LTE - мобильдік байланыстың болашақ технологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

5

6

7

8

АҢДАТПА

Дипломдық жобамның тақырыбы SON - self өзі ұйымдастырылатын

желілердің негізінде LTE желісінің радиожоспарлануын зерттеу.

Есептеу бөлімінде желінің өткізу қабілеті, потенциалдық абоненттердің

саны, базалық станциялардың саны, қажетті қуат, БС-тиесілі жүктеме, РРЖ

есептелінді.

Экономикалық бөлімде жылдық пайдалану шығындары мен түскен

табысты қоса, жобаның абсолютті экономикалқ тиімділігі және өтелу мерзімі

анықталған.

Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде электр жүйесіне, өрт қауіпсіздігі

жүйесіне, табиғи жарықтандыру және ауа алмасу жүйесінің негізгі қызметіне

талдау жасалынып, бөлменің электр жүйесінің жерленуіне есептелу жүргізілді.

АННОТАЦИЯ

В данной дипломной работе рассматриваются вопросы оптимизации и

радиопланирование LTE сети в SON - self. В расчетной части был расчитан

расчет канала связи.

В расчетной части были расчитаны пропускная способность сети, число

потенциальных абонентов, число базовых станции, нагрузка БС и РРЛ.

В экономической части был определен срок окупаемости и абсолютно

экономическая прибыль данного проекта.

В безопасности жизнедеятельности

рассмотрены

заземление и

искусственное освещение.

ABSTRACT

In this dyploma work deals with the optimization and LTE network in the

SON-self. As part of the settlement payment was targeted communication channel.

As part of the settlement were calculated bandwidth, the number of potential

subscribers, the number of base stations.

In the economic part of the payback period was determined and is the

economic profit of the project.

In the examined life safety lighting and lightning protection.

9

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Талдықорған қаласының негізгі сипаттамалары

1. 2 LongTerm Evolution технологиясының басты ерекшеліктері

1. 3 LTE стандартының желілік архитектурасы

1. 4 LTE желісі ұсынатын қызметтер

1. 5 LTE желісінің мүмкіндіктері

1. 6 SON басқарылуының сипаттамасы

1. 7 LTE/SON - технологиясында қолданылатын модуляция түрлері

1. 8 LTE/SON желісін зерттеу кезіндегі қажетті құрылғылар

2 ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ

2. 1 LTE технологиясына талдау

2. 2 Талдықорған қаласының аумағында LTE желісі үшін қамту

аумағын есептеу

2. 3 Талдықорған қаласының аумағында eNB-дің жиiлiкті - аймақтық

бөлiнуі және жағдайға байланысты орналастырылуы

2. 4 Желінің өткізу қабілетін есептеу

2. 5 Потенциалдық абоненттердiң санын есептеу

2. 6 Базалық станциялардың санын есептеу (Node B)

2. 7 Қажетті қуатты есептеу

2. 8 БС - ға тиесілі жүктемені есептеу

2. 9 РРЖ пролетін есептеу

2. 10 Байланыстың тұрақтылығын есептеу

2. 11 Қабылданатын дабыл қуатын есептеу

2. 12 Көп сәулененудің таралуының нәтижесіндегі кідіріс

2. 13 Пайдалы дабылдың қуатын есептеу

3 БИЗНЕС ЖОСПАР

3. 1 Жобалаудың қажеттілігі

3. 2 Жүйенің сипатталуы

3. 3 Қазақстандағы ұялы байланыс нарығына шолу

3. 4 Маркетинг

3. 5 Ұйымдастыру - өндіру жоспары

3. 6 Пайдалану шығындары

Қорытынды

4 ӨМІР ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ

4. 1 Базалық стансияға жалпы сипаттама

4. 2 Жерлендірудің қорғаныш өткізгішіне қойылатын талаптар

4. 3 Жұмыс орнындағы табиғи жарықтандырудың параметрлері

4. 4 Жерлендіруді есептеу

Қорытынды

10

8

9

9

9

11

12

12

13

18

23

31

31

31

34

36

37

39

40

41

42

44

49

51

52

54

54

54

55

56

58

60

69

70

70

72

72

73

78

ҚОРЫТЫНДЫ

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР ТІЗІМІ

А ҚОСЫМШАСЫ

Ә ҚОСЫМШАСЫ

Б ҚОСЫМШАСЫ

В ҚОСЫМШАСЫ

Г ҚОСЫМШАСЫ

11

79

80

82

83

84

85

86

87

КІРІСПЕ

Біздің

заманымызда

мобильдік

байланыстың

дамуы

өте

жоғары

қарқынмен жүріп жатыр. Байланыс арналарының өткізгіштің қасиеті өсуде,

ұсынылып жатқан сервистердің жиынтығы кеңеюде, тіпті мобильдік желі

байланысының жаңа тұжырымдамалары пайда болып жатыр. 20 жыл бұрын

мобильдік байланыстың бұқаралық құралдары дегенде тек эфирлік теледидар

және радиохабарлама айтылған болса, бүгінгі күнде әр адамда тек телефондық

байланысты ғана емес, сонымен қатар Интернетке кіру мүмкіндігін қамтамамыз

ететін, видеоқоңыраулар мен телефондық конференцияларды орнатуды

қамтамасыз ететін мультисервистік құрылғы бар.

Ұялы

байланыс

аймағында

әлемдік

телекомуникациялық

технологиялардың

дамуы

дүниеге

төртінші

ұрпақты

алып

келді.

Ол

телекомуникациялық құрылғылардың сапасын арттырды. Бұл дегеніміз

көрсетілетін қызметтердің сапасының жоғарылығы және мәліметтер жіберу

жылдамдығының

артуы.

Аталған

қызметтерді

жүзеге

асыратын

технологиялардың бірі Long Term Evolution технологиясы, қысқаша LTE.

Осыған орай LTE технологиясының көмегімен жұмыс істейтін ұялы байланыс

желілері LTE желісі деп аталады.

LTE

технологиясы

мобильдік

байланыстың

едәуір

келешегі

бар

технологиялардың бірі болып табылады, оны мобильдік байланыстардың

төртінші ұрпақты технологиясына жатқызады. Бар ресурстарды өте тиімді

қолдануға мүмкіндік беретін мобильдік байланыстың жаңа технологиясына өту

тәсілдерінің бірі SON (өзіндік ұйымдастыру желісі) тұжырымдамасын қолдану

болып табылады, ол LTE желісін өрістетуде оператордың шығындарын

азайтуға мүмкіндік береді.

LTE технологиясы - ұялы байланыс саласының үшінші және төртінші

буынындағы негізгі бағыт болып табылады. Ол байланыс операторы ретінде

ғана емес, байланыс аясын кеңейту, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын

көтеру

секілді

қызметтер

бойынша

да

діттелген

бағыттың

қосымша

мүмкіндіктерін кеңейтеді. Жаңа буынның байланыс қызметі арқылы сымсыз

ғаламтормен жоғары жылдамдықта байланыса аламыз, оған қоса үзіліссіз

жұмыс

істеу

мүмкіндігіне

де

ие

боламыз.

Жүйе

3G

жүйелерінің

жылдамдығынан 2 есеге жоғары. LTE ұялы байланыс жүйесі байланыс

сапасының артуына және интернет тұтынушыларының саны бойынша әлемдегі

ең дамыған 50 мемлекеттің қатарына кіруіне себебін тигізеді және біздің

мемлекеттің

әлемдік

ақпараттық

кеңістікке

интеграциясы

үрдісін

жылдамдатуға мүмкіндік береді. Жоғарғы айтылғандарға сүйене отырып,

жобада SON-Self өздігінен ұйымдасатын желілердің негізінде LTE желісінің

радиожоспарлануын зерттеу.

12

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Талдықорған қаласының негізгі сипаттамалары

Талдықорған қаласы Алматы облысының дәл ортасында және Жоңғар

Алатауының батыс жағында орналасқан. Талдықорған қыстауының орнында

1869 жылы құрылған Гавриловка селосы 1925 жылы Талдықорған қаласы

болып өзгертілді. Талдықорған қаласы - Алматы облысының орталығы.

Талдықорған қаласы 74 мың ш. км ауданды алып жатыр. Аумағының

географиялық және қоныстану ерекшеліктері түрлі болып келеді. Қаланың

шығыс және оңтүстік аймақтары таулы болып келсе, орталығында төбелі,

батысында жазық болып келеді. 2014 - ші жылғы санақ бойынша халық саны

132 663 адам. Қала құрамына 8 елді мекен кіреді.

Талдықорған

қаласында

ұялы

байланыс

қызметімен

қамтамасыз

етілмеген елді мекендер әлі де бар. Бұл елді мекендерге және облыстың 95%-на

тек дауыс телефониясын ғана емес, сонымен қатар мәліметтерді тарату және

интернетке қол жеткізу қызметін қамтамасыз ету мақсатында жоба құру қажет

деп есептейміз.

1. 2 LongTerm Evolution технологиясының басты ерекшеліктері

LTE (ағылшынның Long Term Evolution) - интернет қолданушыларды

жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ететін мобильді интернеттің

төртінші кезеңі. LTE технологиясы мәліметтерді алдынғы технологиялардың

жылдамдығынан он есе артық жылдамдықпен жіберуге мүмкіндік береді.

Осыған сәйкес бүгінгі таңда интернетті пайдаланушылар саны анағұрлым

артуда.

LTE технологиясы үшінші және екінші кезең ұялы байланыс желісі

эволюциясының негізгі бағыты болып табылады. LTE базалық станциядан

пайдаланушыға мәліметтерді жеткізуде 326, 4 Мбит/с, кері бағытта секундына

172, 8 Мбит теориялық жылдамдықпен қамтамасыз етеді.

Байланысшылардың көзқарасынша LTE технологиясын игеру жабдықтың

өнімділігінің, қамту аймағының, тұтынушыларға қызмет көрсету сапасының

артуына мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, LTE жаңа мүмкіндіктерінің арқасында

радиожиіліктік ресурстарды пайдаланып контент беріп, теледидар, радио және

басқа да медиамен бәсекелесе алатын болады.

2G және 3G желілерінің пайдаланушылары өз кезегінде жаңа кезең

байланысы қызметтеріне көшу арқылы айтарлықтай жоғары жылдамдықты

сымсыз

интернетке

қол

жеткізіп

қана

қоймайды,

мультимедиялық

қосымшалардың бір мезетте ашылуын, дербес медиа - сервис т. б. қызметтердің

іркіліссіз жұмысын бағалау мүмкіндігіне ие болады.

2009

жылдың

қазан

айында

«КаР-Тел»

ЖШС-сі

Қазақстан

Республикасының Ақпараттандыру және байланыс агенттігі тарапынан LTE

13

технологиясы негізінде ғимараттар ішінде 4G стандарты байланысын көрсету

аумақтарын құруға рұқсат алған болатын. Alcatel-Lucent компаниясымен

ықпалдастығы арқасында сынақ аймақтары Алматы қаласында ашық сату

кеңсесі мен Астананың бизнес орталығында ашылды.

Екінші кезеңді 2G желілері теория жүзінде GPRS технологиясы негізінде

деректерді тасымалдаудың ең жоғарғы жылдамдығы секундына 56-114 Кбит

шамасын құрайды, ал EDGE технологиясы негізінде секундына 473, 6 Кбит

құрайды. Коммерциялық пайдалануға енгізілгеннен кейін үшінші ұрпақты 3G

желілерінде теориялық тұрғыда деректерді тасымалдаудың секундына 28 Мбит

жылдамдығы қол жетімді.

Long Term Evolution - IP-технологиясы базасында жоғарғы жылдамдықта

мәлiметтер тарататын 3G ұрпақты сымсыз байланыстың желiлерiн құратын

технология. 3GPP халықаралық әрiптестiк бiрiктiруiмен тиiстi стандарт

өңделген және орнатылған.

LTE стандартын қолдану мақсаты -ұялы байланыс жүйесінің жоғары

жылдамдықты мүмкiндiгiмен қамтамасыз ету.

LTE технологиясын жасаудағы мақсат:

- жоғары жылдамдықты ұялы байланыстың мүмкіндіктерін арттыру;

- мәлімет алмасу бағасын арзандату;

- мәлімет алмасудағы интернет жылдамдығын арттыру;

- қолданыстағы жүйені жақсарту;

- қолжетімді бағада басқа да қызметтерді ұсыну.

LTE технологиясының мүмкіндіктері:

- Мобильді телефондар арқылы бейнеқоңырау шалуға болады;

- Мобильді телефондарға арналған теледидарлар іске қосылады (бізді

мобильді журналистика күтіп тұр) ;

-

Интерактивті ойынойнау, спутникті картаны жылдам ашу,

жаңалықтардан бастап фильмдерге дейінгі бейнеконтентті смартфон арқылы

қарау;

- Ноутбуктар мен нетбуктарда HD форматындағы әндермен фильмдерді

жоғары жылдамдықты интернетпен жүктеуге болады.

LTE жиіліктік спектрді жақсы пайдаланады, жоғарғы сыйымдылықпен

және аялдаудың аз көрсеткішімен ерекшеленеді, мысалы 5 мс-қа дейін

төмендейді. Мәліметтер жіберу жылдамдығының жоғарылауы ұсынылатын

қызметтер сапасының артуына мүмкіндік туғызады да, жаңа мультимедиа

сервистерiнiң таралуын тездетедi (әлеуметтiк желiлер, бейнеконференция,

бақылаудың жүйесi, интерактивті онлайндары т. б. ) . Оның 5 МГц жолағын

талап ететін WCDMA-ден тағы да бір артықшылығы 1. 5 МГц-тен 20 МГц-ке

дейінгі аралықта жұмыс атқара алады. LTE технологиясы операторларға

күрделi және операциялық шығындарды кiшiрейтуге рұқсат бередi, желiнiң

иелiгiнiң жиынтық құнын азайтады, технологиялар және қызметтер

конвергенциясының төңiрегінде өз мүмкiндiктерін кеңейтеді, мәлiметтердi

жіберу қызметінің табыстарын жоғарылатады. Желі жылжымалы ТВ DVB-H

14

сияқты қызметтер енгiзуге рұқсат беретін MBSFN-ді (Multicast Broadcast Single

Frequency Network) қолдайды [2] .

1. 3 LTE стандартының желілік архитектурасы

LTE желiсінiң архитектурасы «тiгiссiз» қозғалғыштықпен пакеттi

трафиктi қолдаумен қамтамасыз ету, пакеттердiң жеткiзілуінің ең төменгi

кешігулері және қызмет етудің биiк сапа көрсеткiштерiмен жасалған. LTE

стандартының UMTS жүйесіне тән өңдеушiлерiнің негiзгi мақсаты желiнiң

құрылымының мүмкiндігінше максималды жеңiлдетілуi және желілік

хаттамаларды қайталайтын функцияларының шығарылуы.

1. 1 Сурет - LTE желісінің жалпылама құрылымы

LTE стандартының архитектурасында барлық жүйелік әрекеттесулер екi

түйiннің аралығында болады: (eNB ) базалық станциядан және (Gateway ) GW

желілік шлюздан тұратын (MME ) қозғалғыштықты басқару блогынан.

LTE желісінің физикалық деңгейі екі компоненттен тұрады: E-UTRAN

радиоқатынау желісінен және SAE (System Architecture Evolution) базалық

желіден. E-UTRAN желісі eNB базалық станциялардан тұрады. Базалық

станциялар толық байланыстың элементі болып табылады және бір-бірімен

«әрқайсысы-әрқайсысымен» приципы бойынша байланысады. Коммутация

дестелерін құру приципі бойынша әр eNB-да SAE базалық желісімен S1

интерфейсі болады.

LTE желiсінің құрылысының мысалы ретінде 1. 2 - суретте көрсетiлген

сұлба қызмет көрсете алады.

LTE-нің eNB желiсіне келесi функциялар жатады: радиоресурстармен

басқару, қолданбалы мәлiметтердiң ағынының шифрлануы, қызмет етушi

шлюзге бағытталған бойымен мәлiметтер пакеттерiнiң қолданбалы

жазықтығында бағытталуы, шақырушы және берiлуші ақпаратты тарату,

қозғалғыштықты басқаруы үшiн есептердi құрастыру және өлшеу. LTE желiсін

жоспарлау үшін транспорттық желілерінің және E-UTRA радиоқатынау

желiсiнің шешiмi қандай жағдайда құрылғанын анықтау керек.

15

1. 2 Сурет - LTE желісінің тармақталған архитектурасы

1. 4 LTE желісі ұсынатын қызметтер

2G/3G желісінің қызметтерімен салыстырғанда LTE желісінің қызметтері

кең спектрге ие болады. Бірінші кезекте бұл желінің жоғары өткізу

қабілеттілігімен және мәліметтер жіберудің жоғарылатылған жылдамдығымен

байланысты, және де «бәрi IP арқылы» тұжырымдамасына сәйкес. LTE желісі

ұсынатын басты қызметтері болып мыналар табылады:

- сөздердің дестелік таратылуы;

- интернет - файлдардың жіберілуі;

- электрондық почтаның жеткiзуi;

- мультимедиа хабарламаларын жіберу;

- файлдарды жүктеу қызметтерiн, телевизиондық және ағындық

қызметтерін атқаратын мультимедиалық хабар таратуы;

- ағындық бейне;

- VoIP және жоғары сапалы видеоконференциялар;

- жылжымалы және әр түрлi түрлерi белгiленген терминалдар арқылы

онлайн - ойындар;

- реквизиттердiң жоғары жіберуi мен мобильді төлеулерi және

идентификациялық теңестiру ақпараттары.

LTE технологиясы үшінші және екінші кезең ұялы байланыс желісі

эволюциясының негізгі бағыты болып табылады. LTE базалық станциядан

пайдаланушыға мәліметтерді жеткізуде 326, 4 Мбит/с, кері бағытта секундына

172, 8 Мбит теориялық жылдамдықпен қамтамасыз етеді [3] .

1. 5 LTE желісінің мүмкіндіктері

Жобаның мақсаты: абоненттерге қызмет көрсетудің белгіленген

параметрлерін қамтамасыз етуде LTE желісінің тиімділік көрсеткіштерін

оператордың шектелген жиілікті және техникалық ресурстарын оңтайлы

қолдану есебінен жоғарылату.

16

Бұл мақсатқа жету үшін бірқатар міндеттерді орындау қажет.

- Мобильдік байланыс нарығында бар жағдайларға және төртінші ұрпақ

желісін құрудың болашақтық дамуына талдау жасау;

- LTE стандартты желісін құрғанда ресуртарды қолдану тиімділігін

арттыруға мүмкіндік беретін SON технологиясын енгізудің мақсаттылығын

үйрену;

- Оператор ресурстарын қолдану тиімділігінің критерийлерін жасау;

- Қызмет көрсетіліп жатқан аумақта жүктеменің әркелкі таралуында желі

ресурстарын динамикалы қайта бөлудің математикалық және бағдарламалық

үлгісін жасау;

- Осы үлгіні зерттеу және LTE технологиясын енгізуде техникалық

шешімдерге қатысты ұсыныстар жасау.

Жобаның келесідей ғылыми және техникалық жаңалықтары бар:

- Ресурстарды қолдану тиімділігінің интегралды критерийлері жасалды;

- LTE/SON желісін құрудың мақсаттылығы оператордың ресурстарын

едәуір тиімді қолдану ретінде дәлелденді;

- Құмырсқалық колонияларды оңтайландыру алгоритмі базасында өзіндік

ұйымдастыру желісінің математикалық үлгісі жасалды;

- Аталған математикалық үлгіні іске асыратын бағдарламалық жасақтама

жасалды;

- Бар желі базасында LTE - желісін өрістету бойынша операторға

ұсыныстар берілді.

SON тұжырымдамасының мақсаты: мобильдік байланыс желісінің

жұмысын оңтайландыру болып табылады. Әлбетте, LTE/SON желісін

қарастырғанда оның тиімділігін бағалайтын критерийді анықтау қажет. Осы

жұмыста оператордың табысын барынша көбейту осындай критерий болып

табылады. Осыған жету үшін абоненттерге берілетін жылдамдықты олар қажет

ететін жылдамдыққа жақындату қажет. Мұнда абоненттен табатын пайданың

оған берілетін жылдамдыққа тәуелділігі сызықты болмауын ескеру қажет.

Мобильдік байланыстың LTE технологиясы едәуір келешегі бар

технологиялардың бірі болып табылады, оны мобильдік байланыстардың

төртінші ұрпақты технологиясына жатқызады. Алайда қазіргі жағдайда

төртінші ұрпақтың желісін өрістеткенде біршама қиындықтар туады. Ең

алдымен, жеткілікті кең бос жиілік диапазонын бөліп алу қажет. Бұдан басқа,

деректер трафигінің өсуі әрбір базалық станцияға транспорттық желінің кең

арнасын өткізу қажет болатын жағдайға әкеледі. Жаңа құрылғыны орнату және

оның бар инфрақұрылыммен қиысуы қомақты қаржыны талап етеді.

1. 6 SON басқарылуының сипаттамасы

Бар ресурстарды өте тиімді қолдануға мүмкіндік беретін мобильдік

байланыстың жаңа технологиясына жайлы өту тәсілдерінің бірі SON (өзіндік

ұйымдастыру желісі) тұжырымдамасын қолдану болып табылады, ол LTE

желісін өрістетуде оператордың шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

17

Өзіндік ұйымдастыру желісінің (SON) тұжырымдамасы мобильдік

байланыс операторының барлық жұмыс процесін дәл осы қатынаста

оңтайландыруға арналған. Өзіндік ұйым байланыс желілері күрделілігінің

қисынды нәтижесі болып табылады. Желілер параметрі туралы ақпараттың

көлемі өте үлкен болғандықтан, саннан сапаға көшу іске асырылды. Желіні

басқаруды толық автоматты ету үшін ол толық интеллектуалды болды. Бұдан

басқа, желідегі жағдай әдетте адам басқарушы элемент ретінде жеткілікті

оперативті шешім қабылдай алмайтындай дәрежеде серпінді түрде өзгереді.

SON-ның негізгі мақсаты OPEX

-

оператортың операциялық

шығындарын азайту болып табылады. Бұл үшін қызмет етуге қажетті жұмыс

процестерінің санын азайту керек. Операциялық шығындарды азайту үшін

мына дәйек негіз болады. SON-ды қолданғанда техникалық қызметкердің

тікелей қатысуын талап ететін базалық станциялар жұмысын баптау бойынша

операциялар саны азаяды. Осыған сай, базалық станцияларды ретке келтіретін

жұмысшылардың санын да азайтуға болады. Жалпы алғанда ОРЕХ шамамен

30%-ға азаяды.

SON тұжырымдамасының үш негізгі ұстанымдары

-

өзіндік

конфигурация, өзіндік қалпына келу және өзіндік оңтайлану болып табылады.

Барлық осы үш ұстаным желіні қамтамасыз ететін оператордың операциялық

шығындарын төмендетуге арналған.

SON мобильдік байланыс желісінің жұмысын оңтайландыру болып

табылады. Мобильді байланыстың бар технологияларында бұл

аз

бысымдылыққа ие абоненттер үшін жіберу жылдамдығымын азайту жолымен

іске асырылады. SON тұжырымдамасы БС бойынша абоненттерді қай бөлу

жолымен оңтайландыруға мүмкіндік береді, ол БС бойынша жүктеменің

үлестірілуін біртекті іске асырады. Кейбір жағдайларда БС бойынша қайта бөлу

қажетті нәтижені бермейді. Осылайша, бұл тәсілді шығын көрсеткіші жоғары

болғанда басымдығы төмен абоненттердің жылдамдығын азайтумен қиыстыру

орынды болып табылады.

Мобильдік байланыстың кез келген желісіне модель жасағанда әдетте

телетрафик теориясының тәсілдері қолданылады. Бірақ LTE/SONжелісінде

болып жатқын процестерді математикалық сипаттаудың өзіндік ерекшелігі бар.

Сондай-ақ, үлестірілген және гибридті SON-ды пайдаланғанда желінің базалық

станциялары өзінің кейбір параметрлерін басқа станциялар дабылдары әсерінің

көмегімен өздігінен өзгертеді. Мұндай процестер сипаты бойынша нейрондық

станцияларда болып жатқандарға өте қатты ұқсайды, яғни БС-ны нейрон

сияқты қарастыруға болады. Осыны ескере отырып, бұқаралық популяциялар

тәртібін имитациялық модельдеу әдістерін қолдану орынды. Осы жағдайда

абоненттер осындай популяцияның мүшелері ретінде қарастырылады.

Құмырсқа колонияларымен (АСО) жайлы оңтайландыру тәсілін қолдану өте

орынды болып табылады. Мұнда мимикрия идеясына негізделген үлгі кері

байланыс рөлінде жұмыс жасайтын феромонмен «жолдарды таңбалау»

мүмкіндіктерін ескереді.

18

Осылайша, жасалған үлгіде іске асырылған оңтайландыру процесі екі

кезеңде жүреді: базалық станциялар бойынша абоненттерді қайта бөлу және

басымдылығы төмен абоненттер үшін жылдамдықты мүмкіндігінше азайту.

Базалық станция бойынша абоненттерді қайта бөлгенде әрбір БС екі

қызмет көрсету аймағына ие екені ескеріледі, онда осы станциядан шығатын

дабылдың қуаты басқа станциялардың қуатына қарағанда едәуір жоғары және

шеткі, онда абоненттерге бірнеше БС-лардың біреуінде қызмет көрсетіледі.

Абонент ең жоғары басымдылығы бар БС-да жіберіледі. Барлық БС

басымдылығын анықтағаннан кейін, кейбір БС әрбір абонентті тағайындауда

транспорттық желіге әрбір базалық станция құратын жүктеме есептеледі.

Абоненттердің аумақтық бөлінуі туралы деректерден БС бойынша жүктемені

бөлу туралы деректерге ауысады.

Жоғарыда аталған үлгі статикалық болып табылады, яғни абоненттер мен

базалық станциялар орналасуының бір нұсқасын ғана қарастырады. Ол SON

тұжырымдамасының Mobility Load Balancing (MLB), яғни жүктемелердің

мобильді баланстануы деп аталатын қызметті жүзеге асырады. Бірақ шынайы

жүйелерде мобильді байланыс абоненттері әрдайым қозғалыста, осыған

байланысты шешілуді талап ететін қосымша мәселелер туындайды. Осындай

мәселелердің бірі дер кезіндегі хэндовер мәселесі болып табылады. Хэндовер

уақытын бақылау үшін өзіндік ұйымдастыру желілерініңMobility Robustness

Optimization (MRO) немесе мобильді тұрақтылықты оңтайландыру секілді

қызметтері бар. MRO жүзеге асыру үшін базалық станция басымдылығы

формуласында хэндовер коэффициенті бар.

Егер абонент қосылған станция қарастырылып жатқан базалық

станциямен сәйкес келсе, бұл коэффициенттің мәні 1 ге тең болады. Қарсы

жағдайда, оның мәні (0; 1) шегінде жатады. Хэндовердің LTE желісіндегі

негативті әсерінде желі құратын операциядағы жүктемедегідей кідірісті (бар

болғаны 30 мс) сезбейді. Бұл болжам хэндовердің желі жұмысындағы негативті

әсерін ескеруге мүмкіндік береді.

Жоғарыда аталған үлгі

Ruby бағдарламалық тілінің көмегімен

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сымсыз желі туралы
LTE Advanced жүйесінің бюджетін есептеу
LTE Advanced технологиясының мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін зерттеу
Қазақстан Республикасының инновациялық қызмет саласы
«Жылжымалы байланыс технологиясы» пәнінен «EDGE технологиясы»
LTE желісінде MIMO технологиясының жалпы принциптерін қарастыру
Қатынау желілері
Ұялы байланыс желі ұрпақтары
LTE транспорттық желісінің коммутациялық құрылғысы
LTE технологиясының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz