LTE Advanced жүйесінің бюджетін есептеу


5
![]()
6
![]()
7
![]()
8
![]()
АҢДАТПА
Берілген дипломдық жобада
LTE
Advanced және WiMAX
технологияларына салыстырмалы талдау жасалынған, және де екі
технологияның даму жолдары, техникалық, энергетикалық, радиоинтерфейстік
және т. б. сипаттамалары келтірілген.
Жобаның есептеу бөлімінде радиожелінің бюджеті, өрістейтін желінің
көрсеткіштері, қабылдағыштың сезгіштігі есептелінген және ұяшықтың
сыйымдылығына талдау жасау қарастырылған.
Экономикалық бөлімде жобаның мақсаты мен өзін - өзі ақтау мерзімі
көрсетілген.
Жобада, сондай-ақ, өміртіршілік қауіпсіздігі мәселелері, соның ішінде
бөлмені лайықты деңгейде желдету қарастырылған.
АННОТАЦИЯ
В данном дипломном проекте рассмотрен вопрос сравнительного анализа
технологий LTE Advanced и WiMAX, а также рассматривается пути развития и
технические, энергетические, радиоинтерфейсные и т. д. характеристики двух
технологии.
В расчетной части проекта были рассчитаны бюджет радиолиний,
параметры восходящей линий, чувствительность приемника и была
рассмотрена методика анализа емкости соты.
В экономической части был определен срок окупаемости и
целесообразности проекта.
В проекте рассмотрены вопросы о безопасности жизнедеятельности, в
том числе кондиционирования на рабочем месте.
ABSTRUCT
In this diploma project addressed the issue of comparative analysis
technologies LTE Advanced and WiMAX, and discusses the development and
technical, energy, radio-interface, etc. characteristics of the two technologies.
The computational part of the project were estimated budget of radio
parameters uplink, the receiver sensitivity and method of analysis has been
considered cell capacity.
In the economic part of the payback period was determined and the feasibility
of the project.
The project examines questions about the safety of life, including air-
conditioning in the workplace.
9
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖЕЛІГЕ ТАЛДАУ
1. 1 Қазіргі кездегі LTE Advanced және WiMAX технологияларына талдау
1. 2 LTE Advanced және WiMAX технологияларының ерекшеліктері
3 7
8
8
10
1. 3
LTE Advanced және WiMAX технологияларының ІР
-
хаттамаларының негізінде өзара бірігіп жұмыс жасауы
1. 4 LTE Advanced және WiMAX технологиясынларында қолданылатын
құрылғылар
1. 5 Дипломдық жобаның талаптары
1. 6 LTE Advanced және WiMAX технологияларын салыстыру
2 LTE ADVANCED РАДИОЖЕЛІСІНІҢ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ АЙМАҒЫ
МЕН ӨТКІЗУ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ЕСЕПТЕУ
2. 1 LTE Advanced жүйесінің бюджетін есептеу
радиожелінің есептелуі
2. 2 LTE Advanced радиожелілерінің трассалардағы мүмкін болатын
шығындарының мәндерін салыстыру
2. 3 LTE Advanced жүйесінің сыйымдылығын талдау әдістемесі
есептеу
2. 4 WiMAX технологиясының БС ең үлкен қашықтықтағы байланысын
есептеу
2. 5 WiMAX технологиясына арналған антеннаның бағытталу
диаграммасын есептеу
2. 6 WiMAX технологиясы үшін абоненттік жүктемені есептеу
3 БИЗНЕС ЖОСПАР
3. 1 Бизнес жоспардың мақсаты
3. 2 Нарық
3. 3 Нысан
3. 4 Қаржылық жоспар
3. 5 Табысты есептеу
3. 6 Эксплуатациялық шығын есебі
3. 7 Экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу
4 ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ
4. 1 Еңбек жағдайының талдауы
4. 2 Операторлық бөлмедегі ауа алмасу процесі
4. 3 Желдетуді есептеу және кондиционерді таңдау
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
10
18
20
27
28
31
31
38
40
49
53
55
58
58
58
59
59
61
64
67
70
70
72
75
80
81
КІРІСПЕ
Әлемдегі байланыс саласының дамуы ғалымдарға көптеген мәселелерді
ашуға мүмкіндік берді. Жүйелік және телекоммуникациялық саланың дамуы
елдің дамуында орасан зор роль атқаратынын көптеген халықаралық
тәжірибелер дәлел болуда, ал тұрғындарды қол жетімді әрі жоғары
жылдамдықты байланыспен қамтамасыздандыру әрбір мемлекеттің
тапсырмасы болып табылады.
Телекоммуникацияның дамуымен қатар сымсыз байланыс өте үлкен
жылдамдықпен дамуда, оның қолданылу аясы кеңейіп, мүмкіндіктері артуда.
Сымсыз байланыстың дамуы телекоммуникация және байланыс саласының
дамуына жаңа серпіліс берді. Оған дәлел ретінде соңғы жылдардағы сымсыз
байланыстың бүкіл әлемде кең қолданысқа ие болуы.
Соңғы деректерге қарағанда, қазіргі таңда әлемде шамамен 6, 5млрд.
астам адам өмір сүреді, ал соның 60 пайызы ұялы байланыс қызметін
қолданады, ал 50 пайызы ғаламтор қызметін қолжетімді деңгейде қолданады
екен, ал кеңжолақты үлкен жылдамдықты мәлімет тарату қызметін
пайдаланушылар үлесі 51, 8 пайызды құрап отыр.
Ал Қазақстан
Республикасында ұялы байланыс қызметін қолданушылар саны шамамен 65, 6
пайызға жеткен, ал кеңжолақты үлкен жылдамдықты мәлімет тарату қызметін
пайдаланушы абоненттер саны 7053, 8мыңды (41, 5%) көрсеткен.
Халықаралық электробайланыс одағының IMT- Advanced тағайындауына
4G
технологияларының ішінде тек
LTE Advanced
және
WiMAX
технологиялары ие болды. Ол дегеніміз екі технологияның даму қарқыны
уақыт өте артып, одан да үлкен жетістіктерге жетуге мүмкіндіктерінің бар
екенін көрсетеді.
11
1 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ЖЕЛІГЕ ТАЛДАУ
1. 1 Қазіргі кездегі LTE Advanced және WiMAX технологияларына талдау
Қазіргі таңда мәліметтерді тасымалдау қызметі үлкен сұранысқа ие
болуда, осыған байланысты 3G желісін тарату сұранысқа сай қызмет жасауды
қанағаттандырмауда. 3G-операторлардың кең көлемді
қызметтер
көрсететіндіктен олардың бағасы әлдеқайда арзан, сондықтан да дамушы
елдерде 3G желісі тұрғылықты аудандардағы белгіленген кеңжолақты
байланыстың баламасы ретінде қолданылуда. Бірақтан да қазіргі кезде 3G
желісінің орнын күллі әлемде 4G технологиясы басуға бел байлады, осыған
байланысты 4G қызметін көрсету жөнінде хабарлама берген операторлардың
саны жүзден асты. Алғашқыда 4G желісін қолданушылар дыбыстық
тасымалдауды қолдана алмайды, олар тек мәліметтерді тасымалдау және
Интернет қызметтерін ғана қолданатын болады.
Ұзақ уақыт кеңжолақты рұқсат (ШПД) жүйелері бір - бірімен байланысы
жоқ ұмытыла бастаған ең алғашқы аналогты ұялы байланыс (1G) арқылы
жұмыс жасайтын көптеген технологиялық шешулердің жанұясы ретінде
белгілі болды. Соңғы уақатта ІЕЕЕ 802. 11 және ІЕЕЕ 802. 16 жобаларының
қарсаңындағы стандарттау кеңінен қолға алына бастады. Және де Интернет
қызметінің жылдамдығын арттыруға деген сұраныстың көптігі байланыс
саласындағы барлық қызмет көрсетушілерді жоғарыда аталған желілердің
мүмкіндіктерін қайта қарауға мәжбүрледі. Ал сол стандарттардың
құрылғылары уақыт және мәліметтерді тараті жылдамдығы бойынша
қолданыстағы ұялы байланыстың құрылғыларын қарағанда рыногты жылдам
түрде жаулап ала бастады. Бұл жағдай ұялы байланыс қызметкерлерін бей -
жай қоймады, және де 2009 жылдың соңында Осло және Стокгольм
қалаларында LTE атауымен 3GPP жобасын жылдам түрде жүзеге асырды.
Ал LTE стандартының жетістіктеріне келер болсақ, Huawei компаниясы
2010 жылы магнит арқылы жұмыс жасап, жылдамдығын 250 миль/сағ(400
км/сағ) дейін жеткізе алатын, ұзындығы 19 мильді(30, 57км) Шанхай Пудун
және Халықаралық әуежайдың арасында қатынайтын жылдам поезда өз
қызметін ұсынды. Бұл жобада ең қиын мәлесе - поезд максималды
жылдамдыққа дейін жеткен кезде екі базалық станция арасында мәліметтерді
таратуды қамтамасыз ету болды, бірақ компания жолда жолаушыларға орта
есеппен 20 Мбит/с жылдамдыққа кепілдік берді. Бірақтанда бір мәселе шешусіз
қалды, ол - поездың өте үлкен жылдамдықпен қозғалуы себепті екі станция
арасында сіз мобильдік станцияңызды жай ғана қосып үлгермеуіңіз мүмкін.
Қорытындысында, ең тиімді байланыс қызметі ретінде LTE/LTE
Advanced және IEEE 802. 16e/m ұялы технологиялары таңылды. Халықаралық
электробайланыс одағы (ITU) ең мықты технологияларға IMT - Advanced
белгілеуін енгізу үшін және де халықаралық 4G - стандартын ресми түрде беру
үшін 4G - стандартына үміткер барлық алты технологияны бағалауды аяқтады.
12
Күтілгендей, 4G технологиясы ретінде LTE Advanced (LTE стандартының
негізінде) және WirelessMan - Advanced - 2 (WiMAX 2. 0. немесе IEEE 802. 16m
стандартының негізінде) мойындалды, және қазіргі кезде ресми түрде 4G
технологиясы ретінде қолданылады. Яғни стандарттау тұрғысынан келгенде
WiMAX және LTE арасында айырмашылық жоқ. Екі стандартта жылдамдықты
көбейтуді қамтамасыз ететін Relay Station мүмкіндігі бар бірдей технологияны
қолданады. Релейлік станциялар қайтару процесінсіз «көрінбейтін» жерлерге
сигнал беретін ретранслятор ретінде жұмыс жасайды.
ITU өте үлкен жылдамдықты мәлімет таратуды қамтамасыз ету
тұрғысында жұмыс жасауда. Жобалар келесідей жылдамдықтарды қамтамасыз
ету тиіс: 100 Мбит/с (қозғалыста), 1 Гбит/с (қозғалыссыз жағдайда), яғни қазіргі
қолданыстағы IMT - 2000 салыстырғанда тиісінше 500 және 250 есе жақсырақ,
және шамамен WiMAX және LTE (кеде бұл стандарттарды pre - 4G, 3. 75G
атайды) бүгінгі күнгі жылдамдығымен салыстырғанда 3 есе көбірек.
Соңғы жылдардағы ITU «нағыз 4G» технологиясының жоқтығын айтуына
қарамастан,
WiMAX және LTE 4G операторлары ретінде аталып келеді.
Бірақтан ITU бұл жағдайға оң көзімен қарауда. Сонымен, WiMAX және LTE
желілері 4 - 30 Мбит/с мәліметтерді тасымалдау жылдамдығын қамтамасыз
еткенменде, олар өздеріне мәңгілікке ITU белігілеген 4G брендін қойып алған
сияқты.
ABI Research мәліметі бойынша, 2009 соңында әлемде 480 млн.
қолданушыны құрайтын, 65 елде қызмет ететін, 802. 16е стандарты бойынша
қызмет көрсететін 170 операторды белгілеген. USB - модемдер мен ноутбуктар
WiMAX рыногының дамуында үлкен рөл ойнады, дегенменде, толыққанды
жетістікке жету үшін қолданушы терминалдарды көбейткен абзал. WiMAX
құрылғыларын тасымалдаушылар (Alvarion, Motorola, Huawei) рынокка
802. 16m ерекшеліктерінен асып түсетін 802. 16е+ технологиясын ұсынуды
жоспарлауда.
Көптеген елдерде ұялы операторлардың LTE - лицензиясын алу процесі
іске асуда. Жоспарлар бойынша, 2014 соңына қарай LTE абоненттер саны 150
млн болуға тиісті. 4G стандартының Advanced кезеңі 4G - дан 3 - 5 жыл
кейінірек, яғни жоғарыда аталған WiMAX - 2 (802. 16m) және LTE (Release 10 -
LTE Advanced) атауымен дамитын болады. WiMax-2 технологиясының
коммерциялық желілері 2012 жылы іске қосылды, ал LTE Advanced
технологиясы тек 2014 жылдан кейін қосылады деген жоспарлар бар [1] .
Қызылорда облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстіктігіндегі
әкімшілік-аумақтық бөлініс. Облыс 1938 жылдың 15 қаңтарында құрылған.
Жер көлемі 226 мың км2 (ҚР аумағының 8, 3%-ы) . Тұрғындар саны 689, 7 мың
адам, орташа тығыздығы 1 км2 аумаққа 3 адам (2010ж) . Облыс орталығы-
Қызылорда қаласы (309327адам) . Шекарасы: солтүстігінде - Қарағанды, солт.
батыста және оңтүстігінде - Өзбекстан, шығысында - Оңтүстік Қазақстан
облысы. Облыс құрамында 7 әкімшілік аудан (Арал, Қазалы, Қармақшы,
Жалағаш, Сырдария, Шиелі, Жаңақорған), 3қала (Арал, Қазалы, және
Республикалық мәндегі Байқоңыр) бар. Облыстың жер бедері негізінен, жазық,
13
құмды белестер, төбешік, шоқылар болып келеді. Биіктік ауытқуы 53 -200м-ді
құрайды. Ең төмен жері батысында Арал теңізінің жағалауында, ең биік жері
шығысындағы Қаратау сілемдерінде (1419м) . Құрылысқа қажетті ұсақ
қиыршықтастар, әйнек және шыны бұйымдарын жасайтын кварц құмы, қыш,
гипс, алебастр, цемент балшығы, құрылыс тастары, әктас, тақтатас (Майлыбас),
қоңыр көмір (Құланды) және басқа кен байлықтарының мол қоры бар.
Қызылорда облысы түсті металл кені бойынша Қазақстанда 3-орын алады.
Отандық ас тұзының 60%, мұнай мен газ өнімінің 21, 4%, мырыштың 15, 1%,
уран қорының 14% Қызылорда облысының еншісінде. Оңтүстік Торғай иінінің
облыс бөлігінде 350млн. т мұнай, 100 млрд. м3 газ қоры анықталды. Арал
теңізінің маңында 75 млн. т мұнай, 2 трлн. 30 млрд. м3 газ қоры бар.
Облыстың климаты тым континентті. Қысы суық, жазы құрғақ әрі
аңызаңқы ыстық. Ауа райының орташа температурасы қаңтарда -190С, шілдеде
26 - 280С. жазда ыстықтың көтерілу шегі 42 - 440С барады. Құм 60 -700С-қа
дейін қызады.
Қаратау сілеміндегі қорғасын мен мырыштың бай қорының негізінде
Шалқия кеніші жұмыс істей бастады. Кенішке темір жол тармағы тартылды.
1992 жылдан бері Құмкөл кен орнынан сапасы жоғары мұнай өндіріле бастады.
Уран кенінің (Қарамұрын) өндірістік қуаты жылына 700 тоннаға жеткізілді.
Емдік қасиеті бар балшық, шипалы минерал судың көздері пайдаланылады:
«Жаңақорған» шипажайы жұмыс жасайды. Республикадағы бірегей целлюлоза
-қатырма
қағаз комбинаты, күріш машиналарын шығаратын
«Қызылордакүрішмаш» АҚ, құрылыс материалдары мен құрылымдар
комбинаты, Аралтұз комбинаты, тоқылмайтын маталар комбинаты облыс
экономикасында елеулі роль атқарады. Қызылордада астық өнімдері, ет, сүт
өнім комбинаттары, «Берекенан», «Балық», «Жайна», «Ісмер», «Қуат» АҚ
жұмыс жасайды.
Облыстың жалпы аймақтық өнімі 2012ж. 840, 8 млрд. теңге болды. Бұл
республиканың жалпы өнімінің 3, 9% құрайды. 2013 жылы өнеркәсіп өнімі
жалпы аймақтық өнімнің 96, 3% құрады. Облыстың негізгі капиталына 2012ж.
247млрд. теңгенің инвестициясы жұмсалған. жалпы аймақтық өнім 2006-12ж.
аралығында облыс аумағында 363, 8 млрд. теңгеден 840, 8 млрд. теңгеге жетті
немесе 2, 3 есеге өсті. Осы жылдар аралығында өнеркәсіп өнімдері 1, 6 есеге
өсіп, 809, 6 млрд. теңгені құрады. соңғы бес жыл ішінде (2008 - 13ж) облыстың
негізгі капиталына жұмсалған инвестиция 3, 7 есеге дейін өсіп, 246, 9 млрд.
теңгеге жетті [2] .
1. 2 LTE Advanced және WiMAX технологияларының ерекшеліктері
Ендігі кезекте жоғарыда аталған технологияларға тоқталып кетсек. LTE
Advanced технологиясына ITU - мен NGMN альянсының біріккен түрде
жасаған IMT - Advanced мүмкіндіктерін игеретін болады. IMT - Advanced
технологиясы LTE соңғы дамуы болып саналады және LTE технологиясының
14
алдыңғы барлық нұсқаларымен байланысты болады, бір ерекшелігі САРЕХ
және ОРЕХ көрсеткіштері әлдеқайда аз болады.
Қазіргі кезде мәлімет тарату жылдамдығы артуда, ұялы байланыстың
жіберу қабілеттілігінің ресурстары артуда, және де қолданушылардың жаңарған
технологиялардың күтетін үміттері де артуда. Ал ол уақытта жаңа ұялы
байланыс жаңа технологиялық белестерді бағындыруда. Бүгінгі күнгі LTE
желісінің мүмкіншіліктері 100-150
Мбит/с шектік мәлімет тарату
жылдамдығын көрсетуге жетеді.
Аз уақыт бұрын Huawei компаниясы CSFB (Circuit-Switched Fallback)
технологиясының көмегімен TDD LTE және UMTS желілерінің арасындағы
әлемдегі алғашқы дыбыстық байланысты іске қосты. Дыбыстық байланыс
қазіргі кезде Жапониядағы Softbank операторы қолданатын Huawei
компаниясының STREAM 201HW смартфоны арқылы жасалды. Ал LTE
Advanced технологиясының тәжірибеден өтуіне келсек, Жапонияның қалалық
жағдайындағы тестілеулер абонентке бағытталғанда шектік жылдамдық 600
Мбит/с, абоненттен бағытталғанда 150 Мбит/с деген нәтиже көрсетті. Ал аз
қозғалыста болатын қолданушылар үшін мәлімет таратудың шектік мәнінің
нәтижелері келесідей: абонентке бағытталған кезде 1 Гбит/с, ал абоненттен
бағытталған жағдайда 500 Мбит/с. Осы тұста еске түсіре кететін жәйт, LTE
технологиясында бұл мәндер сәйкесінше 300 және 75 Мбит/с болатын. Осы
тұста LTE Advanced технологиясының қатар тұрмаған бір диапазондағы (carrier
aggregation) немесе әр түрлі (band aggregation) диапазондағы жиілікпен жұмыс
жасау мүмкіншіліктерін айта кеткен абзал.
Әлбетте, ұялы байланысты қолданушылардың мәліметтерді таратудың
үлкен жылдамдығына деген сұраныстың, ұялы байланыс трафиктерінің көп
қолданылуы, ұялы телефондардың жаңа түрлерінің (жаңа ұрпақ смартфондары,
планшетті ПК и т. б. ) көбеюі операторлардың барлығын жаңартылған LTE
Advanced технологиясын жылдам түрде енгізуге мәжбүрлейтіні сөзсіз.
Бірақтанда, LTE Advanced технологиясының өте жылдам түрде енгізілуін
күткен дұрыс емес. Өйткені, барлық LTE желі операторлары құйылған
инвестицияның қайтарылуына көңіл бөлетіні сөзсіз. Оның үстіне LTE Advanced
ұмыс жасай алатын радиожиіліктерді іске қосу қажет. Ал оның мәні барлық
жиіліктерді қосқанда 40 МГц құрайды. Әлбетте, оның мәнін азайтуға да
болады, бірақ сәйкесінше, мәліметтерді тарату жылдамдығы да азаяды. Тағы
бір үлкен шешілуі қиын мәселе - ол LTE Advanced технологиясымен жұмыс
жасай алатын құрылғының жоқтығы(қазіргі кезде LTE-TDD смартфондары
жоқ) . LTE терминалдары LTE Advanced жұмыс жасай алатыны сөзсіз,
бірақтанда олар өздерінің барлық мүмкіншіліктерін көрсете алуы екіталай.
Сондықтанда, қазіргі кезде LTE Advanced технологиясын жылдам түрде
енгізудің қажеттілігі аз [3] .
LTE Release 10 жаңа мүмкіндіктері:
- мәліметтерді таратудың шектік жылдамдығы - радиоинтерфейстердің
көрсеткіштеріне (арнаның кеңдігі мен антеннаның конфигурациялары)
қарамастан жүйелік қойылатын талаптарды орындайтын мәліметтерді
15
таратудың максималды жылдамдығы. Жүйедегі алынып отырған жоспарлы
жылдамдық: бәсеңдейтін арнада 1 Гбит/с, ал өрістейтін арнада 500 Мбит/с.
- кідіріс. Барлық сигналды трафиктегі жалпы кідірістің мәні EPS-Rel. 8
(LTE Rel. 8) салыстырғанда аз болуы тиісті. Жалпы кідірістің мәніне аз жүктеме
кезіндегі радиоинтерфейс (RAN) бөлігіндегі және тіректі желі (СN) арасындағы
тасымалдау уақыты жатады (бұл жағдайда S1 интерфейсіне, яғни еNВ және
ММЕ жіберу уақыты кірмейді) . Ұялы станцияның нөлдік (қосылмаған) (Іdle)
режимнен активті жағдайға өтудің жоспарлы уақыты 50мс. Ал күту (dormant
state) режимінен активті режимге өту уақыты 10 мс құрау қажет (периодты
DRX жіберу/ қабылдау процедурасына кеткен уақыт есепке алынбайды) . Жүйе 5
МГц арна кеңдігінде DRX режимінсіз (ІЕЕЕ 802. 16-дағы Sleep Mode
баламасы) 300 активті қолданушыға қызмет көрсетуі қажет. Ал DRX режимін
қосқан жағдайда Rel. 8 технологиясындағыдай RRС қосылулар санын игеруі
қажет (Rel. 8-де 16000) .
- шектік спектральды тиімділік - бұл барлық қолданыстағы ресурс бір
мобильдік станциямен белгіленген жағдайдағы сектордың барлық арнаның
еніне нормаланған кездегі мәліметтерді таратудың максималды
жылдамдығы(мәліметтерді тарату кедергісіз болады деп есепке алынады) .
Шектік спектральды тиімділіктің жоспарлы мәні ретінде төменгіжиілікті
таратуда 30 бит/с*Гц, ал жоғарыжиілікті таратуда 14 бит/с/Гц.
- орташа спектральды тиімділік - барлық қолданушылардың ортақ жіберу
қабілеті ретінде сипатталады(яғни белгілі уақыт мезетіндегі табысты
жеткізілген биттер саны) . Жүйе барынша қиын жағдайда мүмкіндігінше көп
орта спектральды тиімділік мәнін көрсетуі қажет. Бұл мәндер: бәсеңдейтін
тарату үшін 3, 7 Гбит/с/Гц/сектор (4х4 конфигурация, яғни 4 таратушы және 4
қабылдаушы), ал өрістейтін арна үшін
-
2, 0 Гбит/с/Гц/сектор (2х4
конфигурация кезінде) .
- сектордың шекарасындағы спектральды тиімділігі - 5% нүктедегі
жіберу қабілетінің интегралды функциясы ретінде қабылданған мән. Жаңадан
құрылған жүйе барынша қиын жағдайда сектордың шекарасындағы
қолданушыларған мүмкіндігінше үлкен спектральды тиімділік мәнін көрсетуі
қажет. Бәсеңдейтін үшін жоспарлы мән - 0, 12 бит/с/Гц/сектор (4х4
конфигурация кезінде), ал өрістейтін арна үшін - 0, 07 бит/с/Гц/сектор (2х4
конфигурация кезінде) .
- жиіліктік диапазон. Қолданыстағы жиіліктік диапазондарға келесідей
диапазондар қослыатын болады: 450 - 470 МГц; 698 - 862 МГц; 790 - 862 МГц;
2, 3 - 2, 4 ГГц; 3, 4 - 4, 2 ГГц; 4, 4 - 4, 99 ГГц [4] .
16
1. 1 К е с т е - IMT-Advanced талаптары және LTE Rel. 8, LTE Advanced
(Rel. 10) көрсеткіштерінің мәндері
*-4х4 конфигурациясы үшін, жақша ішінде-8х8;
**-2х2 конфигурациясы үшін, жақша ішінде 4х4
Р-GW
S-GW
ММЕ
HeNB-GW
S1-MME
Х2
HeNB
eNB
eNB
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz