LTE транспорттық желісінің коммутациялық құрылғысы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

7

8

9

10

Аңдатпа

Дипломдық проекттің мақсаты 4G LTE технологиясының негізінде

Жезқазған қаласында байланыс құру. Қазақстан мен әлем нарығында ұялық

байланыстың даму жолдарымен тенденциялары қаралған. Осы жұмыстың

жобасын жасау мүмкіндіктері және берілген аймақтың ұялы баланыс

нарығының анализі өткәзәлген. Бұл жұмыста келтірілген жобаның жасалу

жолдары, 4G стандарты және LTE технологияларынын негиздері

қарастырылған. Ұялы байланыс технологияларының салыстыруы және

олардың тиімди жүзеге асырылу жолдары келтірілген. Желіні өңдеу бойынша

есептеулер, еңбекті қорғау және өмір қауыпсіздігін қамтамасыз ететін

әрекеттер бойынша есептеулер жасалған. Экономикалық тиімділікті дәлелдеу

мақсатымен экономикалық есептеулер жасалған.

Аннотация

Целью

дипломногопроекта

является

организация связи на базе

технологии 4GLTE в городе Джезказган. Рассмотрены основные тенденции

развития сотовой связи в Казахстане и мире. Произведен анализ рынка сотовой

связи в регионе и возможности осуществления проекта данной работы.

Рассмотрены основы технологии LTE и стандарта четвертого поколения 4G,

посредствам которых планируется осуществление данного проекта.

Производится сравнение технологий сотовой связи и выбор наилучшего пути

их реализаций. Приведены расчеты по разработке сети, а так же расчеты по

обеспечению мер охраны труда и безопасности жизнедеятельности на сети;

расчет экономических показателей с целью определения экономической

эффективности предлагаемых решений.

11

Мазмұны

Кіріспе . . . ……. . 7

1 LTE технологиясына шолу және оның негізгі сипаттамалары . . . 8

1. 1 LTE технологиясының дамуы . . . . . . 8

1. 2 LTE технологиясының негізгі параметрлерін қысқаша

қарастыру . . . 10

1. 3 LTE cтандартының желілік архитектурасы. … . . . 11

1. 4 LTE желісінің радиоинтерфейсі . . . 14

1. 5 LTE технологиясының радиожиілікті спектрі . . . 16

1. 6 UMTS/GSM және 3GPP емес стандарттарымен өзара әрекеті. . ………. 17

1. 7 LTE желісінде MIMO технологиясын қолдану . . . ………. 19

1. 8 LTE желісімен ұсынылатын қызмет түрлері . . . ………. 20

1. 9 Тапсырманың қойылымы . . .

. . . 21

2 Желіні ұйымдастыру үшін қажетті жабдықты таңдау. . …… . . . 22

2. 1 Транспорттық желінің құрылғысын таңдау . . .

2. 2 Оптикалық кабельді таңдау. . … . . . ………. 27

2. 3 LTE желісінің басқару құрылғысын таңдау . . . 29

2. 4 eNodeBand LTE базалық станциясының құрылғыларын таңда . . . 32

2. 5 LTEжелісің OPNET бағдарламасында имитациялық м . . . 34

2. 6Электрқуаттандыру құрылғысын таңдау . . .

. . . 35

3 Есептеу бөлімі. . . . . . 38

3. 1 Желiнің өткізу қабілеттілігін және потенциалды абоненттер

санын есептеу . . . 38

3. 2Бөлімшедегі жалпы өшулікті есептеу. . … . . . 46

3. 3 Электрқуаттандыру жабдығының параметрлерін есептеу. 47

3. 4 Жерге тұйықтау контурін есептеу51

3. 5 LTE желісі үшін радиоқамту аймақтарын есептеу . . . 55

3. 6 Жиілік-аумақтық бөлу және eNB-нің ситуациялық орналасуы . . . 58

3. 7 Жезқазған қаласында LTE байланыс желісі……. . . . 61

4 Тіршілік қауіпсіздігі . . . ………. 63

4. 1 Жалпы жұмыс жағдайын талдау . . . ………63

4. 2 Кондиционерлеу және кондиционерді есептеп таңдау . . . ………. 66

4. 3 Нөлдеуесебі. ………71

5 Жобаның техникалық-экономикалық негіздеуі . . . ……. …. . 75

5. 1 Жезқазған қаласында LTE желісін құру . . . ………. 76

5. 2 Капитал салымдарды есептеу . . . ………. 76

5. 3 Жылдық эксплуатациялық шығындарды есептеу . . . ………. 79

5. 4 Тарифтік табысты есептеу . . . 83

5. 5 Эксплуатация кезіндегі экономикалық тиімділік көрсеткіште-

рінің бағалау . . . . . 85

Қорытынды . . . …. 88

Қысқартылған сөздер тізімі . . .

Әдебиеттер тізімі . . . ………92

12

Кіріспе

Радиоқатынас желі технологияларының даму сатысын қарастырсық, әр

жедел әрекетті байланыс жүйесінің ұрпағы ақырғы қолданушыға көрсететін

қызмет

спектрінің өсуін қамтамасыз ететін жаңа технологиялық

мүмкіндіктермен сипатталады.

Салыстырмалы уақыт ішінде жедел әрекетті үшінші ұрпақ байланыс

жүйесі IMT/UMTS алдыңғы ұрпақ желілерінен айқын басымдылығын көрсетті.

IMT/UMTS еуропалық стандарт байланыс жүйесі серпінді даму үстінде. Мұның

басты себебі қолданушылардың жоғарғы жылдамдықты қызметтерге, трафик

бірлігін таратуға кететін күрделі шығынын төмендетуге деген қажеттілігі арта

түсуімен байланысты.

Деректердi беру әлемде қазiр кең таралғандарға (2G) GSM/EDGE-нiң

ұялы байланысын стандартжинағы 240 Кбит/ сек-тi жылдамдығының шегiн

құрайды. 3G үшiншi ұрпақтары жылдамдықты 7-14 Мбит/сек-ке дейiн құрайды.

4G - жылжымалы байланыстың болашағы бармәліметтердi таратудың

жоғары жылдамдығы және дауыс байланысының үлкен сапасын сипаттайтын

ұрпақ. Төртiншi ұрпақ желiлерiнiң үшiншi ұрпақтан бас айырмашылығы, 4G

дестелі тапсыруы IP- хаттамаларында толық

негiзделген, ал 3G-дадауыс трафигi және мәліметтер топтамасы берiлуiне

негізделген. халықаралық одағы 4G технологиясын

деректердi беру жылдамдығы 1 Гбит/с-ке дейiн және екi жылжымалы

құрылымдардың арасындағы мәлiмет алмасу100 Мбит/с-ке дейiн жетуге

мүмкiндiк берген сымсыз технология ретінде анықтайды. 4G -да мәлiмет

тарату IPv6(IP болжам 6) хаттамасы бойынша iске асады. Бұл желiлердiң

жұмысын елеулi жеңiлдетедi.

Қазіргі уақытта 3GPP жобасының жұмысшы тобы Е - UTRAN

радиоқатынас желісі мен LTE жүйесінің SAE (System Architecture Evolution)

жоғарғы деңгейлі базалық желі архитектурасын өңдеп қолданысқа шығарды.

Жұмыстың нәтижесі Releases 8, 9 деген техникалық спецификациясында

баяндалған. 3GPP жобасының жұмысшы тобы LTE жүйесінің параметрлерін

жақсарту мақсатымен Release 10 (LTE Advanced жүйесі) техникалық

спецификасымен жұмыс істеуде, әлі қолданыста жоқ.

13

1 LTE технологиясына шолу және оның негізгі сипаттамалары

1. 1 LTE технологиясының дамуы

Жезқазған қаласы 1954 жылы құрылды. Халқының саны орташа есеппен

2013 жылы 1 қаңтарда 98, 5 мың адамды құрады. Жезқазған қаласы байырғы

Сарыарқа жерінде орналасқан, негізгі аумағы кең байтақ, көз жетпес даланы

құрайтын шексіз жазықтық пен алқаптардан тұрады. Сол себептен, Сарыарқа

ерте заманнан бері көптеген халықтар арасында Ұлы дала деген атқа ие болған.

Ол туралы көп айтылып та, жазылып та жүр, оны «алтын дала», «алтын

планета» деп те атайды. Жақын орналасқан анағұрлым үлкен таулардың бірі -

Ұлытау (1195 м), Ұлытаудың таулы беткейінен Қаракеңгір өзені мен оның

тармақтары, сондай - ақ, Сарыкеңгір, Сарысуға құйылатын Жыланды және Жезді

өзендері өз бастауын алады. Жезқазған қаласы Орталық Қазақстанның шөлді -

далалы аумағында, Кеңгір су қоймасының жағалауында орналасқан. Жезқазған

қаласының жалпы аумағы 176097 га.

Климаты шұғыл континентті және құрғақ болып келеді. Шөптесінді

жамылғысында астық - жусанды, жусан және жусанды - тұзды кешендер ашық

қоңыр және қоңыр топырақ бетінде үйлесім тапқан. Аумағы шаңды дауыл,

әсеріне көп ұшырайды. Қысы қатты, ал, жазы ыстық әрі құрғақ. Көктемі мен

жазы қысқа. Жоғары деңгейлі континентальдығы мен құрғақтығы мұхиттар мен

теңіздерден қашық орналасқандығынан. Вегетациялық кезеңінің ұзақтығы мен

күн жылуының мөлшері көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарын: жаздық

бидай, жүгері, әр түрлі көкөністер өсіруге мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, қала экономикасы даму деңгейі қаланың әлеуметтік-

экономикалық жағдайының және тұрақты әлеуметтік климаттың негізгі

индикаторы болып табылатын өнеркәсіппен айқындалады. Қаланың нарықтық

мамандандырылуын анықтайтын өнеркәсіптің негізгі салалары металлургиялық

кешен мен электр энергетикасы болып табылады. Металлургиялық кешенге

түсті металлургия кіреді, ол қазу және шикізатты байытудан бастап түсті

металл және оның қорытпалары түріндегі дайын өнім алуға дейінгі

технологиялық үрдістік барлық кезеңдерін қамтиды. Темір және мыс

рудаларын өңдеу саласында, жердегі сирек металдарды өндіруде қала

республикадағы алдыңғы орынды алады. Қаланың бұл саладағы кәсіпорындары

«Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС «Жезқазғантүстімет» ӨБ және

«Жезқазғансирекмет» РМК болып табылады.

Жезқазған қаласы телекомуникация саласында сервистік қызметтердің

жеткілікті деңгейімен дамыған телекоммуникация жүйесі бар қалалардың

қатарына жатады. Аймақтағы станционарлы телефон және пошталық байланыс

қызметтері «Қазақтелеком» АҚ, «Қазмыстелеком» ЖШС, «Қазақмыс

Корпорациясы» ЖШС және «Қазпошта» АҚ - мен жүзеге асырылады. Ұялы

байланыс қызметтерін 4 жалпы ұлттық операторлар ұсынады (GSM

14

стандартында - 3, CDMA стандартында - 1) . 1. 1 - суретте Жезқазған қаласының

телекоммуникациялық желісінің логикалық сұлбасы көрсетілген.

1. 1-сурет. Жезқазған қаласының телекоммуникациялық желісінің логикалық

сұлбасы

Қала және оған жататын ауылдық елді мекендер жалпы пошталық,

станционарлы телефондық және ұялы байланыспен қамтамасыз етілген.

Жезқазған қаласы телекоммуникациялық жүйесі дамыған және қызмет көрсету

сапасы жағынан жоғарғы денгейде. Соңғы бірнеше жылдың ішінде ескі АТС

станцияларын жаңа электронды станцияларға ауыстыру қарқынды жүріп

жатыр.

Стандарт ретінде LTE технологиясын құрастыру ресми түрде 2004

жылдың соңында басталды. Зерттеушілердің алдында жоғары жылдамдықты

мәліметтер таратуды қамтамасыз ететін физикалық деңгейдегі технологияны

таңдау мәселесі тұрды. Екі нұсқа ұсынылды: HSPA желісінде қолданылып

жүрген W-CDMA және радиоинтерфейстің жаңа технологиясы OFDM.

Өткізілген зерттеулерден соң арналарды ортогональді жиілікпен бөлуді

мультиплексирлеу OFDM (Orthogonal frequency-division

multiplexing)

технологиясын қолдану шешілді.

2006 жылдың мамыр айында 3GPP жобасы аясында E-UTRA (Evolved

UMTS Terrestrial Radio Access) радиоинтерфейсіне бірінші спецификация

құрылды. Бұл спецификация 3GPP Release_7 негізіне енді. 2008 жылдың

желтоқсан айында LTE жүйелерінің архитектуралық және функционалдық

талаптарын бекіткен 3GPP Release_8 стандарт нұсқасы бекітілді. 2009 жылдың

15

ортасында LTE негізінде бірінші тәжірибелік жүйелер пайда болды. 2009

жылдың аяғында шведтің Telia Sonera телекоммуникациялық компаниясы

Ericsson компаниясымен бірлесіп, Стокгольм және Осло қалаларында әлемдегі

бірінші коммерциялық желінің іске қосылғанын жариялады. Бүгінгі күні LTE

стандартының желілері дүние жүзінің 80-нен астам елінде таратылған және де

олардың саны тез өсуде. Аумақ байланысын ұйымдастыру сұлбасы 1. 2-суретте

көрсетілген.

1. 2-сурет. Аумақ байланысын ұйымдастыру сұлбасы

2012 жылдың 25 желтоқсанында «Алтел» АҚ компаниясы Қазақстандағы

бірінші LTE желісін Алматы мен Астана қалаларында іске қосты. «Алтел» АҚ -

Қазақстандағы ұялы байланыстың бірінші операторы, телекоммуникациялық

қызмет нарығында 1994 жылдан бастап жұмыс істейді. 2006 жылдан бастап

«Алтел» АҚ «Қазақтелеком» АҚ компаниясының тобына кірген. «Алтел»

компаниясы Қазақстан нарығында жаңа технологияларды енгізуде пионер

болып табылады. 2010 жылы «Алтел» республикада бірінші болып 3G

ғаламторын енгізді. Бұл технология Қазақстанда 2012 жылдың желтоқсан

айында Алматы және Астана қалаларында «Алтел 4G» маркасымен іске

қосылды. Басқа қалалар туралы, 2013 жылы Қарағанды, Ақтау, Атырау, Ақтөбе

қалаларында, 2014 жылдың аяғына дейін барлық облыс орталықтарында осы

қызметті қосу жоспарланып отыр [2] .

1. 2 LTE технологиясының негізгі параметрлерін қысқаша қарастыру

LTE cтандартының эфирлік интерфейсінің икемділігі жоғары. Желінің

түрі E-UTRAN - Evolved Universal Terrestrial Radio Access Network

16

(радиоқатынаудың дамыған универсалды жер беті желісі) деп аталады. Төменде

LTE технологиясының негізгі параметрлері көрсетілген:

а) Көпқатынасты технологиясы:

1) тікелей арна (Downlink - DL) - OFDMA;

2) керіарна (Uplink - UL) - SC-FDMA.

ә) Жиіліктің жұмыс диапазоны: 450 МГц; 700 МГц; 800 МГц; 1800 МГц;

2, 1 ГГц; 2, 4 - 2, 5 ГГц; 2, 6 - 2, 7 ГГц;

б) Биттік жылдамдығы:

1) тікелей арна (DL) MIMO 2TX × 2RX: 100 - 300 Мбит/с;

2) кері арна (UL) : 50-172, 8 Мбит/с.

в) Радиоарна жолағының ені 1, 4 - 20 МГц;

г) Ұяшықтың радиусы: 5 - 30 шақырым;

ғ) Ұяшықтың сыйымдылығы (қызмет көрсетілген абоненттердің саны) :

1) 5 МГц жолақта 200-ден артық тұтынушылар;

2) 5 МГц жолақта 400-ден артық тұтынушылар.

д) Мобильділік: қозғалу жылдамдығы 250 км/сағ;

е) MIMO параметрлері:

1) тікелей арна (DL) MIMO 2TX × 2RX, 4TX × 4RX;

2) кері арна (UL) : 2TX × 2RX.

ж) Кешігудің мәні (Latency) : 5мс;

з) Спектрлік тиімділігі: 5 бит/сек/Гц;

и) Модуляцияның қолданылатын түрлері:

1) тікелей арна (DL) : 64 QAM, QPSK, 16 QAM;

2) кері арна (UL) : QPSK, 16 QAM.

к) Арналардың дуплексті бөлінуі: FDD, TDD [5] .

1. 3 LTE cтандартының желілік архитектурасы

LTE желісінің архитектурасы «тігіссіз» мобильділігі бар дестелік

трафикті, сапалы қызметтің жоғары көрсеткішін қамтамасыз ететіндей және

дестелерді минималды кідіріспен жеткізетіндей етіп жасалынған. LTE

cтандартын құрастырушылардың негізгі мақсаты - желі құрылысын барынша

жеңілдету және 3G UMTS жүйесіне тән желілік хаттамаларының міндетін

қайталауды болдырмау.

LTE cтандартының архитектурасында барлық желілердің бір-бірімен

өзара әрекеттесуі екі тораптың арасында болады: базалық станция (eNB) және

ішінде GW (Gateway) желілік шлюзі бар мобильді басқару блогі (ММЕ) .

LTE желісі физикалық деңгейде екі компоненттен тұрады: E-UTRAN

радиожелісі және SAE (System Architecture Evolution) базалық желісі. LTE-нің

таратушы транспорттық желісінің жалпыланған архитектурасы 1. 3-суретте

көрсетілген [6] .

17

1. 3-сурет. LTE-нің таратушы транспорттық желісінің жалпыланған

архитектурасы

LTE

желісінің

негізгі

құрылымының

архитектурасы

1. 4-суретте

көрсетілген.

1. 4-сурет. LTE желісінің архитектурасы

E-UTRAN желісі eNB базалық станцияларынан тұрады. Базалық

станциялар толық байланысты желінің элементтері болып табылады және өзара

«бірімен-бірі»

принципі бойынша байланысқан. Әр eNB-да дестелер

коммутациясы принципі бойынша құралған SAE базалық желісімен S1

18

интерфейсі бар. LTE желісіндегі eNB-ға келесі функциялар жүктелген:

радиоресурстарды басқару, тұтынушының мәліметтер ағынын шифрлеу,

тұтынушы жазықтығында мәліметтер дестелерін қызмет көрсететін шлюз

бағытында маршруттау, шақыру мен хабарлау ақпаратын диспетчеризация

және тарату, мобильділікті басқару үшін есептерді өлшеу және құрастыру [7] .

SAE базалық желісі құрамында, басқаша EPC (Evolved Packet Core), ММЕ

және UРЕ логикалық элементтерінен тұратын ММЕ/UРЕ тораптары бар. ММЕ

логикалық элементі (Mobility Management Entity) абонент терминалының

шапшаңдығын басқару міндеттерін шешеді және базалық станциялармен C-

plane басқару жазықтығының хаттамаларының көмегімен әрекеттеседі. Бұдан

басқа ММЕ шақыру хабарламаларын (paging) eNB-ға бөледі, басқару

жазықтығының

хаттамаларын басқарады, абоненттік терминалдарға

идентификаторларды тағайындайды, желінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді,

абонент хабарламасының шындығын тексереді және роумингті басқарады.

1. 5-суретте SAE базалық станциясының архитектурасы көрсетілген.

1. 5-сурет. SAE базалық станциясының архитектурасы

UPE (User Plane Entity) логикалық элементі тұтынушы мәліметтерін U-

plane пайдаланушы жазықтығының хаттамаларына сәйкес тарату үшін жауап

береді. UPE элементі келесі міндеттерді атқарады: ІР-хаттамаларының

тақырыптарын қысқарту, мәліметтер ағынын шифрлеу, мәліметтер дестелерін

терминациялау.

SAE базалық желісінің архитектурасы мәліметтердің дестелік

коммутациясының технологиясы негізіндегі ІР-қызметінің барлық жиынтығын

және дауыстық қызметтерді ұсынатын LTE жүйесінің дестелік PS-домені болып

табылады. SAE базалық желісінің негізіне «барлығы ІР арқылы»

19

тұжырымдамасы енгізілген. Екінші және үшінші буын (UTRAN/GERAN)

радиоқатынау желілері, сондай-ақ 3GPP емес (WiMAX, Wi-Fi) желілері,

сымдық ІР (ADSL+FTTH) технологияларын пайдаланатын желілер арқылы да

қатынасты болады [7] .

1. 4 LTE желісінің радиоинтерфейсі

LTE желісінің E-UTRAN радиоинтерфейсі арналарды дуплексті бөлудің

екі әдісін: жиіліктік FDD және уақыттық TDD әдістерін қолданады. LTE

желілерінің қызмет етуі ені әр түрлі жиілік диапазонында жүзеге асады.

Төменгі және жоғарғы бағыттардағы сигналдар белсенді ресурстық блок

санына қарай 1, 4-тен 20 МГц жолақты алуы мүмкін. Төменгі және жоғарғы

бағыттарда ақпарат тарату ұзақтығы 10 мс-ке тең кадрларда ұйымдастырылған.

Кадрлар кішірек уақыттық құрылымдарға - слоттарға бөлінеді.

FDD жиіліктік бөлу режимінде кадр 0-ден 19-ға дейін нөмірленген 20

слотқа бөлінеді, оның әрқайсысының ұзақтығы 0, 5 мс болады. FDD режимінде

уақыттық ресурс кадрлар шегіне байланысты қарама-қарсы бағыттарда тарату

үшін екіге бөлінеді. FDD режимінде физикалық арналар қарама-қарсы

бағыттарда міндетті түрде дуплексті шашады. TDD арналарды уақыттық бөлу

режимі асинхронды болады. TDD режимінде мәліметтер тарату екі бағытта да

бір жиілік диапазонында болады.

E-UTRAN желісінің «төмен» линиясында радиоинтерфейстің ерекшелігі

OFDMA көпқатынасты технологиясын қолдану болып табылады. OFDMA

технологиясын қолданудың негізгі мақсаттарының бірі - сигналдардың

көпсәулелі таратылуынан пайда болған кедергілермен күресу. Себебі OFDM-

сигнал тез модуляцияланатын

кең жолақты бір сигнал емес, баяу

модуляцияланатын тар жолақты көп сигналдар ретінде қаралады. OFDM

технологиясы көп ішкі тасымалдаушы жиіліктен тұратын көпжиілікті сигналды

қалыптастыруға негізделген. OFDM-сигналын қалыптастыру кезінде ұзақтығы

Tn/N ақпараттық символдардың ағыны N символдардан тұратын блоктарға

бөлінеді. Tn - бір символдың ұзақтығы. Ақпараттық символдардың блогы

параллель символдардың блогына айналады. Онда әр ақпараттық символ

көпжиілікті сигналдың бір жиілігіне сәйкес келеді [4] .

E-UTRAN желісінің «төмен» линиясында модуляцияның QPSK, 16 QAM,

64 QAM түрлері қолданылады. ОFDM/QAM сигналын қалыптастыруда Фурье

дискреттік кері тез айналуын (ФКТА) пайдаланады. LTE E-UTRAN желісінің

базалық станциясының таратқышында ОFDM сигналының қалыптасуы 1. 6-

суретте көрсетілген.

Символдар арасындағы интерференциямен күрес үшін ЦП (СР) циклдік

префикстер қолданылады. 4, 7 мкс қысқа және 16, 7 мкс ұзақ префикстер

пайдаланады.

E-UTRAN желісінің «төмен» линия үшін үш физикалық және төрт

20

транспорттық арналары пайдаланылады:

- PDCCH (Physical Downlink Control Channel) - «төмен» линиясын

басқарудың физикалық арнасы;

1. 6-сурет. ОFDM сигналын қалыптастырудың құрылымдық сызбасы

- PDSCH (Physical Downlink Shared Channel) - жоғары жылдамдықты

мультимедиа және мәліметтерді тарату үшін арналған «төмен» линиясының

жалпы транспорттық физикалық арнасы;

- ССPCH (Common Control Physical Channels) - басқарудың жалпы

физикалық арнасы, қызметтік ақпаратты таратады;

- BCH (Broadcast Channel) -транспорттық хабар таратушы арна;

- РCH (Paging Channel) - шақырудың транспорттық арнасы;

- DL-SCH (DownlinkSharedChannel) - «төмен» линиясының жалпы

транспорттық арнасы;

- МСН (Multicast Channel) - топта хабар тарататын транспорттық арна.

LTE E-UTRAN желісі радиоинтерфейсінің «жоғары» линиясында SC-

FDMA (Single Carrier-Frequency Division Multiple Access) бір тасымалдаушыда

таратуды жиіліктік бөлуі бар мультиплексирлеумен көпқатынас [1] бар.

E-UTRAN желісінің «жоғары»линиясында тұтынушылардың бір-біріне

өзара әсерін болдырмау үшін циклдық префикс енгізіледі, сондай-ақ қабылдау

құралдарында тиімді эквалайзерлер қолданылады. Абоненттер арасында жиілік

ресурсінің бөлінуі ресурс блоктарымен жүзеге асырылады.

Олардың

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
LTE желісінде MIMO технологиясының жалпы принциптерін қарастыру
Мобильді байланыс жүйелері. Bluetooth және Wi-Fi сымсыз байланыс технологиялары
«Капитал-телеком» ЖШС-гі жөнінде мағлұмат және оның қызметі
Қатынау желілері
Ұялы байланыстың транспорттық желі технологиясын таңдау
LTE - мобильдік байланыстың болашақ технологиясы
LTE Advanced технологиясының мүмкіншіліктері мен ерекшеліктерін зерттеу
LTE технологиясы көмегімен ұялы байланысты ұйымдастыру
Конвергентті базалық станция
LTE технологиясының дамуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz