Сүт өнімділігінің сипаттамасы


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
КЕАҚ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Технология және биоресурстар факультетіМал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: «Алимжанов Т. С. » ШҚ голштинофриз тұқымды сиырларының сауын маусымы бойынша сүт өнімділік көрсеткіштері
Беттер саны - бет
Сызбалар мен көрнекі
материалдар саны - кесте
Қосымшалар - сурет
Орындаған Альмухамедов Асет Ахмедович
2018 ж. қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі,
а. ш. ғ. д., профессор Сәмбетбаев Ә. Ә.
Жетекшісі,
а. ш. ғ. к., профессор Бұралхиев Б. А.
Норма бақылау,
Сарапшы
Алматы - 2018 ж
КЕАҚ Қазақ ұлттық аграрлық университетіТехнология және биоресурстар факультеті
мамандығы 5В080200 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясыМал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы кафедрасы
Дипломдық жұмысты орындау ТАПСЫРМАСЫСтудент Альмухамедов Асет Ахмедович
Жұмыс тақырыбы: «Алимжанов Т. С. » ШҚ голштинофриз тұқымды сиырларының сауын маусымы бойынша сүт өнімділік көрсеткіштері
Университет бойынша 2018 ж № бұйрығымен бекітілген
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі 2018 ж 15 мамыр
Жұмыстың бастапқы деректері Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы «Алимжанов Т. С. » асылтұқымды ірі қара мал шаруашылығында голштинофриз тұқымды сиырларының сүт өнімділік көрсеткіштерін зерттеуге арналды.
Дипломдық жұмыста қарастырылатын негізгі мәселелер:
«Алимжанов Т. С. » асыл тұқымды шаруашылығына жалпы сипаттама; Шаруашылықтағы сиырларды азықтандыру жүйесі; Асылдандыру жұмысының көрсеткіштері; Сиырлардың бұзаулауына әсер етуші факторлар; Сүт өнімділігінің сипаттамасы; Тұмса сиырлардың желін түрлері мен сүт беру екпінділігі; Сиырлардың ұдайы өндірістік қабілеті; Бұзауларды бағып-күту және азықтандыру жүйесі; Бұзаулардың өсіп жетілуі; Бұзауларды өсіруде суық тәсілін қолдану.
Графикалық материалдардың тізімі (қажетті жағдайда) : кестелер, суреттер;
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:
1. Каримов Ж. К., Даленов Ш. Д., Төреханов А. Ә., Найманов Д. Қ., Жазылбеков Н. Ә. Триумф «Т». 2006 ж. Ірі қара шаруашылығы;
- Каримов Ж. К., Даленов Ш. Д., Төреханов А. Ә., Жазылбеков Н. Ә. Ірі қара шаруашылығы, сүт және ет өндіру технологиясы. Алматы-2005 ж.
- Ысқақбаев Б. Б. Сиырды қолда өсіру. «Қайнар» Алматы 1987.
- Ысқақбаев Б. Б. Ірі қара шаруашылығы. «Қайнар» Алматы 1996.
- Даленов Ш. Д. «Селекционно -генетические методы технологические примеры повышения молочнюй продуктивности коров молочных пород Казахстана» Автореферат дисс доктор с\х наук, Алматы 198І.
6. Кәрімов Ж. К., Дәленов Ш. Д., Найманов Д. Қ. Ірі қарамал шаруашылығы. Қостанай 1996 б. -34-35.
Кафедра меңгерушісі,
а. ш. ғ. д., профессор Сәмбетбаев Ә. Ә.
Жетекшісі,
а. ш. ғ. к., профессор Бұралхиев Б. А.
Тапсырманы орындауғақабылдадым, студент Альмухамедов А. А.
Дипломдық жұмысты орындау
ГРАФИГІКафедра меңгерушісі,
а. ш. ғ. д., профессор Сәмбетбаев Ә. Ә.
Жетекшісі,
а. ш. ғ. к., профессор Бұралхиев Б. А.
Тапсырманы орындауғақабылдадым, студент Альмухамедов А. А.
МАЗМҰНЫ
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
Осы дипломдық жұмыста төмендегі стандарттар қолданылды:
ГОСТ 7. 32-2001-Мемлекетаралық стандарт. Кітапханалық және басылымдық бағдар беру бойынша стандарттар жүйесі. Ғылыми-зерттеу жұмыстары жазылған диссертациялардың құрылымы және қалыптастыру ережелері.
ГОСТ 1770-74. Бюретки, колбы и др. Стеклянные меры вместимости.
ГОСТ 6709-72 Вода дистиллированная.
МемСТ 5867-90 Сүт және сүт өнiмдерi. Майды анықтау әдiстерi.
МемСТ 3626-73 Сүт және сүт өнiмдерi. Құрғақ пен ылғалды затты анықтау әдiстерi.
ГОСТ 3622-68 Молоко и молочные продукты. Отбор проб и подготовка их к анализу.
АНЫҚТАМАЛАР
Осы дипломдық жұмыста төмендегі терминдер мен анықтамалар қолданылды:
Сүт өнімділігі - сиырдың сауын кезіндегі беретін сүтінің сандық және сапалық көрсеткіші.
Сауын маусымы (лактация) - сиыр бұзаулағаннан суалу мерзіміне дейінгі аралық.
Тұмса сиыр - бірінші рет бұзаулаған жас сиыр.
Сақа сиыр - үшінші рет және одан жоғары бұзаулаған сиырлар
Экстерьер - сырт пішіні.
Рацион - берілетін азықтың түрі мен көлемі.
Сүт беру екпінділігі- 1 минут уақытында берілетін сүттің көлемі.
Сервис кезеңі - сиырдың бұзаулағаннан ұрықтанғанға дейінгі аралық.
Суалу мерзімі - сауын маусымы аяқталғаннан бұзаулау уақытындағы аралық
Уыз еметін шақ - бұзау туылғаннан 10 күн уыз ішетін күн
Сүт еметін кезең - бұзау уыз еметін кезеңнен кейін 2-3 ай сүт ішетін уақыт
Экстерьер - сырт пішіні.
Рацион - берілетін азықтың түрі мен көлемі.
Ен салу - малдың тегін, туған уақытын есепке дәл алу үшін қолданатын әдістер (сырға салу, құлақты қиып ен салу, суық тәсіл, суықпен қару, мүйізді күйдіріп нөмірлеу) .
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
Дипломдық жұмыста келесі белгілер мен қысқартулар қолданылды:
тн
тг
мг
ЖШҚ
ЖШС
цн
АҚ АӨК
тонна
тенге
миллиграмм
жеке шаруа қожалығы
жауапкершілігі шектеулі серіктес
центнер
акционерлік қоғам
агроөнеркәсіптік кешен
СҚМҚ
СХПК
Сүттiң құрғақ майсыздандырылған қалдығы
Сельскохозяйственный производственный кооператив
КІРІСПЕ
Отанымыздың азық-түлікпен (ет, сүт, сүт тағамдарымен) қамтамасыз ету үшін ірі қарамал шаруашылығының маңызы өте зор, себебі сүт өнімі оның 99%-ын құрайды, ал ірі қара еті 40-45%-ға дейінгі деңгейде. Сонымен қатар ірі қара мал терісі де жеңіл өнеркәсіп шаруашылығында көп қолданылады, әрі ірі қараның қиы егін шаруашылығында, әсіресе кейінгі уақыттарда, кеңінен органикалық тыңайтқыш ретінде пайдаланылуда.
Ғылыми техниканың ерекше дамуына байланысты ірі қара малы шаруашылығы да ерекше дамуда, әрі одан алынатын өнімдерде көбеюде.
Ал кейінгі жылдарда ірі қара мал тұқымдарының асылдануын ерекше көрсеткен жөн, сонымен қатар жаңадан асыл-тұқымды ірі қара малы шығуда, ал осы асыл тұқымды ірі қара малдары экономикалық табиғи аймақтарға жақсы бейімделген. Оған ерекше әсер еткен селекция жұмыстарының жақсаруы болып табылады. Себебі селекцияның дамуына генетика, биотехнология ғылымдарының негізгі және электронды есептеу техникасының әсері өте зор болып жатыр.
Жалпы қазіргі уақытта мал шаруашылығына аса көңіл бөлініп, іштей мамандандыру арқылы, әрі осы саланың интенсивті жолға көшуіне байланысты ерекше дамуда.
2017 жылға дейін әрбір шаруашылықта сауын сиырларының сүтін 800-ден 1000 кг-ға дейін көтеру көзделініп отыр, ол үшін: мал азығын молайту және селекциялық асылдандыру жұмыстарын жақсарту қажет, ал ірі қарадан алынатын ет өнімін, әр басқа есептегенде 40-50%-ға көбейту межеленуде.
Соңғы жылдары шет елдерден әкелінген голштинофриз тұқымды ірі қарасын жергілікті ірі қара малымен будандастырудың нәтижесінде көптеген сиыр табындары жақсарылуда. Қараала типті ірі қара малын голштиндеу жоспары бойынша голштинофриз тұқымымен будандастырылған малдардың санын 2017 жылға дейін 70%-ға көбейту белгіленіп тұр. Осы жұмыстың арқасында кейбір асыл тұқымды мал зауыттарында сиырлардан 8-10 мың кг-ға дейін сүт алу жоспарлануда, ал бордақыланатын малдардың тәулік қосатын салмағы 1000-1500 гр-ға жетуі тиіс.
Қазақстан республикасында 20 сүтті және сүтті-етті, 8 етті бағыттағы ірі қара тұқымдары өсірілуде. Айта кету керек, бұл асыл тұқымды ірі қаралардың көпшілігі жаңа өнеркәсіпті технологияға бейімді емес. Сондықтан кейінгі уақытта будандастыру мен гибридизациялау арқылы ірі қараның жаңа асыл тұқымды типтері шығарылуда.
Республикамыздың 2391 шаруашылығында ірі қара мал өсіреді, соның 250 ірі мамандандырылған ет шаруашылығымен айналысады, ал 270 шаруашылық мамандандырылған сүт өндіру шаруашылығымен шұғылданады. Жалпы республикада ірі қара мал саны 6 млн-нан асты.
Ірі қара мал шаруашылығын нәтижелі дамытудың ерекше жолы, бұл саланы толығымен интенсивті технологияға көшіру, әр табынның сапасын жақсарту, сұрыптау және жұп таңдау әдістерін молынан қолдану, мал азығын молайту, мал азығының сапасын жақсарту болып табылады.
1. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ
1. 1. Сүт және сүт өнімдері
Сүт - адамның денсаулығына пайдасы мол тағамдардың ішіндегі ең құнарлы, әрі таңдаулы түрі болып саналады. Оның құрамында 100-ден аса: витаминдер, қант, минералдық тұздар, гормондар және т. б. түрлі элементтер бар. Бұл қажетті заттар адам организмінде тез қорытылады. Мұның бір ерекшелігі - сол элеметтердің барлығы адам организмі үшін өте пайдалы. Сондықтан да одан түрлі тағмдар, шипалы сусындар жасауға болады. Демек, сүттің адамға сіңімділігі, қоректілігі және оның диеталық қасиеттері өте күшті.
Сиыр сүтінің тамақтылығы және дәмі өте жоғары, әрі кең пайдаланылады. Өңделген сүттен түрліше сүт тағамдарын жасауға болады. Сүттен тағамның ең қасиетті түрлерін: май, құрт, ірімшік және т. б. тағамдарын жасайды. Орташа есеппен сиыр сүтінің құрамында 12, 5-12, 7% құрғақ зат болса, оның ішінде: 3, 6-3, 8% май, 3, 2-3, 3% ақуыз, 4, 8% сүт қанты және 1% минералдық заттар болады. Сонымен қатар жалпы сүт құрамында 200-ге таяу, адамның қоректігіне қажетті заттар кездеседі. Сүт құрамында 20-дан астам витаминдер, 30-ға таяу ферменттер бар, 20-ға таяу макроэлементтер және 10 шақты микроэлементтер бар. Ал сүт майының құрамына 150-ден астам май қышқылы, ал сүттің ақуызында 20 шақты аминқышқылдары бар. Сүт майы адам организмінде 95%-ға дейін сіңсе, ақуыз - 98%-ға дейін, сүт қанты - 98%-ға дейін сіңеді. Жоғарыдағы мәліметтер бойынша сүттің тағамдылығы өте жоғары болып саналады, әрі диетикалық қасиеті бар. Сүт түзуіне өсімдік белогінің маңызы зор. Сүтті сиыр әрбір 40 кг мал азығынан 2-2, 4 кг белок бөлсе, ал етті малдарды бордақылаған кезде тек қана 400 гр ғана белок бөледі.
Малды бордақылау кезінде 17% рационның энергиясы пайдаланылса, сүт өнімі үшін 5%-дай рацион энергиясы пайдаланылады. Сондықтан сүт өнімі халық шаруашылығы үшін өте ұтымды.
Сүт өнімін көбейту, адам организміне қажет белоктің көбеюіне тікелей әсер етеді. Жоғарыда айтылғандай, сүттен май, айран, ірімшік және т. б. тағамдар дайындауға болады. Сүт өнімінің көбеюі және оның құрамы ірі қараның тұқымына, шығу тегіне және әр малдың өсу ерекшелігіне, жасына және физиологиялық жағдайына, азықтануына және бағып күтуіне, бұзаулау мезгіліне және т. б. әрекеттерге байланысты. Кейінгі уақыттағы деректерге байланысты сүт құрамындағы сүт майы көптеген өзгерістерге ұшыраса, сүт ақуызы мен сүт қанты және минералдық заттары шамалы ғана өзгереді [1] .
Қай малдың болса да сүтінің құрамы бірдей бола бермейді. Ол тұқымына, организміне, жасына, жыл мезгілдеріне, жем-шөбіне және т. б. жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Олардың ішіндегі бастылары мыналар: мал тұқымының жеке ерекшеліктері, жыл мезгілдері, күту және жемдеу тәртібі, сиырды сауу мерзімдері мен тәсілдері және т. б. Сүттің сапалық көрсеткіштері, одан алынатын өнімдердің (май, қаймақ, ірімшік, айран, құрт және т. б. ) қасиеттері де әртүрлі болады. Мысалы, А. С. Всякихтың [2] ұйғарымы бойынша кей жағдайларда сүттен алынған өнімдер жұмсақ, сұйық, сақтауға төзімсіз болады да, ал тау жайылымында немесе құнарлы жем беріліп, ұқыпты күтімде болған мал сүтінің құрылымы жақсы болып, одан алынған өнімдер де сапалы болады.
Сүт өнімдерін арттырудың резервтері көп. Атап айтқанда, сүт өнімдерін молайту үшін ең алдымен сауын малының тұқымын асылдандырып, санын көбейту керек. Сонымен бірге мал өнімділігін молайту үшін жем-шөп қорын көбейтіп, мал күтімін жақсарту, мұндағы еңбек жүйелерін механикаландыру, бір сөзбен айтқанда, бұл саланы жан-жақты интенсивтендіру қажет.
Сүт шаруашылығының негізі, халықтың өскелең тілектерін сүт өнімдерімен қамтамасыз етудің қайнар көзі - ірі қара мал. Атап айтқанда, сауын сиырлар болып табылады. Халықтың мақалы бар: «Сиыр жүрген жерде сүт жүреді, сүт жүрген жерде құт жүреді», - дейді [3] .
Сүт өнімдерінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Мысалы, Кильвайн Г. [4] қаймағы алынбаған және қаймақсыз сүт, айран және басқалары сияқты өнімдер алыс жерлерге тасымалдауға шыдамайды. Сондықтан сүт шаруашылықтарының көпшілігі сүт өңдейтін өнеркәсіпте, тұтынушыларға, қалалар мен ірі өнеркәсіп орталықтарына жақын орналасқан. Өндіріс жүйелерінің ерекшеліктері осыны талап етеді. Дегенмен әлі де болса кейбір экономикалық аудандарда бұл принцип түгелдей сақталмай отыр. Әлбетте, бұл жағдай өндірісі тиімділігін кемітіп, өнімнің өзіндік құнын арттыруда, сапасын төмендетуде, деп талқылайды.
Қазіргі кезде сүт шаруашылықтары респбуликамыздың барлық аймақтарында бар. Бірақ, жер, су, жемшөп және басқа да табиғи жағдайларға байланысты бұл саланың мамандану және шоғырлану дәрежесі әртүрлі. Сүт пен ет, ет пен сүт өндірісіне бейімделген малдың 60%-ға жуығы далалық және жартылай далалық өңірлерге орналасқан. Ал, ірі қараның 19%-ы (негізінен етті бағыты) шөлейт жерлерде өсірілуде.
Сауын малын орналастырудың басты шартының бірі - сүт көлемі көп, сапасы жоғары, өзіндік құны төмен болу керек. Яғни, сүт шаруашылығы жан-жақғынан тиімді болу керек.
Қазіргі кезде Қазақстан республикасында сауын малының саны да, әр сиырдан алынатын сүт мөлшері де жеткіліксіз. Сондықтан дайындалған сүт жан басына шаққанда ғылыми негізделген нормадан төмен болып отырғаны көрініп тұр.
Өнімнің сапасы сол өнімдерді алатын шикі зат - сүтке, мал тұқымына, сауу мерзіміне, жемшөпке, жыл мезгіліне және т. б. жағдайларға байланысты. Республикамыздың көптеген лабораторияларының зерттеген материалдарына қарағанда, сүт сапасы көбінесе жыл мезгілдері мен жайылымға қарай өзгеріп отырады.
Сүт сапасы тек қана сүттің химиялық құрамына ғана емес, сонымен бірге оны сауу тәсіліне де байланысты. Мысалы, қолмен сауғанда 1 мг сүтте орта есеппен 21 мың бактерия болады, ал машинамен сауғанда сүтте (ыдыстарды күту тәртібіне байланысты) 6, 7-10, 0 мыңға жуық бактерия болады. Демек, сүт машинамен сауылса, құралдар таза сақталса, онда сүт сапасы жоғары болады. Ыдыстар таза сақталмаса, күтіп-бағу таза болмаса, ондай сүтте бактериялар көп болып, өнім сапасы төмендеп кетеді.
Сонымен бірге сүт сапасы оны сақтауға, тасуға және сатуға да байланысты. Кейбір кездері зауыттарға лас сүт түсіп отырады. Мұның өзі сауғанда сауыншы тазалығы, санитарлық жағдай сақталмағандықтан болады. Қышқылдығы мол сүт өткізу - шаруашылықтар үшін зиян. Зауыттарға қышқылдығы мол, механикалық және бактериялық жағынан лас, температурасы жоғары сүт өткізген шаруашылықтырдаң алатын табысы да аз болады. Негізгі баға үстеме тек сапа көрсеткіштері жоғары сүтке ғана төленеді. Сапасы төмен сүттің бағасы арзандатылып, ал кей жағдайларда өнім жарамсыз да болып қалады [5] . .
Республикамыздың көптеген шаруашылықтарында сүттің сапасыздығы оның бағасын арзандатып алады немесе салмағын азайтады.
Сүт өнеркәсібінің жоспарлау мен ынталандырудың жаңа жүйесіне көшуі жағдайында өнісінің сапа проблемасының мәні мен мазмұны да өзгереді. Оның себебі қазіргі кезде өндіріс коллективтері және жеке адамдар да өнім сапасы мәселесіне ерекше мән бере бастады. Өйткені тұтынушлар тілегіне сай жоғары сапалы өнімдер қоймада, дүкендерде көп жаппай, тез сатылып кетеді. Сондай-ақ сапалы өнімдерге тілек те көп. Сөйтіп сатып өткізу жоспары да, пайда жоспары да түгел орындалады. Мұның өзінен пайда көп болса, материалдық сыйлық көбейіп, әлеуметтік-тұрмыс жағдайлары жақсаратын болғандықтан, қызметкерлердің ынталығы да артады [6] .
Өнімнің сапасын жақасарту - материалды, еңбекті және қаржыны үнемдеу деген сөз. Бұл жағдай өндірістің тиімділігін арттыруға мүмкіндік тудырады. Осы айтылғандардың бәрі сүт өнеркәсібіне тән. Демек, жоғары сапалы сүт консервілерінен, ірімшіктен, сары майдан, шикі қаймақтан алынбаған сүт өнімдерінен қосымша пайда түсетін болады.
Сүт мөлшерін көбейтудің тағы да бір тиімді жолы - әрбір сиырдың сүттілігін арттыру. Бұл үшін малды бағып-күту мен азықтандыру жұмысын кең көлемеде жүргізу қажет. Мұнда малдың өнімділігін арттыру шешуші рөл атқарады.
1. 2 Сүт өнімділігіне әсер ететін жағдайлар
Сүттілікке бірнеше жағдайлар әсер етеді, олар: тұқымы, тұқымдылығы, азығы, күтіп-бағылуы, жасы, суалу мерзімі, сервис кезеңі, ауа райы, жыл мезгілі, бірінші рет қашырылу жасы мен тірі салмағы және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz