1С:Предприятие платформалық жүйесі арқылы Baumarkt құрылыс дүкенінің деректер қорын құру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   
Аңдатпа

Бұл дипломдық жобада тапсырмаға сәйкес "1С:Предприятие" платформалық
жүйесі арқылы Baumarkt құрылыс дүкенінің деректер қорын құру жүзеге асырылды.
Аналитикалық бөлімде бұл мәселенің қазіргі заманғы күйі және "1С:Предприятие"
платформалық жүйесінің ерекшеліктері мен артықшылықтары қарастырылған. Сонымен
қатар осы жобаны жүзеге асыру үшін қолданылатын инструменталдық құралдарды таңдау
негізделді. Жобалық бөлімде бұл порталды UML тілі арқылы жобалау және оны жүзеге
асыру толықтай сипатталды. Эксперименттік бөлімде құрылған бағдарламалық өнімді
қолдану бойынша нұсқаулар берілді, онымен қоса бағдарламаның интерфейсі сипатталды.
Нұсқаулар визуалды түсіну үшін суреттермен және схемалармен безендірілген.

Аннотация

В данном дипломном проекте согласно заданию осуществлена разработка база
данных строительного магазина Baumarkt в платформе "1С:Предприятие" .
В аналитической части рассмотрены существующие состояния данной
проблемы, особенности структуры платформы "1С:Предприятие" и выбраны

инструментальные средства для ее реализации. Так же в работу
входит

полный отчет по проектированию данного портала с помощью языка UML и
вся его реализация. В экспериментальной части изложены инструкции и
рекомендации по эксплуатации разработанного программного продукта, а
так же описывается интерфейс программы. Инструкция проиллюстрирована
схемами и рисунками для визуального пояснения.

Аnnotation

In this project according to the assignment has developed a database of
construction shop Baumarkt with platform "1C:Enterprise".
The analytical part considers the existing state of the problem, features of the
structure of the platform "1C:Enterprise" and the selected tools for its
implementation.
Also there is a full report on the design of this portal using UML and all its
realization. In the experimental part contains the instructions and guidelines on the
operation of the developed software, as well as describes the interface of the

program. The statement is illustrated with diagrams and pictures
explanations.
for visual

Мазмұны

Кіріспе
1 Aнaлитикaлық бөлім
1.1 ERP жүйелері автоматизациялау құралы ретінде
1.2 Конфигурацияны құруға негіздеме
1.3 Конфигурацияға қойылатын талаптар
1.4 Приложенияны құрастыруды жүзеге асыру үшін ортаны таңдау
1.5 Жобалау ортасында берілген есепті шешу жолдарын анализдеу
1.6 Техникалық қамтамаға қойылатын талаптар
1.7 Сауда кәсіпорынының ерекшеліктері. Сауда-саттықтағы құжат
айналымы.
1.8 1С Технологиялық платформасы
2 Жoбaлық бөлім
2.1 Пәндік облысты модельдеу
2.2 Прецеденттерді модельдеу
2.3 Тізбектер диаграммасы
2.4 Кластар диаграммасы
2.5 Конфигурация бөлігінің жалпы сипаттамасы
2.6 Конфигурация объектілерінің сипаттамасы
3 Тәжірибелік бөлім
3.1 Программаны орнату және дұрыстау
3.2 Жүйемен жұмыс істеуді бастау
3.3 Анықтамалармен жұмыс істеу
3.4 Жүйенің документтерімен жұмыс істеу
3.5 Қызметкерлерге жалақы беру
3.6 Өңдеулермен (обработки) жұмыс істеу
3.7 Программист жұмыс істеу үшін нұсқау
4 Экономикалық бөлім
4.1 Жалпы жағдай
4.2 Бағдарламаны жобалау, жасау және енгізуге кететін шығындар
4.3 Бағдарламаны енгізуге байланысты шығындар
4.4 Бағдарламаны түзетуге байланысты шығындар
4.5 Бағдарламаны көшіру
4.6 Барлық шығындар
4.7 Оқу жоспарын құру және енгізу пайдасын есептеу
4.8 Жылғы жалпы пайда
4.9 Тиімділік
4.10 Шығындарды өтеу мерзімі
5 Еңбекті қорғау бөлімі
5.1 Жалпы жағдайлар
5.2 Микроклимат және санитарлы гигиеналық талаптар
5.3 Жұмыс орындары үшін жарықтандыру талаптары
5.4 Шу және діріл үшін талаптар
5.5 Иондаушы емес сәулелер деңгейіне талаптар

9
10
10
11
11
11
16
17

18
19
23
23
24
25
26
26
27
33
33
35
36
38
41
42
42
47
47
51
54
55
55
55
55
56
56
56
57
57
58
59
60
61

5.6 Электр қауіпсіздігі
5.7 Өрт қауіпсіздігі
5.8 Көзді демалдыру
5.9 Жасанды жарықтандырудың есебі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
А қосымшасы программаның листингі

62
63
64
65
68
69
70

Кіріспе

XXI ғасыр - компьютерлік технологиялардың даму заманы, себебі
ақпарат заманауи және жалпы қоғамның өмір сүруінің басты факторларының
бірі. Жыл санап ақпараттың көлемі артып келеді, сонымен қатар ақпараттың
керектерін қалдырып, өңдеп және сол үрдістерге аз уақыт жұмсау қажеттіліг
туды. Бұл үрдістердің барлығын тек компьютерлік құрылғылар жүзеге асыра
алады.
Ақпараттық жүйелер кіші бизнестен бастап үлкен корпорацияларға
дейін енді. Ақпараттық жүйенің кәсіпорындарға алып келетін пайдасына
келетін болсақ, ақпараттық ағынның құрылымдануы, жеке алынған
процесстерді автоматизациялау, белгілі бір адамдарды уақытылы мәліметпен
қамтамасыз ету. Егер кәсіпорын өзіне автоматизациялық ақпарат жүйесін
ендіретін болса, ақпараттық жүйелердің өмірлік циклы мен методологиясына
сүйенуі керек.
Қазіргі кезде ақпаратты электронды түрде сақталу бекітілген, себебі
ақпаратты қалаған уақытында қолданушы пайдалана алады, ақпарат көлемі
аз орын алады, пайдаланушы көп қағазбен жұмыс істемейді. Күн санап
ақпаратты сапалы түрде сақтайтын және өңдейтін приложениялар жасап
шығарылып жатыр.
Деректер қорының көмегімен белгілі бір саланың ақпараттарын
сақтауға болады. Деректер қоры жұмыс істеуге ыңғайлы, оны әр түрлі
мақсатта пайдалануға болады, ақпараттың алатын орнын азайту үшін
мәліметтің еселенуін бақылайды.
Деректер қоры немесе деректер қорының файлы белгілі бір пәндік
саланың мәліметтер жиынтығы. Деректер қорының құрамына барлық
кестелер, сұраныстар, есептемелер, формалар және т.б. құрылымдық
элементттер кіреді. Ақпараттарды дискіде сақтаған кезде диск өшіріліп,
жоғалып, сынып кетуі мүмкін, ал деректер қорында ақпарат біріккен файл
түрінде сақталады.
Көптеген құрылыс дүкендерінде тауарлардың өте көп түрлері бар, сол
себепті құрылайын деп отырған бағдарламалық шешім пайдаланушылар
үшін көмекші құрал бола алады. Қазіргі кезде "1С:Предприятие" жүйесі
көкейкесті платформа болып табылады.
Құрастырылайын деп отырған бағдарламалық шешімде жоғарыда
аталған функционалдардың барлығы дерлік ескерілуі тиіс.

1 Аналитикалық бөлiм
1.1 ERP жүйелері автоматизациялау құралы ретінде

Қазіргі заманғы ERP жүйесі - интеграцияланған ұсыныстар
жиынтығы, комплексты қолдайтын, информационды кеңістікте, организация

қызметтерін басқарудын барлық ең басты аспектилері
-
тауармен

ұсыныстарды құру үшін жоспарланатын ресурстар(қаржылай, материалдық,
кадрлық), жоспарларды орындауды оперативты басқару(шарттар, жабдықтау,
өткізулерді өзіне енгізеді), есептеудің барлық түрлерін, организация
қызметтерінің нәтижелерін анализдеу.
Бастапқы кезде ERP жүйесі санаулы компаниялар үшін құрастырылған,
бизнестің белгілі бір талаптарына жауап берген және басқарма міндеттерін
алдымен шешкен. 1960-шы жылдан бастап Батыста өндірістік
организациялардың жұмыс істеуі мен жоспарлануының барлық
ерекшелітерін белгіледі.Компьютерлік технологияның нба
мұүмкіншіліктерін бағдарлау үшін сол кезде жоспарлаудың жаңа жүйелері
пайда бола бастады. Қазіргі заманғы ERP жүйесі тапсырыстарды қабылдау,
оларды өңдеу және дайындау процестерді автоматтандыруға мүмкіншілік
береді, компанияның барлық отделдерінің жұмыстарын ықпалданған
компьютерлік жүйеде байланыстырады.
ERP жүйесі организация қызметтерін басқарудын тұтқалы аспектилерін
тиеді, топ-менеджментке шешім қабылдау үшін мәліметтерді береді,
сонымен қатар жабдықтаушылар және тұтынушылар, компаниялар арасында
мәлеметтермен алмасудың инфроструктурасын құрастырады.
Қазіргі заманғы ERP жүйесінің құрамына кіреді:
а) бұрынғы MRP II-ның барлық функциялары;
ә) барлық керекті есептемелерді ұсыну;
б) барлық қаржылай функциялар
в) сатуды автоматтандыру;
г) өнімнің сапасын басқару функциялары;
д) өндірістік функциялар;
е) сервисті ұсыну функциялары;
ё) инженерлі функциялар;
ж) компанияның штатын басқару функциялары;
з) логистика және тарату функциялары;
ERP жүйесі али толық жинақталмағандықтан, ERP не екендігіне
белгілі әртүрлі оқулар бар: оның типтік жынтық функциясы, технологиялық
ерекшеліктері, компания масштабы және өңделетін мәлеметтер көлеміне
бағдарланған. ERP жүйесі көбінесе үлкен компанияларға арналған.
ERP-нің маңызды ерекшелігі - өнімдерді және ұсыныстарды, өндірісті
глобальды басқару мүмкіншілігі. Қазіргі заманғы ERP жүйесі ұлт аралық
корпорацияларды басқару механизмін енгізді, сонымен қатар әртұрлі
сағаттық белдеуді, валюта, тілдерді,бухгалтерлік есептеу және есептеме
жүйесін қолдауды. Еншілес компаниялары бар, әртүрлі елде және

аудандарда бола тура өзара тыс қарым-қатынаста болуы үлкен халықаралық
компаниялар үщін өте маңызды.

1.2 Конфигурацияны құруға негіздеме

Конфигурацияның негізгі қолданылатын жері - дүкендегі сауда саттық
операцияларын автоматтандыру және құжаттандыру.
Конфигурацияны құрудың негізгі мақсаты - құрылыс дүкенінің
қызметкерлерінің жұмыс уақытын қысқарту. Жұмыс уақыты аяқталған кезде
күнделікті келген пайда мен шығындарды бір батырма арқылы көру.

1.3 Конфигурацияға қойылатын талаптар

Конфигурацияға қойылатын жалпы талаптар. Құрылып отырған
конфигурация пайдаланушы қолымен енгізілген мәліметтерді дұрыс сақтап
қауіптілікті және бүтінділікті бұзбауы керек.
Конфигурация тек пайдаланушының жұмысын тездету үшін ғана емес
сонымен қатар пайдаланушы ыңғайына қарай интерфейстің өзгертілу
мүмкіндігі болу керек.
Конфигурацияның функцияларына (атқаратын қызметіне) қойылатын
талаптар:
а) клиенттер туралы мәлімет енгізілуі;
ә) белгілі бір уақыт аралығындағы отчеттарды көру;
б) прайс парақты баспа түріне шығару
в) көтерме және бөлшектеп сату мүмкіндігін жүзеге асыруға мүмкіндік
беретін қойма туралы мәлімет енгізу;

г)
валюта бағамының өзгеруіне байланысты контрагенттермен

компания арасындағы қарыздарды қайта бағалау;

1.4 Приложенияны құрастыруды жүзеге асыру үшін ортаны таңдау

Приложенияны жүзеге асыру үшін 1С: Предприятие жүйесінің ішкі
программалау тілі таңдалған болатын, себебі кәсіпорын 1С фирмасының
комплексті шешімдерін қолданады [1].
1С: Предприятие жүйесі кәсіорынның ұйымдастыру және
экономикалық іс - әрекеттерін автоматизациялайтын әмбебап жүйе.
Кәсіпорынның жұмыс істеу түрлері көп болғандықтан, 1С: Предприятие
жүйесі сол жұмыс істеу ортасына байланысты икемделе алады.
Конфигурацияланылу функциясы термині белгілі бір кәсіпорынның әр түрлі
шаруашылық әректтерін және белгіленген есептерді шешеді [3].
1С: Предприятие жүйесі жай өзгертілмейтін файлдардан
құралдардан программа емес, әр түрлі программалық жабдықтардан құралған
программисттер мен пайдаланушылар қолданатын комлпексті шешім.
Логикалық түрде программаны екі бөлікке бөлуге болады: платформа және
конфигурация.

Технологиялық платформа 1С: Предприятие деректер қорының
үстіндегі программалық қабат деп айтсақ да болады.
Конфигурациялау барысында құжат (Документ), Реквизит, Журнал
документов, анықтама (Справочник), Регистр сияқты қолданбалы объектілер
оперияцияланады. Конфигурациялау барысында платформаның максималді
визуалді түзетулері қолданылады, ал қолданбалы объектілер арасындағы
байланыстар модульдерде код түрінде жазылады.
1С: Предприятие жүйесі деректер қорын басқарудың реляциялық
моделі болып табылады. 1С: Предприятие концепция анализі
анықтағандай, FoxPro, С++ Builder, Delphi сияқты кең таралған құрастыру
жүйелерінен басты артықшылығы кәсіпорынның әр түрлі шаруашылық
операцияларын автоматизациялауға бағытталғандығы.
1С: Предприятие жүйесін таңдауға негіздемелер:
а) біріншіден, 1С: Предприятие Қазақстанда сонымен қатар
ТМДелдері арасында кәсіпорынның жұмысын автоматизациялау құралы
ретінде толығымен ендірілді. Бұл жүйені көптеген кәсіпорын қолданады,
және жұмысқа қабылдау кезінде оффистік программалармен қатар білу
қажет;
ә) екіншіден, 1С: Предприятие жүйесі Франчайзинг фирмаларына
арналған, ол фирмалардың негізгі атқаратын қызметі, программаны ендіру,
қамтамасыздандыру, жұмысшыларды оқыту және т.б.
б) үшіншіден, 1С: Предприятие жүйесі Франчайзингінде жұмыс
істейтін жұмысшылар негізінен көбінесе программисттер емес, олар
техникалық және экономикалық мамандығы бар адамдар. 1С: Предприятие
жүйесі ашық кодты жүйе, сол себепті кез-келген кәсіпорын өзіне қажетті
функционалды программистті жалдау арқылы жұмыс жасайды.

1.4.1
"1С" жүйесінің артықшылығы. 1С: Предприятие

бағдарламалық жүйесі қарқынды дамып келе жатқан заманауи кәсіпорынның
алдында туындайтын кең ауқымды есеп автоматизациясы мен
басқарылуының шешілуіне арналған [12].
1С: Предприятие бір технологиялық платформада және бірдей
қағидамен жасалған қосымша мақсатты құрайтын өзіндік жүйе.
Кәсіпорынның актуалды қажеттіліктеріне сай келетін және алда
кәсіпорынның өсуіне немесе автоматизацияның шешуші мәселелерінің
кеңеюіне байланысты пайда болатын жағдайларына сай, басқарушы керекті
шешімді қабылдай алады.
Есеп пен басқару мақсаттары кәсіпорын, сала , өнімнің өзгешелігі
немесе атқарылатын қызметі, кәсіпорын аумағы және саласы, қажетті
автоматизация деңгейіне байланысты айтарлықтай ерекшеленуі мүмкін.
Көптеген кәсіпорындардың қажеттіліктеріне сай және көпшіліктің
қолдануына арналған бір бағдарламаны елестету қиын. Осылайша
басқарушыға бір жақтан тек оның кәсіпорнының өзгешелігіне арналған және
басқа жақтан көпшілікпен тексеріп қолданылған өнімнің артықшылығын
түсіне отырып, қажетті шешімді қабылдай алады. Осы қажеттіліктердің

қосындысын 1С: Предприятие бағдарлама жүйесі сияқты қамтамасыз
етеді.
1.4.2 Есептеудегі және басқарудағы көкейкесті мәселелерді шешуі. "1С:
Предприятие" жүйесі бағдарламалары отанымыздың кәсіпорындарының
қажеттіліктеріне арналып құрастырылған.
1С фирмасы көп данада шығарылатын бағдарламалық шешімдерді
құрастырады, олардың қолданылатын аясы коммерциялық кәсіпорындардың
типтік есептеулерінде және бюджеттік кәсіпорындарда. Әр бағдарламалық
өнімде стандартты есептеулер (барлық бағдарламаларға тән), және де нақты
саланың есептеулерін жүзеге асыратын аспаптар бар.
Даналық шешімдердің өзгеше ерекшеліктері ретінде типтік
бағдарламалардың функционалдығы соңына дейін ойластырылып
құрастырылған. 1С фирмасы пайдаланушылардың тәжірибесін анализдейді,
олардың сұраныстарының өзгерістерін белгілі бір уақыт арасында зерттеп
отырады. Көп кәсіпорындардың керекті қажеттілігі бар жерге, жаңадан
фунциялар қосылады. Жаңа функцияларды енгізу барысында барлық типтік
даналық шешімдер бірдей спецификаға келеді, енгізілген функциялар
пайдаланушыға түсінікті болу керек және логикалық тізбектілік сақталуы
қажет.
Кәсіпорын басшысы автоматизацияның белгілі бір деңгейін таңдауы
мүмкін. 1С фирмасы үлкен кәсіпорындардың күрделі бағдарламалық
шешімдерімен қатар, орташа не болмаса кішігірім кәсіпорындарға да
бағдарламалық қамтама құрастыруға көңіл бөлуде. Орташа және кішігірім
кәсіпорындарға автоматизациялық шешімнің пайдалануға оңай және
ыңғайлы болуы шарт. Орташа және кішігірім кәсіпорындарға
автоматизациялық шешімді ендіру барысында да 1С фирмасы алға қадам
басады, себебі кәсіпорынның атқаратын қызметі артқан сайын басқа
бағдарламалық қамтамалармен интеграциялау қажеттілігі пайда болады. Бұл
кезде де кәсіпорын 1С фирмасының қызметіне жүгінеді.
1.4.3 Стандартты және жекеленген шешімдер. "1С:Предприятие"
бағдарламалық жүйесінде жеке сұраныстар мен стандартты сұраныс
бойынша есеп жүргізуге арналған шешімдер жинақталған [12]. Бұл
кәсіпорын басшысының не болмаса жауапты маманның автоматизациялық
шешімді таңдау кезінде осы бағдарламалық шешімге қарай бет алуына
себепші болатын факторлардың бірі.
Бұл сәйкестік қалай жүзеге асады?
"1С" фирмасы көптеген кәсіпорындар үшін стандартты болып
есептелетін автоматизациялық шешімдер шығарады. Стандартты болып
есептелетін жүздеген мыңдаған кәсіпорындар автоматизациялық шешімді
пайдаланады. Кәсіпорындар автоматизациялық шешімді пайдалану
барысында "1С" фирмасының мамандары функционалдылықты толығымен
анықтайды, оңды теріс жақтарын бағалайды. Пайдаланушылардың көп бөлігі
стандартты (типтік) ешқандай бөлігі пысықталмаған автоматизациялық
шешімдерді қолданады.

"1С:Предприятие"

платформасында

арнайы

(салалық)

автоматизациялық шешімдерді қазіргі кезде жүздеген кәсіпорындар
құрастырып шығаруда.

Әр
кәсіпорын өзінше арнайы
(салалық)
автоматизациялық

шешімдерді типтік шешімдердің негізінде сол стандартты шешімдерге салаға
байланысты үлкен не болмаса кішігірім өзгертулер енгізу арқылы
құрастырады. Мұндай бағдарламалық шешімдерге мысал ретінде
фармацевтика, бөлшектеп сату, автомобиль сервистерінің, ауылшаруашылық
кәсіпорындарына және т.б. сала бөліктеріне арналып құрастырылған
шешімдерді алып қарасақ болады. Салалық шешімдердің пайдалану спектрі
уақыт өте келе арту үстінде.
Сонымен қатар "1С:Предприятие" жүйесінің мүмкіндіктері арнайы
жекеленген кәсіпорынның қажетттіліктеріне байланысты автоматизациялық
шешім құрастыру. Бұл мүмкіндіктерді жүзеге асыратындар франчайзинг
фирмаларының арнайы мамандандырылған программисттері.
Осылайша, кәсіпорын басшысы оптималды автоматизациялық шешімді
таңдай алады. Таңдау кезінде басшы ендіру уақыты, шешілетін мәлелелер
тізіміне сүйенеді. Кәсіпорынды автоматизациялау барысында бір жүйе
негізінде құрылған әр түрлі автоматизациялық шешімдерді бірінен кейін
бірін қолдана отырып ендіруге болады. Кәсіпорынның автоматизациялауын
жүзеге асыру кезінде ең алдымен негізгі болып саналатын мәселелерді шешіп
алып, кейіннен стандартты шешімді кәсіпорынның басқа тапсырыстарына
қарай ыңғайлауға болады.
1.4.4 Жүйенің үздіксіз дамуы. "1С:Предприятие" бағдарламасы және
оның функциялар құрамы динамикалық түрде кәсіпорындар мен бизнестің

дамуына байланысты өсіп келеді. "1С:Предприятие"
құрылғысы және

бағдарлама жүйесінің құрылу принципі фирманың және оның әріптестерінің
кәсіпорындардың қажеттіліктеріне тез арада жауап қайтаруына мүмкіндік
береді.
Экономикада өндірістік сектордың дамуына байланысты "1С" фирмасы
өндірістік кәсіпорындарға арнап автоматизациялық қамтама жасап шығарды.
Өзінің өндірістік қызметін енді енді жандандырып келе жатқан кәсіпорындар
бағдарламалық өнімді толығымен дерлік пайдалана алды. Заңнаманың
өзгеруіне байланысты программисттер әр ай сайын кейде екі үш айда бір рет
бағдарламаға жаңартулар шығарады.

Жеке есептеулерді автоматизациялау."1С:Предприятие"
жүйесінің

бағдарламасы жеке қолданбалы шешімдер арқылы жалғыз кәсіпорынға
бағдарлама ендіре алады, сонымен қатар комплексті шешімдер арқылы
ақпараттық базалар арқылы өзара мәлімет алмасу механизмі арқылы жұмыс
істей алады. Жеке бағдарламалық шешімдерді кәсіпорынға ендіру оңай және
тиімді. Мұндай жолдың оңай және тиімді болатыны егер ақпараттық базалар
бір-бірімен қиылыспаса. Комплексті шешімдер арқылы үлкен
кәсіпорындардың әр түрлі автоматизациялау сфераларын ақпараттандыруға
болады. Белгілі бір кәсіпорында комплексті шешімдер мен жеке шешімдер
қатар қолданыла алады, мысалы, управление производственным

предприятием комплексті шешім болса, зарплата и управление персоналом
жалақы беруді іске асыратын жеке шешім.
1.4.5 Біріккен технологиялық жүйе. "1С:Предприятие" бағдарламалар
жүйесінің негізінде жалпыға ортақ технологиялық платформа жатыр.
Жалпыға ортақ технологиялық платформа барлық қолданбалы шешімдердің
фундаменті болып табылады. Жалпыға ортақ технологиялық платформаның
болуы барлық қолданбалы шешімдерді бір платформада жүзеге асырудан
бөлек, бағдарламалық шешімнің бағасының арзандығын туғызады.
"1С:Предприятие" бағдарламалар жүйесінің қолданбалы шешімдері
барлық пайдаланушыларға шешім түріне қарамай мынадай мүмкіндік береді:
а) локальді жүйеде он пайдаланушыға дейін бір ақпараттық базада
жұмыс істеуге;
ә) файлдық және клиент-серверлік (MS SQL Server) нұсқалармен
жұмыс істеу;
б) шалғай территориялық зоналарда орналасқан пайдаланушылардың
өзара мәлімет алмасу арқылы бір жүйеде жұмыс істеуге;
в) заманауи технологияларды пайдалану (WEB, XML форматында
басқа жүйелермен және сауда-саттық құрылғыларымен интеграциялану);
г) жаңадан стандартты қолданбалы шешімдер басқа стандартты
қолданбалы шешімдердің негізінде аз өзгертулер енгізіліп істелетіндіктен
бағдарлама бағасының төмендігі;
д) белгілі бір қолданбалы шешімді оқып үйренген пайдаланушы басқа
шешімдерді тез үйренуі;
е) платорманың стандартизациялануы жүйелік администраторларның
жұмысын тездетеді және жеңілдетеді, себебі администратор жұмысы
конфигуратор режимінде жүзеге асады. Конфигуратор режимі өте сирек 1С
фирмасымен өзгертіледі.

1.4.6
Жүйенің ашықтылығы.
"1С:Предприятие"
бағдарламалар

жүйесінің ең басты артықшылығы ашықтылығы. Бастық өзінің қалауы
бойынша таңдалған жүйенің қара жәшік емес екендігіне көз жеткізіп, оның
қалауы бойынша өзгерте алатындығында сенімді болуы керек.
Жинақ жеткізілімінің құрамына автоматизациялық құрылымды
толығымен дерлік өзгертуге болатын құралдар жиынтығы және сол
құралдардың құжаттамалары бар. Белгілі бір кәсіпорынға қолдау көрсететін
маман 1С фирмасының мамандары қолданатын құралдарды толығымен
дерлік қолданады. "1С:Предприятие" бағдарламалар жүйесінің мүмкіндіктері
мамандардың бағдарламалық қамтаманы қолдау үшін күш салуын барынша
минимизациялайды.
1.4.7 Сервис және қолдау. Автоматизациялық жүйені таңдау кезінде
болашақта пайдалану және даму факторлары басты есепке алыну керек.
Платформаның және қолданбалы шешімнің стандартизациялануы жүйенің
индустриалды қолдауға мүмкіндік береді.
"1С" фирмасы стандартты қолданбалы шешімдерді және платформаны

әрдайым қолдайды.
"1С:Предприятие"
бағдарламалар жүйесінің

платформасы эксплуатациялау барысында программисттер енгізген

өзгертулермен бірге қолданбалы шешімге жаңартулар орнатуға кедергі
болмайды.
"1С:Предприятие" бағдарламалар жүйесін ендірумен айналысатын
мамандар тек қана жүйені жаңартып оны ары қарай дамытып қана қоймай,
сонымен қатар жаңадан ашылып жатқан ірі және орташа кәсіпорындарға есеп
жүргізуге лайықты бағдарламаны таңдасып, консалтингілік қызмет көрсетеді.
Франчайзинг фирмаларының қызметкерлері кәсіпорынға
консалтингілік қызметтермен қатар, клиент тапсырысы бойынша
бағдарламаға пысықтаулар енгізе алады. Бағдарламаға пысықтаулар енгізу
барысында бір программисттен екінші программистке жұмыс беруге болады.
"1С:Предприятие" бағдарламалар жүйесінің құрылғысы жаңадан жұмысты
алған программисттің алдыңғы программисттің енгізген өзгертулерін тез
арада түсініп алуына ықпал жасайды.
1.4.8 Бағдарламалау тілін таңдау. Программалық комплексті шешімді
құрастыру барысында 1С: Предприятие жүйесі қолданғандықтан 1С ішкі
бағдарламалау тілі қолданылады. 1С: Предприятие жүйесінің ішкі
бағдарламалау тілі қолданбалы есептің алгоритмінің фунционалдандырылуы
кезінде керек. 1С: Предприятие жүйесінің ішкі бағдарламалау тілі арнайы
пәндік бағытталған бағдарламалық тіл. Тілдің операцияларын қолдану
барысында ағылшынша және орыснша синонимдерді қолдану мүмкіндігі бар.
Негізгі тілі орысша. Тілдің басқа объектіге - бағытталған тілдерге қарағанда
қарапайымдығына қарамастан, арнайы мәліметтер типінің (справочник,
документ) атрибуттарын қолдана аламыз. Арнайы мәліметтер типінің
арнайы түрі конфигуратор режимінде белгіленеді.

1.5 Жобалау ортасында берілген есепті шешу жолдарын анализдеу

1С: Предприятие жүйесінде программаны жүзеге асыру үшін
келесідей екі жолды таңдауға болады:
а) дайын конфигурацияны негізге ала отырып, оны модернизациялау;
ә) өзіңнің жеке конфигурацияңды басынан құрастырып шығу;
Бірінші амал бойынша құрастырылған конфигурация құрастырылатын
конфигурацияға ұқсайтын конфигурацияның типтік механизмдерін негізге
ала отырып, жаңа өзгертулер қосылады. Мысалға алатын болсақ
1С:Торговля и склад типтік конфигурациясы үлкен және кіші сауда
кәсіпорындарының сауда саттық операцияларын автоматизациялауға
арналған. Бұл жүйеде көтерме және бөлшектеп сатуға болады. Бірақ кейде
көтерме сату кезінде кейбір функционал жетіспейді, сол кезде жаңадан
документтер құрылып, документттер регистрлер арқылы өтіп, басқа отчеттар
құрастырылады.
Көп жағдайда типтік конфигурацияға толығымен өзгертулер енгізіп
жаңа өнім құрастырып шығару қиындықтарға алып келеді. Сол себепті
программист өзінің жүйесін типтік механизмдер негізінде құрастырып шығу
оңтайлы болады.

1.6 Техникалық қамтамаға қойылатын талаптар

1.6.1 Жалпы талаптар. Жұмыс істеу ортасында конфигурацияның
толығымен дерлік дұрыс функциялар атқару үшін 1С Предприятие
платформасы орнатылған болу керек.
Құрылған программа IBM платформасы негізінде құрылған
компьютерлерде қолданыла алады. Компьютерде Windows XP Seven
операциялық жүйесі орнатылған болуы керек.

1.6.2 Орталық
процессорға қойылатын талаптар.
Орталық

процессорларды тексеру барысында операциялық жүйелер MS Windows
98Me жоғары және процессор Pentium 1200 МГц -тен тактілік жиілігі
жоғары болу керектігі анықталды.
1.6.3 Оперативті есте сақтау құрылғысына қойылатын талаптар.
Оперативті есте сақтау құрылғысының көлемі V келесі формуламен
есептеледі:

V = V1 + V2,
(1.1)

мұндағы, V1 - Оперативті есте сақтау құрылғысының ең кіші көлемі ,
V2 - приложениямен жұмыс істеу үшін қажет оперативті есте
сақтау құрылғысының Мбайт.
Windows XP операциялық жүйесінде жұмыс істейтін компьютерлер
үшін V1 = 128 Мбайт. Приложенияның бірқалыпты жұмыс істеу үшін қажет
көлем V2 = 512 Мбайт. Осы мәліметтерге сүйене отырып приложенияның
Windows XP операциялық жүйесінде тұрақты жұмыс істеу үшін:

V = V1 + V2 = 128 + 512 = 640 Мбайт.

1.6.4 Дискідегі бос орынға қойылатын талаптар. Қатқыл дискідегі бос
орынға қойылатын талаптар келесі формуламен есептеледі:

W = W1 + W2 +W3,

(1.2)

мұндағы, W1 - ақпараттық базаның минимальді размері;
W2 - программалық қамтаманың орнатылуына қажет бос
орын;
W3 - уақытша файлдардың минимальді размері;
W1 = 410 Мбайт, W2 = 947 Мбайт , W3 = 617 Кбайт

W = 410 + 947 + 0,6 = 1357,6 Мбайт

Есептеулерге сүйене келе қатқыл дискінің минимальді өлшемі 1,4
Гбайт болу керек.
1.6.5 Мониторға қойылатын талаптар. Бағдарламамен жұмыс істеу

үшін 1024x768 пикселді түсті экранды монитор қажет.

1.6.6
Программаны орнату және шақыру.
Программаны

эксплуатациялау үшін клиент машинасында қорғаныш драйвері және
аппараттық лицензия орнатылуы керек және де 1С:Предприятие 8.2
(8.2.13.205) платформасы болуы қажет.
1.6.7 Кіріс мәліметтер
а) контрагенттер туралы мәліметтер;
ә) адрес;
б) телефон;
в) кәсіпорынның мәліметтері;
г) кіріс және шығыс құжаттар;
д) тауарлардың өзіндік құны және сатылу бағасы;
1.6.8 Шығыс мәліметтер. Шығыс мәліметтерге мыналар жатады:
а) есептемелер;
ә) анықтамалар;
б) құжаттар;

1.7 Сауда кәсіпорынының ерекшеліктері. Сауда-саттықтағы
құжат айналымы.

Сауда - ақпараттық технологиядағы ең екпінді даму үстіндегі бөлімнің
бірі. Сауда - саттық саласындағы автоматизациялау басқа салаларға
қарағанда баяу дамыды, себебі автоматизациялаудағы объективті қажеттілік
біртіндеп қалыптасты. Сауда - саттық саласындағы автоматизациялаудың
ерекшелігі кәсіпорынның құрылымдық ерекшелігіне байланысты.
Сауда кәсіпорны ұйымдастыру жағынан келесі бөлімшелерге бөлінеді:

а)
административті бөлімшелер
(менеджерлер, кадрлік
және

маркетинг);
ә) сауда бөлімдері;
б) орталық қойма (қоймалар);
в) бухгалтерия;
г) техникалық қызметкерлер;
Сауда кәсіпорнының негізгі құрылымдық бөлімшелері көбінесе біртекті
болып келеді:
а) бөлім секциялардан құралады;
ә) бөлімді меңгеруші басқарады. Меңгеруші кадрді жинақтайды, қол
астындағы қызметкерлерге жұмыс уақытын белгілейді, коммерциялық
саясатты түсіндіреді;
б) бөлімнің негізгі функциялары ассортиментті пайда жоспарына сай
болатындай етіп құрастыру;
в) мүлікбасы жеткізуші мен кәсіпорын арасында байланыс орнатады,
шығарылатын өнімнің жарнамалық және ақпараттық материалдарын
анализдейді, жеке тұлғаларды келісім бойынша сатылу бағасын орнатады;
г) бөлім секциялары мүліктік жауапкершілік бойынша автономды
болып келеді: олар тауарды қабылдау, сату, сатылымнан түскен пайданы

және тауар айналымын, кассалық операциялар, бұйымдардың бөлімдегі
жарнамасы және т.б. қызмет атқарады.
д) бөлімдер тауарды майда көтерме бағамен сата алады;
е) орталық қоймадан бартер бойынша тауар алмасу және басқа
дүкендерге тауар жіберу;
ё) тауарды келісілген баға бойынша сату барлық бөлімшелерде рұқсат
етілген;
Мемлекетімізде соңғы жылдары тауар туралы ақпаратты интернет
каналдары арқылы тарату кең өріс ала бастады.Администрациялық
бөлімшелер фирманың басқару саясатын құрастырып, кадрларды жинақтау
және т.б. қызметті атқарады. Бухгалтерия өзіне тән бөлімшелер, тауар,
клиенттер бойынша есептеулерді жүргізеді. Техникалық бөлімшелер бизнесті
қолдау үшін қызмет етеді. Сауда кәсіпорнының сыртқы байланысы ретінде
клиенттер, жеткізушілер, шектестерді айтуға болады.
Заңды тұлғалармен байланыс келісім және есептесу шоты арқылы
жүзеге асады. Жеке тұлғалармен есептесу кассалық аппараттар арқылы және
почто жөнелтілу арқылы болады.
Қаржы құжаттары бухгалтерия арқылы өтеді.
Сауда кәсіпорындарының классификациясы:
а) сатып алынған тауарларды сату;
ә) коммиссионды тауарды сату;
б) келісілген баға бойынша сату;
в) майда көтерме сату;
г) "тауар-почта" схемасы бойынша сату;
д) ассортиментті ұлғайту үшін бартерді алмасу;
е) жолсапарлы сату;
Сауда кәсіпорынның негізгі құжат түрлері:
а) продукцияның жеткізу келісімі (келісімнің типтік формасы
жауаптының аты-жөні, телефоны, жеткізілім көлемі, жіберілетін баға және
т.б. түрде болады);
ә) комиссия келісімі (төлем шарттары, бағаның түзетілуі және т.б.);
б) тауардың бөлімдер немесе қойма арасында орын алмасуы
кезіндегітеліндемелер;
в) тауарды қайта есептеу актісі;
г) бөлімдегі тауардың келіп түсу және сатылу карточкасы;
д) тауардың жеткізу және қабылдау счет-фактурасы;

1.8 1С Технологиялық платформа

1.8.1 Платформаның сипаттамасы. "1С Предприятие" кәсіпорынның
шаруашылық операцияларын автоматизациялауға арналған әмбебап жүйе.
Өзінің әмбебаптығының арқасында "1С Предприятие" жүйесі кәсіпорынның
көптеген шаруашылық операцияларын орындай алады, мысалы,
қызметкерлерге жалақы беру, тауар және ақша айналымы, контрагенттермен
өзара сауда саттық байланыстар және т.б.

"1С Предприятие" жүйесінің басты ерекшелігінің бірі

оның

конфигурацияланатындығы. Нақтырақ алғанда "1С Предприятие" жүйесі
өзара байланысқан механизмдер тізбегін құрайды, және осы механизмдер
пәндік облысқа байланысты жасалады. Объектілер облысын, информациялық
массивтің структурасын, ақпаратты өңдеу алгоритмдерін конфигурация
анықтайды. Осы пәндік облысқа байланысты құрылған конфигурация мен
"1С Предприятие" жүйесі өзара дайын программалық өнімді құрайды.
"1С Предприятие" жүйесі мен қолданбалы жүйе біріге отырып
кәсіпорынның жұмысын автоматизациялау процессін жүзеге асырады.
Платформа - белгілі бір приложениялар құрастыруға арналған
технолгиялық және орындау ортасы.
Программисттер платформаны құрастыру барысында негізінен әр түрлі
қолданбалы программалар немесе деректер қорын құрастыруға ыңғайлы
болуын негізге алды. Және де дайын қолданбалы программа тек қана 1С

фирмасының мамандарының қатысуымен
ғана емес,
басқа да

программисттер программаны ендіру барысында клиент тапсырысы
бойынша жаңа функционал құрастыра алады. Сол себепті ең алдымен
қолданбалы программа тираждалып көп данамен басылып шықты.
1.8.2 "1С Предприятие" жүйесі. 1С:Предприятие 8.2 нұсқасы бұл
1С:Предприятие 8.0 версиясының жаңа сұраныстарға байланысты
принципиалды түрде өзгертілген түрі.

1.1 сурет - 1С:Предприятие архитектурасы

1С:Предприятие 8.2 жүйесінде жұмыс істеу интерфейсі толығымен
дерлік өзгертілген. Нақтырақ айтатын болсақ программист және қолданушы
интерфейсі, формалар, батырмалардың түрі және т.б. Тек программист пен
қолданушы ортасының түрі ғана өзгертіліп қоймай, сонымен қатар клиент
пен сервер арасындағы байлыныс архитектурасы да толығымен өзгертілді.
8.2 нұсқасында платфоманың орнату механизмі, бастапқы қосылу,
жаңарту және т.б. механизмдері толығымен өзгертілген [4].

Тағы бір айта кететін өзгертулерге келетін болсақ, 1С:Предприятие
8.2 сервер кластерлері дамытылды: масштаб, серверлерге жұмысты бірдей
бөлу.
Басты өзгертулер:
а) тонкий клиент және веб клиент режимінде жұмыс істеу;
ә) қолданушылардың интернет арқылы деректер қорына қосылу;
в) басқару приложениясы режимі;
г) істен шықпайтын сервер кластерлері оның ерекшелігі жұмысты
серверлер арасында бірқалыпты тарату;
д) оracle Database ДҚБЖ мен интеграция;
е) есептемелерді программисттер мен қолданушылардың басқару және
қолдануында мүмкіндіктер көбейді;
ё) қолданбалы программаны құрастыру барысында программист
құралының санының артуы;
ж) интерфейстің жаңа дизайні;
Қолданбалы интерфейс режимінде пайдаланушыларға ыңғайлы жаңа
дизайн пайда болды. Ол соңғы тенденциялардың талаптарын орындай
отырып, алдыңғы форманың күшті жақтарын сақтап қалды.
Программмамен жұмыс рабочий стол ортасы мен бөлімдер панелі
арқылы бастау алады. Рабочий стол жиі қолданылатын элементтерден
тұрады: құжаттар, есептемелер, валюта бағамы, күн және т.б. Бұл өз
кезегінде қолданушыға көмекшілік қызмет атқарады.
Бөлімдер панелі қолданбалы программаның функционалды бөліктерге
бөліп тұратын негізгі элементтер тізбегі.
Бөлімдер панелі активизацияланған кезде екі панель ашылады, олар,
навигация панелі (сол жақта ) және іс-әрекеттер панелі (жоғары жақта).
Пайдаланушының жұмысын максималді ыңғайға келтіру үшін көптеген
севистік мүмкіндіктер құрастырылған:
а) соңғы өзгертілген мәліметтерді қолданушы көріп отыру үшін
пайдаланушы тарихы тізбегі;
ә) көп қолданылатын іс-әрекеттер тізбегіне өту;
б) пайдаланушы құжатты немесе тағы да басқа объектілерді толтыру
кезінде қателік жіберсе арнайы хабарлама шығады;
в) программаны корпоративті түрде компанияға енгізу кезінде
администрациялық және орнатудың оңтайлылығы;
г) конфигурацияның бастапқыда қосылу уақытының азаюы,оперативті
жүйенің жұмысының тездетілуі;
д) стандартты реквизиттерді қолдану мүмкіндігі;

е)
қолданыста жүрген программалық жабдықтың басқарушы

приложения түріне келтіру;
ё) құжатты проводкалардан өткізудің жаңаша техникасы;
ж) әр түрлі сағаттық белдеулерде жұмыс істеу мүмкіндігі;
з) сыртқы компоненттердің жаңа технологиясы;
ДҚБЖ - ларды қолдану кезінде деректер қорының структурасын
құрастыру керек және басқа да программалық жабдықтармен интеграциялау

мәселелерін шешу керек. Ал 1С: Предприятие жүйесінде қолданбалы
объектілердің өзі деректер қорының структурасын құрастыра алады.
1С: Предприятие жүйесінде код жазу программист үшін басты
әрекет емес. Приложение ең алдымен метаданныйлар структурасы ретінде
құрылады. Код арнайы приложениялар тораптарында керек болған жағдайда
ғана жазылады. Былай алып қарағанда 1С: Предприятие жүйесінде
программалық каркасты құрастыру барысынды сол каркастың құрамына
кіретін қолданбалы объектліредің арасында өзара байланыс орнатып жаңа
функционал құрастыру үшін қолданылады.
8.2 Платформасының басты ерекшеліктерінің қатарына ол интернет
арқылы ақпараттық базаға пайдаланушылардың қолданбалы программаны
қолдана алуы. Арнай HTTP протоколы арқылы дұрысталған веб - сервер
базаға қосылады. Клиент ретінде тонкий клиент және веб клиент бола алады.
Қашықтықтан қосылу келесідей түрде болуы мүмкін:

1.2 сурет - 1С:Предприятие қолданушыларының жұмыс істеу режимі

Тонкий клиент пен веб клиент арасындағы айырмашылық, тонкий
клиент режимінде жұмыс істейтін пайдаланушыға арнайы клиент 1С
программмасы орнатылады, ал веб клиент арнай жөндетулерден өткен веб-
браузер арқылы базаға қосылады. Пайдаланушыға сервердің адресін енгізіп
жұмыс істей беруіне болады [6].

2 Жобалық бөлiм
2.1 Пәндік облысты модельдеу

UML(Unified Modeling Language) - моделдеудің объектті-бағытталған
тілі, ол келесідей негізгі сипаттамаларға ие:
а) тапсырыс беруші мен бағдарламашы арасындағы әрекеттесуді
ұйымдастыру үшін репрезентативті моделді құруды қамтамасыз ететін
визуалды моделдеу тілі болып табылады;
ә) кеңейту механизмі мен тілдің арнайы негізгі ұғымдарын өзінде
сақтайды;
Визуалдық моделдерді құру біржолата бірнеше мәселелерді шешуге
көмектеседі. Біріншіден, визуалдық моделдеу технологиясы күрделі және
өте күрделі жобалармен және жүйелермен жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
Екіншіден, визуалдық модельдер тапсырыс беруші мен бағдарламашы
арасындағы мазмұнды қатынасуды ұйымдастыра алады.
Визуалды модельдеу барлық мәселелерді толықтай шешпесе де, оны
қолдану келесідей мақсаттарға жету жолын жеңілдетеді:
а) бағдарламалық өнімнің сапасын арттыру;
ә) жоба құнынын төмендету;
б) жүйені жоспарлаған уақытта дайын күйге әкелу;
UML тілі бағдарлама = берілген мәліметтеробъектілер +
алгоритмдер принципін қолданады. Бұл функционалдық бөліп тастау әдісі
деп аталады [13].
UML тілі :
а) объектіге бағытталған тілдерге тәуелді емес;
ә) жобаны құрудағы қолданылатын әдістерге байланысты емес;
б) кез-келген объектке бағытталған бағдарламалау тілін қолдайды;
Жобаның логикалық моделін құру кезеңінде детальді жобалау класс,
күйлер және тізбектелу диаграммалары арқылы орындалады. UML тілі
барлық дерлік ақпараттық жүйені құрғанда қолданыла алады [14].
Бұл тілді қолдануда көбінесе келесі диаграммаларды қолданады:
а) класстар диаграммасы;
ә) объектер диаграммасы;
б) прецеденттер диаграммасы;
в) тізбектер диаграммасы;
г) кооперациялар диаграммасы;
д) іс-әрекеттер диаграммасы;
е) күйлер диаграммасы және т.б.;
Кез келген ақпараттық жүйені жобалауды прецеденттер диаграммасын
құрудан бастаған жөн. Диаграммаға қосу үшін таңдалған компоненттер
келесідей талаптарға сай болу керек:
а) прецедент қалай жасау емес, нені жасау керектігін сипаттау керек
ә) прецедент іс-әрекетті қолданушы тұрғысынан сипаттау керек
б) прецедент қолданушыға қандай да бір нәтиже беру керек.
в) прецедент ішіндегі әрекеттердің тізбегі үздіксіз болу керек

2.2 Прецеденттерді модельдеу

Жүйе тәртібі - ол сыртқы қолданушыға көрінетін - прецеденттер
түрінде бейнеленеді. Прецеденттер модельдерін абстракцияның әртүрлі
деңгейінде өңдеуге болады.Талдау этабында ирнцеденттер өзіне жүйелік
талапты таңдайды, жүйе не істеу керек немесе не істеп жатқанын
концентрлайды.
Прецедент өңдеу процессінде жеке тестілеу салдарына бөлу мүмкін
сыртқы бақыланатын субъектің бизнес функция орындайды.
Әрбір прецедент оқиғаның құжатты зафиксирлеген ағымы көмегімен
сипатталуы керек. Сәйкес текстік құжат актер прецедентті иницирлаған
кезде жүйе не істеу керек екенін анықтайды. Прецедент сипаттайтын құжат
құрылымы әртүрлі, бірақ көпшілігінде келесі бөлімдер болуы керек:
а) қысқышқа сипаттама;
ә) оқиға ағынының детальданған сипаттамасы;
б) негізгі ағым және альтернативтік ағындар;

2.1 сурет − Прецеденттер диаграммасы
2.3 Тізбектер диаграммасы

Жарамдылықты талдау мақсаты (болжамды жобалау)- объектілерді
анықтау. Детальді жобалау кезеңінде жобалау осы объектілері арасындағы
программа функцияларды анықтау жүріледі. Тізбектік диаграммасы
детальді жобалаудың (объект модельдің динамикалық бөлімі) негізгі элменен
болып табылады.

Тізбектер диаграммасы жобалаудың негізгі жұмыс өнімі. Әрбір
прецедент үшін әрекеттің альтернативтік және негізгі тізбегін сипаттайтын
диаграмма құрады. Нәтижесінде динамикалық модель ядросы алынады, ол
орындау уақытындағы тәртібі және оның тәртібінің жүзеге ауысын
анықталған.
Тізбектеме диаграммасы 4 негізгі элементтен тұрады:
а) сол жағынан жоғарыдан төмен жазылатын прецеденттегі әрекеттің
тізбектік мәні;
ә) жарамдылық диаграммаларымен тура тасымалданған объект және
объект:класс форматында объект класының аты және объект
парақтарының нөмірі немесе аты жазылатын төртбұрыш түрінде ұсынылады.
б) бір объектіден басқасына бағадаршамен бағытталған хабарлар;
в) төртбұрыш түрінде ұсынылатын әдістер (операциялар). Олар
әдістерге жататын объектілерге сәйкес үздік сызықта орналасқан төртбұрыш
ұзындығын тізбектіліктің фокусын басқаруды көрсету үшін қолданылуы
мүмкін әдістер басқаруға төртбұрыш аяқталатын нүктеге дейін ие.

2.2 сурет − Тізбектер диаграммасы

2.4 Кластар диаграммасы

Класстар диаграммасы- жүйелерді моделдеуде диаграммалардың ең
көп қолданылатын түрі. Ол жүйенің статикалық кейпін жобалау тұрғысынан
моделдеу үшін қолданылады. Класстар диаграммасы тек визуализация үшін
ғана емес, сонымен қатар тура және кері жобалау үшін маңызды. Бұл оның
қолданысындағы ең артық жері деп санауға болады.

2.3 сурет − Кластар диаграммасы

2.5 Конфигурация бөлігінің жалпы сипаттамасы

Құрылыс дүкенінінің автоматизацияланған құрылымы және оны
программалық түрге келтірілуі 1С Предприятие 8.2 жүйесінде жүзеге
асырылады. Жүйені құру барысында мынадай негізгі конфигурацияның
элементтері қолданылды:
а) Тұрақтылар (константы);
ә) Санаулар (перечисления);
б) Анықтама (справочник);
в) Құжат (документ);
г) Ақпарлар регистрі (регистр сведений);
д) Міндеттер (задачи);
е) Бизнес процесстер (бизнес процессы);
ё) Есептемелер (отчеты);
ж) Өңдеулер (обработки);
з) Алмасу жоспары (планы обмена);
и) Рольдер (роли);
й) Функциональді опциялар (Функциональные опции);
Конфигурацияда Baumarkt құрылыс дүкенінің подсистемасы
құрастырылды. Егер керек болған жағдайда құжаттарды әр түрлі
компьютерлер арасында бір-бірінен ажырату үшін префикс қолданылу керек.
Біздің базамызды құру үшін префикс қолданылмайды.

2.6 Конфигурация объектілерінің сипаттамасы

2.6.1Тұрақты. Тұрақтылар жүйеде тұрақты немесе шартты тұрақты
түрдегі ақпаратты сипаттау үшін қолданылады. Тұрақтыларда сақталатын
ақпараттар негізіне өте сирек өзгертіледі [2]. Тұрақтыларды құру үшін іс-
әрекеттер панеліндегі сервис бөлігіндегі создать батырмасын басу керек.

Жүйеде келесідей тұрақтылар құрылған:

2.1 кесте - Тұрақтылар тізімі

НазваниеОрганизации

тұрақтысы осы кәсіпорынның яғни құрылыс

дүкенінің атауын сақтау үшін қолданылады. СкладскойУчет тұрақтысы тауар
айналым боған жағдайда қойма (склад) деген реквизиттің бар жоқтығын
анықтау үшін қолданылады. Мысалы егер тауар дүкенге келіп түссе егер
СкладскойУчет тұрақтысы белгіленбесе онда дүкенде қойма жоқ деп
есептеледі.

2.6.2
Санаулар
(Перечисления).
Санаулар
(Перечисления)

конфигурацияда тұрақты мәліметтер жиынын сақтау үшін қолданылады.
Егер басқа программист осы конфигурацияға өзгертулер енгізетін болса,
онда жаңа Санауды құрғаны дұрыс.
Конфигураторда келесідей перечислениялар құрылған:

2.2 кесте - Санаулар тізімі

Санау

(Перечисление)

РолиИсполнителей кәсіпорынның бизнес

процессін жүзеге асыратын мүшелерін белгілеу үшін қолданылады. Бизнес
процесс дегеніміз мысалыға алатын болсақ менеджер келіп тауарды сатады,
одан кейін жүйеге бухгалтер кірсе, оған менеджердің сатқан тауарының
бағасын белгілеп, батырманы басады т.б.

Санау (Перечисление)
СпособыРасчета кәсіпорында яғни құрылыс

дүкенінде жұмыс істейтін қызметкерлерге жалақыны бөлген кезде
бухгалтердің қандай есептеу типін таңдауға мүмкіндік береді.
2.6.3 Анықтама. Анықтама - бұл біртипті мәліметтер элементін сақтау
үшін арналған агрегатты мәліметтер типі. Конфигурациялау барысында
анықтаманың сипаттарын анықтап алу керек [7]. Свойствалар қатарына
анықтаманың атауының ұзындығы, кодтың ұзындығы мен типі, реквизиттер
құрамы, иерархия түрі және т.б.
Жүйеде келесідей анықтамалар түрі құрылды:

Қызметкерлер (Сотрудники) -
бұл анықтама құрылыс дүкеніндегі

жұмыс істейтін қызметкерлер туралы ақпаратты сақтау үшін құрылды.
Анықтамада қызметкердің аты-жөнін, туған жылын, жұмыс істеу істемеу
белгісін сақтауға болады. Анықтама структурасы келесі кестеде көрсетілген: Аты
Мәліметтер
РолиИсполнителей
Менеджер, руководитель, бухгалтер
СпособыРасчета
Фиксированная сумма, процентом т.б.
Аты
Типі
НазваниеОрганизации
Строка, неогр. длины
СкладскойУчет
Булево

2.3 кесте - Қызметкерлер анықтамасының құрылымы

Контрагенты - бұл анықтама құрылыс дүкенімен тікелей немес жанама
түрде қызметтес болатын немес клиенттерді сақтау үшін арналған.
Анықтама структурасы келесі кестеде көрсетілген:

2.4 кесте - Контрагенты анықтамасының құрылымы

Өлшем бірлік (Единицы измерения) - бұл номенклатураны өлшем
бірлігін анықтау үшін қолданылатын қосымша түрде құрылған анықтама.
Анықтама қосымша түрде құрылғандықтан реквизиттері жоқ.
Келісімдер (Договоры) - контрагенттерді өзара бір-бірінен бөліп
қарастыру үшін қолданылатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ішкі жүйелер
Delphi ортасы қолдайтын мәліметтер қорлары
Анықтама конфигурация объектісі
Кәсіпорынның қаржы бөлімі
Кәсіпорынның жалпы және өндірістік құрылымы
Тауар бойынша есеп
Экономикалық қылмыстардың түрлері
Қойма операциялар есебі бойынша бухгалтерлердің жұмыс орнын автоматтандыру жүйесін өңдеу
Қорлармен басқару жүйесінің есебінің қойылымы
Ақпараттық жүйедегі ақпараттарды қорғау
Пәндер