Байланыс арнасының есебі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

5

6

7

8

Аңдатпа

Дипломдық жобамның тақырыбы корпоративтік VoIP желісін Asterisk

базасында ТОО «3А ENGINEERING»фирмасында жобалау болып табылады.

Жобада АТС IP-PBX, VoIP желілері мен интернет телефонияның даму

тенденциялары қарастырылады.

Жобада каналдың таратылу мүмкіндіктерін есептеу, каналды пайдалану,

пайдаланылатын жабдықтарға сипаттама беру қарастырылған. Қауіпсіздікті

сақтау қарастырылған: жарықпен қамтамасыз етуге, бөлме желдетуіне мән

берілген.

Жобаланып отырған VoIP желісін пайдалану арқылы фирма халықаралық

телефон байланысына, кететін шығынды төмендетуге қол жеткізе алады.

Аннотация

В данной дипломной работе рассматриваются вопросы «Построения

корпоративной VoIP сети в ТОО «3А ENGINEERING» на базе Asterisk». А

также рассматривались вопросы описания VoIP сети, протоколы VoIP сети и

выбор IP - АТС для построения сети.

В расчетной части был расчитан расчет канала связи.

В экономической части был определен срок окупаемости, а также и с

учетом дисконта.

В безопасности жизнедеятельности рассмотрен анализ условия для

данной фирмы при проектирования сети.

Abstract

In this this diploma work deals with building a corporate VoIP network

company 3A ENGINEERING based on Asterisk. And also addressed describe VoIP

network, VoIP protocols and network choice for IP-PBX networking.

As part of the settlement payment was targeted communication channel.

In the economic part of the payback period was determined, as well as taking

into account the discount.

In life safety debated the analysis of the conditions for the firm in the network

design.

9

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1 Нақты жағдайға талдау жасау

1. 2 Жобаның міндеттері

1. 3 VoIP желісінің сипаттамалары

1. 4 VoIP желісінің хаттамалары

1. 5 Желіге IP - АТС таңдау

1. 6 Жабдық таңдау

2 ЕСЕПТЕУ БӨЛІМІ

2. 1 Байланыс арнасының есебі

2. 2 Қоңыраулардың маршрутизациясы

2. 3 VoIP желілеріне FdoS шабуылдарын зерттеу

3 ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМІ

3. 1 Техникалық - экономикалық негізделулер

3. 2 Күрделі қаржы шығыны

3. 3 Шартты кірістер

3. 4 Бір жыл ішіндегі желіге қызмет ететін шығындар

4 ӨМІРТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ БӨЛІМІ

4. 1 Байланыс желілеріндегі еңбек шарттарының талабы

4. 2 Электр қауіпсіздігіне баға беру

4. 3 Бөлме желдетуінің есептелуі

4. 4 Шешімі

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

10

7

8

8

9

9

13

20

23

39

39

41

47

61

61

61

62

63

65

65

67

68

71

72

73

74

КІРІСПЕ

Интернет желілерінің қарқынды дамуы және оның жаппай сұранысқа ие

болуы интернет хаттамалары мен IP серверлерді пайдалануда жаңа байланыс

түрлерінің шығуына әсерін тигізуде. Бұл байланыс жүйелері әдетте пайдаланып

жүрген дауыс дыбыстарын сандық форматқа алмастыруға мүмкіндік береді.

Бұл байланыс жүйесі IP немесе VoIP телефониясы деп аталады. Аталмыш

технологияның ерекшелігі халықаралық телефон байланыстарын тиімді,

сапалы, әмбебап, ең негізгісі су арзан және қолжетімділігі болып табылады.

IP - телефония өз абоненттеріне әлемнің қай нүктесінен де жоғары,

сапалы телефон байланысын қамтамасыз ете алады. Қазіргі кезеңдегі

телефонмен сөйлесу (байланысу) көп жағдайда коммутатор станцияларының

мүмкіндіктеріне сай кез келген уақытта сенімді, тиімді қызмет көрсете

алмайды. Біз жоғарыда атап өткен желі тұрақты және сапалы байланыс

түрлерін ұсына алады.

VoIP-дің басқа желілерден ерекшелігі (ЖҚТЖ немесе Public Switched

Telephone Network, PSTN) - қалааралық, халықаралық телефон байланысының

бағасының төмендігінде, арзандылығында. IP

-

телефония желісінде

линиядаақаулар болмайды.

Корпоративті клиенттер жеке корпоративті телефон желісін құра алады,

аймақтағы бөлімдермен байланысу арзанға түседі. VoIP - технологиясын

пайдалану арқылы мекеме әр түрлі сервистерге қол жеткізе алады: 1) дауыс

поштасы; 2) қоңыраулар тұрағы; 3) көпарналылиниялар (бағыттар) .

IP - телефонияның тарифі қолданылып жүрген классикалық телефон

байланыс жүйелерінен көп арзанға түседі. Жаһанды интернет жүйесі

ресурстары қандай да ақпарат алмасуда форматын өзгертпейді. Бұл байланыс

түрі өте ыңғайлы, сапалы, ең бастысы экономикалық жағынан тиімді.

Алайда, IP - телефонияға қондыру үшін арнайы жабдықтарды

пайдалануды көздейді, ондай жабдықтар әлі кеңінен тарала қоймаған,

қолжетімді болмаған. Дегенмен, жаңа технологиялар пайда болып, аппараттық

құралдардың сапасы жоғарылап, оңтайландырылуда.

Бұл өз кезегінде бұқара халыққа сапалы қызмет көрсетудің басты көзі. IP

АТС бұл күнде барлық Батыс мемлекеттерінде сұранысқа ие болып отыр, бірте

- бірте біздің отандық нарықта да пайда болып, сұранысқа ие болуда.

IP - телефонияның мүмкіндіктері шектеусіз. Бұл күрделі және жоғары-

интеллектуалды технологияны жоғары кәсіби деңгейде орнатылуы қажет.

11

1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. 1

Нақты жағдайға анализ жасау

Диплом жобасының нысаны ретінде ЖШС «3А ENGINEERING»фирмасы

алынды. 3А ENGINEERING фирмасының негізінде жобалау, инжининиринг,

құрылыстағы техникалық қолдау, құрылыс материалдарын таңдау және

құрылғылар таңдау болып табылады. Фирманың артықшылығы болып

сапалылық, тапқырлық, әдісқойлық, жобаның экологиясы мен экономикасы

табылады. Қазіргі таңда фирма қарқынды даму кезеңінде тұр, тұтынушының

күрделі сұрауларына кәсіптік жауапкершілікпен, эстетикалық шешімдерін және

сұраулардың техникалық шешімдерін басқарудың эффективті тәсілдері арқылы

табжылмай қызмет етеді. Фирманың негізгі бөлімі Алматы қаласында

орналасқан, ал бөлімшелері Астана, Атырау қалаларында.

Фирмаға орнатылған корпоративті телефон желісінің жалпы сұлбасы 1. 1

суретте көрсетілген.

1. 1 Cурет-Корпоративті телефон желісінің жалпы сұлбасы

12

1. 2 Жобаның міндеттері

Жобаның міндеті IP - PBX Asterisk базасында VoIP желісін жобаландыру

ісін «3А ENGINEERING»фирмасында жүргізу.

Аталған VoIP желісі келесі функцияларды атқарады:

- фирманы бірыңғай корпоративті желіге шоғырландыру;

- фирманың қалааралық қоңыраулар жұмсалатын шығындарын азайту;

- видеоқоңыраулар;

- аудиоконференциялар;

-корпоративті

VoIP

желісі істен шыққан жағдайда байланыс

операторлары арқылы балама маршруттарды қолдану.

1. 3 VoIP желісіне сипаттама

VoIP (ағыл. Voice over IP; IP - телефония) - байланыс жүйесі, негізгі

қызметі тілдік дабылдарды Интернет желісі немесе басқа да IP - желілер

арқылы жіберу, тасымалдау. Дабыл байланыс каналдары арқылы сандық түрде

беріліп, жіберілер алдында өзгертіліп, артығы алынады.

Дауыстық және видеобайланыстың компьютерлер арқылы берілуі бүкіл

әлемде XXI ғасырдың басынан танымал болып, тез арада сұранысқа ие болды.

Қазірге кезде жеке тұтынушылармен қатар корпоративтік секторлар да бұл

қызмет түрлеріне жүгінуде.

IP

телефония жүйесін пайдалану фирма

операторларына қоңырау бағаларын (әсіресе, халықаралық қоңыраулар)

мүмкіндік жасайды және телефонияны интернет сервисімен кірістіру арқылы

интеллектуалды қызмет түрлерін көрсете алады.

VoIP

технологиясы

PSTN (Public Switched Telephone

Network)

ЖҚТЖжелісі арқылы күрделі, қымбат, қиындау қызмет түрлерін оңтайлы

міндеттер мен шешімдер арқылы жүзеге асыруды көздейді.

Мысал келтіре кетсек:

- жоғары жылдамдықта телефонға қосылу арқылы бірнеше телефон

қоңырауларын шалуға болады, ол VoIP технологиясының қолжетімділігін

дәлелдейді және үйде, офисте еш қиындықсыз телефон линиясын қосуға

мүмкіндік береді;

- VoIP технология желісінде қоңырау шалулар қауіпсіз (SRTP сияқты),

себебі, дабылдар шифрленеді, ал дәстүрлі телефон линияларында қауіпсіздік

сақтала бермейді;

- қандай қашықтықта болса да VoIP провайдеріне интернет - байланыс

арқылы қосылуға болады. Мәселен, қоңырау шалу орталықтарының

операторлары VoIP телефондар көмегімен кез келген офисте жұмыс істей

алады, ең бастысы, тиімді, тұрақты және тез интернет-қосылу болуы қажет;

- басқалармен интернет арқылы байланыс операторлармен кірістіру

арқылы: видеоқоңырау, хабарламалармен алмасу, аудиоконференциялар,

мекен-жай кітабын басқару т. б. қызмет түрлері;

9

- қосымша қызмет түрлері: қоңырау маршрутын анықтау, GSM -

роумингі IVR-ді енгізу.

IP - желіде адам дауысы импульсті - кодты модуляция көмегімен

цифрленіп, кодталып дестелерге бөлінеді. Қабылдау жағында - мәліметтер

пакеттерден алынып, қайтадан дауыс дабылына айналады.

Тілдік мәліметтерді кодтау 15-45 мс қосымша кешіктірулер туғызуы

мүмкін, оның себептері:

- дабыл жинақтау үшін қолданылатын буфер (алгоритмикалық кешігу) ;

- математикалық өзгерістер (тілдік сигнал беру үшін процессорлық уақыт

талап етеді) .

Бұндай кідіріс сөзді басқа жақта декодтау кезінде пайда болады. Кодектің

кідірісін «сквозной» кідірістерді санауда ескеру керек. Сонымен қатар, күрделі

кодтау/декодтау алгоритмдері есептеуші жүйенің ресурстарына тиянақты

шығындарды талап етеді.

Тілдік мәліметтерді интернет арқылы берудің сапасына зерттеу анализін

жүргізу арқылы синтезделген тіл мәліметтерінің бұзылуы, сапасының

төмендеуі көп жағдайға байланысты:

- пакеттердің байланыс желілеріне жіберілген кезде жоғалып кетуі;

- берілген уақытта пакеттердің жеткізілмеуі.

Мұндай жағдайларды болдырмау үшін тілдің алгоритмдік компрессиясын

желіде оңтайландыру, сонда пакет жоғалғанда да, қайтадан дестені орнына

келтіруге болады.

Мәліметтерді кодтау үшін кодектер пайдаланылады. Дауысты қысу

алгоритмі IP - желі арқылы тасымалдау түрлері әр түрлі болып келеді. Кейбір

кодектер дауысқа қысым түсірмей, оны импульстік - кодтық модуляция

деңгейінде қалдырады (секундына 64 кбит) . Басқа кодектер 8 немесе одан да

көп рет кодтық алгоритмдерді пайдалана отырып дауыс ағынын қысады.

Лицензия талап етпейтін жақсы, еркін кодектермен қатар сертификатталған,

лицензиясы бар кодектер пайдаланылады.

Ашық:

- GSM

- G. 711 μ-law

- G. 711 a-Law

- G. 722

- G. 726

- Speex

- iLBC

Проприетарлық:

- G. 729

- G. 729A

- G. 723

10

1. 1К е с т е - VoIP-кодектердің салыстырмалы сипаттамалары

Біздің жобамызда дауыс сигналдарын жақсы, сапалы беру, тасымалдау

үшін мынадай кодектерді пайдаландық: G. 711 және G. 729.

G. 711

-

бұл

ITU-T

стандартты

аудиокомпандирование үшін

қолданылады. Негізінен, телефонияда қолданылады, алғаш рет 1972 жылы

пайдаланылған.

G. 711 - стандарты 8 битті компрессия PCM дауыс жиілігін 8000 кадр

секундына және 8бит/кадр стандарты. Осыған орай, G. 711 кодегі 64кбит/сек -

НЦК (негізгі сандық канал) құрайды.

G. 729 - таржолақты тілдік кодек таржолақты телефон тілін тиімді жеткізу

үшін қолданылады. Оның сипаттамасы 300-3400Гц жиілігі 8кГц.

G. 729 - кеңінен қолданылып жүрген кодек түрі, жылдамдығы 8кбит/сек.

Теорияға сүйенетін болсақ, бір секунд ұзақтығы бар тілдік дабылды 60 байт/сек

ағынымен толық сипаттауға болады, яғни, сандау, тарату, сандық түрде сақтау,

қайтадан қалпына келтіру т. б. . Нөмірлеу және тарату идеясы сандық күйінде

сақтау дабылдың өзі емес, оның параметрі (нөл арқылы өткізу саны, спектрлік

сипаттамалар т. б. ) . Осы параметрлер арқылы дауысы трактінің моделін

таңдауға болады. Синтездеу мүмкіндігі пайда болады, «вокодерлер» (Voice

CODER) негізінде шығыс дабылдар жатады.

Кодектердің барлық түрлерінің есте сақтайтын ережесі сандық ағынның

тығыздығы төмен болған сайын қайта қалпына келтірілген дыбыстық

түпнұсқадан айырмашылығы болады. Дегенмен, қайта қалпына келтірілген

гибридті кодектердің дабылдарының сипаттамалары жоғары көрсеткішке ие,

себебі, тілдік дабылдың тембрі, оның динамикалық сипаттамалары қалпына

келтіріледі. Яғни, дауысты тануға мүмкіндік болады. Бұл алгоритм кодтық

модельдік линияныңбағыты алгебралық кодтық кітапқа сүйену арқылы

жасалған (CELP - моделі) . Кодер ұзындығы 10мс тілдік дабылдың

дискреттелген жиілігі 8кГЦ-ке сүйенеді. Ол өз кезегінде 80-16 битті линиялық

заңына бағынады. Әрбір кадр үшін дауыстық дабылдың анализі орындалады

11

және модельдің параметрлері ажыратылады (сызықтық болжамының

фильтрінің коэффициенттері, индекстері және адаптивті және тіркелген кодтық

кітаптардың күшейту коэффициенттері) . Арықарай бұл параметрлер кодталып,

арнаға жіберіледі.

Декодерде биттік жіберілу дабылдыңқозуы мен синтездеуші фильтрдің

коэффициенттерінің қалпына келуі үшін қолданылады.

Синтездеуші фильтрде полюстік жіберуші 10 - дық реттік функциясы

бар. Негізгі тондық синтезатор үшін адаптивті постфильтрация арқылы

жақсарылады.

Кодер жіберетін биттік сәлемдемежоғалған кезде, сөздік синтезатор үшін

жіберілген мәліметтер оның алдындағы мәліметтердің жақсы кадрларын

интерполяциясы болады, бірақ интерполирлік сөздік дабыл ақырындап азаяды,

ол тыңдаушыға ыңғайсыздықты тудырмайды.

Вокодер сөздік дабылдың кадрларын 10мс ұзындықта өңдейді. Қосымша

5мс ұзындыққа тең кідіріс те бар (look - ahead buffer), ол сомада алгоритмдік

кідірісте 15мс («10+5») болып шығады. Сөздік дабылдың кідірістері осы

алгоритмдегі қашықтық қосымшыларында уақытпен де анықтала алады:

-кодтау мен декодтау процесі;

-арна арқылы жіберілуі;

-аудио мәліметтерді басқа мәліметтермен мультиплекстеу кезінде;

IP - телефонияның негізгі ұтымдылығы - оның статистикалық

сипаттамаларға талаптардың төмендігінде;

-кідірістерді тежеу (диалогтық, буындық және т. б. ) ;

-сөздік дабылды ауқымдылығы мен сапасын қысу кезінде жоғалтпауы.

VoIP үшін дестелерді желіде тежеу - сын, себебі, бұл технология өзінің

тұрақтылығымен ерекшеленеді.

VoIP

технологиясы телефон трафигін

таратқанда, ISO 9000 сапа менеджмент стандарты талаптарын қатаң ұстану

қажет:

-байланысты жылдам орнату сапасы;

-байланыстыру сапасы тұтынушының сұраныстарына жауап беруі тиіс.

Стандарт бойынша, кідіріс 250 миллисекундтан аспауы тиіс. IP

желісіндегі кідірістер көп жағдайда дестелерді транспорттау ерекшеліктеріне

байланысты болады. TCP хаттамасы дестелерді жеткізуді бақылайды, бірақ, бұл

хаттама баяу жүретіндіктен дауысты таратуға қолданылмайды. Ал, UDP

хаттамасы дестелерді тез жібереді, бірақ дестелер жоғалмауына кепілдік

бермейді.

Кез келген VoIP қосылудың өзіндік параметрлері бар, сапалы бағалаудың

нақты параметрлері бар. IP телефонияның көптеген операторлары қызмет

көрсетуде қоңырау айырығын таңдағанда оның бағасы ғана емес, сапасына

үлкен мән береді:

ASR/ABR - шалынған қоңыраулар пайызын шығарады.

ACD - хабарласу барысында тұрақты байланыс орнатуды көздейді.

12

Байланыс операторлары кей - кезде бағыттарды бағалауда статистикалық

параметрлерге сүйенеді. Олар Эрланг нөмірді тергеннен кейінгі кідіріс (PDD),

дестелерді жоғалту пайызы (QoS), қоңырау шалулардың максималды артуы

секундпен санағанда (Calls per seconds, CPS) .

1. 4 VoIP желісінің хаттамалары

Хаттамалардың негізгі міндеті IP құрылғылардытіркеу (шлюз, терминал,

қоңырауды абонентке жіберу, дауысты дабыл қою немесе видеобайланыс

орнату, тарату, абонент нөмірін немесе атын көрсету) . Қазіргі кезеңде

сұранысқа ие VoIP хаттамалары:

-SIP - сеанстық байланыс орнату хаттамасы, бұл хаттама дауысты,

видеоны, хабарламалармен алмасуды қамтамасыз етеді. 5060 UDP портын

пайдаланады;

-H. 323 - дәстүрлі телефония жүйесіне бағындырылған хаттама, SIP

хаттамасына қарағанда. Порт сигнализациясы 1720 TCP және 1719 TCP

гейткиперде терминалдарды тіркеу үшін қолданылады;

-IAX2 - 4569 UDP арқылы порт және сигнализация, медиатрафик;

-MGCP (Media Gateway Control Protocol) - медиашлюздерді басқару

хаттамасы;

-Megaco/H. 248 - медиашлюздерді басқару хаттамасы, MGCP-ны дамыту;

-SIGTRAN - PSTNсигнализация ОКС - 7 хаттамасын туннельдеу IP

арқылы бағдарламалы коммутаторға (SoftSwitch) ;

- SCTP (Stream Control Transmission Protocol) IP-желілеріне дестелерді

кепілді жеткізуді ұйымдастыру;

- SGCP;

- SCCP (Skinny Call Control Protocol) - жабық хаттама терминалдарды(IP-

телефондар мен медиашлюздерді) Cisco компаниясы өнімдерінде басқару.

Unistim - жабық хаттама Nortel компаниясы өнімдерінің дабылды

трафигін басқаруы.

1. 4. 1 SIP хаттамасы

SIP (ағыл. Session Initiation Protocol - сеансты өткізетін хаттама)

тұтынушы интернет-сеансты өткізетін, аяқтайтын, оның мультимедиялық

құрылымына (видео және аудиоконференция, жылдам хабарламалар, онлайн

ойындар) кіреді. Ашық жүйелер моделінде SIP қолданбалы деңгейдегі желілік

хаттама болып табылады. Хаттама тұтынушы тіркемелеріне жауап береді

(мысалы, софтфон) . Мұның мәні - тұтынушы осы желіде, бірақ алыс аймақтағы

тұтынушымен байланысқа түсуді кідіріссіз жеңіл байланыстыру. Сонымен

қатар, тұтынушылардың басқа хаттамаларды пайдалана отырып, мәліметтер

жіберу үшін арналармен алмасуға да болады (мысалы, RTP) . Сондай-ақ,

қосымша арналарды қосуға немесе алып тастауға, қосымша тұтынушыларды

13

қосуға, алып тастауға болады (яғни, екіжақты конференцбайланыс өткізуге

болады) . Бұл хаттама сеанстың аяқталуын да қадағалайды.

Бұл хаттаманы әзірлеумен IETF MMUSIC Working Group ұйымы

айналысты.

Хенингом Шулзри (Henning Schulzrinne, Колумбиялық

университет) және Марком Хэндли (Лондонның Университеттік колледжі) 1996

жылы қолға алып дайындады. H. 323, SIP - хаттамаларымен қатар, Voice over IP

негізін құрайды.

MMUSIC жұмыс тобы хаттаманың негізгі қағидаларын атап көрсетті:

- қарапайым, 6 әдіске (функциялар) сүйенеді;

- транспорттық деңгейге тәуелді емес UDP, TCP, ATM-дерді қолдана

береді;

-тұтынушылардың жеке мобильдігі. Тұтынушылар желі ішінде кедергісіз

қозғала береді. Себебі, тұтынушының өзіндік ерекшелігі бар идентификаторы

бар. Қызмет көрсету жоғары деңгейде сақталады. Тұтынушы желі ішіндегі

қозғалысын REGISTER хабарламасы арқылы жеткізіп отырады;

-желінің масштабтылығы. SIP хаттамасы желі құрылыс элементтерін

кеңейтуге, ұлғайтуға мүмкіндік береді;

-хаттаманың кеңейтілу мүмкіндігі. Жаңа қызмет түрлерінен, жаңа

функциялармен толықтырып алады;

-интернет хаттамаларымен кіріктірілуі. IETF комитеті әзірлеп шығарған

SIP хаттамасы жаһанды мультимедиа архитектурасының бір бөлігі болып

саналады. Бұл архитектураға SIP - тен басқа RSVP, RTP, RTSP, SDP

хаттамалары кіреді.

-сигнализацияның басқа хаттамаларымен өзара әрекеттесуі.

Интеллектуалды желілермен байланысқа түсу үшін IP - телефонияның басқа

хаттамалармен және ЖҚТЖ хаттамаларымен бірге қолданылады.

SIP желісі элементтерін қосу үшін SIP тұтынушылары порт 5060 TCP

және UDP пайдаланылады. Негізінен, SIPдауыстық және видеоқоңырауларды

қосу, айыру үшін қолданылады. Сонымен қатар, басқа тіркемелерде де

қоданылуы мүмкін. Мысалы, байланысты қосу, жүйені ақпараттандыру,

мобильдік терминалдар т. б. . SIPхаттамаларына RFC нұсқаулары арқылы

тіркемелерін реттеп отырады. Дауыстық және видеомәліметтерді тарату үшін

транспорттық хаттамалар қолданылады. Жиі қолданылатыны Real - time

Transport Protocol (RTP) хаттамасы.

SIP-тің негізгі міндеті IP базасының негізінде сигналды хаттама жасау, ол

өз кезегінде шақыру мен қызмет түрлерін өңдеуде кең көлемдегі функциялар

ЖҚТЖ арқылы ұсынады. SIP хаттамасы өздігінен бұл функцияларды анықтай

алмайды. Қоңырау және сигнализация орнатуға бағытталған. SIP желінің

функционалдық элементтері прокси - серверлер (Proxy Servers) және тұтынушы

агенттері (User Agents) арқылы жобаланып, қолдауға ие болып отырады. Бұл

элементтер базалық қызмет түрлерін ұсынады: нөмірді теру, телефон

аппаратына қоңырау шалу, шалынған қоңыраудың дәрежесі жайлы абонентке

дыбыстық мәлімет беру: SIP-тің негізінде телефон желілері заманауи қызмет

14

түрлерін көрсете алады, оны ОКС - 7 арқылы алу мүмкіндігі бар. ОКС - 7

күрделі, бір орталыққа бағындырылған интеллектуалдық желі болса да

қарапайым,

интеллектуалды емес, терминалдармен (дәстүрлі телефон

аппараттары) қолдана береді.

SIP басқа да бірнеше хаттамалармен бірге байланыс сессиясының

сигналдық бөлігіне пайдаланылады. SIPSDP үшін тасымалдаушы рөлін

атқарады. Сессия барысында медиамәліметтерді жіберу парметрлерін

сипаттайды. Мысалы, пайдаланылатын IP порттары мен кодектері. Әдетте,

SIPсессиялары

-

ол

RTP

дестелерінің ағыны

RTP

дауыстық және

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Таратудың тірек сигналының байланыс жүйелер
Сандық байланыс жүйесінің аппаратурасын қалыптастыру
Дайын өнімді өткізудің негізгі жүйелері
Темір жол көлігі Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесінің қажетті құрамдық бөлігі
Шу - Талас ауданындағы су ресурстарын пайдалану
CDMA стандартындағы байланыс арнасының құрылымы
Логикалық байланыс арнасы
Арналар арендасыныѕ желісі
Тауарларды өткізу нарығын қалыптастыру
Қуандария арнасының ұзындығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz