− 1. 2 Сурет − Корпоративті клиенттер үшін кең жолақты сымсыз

байланысты ұйымдастыру

WiBAS Интернет - провайдерлері мен ұялы/тіркелген байланыс

операторы үшін сымсыз кеңжолақты байланысты орнату үшін ең оңтайлы

шешім болып табылады. Сондай - ақ IP негізінде келесідей корпоративті

клиенттер үшін заманауи қызмет көрсетуге мүмкіндік береді:

− Көптеген филиалдар мен офистерден тұратын корпоративті

клиенттер;

19

Өндіріс зоналарындағы корпоративті клиенттер;

Оқу орындары, студенттік кампустар;

Жеке желілер (бастапқы немесе резервті) ;

Банктер/банкоматтар/филиалдар;

Қалалардағы мемлекеттік мекемелер;

Байланысты қажет ететін кез келген басқа да мекемелер;

IP негізіндегі басқа да қосымшалар (камералар, телеметрия және

т. б. ) ;

− Трафикті тарату басқа тәсілмен жүзеге асу мүмкіншілігі жоқ,

желілік инфрақұрылымы жоқ аудандар.

1. 4 Негізгі стандарттары

1. 4. 1 WiBAS-2X

WiBAS-2X платформасы - корпоративті клиенттер үшін жоғарғы

жылдамдықты таратуға қол жеткізуге арналған "нүкте-көпнүкте" типті

тіркелген сымсыз кең жолақты байланысты орнатуға арналған жүйе (1. 3

сурет) .

Бұл технология басқа байланыс технологияларымен салыстырғанда

тура көру мүмкіншілігі жоқ кезде де үлкен арақашықтықта жоғарғы

жылдамдықты байланысты қамтамасыз ететін IEEE 802. 16 хаттама негізінде

жасалынған. Технология кез келген ортада, тіпті тығыз орналасқан қала

жағдайында да жоғарғы жылдамдықты тарату мен жоғарғы сапалы

байланысты қамтамасыз ете отырып жұмыс істейді.

1. 3 Сурет − WiBAS-2X жүйесі

Сымсыз кең жолақты байланыстың жаңа ұрпағының жүйесі мәлімет

таратудың пакетті технологиясы негізінде базалық станциядан 5 км жабу

аймағымен монопольді режимде клиент жылдамдығын 135 Мбит/с - ке

дейінгі жылдамдықты қамтамасыз етеді.

WiBAS -2Х жүйелері тіркелген сымсыз кең жолақты байланыс

аймағында заманауи шешім болып табылады.

20

Ерекшеліктері:

− 26 ГГц және 28 ГГц жиілік диапазондарында жұмыс істейді;

− 14 / 28 МГц арна жолағына ие;

− Мультисервистік жүйе (IP, TDM, ATM қызметтерін қамтамасыз

ету) ;

− Көрсетілетін қызметтердің (QoS) сапасы мен жәктелуін толық

қолдау;

− Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мен қорғаныстың заманауи әдістері;

− SNMP хаттама негізінде S басқару;

− CAPEX және OPEX қысқартылуына мүмкіндік беретін желінің

қарапайым сұлбасы;

− Технологияны пакеттер коммутациясымен қолдану статистикалық

мультиплексирлеудің негізінде өткізу жолағын пайдаланулың максималды

тиімділігін қамтамасыз етеді;

− Квадраттық амплитудалық модуляциялы (64QAM, 16QAM, 4QAM)

және FEC- кодировкалы (каскадирлау RS + ішкі код) PHY адаптивті режимі

абсолютті сенімді байланыс пен абоненттерді оңтайлы жабу аймағын

қамтамасыз етеді;

− Жоғарғы спектралды тиімділік (4. 8 бит/сек/Гц) ;

WiBAS-2X қалалық ортада, интенсивті трафикті сымсыз кең жолақты

байланысты қолдану үшін, сондай - ақ ауқымды географиялық зоналарда

операторлық классты кең жолақты байланыс орнатуды көздеген операторлар

үшін жасалынған. WiBAS-2X корпоративті клиенттер үшін байланыс

қызметін көрсету, сонымен қатар 2G және 3G, WiMAX сияқты қазіргі

таңдағы байланыс желілері мен дамушы транспортты ұйымдастыру үшін ең

оңтайлы шешім болып табылады.

WiBAS - 2Х келесі мәселелер үшін оңтайлы шешім болып табылады:

− Келесі ұрпақтың байланыс желілеріне (NGN) өту;

− Тіркелген және ұялы байланыс (FMC - Fixed Mobile Convergence)

конвергерциясы.

Ұялы

байланыс операторларының ойынша, "нүкте-көпнүкте"

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Сымсыз технологиялар»
Қазіргі заманғы сымсыз байланыс тораптарының технологиясы мен құрылымы
Тез арада арнадан арнаға ауысуы
Сымсыз желі құрылғылары
Аcтана қалаcында WiBro технoлoгияcының негiзiнде кең жoлақты байланыcын oрнату барыcы
Сымсыз байланыс технологиясы - дәрістер конспектісі
Сымсыз байланыс технологиялары
Антенналардың негізгі түрлері мен олардың сипаттамалары
Сымсыз байланыс желілері
Радиорелелік байланыс жүйелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz