Дерекқорынан деректі таңдау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
8

9

10

Аңдатпа

11

Бұл дипломдық жұмыста айырбастау пунктіндегі ақпараттар қозғалысының
бақылау жүйесін автоматтандыру, дерекқор негізінде клиенттік программасын
жоспарлау қарастырылады. Жобаның басты мақсаты - айырбастау пуктіндегі
ақпараттар қозғалысын бақылау жүйесін құру. Ақпараттық жүйені MS SQL 2008
Server ДҚБЖ (дерекқорларды басқару жүйесінде) жасалған дерекқор және MS
Visual Studio 2012 бағдарламалық ортасында құрылған клиенттік қосымша
құрайды.
Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде жұмыс бөлмесіндегі жасанды
жарықтандыру есептері келтірілген.
Экономикалық бөлімде енгізілген жүйеден алынған экономикалық пайданы
есептеу жүргізілген.

Аннотация

В данном дипломном проекте рассматривается автоматизация решение
наблюдение потока информации в обменном пункте, на основе база данных
планирование клиентской программы. Цель данного проекта - разработка
системы наблюдения информационного потока обменного пункта.
Информационная система представляет собой базу данных, разработанную на

СУБД MS SQL2008 Server
и клиентское приложение, созданное в среде

программитования MS Visual Studio 2012.
В части по безопасности жизнедеятельности представлены расчеты
исскуственного освещения в рабочем помещении.
В экономической части произведен расчет полученной экономической
выгоды от внедряемой системы.

Annotation

In this degree project automation the decision supervision of a flow of information
in exchange point, on a basis a database planning of the client program is considered.
The purpose of this project - development of the system of supervision of information
stream of exchange point. Information system represents the database developed on MS
SQL2008 Server DBMS and the client application, created in the environment of MS
Visual Studio 2012 programming.
In part on health and safety calculations of artificial lighting in the working room
are presented.
In economic part calculation of the received economic benefit from introduced
system is made.

12

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 8
1 Автоматтандырылған жұмыс орнының (АЖО) арналуы мен құрылымы ... ... . 9
1.1 Aвтоматтандырылған жұмыс орнының(АЖО)құрылымы ... ... ... ... ... ... ... . 10
1.2 АЖО-ға қойылатын жалпы талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 11
1.3 АЖО-ды жобалау сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 12
2 Ақпараттық жүйелер. Дерекқорлар (ДҚ). Дерекқорларды басқарудың жүйелері
(ДҚБЖ) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

2.1 Ақпараттық жүйелер туралы қысқаша мағлұматтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Деректер қорын жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 17
2.3 SQL тілі туралы негізгі деректер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22
3 Дерекқорды жобалау және оны іске асыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 28
3.1 ДҚ құрудың бастапқы кезеңі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

3.1.1
Айырбастау пунктінің дерек қоры жұмысының жалпы

сипаттамасы ... ... 28

3.1.2 Мәселелер мен шектеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
3.1.3 Дерекқордағы шешілетін мәелелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 28
3.1.4 Дерекқордағы функционалдығын сипаттау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.2 Концептуалды жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

3.2.1
Қажетті ақпарат пайдаланушылардың

талабы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... .29

3.2.2 Дереқор және қосымшаны жобалау құралдарын таңдаудың

негіздемесі.
Дерекқорларды басқару

жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

3.2.3 ER моделін құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 30
3.2.4 Бизнес ережелер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 31
3.2.5 Реляционды қатынастарды құрастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
3.3 Логикалық жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 35
3.3.1 Кестелер құру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35
3.3.2 ДҚ диаграммасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36
3.4 Физикалық жобалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 37
3.4.1 Қосымша интефейсін және оның функционалдығын сипаттау ... ... ... ... .. 37
4 Тіршілік қауіпсіздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 44
4.1 Жасанды жарықтандыруды жүйесін есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
4.1.1 Ақша айырбастау пунктінің еңбек ету шартының талдауы ... ... ... ... ... ... 44
4.2 Жарық көзін таңдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...44
4.3 Жасанды жарықтандыруды есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...49
4.4 Меншікті қуат әдісімен жарықтандыруды есептеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51

13

4.5 Өнеркәсіптегі жасанды жарықтандыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 51
5 Техника-экономикалық негізделуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
5.1 Жоба сипаттамасы және қажеттілігінің негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 53
5.2 Маркетингтік стратегия ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 53
5.3 Бағдарламамен қамтамасыз етудегі еңбек сыйымдылығын есептеу ... ... ... . 54
5.4 Бағдарламалық қамсыздандыру шығынының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 56
5.5 Бағдарлама өнімін сатып алуға кеткен бір жолғы шығындар есебі ... ... ... .. 60
5.6 Игеру саласындағы жылдық бір жолғы шығындар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... 61
5.7 Ақпараттық жүйе енгізуден үнем мен табыс мөлшерінің есебі ... ... ... ... ... . 62
5.8 Салыстырмалы экономикалық тиімділіктің көрсеткіштерін есептеу ... ... ... 63
5.9 Динамикалық көрсеткіштер негізінде жобаны өткізуде экономикалық
тиімділігін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 64
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 67
Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 68
А қосымшасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69
Б қосымшасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71

Кіріспе

Бұл дипломдық

жұмыста

айырбастау пунктіндегі ақпараттар

қозғалысының бақылау жүйесін автоматтандыру, дерекқор негізінде клиенттік
программасын жоспарлау қарастырылады.
Бұл программа ақша айырбастау пунктеріне көмек көрсету үшін арналған.
Жалпы айырбастау пунктері үшін де, қолданушыларғада ыңғайлы уақытты
үнемдеу мақсатымен, жұмыс барысында мүмкін болатын қателерді азайту үшін
қолданылады.
Айырбастау пунктеріндегі жұмыс негізінен администратор мен кассир,
қолданушы туралы ақпаратты жүйелеумен байланысты болады. Сондықтан, бұл
бағдарлама жұмысы ыңғайлы, әрі тез болу үшін, барлық деректерді жүйелі
түрде сақтау, қажетті ақпаратқа тез қатынас алу, сонымен қатар жаңа деректерді
ыңғайлы түрде енгізу мүмкіндіктері қарастырылған болу керек.
Дерекқор құру үшін алдымен зерттелетін облысының талдауы жасалады.
Келесі кезеңде айырбастау орны үшін администратор ,кассирлерге арналған
қажетті деректерді сақтайтын логикалық байланысқан кестелер құрылып,
олардың негізінде жүйенің инфологиялық моделі алынады. Инфологиялық
модель MS SQL Server -жүйесінде жасалады. Айырбастау пунктінің дерекқоры
MS SQL Server дерекқорларды басқару жүйесінде құрылғаннан кейін,
пайдаланушылардың барлық сұраныстарын қанағаттандыратын клиенттік
қосымша жобаланады. Клиенттік бағдарлама Microsoft Visual Studio 2012
ultimate программалық ортасында іске асырылады.
Бұл бағдарлама ыңғайлы әрі уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік
береді, сонымен қатар, аз уақыт ішінде бағдарламаны игеріп, оңай пайдалануға

14

мүмкіндік береді.

15

1 Aвтоматтандырылған жұмыс орнының (AЖО) арналуы мен
құрылымы

Aвтоматтандырылған жұмыс орны (AЖО) немесе шетел терминологияда
жұмыс станция (work-station) бұл анықталған функцияларды автоматтандыру
үшін қажетті құралдармен жабдықталған белгілі бір мамандықтағы қолданушы
маманның орны. Мұндай құралдар, керек жағдайда баска қосалқы электронды
құрылғылармен, атап айтқанда, дискілік жинақтауыштармен, басу
құрылғылармен, оптикалық оқитын құрылғылармен немесе штрих кодасын
оқитын, графика құрылғыларымен, басқа АЖО-мен және басқа жергілікті
есептеу желілерімен т.б. түйіндесетін құрылғылармен толықтырылатын әдетте
дербес компьютер болып табылады.
Таралған ИС концепциясына сәйкес олардың ішінде ақпарат көлемінің
төменнен жоғары қарай берілуі ИС дың ұйымдық иерархияда жоғарыдағы
деңгейлердегі оның қаншалықты кажеттілігіне байланысты болады. Бұл жерде
ақпаратты өңдеу нәтижелерінің басым бөлігі және бастапқы деректер
деңгейлердің жергілікті дерекқорларда (ДБ) сақталған жөн. Осы таралған
басқару идеясын жүзеге асыруда әрбір ИС деңгейі үшін мамандардың
автоматтандырылған жұмыс орындарын құруды талап етті.
AЖО-ның негізгі арналуы деп жұмыс орындарындағы ақпараттың
орталықтандырылмаған өңдеуді, өзінің сәйкес келетін дерекқорларын
қолданумен қатар жергілікті АЖО-мен ДК желілеріне, ал кейде қуатты ЭЕМ-
лар бар ауқымды есептеу тораптарына ену мүмкіндігімен қолдануды атауға
болады.
AЖО-да шешілетін мәселелерді шартты түрде ақпараттық және
есептеуіш деп жіктеуге болады.
Aқпараттық мәселелерге ақпаратты кодтау, классификациялау (жіктеу),
жинау, құрылымдық ұйымдастыру, түзету, сақтау жатады. Ақпараттық
мәселелер жиі түрде арифметикалық пен мәтіндік сипаттағы және
байланыстағы қарапайым есептеу мен логикалық процедуралардан тұрады.
Aқпараттық мәселелер әдетте күрделі болып табылады және мамандардың
жұмыс уақытының көп бөлігін алады.

Есептеу мәселелер формальдандырылатын
және жартылай

формальдандырылатын болады. Формальдандырылатын мәселелер формальды
алгоритм негізінде шешіледі және екі топқа бөлінеді: тура есептеу мәселелер
мен математикалық модельдер негізіндегі мәселелер. Тура есептеу мәселелер
қарапайым алгоритмдер көмегімен шешіледі. Одан күрделі мәселелерді шешу
үшін әртүрлі математикалық модельдерді қолдану талап етіледі. Соңғы кезде
жартылай формальданатын мәселелерді шешуге арналған сематикалық деп
аталатын амалдарды жетілдіруге аса назар аударылады. Мұндай мәселелер жиі
түрде экономикалық объектілерді оперативті басқару барысында, әсіресе толық
емес ақпарат жағдайында шешімді қабылдау кезінде туады.

16

1.1 Aвтоматтандырылған жұмыс орнының (АЖО) құрылымы

AЖO

бұл ұйымдастыру, функционалды және қамтамасыз ету

бөліктерінен тұратын кешенді жүйе.
Ұйымдастыру бөлігі АЖO қолданушылардың функцияларын бөліп
таратуға арналған ұйымдастыру құрлымынан, сонымен қатар мамандарды
даярлау, дамыту мен әкімшілдеу тәсілдерінің жиынтығынан тұрады.
Әкімшілдеуге жұмысты жоспарлау, тіркеу, бақылау, сараптау, реттеу, АЖО
қолданушыларының құқықтарын мен міндеттерін құжатты түрде рәсімдеуді
жатқызады.
AЖO-дың функционалды бөлігі бұл оперативті және перспективалық
жоспарлау мәселелердің шешімін, техника-экономикалық көрсеткіштердің
тіркеуін мен сараптауын камтамасыз ететін экономика-математикалық тәсілдер
кешені. Кешен құрылымы АЖО ның анықталған функцияларын жүзеге
асыратын жүйенің біршама дербес ішжүйеден тұрытыны болжамдалады.
Ішжүйелердің ерекшеленуі жұмыс орынның функционалды
специализациясы мен ұйымдық құрылымдық есеппен функцоналды ұйымдық
белгісі бойынша жүргізіледі.
АЖО-ның қамтамасыз ету бөлігі:
- функционалды ішжүйелердің ақпараттық қамтамасыз етуі (АҚЕту);
- техникалық құралдар кешені (ТҚК);
- ішжүйелер функцияларын жүзеге асырудың программалық құралдары.
АҚЕту АЖО бұл құжаттардың, ақпарат массивтерінің (ДҚ) және
кодалаудың стандартталған және бірыңғай формалар жиынтығы.
АЖО-да қолданылатын ақпарат тиянақтылық, оның арналуы және
қозғалу бағыты бойынша жіктеледі. Тұрақтылық бойынша ақпарат шартты
тұрақты және айнымалы тұрақты, арналуы бойынша нормативті-анықтамалық,
жоспарлау, есептемелік, оперативті-өндірістік (директивті-оперативті және
оперативті) деп бөлінеді. Қозғалу бағыты бойынша ақпарат кіріс, шығыс және
аралық деп бөлінеді.
АЖО-ның техникалық құралдар кешеніне (ТҚК) ақпратты жинау,
жеткізу, өңдеу және сақтау процестердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін
құрылғылар жиынтығы кіреді.
Біртекті операцияларды орындайтын құрылғылар техникалық
құралдардың функционалды топтарын құрайды. Ішжүйелердің функцияларды
жүзеге асырудың программалық құралдарына біріншіден адам-машина АЖО
жүйесінде қатынасудың программалық тір құралдарына арнап, жұмыс
ортасын қалыптастыратын операциялық жүйелерді жатқызуға болады. АЖО
прогораммалық тіл құралдары келесімен қамтамасыз етеді:
- АЖО-ның функционалды мәселелерін шешу;
- АЖО қолданушылар жағынан мәселелердің шешімін ыңғайлы және
түсінікті басқару - мәселелер интерфейстері.

17

1.2

АЖО-ға қойылатын жалпы талаптар

АЖО-ға қойылатын жалпы талаптар келесідей:
- жүйелілік;
- икемділік;
- тұрақтылық;
- эффективтілік (тиімділік).
Жүйелілік. АЖО жұмыс орынның функционалды арналуымен
анықталатын құрылымы бар жүйе деп қарастырғаны жөн.
Икемділік. Элементттердің стандартталуы мен құрылудың модульдігінің
арқасында жүйе мүмкін болатын қайта құруларға икемді болу керек.
Тұрақтылық. Ішкі мен сыртқы қоздыратын факторлардың әсеріне
қарамастан жүйе негізгі функцияларды орындауы керек.
Эффективтілік. АЖО-ды жүйенің құрылуы мен қолдануына кеткен
шығындарына апаратын жоғарыда келтірілген қағидалардың жүзеге асырылу
деңшейінің интегралды көрсеткіші де қарастырғаны жөн.
АЖО бұл әрдайым арнаулы сипатты жүйе. Нақты бір маманға әкімші,
экономист, инженер, конструктор, жобалаушы,сәулетші, дизайнер, дәрігер,
ұйымдастырушы, зерттеуші,кітапханашы,мұражай қызметкері және т.б.
арналған техникалық құралдар мен программалық қамтамасыз етудің
жиынтығы.
АЖО-ды ендіру компьютер ұйытқы болатын ақпаратты өңдеудің
машиналық құралдар мен адам арасындағы функциялар мен жүктеменің дұрыс
бөліп тарату жағдайында қалаған эффектті беруі мүмкін.
АЖО бұл тек еңбектің өнімділігін мен басқарудың эффективтілігін
жоғарлатуының құралы ғана емес, сонымен қатар мамандардың қоғамдық
қолайшылығының құралы.
АЖО жеке (дербес) , топтық, коллективті болуы мүмкін. Топтық пен
коллективті АЖО-ға қатысты олардың ДҚ-дің жүйе ретінде эфефективті
функционалдау мақсатында мамандарға (коллективке) әкімшілдеудің нақты
функцияларын анықтау қажет. АЖО адам машиналық жүйе ретінде ашық,
икемді, үнемі даму мен жетілдірілуіне бейімді болу қажет.
Мұндай жүйеде келесі қамтамасыз етілу керек:
- мамандардың ақпаратты өңдеу машина құралдарына максималды
жақындығы;
- диалогты тәртіпте жұмыс жасау;
- эргономика талаптарына сәйкестілік;
- компьютердің жоғары икемділігі;
- ескілік процестердің максималды автоматтандырылуы;
- жекелік жағдайда мамандардың творчестволық белсенділігін
арттыратын, ал кейін жүйенің дамуына әкелетін мамандардың еңбек
жағдайларына моральды түрде қанағат болуы;
- мамандардың өзін-өзі оқыту мүмкіндігі.

18

1.3 AЖО-ды жобалау сатылары

AЖO-ды дұрыс ұйымдастыру, құрастыру және енгізу мақсатында оның
жобалау процесін келесі сатыларға жіктейді:
- бар басқару жүйесін зерттеу мен сараптама жасау;
- АЖО құруының техникалық тапсырманы құрстыру;
- АЖО-ды техникалық жобалау;
- АЖО-ды жұмыстық жобалау.

19

2

Ақпараттық жүйелер.

Дерекқорлар

(ДҚ).

Дерекқорларды

басқарудың жүйелері (ДҚБЖ)

2.1Ақпараттық жүйелер туралы қысқаша мағлұматтар

Көптеген мәселелер шешімінің негізінде ақпаратты өңдеу жатыр. Ақпарат
өңдеуін ыңғайлату үшін ақпараттық жүйелер (АЖ) құрылады.
Ақпараттық жүйе - қандай да бір адам қызметіне арналған ақпараттық
моделі болып табылады. Ол жүйе төмендегідей ақпараттық үдерістерді қамтуы
керек:
сақтау;
ақпарат ауысу;
ақпаратты түрлендіру.
Қазіргі заманда күннен күнге ақпараттық жүйелер, қызметтердің әр
саласына маңыздылығы артуда.
Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер бұл техникалық құралдарды,
әсіресе ЭЕМ-ды қолданатын жүйелер. Ақпараттық жүйелердің көпшілігі
автоматтандырылған болып табылады, сондықтан қысқарту үшін оларды жай
АЖ деп атайды.
Ақпарат жүйесін қашанда дамып отырған жүйе болғандықтан оған
сәйкес ақпарат жүйесі де дамып, жетілдіріп отыруы тиіс.
Жүйенің даму барысы зерттеу, талдау, жобалау, қолдануға ендіру және қолдау
сатыларынан тұады. Бұл сатылар кейде, яғни прототипті әдіс қолданылғанда,
бір уақытта қатар жүргізілуі де мүмкін.
Кең түсініктемеде АЖ анықтамасына ақпаратты өңдеудің кез келген
жүйесі сәйкес келеді. Қолдану облысы бойынша АЖ-ді өндірісте, бідім беру
саласында, денсаулық сақтау, ғылым, әскери істе, қоғамдық салада,саудада
және т.б.қолданылатын жүйелер деп бөдуге болады. Мақсат функциялары
бойынша АЖ-ді шартты түрде келесі негізгі топтарға бөлуге болады: басқару,
ақпаратты-анықтамалық,шешімдерді қабылдауды қолдау тобы.
Кейде АЖ түсініктемесінің ең тар тұжырымдамасы қолданылады, яғни
белгілі бір қолданбалы мәселені шешу үшін жұмысқа қатысатын аппараттық-
программалық құралдар жиынтығы ретінде қарастырылады. Мысалы, ұйымда
келесі тапсырмаларды орындауға арналған ақпараттық жүйелер бола алады:
кадрлар мен материалдық-техникалық құралдарды есептеу, тапсырыс беруші
мен орындаушылар арасындағы есеп, бухгалтерлік есеп.
Ақпаратық жүйенің эффективтілігі келесі үштіктен тұрады:
- дерекқорды жобалау және оны жүзеге асыру;
- қолданбалыларды жобалау мен іске асыру;
- әкімшілдік процедуралар.
Бұдан басқа ақпараттық жүйенің жұмыс жасау эффективтілігі көбінесе
оның сәулетіне тәуелді: файл-серверлік және клиент-серверлік сәулетті
ажыратады.

20

Қазіргі кезде клиент-сервер сәулеті перспективті болып тыбылады.
Бір немесе бірнеше дерекқорларға ұйымдастырылған өңделетін
ақпараттың орталықтанған сақтау мен жинау функциялары жүзеге асырылған
ақпараттық жүйенің түрі болып деректер банкі болып табылады.
Жалпы жағдайда деректер банкі келесі құрама бөліктерден тұрады:
дерекқорлар (бірнеше), дереқорларын басқару жүйелері, деректер
сөздігі,әкімші, есептеу жүйесі мен қызмет ететін персонал.
Деректер банкінің ең маңызды бөлігі бұл қарастырылатын пән
аумағындағы объектілердің күйін мен арабайланыстарын көрсететін есептеу
жүйесінің жадында сақталатын арнайы ұйымдастырылған деректер жиынтығы
болып келетін деректер қоры (ДҚ) болып табылады.
ДҚБЖ дерекқорларды құру шығару және қолдануға арналған қолданбалы
программалардың дестесі мен тіл құралдардың жиынтығы болып келеді.
Дерекқормен жұмыс істеу үшін көп жағдайда тек ДҚБЖ-нің құралдарын
қолдануға болады (мысалы, сұрау салу мен есептеме
құрғанда).Қолданбалыларды әдетте квалификациясы жоқ колданушының
дерекқормен жұмысын ыңғайлатуын қамтамасыз ету үшін немесе ДҚБЖ
интерфейсі қолданушыға ұнамаған жағдайында құрылады.
Іс жүзінде ДҚБЖ қолданушы мен ДҚ арасындағы делдал рөлін атқарады,
ал қолданушының сұрау алуларын орындауға арналған осы қолданушы сұрау
салуларын күрделі кодаға түрлендіреді. ДҚБЖ ДҚ-қолданатын қолданбалы
программалардан өзінің күрделі ішкі құрылымын жасырайды. Қоданбалы
програмалар программистпен белгілі бір программалау тілінде жазылуы мүмкін
(мысалы COBOL) немесе ДҚБЖ-нің сервистік программалар көмегімен
жазылады.
ДҚБЖ бұл сізбен алынған коммерциялық программалық өнім екенін
естен шығармаған жөн және оған қандай да өзгерістерді енгізуге мүмкіндігіңіз
болмайды. Сондықтан ДҚ жобалауы туралы айтқанда, ДҚБЖ-нің
программалық қамтамасыз етуін жобалауды емес, деректерді сақтау мен
басқару үшін қолданылатын ДҚ құрылымының жобалауын қарастырамыз.
Дерекқор жобалауын аяқтағаннан кейін ДҚБЖ компьютерге ыңғайлы
формаға келтірілген жобалаушының деректер құрылымының бейнеленуін
қажетті барлық күрделі процедураларын басқаруды өз қолына алады.
Қолданба бұл ДҚ-ды қолданатын және кейбір пән облысынан ақпараттың
өңдеуін автоматтандырылуын қамтамасыз ететін программа немесе
программалар кешені.
Қолданбалар ДҚБЖ-нің ортасында да, одан тыс та ДҚ-ға қатынас құру
құралдарын қолданатын, мысалы, Delphi немесе MS Visual Studio программалау
жүйесі көмегімен құрастыра алады.
Қолданушылар дерекқормен жұмыс істейтін бағдарламалар қосымшалар
деп аталады. Жалпы жағдайда бір дерекқормен әртүрлі бірнеше қосымшалар
жұмыс істей алады. Мысалы, егер дерекқор бір кәсіпорынды үлгілесе, онда
оның жұмысы үшін кадрлардың есепке алу ішкі жүйесін қамтамасыз ететін
қосымша құрылуы мүмкін, басқа қосымша қызметкерлердің жалақысын

21

есептеуге арналады, үшінші қосымша складтың есепке алу ішкі жүйесі ретінде
жұмыс атқарады, төртінші қосымша өндірістік процесстің жоспарлануына
арналған. Бір дерекқормен жұмыс істейтін қосымшаларды қарастырғанда олар
бір-бірімен параллельді түрде және бір-бірінен тәуелсіз де жұмыс істей алады
деп болжайды, және дәл ДҚБЖ көптеген қосымшалардың жұмысын бір
дерекқормен әрқайсысы дұрыс,бірақ басқа қосымшалардың енгізген
өзгерістерін қабылдайтындай қамтамасыз етуге арналған.
"Клиент-сервер" технологиясы.
Файл-серверлердің кемшіліктері:
- есептеулер клиенттің машинасында жүргізілуі - өндірістік төмен;
- сервер мен клиент арасында файлдар мен деректердің жіберілуі -
желіні жүктейді;
- қорғаныс төмен деңгейде;
- масштабталудың болмауы.
Құрылымы:
- клиент-сервер архитектурасы желінің және үлестірілген дерекқордың
(корпоротивті ДҚ және дербес ДҚ) бар болуын болжайды;
- КДҚ сервер-компьютерде орналасады;
- ДДҚ корпоротивті ДҚ-ның клиенті болып табылатын бөлімшенің
қызметкерлерінің компьютерлерінде орналасады.
Анықтауыш:
- компьютерлік желіде белгілі бір ресурстың сервері деп осы ресурсты
басқаратын компьютер (бағдарлама) аталады;
- клиент - осы ресурсты қолданатын компьютер (бағдарлама);
- компьютерлік желінің ресурсы ретінде, мысалға, дерекқор, файлдық
жүйелер, баспа қызметтері, почта қызметтері бола алады.
Артықшылықтары:
- орталықтандырылған сақтау, қызмет көрсету және жалпы корпоротивті
ақпаратқа коллективті қол жеткізудің дербес ақпаратпен жеке жұмыстың сәтті
қосылуы. Корпоративті (серверлік) ДҚ ДҚ серверінің басқаруымен құрылады,
қолданады және функцияланады;
- осы технологияны қолданумен деректерді өңдеудегі барлық шамадан
тыс еңбек толығымен серверге жүктеледі. Машина-клиент сұраныс жібереді, ал
сервер оны орындайды және жауаптарын клиентке жібереді.
Пішінүйлесім. Ұйымның өлшемдеріне байланысты ақпараттық жүйесінде
келесі пішінүйлесімдердің біреуі болуы мүмкін:
- корпоративті және дербес қорларды құрайтын компьютер-сервер;
- компьютер-сервер және ДДҚ бар дербес компьютерлер;
- бірнеше компьютер-серверлер және ддқ бар дербес компьютерлер.
Берілген 2.1-суретте жалпы клиент пен сервер арасындағы құрлымы
көрсетілген.

22

Сурет 2.1 - Клиент-сервер архитектурасы

"Клиенттік-сервер" - бұл желідегі компьютерлердің өзара әрекеттесу
үлгісі. Ереже бойынша, компьютерлердің бәрі тең құқықты емес. Олардың
әрқайсысының өзіндік бір қасиеті, арнауы, ролі болады. Желідегі кейбір
компьютерлер ақпараттық-есептеу ресурстарымен, яғни процессорлар,
файлдық жүйелер, почта қызметі, баспа қызметі, дерекқормен басқарады және
пайдаланады. Басқалары біріншісінің қызмет көрсетуін пайдаланып, бұл
қызметке жолығуға мүмкіндігі бар. Осы және басқа да ресурстарды басқаратын
компьютерді осы ресурстың сервері деп атайды, ал оны қолданғысы келген
компьютер - клиент деп саналады. Нақты сервер өзі басқаратын ресурстың
түрімен анықталады. Сонымен, егер ресурс болып дерекқор табылса, онда
дерекқордың сервері туралы сөз қозғалғаны, қызметі - деректерді өңдеумен
байланысты клиенттердің сұранысына қызмет көрсету; егер ресурс файлдық
жүйе болса, онда файлдық сервер немесе файл-сервер туралы айтылғаны т.б.
Желіде бір компьютер клиенттің де, сервердің де ролін атқара алады.
Мысалы, UNIX басқаруымен дербес компьютері, үлкен ЭЕМ және мини-
компьютері бар, соңғысы дерекқор сервері ретінде болуы мүмкін, ақпараттық
жүйеде клиент-дербес компьютерлердің сұраныстарына қызмет етеді, немесе
үлкен ЭЕМ-ге сұраныстарды бағыттай отырып, клиент ретінде де болуы
мүмкін.
Бұл принцип бағдарламалардың өзара әрекеттесулеріне де таралады. Егер
біреуі кейбір функцияларды басқаларына сәйкес қызмет түрлерін ұсына
отырып орындаса, онда мұндай бағдарлама сервер ретінде қарастырылады. Бұл
қызмет көрсетулермен қолданатын бағдарламалар клиент деп аталады.
Сонымен, реляционды SQL-бағытталған ДҚБЖ ядросын әдетте дерекқордың
сервері немесе SQL-сервер, ал деректерді өңдеу қызметтері бойынша
жолығатын бағдарламаны SQL-клиент деп атайды.
Алғашында ДҚЖБ орталықтанған архитектурасы болды. Онда ДҚБЖ өзі
және дерекқормен жұмыс істеген қолданбалы бағдарламалар орталық
23

компьютерде (үлкен ЭЕМ немесе мини-компьютер) функцияланды. Сол жерде
дерекқор да орналасты. Орталық компьютерге қолданушылардың жұмыс орны
ретінде болған терминалдар да қосылды. Деректерді өңдеумен байланысты
барлық процестер: қолданушымен орындалған теруді қолдау, қалыптастыру,
сұраныстарды оптимизациялау және орындау, сыртқы жадының
құрылғыларымен алмасу және т.б., орталық компьютерде орындалды, бұл оның
өндірістігіне қатал талаптар әкелді. Бірінші буынды ДҚБЖ ерекшеліктері
тікелей үлкен ЭЕМ және мини-компьютердің архитектурасымен байланысты,
және олардың бар артықшылықтары мен кемшіліктерін анық көрсетіп тұрады.
Қазіргі уақытта көпқолданбалы ДҚБЖ үшін стандарт болып "клиент-
сервер" архитектурасы атанды.
Егер жобаланып жатқан ақпараттық жүйе (АЖ) "клиент-сервер"

технологиясы бойынша құрылады деп талданса,
онда қолданбалы

бағдарламалар үлестірілген сипатқа ие болады. Басқаша айтқанда, қолданбалы
бағдарламаның (жай айтқанда, қосымшалар) функцияларының бір бөлігі
клиент-бағдарламада, қалғаны - сервер-бағдарламада шынайыланады.
"Клиент-сервер" технологиясының негізгі принципі стандартты
интерактивті қосымшаның функциясының әртүрлі табиғаты бар төрт топқа
бөлінуінде қорытындыланады. Бірінші топ - бұл енгізу және деректерді шығару
функциялары. Екінші топ тек берілген пәндік аймаққа тән қолданбалы
функцияларды біріктіреді. Үшінші топқа ақпараттық ресурстарды (деректер
базасы, файлдық жүйелер т.б.) сақтау және басқару бастапқы функциялары
жатады. Сонымен, төртінші топ функциялары - қызметтік, алдыңғы үш топтың
арасындағы байланыстардың ролін ойнайды. Осыған сәйкес кез келген
қосымшада келесі логикалық компоненттер бөлінеді:
- көрсетілім компоненті, бірінші топтың функцияларын шынайылайды;
- қолданбалы компонент, екінші топтың функцияларын қолдайды;
- ақпараттық ресурстарға қол жеткізу компоненті, үшінші топ
функцияларын қолдайды;
- өзара әрекеттесу хаттамасы.

2.2 Деректер қорын жобалау

Дерекқорында сақталғандардың белгілі бір логикалық құрылымы бар -
басқаша айтқанда, ДҚБЖ қолдайтын кейбір деректер көрсетілімдері үлгісімен
(деректер үлгісімен) сипатталады. Классикалық қатарына келесі деректер үлгісі
жатады:
- иерархиялық;
- желілік;
- реляциондық.
Сонымен қатар, соңғы жылдары келесі деректер үлгілері шығып,
практикаға белсенді түрде сіңуде:
- постреляционды;
- көпөлшемді;

24

- объектілі-нысандалған.
Белгілі үлгілерді кеңейтіп, басқа да деректер үлгісінде негізделген мүмкін
жүйелер әзірленуде. Оның қатарына объектілі-реляционды, дедуктивті-
объектіді- нысандалған, семантикалық, концептуалдық және бағыттауыш
үлгілерді жатқызуға болады. Бұл үлгілердің кейбіреуі дерекқордың, білім
қорының және программалау тілінің интеграциясы үшін қызмет етеді.
Кейбір ДҚБЖ-да бір уақытта бірнеше деректер үлгісі болады. Мысалы,
ИНТЕРҚОР жүйесінде қосымшалар үшін желілік деректермен манипуляциялау
тілін қолданады, ал қолданушылардың интерфейсінде SQL және QBE тілдері
шынайыланған.
1) Иерархиялық үлгі.
Иерархиялық үлгіде деректер арасындағы байланыстарды жүйеленген
график көмегімен сипаттауға болады. Деректер арасындағы байланыстар
көрсетілімі иерархиялық үлгіде қысқаша 2.2 - суретте көрсетілген.

Сурет 2.2 - Байланыстардың иерархиялық түрде көрсетілімі

Кейбір программалау тілдерінде иерархиялық ДҚ-ның құрылымын
(схемасын) сипаттау үшін ағаш деректер типі қолданылады. Ағаш типі
құралған болып табылады. Ол әрқайсысы ағаш типі болып табылатын ішкі
типтен (ішкі ағаш) құралады. Әр ағаш типі бір түбірлі типтен және
бағынышты типтердің реттелген жиынтығынан тұрады. Түбірлі деп
бағынышты типі бар және өзі ішкі тип болмайтын тип аталады. Бағынышты тип
ол үшін ата-анасының ролінде болған типке ұрпақ болып табылады. Бір типтің
ұрпақтары бір-біріне егіздер болып табылады.
Иерархиялық ДҚ жазба типінің үлгілерін құрайтын ағаш типінің
деректер үлгісінің реттелген жиынтығынан тұрады. Типтер арасындағы
туысқандық қатынас көбінесе жазбалардың өзара қатынастарына көшеді.
Жазбалар жолын ДҚ-ның негізгі мазмұнын құрайтын сандық және символдық
мәндер сақтайды. Иерархиялық ДҚ-ның барлық элементтерін қарап өту әдетте
жоғарыдан төмен және солдан оңға қарай өтеді.
Ағаш типінің анықтамасының сәйкесімен ата-аналар мен олардың
ұрпақтарының арасында байланыстың тұтастығын тексеру автоматты түрде
болатынын қорытындылауға болады. Тұтастықты тексерудің негізгі ережесі
келесі түрде тұжырымдалады: ұрпақ ата-анасыз бола алмайды, ал кейбір ата-

25

аналарда ұрпақ болмауы да мүмкін. Әртүрлі ағаштар жазбаларының
арасындағы байланыстың тұтастығын қолдау механизмі мүлдем болмайды.
Деректердің иерархиялық үлгілерінің артықшылықтарына ЭЕМ жадын
тиімді қолдану және деректердің негізгі операциясын орындауға кететін жаман
емес уақыт көрсеткіші жатады. Деректердің иерархиялық үлгісі иерархиялық
реттелген ақпараттармен жұмыста өте қолайлы.
Иерархиялық үлгінің кемшіліктері болып оның ақпаратты жеткілікті
қиын логикалық байланыстармен өңдеуі үшін үлкендігі, сонымен қатар
қарапайым қолданушыға қиындығы болып табылады.
Деректердің иерархиялық үлгісінде салыстырмалы түрде санаулы ДҚБЖ
саны негізделген, оның бірнеше жүйелерін атап өтуге болады: IMS, PCFocus,
Team-Up және Data Edge, сонымен қатар Ресейдің жүйелері Ока, ИНЭС және
МИРИС.
2) Желілік үлгі.
Деректердің желілік үлгісі деректердің элементтерінің нешетүрлі өзара
байланыстарын графа түрінде суреттеуге мүмкіндік береді, сөйтіп деректердің

иерархиялық үлгісін жалпылайды (2.3-сурет).
Желілік ДҚ-ның толық

концепциясы алғаш КОДАСИЛ (KODASYL) тобының
ұсыныстарында

көрсетілді.

Сурет 2.3 - Желілік үлгідегі байланыстардың көрсетілімі

Желілік ДҚ жазбалар жиынтығынан және сәйкес байланыстар
жиынтығынан құралады. Байланыстарды қалыптастыруға арнайы шектеуліктер
қойылмайды. Егер иерархиялық құрылымда ұрпақ-жазбада тек бір ата-ана-
жазбасы болса, онда деректердің желілік үлгісінде ұрпақ-жазба ретсіз ата-ана -
жазбасы санын иелене алады.

Деректердің желілік үлгісінің
артықшылығы
болып жады және

оперативтілік шығындарының көрсеткіші бойынша тиімді шынайылауға
мүмкіншілік табылады. Иерархиялық үлгімен салыстырғанда желілік үлгі
ретсіз байланыстардың айналуына жол беруіне көп мүмкіншілік береді.
Деректердің желілік үлгісінің кемшіліктері болып соның негізінде
құрылған ДҚ схемаларының қиындығы және қаталдығы, сонымен қатар
қарапайым қолданушының түсінуіне және ДҚ-да ақпаратты өңдеуді орындауға
қиыншылығы табылады. Одан басқа, деректердің желілік үлгісінде жазбалар
арасындағы ретсіз байланыстарды орнатуға қол жеткізуге байланысты
байланыстардың тұтастығын тексеруі әлсіреді.

26

Желілік үлгі негізіндегі жүйелер практикада кең таралған жоқ. Біршама
белгілілері болып келесі ДҚБЖ табылады: IDMS, db_VistaIII, СЕТЬ, СЕТОР
және КОМПАС.
3) Реляционды үлгі.
Деректердің реляционды үлгісі IBM фирмасының қызметкері Эдгар
Кодпен ұсынылған және қатынас (relation) түсінігімен негізделеді.

Қатынас
кортеж деп аталатын
көптеген элементтерден тұрады.

Деректердің реляционды үлгісі туралы толық теориялық негізі келесі бөлімде
қарастырылады. Қатынастың көрсетілімінің сыртқы үлгісі адам түйсігіне
үйреншікті екі өлшемді кесте болып табылады.
Кестеде жолдар (жазбалар) және бағаналар бар. Әр жол бірдей
құрылымнан тұрады және аймақтардан тұрады. Кестенің жолдарына кортеж, ал
бағаналарға қатынас атрибуттары сәйкес келеді.
Деректердің реляционды үлгісінің артықшылықтары: қарапайымдылығы,
түсініктілігі және ЭЕМ-де физикалық шынайылауындағы ыңғайлылығы.
Олардың кең қолданылуына себеп болып қолданушыға қарапайымдылығы
және түсініктілігі табылды. Ал осы типтің деректерді өңдеу тиімділігімен
байланысты мәселелер техникалық түрде шешіледі.
Реляционды үлгінің негізгі кемшіліктері болып келесілер табылады:
бөлек жазбалардың стандартты ұқсастық құралының болмауы және
иерархиялық және желілік байланыстарын сипаттаудың қиындығы.
ПЭЕМ үшін релационды ДҚБЖ-ның мысалдары болып келесілер
табылады: dBaselll Plus және dBase IY (Ashton-Tate фирмасы), DB2 (IBM),
R:BASE (Microrim), FoxPro алғашқы түрлері және FoxBase (Fox Software),
Paradox және dBASE for Windows (Borland), FoxPro соңғы түрлері, Visual
FoxPro және Access (Microsoft), Clarion (Clarion Software), Ingres (ASK Computer
Systems), Oracle (Oracle) и Microsoft SQL Server, сонымен қатар релационды
типті ресейлік ДҚБЖ жүйелері: ПАЛЬМА (ИК АН УССР), HyTech (МИФИ)
жүйесі.
Реляционды ДҚБЖ-лердің соңғы түрлері объектілі-нысандалған
жүйелердің кейбір қасиеттеріне ие. Мұндай ДҚБЖ объектілі-реляционды деп
аталады. Мұндай жүйенің мысалы ретінде Oracle 8.x айтуға болады. Oracle-ге
дейінгі жүйелердің ерте түрлерін тек реляционды деп санайды. Сонымен қатар,
объектілі-реляционды деп Microsoft SQL Server, PostgreSQL, Sav Zigzag, IBM
Cloudscape, FirstSQL саналады.
4) Постреляционды үлгі.
Классикалық реляционды үлгі кесте жазбаларында сақталған деректердің
бөлінбейтіндігін болжайды. Бұл кестедегі ақпараттың бірінші қалыпты формада
екенін білдіреді. Бұл шектеулік қосымшаның тиімді шынайылануына кедергі
келтіретін жағдайлар болады.
Деректердің постреляционды үлгісі кесте жазбаларында сақталатын
деректердің бөлінбейтіндігіне шектеулікті шешетін кеңейтілген реляционды
үлгіні ұсынады. Деректердің постреляционды үлгісі мәндері ішкі мәннен

27

тұратын көпмәнді жолдардан тұрады. Көпмәнді жолдардың мәндерін теру
негізгі кестеге кіргізілген өзіндік кесте болып саналады.
Постреляционды үлгінің артықшылығы - байланысқан реляциондық
кестелердің жиынтығын бір постреляциондық кесте түрінде көрсетуге болады.
Бұл ақпаратты көрсетуде жоғары анықтылық және оның өңделу тиімділігін
жоғарлатуды қамтамасыз етеді.

Постреляционды үлгінің
кемшілігі
болып сақталған деректердің

тұтастығы мен қарама-қайшылығын қамтамасыз ету мәселесін шешу қиындығы
болып табылады.
Біз қарастырған деректердің постреляционды үлгісі uniVers ДҚБЖ-н
қолданады. Деректердің постреляциондық үлгісінде негізделген ДҚБЖ
қатарына Bubba және Dasdb жүйелері кіреді.
5) Көпөлшемді үлгі.

Қордағы
деректер көрсетіліміне көпөлшемді жол бір уақытта

реляциондымен пайда болды, бірақ расында жұмыс істейтін көпөлшемді ДҚБЖ
біздің уақытқа дейін өте аз болды. 90-жылдардың ортасынан бастап оларға
деген қызығушылық көбейді.
Көпөлшемді ДҚБЖ ақпаратты интерактивті аналитикалық өңдеуге
арналған тар мамандандырылған ДҚБЖ болып табылады. Осы ДҚБЖ-де

қолданылатын негізгі түсініктерді көрсетейік: деректердің
агрегирленуі,

тарихтылық және болжамдылығы.
Деректердің агрегирленуі ақпаратты оның жалпылауының әртүрлі

деңгейінде қарастыруды білдіреді.
Ақпараттық жүйелерде ақпаратты

көрсетудің толықтық деңгейі қолданушылар үшін олардың өзінің деңгейіне
байланысты болады: аналитик, қолданушы-оператор, басқарушы, жетекші.
Деректердің тарихтылығы деректердің және олардың өзара
байланыстарының статикалығының (тұрақтылық) жоғары деңгейін, сонымен
қатар деректердің уақытқа қосу міндеттілігін қамтамасыз етуді болжайды.
Деректердің статикалығы оларды өңдеу кезінде жүктеу, сақтау, индекстеу
және таңдаудың мамандандырылған әдістерін қолдануға рұқсат береді.
Деректердің болжамдылығы болжам жасау функциясы тапсырмасын
және олардың әртүрлі уақыттық интервалдарда қолдануын айтады.
Деректердің көпөлшемді үлгісінің негізгі артықшылығы болып уақытпен
байланысты үлкен көлемді деректерді аналитикалық өңдеудің ыңғайлылығы
мен тиімділігі табылады. Реляциондық үлгі негізінде деректерді аналогты
өңдеуді ұйымдастыру кезінде ДҚ өлшеміне және индекстеуге оперативті
жадының шығынының өсуіне байланысты операцияның
еңбексыйымдылығының сызықсыз өсуі болады.
Деректердің көпөлшемді үлгісінің кемшілігі болып ақпаратты жай
оперативті өңдеу туралы қарапайым есептер үшін ебедейлігі табылады.
Деректердің көпөлшемді үлгісін қолдайтын жүйе мысалы болып Essbase
(Arbor Software), Media Multi-matrix (Speedware), Oracle Express Server (Oracle)
және Cache (InterSystems) табылады. Кейбір бағдарламалық өнімдер, мысалы,
MediaMR (Speedware) біруақытта көпөлшемді және реляционды ДҚ-мен

28

жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Ішкі үлгісі көпөлшемді үлгі болып табылатын
Cache ДҚБЖ-де деректерге қол жеткізу үш әдіспен орындалады: тура
(көпөлшемді массивтер түйінінің деңгейінде), объектілі және реляционды.
6) Объектілі-нысандалған үлгі.

Объектілі-нысандалған
үлгісінде деректерді көрсеткенде қордың

жазбаларын ұқсастыру мүмкіндігі туады. Дерекқордың жазбалары мен
функцияларының арасында олардың өңделуі программалаудың объектілі-
нысандалған тілдеріндегі құралдарға ұқсас механизмдердің көмегімен өзара
байланыстар қондырылады.

Деректердің
объектілі-нысандалған
үлгісінің
реляциондымен

салыстырғандағы негізгі артықшылығы қиын өзарабайланысты объект туралы
ақпараттың көрсетілуі болып табылады. Деректердің объектілі-нысандалған
үлгісі дерекқордың жазбасын ұқсастыруға және олардың өңдеу функциясын
анықтауға мүмкіндік береді.
Объектілі-нысандалған үлгісінің кемшілігі түсінігі қиын, деректерді
өңдеу ыңғайсыз және сұраныстарды орындау жылдамдығы төмен.

90-жылдары ДҚ басқарудың
объектілі-нысандалған
жүйелерінің

сараптауыш түп тұлғалары болды. Қазіргі уақытта осындай жүйелер кең
таралған, оның ішінде келесі ДҚБЖ: РОЕТ (РОЕТ Software), Jasmine (Computer
Associates), Versant (Versant Technologies), O2 (Ardent Software), ODB-Jupiter
(ғылыми-өндірістік орталық Интелтек Плюс), сонымен қатар Iris, Orion және
Postgres.
Реляционды дерекқордың негізгі түсініктері.
Қысқаша тоқталғанда, дерекқор - жұмысқа қажетті деректер жиыны.
Деректер - нақты әлемнің объектерінің бейнесі. Әдеттегі терминологияда
мәліметтері дерекқорында сақталатын шынайы әлемнің объектері нысан -
entities, ал олардың нышандары - атрибут (attributes) деп аталады. Нақты
объекттің әр белгісі атрибуттың мәні болып табылады.
Дерекқорында тек физикалық объекттер көрсетілмейді. Ол абстракция,
процесстер, құбылыстар - яғни, адам тіршілігінде кездесетін барлық заттар
туралы мәліметтерді сақтауға мүмкіндігі бар. Мысалы, дерекқорында складқа
құралдарды әкелуге тапсырыс туралы ақпаратты сақтауға болады. "Тапсырыс"
нысанының атрибуттары әкелінетін құралдың аты, құралдың саны, әкелушінің
аты, мерзімі т.б. болады. Шынайы әлемнің объекттері бір-бірімен көптеген
қиын тәуелділіктермен байланысты. Дерекқорында тек маңызды
байланыстарды сақтау керектігін айта кету жөн.
Сонымен, ашып айтатын болсақ, дерекқор - бұл шынайы әлемнің
объектерінің суреттеуінің және олардың арасындағы нақты қосымша аймақ
үшін маңызды байланыстар жиынтығы.
Нысан, атрибуттар және байланыстар құрылымға айналатын әдіс
деректер үлгісімен анықталады.
Қазіргі күні ең көп таралған реляционды ДҚБЖ болып есептеледі. Олар
кәсіптік стандартқа айналды. Деректердің реляционды үлгісін қысқаша
қарастырып шығайық.

29

Ол 1969-70 жылдары математикалық қатынас теориясы негізінде және
түсінік жүйесіне сүйене отырып Коддпен құрылған. Маңыздысы кесте,
қатынас, жол, бағана, алғашқы кілт, сыртқы кілт болып табылады.
Реляционды деректер базасы деп барлық деректер қолданушы үшін
үшбұрышты деректер мәні кестесі түрінде көрсетілген, және барлық
операциялар кестелермен манипуляцияға қосылатын база аталады. Кесте
жолдар мен бағаналардан тұрады және дерекқор ішінде өзінің қайталанбас аты
болады. Кесте шынайы әлемнің объектінің типін (нысанын), ал әр бағана нақты
объектті көрсетеді.
Атрибуттардың мәні көптеген рұқсат етілген домен (domain) деп
аталатын мәндерден таңдалады.
Әр бағананың әдетте кестенің үстіңгі бөлігінде жазылатын аты болады.
Оның қайталанбас аты болу керек, бірақ әртүрлі кестелердің бағаналарының
аты бірдей болуы мүмкін. Кез келген кестеде кем дегенде бір бағана болу
керек; бағаналар кестеде оларды құру кезіндегі реттікке сәйкес орналасады.
Бағаналарға қарағанда жолдардың аты болмайды; кестеде олардың реті
анықталмаған, ал саны шектелмеген.
Жолдар кестеде реттелмегендіктен, бағананы оның позициясы бойынша
таңдау мүмкін емес. Сонымен қатар, жолдың нөміріне жалғасу көпқолданбалы
ДҚБЖ-да дұрыс емес. Кез келген кестеде мәндері әр жолмен теңесетін бір
немесе бірнеше бағанадан тұрады. Мұндай бағана (немесе бағаналар
комбинациясы) бірінші кілт деп аталады (primary key). Егер кесте осы
талаптарды қанағаттандырса, онда ол қатынас (relation) деп аталады.
Кестелердің өзарабайланысы деректердің реляционды үлгісінің маңызды
элементі болып табылады. Ол сыртқы кілтпен қолданады (foreign key).
Егер дерекқорында деректер туралы деректер болмаса, кестені сақтауға
немесе өңдеуге болмайды, мысалы, кестені, бағананы сипаттауыш т.б. оларды
әдетте метадеректер деп атайды. Метадеректер кестелік түрде көрсетілген және
деректер сөздігінде сақталған (data dictionary).
Кестелерден бөлек дерекқорында басқа объекттер - экранды форма,
есептер (reports), көрсетілімдер (views), сонымен бірге дерекқормен жұмыс
жасайтын қосымша программалар да сақталады.
Ақпараттық жүйенің қолданушысына дерекқордың тек шынайы әлемнің
объектерін көрсетіп тұруы жеткіліксіз. Мұндай бейненің бірауызды болуы
маңызды. Мұндай жағдайда дерекқор тұтастық шартын (integrity)
қанағаттандырды деп айтады.
Деректердің дұрыстығын кепілдеу үшін дерекқорына тұтастық
шектеуліктері (data integrity constraints) деп аталатын кейбір шектеуліктер
қойылады.
Тұтастық шектеуліктерінің бірнеше типі бар. Мысалы, кесте бағанасы
мәндері тек сәйкес домендерден таңдалынсын деп талап етіледі. Практикада
одан да қиын шектеуліктер қояды, мысалы, сілтеме бойынша шектеуліктер
(referential integrity). Оның мәні сыртқы кілт кестеде жоқ бағанаға көрсеткіш

30

бола алмайтындығында. Тұтастық шектеулігі арнайы құрылғылардың - ереже
(rules), триггерлер (triggers) және домендер көмегімен жасалады.
Жай деректер өздігінен компьютерлік формада егер оларға қолжетерлік
құрылғылар болмаса, қолданушыға қызығушылық тудырмайды. Деректерге
қолжеткізу дерекқорына сұраныс түрінде орындалады. Олар стандартты
сұраныс тілдерінде жазылады. Бүгінде көп ДҚБЖ үшін сондай тіл болып SQL
саналады.

2.3

SQL тілі туралы негізгі деректер

Бұл тілдің дерекқорына қол жеткізудің сипаттау құралы ретінде пайда
болуы және дамуы реляционды дерекқордың теориясы құрылуымен
байланысты. SQL тілінің сипаты 1970 жылы SystemR жобасының ғылыми-
зерттеуінің нәтижесінде шықты, жұмыс IBM фирмасының Санта-Тереза
зертханасында өтті. Қазірде SQL - бұл реляционды ДҚБЖ интерфейсі
стандарты. Оның атақтылығы сонша, реляционды емес ДҚБЖ (мысалы, Adabas
немесе Betrieve) құрушылары өздерінің жүйелерін SQL-интерфейстерімен
қамтайды.
SQL тілі ANSIISO стандартына кіреді. Көп ДҚБЖ құрушылар осы
стандартты таңдайды, алайда деректерді өңдеудің жаңа мүмкіншіліктерін
орындау үшін оны жиі кеңейтеді. Деректерді басқарудың жаңа механизмдері
тек арнайы SQL операторлары арқылы қолданылуы мүмкін, жалпы жағдайда
стандартқа кірмейтін тілдер.
Бағдарламалаудың процедуралық тілінен айырмашылығы: есептеу
процестерін басқару инструкциясы (циклдер, тармақталу, басқа операторға өту)
және енгізушығару құралдары жоқ.
Microsift Access, Visual FoxPro немесе Paradox сияқты ДҚБЖ, SQL - де
сұраныстарды бағдарламалаумен байланысты әрекеттерді өздері орындайды,
мысалы Query By Example (QBE) - үлгі бойынша сұраныс, пайдаланушыға
сұранысты визуальды құру құралдарын білдіреді.
SQL бағдарламалау тілінің толық функционалдық мүмкіндіктерін
қамтымағанмен, ол деректерге ену мүмкіндігіне арналған және оны
бағдарламаны жасау құралына қосады. Сонымен қатар, SQL командаларымен
жұмыс істеу үшін сәйкес құралдар және компоненттер бар.
SQL тілінің функциялары.
Статистикалық функциялар:
AVG() - орташа мән;
MAX() - ең үлкен мән;
MIN() - ең кіші мән;
SUM() - қосынды;
COUNT() - мәндердің саны;
COUNT(*) - нөлдік емес мәндердің саны.
Жолдармен жұмыс істеуге арналған функциялар:

31

UPPER(Str) - Str символдық жолды жоғарғы регистрге айыстыру;
LOWER(Str) - Str символдық жолды төменгі регистрге айыстыру;
TRIM(Str) - Str жолының бастапқы және соңғы бос орындарын өшіру;
SUBSTR (Str FROM TO) - Str жолынан, өзі симводардан тұратын, n1
жолынан бастап, n2 жолымен аяқталатын ішкі жолды бөліп алу;
CAST(Expression AS Type) - Expression өрнегін Type типіне
келтіру.
Ай - күн (Дата) және уақытпен жұмыс істейтін функция:
EXTRACT(Элемент FROM Өрнек) - дата және уақыт мәндерінен
тұратын өрнектен, сәйкес көрсетілген элементтен мәндер алу; дата және уақыт
элементі ретінде YEAR, MONTH. MINUTE және SECOND элементтерін
көрсетуге болады.
Кестелермен келесі амалдарды орындауға болады:
жаңа кесте құру;
кестені өшіру;
кесте өрістерінің құрамын өзгерту;
индексті құру және өшіру.
Бұл әрекеттер SQL тілінің инструкцияларының көмегімен орындалады
SQL әдеттегі көрсетілімді программалау тілі емес. Онда бағдарлама
жазылмайды, ал дерекқорына сұраныстар жазылады. Сондықтан SQL -
декларативті тіл. Бұл дегеніміз оның көмегімен қажетті алынатын затты
нысандауға болады, бірақ оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Mysql мәліметтер базасында құрылған мәліметке php шаблонын қолданып сайт құру
Мобильді қосымшаның архитектурасы
Access дерекқорының құрылымы туралы қосымша мәлімет алу
Теміржол көлігінің қоршаған табиғи ортаға теріс әсерінің жіктелуі
Интранет-портал
Білімді ақпараттандыру және оқыту мәселелері
Пән Дәлелді медицина негіздері
Қызметкерлерді іріктеуді басқару
Перифериялық құрылғыларды басқару жүйесінің архитектурасы
Пайдаланушы нұсқаулығы
Пәндер