Сақтандыру компаниясының қолданатын ақпараттар технологиясы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 96 бет
Таңдаулыға:   

Аңдатпа

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша

сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам

өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық жағын

қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс пен адам

өмірінің қауіп-қатерлі сипаты.

Дипломдық жұмыстың мақсаты сақтандыру туралы қажетті

ақпараттарды алу, сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу және архивті

сақтау процесін автоматтандыру болып табылады.

Жобаланған жүйені жүзеге асыру үшін Visual Studio 2010 C# тілін SQL

server базасында орындадым.

Аннотация

Страхование - это один из древних категории, которые описывают

особую сферу экономических взаимоотношении общества. Сфера страхования

обеспечивает все стороны обслуживания жизни человека, производственной и

социально-экономической. Главная причина для страхования - это описание

опасностей производства и жизни человека.

Цель дипломной работы является получение нужной информации про

страхование,

построение автоматизированной системы

страхования и

автоматизирование архива страхового процесса.

Для реализации спроектированной системы в базе SQL server

используется язык программирования Visual Studio 2010 C#.

Annotation

Insurance - is one of the ancient categories that illustrate the distinctive

sphere of social economical relations. The insurance sphere takes into account all

the aspects of industrial and social-economical services in people’s lives. The

incentive for insurance is the industry and the unsafe attributes of humans’ lives.

The aim of this thesis is to collect the information needed about insurance,

developing an informational system for insurance and automation of the process of

archiving.

In order to achieve the projected system, I have used Visual Studio 2010 C#

programing language at the base of SQL server.

Мазмұны

Кіріспе

1 Қазақстан республикасындағы сақтандыру

1. 1 Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері

8

10

10

1. 2 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары

1. 3 Сақтандыру компаниясының қолданатын ақпараттар технологиясы

14

19

1. 3. 1 Ақпараттық жүйенің

классификациясы

қасиеттері, құрылымы және

19

1. 3. 2 Ақпараттық жүйелер, мәні және оларды жабдықтау

1. 3. 3 Ақпараттық жүйенің мәні, мақсаттары мен міндеттері

2 Сақтандыру компаниясының ақпараттық жүйесін тұрғызуды

негіздеу

2. 1 Ақпараттық жүйесіне жалпы қойылатын талаптар

2. 2 Техникалық және математикалық жабдықтауларға қойылатын

талаптар

2. 2. 1 Техникалық жабдықтауға қойылатын талаптар

2. 2. 2 Математикалық жабдықтауға қойылатын талаптар

2. 3 Программалық жабдықтауға қойылатын талаптар

3 Сақтандыру компанияның жұмысын автоматтандыру программасын

құру технологиясы

3. 1 Берілгендер қорының ақпараттық логикалық моделін құру

3. 1. 2 Деректер моделі және түрлері

3. 1. 3 Ақпаратты кодтау

3. 1. 4 Ақпараттың көлемін анықтау

3. 2 Деректер қорын басқаратын автоматтандырылған жұмыс орнын

дайындау құралын таңдау

3. 2. 1 SQLite мәліметтер базасын өзге мәліметтер базасымен

салыстыру

3. 3 Сақтандыру компанияның жұмысын автоматтандыру

программасын құру әдістемесі

4 Экономикалық бөлім

4. 1 Техника-экономикалық негіздеме

4. 2 БҚ құруда және жобалауға кеткен шығының есептеу

4. 3 Экономикалық маңыздылығы

5 Өмiр қауiпсiздiгiнiң негiздерi

5. 1 Еңбектiң салауатты қауiпсiз шартын жасау

5. 1. 2 Программист - оператордың жұмыс зонасындағы микроклимат

5. 1. 3 Дербес компьютерлердің орналасуына және жабдықталуына

қойылатын талаптар

5. 1. 4 Жалпы мекемелердегі компьютерлік бөлмелерге қойылатын

санитарлық - гигиеналық талаптар

5. 1. 5 Компьютерге қойылатын дидактикалық талаптар

5. 2 Есептік бөлім

5. 2. 1 Жарықтандыру талаптары

5. 2. 2 Шулардың талдауы

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымша

23

26

36

36

40

40

41

42

46

46

46

48

49

51

54

63

71

71

71

75

78

78

79

80

81

82

83

83

84

87

88

90

Кіріспе

Біздің қоғамымыздағы сақтандыру өзінің қалыптасуы мен даму

процесіне байланысты айтарлықтай өзгерістерге төтеп берді. Сақтандыру

жиырмасыншы жылдан бастап, сала ретінде өндіріс процестерінің дамуына

және ұлттық табысты бөлуге, осылар арқылы материалдық игіліктерді

жасауға ықпал ете бастады. Бұл әрине экономиканы басқарудағы қаржылық -

несиелік механизмді пайдаланудың барлық жаңа жолдарын қарастыруды

талап етті. Бұл жерде мемлекеттік субъектілердің шаруашылық қызметіндегі

сақтандыру мәселелері, сондай-ақ тұрғындардың барлық топтарының нарыққа

ойдағыдай өту үшін материалдық жағдайының қандай екендігі үлкен рөл

атқарады.

Соңғы жылдар ішінде сақтандыру жүйелері түбегейлі қайта құралуларға

төтеп берді. Осыған орай мүліктік сақтандыру нарығын

демонополизациялаудың фактісі болып әрі осының жалғасы ретінде

айтарлықтай жеделдікпен альтернативтік сақтандыру компаниялары пайда

бола бастады. Қазір сақтандырушылардың қызметтері үшін үлкен кеңістік

бар. Ондаған тіпті жүздеген әр түрлі мәртебедегі әрі сан алуан меншіктік

нысандағы сақтандыру ұйымдары құрылуда. Сақтандырудың

бұрынғыларынан түбегейлі өзгеше жаңа түрлері пайда болды, бұл жерде

сақтандыру жағдайындағы орын алған кемшіліктер ескерілген. Бұл процес

біршама өтіп жатыр. Сақтандыру туралы қабылданған заңда бірқатар

кемшіліктер мен істеліп бітпеген жайлар бар, әрине бұларды таяу уақыттарда

жөнге келтіру керек.

Адамзат алдына қойған қажеттілік пен тапсырмалардың артуына

байланысты есептеудің мәні мен қажеттілігі арта түсіп, бұл қажеттілік

есептеуді механикаландыру жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Адамдарға тез

жұмыс істейтін көмекшілер керек болғандықтан бұл есептеуіш техниканы

толық жетілдіруге мәжбүр етті, бірақ енді механикалық емес, ал электр

механикалық негізде.

Бұл жағдай электронды есептеу машиналарының (ЭЕМ) пайда

болуымен түпкілікті өзгерді. ЭЕМ-нің қарқынды дамуы 1980-жылдардың

соңында басталды. Осыдан кейін ғана тым үлкен интегралды жүйелерді

қолдану, тез әрекет жасау, әмбебаптық және басқа да мүмкіндіктер қолданыла

бастады.

Бізді қоршаған, әлемдегі айналымдағы ақпараттар ағыны өте ауқымды

және уақыт өте олар артуда.

Сондықтан, үлкенді-кішілі кез келген ұйымда тиімді жұмысты

қамтамасыз ету үшін деректерді басқарумен қиыншылықтар туындайды.

Кейбір ұйымдар бұл үшін папка толған сөрелер қолдануда, бірақ көпшілігі

компьютерлендірілген тәсілдерді таңдайды. Бұл - үлкен көлемдегі деректерді

сақтай алатын, жүйелей алатын деректер қоры болып табылады. Бүгіннің

өзінде деректер қорынсыз көптеген қаржылық, өнеркәсіптік және т. б.

ұйымдардың жұмысын елестету мүмкін емес.

Қазір ЭЕМ файлдарында ақпарат сақтау қағаз жүзіндегіге қарағанда

арзанырақ. Үлкен көлемді сақталған ақпаратты қолдану үшін жүйелік

құрылғылардың, деректерді жіберу құралдарының, жадының дамуынан басқа,

сұрауларды енгізе алатын, файлдарды оқи алатын, сақталған деректерді

модификациялай алатын, жаңа деректерді қоса алатын және сақталған

деректер негізінде шешім қабылдай алатын адам мен ЭЕМ арасындағы

диалогты қамтамасыз ететін құралдар керек.

Бұл функцияларды орындай алатын мамандандырылған құралдар

жасалған - деректер қорын басқаратын жүйелер (ДҚБЖ) .

Осыларды қорытындылай келгенде, көтеріп отырған мәселемді өзекті

емес деп айтуға болмайды. Компьютері бар әрбір кәсіпорын өз мамандарының

жұмысын автоматтандыруға тырысады. Бұл олардың жұмысын оңайлатады

және тездетеді.

Осыған байланысты сақтандыру компанияның жұмысын

автоматтандыру қажеттілігі артып отыр.

Дипломдық жұмысымның тақырыбы «Сақтандыру компанияның

ақпараттық жүйесін құру және жобалау».

Ғылыми жұмыстың мақсаты - сақтандыру туралы қажетті ақпараттарды

алу, сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызу және архивті сақтау

процесін автоматтандыру болып табылады. Бұны іске асыру үшін келесі

тапсырмаларды орындау қажет:

а) берілген жоба бойынша қажетті материалдарды жинақтау;

ә) сақтандыру құжаттарын жинақтау, талдау жасау;

б) сұраныстар, есептер құратын программа дайындау;

в) сақтандыру базасын енгізу жүйесін автоматтандыру;

г) SQL тілімен сұраныстарды іске асыру;

ғ) ақпараттық жүйені CASE мүмкіншіліктермен іске асыру;

д) жасалған ақпараттық жүйені тесілеу.

1 Қазақстан республикасындағы сақтандыру

1. 1 Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері

Сақтандыру - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша

сферасын бейнелейтін көне категориялардың бірі. Сақтандыру сферасы адам

өмірінің, өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық жағын

қамтиды. Сақтандыруға түрткі болатын басты себеп-бұл өндіріс пен адам

өмірінің қауіп-қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру,

азаматтың жекелеген сипаттарының өмір тіршілігі мен әл-ауқатын қолдап

отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушінің,

олардың топтарының натуралдық-заттай босалқы қорларын да немесе

резервтерін де, сондай-ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қаражаттары

болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары

түрінде қалыптасады.

Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі бойынша мыналар

сақтандырудың нысандары болып табылады:

- міндеттілік дәрежесі бойынша: ерікті және міндетті;

- сақтандыру объектісі бойынша: жеке және мүліктік;

- сақтық өтемді жүзеге асыру негіздері бойынша: жинақтаушы және

жинақтаушы емес.

Міндетті сақтандыру-заңнамалық актілер талаптарына орай жүзеге

асырылатын сақтандыру. Ол сақтанушының есебінен жүзеге асырылады.

Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың жеке сыныбы болып

табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың мазмұны

және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар сақтандырудың

осы сыныбын реттейтін заңнамалық актілерімен белгіленеді [1] .

Ерікті сақтандыру-тараптың еркін білдіруіне орай жүзеге асырылатын

сақтандыру.

Сақтандыру қызметі-сақтық ұйымының сақтандырудың шарттарын

жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңнамаларының

талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге

асырылатын қызмет. Сақтық қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу

мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптарға

және түрлерге бөлінеді.

Сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметі - “өмірді сақтандыру”

саласы және “жалпы сақтандыру” саласы бойынша жүзеге асырылады.

a) “Өмірді сақтандыру” саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай

сыныптарды қамтиды:

1. өмірді сақтандыру;

2. аннуитеттік сақтандыру.

б) “Жалпы сақтандыру” саласы ерікті сақтандыру нысанында мынадай

сыныптарды қамтиды:

1. жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру;

2. медициналық сақтандыру;

3. автомобиль көлігін сақтандыру,

4. темір жол көлігін сақтандыру;

5. әуе көлігін сақтандыру;

6. су көлігін сақтандыру;

7. жүктерді сақтандыру;

8. мүлікті сақтандыру;

9. кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;

10. автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін

сақтандыру;

11. темір жол көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін

сақтандыру;

12. әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін

сақтандыру;

13. су көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін

сақтандыру;

14. тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін

сақтандыру;

15. шарт бойынша азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

16. зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілігін

сақтандыру.

Ерікті сақтандыру нысанындағы әрбір сыныптың мазмұны мен оны

жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар уәкілетті мемлекеттік

органның нормативтік құқықтық актілерімен белгіленеді.

Сақтандыру түрі, сақтандыру ұйымы сақтанушыға сақтандыру шартын

жасау арқылы сақтандырудың бір немесе бірнеше сыныбы шегінде әзірлейтін

және беретін сақтандыру өнімі болып табылады. Сақтандыру ұйымы өзі

әзірлеген сақтандыру түрі бойынша қызметтерін уәкілетті мемлекеттік

органдармен сақтандыру ережелерін келіскеннен кейін ғана жүзеге асыруға

құқылы.

Міндетті сақтандырудың әрбір түрі сақтандырудың бөлек сыныбы

болып табылады. Міндетті сақтандыру нысаны бойынша әрбір сыныптың

мазмұны және оны жүргізу жағдайлары бойынша қосымша талаптар

сақтандырудың осы сыныбын реттейтін заң актілерімен белгіленеді.

Жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыруға тән экономикалық

қатынастар қоғамдық процесіндегі зиянның орнын, егер бұл процес дүлей

апат пен басқа да төтенше немесе күтпеген оқиғаның нәтижесінде бұзылса

толтырумен байланысты. Зиянның орнын ынтымақтастық негізде сақтық

қатынастарына қатысушының төлейтін сақтық жарналары есебінен

толтырылады, бұл жарналардың жиынтығы, жоғарыда айтылғандай сақтық

қорларын құрайды

Сақтандыру дегеніміз - сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге

асыратын сақтандыру төлемі арқылы сақтандыру шартында белгіленген

сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе

заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға байланысты

кешені. Сақтандыру қызметі-сақтандыру ұйымының сақтандыру шарттарын

жасау мен орындауға байланысты Қазақстан Республикасы заңдарының

талаптарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органның лицензиясы негізінде

жүзеге асырылатын қызметтері. Сақтандыру ісі және сақтандыру қызметі

туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді

және Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексімен, Заң мен Қазақстан

Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Шетелдік азаматтар, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, оның

ішінде өз қызметтерін Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге

асыратындар сақтандыру арқылы қорғалу құқығын Қазақстан

Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен бірдей

пайдаланады. Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды

тұлғалардың немесе оның оқшауланған бөлімшелерінің мүліктік мүдделерін

және Қазақстан Республикасының резиденті болып табылатын жеке

тұлғалардың мүліктік мүдделерін сақтандыруды тек қана Қазақстан

Республикасының резиденті-уәкілетті мемлекеттік органның тиісті

лицензиясы бар сақтандыру ұйымы жүзеге асыра алады. Сақтық қорлар

қоғамның ұлттық шаруашылығы әр түрлі алдын-ала болжауы мүмкін емес,

оқиғаны сақтандыруға арналған қоғамның резерв қорларының жүйесі-қажетті

құрамды бөлігі. Мүліктік мүдделерді қорғауды материалдық зияннан

сақтандыруды және оның орнын таптыруды жүзеге асыратын сақтық қор

материалдық немесе ақша қоры нысанында жасалады. Сақтық қорларда қоғам

мүшелерінің ұжымдық және жеке мүдделері қорғалады. Сақтандыру

қорларының басқа қорлардан ерекшелігі, олар тұтынушының қорларына да,

жинақтау қорларына да жатпайды. Ол табыс ретінде тұтынылмайтын және

қорлануға міндетті қызмет етпейтін табыстардың

бірден-бір бөлігі.

Сақтандырудың жарналары есебінен жасалынатын сақтық қорлар белгілі бір

тікелей арналымда сақтық төлемді төлеу үшін пайдаланылмауы мүмкін.

Мұндай жағдайда сақтық қорлардың қаражаттары қосымша табыс алу үшін

коммерциялық айналымға жіберуі мүмкін. Бұл табыстың бір бөлігін

табыскерлерді тарту үшін, сақтық қызметтер көрсетудің бағасын төмендетуге

бағыттаған орынды. Сақтық жүйе Республикада экономикалық сенімді әрі

орнықты дамуына халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз

жасауға азаматтар мен шаруашылық субъектілердің мүлкін сақтандыруға

ықпал етуі тиіс[2] .

Сақтандырудың жалпы жүйесі 3 бөлімнен тұрады:

1. қоғамдық қорғаудың жүйесі;

2. әлеуметтік сақтандыру және әлеуметтік қамсыздандыру;

3. жалпы сақтандыру және өмірді сақтандыру.

Сақтандырудың жалпы жүйесінің дербес бөлігі-медициналық

сақтандыру. Сақтандыру-сақтандырудың төлемі арқылы сақтандыру

шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде

жеке және заңды тұлғаның заңды мүдделерін мүліктік жағынан қорғауға

байланысты қатарлар кешені. Ерекше сақтық қатарлар сақтық қызметінің

нарығын дамыту, азаматтар мен заңды тұлғаларды сақтандыру тұрғысындағы

қорғаныс. Сақтандырудың қызметі туралы Қазақстан Республикасының заңы

мен сақтандыру мәселелері жөніндегі үкімет қаулысымен және Ұлттық

Банктің сақтық қадағалау департаментінің нормативтік актілерімен реттеліп

отырады. Сақтандыру процесі-сақтандыру шарты негізінде жүзеге

асырылады.

Сақтандыру кезінде-сақтық резервтері мен қорларын қалыптастырудың

екі негізгі әдісі бар:

1. бюджеттік әдіс;

2. сақтық әдісі.

Қорларды қалыптастырудың бюджеттік әдісі бюджеттің қаржысын,

яғни бүкіл қоғам қаражаттарын пайдалануды болжайды. Сақтық әдісі-

қорларды шаруашылық жүргізуші субъектісімен халықтың жарналары

есебінен жасауды алдын-ала қарастырады.

Сақтандырудың

мақсаты-қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін

қамтамасыз ету үшін азаматтарды, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық

және ұжымдық қорғау болып табылады.

Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән болып келеді:

1. қатынастардың ықтималдық сипаты;

2. қатынастардың төтенше сипаты (кез-келген ауқымда-мемлекеттік,

аймақтық деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі, жеке адам деңгейінде) .

Сақтандыру категориясының қаржы категориясымен ортақ өзгеше

белгілері бар:

- сақтық қатынастардың ақшалай сипаты;

- сақтандырудың қоғамдық өнімнің құнын қайта бөлуге қатысуы;

- оның іс-қимылы ақша қорларын жасап, пайдаланумен, қосарланып

отырады;

- сақтық қатынастардың бір бөлігінің міндетті сипатының болуы;

- ақша қорларын жасап, пайдалану кезіндегі сақтық баламалығы барлық

жағдайда бола бермейді.

Сақтандыру шеңберінде мемлекет сақтық ресурстары меншігінің

субъектісі болып келетіндіктен сақтандыру жалпы мемлекет қаржысының

құрамды бөлігі болып табылады. Сақтандырудың экономикалық мәні барлық

қатысушының төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға көмек

көрсетілетіндігінде. Демек, сақтандыру-қолайсыз құбылыстар мен күтпеген

оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін

қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын

құру және пайдалану жөніндегі қайта бөлгіштік қатынастардың айрықша

сферасы. Сақтандыру, табыс (пайда) түсіру мақсатымен коммерцияның

шектес сфераларына қаражаттарды инвестициялау жөніндегі сақтық

ұйымдарының қызметі сақтық ісі ретінде болып көрінеді. Сақтандыру-сақтық

ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтық төлемі арқылы

сақтандыру шартында белгіленген сақтық жағдай немесе өзге де оқиғалар

туындаған кезде жеке немесе заңи тұлғалардың заңды мүдделерін мүліктік

жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені. Сақтандырудың

экономикалық мәніне бұл категорияның қоғамдық арналымының көрінісі

ретінде оның бөлу, өтемдік, жинақтық және бақылау функциялары сай келеді.

Бөлу функциясы: бұл функцияның өзгешелігі қайта бөлу ретінде көрінуі.

Ол алдын алу функциясына, мысалы, алдын алу шараларын қаржыландыру

жолымен сақтық жағдайының болу мүмкіндігін жоюға бүгіледі. Жеке басты

сақтандыруда бөлу функциясы сақтандырудың тиісті түрлерінің жинақтық

функциясына бүгіледі.

Бақылау функциясы: сақтық төлемдерін жұмылдыруды және сақтық

қорын қатаң мақсатты пайдалануды қамтамасыз етуге байланысты болатын

тараптардың нақты қатынастарында көрінеді. Соңғы уақытта бірқатар

зерттеушілер сақтандыру экономикалық категориясын сипаттау үшін

тәуекелдік функциясын қарауды ұсынады, өйткені сақтық тәуекелі

сақтандырудың негізгі арналымымен қолайсыз оқиғалардан болған зиянның

орнын толтырумен байланысты [3] .

1. 2 Қазақстан Республикасындағы сақтандыру компаниялары

1. 1 Кесте - Қазақстан Республикасында 41 сақтандыру компаниясы бар:

«Алматы Халықаралық Сақтандыру Тобы»

сақтандыру компаниясы» Kaspi Bank"

Акционерлік қоғамынның Еншілес

компаниясы" АҚ

"Amanat Insurance" СК" АҚ

"Атланта Полис" СК" АҚ

«Allianz S. E. » Еуропалық Акционерлік

Қоғамының Еншілес компаниясы «Allianz

Kazakhstan» (Альянз Қазақстан) Сақтандыру

Компаниясы» АҚ -("АТФ ПОЛИС" СК" АҚ)

«Альянс Полис» СК” АҚ

«АСКО» СК» АҚ

«Алатау» СК АҚ

«БТА Страхование» БТА Банкінің еншілес

компаниясы” АҚ (алғашқы «БТА

Страхование» Тұран Әлем Банкінің еншілес

сақтандыру компаниясы” АҚ)

"ДСжМСҚК "Интертич" АҚ

«Халық - Казахинстрах» Қазақстан Халык Банкі Еншілес

сақтандыру компаниясы» АҚ

«Мемлекеттік аннуитеттік компания” Өмірді сақтандыру

компаниясы” АҚ

"Қазақмыс" СК” АҚ

«Казкоммерц-Полис» сақтандыру компаниясы»

"Коммеск-Өмiр" СК" АҚ

АҚ «Лондон-Алматы» СК

«Нұрполис» сақтандыру компаниясы» АҚ

"Мұнай сақтандыру компаниясы" АҚ

“НОМАД Иншуранс”СК” АҚ

"Пана Иншуранс" СК" АҚ

"САЯ" СК” АҚ

"СЕНТРАС ИНШУРАНС" СК АҚ

"ТрансОйл" СК» АҚ

"Темiр Ат" СК” АҚ

“БТА Забота” БТА

Банкінің еншілес

"ЦАСО" СК" АҚ

сақтандыру компаниясы” АҚ (алғашқы “БТА

Забота” Тұран Әлем Банкінің еншілес

сақтандыру компаниясы” АҚ)

“БТА Өмір”БТА Банкінің еншілес сақтандыру

компаниясы” АҚ

"Виктория" СК» АҚ

Экспорттық кредиттерді және

инвестицияларды сақтандыру жөніндегі

мемлекеттік сақтандыру корпорациясы" АҚ

«Евразия» сақтандыру компаниясы» АҚ

"ЭкоПолис"СК” АҚ

«ЭйАйДжи Қазақстан» Сақтандыру компаниясы» АҚ

«Халық-Life» АҚ

АҚ«Казкоммерц-Life»

(«Казкоммерцбанк» АҚ-ның еңшілес ұымы)

«GENERALI LIFE»

"Alliance -Өмірді Сақтандыру Сақтандыру компаниясы»

АҚ

«Астана-финанс» Сақтандыру компаниясы” АҚ

«Астана-финанс» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ

"Астық сақтандыру компаниясы" АҚ

“Архимедес

-

Қазақстан” медициналық сақтандыру

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан республикасындағы сақтандыру . Сақтандыру ұғымы, объектілері мен субъектілері
Сақтандыру компанияның ақпараттық жүйесін құру мүмкіндігі
Nomad сақтандыру компаниясының программалық қосымшасын жобалау
Әмбебап компьютерлік технологиялар
Сымсыз желі туралы
Оқу практиканың бағдарламасы
Ұялы байланыстың қалыптасу мен дамуы
Жеке мүлікті сақтандырудың ақпараттық жүйесін тұрғызуды негіздеу
Frame Relay протоколы
Сақтандыру қызметіндегі ақпараттық технологиялар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz