Таңдалған BICC протоколының қысқаша сипаттамасы


АҢДАТПА
Берілген дипломдық жобаның тақырыбы - BICC протоколының
негізіндегі SoftSwitch құрылғыларының өзара әсер етуінің функционалды
моделін өңдеу.
Дипломдық жобада дестелік желілердің дамуы, оның ішінде классикалық
телефон желілерінен артықшылықтары қарастырылған Сонымен қатар
таңдалған құрылғылардың техникалық сипаттамалары, желідегі әсерлесуге
арналған хаттамалар қарастырылды. Транспорттық желі, құрылғылардың өзара
әсерлесу жүктемесі, SoftSwitch сипаттамаларын есептеу жүргізілген.
Қауіпсіздік
шаралары қарастырылған: бөлмені кондиционирлеу,
монтаждау мен жөндеу жұмыстары кезіндегі шаралар. Берілген функционалды
моделді енгізу кезіндегі бизнес жоспар жасалынды.
АННОТАЦИЯ
Тема данной дипломной работы - разработка функциональной модели
взаимодействия устройств SoftSwitch на базе протокола BICC.
В дипломном проекте рассматривается развитие пакетных сетей, в том
числе их преимущества перед классическими телефонными сетями.
Разработана функциональная модель взаимодействия устройств. Рассмотрены
технические характеристики выбранного оборудования, протоколы для
взаимодействия сети. Произведен расчет транспортной сети, нагрузки
взаимодействия устройств, расчет характеристик SoftSwitch.
Рассмотрены аспекты безопасности: кондиционирование помещения,
условия работы при монтаже и ремонте. Рассчитаны капитальные затраты на
внедрение данной функциональной модели.
ABSTRACT
The theme of this diploma project - the development of a functional model of
interaction of SoftSwitch devices based on protocol BICC.
In the diploma project examines the evolution of packet networks, including
their advantages over classical telephone networks. A functional model of devices’
interaction was developed. Examine the technical characteristics of the selected
equipment, protocols for network connectivity. There was made calculation of the
transport network, the load of device interaction, the performance of SoftSwitch was
calculated.
Aspects of Security were considered: air conditioning of facilities, working
conditions for installation and repair. Capital costs for implementation of this
functional model were calculated.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Келесі ұрпақ желісіне өту себептері
1. 2 Байланыстарды басқару құрылғылары
1. 3 Voice over IP
1. 4 Таңдалған BICC протоколының қысқаша сипаттамасы
1. 5 SoftSwitch қондырғысының өзара әрекеттесуінің функционалдық
моделінде дайындалған протоколдарының сипаттамасы
1. 6 Міндеттің қойылуы
8
9
9
10
15
16
19
26
1. 7 BICC
протоколы негізінде SoftSwitch қондырғысымен өзара
26
әрекеттесетін функционалды модель
1. 8 Жабдықтарды таңдау
2 NGN ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУМЕН ТРАНСПОРТТЫҚ
ЖЕЛІНІ ЕСЕПТЕУ
2. 1 Бастапқы деректер
2. 2 Мультисервисті дестелік желінің абоненттік концентраторлар мен
транспорттық шлюздерінің сипаттамаларын есептеу
2. 3 Softswitch сипаттамаларын есептеу
28
34
34
37
46
2. 4
Транспорттық желіде ақпараттар ағынын таратудың
48
маршруттарын анықтау
2. 5 Транспорттық желі коммутаторларының әсерлесуіне қажетті
интерфейс таңдау
3 БИЗНЕС ЖОСПАР
3. 1 Түйін
3. 2 Компания және сала
3. 3 Қызметтерді (өнімдерді) бейнелеп жазу
3. 4 Нарықтық өтімді талдау. Нарық қызметтерін зерттеу
3. 5 Менеджмент
3. 6 Маркетинг стратегиясы
3. 7 Қаражаттық жоспар
3. 8 Табысты есептеу
3. 9 Пайдалану шығындары
3. 10 Экономикалық тиімділіктің көрсеткішін есептеу
4 БАЙЛАНЫС ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫН МОНТАЖДАУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ
КӨРСЕТУ КЕЗІНДЕГІ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ
4. 1 Жалпы ережелер
4. 2 Артық жылуды жою үшін қажетті ауа алмастыруды есептеу
ҚОРЫТЫНДЫ
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
А ҚОСЫМШАСЫ
Ә ҚОСЫМШАСЫ
51
53
53
53
54
54
55
56
56
57
58
61
63
63
66
71
72
Б ҚОСЫМШАСЫ
В ҚОСЫМШАСЫ
КІРІСПЕ
Дестелік технологиялардың кеңінен таралуымен және классикалық
телефон опрераторлардың жоғалуы туралы аппокалиптикалық болжамдарымен
байланысты телекоммуникациялық нарықтың көптеген сарапшылары дестелік
технологияларға негізделген желілермен қатар классикалық телефон арналарын
қамтамасыз ететін арналар коммутациясы бар желілер болады деген ойға келді.
Мұндай қорытынды желілердің әр түрінен түсетін табысты салыстыруға
мүмкіндік береді. Мәліметтер таратудың трафигының көлемі өскенімен
берілген қызмет түрі беретін табыс әлі телефон қызметімен теңесе алмайды. Бұл
жағдайға тіке қарауға тарифтердің біртіндеп түзелуі себепкер болды. Дестелік
желілер тарапынан жаңа белсенді бәсекелестер пайда болғандықтан
классикалық телефон операторларына халықаралық телефон байланысының
трафигын айтарлықтай кемітуге тура келді, өз кезегінде дауыстық
хабарламаларды дестелік желілер арқылы жіберумен айналысатын үлкен
компаниялар бизнес класстың тұтынушыларын тарту үшін көрсетілетін қызмет
түрлерінің сапасын жақсарту керек болды, ол қызметтердің өзіндік құны және
тарифтерінің өсуіне әкеліп соқты.
Операторларға әлі ұзақ уақыт бойы әр түрлі технологияларға негізделген
желілердің параллельді қолданылуы жағдайында жұмыс істеу жайлы түсінігі
дамудың революциялық моделінің эфолюциялық түріне ауысуына әкелді.
Мұндай тарапта барлығының қызығушылығы бұл технологиялардың
физикалық деңгей ғана емес қалыптастыру және қызмет көрсету деңгейлерінде
өзара әрекеттесуін қамтамасыз ете алатын протоколдар мен құрылғыларға
ауысады. Заманауи опреаторлар қызметтің тасымалдануы тұтынушыға қалай
және қандай құрылғы арқылы жүзеге асатынына тәуелді болмайтын
сұрастырылған қызмет көрсету сапасын кепілдендіретін тұтынушының
шақыруларын бір ережелермен өңдейтін және қызметтерді қалыптастыру және
көрсету кезінде үздіксіз бақылауды қамтамасыз ететін байланыс желілерін құру
керектігін айтады.
Дестелік және классикалық желілердің көрінетін айырмашылықтарына
қарамастан олар бір даму жолымен келе жатыр, яғни қызмет көрсету деңгейін
(тасымалдау және коммутация) мен қызметтердің қалыптасу деңгейінен
(берілген ережелер бойынша шақыруды өңдеу) бөлу. Осылайша, жалпы
қолданыстағы телефон желілеріне ОКС №7 сигнализация желісінің кіріктірілуі
дауыстық трафик пен дабылдық ақпараттың жүру жолдарын бөлуге мүмкіндік
берді. Егер дестелік желілерге жүгінетін болсақ, ондай бөлу (шлюздың
декомпозиция принципі) мұнда да қолданылады: шлюздер, шлюздерді басқару
құрылғылары және сигнализация шлюздары (соңғы екеуі бірігуі мүмкін) .
Конвергентті желілерге ауысу әр түрлі желілердің өзара әсерлесуіне
қатты мән беретіндіктен, бұл әсерлесуді қаматамасыз ететін құрылғылар мен
протоколдарға ерекше мән берген жөн.
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1 Келесі ұрпақ желісіне өту себептері
Бүгінгі күні желі конвергенциясы және байланыс қызметінің қажеттілігі
туралы ешкім де ойланбайды, өйткені телекоммуникация әлемінде соңғы
жылдары оператор ең көп табысты деректерді тасымалдау трафигінің
айтарлықтай басымдылығында, сөйлеу трафигін трансляциялаудан алады.
Әдетте, операторларға деректерді тасымалдау желісін қолдау мен қызмет
көрсету, сөйлеу трафигін тасымалдауға бағытталған арналарды уақытпен
бөлумен (Time Division Multiplexing - TDM) салыстырғанда анағұрлым арзанға
түседі. Болжамдарға сәйкес, мұнан былай дестелік технология көмегімен
сөйлеу қызметін тасымалдауда тасымалданатын сөйлеу трафигінің көлемі
(Voice over IP, Voice over ATM Voice over Frame relay және т. б. ) өскенде,
мультиплекстеу әдісі арқылы арналардың уақыт бойынша бөлінуімен (TDM)
тасымалданатын жүктеме мөлшерінің азаюы байқалуы мүмкін. Бұған негізінен
байланыстың мобильді желісінде келесі ұрпақтың жылжымалы обьектілермен
(3G) сөйлеуді пакетті түрде тасымалдауы ықпал етеді. 1. 1 - суретте осындай бір
болжам бейнеленген. Диаграмма бойынша, сөйлеу трафигі тек 5%-ға өскенде,
деректер трафигі жылына 100% - ға дейін өседі. Деректерді тасымалдау
желісіне қарағанда, классикалық телефон желілерінің дамуына шығын көбірек
жұмсалу фактісі маңызды болып табылады.
1. 1 Сурет - Трафик түрлерінің өсу үрдісі
Жоғарыда аталған фактілер операторлардың өздеріндегі әрекеттегі
желілерді қайта құру туралы шешім қабылдай бастауына әкелуі мүмкін. Қазіргі
![]()
ТDМ желілерінде деректерді тасымалдау үшін қолданылуынан ерекшелігі,
операторлар деректерді тасымалдау желілерін телефон шақыруы қызметі үшін
де қолдана бастайды. Шын мәнінде, мәселе екі түрлі шектің жақындасуы -
деректерді тасымалдау көлемінің өсуі мен дәстүрлі қызмет көрсетуден пайда
табуды қамтамасыз етуді қолдаутуралы. Аталған тезиске сай, конвергенция өз
алдына әр түрлі қызмет көрсетуді бірыңғай желіге біріктіру міндетін қояды.
Next Generation Network - NGN деп аталатын болашақ конвергенттік желілерде,
шын мәнінде, тек бір ғана қызмет түрі қолжетімді болады. Ол - байланыс.
Оператордың басқару жабдықтары осындай желілерде қандай абоненттік
құрылғымен қатынасқа түсетінін анықтайды, (терминал IP - телефония, ұялы
телефон, Ғаламтор желісінің жұмыс станциясы) оған сәйкес нақты қызмет
көрсету түрі мен ол үшін талап етілетін ресурстарды ұсынады. Пайдаланушы
NGN желісін әлдебір «қара жәшік» ретінде қарастыратын болады, оған қай
хаттама қолданылады, қандай тасымалдау ортасы ұсынылады бәрібір. Ол үшін
тек оның соңғы құрылғыларының мүмкіндіктеріне сәйкес болатын, қызмет
көрсету фактісі маңызды.
Бұл міндетті шешуде стандарттық хаттамалар қолданылады. Мысалы,
H. 248/MEGACO
хаттамасы көмегімен
SoftSwitch
байланысын басқару
құрылғылары шлюздермен қарым-қатынас жасайды және ұсынылған қызметті
басқара алады. Әр түрлі SoftSwitch арасындағы коммутация бірнеше сервер
қызметін қолдану көмегімен жүзеге асқан, ашық стандартты бағдарламалық
интерфейстер қосымшасын (API) қолдануға негізделетін, SIP, Q. 1901/BICC
хаттамаларын қолдану арқылы жүзеге асады. Сонымен, сөйлеуді тасымалдау
технологиясы дамуындағы келесі адым пакеттік технологияға ауысу болды.
Сөйлеу пакеттер түрінде тасымалданады,
шынайы уақыттағы қызмет
көрсетілімі үшін барлық талап етілетін сапа параметрін сақтап, жүктеменің әр
түрлі типінің оңтайлы және еркін араласуын қамтамасыз етеді. Шынайы
уақытта ұсынылатын қызметтер, (қарапайым тілмен айтқанда - шынайы
уақытта қызмет көрсету, оның ішінде телефония) сапа параметріне ерекше
сезімтал, оның бірікідіріс және оның вариациясы (jitter) болып табылады. Егер
мәселе аса үлкен кідіріс туралы болса - онда жаңғырықты (echo cancellation)
жою қажеттілігі туындайды. Дестелік желілер арқылы сөйлеуді тасымалдауда
туатын, жоғарыда аталған кемшіліктермен күрес, сөзсіз, жабдықтардың
күрделілігі мен оның бағасына әсер етеді.
1. 2 Байланыстарды басқару құрылғылары
Жаңа немесе инфокоммуникация нарығында әрекет етуші кез келген
оператормен NGN жоспарлауда желі архитектурасы бірдей. Екеуіне де
деректерді тасымалдауға оңтайланған, дауыс қызметі үшін жоғары сапаны
қамтамасыз ететін (және шынайы уақыт қызметін тұтас алғанда), сонымен
қатар жаңа қызмет түрін ендіруге дайын дестелік желілер талап етіледі.
Осындай архитектураға сәйкес, қызмет көрсетуді басқару - SoftSwitch
құрылғысының жаңа типінде жүзеге асу мүмкіндігі бар қосымша қызмет
серверімен қамтамасыз етіледі. Кіру амалының түрлері 1. 2 суретінде
бейнеленгендей, медиа - шлюздер арқылы қамтамасыз етіледі [4] .
1. 2 Сурет - Келесі ұрпақ желісінің құрылымы
NGN желісінің тәжірибеде жүзеге асу нұсқасының бірі - шақыру
қызметін басқару сервері ретінде жұмыс істейтін, шлюз контроллері міндетін
де орындайтын SoftSwitch қолдану. Қосымша қызмет серверлерінің басқа
типтері қажеттілік болғанда қосылуы мүмкін. (1. 3 суретке қараңыз) [4] .
Сонымен қатар, желінің келесі ұрпақ архитектурасы негізгі желі типтерін
- ATM, IP немесе IP/MPLS таңдауға мүмкіндік беруі қажет. Конвергентті
желіге өтудің құны туралы мәселені нақтылап алған дұрыс. Қазіргі классикалық
телефония нарығындағы операторларға оңайлықпен барлық құрылғыларын
алмастыру мүмкін емес. Сондықтан кезең - кезеңмен өту мүмкіндігін
қамтамасыз ету қажеттілігі және ескірген дабылдық жүйемен үйлесімділікті
қамтамасыз ету, кірудің әр түрлі типтерін қолдау мәселесі туындайды.
Оператордың жабдық бөліктерін сақтау мүмкіндігі болуы керек, өйткені,
мысалы, қазіргі IP - телефония нарығында аздаған жаңартудан кейін
конвергентті желілерде жұмыс істеуге қабілетті болатын жабдықтары бар.
Басқаша алғанда кез келген пайдаланушы олар үшін пайдасыз жаңа қызмет
түрлері үшін көбірек төлеуге дайын емес, сондықтан дестелік желіге өту
оператор мен оны пайдаланушыларға бірдей пайдалы болуы тиіс.
![]()
1. 3 Сурет - SoftSwitch базасында желіні жүзеге асыру
Салыстырмалы түрде жаңа дестелік телефония нарығына кіруші
ойыншының бәрі жабдықтың толық кешенін алу үшін үлкен қаражат жұмсауға
дайын емес, оларға жаңа қызмет түрін біртіндеп енгізу тиімді. Сонымен NGN-
ға тағы бір талап қойылады - архитектура үлгішеңдігі. Мұндай талаптар жаңа
протоколдардың (мысалы, BICC) және жаңа желілік құрылғылардың пайда
болуына әкеледі. Мұндай жабдықтың мысалы - жоғарыда аталып кеткен
SoftSwitch. SoftSwitch
«Байланысты басқару атқарымын коммутация
атқарымынан бөлуге қабілетті» (дестелік желіге өту және басқару деңгейінде
қызметтерді біріктіруде айрықша маңызды) немесе «жылдам бағдарлаушы»,
немесе «изохронды трафик түрлерінің лектерін басқарушы» серверлер ретінде
жеке жүйе деп анықтауға болады. Softswitch - бұл байланысты басқару
атқарымын коммутация атқарымынан бөлуге арналған, абоненттердің үлкен
санына қызмет етуге қабілетті және қосымша қызмет серверлерімен қатынасқа
түсе алатын, ашық стандарттарды қолдайтын NGN желісін басқару құрылғысы
[9] . SoftSwitch IP - желісінің зияткерлік мүмкіндіктерін тасымалдаушы болып
табылады. Ол байланысты бір немесе бірнеше желі арқылы орнатуды
қамтамасыз ететін шақыру қызметін басқаруды, дабыл мен атқарымдарды
үйлестіреді.
Осындай анықтамалардың алуан түрлілігінен
SoftSwitch
дегеніміздің не екені туралы әлі де бірауызды пікір жоқ екені көрінеді, әр
өндірушінің қолдану аясына деген өз көзқарасы, өз тәжірибесі бар. Тек негізгі
талаптары мен техникалық ерекшеліктері нақты бөлінген, бірақ жүзеге
асырылуында айырмашылық бар.
SoftSwitch жүзеге асырудың екі әдіс - тәсілі бар - бірыңғай және тарату
қағидаты. Алғашқы SoftSwitch қоғамға Lucent фирмасымен ұсынылған
(SoftSwitch термині коммерциялық Lucent SoftSwitch өнімі атауынан шыққан) .
![]()
Lucent SoftSwitch сәйкес бағдарламалық коммутатор екі бөлімнен тұрады -
аппараттық сервер (device server) және шақыру қызметін басқару сервері - Call
Server.
Device server шлюз контроллері міндетін орындайды (MGC) және әр түрлі
дабылдық жүйемен жұмыс істеу үшін атқарылымдық мүмкіндігі бар. Call
Server шақыру қызметін басқару атқарылымын, бағдарлауды, т. б. іске асырады.
SoftSwitch таратылған архитектурасы болуы мүмкін - mSwitch атауын алған
UTStarcom компаниясының шешімі серверлер кешенінен тұрады: шақыру,
қосымша, қорғау, мекен-жай анықтау, авторизация, аутентификация мен
биллинг, медиа - сервер, сонымен қатар шлюз. Alcatel фирмасы бірыңғай
архитектураға бағытталған SoftSwitch ұсынады - мұнда әр түрлі міндеттерді
орындау мақсатында жүктелетін бір атқарылымдық блок және бағдарламалық
қамтамасыз ету жиынтығы қолданылады. Бағдарламалық коммутаторды желіге
кіргізуде архитектура типін таңдау көптеген жағдайларға байланысты ерекше.
SoftSwitch - стандартты шешімдер мен тәсілдер қолдану үшін өте күрделі жүйе.
NGN архитектурасына сай, 1. 4 суретте көрсетілгендей, мұндай желілерде
бірнеше кезеңдерді бөледі (әр келесі ұрпақ желісі шешімін әзірлеушілер,
архитектурадағы кезең саны әр түрлі екендігін атап кетеді, әдетте 4 - 6 кезеңді
бөледі) .
Бұл
архитектурада элемент
басқарушысы ретінде
SoftSwitch
қолданылады.
1. 4 Сурет - Мультисервистік желідегі SoftSwitch рөлі
SoftSwitch
дабылды ақпаратты өңдеуде желілер арасында арна
коммутациясы мен дестелік желі арасында делдал болады, MG (MediaGateway)
шлюзі шақыру қызметін өңдейді және басқарады, лектерді басқаруды,
мультисервистік желілерде дауысты және деректерді тасымалдауды іске
асырады. SoftSwitch дегеніміз «бағдарламалық коммутатор» дегенді білдіруіне
қарамастан, шын мәнінде, бұл құрылғы ешқандай коммутаторлық міндеттер
орындамайды. Шақыру қызметтерін басқару типтік жағдайларда шақыру
бағдарлауын, пайдаланушы аутентификациясын, байланыс пен дабылды
орналастыру мен бөлуді қосады. SoftSwitch делдал ретінде шақыру қызметтерін
![]()
басқарудың PSTN желілері тұрғысынан «түсінуі»
(мысалы, SS7), кірудің әр түрлі стандарттық типтерімен жұмыс істей «білуі», ал
пакеттік желілер тұрғысынан ол MGCP/MEGACO, H. 323, BICC и SIP
хаттамаларын іске асыруы керек. Әрбір дабылды жүйеде олардың өзара
қатынасын айтарлықтай күрделендіретін, өзіндік бірегей сипаттамалар
жиынтығы бар. SoftSwitch олардың арасындағы өзара қатынасты тура немесе
шлюз SG (Signaling Gateway) көмегімен қамтамасыз ете отырып, әр түрлі дабыл
жүйесі бар желі арасында интерфейс ретінде қызмет етеді.
Тек SoftSwitch қазіргі және конвергентті желілер арасында «көпір»
ретінде қызмет етуге, неғұрлым көбірек таралуға қабілетті. Бағдарламалық
коммутатор анықтамасына сай, физикалық коммутация қызметі мен шақыруды
басқару қисыны бөлініп әр түрлі құрылғылармен орындалады; медиа -
шлюздермен (Media Gateway) - сәйкесінше шлюз контроллерімен (Media
Gateway Controller) . Физикалық коммутация міндеті медиа -шлюздерде
шоғырланғанда, контроллер міндетіне шлюздерді басқару, сонымен қатар
шақыру қызметін өңдеу үрдісі кіреді. Мұндай бөлісу жалпы интеллектіні
сөйлеу және транспорттың түрлі үлгісіндегі әр түрлі желі типтері үшін
(дәстүрлі, дестелік,
гибридті)
қолдануға
мүмкіндік береді. Ашық
протоколдардың болуы
стандартты
компьютерлі
платформаларды,
операциялық жүйе мен әзірлеу ортасын қолдануға мүмкіндік береді, ол өз
кезегінде бұл қызмет түрінің бағасына оң әсерін тигізеді. Стандартты
хаттамаларды қолдану әр түрлі операторлардың жабдықтарын қолдануға
мүмкіндік береді. Ағымдағы уақытта SoftSwitch құрылғыларын қолданудың
келесі нұсқасы анықталған:
- Телефонды трафик транзиті.
- Виртуалды модемді пул және телефон желілерінің жүктемесін
жеңілдетуді ұйымдастыру
- IP - телефония.
- Зияткерлік желілер қызметі [29] .
SoftSwitch жабдықтарына арналған кейбір негізгі талаптар айқындалды.
1. Дабыл хаттамаларын қолдау:
Дабыл хаттамаларының нақты жинағы, SoftSwitch-ті қолдану сценарийіне
байланысты. Жоғарыда айтып кеткендей, телефон желісі тұрғысынан қарағанда
бағдарламалық коммутатор транзиттік коммутатор және ОКС №7 дабыл
нүктесі болып табылады, сәйкесінше ОКС №7, DS-1, ВКС және басқа да дабыл
түрлерін қолдауы керек. Дестелік желі тұрғысынан қарағанда бағдарламалық
коммутатор медиа - шлюздерді басқару құрылғысы және дабыл контроллері
болып табылады, сондықтан (мүмкіндігінше) барлық IP - телефония (H. 323,
MGCP, H. 248, SIP, BICC) хаттамаларын қолдауы қажет және бір хаттамадан
екіншісіне конвертацияны іске асыруы керек. Өйткені Қазақстанда әлі де
көптеген станциялар R1. 5 деп аталатын протоколдармен жұмыс істеуде, ал
географиялық ерекшеліктер
V. 5
протоколы бойынша абоненттік кіру
мүмкіндігін қосуды тиімді жасайды, яғни SoftSwitch-те бұл хаттамаларды
қолдау күтілуде. Мұның бәрі қатаң талап болмаса да, осы мақсаттарға қосымша
конвертер қолданылуы мүмкін.
2. Аппаратты - бағдарламалық платформаның ашық сипаты:
Транспорттық желі мен шлюздерді қысқарту үшін, сонымен қатар NGN
бағдарламалық коммутатор архитектурасының көп кезеңді концепциясына
сәйкестігі үшін, интеллектіні басқару кезеңіне шоғырландыру талап етіледі,
сонымен қатар шақыру қызметін басқару міндеттерін қызмет көрсету
қисынынан бөлу талап етіледі. Ерекше назар аударатын талап жаңа қызмет
түрлерін енгізуді жеңілдететін, ашық бағдарламалық интерфейстерді қолдау
болып табылады.
3. Қауіпсіздік пен сенімділік стандартын қолдау:
Протоколдар жолағы осал болғандықтан, қауіпсіздік мәселелеріне ерекше
назар аудару қажет. Қазіргі уақытта қажетті қауіпсіздік құралдарын жасау қолға
алынуда.
4. Міндеттер жиынтығы:
Жоғарыда аталған мақсаттардың тек бірі үшін оператордың SoftSwitch
құрылғысын алуы экономикалық жағынан тиімді емес. Дұрысында, мұндай
жабдықтарды телефон байланысын ұйымдастыру үшін де, сонымен қатар
интеллектуалды қызмет көрсету үшін де қолданған тиімді.
1. 3 Voice over IP
Жоғарыдағы екі пунктке сәйкес, болашақ NGN бірыңғай желісі аясында
байланыс қызметінің қазірде түрлі желіде көрінетін - мобильді байланыс,
телефония, интеллектуалды желі қызметі сияқты түрлері бірігеді. Сөйлеу
қызметі, жоғарыда айтылып кеткендей, дестелі түрде таратылады. Қазіргі
уақытта осындай бірнеше сөйлеу қызметін тасымалдау технологиясы жұмыс
істеуде, мұнда әр түрлі транспорт қолданылуы мүмкін - Voice over IP, Voice
over ATM, Voice over Frame Relay. Әрбір жоғарыда аталып кеткен әдістердің өз
артықшылығымен қоса өз кемшіліктері де бар.
АТМ
транспорттық
технологиясының желіні эксплуатациялық басқарудағы бөлігі мықты дамыған,
өте сенімді, сонымен қатар құны да ең жоғары. Frame Relay технологиясының
артықшылығы - бағасы, корпоративтік желілер құру үшін мультисервистік
кіру мен алыс байланыс арналарын ұйымдастыруда ең ыңғайлы, алайда даму
мүмкіндігі шектеулі. Ең қолжетімді және кең таралған әдіс - сөйлеу қызметін
IP протоколы арқылы тарату, өйткені бұл ең икемді нұсқа. «Түбінде ол (Voice
over IP технологиясы) дестелік телефонияның ең кең тараған технологиясы
болады, өйткені рыноктың барлық сегментін қамтуға қабілетті бола тұра, жаңа
қолданыс жағдайларына да оңай бейімделеді» [5] . Алайда қалыптасып қалған
оның сенімсіздігі мен басқарудағы күрделілігі туралы пікір, бұл транспорттың
қолданылуын тежеуде. Сондықтан IP - телефония түсінігінде IP протоколы, тек
Ғаламтор ортасын қолдану ғана емес, сонымен қатар кез келген желіде,
шынайы уақыт трафигін таратуда дестелер коммутациясындағы сөйлеу
қызметін тасымалдауда туындайтын барлық мәселерді шешуге қажетті
қосымша технологиялар деп түсінеміз. Бұл кемшіліктерді жоятын бірқатар
механизмдер бар, мысалы, MPLS - Multiprotocol Label Switching - белгі
бойынша көпхаттамалы коммутация; RSVP протоколы - Resource Reservation
Protocol - ресурстарды сақтық қорда сақтау протоколы, т. с. с. Көбіне бұл
протоколдар
мен механизмдердің пайда болуымен,
сонымен қатар
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz